Бастауыш сынып оқушыларына графикалық суреттерді салдыру жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

«Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж. Мусин атындағы педогогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіп орны

Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі кафедрасы

(кафедра атауы)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына графикалық суреттерді салдыру жолдары

Шифр : 0105000 Мамандығы: «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0111013 - Бастауыш сынып мұғалімі

Пәні: Бейнелеу өнер әдістемесі

Орындаған: Садыкова Сауле

(аты-жөні)

Ғылыми жетекшісі: Бегалин Б. Ж

(аты-жөні)

Дипломдық жұмысты қорғаған бағасы ___

Хаттама №

«___» 2015жыл

Көкшетау - 2014

Ф. 14. ПК - 05 КПК СМЖ. Курстық жұмыстың мұқаба бетін толтыру үлгісі. Басылым. 1.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ГРАФИКАЛЫҚ

СУРЕТТІ САЛДЫРУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуы шығу тарихы . . . 6
  2. Графика туралы түсінік және оның түрлері . . . 10
  3. Графика өнерінің зерттелу жағдайы . . . 14

ІІ тарау БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ГРАФИКАЛЫҚ СУРЕТТІ САЛДЫРУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

2. 1 Бастауыш сынып оқушыларын графикалық суретті салдыруға үйретудің негіздері

2. 2 Бастауыш сынып оқушыларын графикалық суретті салдыруға үйретудің әдістемелік жолдары

2. 3 «Бастауыш сынып оқушыларын графикалық суретті салдыруға үйретудің педагогикалық негіздері» тақырыбында өткізілген тәжірибелік эксперименттік жұмыстың нәтижелері

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 35

ҚОСЫМШАЛАР

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:

  1. Қазақстан Республикасы 2007 жылы 27 шілдедегі « Білім туралы» заңы;

Оқу бағдарламасы ҚРҮ кіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Бейнелеу өнері» оқу пәні бағдарламасы

  1. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдама

АНЫҚТАМАЛАР

Бейнелеу өнері - өнер саласының негізгі бөлігі.

Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) - дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.

Бейнелеу өнері - адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Сурет тек жеке ғана бір өнер саласы емес, бірінші өнер саласының өмірге келуіне себепкер болған бейнелеу өнерінің атасы.

Сурет тарихы - тарихы; оның айналадағы қоршаған ортаны тануы, мейлі ол шалқыған теңіз, ақ бастан көгілдір тау, көз жетпес өркеш - өркеш құмды алқап, тіпті жай адамға қу тақыр мекиендей көрінетін бетбақ даланы да бәрін - бәрін шынайлықпен кіршіксіз сүйе білу керек.

ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР - Қазақстан Республикасы

ТП - тәрбие процесі

ОТҚ - оқыту және тәрбиелеу құралдары;

RGB, CMYK, HSB - Түс және түстер моделі

PSD, TIFF. GIF, PCX, BMP, JPEG- формат ұғымы

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа танылып жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі Қазақстан педагогика ғылымының жаңа бағытта сипат алуын кең жол ашып берді. Соның ішінде: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030 бағдарламасындағы», Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңындағы, 2005 - 2010 жылдарға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасындағы, 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы білім берудің әдістемелік жүйесін қайта қарау қажеттігін атап, білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру үшін жұмыс жүргізілуде.

Білім адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестің, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Осыған орай бұрынғы мәдени тәжірибені жеткізуге бағытталған үлгі бойынша оқытатын репродуктивті, жеке адамның қызығушылықтарын мемлекеттік мүддені жоғары қоятын білімнен адамның өз танымының биік баспалдақтарына қарай жетектеп отыратын «өмір бойы» алатын білімге бағытталу жүзеге асырылуда. Сапалы білім, студенттің оқуға және білімін өмір бойы жетілдіруге дайындығы - еліміздің бүгінгі әлемдегі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы, негізгі алғышарты болып табылады. (1. 96) .

Әлемдік білім кеңістігінде озық тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беруге көшудегі негізгі міндеті - адамзат тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, құзыреттілігі дамыған, тәжірибелі де білімді ұрпақ қалыптастыру. Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім қазіргі ақпарат ғасырында кәсіби білікті, құзыреттілігі дамыған, әдіс - тәсілдерді дұрыс қолдана алатын, жаңашыл, тәжірибелі болуы керек. Графика түріндегі суретті салу тек қана қағаз бетіне түсіру ғана емес, сонымен қатар компьютер арқылы салуға болады. Қазіргі таңдағы жаңа ақпараттық технологиялар арқылы оқушыларға берілетін білім сапасы бұдан он жыл бұрын болғанна мүлдем өзгеше.

Графика түріне оқушылар үшін танып білу сурет салу әлемінің бірінші баспалдағына өтуімен пара - пар болып табылады. Графикадағы салынған суреттер оқушылардың тек қана сурет салудағы білімдерін байытып қана қоймай, сонымен қатар оқушылардың әсемдікке, ізглікке деген қызығущылықтарын арттырады.

12 жылдық білім беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндігін нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіреді.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстанда болып жатқан түбегейлі өзгерістер, елдің жалпы білім беретін мектептеріне де өз ықпалын тигізуде. Әсіресе жасөспірімдерге ұлттық тәрбие беру, оны қу - тәрбие мазмұнына ендіру мәселесі кең етек алып өрістеуде.

Сондай - ақ бұл мәселе Қазақстан Республикасының « Білім туралы» заңында да қарастырылған. Онда қазақ халқының мәдениеті мен салт - дәстүрлерін жан - жақты оқып үйренуге мейлінше мол мүмкіндік туғызу, шәкірттің санасына, туған жеріне деген құрмет пен сүйіспеншілік сеземін сіңіріп тәрбиелеу баса айтылған.

Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы, өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі талап етеді.

«Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және оқу қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдылардың үйренуге, тілдік қарым - қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез - құлықтың мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайтындығы көрсетілген. қазір елімізде бейнелеу өнерін оқытудың әр түрлі оқу құралдары, оқу әдістемелік нұсқаулары басылып шығуда. Қаншама түрлі - түрлі оқулықтар жазылғанымен орта мектептегі білм деңгейі жоғары деп айту қиын.

Графиканы оқыту қазіргі уақыттың талабы деуге де болады. Графика түрлерін оқушыларға оқыту мұғалімнің тек қана басты сабақтарды ғана емес, сонымен қатар бейнелеу өнері сабағынан біліктілігін көрсетеді.

Біз бәріміз адамның қалыптасуы бала жастан басталатынын білеміз. Балаларды бейнелеу өнеріне жас кезінен үйрету керек, кәсіби маман болмаған күнде де бейнелеу өнері бала тұлғасының қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан баланы жақсы бейнелеу өнері туындыларымен таныстырып, баланы көрмелерге, бейнелеу өнері кештерге жүйелі түрде апару қажет. Оған түсініксіз күрделі шығармалар болса да, жүрегінің түкпірінде сақталады, келешекте жеке басымен тағдырының қалыптасуына ықпал етеді. Бүгінгі күні мектепте бейнелеу өнері пәні бойынша берілетін білім мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді деп айтуға болады. Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларын графикалық суретті салдыруға үйрету де қарастырылған. Дегенмен, бұл тақырыпты оқытуда жалпы қабылданған теория мен мектеп тәжірибесі арасында алшақтық байқалады. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру мақсатында біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларына графикалық суретті салдыруға үйретудің педагогикалық негіздері» деп таңдадық.

Зерттеудің мақсаты: Оқушыларды жан-жақты дамытып жетілдіруде графикалық суретті салдыруға үйретудің рөлін, маңыздылығын теориялық тұрғыдан дәлелдеп тәжірибеде іске асыру жолдарын көрсету.

Зерттеу міндеттері:

1. Бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуына шолу жасау;

2. Графика туралы түсінік беру және оның түрлерін анықтау;

3. Графика өнерінің зерттелу жағдайын саралау;

4. Бастауыш сынып оқушыларын графикалық суретті салдыруға үйретудің жүйесін жасау;

5. Бастауыш сынып оқушыларын графикалық суретті салдыруға үйретудің әдістемелік жолдарын көрсету.

Зерттеу нысаны: Бастауыш мектептегі оқу процесі.

Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте графикалық суреттерді салдыруға үйретуді іске асу жолдары.

Зерттеудің әдістері: психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, арнайы әдебиеттерді, мектеп оқулықтарын оқып үйрену және оларға теориялық талдау жасау; мұғалімдермен және оқушылармен әңгімелесу.

Ғылыми болжамы: Егер бастауыш сынып оқушыларын графикалық суретті салдыруға үйретуде оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын және біз ұсынып отырған әдістемені қолданатын болсақ, онда оқушылардың бейнелеу өнері пәніне деген қызығушылықтары артып, білім сапасының деңгейлері көтерілер еді.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы:

Зерттеу нәтижелері мен қорытындылары, осы проблема бойынша келешекте жүргізілетін ғылыми ізденістерге негіз бола алады және зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелері қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі мектептерде әдістемелік құрал ретінде қолданылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы :

  • Бастауыш сыныптағы бейнелеу сабақтары даму жолын айқындау;
  • Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнер сабақтарын тиімді оқыту әдіс - тәсілдерін айқындау.

І ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ГРАФИКАЛЫҚ

СУРЕТТІ САЛДЫРУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуы шығу тарихы

Адам баласының қоршаған ортаны бейнелеуге ынтасы ежелгі дәуірлерден басталған. Оған алғашқы адамдардың сүйектерге, мамонт мүйіздеріне және үңгірлерге бейнеленген суреттері дәлел. Ол беунелер сол кездегі адамдардың тұрмыс тіршілігін, қоршаған орта туралы көзқарасын көрсетеді. Біртіндеп осы бейнелер негізінде жазу пайда болды. Сөз жоқ, алғашқы адамдар жасаған бейнелеу өнерінің үлгілері аяқ астынан пайда болған жетістік емес, ол көптеген жылдар бойы дамып жетілген тәжірибе мен дәстүрдің жемісі болатын.

Алғашқы сурет салуға үйрену тікелей көргенді қайталау, яғни көргенді көшіру еді. Алғашқы бейнелер үлкендердің тіршілік үшін жасаған еңбек процесіне, тіршілік көзі болған табиғатқа, жануарларға байланысты болды.

Неолит дәуірдегі (б. з. б. 5 - 3 мың. ж. ) жер өңдеу мен қолөнердің пайда болуы адамдардың өнерге деген көзқарасын мүлдем өзгертті. Адамның сурет сала білу шеберлігі, қолөнер бұйымдарын, соның ішінде қыштан жасалған бұйымдарды безендіру басталды .

Нағыз өнерге оқыту, мектепте ұйымдастыру тек өркениет дәуірінде пайда бола бастады. Оған дәлел ретінде ежелгі Мысырда (Египед) дамыған жоғары дәрежелі мәдениетті қарастыруға болады.

Тарихи деректер бойынша ежелгі Мысырда сурет салу мектепте сызу пәнімен қатар оқытылғанын білуге болады. Мектеп бітіруші жерді өлшеуді, бөлме жобасын, су құбырының кестесін сызуды білуге міндетті болды.

Мысыр мектептерінде оқушыларға сурет салуды ерекше көңіл бөліңді, өйткені иероглифты жазу әр түрлі заттар бейнелерінен тұрды. Мысалға А әрпі құс бейнесінде, Б әрпі адамның аяғының бейнесінде салынды.

Тәрбиелеу мен оқыту тәртібі бұл мектептерде өте қатал болды : мектеп немесе оқушы ережесін болмашы бұзушыларды таяқпен соққыға алып жазалауға дейін барды, тіпті кей жағдайларда оқушының қол - аяғын байлап ғибадатхналардың қараңғы бөлмесіне ұзақ уақытта қамады. Ол мектептер заңында былай делінген : «Күнделікті жұмысқа ынталы бол. Бір күн де ерінбе, болмаса соққыға жығыласың».

Оқыту әдісі мен тәртібі барлық суретші педагогтарда бірдей болды. Алғашқы болып ежелгі мысырлықтар жас ұрпақты сурет салу дағдысына оқыту процесін қоршаған ортаны тануға, байқауға емес, сызбаларды, қағидаларды ( канондарлы) жаттау арқылы үлгілерді көшіруге негізделеді .

Ал Ежелгі Грек суретшілері оқыту мен тәрбие мәселесіне жаңаша тұрғыдан қарады. Олар қоршаған ортадағы өсімдікке, табиғи құбылыстарға көңіл бөлу қажеттілігін мойындап, бейнелеу өнері оқытудың өзіндік ережелерін жасады. Гректер әдеміліктің мәні сымбаттылық, симметриялық, бөліктердің тұтастық үндестігі, дұрыс математикалық тепе - теңділік деп тұжырымдады.

Грекияда б. з. д. IV ғасырда бірнеше сурет мектептері болды. Олар - Сикиондық, Эфестік және Фивандың мектептер. Бұл мектептер әр түрлі әдістемелік бағыт ұстады. Фивандық мектеп жарық, көлеңке арқылы өмір шындығын және елесті көрсетуге бағытталды. Эфестік мектепте сыртқы сұлулықты және табиғатты көркемдік тұрғыдан қабылдауға, соның ішінде шығармашылық, эстетикалық шыбытқа үлкен мән берілді.

Сикиондың сурет мектебі жаратылыстанудың ғылыми мәліметтеріне және табиғат заңдарына негізделеді. Сикион сурет мектебі оқыту әдістемесінің дамуына ғана емес, сонымен қатар жалпы бейнелеу өнерінің дамуына үлкен әсер етті. Бұл мектеп оқыту әдістемесін ғылыми негізде құрып, оқушыны табиғатты зерттеуге, оның заңдылықтарын ашуға жетелеп, сұлулығына деген сүіспеншілік көзқарасын тәрбиеледі.

Сикиондың мектептен Памфил, Мелантий Павзий және ұлы Апелес сияқты атақты суретшілер шықты. Сикиондық мектептің басшысы болған Памфилдың арқасында сурет салу Грекияның жалпы білім беретін мектептерінің барлығына пән ретінде енгізілді. Сурет салуға оқытудың міндеті өмір шындығындағы заттарды тек көшіріп бейнелеу ғана емес, сонымен қатар, ол заттардың құрылысының заңдылықтарын зерттеп, тану екндігін алғаш рет Панфил дәлеледі.

Ежелгі Римде де өнерге, соның ішінде бейнелеу өнеріне өте үлкен сүйіспеншілікпен қарады. Ауқатты адамдар грек суретшілерінің туындыларынан коллекциялар жинап тіпті ақсүйектер мен үкімет қызметкерлері сурет және кескіндемемен (живопись) айналысты. Суретке оқыту Римдегі жалпы білім беру мектептпрінде жүргізілді.

Бірақ Римдіктер грек суретші педагогтарының жасаған бейнелеуге оқыту әдістемесін одан әрі дамытып жетілдірмеді, керісінше, кейбір оқыту әдістерін олар сақтай алмады. Грек суретші - педагогтары бейнелеу өнерінің басты мәселелерін шешуге талпынып, өз шәкірттерін бейнелеуге оқуды ғылым арқылы игеруге шақырып, бейнелеуге ұсақ кәсіп ретінде емес үлкен шығармашылық өнер ретінде қарау керектігін түсіндірсе, ал Рим империясының суретші - педагогтарын бейнелеу өнерін оқытуды одан әрі дамыту мәселелері көп алаңдатпады. Олар бейнелеу ұсақ кәсіп ретінде қарап, бейнелеуге оқытуда тек үлгіден көшіру әдісімен шектеліп, ұлы грек шеберлерінің жұмыс тәсілдерін қайталатады.

Сөйтіп римдік суретшілер гректер жасаған бейнелеуді оқыту әдістемелерін біртіндеп жоғалта бастады. (2. 96) .

Ұлы Рим империясы құлаған соң орта ғасырда шынайы өнер жетістіктері мүлдем жоққа шығарылды. Суретшілері бейнені жазықтың бетінде тұрғызу ережелерін, гректер жасаған оқыту әдістерін (имперетор Константин және Сильвестр тұсында) білмеді. Ағарту ісіне қарсы болған християн шіркеулері грек шеберлерінің теориялық еңбектерін, сонымен қатар бейнелеу аса құнды туындылар аяусыз құртып талқандады. Өнерге деген сүіспеншілік, өнерге табынушылық деп танылып қудаланды.

IX - XI ғасырлардағы дағдарыс - тоқыраудан кейінгі қайта өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің және оны оқыту әдістемесінің даму тарихына үлкен әсерін тигізді .

Бейнелеу мәселелерімен Ченнино, Альбер - ти, Леонардо да Винчи, Дюрер және т. б бейнелеу өнерінің шеберлері айналыса бастады. Олар табиғи құбылыстар заңдылықтарын түсіну масатында ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, бейнелеу өнерін ғылыммен байланыстырады.

Жұмыстың нәтижелі болуына археологиялық қазбалардан табылған өнер үлгілері және Ежелгі Грекияның ұлы өнері жөніндегі тарихшылар қалдырған деректер көмектеседі. Қайта өрлеу суретшілері антикалық өнер үлгілерін зерттеу барысында игерген теориялық білімдерін өздерінің шығармашылық жұмыстарында пайдаланды және перспектива, анатомия, пропорция ілімдерін зерттеп жетілдіруді басты мақсат етіп алды.

Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бейнелеуді оқыту әдістеріне байланысты біршама құнды пікірлер айтты. Олар бейнелеуді оқытудың негізгі заттан қарап бейнелеу болу керек деді. Мысалға, Ченнино өзінің кескіндеме туралы трактатында «Байқасаң, салтанатты қақпа арқылы жетелеп өнерге апаратын ең жетілген жетекші - ол қарап бейнелеу» деп жазған . Ченнино бейнелеуді оқытуда теориялық білім негіздерін игеру үшін мұғалімнің жүйелі басшылығы қажет деп санады.

«Живопись туралы үш кітап» еңбегінде Леон Баттис - та Альберти бірқатар құнды әдістемелік ережелер ұсынды. Ол бейнелеуді маңызды ғылыми пән ретінде қарастырды. Өнерге оқытудың нәтижелі болуы ғылыми біліктілікке байланысты деп жазды. Альберти оқыту әдістемесін ғылыми негіздеме бере отырып сурет салу тек қолды жаттықтыру емес, ақыл - ойды жаттықтыру деп қарастырды. Бұл қағиданы басшылыққа алып кейіннен Микеланджело "суретті қолмен емес баспен салады" деген болатын.

Альберти оқыту процесінің барлығын заттан қарап бейнелеуге байланысты құрауды ұсынды. Оның ұсынған әдістемелік оқыту жүйесіне көңіл аударсақ :

Бірінші нүктелер және түзу сызықтармен танысу, содан соң әр түрлі бұрыштар, жазықтықтар, соңына көлемді денелермен таныстыруды ұсынған. Осыған орай «бейнелеуді енді ғана үйренуге кіріскен жастар бірінші әріптің бейнесін жеке - дара, яғни бұрынғылардың айтуынша элементтерін оқиды, содан соң буындарды оқиды, тек осыдан кейін сөзді құрастыруды оқиды» деп жазды. .

Альберти бірізділікті сақтай отырып, оқушыны сызықтық перспиктиваның негізгі қағидалармен таныстырып ауа перспиктивасы ауа пенрспиктивасы жөнінде де әңгіме етеді. Оның жасаған кейбір ережелері әлі күнге дейін бейнелеу өнерін оқытуда өолданылып келеді. Әрине бейнелеуді оқыту әдістерінің одан әрі жетілуінің нәтижесінде Альбертидің бірқатар әдістері қате деп табылды. Ол екінші кітабындағы сурет салуда іліміне (завес) пайдалануды ұсынуы еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық тиімді шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемелік ұсыныстар жасау
Мектеп оқушыларын бейнелеу өнеріне баулудың педагогикалық негізі
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Оқытудың ғылымилық принципі
Бейнелеу өнерінің оқу курсы
Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінен дәрістер тезистері
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау
Кіші жастағы мектеп оқушылаоына информиканы оқытудың мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz