Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.бөлім Бухгалтерлік есеп, оның мәні мен маңызы
1.1 Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативті құқықтық реттеу ... ... ... 6
1.2 Бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
1.3 Бухгалтерлік есептің әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.4 Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар және олардың рөлі ... ... ... .. 15
1.5 Бухгалтерлік есептің басқа ғылымдармен өзара байланысы ... ... ... ... . 17
2.бөлім Бухгалтерлік есепті кәсіпорындарда ұйымдастыру
2.1 Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы, оның құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.3 Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қосымша А
Қосымша Б
Заң жүзінде бірде бір кәсіпорын (субъект) ведомствалық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан, бухгалтерік есеп жүргізбей өмір сүре алмайды. Біздің еліміздегі осы уақытқа дейін қолданып келген бухгалтерлік есептің жүйесі оқымысты ғалымдар мен тәжірбиелі адамдар ұрпақтарының көптеген жылдар бойы атсалысуымен дүниеге келген болатын. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының терреториясындағы меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына байланысты еліміздің экономикасы нарықтық қатынастарға өту үдерісіне әр түрлі қызмет атқаратын кәсіпорындар пайда болды.
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды», - деген сөздің жайдан жай айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін қажет. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы мен өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірістері мен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлік есеп халықаралық стандарт жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік стандарт — есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықаралық стандартқа сай, бухгалтерлік есеп қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар т.б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп заңды тұлғалардың өз ішінде басқару жүйесін жетілдіру, ішкі резерв қорларын табу, оны іске қосу мақсатында жүргізіледі. Қазақстандағы заңды тұлғалар жыл сайын аталмыш есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап, бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады. Тиісті заң актілері мен нормативтік материалдардың және есеп стандарттарының талабына сай, Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын бірнеше әдістер ішінен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде қолданылатын (екіжақтылық, консервативтік,автономиялық, сәйкестікке келтіру, сату, т.б.) есеп принципіне жатады. Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.
1. Н.Қ. Қабылова, Ш.А.Доспалинова, Е.Н. Оразалинов «Бухгалтер (бухгалтерлік есеп негіздері)». – Астана: Фолиант, 2008.
2. Р.С. Әбдішүкіров, Б.С. Мырзалиев «Бухгалтерлік есеп (оқу құралы)».— Алматы, 2008
3. А.Ныйқанбаева, Л.Қуанышова «Бухгалтерлік есеп негіздері». – Астана: Фолиант, 2008.
4. А.Р.Абдина «Бухгалтерлік есеп». – Астана,2010
5. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері».– Алматы, Экономикс, 2003.
6. Е.О.Нұрсейітов «Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп». – Алматы, 2009
7. Р.С. Әбдішүкіров, Б.С. Мырзалиев, А.А. Сәтмырзаев «Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі».— Алматы:Экономика, 2008
8. В.П. Проскурина Бухгалтерлік проводкалар(ҚР ҚМ 23.05.2007 ж. № 185 бұйрығымен бекітілген, «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының» бөлімдері бойынша бухгалтерлік проводкалар жинағы). – Алматы, 2011
9. В.П. Проскурина «Бухгалтерлік есеп басынан бастап балансқа дейін(көмекші құрал)». -Алматы, 2010
10. 234 –III ЗРК. 28.02.2007 жылғы Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заң.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1-бөлім Бухгалтерлік есеп, оның мәні мен маңызы

1.1
Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативті құқықтық реттеу ... ... ...
6
1.2
Бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
12
1.3
Бухгалтерлік есептің әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
1.4
Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар және олардың рөлі ... ... ... ..
15
1.5
Бухгалтерлік есептің басқа ғылымдармен өзара байланысы ... ... ... ... .
17
2-бөлім Бухгалтерлік есепті кәсіпорындарда ұйымдастыру

2.1
Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы, оның құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етілуі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
2.2
Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
23
2.3
Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
30
Қосымша А

Қосымша Б

КІРІСПЕ
Заң жүзінде бірде бір кәсіпорын (субъект) ведомствалық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан, бухгалтерік есеп жүргізбей өмір сүре алмайды. Біздің еліміздегі осы уақытқа дейін қолданып келген бухгалтерлік есептің жүйесі оқымысты ғалымдар мен тәжірбиелі адамдар ұрпақтарының көптеген жылдар бойы атсалысуымен дүниеге келген болатын. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының терреториясындағы меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына байланысты еліміздің экономикасы нарықтық қатынастарға өту үдерісіне әр түрлі қызмет атқаратын кәсіпорындар пайда болды.
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында Есептей алмаған, басқара алмайды, - деген сөздің жайдан жай айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін қажет. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы мен өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірістері мен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлік есеп халықаралық стандарт жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік стандарт -- есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықаралық стандартқа сай, бухгалтерлік есеп қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар т.б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп заңды тұлғалардың өз ішінде басқару жүйесін жетілдіру, ішкі резерв қорларын табу, оны іске қосу мақсатында жүргізіледі. Қазақстандағы заңды тұлғалар жыл сайын аталмыш есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап, бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады. Тиісті заң актілері мен нормативтік материалдардың және есеп стандарттарының талабына сай, Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын бірнеше әдістер ішінен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде қолданылатын (екіжақтылық, консервативтік,автономиялық, сәйкестікке келтіру, сату, т.б.) есеп принципіне жатады. Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал -- есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.
Курстық жұмыста екі бөлімді қарастырдым. Бірінші бөлім бухгалтерлік есеп, оның мәні мен маңызы, қағидалары мен әдістері және нормативті құқықтық реттелуі, түпкі нәтижесінде, ақпаратты пайдаланушыларға бухгалтерлік есеп берудің сенімді ақпаратын беруімен танылады.
Екінші бөлімде бухгалтерлік есеп кәсіпорындарда қалай ұйымдастырылады, алғашқы құжаттары, бас бухгалтердің рөлі мен құқықтары көрсетілген. Стандарттардың негізінде есептің жеке учаскелері, сонымен қатар шаурашылық субьектілерінің салалық ерекшеліктері бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің базалық тәртіптері бекітілетіні танылады.
Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің даму кезеңін төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырады:
I. Тауарлы-ақшалай қатынастар пайда болуынан бастап XVIII ғ. дейін.
II. XVIII ғ. аяғынан XIX ғасырға дейін;
III. XIX ғ.с оңы - XX ғ. басы;
IV. XX ғ. бастап бүгінгі күнге дейін.
Курстық жұмыстың мақсаты - Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады..
Қойылған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:
- бухгалтерлік есептің маңызы мен мазмұнын, оның негізгі мақсатын түсіндіру;
- Нарыққа көшу жағдайындағы бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызы туралы әдістемелік түсінік алу;
- Барлық кәсіпорындардағы, олардың ведомстволық бағыныстылығына, меншік формасына және ұйымдық - құқықтық формасы мен қызмет түрлеріне қарамастан, есеп процесін ұйымдастырудың теориялық негіздерін игеру;
-Бухгалтерлік есепті ғылым ретінде, кәсіпорынды табысты басқару үшін және одан сыртқары жерде іскерлік байланыс жасау үшін қажетті негізгі шынайы ақпарт көзі ретінде қарастыру;
- есеп жүйесінің нысандары мен ақпараттық базаның қалыптасуын зерделеу;
- ұйымдардағы экономикалық үрдістің қалыптасу кезеңдеріне қарай шаруашылық фактілерінің сабақтастық жолдары мен қалыптасуын негіздеу;
- бухгалтерлік есептің атқаратын міндеттері мен нысандарының маңызын ашып түсіндіру;
- бухгалтерлік есеп жүйесіндегі қаржылық және басқарушылық есептің орны мен негізгі мақсатын, объектілерін сипаттау;
- ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастырудың принциптерін және бухгалтерлік аппарат құру мүмкіндіктерін көрсету;
- халықаралық тәжірибе негізіне сай есеп қызметін атқарушылардың Кодексін және этикалық норманың мәні мен мәнісін көрсету;
- Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесін заңдылық және нормативтік тұрғыда реттеу қажеттілігін сипаттау.
Курстық жұмысымның өзектілігі - бухгалтерлік есептің кәсіпорындағы орның, әр түрлі әдістерін зерттеп, оның тиімді шарттарын қарастыру.
Қазіргі бухгалтерлік есептің мақсаты - басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажет ақпараттармен белгілі бір пайдаланушыларды қамтамасыз ету болып табылады. Әлемдік тәжірбиеде ақпараттар жалпыға бірдей сипаттағы негізгі басшылық қағидалардың базасында қалыптастырылып қабылданған. Бухгалтерлік есеп жүйесінің осындай мысалы ретінде бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарын, сонымен қатар Еуропалық экономикалық қауымдастықтың бухгалтерік есеп бойынша Директивасын алуға болады. Бухгалтерлік есеп ғылымында жинақталған көптеген құндылықтар объективті сипатқа ие және біздің өмірімізде толығымен падаланылуы мүмкін.
Курстық жұмыста бухгалтерлік есептің сипаттамасы мен маңызы, есеп беруге қойылатын талаптар мен есептерді өңдеу кезеңдері және бухгалтерлік есеп беруді пайдаланушылар мен оның элементтері беріледі.

1-бөлім Бухгалтерлік есеп, оның мәні мен мазмұны
0.1 Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативті құқықтық реттеу
Бухгалтерлік есеп дегеніміз - кәсіпорынның шаруашылық құралдары мен міндеттемелері және олардың қозғалыстары туралы ақпараттарды, барлық шаруашылық әрекеттерін жалпылай үздіксіз құжаттандыру арқылы ақшалай бейнеде жинау, қорытындылау және тіркеу.
Шаруашылық іс-әрекет жүргізетін субъект - бұл мақсаттардың орындалуына бірігіп жұмыс істейтін адамдар тобынан тұратын ұйым.
Алдарына қойған мақсаттарға жетуге ұйым материалды және еңбек ресурстарын, әр түрлі қызметтер, ғимараттар мен жабдықты пайдаланады. Осы ресурстардың мөлшері туралы ақпарат тиімді жұмыс үшін ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ ұйымның іс-әрекетің бағалау үшін сыртқы пайдаланушыларға да қажет. Осындай ақпаратты бухгалтерлік есеп жүйесі қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бухгалтерлік есеп шаруашылық іс-әрекеті мен шешім қабылдайтын тұлғалардың арасындағы байланыс бұыны.
Яғни, бухгалтерлік есеп: болашақта пайдалану мақсаттары мен кәсіпорын іс-әрекеті туралы мәліметтерді тіркеу арқылы шаруашылық іс-әрекетті өлшеу, мәліметтерді өндейді, қажетті сәтке дейін сақтап, пайдалы ақпаратқа айналдыру, есеп беру арқылы шешім қабылдайтын тұлғаларға береді.
Бухгалтерлік есеп 3-ке бөлінеді:
1. Бухгалтерлік есеп теориясы - бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық әдістемесі және тәжірбиелік негіздері.
2. Қаржылық есеп - бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі. Қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты топтастырады. Бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі. Қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты топтастырады (материалдық және материалдық емес активтер, жалға алынған мүліктер, қаржылай және заттай салынған жарна, ағымдағы активтер (ТМЗ), субъектінің міндеттері несие, дебиторлық және кредиторлық берешектер, ақша қаражаты, меншікті капитал, бөлінбеген табыс (шығын) және т.б. Қаржылық есептің деректерін шаруашылық жүргізуші субъект ішінде әртүрлі деңгейдегі басшылар мен сыртқы пайдаланушылар пайдаланады (қазіргі және болашақтағы инвесторлар, кредиторлар, банктер, салық және қаржы ұйымдары). Өндірістік есептің міндеті-өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны туралы деректер жинастырып, өңдеу. Бұл ақпарат субъектінің коммерциялық құпиясы болып табылады, сондықтан ол тиісті басшы адамдардың өз іштерінде пайдалануына бағытталған. Өндіріске және өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуге шығарылған шығындар туралы неғұрлым тиімді де жедел ақпарат жинастыру үшін субъект өзінің дербес бухгалтерлік есеп жүйесін құрады, ал ол аталмыш субъектінің ерекшеліктеріне неғұрлым жақындау келеді.
3. Салықтық есеп - салық салуға қажетті ақпаратты зеріттеп, тіркейді. Салықтық есепте пайдаланылатын ақпарат бухгалтерлік және жедел есептерден алынады. Бухгалтерлік есептің өндірістік, қаржылық, салықтық болып бөлінуі нарықтық экономикалық жағдайындағы есептің маңызды бір ерекшелігі болып табылады. Алайда ол субъектінің міндетті түрде өндірістік, әрі жеке қаржылық бухгалтерия құруы керек дегенді білдірмейді..
Кәсіпкерлік субъектілеріне бухгалтерлік есептің біріңғай жүйесін енгізу мақсатында, ҚР қаржы Министрлігі 1 қаңтар 2008 жылдан бастап күшіне кірген, бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесін 22 маусым 2007 жылы №221 бұйрығымен бекіткен.
Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал -- есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.
Бухгалтерлік есеп -- басқарудың аса маңызды функцияларының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің, кәсіпкерліктің тілі деп санайды. Бухгалтерлік есеп оның алдына қойған міндеттерді орындай алатындай болып ұйымдастырылуы керек.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру заңына сәйкес:
-- жедел басшылық ету мен басқаруға, сондай-ақ инвесторлардың, жеткізушілдердің, сатып алушылардың кредиторлардың, салық және банк органдарының пайдалануына қажетті шаруашылық процестері мен кәсіпорындардың, мекемелердің қызмет нәтижелері туралы толық және ақпараттарды қалыптастыру;
-- мүліктердің қолда бары мен қозғалысына, материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстардың бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету;
-- қаржы-шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстар жайында мерзімді ескертурлер жасау;
-- ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және жұмылдыру;
-- ішкі ресурстарды пайдалануды нақтылы бағалау бухгалтерлік есептің басты міндеттерді болып табылады.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.
Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің даму кезеңін төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырады:
I. Тауарлы-ақшалай қатынастар пайда болуынан бастап XVIII ғ. дейін.
II. XVIII ғ. аяғынан XIX ғасырға дейін;
III. XIX ғ.с оңы - XX ғ. басы;
IV. XX ғ. бастап бүгінгі күнге дейін.
Қазіргі бухгалтерлік есептің мақсаты - басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажет ақпараттармен белгілі бір пайдаланушыларды қамтамасыз ету болып табылады. Әлемдік тәжірбиеде ақпараттар жалпыға бірдей сипаттағы негізгі басшылық қағидалардың базасында қалыптастырылып қабылданған. Бухгалтерлік есеп жүйесінің осындай мысалы ретінде бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарын, сонымен қатар Еуропалық экономикалық қауымдастықтың бухгалтерік есеп бойынша Директивасын алуға болады. Бухгалтерлік есеп ғылымында жинақталған көптеген құндылықтар объективті сипатқа ие және біздің өмірімізде толығымен падаланылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ұйымдар бухгалтерлік есепті Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтердік есепті жүргізу әр түрлі құзыретке тиісті нормативтік актілермен жүзеге асырылады. Олардың бірі пайдалануға міндетті, ал басқалары тек ұсыныс беру сипатында болады. Нормативтік құжаттарды өздерінің бағытталуына және құзіретіне байланысты мынадай жүйеде көрсету міндетті болып табылады:
1-деңгей - заңдық: Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы ҚР заң күші бар Заңы және басқа да заңдар;
2-деңгей - бухгалтерлік есеп және есеп бру туралы стандарттар;
3-деңгей - әдістемелік ұсыныстар (жарлықтар), нұсқаулықтар, қысқаша шолу, ҚР қаржы министрлігінің және басқа да ведомстволардың хаттары;
4-деңгей - кәсіпорынның өзінің бухгалтерлік есеп бойынша жұмыс бабындағы құжаттары;
Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы Заң бухгалтерлік есептің құқықтық негіздерін және оның мазмұның, негізгі қағидаларын, ұйымдастырылуын, бухгалтерлік қызметтің негізгі бағыттары мен есеп берудің құрылуын, бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есеп беруге міндетті шаруашылық субъектілерінің құрамын анықтайды.
Есеп стандарты есеп тәртібін және белгілі бір объектілерді немесе олардың жиынтықтарын бағалауды бекітетің негізгі ережелердің жиынтығын айқындайды. Есеп стандарттары бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп туралы заңды нақтыландыруа арналған.
Әдістемелік ұсыныстар салалық ерекшеліктеріне байланысты есеп стандарттарын нақтыландыруға арналған. Оларды ҚР қаржы Министрлігі және әр түрлі ведомстволар дайындайды.
Кәсіпорынның өзінің жұмыс бабындағы құжаттары ондағы есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері мен жүргізілуін қамтамасыз етеді. Олардың ең негізгілері болып табылатындар:
* Есеп саясаты бойынша құжат;
* Басшы бекіткен алғашқы құжаттардың нысандары;
* Құжат айналымының кестесі;
* Басшы бекіткен бухгалтерлік есепшоттарының жұмыс жоспары;
* Басшы бекіткен ішкі есеп беру нысандары.
Көпетеген ұйымдарда есеп саясаты туралы бұйрықпен ғана шектелетінің де біз ескеруіміз қажет.
Есеп саясаты - бұл бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді ашудың негізгі қағидаларына және негіздеріне сәйкес жүргізу үшін субъектінің басшысы қабылдайтың әдістердің жиынтығы. Толығырақ айтқанда, есеп саясаты - бұл бухгалтерлік және салық есебін жүргізу әдістерінің, принциптерінің, ережелер мен процедураларының жиынтығы және солардың негізінде қаржылық есеп беру. Есеп саясатының қалыптасу тіртібі, оның мақсаты мен қызмет аясы, оның ашылуы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссия бекіткен Есеп саясаты және оның ашылуы туралы №1 бухгалтерлік есеп стандартында белгіленген. Қазақстан Республикасының экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінде есеп саясатын қалыптастырудың екі деңгейі пайда болады: оның бірі - ауқымды (глобальный, жалпы мемлекеттік), екіншісі - жергілікті (локальный).
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы жөніндегі Департаменті, ҚР-ның бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы, ұлттық статистика агенттігі, Қаржы министрлігі, Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Экономика министрлігі, ҚР-ның Ұлттық банкі, ҚР - ның Аудиторлар палатасы, Салалық- министрліктер, Акционерлік қоғамдар ж .б. Бұл органдар өз құзіреттерінің шегінде әртүрлі ережелер, нұсқаулар және басқа да нормантивтік құжаттар шығарады, осылардың бәрі қосыла келе есеп саясатын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілер есеп, салық салу және қаржылық есеп мәселелерін қозғайтын ұлттық бухгалтерлік сатндарттарға, қолданылып жүрген заңдылықтарға сүйене отырп өзінің есеп саясатын қалыптастырады. Есеп саясаты бухгалтерік есеп пен салық салудың ағымдағы, сондай - ақ болашақтағы міндеттерін жүзеге асыратындай шешімдер белгілеуге тиіс.
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында пайдаланады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен есеп өкімімен бекітеді. Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пунктерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пункке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі.
Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқарушылықтарымен, яғни бұйрық,өкім немесе қаулыларымен рәсімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқару барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
-- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
-- Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеру салдарынан;
-- Жаңа бухгалтерлік есептің стандарттарына көшуге байланысты және т.б.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындалған кезінен таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрлымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолднылады. Ұйымның, филиалдарының еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатынын таңдауына құқығы жоқ. Бас кәсіпорын қаржылық қызметтің бөлімшелерін есеп саясатында болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз ету қажет.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларының жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.
Сонымен қатар, кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оның құраушы әдістемелік техникалық, ұйымдастырушылық жақтарды қамтиды.
Шаруашылық әрекеттерді, активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелерді, қызметтің нәтижесін және т.б. бейнелеудің балама әдістерін жүзеге асыратын бухгалтерік есеп стандарттары есеп саясатын құрудың базасы болып табылады.
Есеп саясатын құру қаржылық есеп берудің дайындығына және ұсынылуына әсер ететің аса маңызды және жауапты рәсім болып табылады. Есеп саясатың құруға жауапкершілікті субъектінің басшысы өз міндетіне алады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жүйесін реттеуші, есептің негізгі қағидалары мен жалпы ережелерін, субъектілер үшін ішкі бақылау мен сыртқы аудиттің талаптарын бекітетін негізгі нормативтік құжаттар мыналар болып табылады:
* Бухгалтерлік еепке алу мен қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы №2732 Заңы кейінгі өзгерістерімен және толықтыруларымен;
* Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттары, Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары;
* Әдістемелік ұсыныстар және оларға нұсқаулықтар;
* Субъектінің есеп саясаты.
Қазақстанда бухгалтерлік есепке жалпы әдістемелік басшылықты Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі бойынша департаментінің атынан Үкімет жүзеге асырады.

1.2 Бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары
Қағида - бұл бухгалтерлік есептің ғылым ретінде одан келешекте шығатын барлық тұжырымдады анықтайтың негізгі, бастапқы және базалық ережесі.
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы №2732 Заңына сәйкес нгізгі қағидалар болып мыналар табылады:
1. Есептеу қағидасы.
Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезінен бастап танылады. Қаржылық есептіліктер есептеу қағидасының негізінде құрылады, өйткені табыстар тауарлар сатылған және қызметтер көрсетілген кездегі есепті кезеңде, ал шығындар табысты алу үшін пайдаланылған кездегі есепті кезеңде көрсетіледі. Есептеу қағидасына сәйкес қаңдай да бір жанама түрде байланысты шаруашылық әрекеттері мен оқиғалары нәтижесінде есепті кезеңде алынатың табыстар мен шығындады сәйкестікке келтіру үшін есептеу мерзімін шегеру және тарату рәсімдерін пайдалану қажет болып табылады. Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығында анықталған субъектілер мен бюджеттік мекемелерде ақша қаражатының түсуі бойынша табыстарды анықтауға жол беріледі
2. Үзіліссіз қызмет қағидасы
Шаруашылық субъектісі өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
3. Түсініктілік қағидасы
Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
4. Маңыздылық қағидасы
Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс, қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

5. Мәнділік қағидасы
Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.
6. Дұрыстық қағидасы
Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, ақпарат пайдаланушылар сенімді түрде қолданатындай шынай көрсетілуі керек, онда үстірт пікір және қате болмауы тиіс.
7. Қаржылық ақпаратты әділетті және тура көрсету
Қаржылық есеп беру субъектінің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну керек.
8. Бейтараптық қағидасы
Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.
9. Сақтық қағдасы
Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстардың асыра бағаланбауын, ал міндеттемелер мен шығындардың жете бағаланбауын болдырмас үшін, белгісіздік жағдайда баға беруге қажетті шешімдер қабылданған кезде сақ болған жөн. Активтер мен міндеттемелерді бағалаған кезде неғұрлым консервативті әдіс таңдалынады: шығындар - максимум бойынша, ал табыстар - минимум бойынша алынады.
10. Тиянақтылық қағидасы
Сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында қаржы есептеріндегі ақпарат толық болуы керек.
11. Салыстырмалы қағидасы
Қаржы ақпараты пайдалы әрі мазмұнды болуы үшін ақпарат бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы түрде, ал оны пайдаланушылар есеп саясатынан және оған енгізілетін барлық өзгерістерден хабрадар болуы керек.
12. Кезектілік қағидасы
Кәсіпорын таңдап алған есеп саясатын бір есепті кезеңнен екіншісіне дәйекті түрде қолданады. Пайдаланушылар субъектіні қаржылық жағдайының өзгеру үрдістерін айқандау үшін қаржылық оның есеп беруін әр түрлі есеп кезеңдерімен салыстыруға мүмкіндіктері болуы керек.
Аталған принциптерді сақтамау шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайын бұрмалып көрсетеді. Есептік ақпарат пен активтер мен міндеттемелердің баптарын бағалауда бұрмалауға жол берген, есептік деректерді әдейі теріс көрсеткен басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

12.3 Бухгалтерлік есептің әдістері
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін құжаттау, инвестиция, бухгалтерлік баланс екі жақты жазуды пайдалананып аналитакалық және синтетикалық шоттар жүйесі, мүлік пен міндеттемені бағалау, калькуляция, есеп берушілік сияқты тәсілдер құрайды.
Құжаттау - жасалған уақытта шаруашылық опреацияны алғашқаны тіркеу. Бухгалтерлік есепің айрықша белгісінің өзі осы - құжаттау. Бухгалтерлік есепте шаруашылық операция құжаттарда бейнеленуі керек. Қазіргі уақыттағы жетілген бағдарламалардың арқасында (1-С бухгалтерия Лука-компакт) құжаттаудың барлығы компьютерлерде жүргізіледі.
Түгендеу - іс жүзіндегі мүліктің бухгалтерлік есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексерудің тәсілі. Түгендеу кәсіпорын мүлкінің дұрыстығын анықтау үшін қажет. Түгендеуге негізгі құралдар, материалдық - товарлық бағалықтар, ақшалай қаржылар жатқызылады. Түгендеу белгіленген уақытта, материалды жауапты адам ауысқанда, тергеу орындарының, аудитордың талабымен өткізіледі.
Бухгалтерлік баланс - қасіпорының мүлкі туралы ақпаратты жинақтау және топтау тәсілі. Кәсіпорын қаржылары бухгалтерлік баланста ақшалай бейнеде екі топта бейнеленеді. Біріншісі кәсіпорын қандай қаржымен иеленеді, екіншісі қандай қайнар көздерден құралғанын көрсетеді. Бухгалтерлік баланстың екі бөлігі де тең болуы керек.
Шоттар жүйесі және екі жақты жазу - бухгалтерлік есепте шаруашылық операциялар шоттар көмегімен (синтетикалық және аналитикалық) қосарлы жазу әдісімен жүргізіледі.
Шот - мүлік және оның құрылу көзі туралы ағымдағы ақпарат жинақталатын экономикалық топтама. Бухгалтерлік есеп әдісінің элементі бола отырып, шот біртекті экономикалық белгілер бойынша шаруашылық операцияларды топтауда маңызды роль атқарады.
Екі жақты жазу - бухгалтерлік есеп шоттарында шаруашылық операцияны тіркеудің тәсілі.
Шаруашылық операция бір сомада екі шотта жазылады.
Бағалау - кәсіпорын мүлкін және олардың қайнар көздерін ақшалай өлшеу тәсілі. Бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыс құрылуы үшін бағалау процесі дұрыс жүруі керек. Мүлікті бағалаудың негізінде нақты шығынлар жатады.
Калькуляция - өзіндік құнды анықтау мен шығындарды топтау тәсілі. өнімнің өзіндік құнын есептеу - өнімнің бір өлшеміне кеткен шығындарды ақшалай формада көрсету.
Есеп берушілік - белгіленген кезеңде (ай, квартал, жыл) кәсіпорынның, өндірістік - шаруашылық, қаржылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Есеп берушіліктің көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін қажет.
Бухгалтерлік есептің тәсілдері мен әдістері бір-бірімен тығыз байланысты. Бухгалтерлік есеп жүйесі үздіксіз қызмет істеп, қажетті ұйымдарды нақты ақпараттармен қамтамасыз етуі үшін осы әдістері орындалуы керек.
Ақшалай, еңбек, табиғи өлшеуіштерде берілетін мұліктердің біртекті топтамасы, олардың шоттарда жазылуы және бағалануы бухгалтерлік есеп жүйесін құрайды.
Кәсіпорындарда бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі есеп принциптеріне сай, объективті, дұрыс та нақты мәліметтерді қолдану арқылы іске асырылады.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп халықаралық есеп стандарттарына жақын, еліміздегі ерекшеліктерді еске ала отырып ел нарығына икемделіп жасалған. Қазіргі өркениетті нарық капиталдық, тауардың жұмыс күшінің еркін қозғалысын қалайды. Елімізге шетел инвестицияларын тарту бухгалтерлік есеп ұйымдастырудың халықаралық стандарттарға сәйкес болуын талап етеді.

12.4 Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар
Нарықтық экономика кезінде бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларды екі топқа бөлуге болады:
+ ұйымды басқаратын ішкі, яғни есепті жүзеге асыратын кәсіпорын кұрамындағы пайдаланушылар;
+ сыртқы, ұйымды басқаратындар, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін пайдаланушылар.
Ішкі пайдаланушылар - жоспарлау, бақылау және шешім қабылдау кезінде есептік ақпаратты барлық деңгейде колданатын басқару қызметкерлері; меншік иелері, құрылтайшылары, директорлар кеңесі, менеджерлер, басшылар және бөлімше мамандары болатын әкімшілік.
Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар - тікелей және жанама қаржылық мүддесі бар басқа жақтағы сырт қоры пайдаланушылар. Олар ұйымның басқару қызметкерлері (басшылығы) дайындалуы мен ұсынылуы үшін жауапкершілік көтеретіп, ұйымның қаржылық бухгалтерлік есебінен есептік ақпарат алады.
Тікелей қаржылық мүддесі бар сыртқы пайдаланушыларға мыналар жатады: бар және болуы ықтимал инвестициялар, банктер, жабдықтаушылар, жалдамалы еңбеккерлер және т.б. Қаржылық есептің мәліметтері бойынша олар ұйымның қаржылық келешегі мен төлем қабілеттілігі туралы қорытынды жасайды, мысалы:
- инвесторлар өздерінің күрделі қаржы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпoрындaғы бухгaлтерлік есепті ұйымдaстыру және есеп сaясaты
Бухгалтерлік есеп және аудит
Кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды аудиттеудің теориялық негіздері
Шаруашылық есептің тарихи шарттылығы
Кәсіпорынның қаржысын басқаруда қаржы есептілігін қолданудың экономикалық маңызы
Қаржылық есептеме
Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруды жетілдіру
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері мен жалпы принциптері
Құрылыс өндірісіндегі бухгалтерлік есептің міндеттері
Пәндер