Өсімдік қауымдастарындағы органикалық заттардың қор динамикасын анықтап, өнімділік-деструкциялық үрдісіне сипаттама беру
КІРІСПЕ
1 ТАРАУ.
ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.
1.1. Географиялық орны
1.2. Жер бедері
1.3. Климаты
1.4. Ішкі сулары
1.5. Топырақ жамылғысы
1.6. Өсімдік жамылғысы
2 ТАРАУ.
Зерттеу тарихы жөне зерттеу әдістемесі.
2.1. Зерттеу тарихы
2.2. Зерттеу әдістері
3 ТАРАУ.
ӨСІМДІКТЕР ҚАУЫМДАСТАРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІ
3.1 Өсімдіктер қауымдастарындағы органикалық заттардың қор динамикасы
қауымдасындағы органикалық заттардың қординамикасы
3.2 Өнімділік.деструкциялық үрдісіне сипаттама және оның климаттық жағдаймен байланысы
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кең байтақ Қазақстан жерінің асты мен үсті байлыққа кем емес. Сол жер байлығымыздың бірі-өсімдіктер әлемі. Осы өсімдіктер әлемінің адамзат өмірінде алар орны ерекше.
Сондықтан флораны, өсімдіктер түрлерін сақтау басты мақсатымыз.
Солардың бірі Ақтөбе облысының оңтүстік – батыс аудандарының өсімдіктер қауымдастығының өнімділігін зертеуге арналған.
Өсімдіктер байлығын қорғап, тиімді пайдаланудың негізі оны ғылыми негізде зерттеп, жан-жақты жоспар бойынша үнемдеп пайдалану. Осы флораның ауыл шаруашылығында оның ішінде малшаруашылығында алар орны ерекше.
Осындай биологиялық алуан түрлілікті сақтау оны өз кезегінде жете зерттеу. Сондықтан тақырыптың да өзекті тұсы осында.
Зерттеу жұмысының жалпы сипаты. Дипломдық жұмыс Байғанин ауданы манындағы өсімдіктер қауымдасттығының өнімділіктеріне арналған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеу жүргізілген қауымдастар жайылымдық және мал азықтық шаруашылығында өте маңызды. Өсімдіктер қауымдастарында өсімдік жамылғысына мониторинг жүргізіп, өсімдік жамылғысының қазіргі жағдайына бақылау жасап, баға беру. Бұл зерттелген қауымдастардың қазіргі жағдайының сипатын біліп, қорғау жұмыстарын жүргізу өзекті.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Өсімдік қауымдастарындағы органикалық заттардың қор динамикасын анықтап, өнімділік-деструкциялық үрдісіне сипаттама беру.
Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер: Негізгі өсімдіктер қауымдастарының
- органикалық заттардың қор динамикасын анықтау;
өнімділік-деструкциялық үрдісіне сипаттама беру
оларды қорғау шараларын жүзеге асыру.
Зерттеу нысаны: Зерттелген ауданның өсімдік түрлері.
Зерттеу әдістері:Теориялық, салыстыру, талдау, статистикалық, математикалық өңдеу, тұжырымдау.
Тәжірибе базасы: Ақтөбе тәжірибелік станциясы; Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің биология кафедрасы.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Жүргізілген зерттеулер негізгі өсімдіктер қауымдастарының өнімділігін анықтауға, өсімдік және қазіргі кездегі өзгерістердің деңгейін анықтауға және өсімдік қауымдастарын маңызды жайылым ретінде қорғау шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді
Жұмыстың көлемі мен құрылымы:
Дипломдық жұмыстың бет көлемінде ұсынылған және кіріспе,
3 тарау, қорытынды, 8 кесте, 3 суреттер. Пайдаланылған әдебиеттердің жалпы саны 63.

1. Иванов В.В. Степи Западного Казахстана в связи с динамикой
их покрова. - Изд-во АН СССР, М.-Л., 1958. с 3-281
2. Быков Б.А. Введение в кн.: Биологическая продуктивность
растительности Казахстана.-Алма-Ата, 1974, с 5-14.
3. Быков Б.А., Щербинина Н.И., Кириченко Н.Г., Каденова А.Б. Растительность // Продуктивность растительности аридной зоны Азии. Л., 1977.-с 9-14.
4. Левина Ф.Я. Микрокомплексы области бессточных рек междуречье Волга -Урал, основные чертыих структуры в степных, полупустынных и пустынных зонах СССР. М.Л., 1954. с. 43-92
5. Левина Ф.Я.Растительность полупустыни Северного Прикаспия
и её кормовое значение. М.Л., 1964.- 336 с.
6.Левина Ф.Я. Комплексность и мозаичность растительности и классификация комплексов.//Ботан. журнал, 1958, № 12
Фартушина М.М. Современное состояние экосистем Зап. Казахстанской области //Труды Международной научно-практической конференций, экология, Уральск, 1997.-С. 71-91
Фартушина М.М. Процессы опустынивания и их индикаторы в
Западно-Казахстанской области //Экосистемы Зап. Казахстана (Ивановские чтения) Уральск, 1999.-С.71-91
9Рачковская ЕИ., Огарь Н.П. идр. Изменение биоразнообразия
степной растительности под воздействием эрозионных процессов
// Степи Евразии Матер. Международногосимпозиума Оренбург.,
РАН-Уральское отд., 1997,-с 51-55.
10Курочкина Л.Я., Макулбекова Г.Б. Методы изучения антропогенных смен на пастбищах // Экология управления и продуктивность пастбищ, М., 1985, -Т 3., с 21-26.
Бижанова Г.К. Кметодике составления карт охрана песчанных
пастбищ и комплексная характеристика пустынной зоны Казахстана.-Алма-Ата.: Наука, 1990, с 69-72.
Бижанова Г.К., Курочкина Л.Я. Антропогенные смены пастбищ
Мойынкумов и их картографирование -АН КазССР , Наука, Алма-
Ата, 1989, 164 с.
13 Плисак Р.П. Разработка критериев оценки современного состояния и степени антропогенной трансформации луговых экосистем пустынной зоны // Оптимизация природопользования и охрана окружающей среды Южно-Уральского региона.-Оренбург. 1998, с 55-57.
14 Марынич О.В. Антропогенная трансформация степной растительности Казахстана. Автореф. Дис. Канд.-Алматы, 1996,-30
с.
15.Султанова Б.М. Антропогенная трансформация растительности
Семипалатинского полигона. Автореф. Дис. Канд..-Алматы, 1999,-
27 с.
16.Аралбаев Н.К. О трансформации флор и проблемы сохранения и
восстановление разнообразия флоры степей и пустынь Казахстана
// Вестник КазГУ, серия биологическая, 1998,-№1.-с 34-37.
17.Роде А.А. Почвоведение М.-Л., 1955.-524с.
18.Родин Л.Е., Базилевич Н.И. Малый биологический круговорот
и эволюция ландшафтов такыров.-В кн.: Такыры Западной Туркмении и пути их сельскохозяйственного освоения АНСССР.-М.: 1956.
19.Родин Л.Е., Базилевич Н.И. 06 биологической продуктивности
растительного Покрова.// Проблемы современной ботаніки Т.І.-
М.-Л. 1965.-С 237-242
20.Титлянова А.А. Изучение биологического круговорота вбиогеоценозах // Методическое руководство-Новосибирск, Наука,
1971.-С.31-212.
21.Базилиевич Н.И. Обмен минеральных элементов в различных
типах степей и лугов на черноземных каштановых почвах и солонцах // Проблемы почвоведения. М. Издателство Ан СССР, 1962.с 148- 207.
22. Базилиевич Н.И. Продуктивность степных, луговых и болотных
сообществ лесостепи. - В кн. : Ресурсы биосферы . - Л.: Наука,
1975, с56-95
23.Базилиевич Н.И., Титлянова А.А. Особенности функционирование травянистых экосистем (некоторые итоги работ МПБ вСССР и других странах) - Журнал общей биологий, 1978, т 39, №1, с34-52.
24.Иванов В.В. Квопросу о стационарном изучении смен растительного покрова южных степей и полупустынь. - В кн.:
Доклады на совещании по стационарным геоботаническим исследованиям . - М. - Л.: Изд-во АН СССР, 1954, с 83-96
25. Иванов В.В. Краткий очерк естественных нормовых угодий
Уральской области // Материалы по флоре и растительности
Северного Прикаспия. ГО СССР, Л., 1964.-С 142-187
26. Гордеева Т.К. Фитомасса. - В кн.: Комплексная
характеристка основных растительных сообществ пустынных степей центрального Казахстана. - Л., Наука, 1976 с 64-67
27.Яковлева М.Е. Характеристика корневых и зольных состава
некоторых растительных ассоциации Кустанайской области.-Докл.
ТСХА, 1959, т 47
28.Яруллина Н.А. Общий запас фитомассы в луговых и
пустынных ландшафтах дельты Терека.-В кн.: Биологическая
продуктивность ландшафтов равниной зоны Дагестана. -Вып. 2-Махачкала, 1978
29. Сочава В.Б., Липатова В.В., Горшкова А.А. Опыт учета полной
продуктивности надземной части травяного покрова.-Ботан. Журн.
1962. т47, № 4.
30.Горшкова А.А., Гринева Н.Ф. Изучение экологии и структуры
степных сообществ под влиянием пастбищного режима.-В кн.:
Экология и пастбищная дигрессия степных сообществ Забайкалья.-
Новосибирск, 1977, с 153-178.
31.Утехин В.Д. Первичная биологическая продуктивность
лесостепных экосистем.-М., Наука, 1977.-146 с.
32.Болышев Н.Н. Воробьева Л.А. К вопросу о роли растительности в образовании солонцов // Вестник МГУ серия
биология почвоведение, 1958,-№2.-с 97-108.
33.Першина М.Н., Яковлева М.Е. Биологический круговорот
зольных веществ в зоне сухих степей СССР.-Доклады советских
почвоведов к УП Международному конгрессу почвоведов в США,-
М.: Изд-во АНСССР, 1960, с 116-121.
34.Плисак Р.П., Огарь Н.П., Султанова Б.М. Продуктивность
структура лугов пустынной зоны.-Алма-Ата.: Наука, 1989-186 с.
35.Огарь Н.П. Сезонная и разногодичная изменчивость //
Динамика пойменной растительности рек Чу и Или.-Алма-Ата,
1965,-с 85-133.
36. Богданов А.Ю. Биологическая продуктивность и запас энергии
в растительных сообществах песков.//Материалы XXXII научной
конференции профессорско-преподавательского состава
Уральского пединститута-Уральск, 1969-С. 111-114
37. Богданов А.Ю. К ичучению биологического круговорота веществ и энергии в основных сообществах песков Северного Прикаспия./УСтруктура и продуктивность растительности, ее рациональное использование и улучшение.-Алма-Ата: Наука, 1974.-С. 52-54
38Шуиншалиев А.Т. Динамика содержания азота и зольных элементов в пырейной ассциации пойменных лугов р Урал.//Материалы по флоре и растительности Сев. Прикаспия.-Л.: ГОСССР, 1972.-С. 30-33
39 Фартушина М.М., Макарова Л.И. К продуктивности и биохимии
пустынных ассоциаций комплексной степи Северного Прикаспия //
Структура и продуктивноть пустынной растительности, ее
рациональное использование и улучшение. Алма-Ата,: Наука, 1974,-с 20-23.
40. Международная биологическая программа (МБП).
Растительных ресурсы. Т.З, Вып. 4, 1967, с 3-27.
41 Асанов Қ.Ә.,Елешов Е.Р., Алимаев И.И. Жайылым және
экология
42. Флора СССР М.-Л.-тт.і-ЗО.-1933-1964.
43. Флора Казахстана. Алма-Ата: Наука.-тт. 1-9-1956-1962.
44. Растения Центральной Азии под редакцией В.Н. Гругова. М.-
Л.: Наука, 1966-1968.-Вып. 2-8.
45.Черепанова С.К. Сосудистые растение Казахстана-Алматы,
1999.
46.Абдулина С.А. Сосудистые растения Казахстана-Алматы, 1999
Байғанин ауданы. Энциклопедия. Ақтөбе қаласы «NОВЕL»
баспаханасы 2003ж.

Мазмұны
КІРІСПЕ
1 ТАРАУ.
ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.
1.1. Географиялық орны
1.2. Жер бедері
1.3. Климаты
1.4. Ішкі сулары
1.5. Топырақ жамылғысы
1.6. Өсімдік жамылғысы
2 ТАРАУ.
Зерттеу тарихы жөне зерттеу әдістемесі.
2.1. Зерттеу тарихы
2.2. Зерттеу әдістері
3 ТАРАУ.
ӨСІМДІКТЕР ҚАУЫМДАСТАРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІ
3.1 Өсімдіктер қауымдастарындағы органикалық заттардың қор динамикасы
қауымдасындағы органикалық заттардың қординамикасы
3.2 Өнімділік-деструкциялық үрдісіне сипаттама және оның климаттық жағдаймен байланысы
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Кең байтақ Қазақстан жерінің асты мен үсті байлыққа кем емес. Сол жер байлығымыздың бірі-өсімдіктер әлемі. Осы өсімдіктер әлемінің адамзат өмірінде алар орны ерекше.
Сондықтан флораны, өсімдіктер түрлерін сақтау басты мақсатымыз.
Солардың бірі Ақтөбе облысының оңтүстік - батыс аудандарының өсімдіктер қауымдастығының өнімділігін зертеуге арналған.
Өсімдіктер байлығын қорғап, тиімді пайдаланудың негізі оны ғылыми негізде зерттеп, жан-жақты жоспар бойынша үнемдеп пайдалану. Осы флораның ауыл шаруашылығында оның ішінде малшаруашылығында алар орны ерекше.
Осындай биологиялық алуан түрлілікті сақтау оны өз кезегінде жете зерттеу. Сондықтан тақырыптың да өзекті тұсы осында.
Зерттеу жұмысының жалпы сипаты. Дипломдық жұмыс Байғанин ауданы манындағы өсімдіктер қауымдасттығының өнімділіктеріне арналған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеу жүргізілген қауымдастар жайылымдық және мал азықтық шаруашылығында өте маңызды. Өсімдіктер қауымдастарында өсімдік жамылғысына мониторинг жүргізіп, өсімдік жамылғысының қазіргі жағдайына бақылау жасап, баға беру. Бұл зерттелген қауымдастардың қазіргі жағдайының сипатын біліп, қорғау жұмыстарын жүргізу өзекті.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Өсімдік қауымдастарындағы органикалық заттардың қор динамикасын анықтап, өнімділік-деструкциялық үрдісіне сипаттама беру.
Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер: Негізгі өсімдіктер қауымдастарының
- органикалық заттардың қор динамикасын анықтау;
өнімділік-деструкциялық үрдісіне сипаттама беру
оларды қорғау шараларын жүзеге асыру.
Зерттеу нысаны: Зерттелген ауданның өсімдік түрлері.
Зерттеу әдістері:Теориялық, салыстыру, талдау, статистикалық, математикалық өңдеу, тұжырымдау.
Тәжірибе базасы: Ақтөбе тәжірибелік станциясы; Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің биология кафедрасы.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Жүргізілген зерттеулер негізгі өсімдіктер қауымдастарының өнімділігін анықтауға, өсімдік және қазіргі кездегі өзгерістердің деңгейін анықтауға және өсімдік қауымдастарын маңызды жайылым ретінде қорғау шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді
Жұмыстың көлемі мен құрылымы:
Дипломдық жұмыстың бет көлемінде ұсынылған және кіріспе,
3 тарау, қорытынды, 8 кесте, 3 суреттер. Пайдаланылған әдебиеттердің жалпы саны 63.
1 ТАРАУ.
ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.
1.1. Географиялық орны
Байғанин ауданы - 1920 ж. Адай-Табын ауданы 11 болыс ретінде құрылған. 1921-24 ж. 2-3 рет ашылып жабылған, кейін Адай округі, 1932 ж. Ақтөбе обылысы құрамындағы 28 ауданның бірі. 1940 ж.қазіргі атаумен аталады [47,48].
Аудан обылыстың оңтүстік батысында, Атырау обылысы шекаралас Шіліаша өзені бойы, Ақтөбеден 546 км Атырау-Ақтөбе теміржол, тас жол бойы.
Байғанин ауданының жер көлемі 61,1 мың шкм, 6 селолық округке бөлінген, орталығы Байғанин с. Ірі елді мекендеріне: Ноғайты, Жарқамыс, Кемерши, Қопа.
Байғанин ауданының территориясы солтүстігінде Темір, солтүстік шығысында Мұғалжар, шығысында Шалқар аудандарымен (Ақтөбе обылсы),солтүстік батысында Ақтөбе обылысының Ойыл, Атырау обылысының Қызылқоға, Жылой аудандарымен, оңтүстік батысында Маңғыстау обылысының Бейнеу ауданымен, оңтүстігінде Қарақалпақстанмен шекараласады.
Ауданның қазіргі территориясының үлкендігі сонша, бұған Армения Республикасының екеуі, көршілес Өзбекстандағы Хорезім облысының он үші сиып кетеді екен. Аудан облыс территориясының бестен бірін, яғни 20,3 процентін, ал республика территориясының 2,19 процентін алып жатыр (Сурет- 1).
Байғанин ауданының географиялық орны
1.2. Жер бедері
Ауданның негізгі территориясы шөлейт (солтүстігі) және шөл зоналарында (оңтүстігі) орналасқан. Батысында каспий маңы ойпатымен , оңтүстігінде Үстіртпен ұласады.
Ауданның солтүстігі оңтүстігімен салыстырғанда биіктеу, қыратты болып келеді, мұнда денудатциялық эрозиялық төбешіктер, адырлыр жие ұшырасады. Байғаниннің батысындағы шоқының биіктігі 276 м. (биіктіктер теңіз деңгейі есебінен алынады), Аша елді мекенінен шығысқа қарай 12 км шамасында 299 метірлік биіктік сияқты шоқылар ауданының солтүстігімен солтүстік шығысында жиі ұшырасқанымен олардың абсалютті биіктігі көзге оғаш біліне қоймайды, себебі жалпы жер бедерінің өзі едәуір көтеріңкі болып келеді.
Ауданның оңтүстік шығысында аласа тау жоталары, адырлы қырқалар кездеседі, бұл төңірекке Шағырай жонының сілемдері кіріп жатыр (батыс бөлігі), оның батыс беткейінде Құтым шоқысы (250м) Зымыстан шоқысы оқшаулау тұр. Ауданның солтүстік бөлігінде шығыстан батысқа қарай Доңызтау таулары созылып жатыр, тау етегі қүрғақ жыра сайлармен тілімделген, мұндағы шоқылардың биіктігі 209 метірден аспайды, алайда Каспий маңы жазығының шығыс бөлігіне кіретін бұл аймақта Доңызтау қыраттары әжептәуір биік болып көрінеді.
Топырағының құнары шамалы сұр топырақ. Жем өзенінің оңтүстік шығыс жақ өңіріндегі аласалау, адырлы қырқалар арасында бос тақырлар мен ойдым-ойдым құмайтты шағылдар бар. Бұл төңіректе Қантөрткүл ( 262 м), Әлитау (345 м) шоқылары мен Шерғала жоны аралығындағы жазықтар едәуір ауқымды алқапты алып жатыр.
Ауданның батыс бөлігі Ақтолағай жонымен оңтүстікке қарай Сарықүм құмына ұласып, одан Доңызтау, Үстірт шың-шоқыларына, Сам, Матай құмдарына жалғасады (Қосымша-А,В,С,Д).
Аудан оңтүстігінде сорлар, тақырлар жиі кездеседі. Бұлардың үлкендіктері Асмантай - матай, Дөңгелексор, Қосбұлақ сорлары, сондай-ақ Сам құмы мен Сам сорының шығыс шеттері де аудан территориясына кіріп жатыр (Сурет - 1).
1.3. Климаты
Ауданның климаты шұғыл континенталды , құрғақ болып келеді, қысы суық, жазы ыстық.Қаңтар айының орташа температурасы - 16,5° С, шілде айының орташа температурасы +22° С.
Ауданның солтүстігі және оңтүстік бөліктерінің
температуралық айырмашылықтары бар, бірақ елеулі емес.Байғаниннің өзінде шілде айының орташа температурасы +20° С болса, оңтүстігінде, яғни Ақтұмсықта +26° С. Осы Ақтұмсықта 1995 жылдың тамыз айының 8 жұлдызында облыстың ең жоғарғы абсалюттік температура тіркелді, ол +44 градус болды.
Ауданның солтүстік бөлігінде қазанның соңы мен қарашаның басында су қата бастайды, оңтүстікте бұл процесс 5-10 қараша аралығында байқалады, қардың еруі солтүстікте 29 наурыз бен 10 көкек аралығында, оңтүстікте бұдан сәл ертерек , яғни 20-30 наурызда басталады. Қардың қалыңдығы ауданның солтүстігінде 16-20см, оңтүстігінде 10-45 сантиметірге жетеді.
Жауын - шашынның жылдық орташа мөлшері 150-175 мм. Ылғалдың ең аз түсетін жері Доңызтаудың оңтүстігі.Жауын -шашын мөлшері кейбір жылдары орташа мөлшерден ауытқып тұрады. Шөлді аймақта, яғни ауданның оңтүстігінде түскен ылғал лезде кеуіп, буға айналады. Ылғалдың түсуі жөнінен аудан құрғақ және өте құрғақ аймақтарға жатады.
Агроклиматтық бөлініс бойынша ауданның солтүстік жағының жартысы өте қүрғақ қоңыржай ауа райлы өңір болып есептелінеді. Бұл аймақтағы ылғалдылық мөлшері 75-100 мм, қардағы су қоры 40-75 мм, көп жылғы есеп бойынша тұрақты қар жаууы 1-20 желтоқсан аралығына сәйкес келеді, ал ауданның оңтүстігі мен оңтүстік батыс бөлігі өте құрғақ ыстық өңір болып саналады. Мұндағы ылғал түсу мөлшерінің орта көрсеткіші 60-80 мм. -ден аспайды, қардағы су қоры да небәрі 20 - 24 мм. Болады. Шуақты күндер көп. Жауын-шашынның көлемі өсімдіктердің өсуі үшін жеткілікті емес. Ылғалдың жетіспеушілігі күшті желдермен (күшті желді (15 мс) күндер жыл ішінде 32-105 күн құрауы мүмкін) ушыға түседі. Желдің бағыты кезеңге байланысты өзгеріп отырады. Қыста оңтүстік - шығыс және шығыс бағытындағы желдер басым.
Жазғы кезеңде әсіресе механикалық құрамы бойынша жеңіл топырақты аудандарда шаңды борандар жиі болады [47,48].
Ауданның климаты шұғыл континенталды, құрғақ болып келеді, қысы суық, жазы ыстық. Қаңтар айының орташа температурасы - 16,5°С,шілде айының орташа температурасы +22°С.
Ауданның солтүстігі және оңтүстік бөліктерінің температуралық айырмашылықтары бар, бірақ елеулі емес. Мысалы, Қарауылкелдіде шілде айының орташа температурасы +20°С болса, Ақтұмсықта +26°С. Осы Ақтұмсықта 1955 жылдың тамыз айында облыстағы ең жоғарғы абсолюттік температура тіркелді, ол +44°С болды.
Байғанин ауданының солтүстік бөлігінде қазан айының соңы мен қараша айының басында су қата бастайды, оңтүстікте бұл процесс 5 - 10 - шы қараша айының арлығында байқалады.
Қардың еруі солтүстікте 29 - шы наурыз бен 10 - шы сәуір аралығында, бұдан сәл ертерек, яғни 20 - 30 - шы наурызда басталады. Қардың қалыңдығы ауданның солтүстігінде 16 - 20, оңтүстігінде 10 - 15 см - ге жетеді. Жауын - шашынның жылдық орташа мөлшері 150 - 175 мм.
Ылғалдың ең аз түсетін жері Доңызтаудың оңтүстігі. Жауын - шашын мөлшері кейбір жылдары орташа мөлшерден ауытқып тұрады. Шөлді аймақта, яғни ауданның оңтүстігінде түскен ылғал лезде кеуіп, буға айналады. Ылғалдың түсуі жөнінен аудан құрғақ және өте құрғақ аймақтарға жатады.
Агроклиматтық бөлініс бойынша ауданның солтүстік жағының жартысы өте құрғақ қоңыржай ауа - райлы өңір болып есептеледі. Бұл аймақтағы ылғал мөлшері 75 - 100 мм, қардағы су қоры 40 - 75 мм,көп жылғы есеп бойынша тұрақты қар жаууы 1 - 20 - шы желтоқсан аралығына сәйкес келеді, ал ауданның оңтүстігі мен оңтүстік - батыс бөлігі өте құрғақ ыстық өңір болып саналады. Мұндағы ылғал түсу мөлшерінің орташа көрсеткіші 60 - 80мм- ден аспайды, қар қалыңдығы 10 - 16 см, қардағы су қоры да небары 20 - 24 мм болады. Шуақты күндер өте көп. Байғанин жерлері 46° ендіктің, 58° бойлықтың аралығында шөлейтті және оңтүстігі шөлді аймақ арасындағы дала табиғат зонасына енеді.
Сондықтан бұл өңірдегі агротехникалық әрекеттер топырақ құрамындағы ылғалды сақтауға бағытталуы қажет. Шөл өсімдіктері дала өсімдіктері сияқты шабындық өсімдіктермен қатар, мал шаруашылығындағы қоректік база болып саналады.
Шөлдегі өсімдіктер жүйесі экологиялық әсерлер нәтижесінде оңай өзгере алатын жүйе болып табылады. Антропогендік әсердің нәтижесінде шөлді өсімдіктердің ауқымды түрде өзгеруі әртүрлі деңгейде өтеді. Топырақ жамылғысының, физикалық көрсеткіштерінің өзгеруі (тығыздық, су өткіштігі және т.б.) химиялық құрамы және тіршілік ететін микрорельефінің өзгеруі кезек пен кезек шөлдегі бірлестіктердің құрамы мен құрылысының өзгеруіне әсерін тигізеді.
Антропогендік әсердің нәтижесінде бірлестіктердің флористикалық құрамы өзгереді. Шөл экосистемаларының флористикалық құрамының өзгеруі көп жағдайда жайылым дәрежесіне өтуі мүмкін. Бірлестік түріне, оның жағдайына байланысты антропогендік фактор позитивті және негативті өзгерістер туғызуы мүмкін.
Қалыпты мөлшердегі жайылымдар, шөптесін өсімдіктер бірлестіктерінің құрамын сақтау үшін, сонымен қатар ластанған жайылымдардың сапасын жақсарту үшін қажет. Жазықтық жерлерде біркелкі ассосциация кең көлемдегі жерді алып жатады. Мұндай жағдай ландшафттық жүйенің бір белгісі болып саналады. Көп жағдайда жеке ассоциациялар өсімдіктер ландшафтысының негізгі бірлігі болып табылады.
Ауданның оңтүстік - шығыс бөлігіндегі (Қарауылкелдіден 18 км.) Көкбұлақта да ауа - райы бірқалыпты.
1.4. Ішкі сулары
Ауданның негізгі өзендері Жем мен Сағыз. Сонымен қатар Ащысай, Шетірлі, Кенжалы, Алшынсай, Шаған, Қияқты, Тереңсай, Жиделі, Жарлы, Ебейті, Дауылды, Қарауылкелді, Сарыалжынды, Жалғаншаған, Қамысты, Мәні, Жайынды, Терісаққан сияқты шағын өзендер мен сайлар бар. Қар суымен қоректенетін бұлар жаз айларында кеуіп қалады, кей жылдары Жем, Сағыз өзендеріне құяды. Жем, Сағыз өзендерінің өзі жаздың ыстық айларында бөлшектеніп, қарасулар тізбегін құрап жатады. Өзендердің көпшілігі мал суаруға, ішінара көкөніс суаруға пайдаланады.
Алаптары - жайылым. Аудан территориясында жазда құрғап қалатын Сарыкөл, Күйгенкөл, Ақкөл, Көкбұлақ, Шөптікөл, Қоскөл, Қаракөл, Дәуіткөл, Тамдыкөл, Үлкенжаулы, Шалқаркөл, Толағайсор көлдері бар.
Ауданды жерасты суларына бай өлке деп санауға болады. Шошқалы қыраты мен Жем өзені аралығында, Үстірттен солтүстік шығысқа қарай 100-120 км-ге созылып жатқан Доңызтау артезиан алабындағы жерасты суының табиғи қоры өте мол - 500 милярд текшеметрден асады.
Мұнда скважиналар оратылған, олардың әрқайсысынан тәулігіне 2000-2600 текшеметрдей су шапшып төгіледі. Сарықұм, Сарыбай құмдары төңірегінде Аймәмбет, Мыңғыр, Айғырсойған, Сарыбай, Сайқұдық артезиандары бар (Сурет - 1,2).
Аудан жері мұанй мен газ қорына бай. Ірі мұнай кен орындары болып Жаңатаң, Лақтыбай, Ақжар, Шығыс Ақжар, Қаратөбе, Оңтүстік Қаратөбе саналады, бұлар негізінен Жем өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Табиғи байлықтың бірі - Кир (битум), бұл жол құрылысына кеңінен пайдаланылатын шикізат. Мұның қоры ауданда мол, көбірек кездесетін маңы Мортық, Алтай (Мырзаның Адыры), Дөңгелексор, Ақшоқы, Алашқазған. Ауданның шалғай оңтүстігінде табиғи газдың қоры бар деп есептелінеді.
Су көздерін тиімді игеру жайылым алқаптарын дұрыс пайдаланумен байланысты. Байғанин ауданының әр жерінде көлдер мен көлшіктерді көруге болады.
Аудан территориясында жазда құрғап қалатын : Сарыкөл, Күйгенкөл, Ақкөл, Көкбұлақ, Шөптікөл, Қоскөл, Қаракөл, Дәуіткөл, Тамдыкөл, Үлкен Жуалы, Шалқаркөл, Толағайсор, көлдері бар.
Ауданда қар суымен қоректенетін шағын өзендер мен сайлар көптеп кездеседі. Оларға: Қарауылкелді, Саралжың, Мәні, Терісаққан, Шаған, Қияқты, Жарлы.
Бұлар негізінен көктем кезінде қар суымен молайып, Жем, және Сағыз өзендеріне құяды. Ауданның басты өзендері - Жем және Сағыз өзендері.Бұл өзендер жаздың аптап ыстықтрында бөлшектеніп, қара сулар күйінде болады.
Жем өзені - Мұғалжар тауларынан бастау алады, ауданның орталық бөлігін кесіп өтеді. Бұрын Каспий теңізіне құятын бұл өзен, қазірде суы тартылған.
Жем өзенінің оңтүстік шығыс жағын аласа тау жоталары мен қырқалар арасында бос тақырлар мен ойдым - ойдым жайылыстар алып жатыр. Бұл көрсетілген аймақ аудан территориясындағы негізгі шабындық, егістік қоныстары болып табылады және оңтүстік бөлік аймағымен салыстырғанда оты-суы, жауын-шашын мөлшері көп болып келеді.
Өзен жағалауында өсетін бұл жерлердегі малға азықтығы жөнінен өте құнды бағалы өсімдіктер: жол еркек (Agropyron desertorum), лерхов жусан (Artemisia lercheana), көкпек (Atriplex cana), қамыс (Elymus), өлең (Carex).
Сағыз өзені- ауданның шығысынан батысына қарай созылып жатыр. Өзен суы тұзды, оған Ебейті келіп құяды. Ебейті өзенінің арнасы өте терең және жағасы өңделген, жұмсақ құмды болып келеді.
Арнасы терең, тығыз суы сағаға жақын жерде минералдану деңгейі жоғарылап, судың тұздылығы артады, бұл жерлерде сайлар мен шұңқырлар қалыптасады.
Ауданды жерасты суларына бай өлке деп санауға болады. Шошқалы қыраты мен Жем өзенінің аралығында, Үстірттен солтүстік шығысқа қарай 100-120 км-ге созылып жатқан Доңызтау артезиан алабындағы жерасты суының табиғи қоры өте мол - 500 миллиард текше метрден асады. Мұнда скважиналар орнатылған, олардың әрқайсысынан тәулігіне 2000-26003 метрдей су шапшып төгіледі.
Доңызтау артезиан алабының суы солтүстік бөлігінде тұщы, оңтүстігі мен батысында аздап ащы. Минералдығы 0,5 - 1 гл - ға дейін жетеді. Артезиан суы шаруашылық қажеттілігіне пайдаланады және кей жерлерінен (Аққұдық, Ақбұлақ, Ақтұмсық, Таскешу) емдік қасиеті бар емдік су табылды. Сарықұм, Сарыбай құмдары төңірегінде Аймәмбет, Мыңғыр, Айғырсойған, Сарыбай, Сайқұдық артезиандары бар.
Байғанин ауданының кішігірім көлдеріне тоқтала кететін болсақ:
Көкбұлақ - ауданнан оңтүстік шығысына қарай 18 км жерде орналасқан. Негізінен көктем кезеңінде қар суымен қоректенеді және де бұлақ көздері бар. Бұл Көкбұлақ Сағыз өзенінің солтүстік жақ саласы болып саналады. Жағасында мал жайылымына және шабындыққа мол шөптердің қоры бар.
Мыңжасаркөл -Байғанин ауданындағы ағынсыз көл. Жем өзенінің алабында Жарқамыс селосынан оңтүстік шығыста 46 км. Теңіз деңгейінен 149,7 м биіктікте жатыр. Ауданы 9,302км , ұзындығы 6,0 км, ені 3,1 км-ге жетеді. Жағалау сызығы 18,2 км, жағалауы тік жарлы, жауын-шашын суымен коректенеді. Суы тұзды. Кей жылдары құрғап қалады. Шаруашылық маңызы шамалы.
Толағайсор - Байғанин ауданындағы және Атырау облысының Ембі ауднындағы ағынсыз көл. Жем алабына Алашен тауынан батыста 1,5 км. Ауданы 26,792км, ұзындығы 9,3 км, ені 4,5 км. Жаға сызығы 32,3 км. Су жиналу алқабы 5722 км. Жағалауы көбіне тік жарлы. Жауын-шашын суымен коректенеді. Солтүстігінен шағын өзен құяды. Жаздың ыстық айларында көл таяздап, көпшілік жері сорға айналады. Алабы - жайылым.
Маныссай - Бақыртау етегіндегі бұлақтардан басталып, Донызтау мекеніндегі Таскенту қыстағы тұсында тартылып қалады.
Ащыойыл - Шилісай, Шұбаржылан өзендерінің тоғысқан жерінен басталып, Ащыкөл деп аталады. Құрман селосының тұсында Ойылға құяды. Салалары: Ащыөзек, Қандыағаш, Жарлы, Қаңбактысай, Қуырдақты, (арнасындағы қара суларда: шортан, табан балық бар).
Ащысай - Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы өзен, Сағыздың сол саласы. Ұзындығы 60 км, су жиналатын алқабы 6192км Шұқыркөл маңынан басталады. Ұзындығы 10 км шамасында 40 - тан астам уақытша ағатын саласы бар. Арнасы кең, жағасы жазық. Жауын және қар суымен коректенеді. Көктемде ғана ағын болады, жаз айларында құрғап қалады. Желтоқсаның басында қатып, сәуірдің басында мұзы түседі. Суы ащы, көктемде ғана мал суаруға жарайды.
Саралжынды - Әулиетаудың оңтүстігіндегі сортаңды көлден басталып, Маныссайға құяды.
Шатырлысай - Мұғалжар тауының оңтүстік батыс бөлігіндегі қыраттық бұлақтардан басталып, Жарқамыс елді мекенінен 10 км-дей жоғары Жем өзеніне құяды. Кішігірім (ұзындығы 10 км-ден қысқа) 64 саласы бар.
Кенжалы - Қараоба тауының оңтүстігінен басталып, Сарытоған селосынан 9 км, Шығыста Ойыл өзеніне құяды.
Малай - Шошқалы бұйратының батысынан басталып, Кедейдектау маңында Маныссай өзеніне құяды.
Терісаққан - Ақтолағай қырқасынан басталып, Қарақоға елді мекенінен төмен Сағызға құяды. 20-дан астам салалары бар. Солармен қосылған Терісаққанның жалпы ұзындығы 110 км.
Аққоңыр - сағасы Нұржан бейітінен оңтүстік шығысындағы Теңізтау қыстауына жеткенде құрғап қалады.
Байсарысай - Байсары тауының солтүстігінен басталып, Кемерши селосынан жоғары Ембі өзеніне құяды.
1.5. Топырақ жамылғысы
Жалпы Ақтөбе обылысының жер көлемі 30,1 миллион гектарға тең. Обылыс территориясының солтүстігінен бастап оңтүстігіне қарай үш топырақ аймағына бөлінеді: қара, қызғылт жэне қоңыр топырақтар. Әр аймақ тағы да шағын аймақтарға бөлінеді. [5 1]
Қара топырақты аймақ 817 мың гектар. Бұл аймаққа облыстың солтүстігінде орналасқан Мартөк, Ленин және Новоросийск аудандары кіреді. Жылдың жылы мерзімі (10° жоғары) 145 күн, жалпы жылы температураның жиынтығы 2600 градусқа тең. Бір жылда орта есеппен 300 - 350 миллиметрдей ылғал түседі (Сурет-2).
Осы аймақтағы оңтүстіктің қара топырағы қалыпты, фосфорлы, карбанатты және сортаңды болып бөлінеді. Соның ішінде оңтүстіктің қалыпты қара топырағы төмендегідей морфологиялық айырмашылықтарымен көзге түседі. Топырақтың жырту қабаты (қара шіріндісі мол) А + В = 46 - 49 см, ал А қабаты 20 - 25 см. Бұл қабаттың түсі қар немесе қара қоңыр, құрылымы берік емес, саңылаулары көп болады. Одан төмен қарай топырақ түсі қоңырқай тартып, құрылымы беки береді.
Жоғарғы қабаттың химиялық құрамы мынадай: қара шірінді 4 - 6%, жалпы азот - 0,2 - 0,3 %, фосфор - 0,20 - 0,14 %.
Қара қоңыр карбонатты топырақ облыс территориясында кең тараған. Жырту қабаты да терең, 45 - 65 см дейін барады. А горизонтының тереңдігі 18-20 см. Топырағының түсі көбінесе қара қоңыр, құрылымы ірі түйіршікті болып келеді. В горизонты топырағының түсі қоңырқай, құрылымы тығыз болады. Одан әрі қарай карбонатты сары балшық жатады. А горизонтының химиялық құрамы төмендегідей: қара шіріндісі - 3,5 - 4,5 %, жалпы азот - 0,21 - 0,27 %, Р2О5 - 0,23%, ЮО - 2,36%, натрий -0,96%. Топырақ реакциясы сілтілі РН 8,1-ге тең.
Мұнда астық шаруашылығы дамыған. Өйткені бұл аймақта жаздық бидай себу кезіндегі ылғал мөлшері жеткілікті болады. Жердің 1 метр қабатындағы ылғал 100 - 120 мм немесе қажетті ылғалдың 50% тең. Сондықтан дәнді дақылдардан, соның ішінде жаздық бидайдан мол өнім алуға толық мүмкіншілік бар.
Қызыл қоңыр топырақты аймақтың жер көлемі 4 миллион гектардай. Жылдық орташа температура 5°, жылы күн саны 150, бір жылда орта есеппен 220 - 250 мм ылғал түседі.
А + В горизонттарының тереңдігі 25-35 см. Ал жоғарғы А қабаты 16 - 18 см , түрі қара сұр, құрылымы ірі кесектерден тұрады. В горизонтының түсі сұрлау, топырағы тығыз, 100 - 130 см тереңдікте тез еритін тұздар кездеседі.
А горизонтының химиялық құрамы: қара шірінді 2,5 - 3,9% , жалпы азот - 0,15 - 0,16%, әр түрлі тұздар - 0,11%, реакциясы сілтілі РН 7,3 - 8 тең.
Бұл жерлерге негізінен дәнді дақылдар себіледі. Көктемгі ылғал қоры 80 - 90 мм. Жаздық бидайды өсіруге қажетті ылғалдың 40% қамтамасыз етілген. Демек, қуаңшылық жылдары дәнді дақылдардан өнім аз жиналады. Сондықтан көктемде және жазғы маусымда ылғал ысырабына жол бермей, оны топырақта сақтаудың зор маңызы бар.
Қызғылт топырақты аймақ 7 миллион гектар жерді алып жатыр. Жылы күн саны 160, барлық жылы күн температурасының жиынтығы 3000 градустай.жылдың орташа температурасы 6° - қа тең. Орта есеппен жылына 170 - 200 мм ылғал түседі.
Қалыпты қызғылт түсті топырақтың шірінді қабаты 25 - 35 см, топырақтың негізгі түсі қоңырқай қызғылт болып келеді. Құрылымы ірі кесекті, құрамында тұздар кездеседі. В горизонтының топырағының түсі сүр, реңі қоңырлау келеді, өте тығыз болады. Горизонттың 40-50 сантиметрінен бастап карбонаттар, 80-100 сантиметрден кейін тұздар кездеседі.
А горизонтының химиялық құрамында 1,5-2 процент қара шірінді 0,1 проценттен астам, жалпы азот, 0,1% дейін, еритін тұздар, басқа да химиялық элементтер бар.
Қоңыр топырақты аймақта 12,5 миллион гектардай жер
бар. Жоғарыда аталған аймақтарға қарағанда мұнда жылы күн
саны көбірек (165 күн), әрі жылы (жылдық орташа температураның жиынтығы 7°), абсолюттік температураныңжиынтығы 3200°, бір жылда орта есеппен 100 -150 мм ылғал түседі.
Қалыпты қоңыр топырақтың А + В қабатының тереңдігі 32 -35 см дейін барады . А горизонтының топырағы қоңыр, реңі сұрлау келеді, құрамында 1,5 %-дей қара шірінді, 0,05 % жалпы азот басқа да химиялық элементтердің бірнеше түрі болады. [50,52]
Солтүстік - қоңыр топырақ зонасы Байғанин ауданының оңтүстік бөлігінің алып жатыр, зона ауданы 1982 мың га. Топырақ зоналары бойынша Байғанин ауданы үш аймаққа бөлінеді.
Солтүстік аймақ, яғни Қарауылкелді, ішінара Ащы, Көлтабан селолық округінің жері ашық - қоңыр топырақты зонаға жатады. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге тек ерте көктем мен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан өсімдік тіршілігіне екі биологиялық тыныштық кезең өтеді, оның біріншісі қыстың суық, екіншісі жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктерде табиғаттың осындай қысымшылығына бейімделген. Онда өсетіндер: сирек шығатын бұташалар, жусан және кейбір кебірленген, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер. Өсімдік сирек шығатындықтан, олардың топырақта қалдыратын қалдықтары да мардымсыз. Сондықтан топырақта қарашірік аз. Осының салдарынан топырақ түсі бозғылт тартып, ашық - қоңыр топырақты зонаға жатады.
Орталық аймақ, яғни құба топырақты шағын зонаға жем өзенінің екі жақ беткейі алып жатқан территория кіреді.
Доңызтаудың оңтүстік жағындағы алқап оңтүстік аймаққа, немесе сұр-құба топырақты шағын зонаға кіреді.
Ашық қоңыр топыраққа сипаттама
Байғанин ауданының ашық қоңыр топырақты зонасына тән емес ағаш типті өсімдіктер дүниесі, соның ішінде шыршалы тоғайлар мүлдем жоқ. Ашық - қоңыр топыраққа бейімделген тамырлы өсімдіктері көбінесе жыныстардың, жыртылған және көтерңкі келген жерлерінде кездеседі.
Қоңыр топырақты зона астық тұқымдасты - жусанды далалықтарымен бетегелі ақселеу түрлерімен сәйкес келетін қара қоңыр және ашық қоңыр зона асты топырақтарына бөлінеді (Сурет -2).
Ауданның ашық қоңыр топырағының жоғарғы гаризонты 15-18 см ақшыл-қоңыр түсті қызғылт реңді. Жоғарғы гаризонтындағы гумус 2-3 % жетеді. Механикалық құрамы қара қоңыр топырақтағыдай әртүрлі болуы мүмкін. Жалпы азот мөлшері 0,2%-тен көп болмайды. Механикалық құрамы бойынша жеңіл түрлері бұдан да аз болады. Көміртегінің азотқа қатынасы (С:N) 6,5-7 арасында ауытқиды. Бұл дегеніміз қара қоңыр топырақтарға қарағанда жалпы азотқа қатынасы өте кіші. Валовий фосфор құрамы бойынша қара қоңыр топырақтардан аса айырмашылығы жоқ. 100 г топырақтағы сіңірілген негіздердің соммасы көпшілігінде 15 мг :: ЭКВ-ға сәйкес. Механикалық құрамына қарамастан барлық ашық қоңыр топырақтар тұзды немесе тұзды карбонатты болып келеді. Әдеттегі 15-20% - ті натрий катионының 5%-і сіңіру комлексіне қатысады.
Ауыр механикалық құрамға қарағанда жеңіл механикалық құрам түрлерінің тұздылығы төмендеу. Бұл зонаға ашық қоңыр топырақтардың тұзды зоналарымен жиі кезектесуі тән. Көп себептерінің бірі - микрорельефтердің болуы - ұсақ дөңгелек табақшалармен өте үлкен емес мөлшерде көтерілуінің кезектесуі. Ұсақ жоғарлаулардың түзілуінен ашық қоңыр топырақ зоналары, ұсақ төмендеулер арқылы тұзды зоналар түзіледі. Топырақ жамылғысының комплексі механикалық құрамы ауыр ашық қоңыр топырақты аудандарда анық көрінеді.
Топырақ жамылғысының комплексінің құрғақ климат болуынан ашық қоңыр топырақ ауыл шаруашылық жұмыстарына жарамайды. Ауыл шаруашылық жұмыстары тек суару жұмыстарымен ғана мүмкін. Сол себепті қазіргі уақытта ауданның көпшілік жер аймақтары мал шаруашылық жұмыстарына қолданылады. Осыған байланысты мал шаруашылығымен айналысатын бірнеше ұсақ совхоздар жұмыс істейді.
1.6. Өсімдік жамылғысы
Е.А.Агелеуов мәліметтері бойынша Ақтөбе облысының жоғары тамырлы өсімдіктер флорасында 417 туыс және 92 тұқымдасқа жататын түрлер бар. Дала зонасында кең таралған тұқымдастар Fаbасеае- 96, Аstегасеае-60, Вrаssicacеае-64, Ро1уgоnасеае-34 түр. Облыстың шөл аймақтары үшін саны бойынша бай түқымдастар: Сhеnороdіасеае, Роасеае, Ро1уgоnасеае, Саrуорyhyllасеае, Воrrаgіnасеае. [47]
Е.А.Агелеуов пен Н.У.Жакупов жүргізген тіршілік формалары мен географиялық элементі бойынша зерттеу нәтижелері бойынша флора 942 түрлі шөптесін өсімдіктер басым екендігін анықтады, ол барлық өсімдіктердің 89% құрайды, оның ішінде көпжылдықтар-60,3%, біржылдықтар -29,7%. Флора құрамында хамефиттер- 34 түрлі (3,23%) фанерофиттер- 67 (6,36%), гемикриптофиттер 633 ( 30,17%) терофиттер- 235 (22,3%), геофиттер- 31 (2,94%). Олар Еуропалық бөлікте ареалдарның басым түрлерін, Орталық-азиялық байланысты түрлер (30 түр, 2,85%), жерортатеңіздік (84 түр, 8%), флораның иран және туран элементтерін анықтады. Барлығы флорада 30 элемент анықталған.
Сирек кездесетін, жойылған, қорғауға жатқызылатын эндемикалық реликт түрлері анықталған. Олардың барлығы 22 түр, соның ішінде Шренк қызғалдағы, Комарова люцерні, талиев көкшөбі. Оның мәліметтері бойынша Ақтөбе облысында Елек, Орал, Ембі, Мұғалжар тауларының бор қабатының жалаңаш жерлерінде жабайы флора аралдары сақталған.
Б.А.Быков, С.А.Арыстанғалиев КСРО Қызыл Кітабына 296 сирек кездесетін түрлер енгізген. Ақтөбе облысының олар сирек кездесетін, жойылу қаупінде тұрған 11 түрлі өсімдікті көрсетеді.
Е.А.Агелеуов пен Н.У.Жакупов Ақтөбе облысының флорасы мен өсімдік қабатын жалпы сипаттаған. Олардың мәліметтері бойынша далалар кең таралған және олар аймақтың 23 құрайды. Олар облыстың экономикалық жағдайы оның территориясында шымды далалардың, әсіресе сарғылт топырақтарда бетегелі-боз далалардың, оңтүстік қарашірікті топырақтарда түрлі шөпті- бұталы, қоңыр топырақтарда дәнді түрлі шөпті далалардың қалыптасуына әкеледі деп есептейді.
бұталы, қоңыр топырақтарда дәнді түрлі шөпті далалардың қалыптасуына әкеледі деп есептейді. Өсімдік қабатында 5 типтер айқындалды: далалық, жартылай шөлді, шөпті, сулы-жағалаулы, орманды. Облыста өсімдік қабаты қалыптасуының 26 түрлері бөлінген ( Б.А.Быкова классификациясы бойынша). [53]
Өсімдіктердің негізгі бөлігін көп жылдықтар мен жартылай бұталар, аз бөлігін біржылдықтар мен бұталар құрайды.
Өсімдіктердің экологиялық топтарында ксерофиттер басым. Мезофиттер сирек кездеседі.
Шабындық өсімдіктердің ішінде ең кең таралған: Аnadasis Сlіmfсорtеrа Sulsola Atrірmех және басқалары.
Байғанин аудан жеріндегі өсімдіктер дүниесі түр - тұқымы бойынша әр түрлі. Тамырлы өсімдіктің 90-ға жуық тұқымдасының 1000-нан астам түрлері шығады. Ауданның солтүстігімен солтүстік батыс беткейінде аз да болса ақ слеулі боз, сондай-ақ жусан, эфемер шөптері өседі. Жем өзенінің оңтүстік жағы, Сам, Матайға дейін аймақ жыл бойы мал жайылымы үшін қолайлы, азыққтық сапасы құнарлы шөптерге бай.
Мұнда изен мен жусанның бірнеше түрлері, бұйырғын, көкпек, теріскен, күйреуік сияқты қара оттық шөптер шығады, олар қатаң жерге өскендіктен біраз уақыт құнарлылығын жоймайды, күзгі жауын сілтісін шайғаннан кейін малға азық болады. Жазғытұрым жердің ылғалы мен түскен жауын-шашынның мөлшеріне байланысты малға жұғымды шөптер өседі. Олар: беде, мортық, қаз оты, сарышуда, ебелек, еркек, қияқбоз, шытыр. Бұлар құмақ шағылды жерде өседі.
Сонымен бірге алабұта, жантақ, баялыш, қоянсүйек те әр жерде кездеседі. Оңтүстігіндегі доңызтаудың құнары шамалы сұр топырағында бұйырған, жусан, сарсазан, байалыш, қара сексеуіл.
Шартты жер көлемі шөл дала аймағында орналасып (солтүстік шөлейт), (ашық түсті сортаңды топырақ) қуаң даламен шекараласады.
Қуаң дала климат жағынан құрғақ климатымен ерекшеленеді. Топырақты жерлері жағынан азды-көпті ашық түсті сортаңды топырақпен байланысты.
Аймақта өсімдік өсуі түрлі сериялармен ерекшеленеді. Аймақта өсімдіктердің өсуін төмендегі түрлерге бөлуге болады:
Жусан-шымды-дән және жусанды өсімдік шөлейт жерде бірлесіп өседі.
Боз-бетегелі жиынтығы бар шым-дәнді өсімдік.
Дәнді-жусан бірлестігі сортаңды және шабындықпен топтастырылып және өсіп кеткен құм төбе мен бүдірлі топырақты төмендеткен рельефпен біріктірілген өсімдік.
Сортаңды-шабындық және батпақты шабындықтағы өсімдіктерді сордағы және далалық өсімдіктермен бірлестіру.
Шабындық өсімдіктері.
Бірінші орында таралуы жағынан жусан-шымды дәнді өсімдік орналасқан.
Үстем етуші шым дәнді өсімдіктерге басты болып жусан Sегірһіdium тұқымынан, (бетеге, боз, бидайық және басқалар) тал-шілік сонымен қатар, түймедақ, шыбық (Косһіа ргostгаtа) және басқалар. Құрғақшылыққа өте шыдамды. Сонымен қатар, көптеген эфемероидтар, соның ішінде ерекшелекленетіні тез өсетін жалбыз[38].
Байғанин жеріндегі өсімдіктер дүниесі тұқымдас - түрі бойынша әр түрлі таралған. Тамырлы өсімдіктің 90 - ға жуық тұқымының 1000 - нан астам түрлері шығады. Ауданның солтүстігі мен солтүстік - шығыс беткейінде аз да болса ақ селеулі боз, сондай - ақ жусан, эфемер шөптер өседі.
Жем өзенінің оңтүстік жағы, Сам, Матайға дейінгі аймақ жыл бойы мал жайылымы үшін қолайлы, азықтық сапасы құнарлы шөптерге бай.
Байғанин ауданының оңтүстік - шығыс бөлігінде, яғни Көкбұлақ елді мекенінде құнарлы мал азықтық өсімдіктер көптеп кездеседі.
Мұнда: Изен мен жусанның бірнеше түрлері, бұйырғын, көкпек, теріскен, күйреуік сияқты қара оттық шөптер шығады, олар қатаң жерге өскендіктен біраз уақыт құнарлылығын жоймайды, күзгі жауын сілтісін шайғаннан кейін малға азық болады.
Жазғытұрым жердің ылғалы мен түскен жауын - шашынның мөлшеріне байланысты малға жұғымды шөптер өседі.
Олар: беде, мортық, қаз оты, сарышуда, ебелек, еркек, қияқбоз, шытыр. Бұлар құмақ шағылды жерде өседі.
Сонымен бірге алабұта, жантақ, баялыш, қоянсүйек те кездеседі. Аталған өсімдіктерге сипаттама бере кетейік.
Chеnopodiaceae - Алабұталар тұқымдасына жататын өсімдіктер.
1. Хош иісті алабұта Chеnopodium botrus морь душистая - сары - жасыл түсті, хош иісті биіктігі 15 - 60 см. Ұзынша келген жапырағы сабаққа кезек орналасады. Ұсақ гүлдері шашақты гүл шоғырына жалғанған. Маусым - тамыз айларында гүлдейді.
Дәрілік өсімдік ретінде, қан тамырларын демікпе ауруларын емдеуге және қара күйе көбелегіне қарсы пайдаланады.
2. Баялыш сораң солянка деревцевидная Salsola arbuscula - алабұта тұқымдасының сорақ тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда, Каспий, Арал, теңіздерінде, Маңғыстауда, Бетпақдалада, Қызылқұмда, Мойынқұмда, Қаратауда кездеседі.
Биіктігі 40 - 150 см. Ақшыл сұр қабықты, ретсіз бұтақтанған сабағы бар. Тықыр немесе қысқа қылтанақты жапырақтары кезектесіп орналасқан.
Гүл шоғыры масақ тәріздес қызғылт түсті келеді. Шілде, қыркүйек айларында гүлдейді. Баялыш шөлді аймақтарда мал азығы ретінде және отын ретінде пайдаланылады.
3. Сортаң бұйырғын Ежовник солончаковый Anabasis salsa - алабұта тұқымдасына жататын бұта біржылдық және көпжылдық өсімдіктер.
Қазақстанның қуаң дала және шөлейт өңірлерінде 17 түрі кездеседі. Сирек кездесетін эндемик түрлері: Сырдария бұйырғыны, Торғай бұйырғыны, Гипсті бұйырғын. Бұйырғынның сабақтары бұтақты, бытыраңқы келеді.
Жапырақтары жетілмеген, тікенге ұқсас, көбіне қабыршақ сияқты.
Гүлі қос жынысты, бес мүшелі, гүлсерігі бар.
Жаз бойы гүлдейді. Бұйырғын шөлді аудандардың тегіс жерлерінде, кейде аласа тауларда өседі. Оның бір жылдығында 7,1 - 14,8% протеин, 18,2 - 31,0% күл, 11,7 - 26,0% клечатка, 1,5 - 3,2% май болады. Бұйырғынды сиырдан басқа мал жақсы жейді. Бұйырғынның гектарынан 1,5 - 4,6 центнер құрғақ шөп алынады. Ол құрғақшылыққа, сортаң топыраққа төзімді өсімдік, тұздылығы 45% топырақтада өсе береді.
Бұл жердің өсімдік жамылғысы ашық қоңыр және сортаңды қою қоңыр топырақтардағы ксерофитті әртүрлі шөпті тырсалы - бетегелі, жусанда - астықты (Агtеmisіа lercheanа - Аgгоругоn dеsегtorum), жатаған изенді (Kochia prostrata) топтар шөлдегі дала аймақтарымен комплекс түзейді.
Шөл даласының түрлік құрамы кедей болып келеді, доминантты түрі Festuca valasiaса-дан басқа Stіра саріllаtа, Аnabasis salsa және әр түрлі шөптерден ксерофилді түрлер кездеседі.
Бұл аймаққа (территорияның тұзды болуына байланысты) жартылай бұташалардың негізін құрайтын бірлестіктер комплексінің кеңінен таралуы тән, сортаңды жерлерде шағыр жусанды, ксерофитті әртүрлі шөпті - шағыр жусанды қоңыр сортаңды топырақтарда шөл бидайықты - бетегелі (Festuca valasiascа, Аgгоругоn desertorum), жусанды - бетегелі ассоциялар бірлесіп кездеседі.
Шөл басқан және шөлейтті аймаққа тән сортаң бұйырғынды, тамыр жусанды доминантты түрі бар ерекше ассоциациялардағы топтар анықталды.
Ауданның шөл зонасы атмосфералық жауын - шашынның өте аз мөлшерде түсуімен, күшті булануымен және оңай еритін тұздардың болуымен ерекшеленеді. Соңғы кездегі зерттеулерге сүйенетін болсақ, көптеген өзгерістерге ұшыраған.
Шөлде жусанның орнын біржылдық өсімдіктер: эфермерлер, ебелек және арам шөптер - итсигек, адыраспандар алмастырған. Жусанды формацияларға бетеге аз мөлшерде араласуымен ауысады. Бозқаулы жерлер тіпті жойылған деуге болады.
Топырағына келетін болсақ гумус горизонтының қалыңдығы азайған, біраз тұздалған. Орташа жылдық температура көбейсе, жылдық жауын-шашын мөлшері азайған. Шөл басқан далада негізінен галлофитті жартылай бұталар таралған, ал астық тұқымдастар 20-30% көлемінде кездеседі.
Шөл және шөлейтті аймақтардағы негізгі өсімдіктердің формациялары, ассоциациялары және басым түрлері.
6-кесте.
№
Формациялар
Ассоциациялар
Басым түрлер
1.
Шөлейтте Бозқаулы
Тырсалы-бетегелі, Тырсықты бетегелі
Sptiра sareptanа, S. Capіllata Festuca vasiаса.
2.
Жусанды
Ақжусанды-бетегелі, Қара жусанды
Агtеmіsіа lегсhеаnа, Ғ. vаlаsіаса, А. раuсіflога.
3.
Шөлде Тамыр жусанды
Тамыр жусанды-бетегелі, әртүрлі шөпті-бидайықты
А. tеrrае-аlbае, Ғ.sulcatа, Sрrеа hурегісіfolа, Меdісаgо соеrulеа, Аgrоруrоn аrеnаrіа.
4.
Бұйырғынды
Бұйырғынды-сораңды
Аnabasis salsa, Salsola arbusculа.
Негізінен шөл және шөлейтті далаға тән: ашық қоңыр, қою қоңыр, күшті сортанды, сұрғылт қоңыр топырақтардағы өсімдіктер ассоциациясы жоғарыдағы 6 - кестеде көрсетілген [21].
Қарастырып жатқан территориядағы шөл және шөлейтті зоналардың элементтері жіктелген. Шөлді аймаққа ксерофилді жартылай бұташалардың таралуы тән.
Ал шөлейтті зонасының флорасы астық тұқымдастарының мол болуымен сипатталады зоналық ашық қызғылт қоңыр топырақтардың өсімдік жамылғысын құраудағы басты рольді жартылай бұташа құм жусанға (Аrtеmisіа аrenerіа) берілді.
Жем-шөптік аймақтар территорияның 45%-тін алып жатыр. Көп жағдайда оның басым түрлерінен астық тұқымдастар: сарепт бозы (Stіра sаrерtаnа), кұм еркек (Аgrоруrоn dеsеrtоrum) және (Аgrоруrоn аrеnеrіа), эфермерлер мен эфермеройдтар, жуашықты қоңырбас (Роа bulbosа), шөл жауылша (Аlyssum desertorum), арасында сондай-ақ жартылай бұташалар, көкпек (Аtrірlех саnа), сортаң бұйырғын (Аnabasis salsа), итсигек бұйырғын (Аnabasis aphallа), бұтадан - қызыл жыңғыл (Таmariх гаmasisimа) және бір жылдықтардан қарама-қарсы жапырақты сусақ (Сlimoсоріега сгаssа), құм ебелегі (Сегоtосагрus агеnагіus) кездеседі.
Ал интерзоналдық топырақты құрылымдарда (сортандар және сaдақтар) басымды өсімдік жамылғысында голоксерофидтті жартылай бұташалар жем-шөпті жерлердің 45%-не дейін құм жусан (), көкпек () алып жатыр. Сортаңдардың өсімдік жамылғысы ашық - қызғылт - қоңыр топырақтағыларға қарағанда қарапайымдау және біркелкілеу болып келеді. Бұл түрлердің белгілі бір экожағдайға тәуелді болуы нәтижесінде көп жағдайда, басым түрі ретінде белгілі бір түр қалыптасатын өсімдік бірлестіктері пайда болады, сонымен қатар бірлестіктердің қалыптасуына құм жусан және эфермелер қатысады.
Шөл және шөлейттегі өсімдік жамылғысының фрагменттері аймақтың барлық жерлерінде кездеседі.
Оңтүстік-шығыс пен солтүстік-батысқа қарай олардың үлесі көбейе түседі. Өсімдік жамылғысындағы басым қасиет көрсететін түрлері: шөл бидайық (Аgгоругоn агеnагіа), тарақ боз (S. sагерtаnа) және сынғақ бидайық (Аgгоругоn агеnагіа) кездеседі. Астық тұқымдас бірлестіктеріндегі екінші мәнге ие боз жусан (Агtеmіsіа lеssіngіаnа) және кей жағдайларда оның орнына лерхов жусаны (А. lегсhеаnа).
Құмды құмдақты механикалық құрылымға ие болатын қоңыр топырақтарда көп түрлі өсімдік жамылғысы байқалады. Мұндай бірлестік құруға қара жусан (Агtеmіsіа ), бұталарда қызыл жыңғыл (Таmагіх гаmоsissima) шөптесіндерден сегиеров сүттігені (Еuрhогbіа sеguіегіаnа) қатысады.
Ылғалды жерлердің өсімдік жамылғысы келесі бірлестіктермен келтірілген: жатаған бидайық (Аgгоругоn гереnsе), шайқурай тобылғысы (Sрігеа hурегісіfoliа) жер бедерінің ойыстау жерлерінде қоңыр топырақтарда өседі.
Солтүстік совхоз территорияларында көптеген өзендер (Жем, Сағыз) мен көлдер кездескенімен мұнда өзен арналарында өсімдік жамылғысы жақсы дамымаған. Жем өзені жағалауында қамысты қоғалы батпақтар және сор ажырақ (Аеllегорus еuгforbius) пен жаушалғынды бірлестіктер кездеседлі.
2 ТАРАУ.
Зерттеу тарихы жөне зерттеу әдістемесі.
2.1. Зерттеу тарихы
Геоботаникалық және комплекстік зерттеу бағдарламасында өсімдіктер жамылғысының өнімділігі туралы сұрақтар әр уақытта қарастырылып отырды [1].
Каспий маңы ойпатының өсімдік жамылғысы туралы алғашқы мәлімет XVIII ғасырдың аяғында пайда болды. Академик П.С. Паллас, И.И. Лепехин Волга-Жайық өзендер аралығының белгілі аймағын таңдап алып зерттеді. Жұмыстарында бұл жерлерге флоралық мәліметтер берген. XX ғасырдың бірінші жартысында И.В. Ларин Солтүстік Каспий маңы аймағының өсімдіктері мен топырағының жүйелігі жағынан зерттеді. Н.А. Бородин өзінің жұмысында Орал губерниясының флорасына сипаттама беріп және өсімдіктердің топырақ жамылғысымен байланысын көрсетті.
Солтүстік Каспий өсімдіктері мен флорасы, соның ішінде Батыс Қазақстан аймағының өсімдіктері туралы Б.А. Быков [2,3] жүмыстарында көрсетілген. Ф.Я. Левиннің жұмыстары [4,5,6] жайылма өсімдіктерінің табиғи жағдайына және жайылым шабындықтарын жақсартуда қажетті шараларға арналған. Солтүстік Каспий аймағының өсімдік және топырақ жамылғысын зерттеуде Орал педагогикалық институтының қызметкерлері профессор В.В.Иванов басшылығымен көп еңбек сіңірілді. В.В. Иванов "Батыс Қазақстан далаларына жамылғы динамикасының әсері" атты еңбегінде [1] шөлейт өсімдіктерімен, оның динамикасына әсер ететін әртүрлі жағдайларға сипаттама берілген. Солтүстік Каспий аймағының өсімдіктері туралы В.В. Иванов еңбектерінде берілген, сол жерлердің өсімдік қауымдасындағы антропогендік трансформация бойынша М.М. Фартушина мақалалары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz