Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау ерекшелiктерi



Мазмұны

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

1. Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау ерекшелiктерi ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Кедендiк бақылау органдарының түсiнiгi және қызметi ... ... ... ... ... 6
1.2 Кедендiк бақылау . транспорттық түрлерiн реттеу ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 ҚР.ң тауарлар мен көлiк құралдарының жеткiзiлiуiн бақылау ... ... .. 16

2. Кедендiк бақылаудың қызметiн сараптау әртүрлi көлiк құралдарын..20
2.1 Кедендiк сараптама . кедендiк транспорттық бақылауды жүзеге асырудың арнаулы құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Кедендiк бақылауға қатысты қосымша жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. 23
2.3 Кедендiк бақылау жүргiзудiң нысандары мен тәртiбi ... ... ... ... ... .. 27

3. Кедендiк бақылаудың ерекше мәселелерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 33
3.1 Экспорттық бақылау саласындағы кедендiк бақылау ... ... ... ... ... .. 33
3.2 Кедендiк бақылау жүзеге асыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 46

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
Кiрiспе

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясытының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiрыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
Кеден саясаты өз өкiлеттерi шегiнде Қазақстан Республикасының орталық артқарушы органдарының қарауына жатады. Бітіру жұмысының өзектілігі осымен анықталады.
Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерiн қорғау, тиiмдi кедендiк бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негiзгi мақсаттары болып табылады.
Осы бітіру жұмысымның мақсаты кедендік бақылау туралы әрекеттегі Қазақстан заңдарын талдай отырып, кеден құқығының негізгі институтының бірі – кедендік бақылау табиғатын анықтау және айқындау.
Мақсаты: Кеден саласындағы, алғашқы заңды актiнiң (1991 жылғы 24 желтоқсандағы “Кеден тарифтерi мен баждары туралы заң”) баптары, негiзiнен, халықаралық құқық нормаларына сүйенедi. Осы кездегi ұлттық заңдар кеден саясаты проблемасына қатыссыз, жергiлiктi кеден iстерiн шешетiн Үкiмет қаулылары мен Кеден комитетiнiң ведомствалық актiлерiнде көрсетiлген.
Бітіру жұмысында Қазақстандағы кеден органдарының кедендiк бақылау қызметi кеден iсi ретiнде және кеден саясаты, соған сәйкес құқықтық қатынастар түрiндегi iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi ретiнде қарастырылды. Кедендiк бақылау бүгiнгi күнгi қабылданатын саяси және жеке мүдделер тұрғысынан қарастырылды және кеден iсi мен кеден саясаты негiзгi институт және қолданыстағы құқығы ретiнде кедендiк бақылау қызметiнiң қазiргi жағдайын және тұтас алғандағы кеден саласының мәселерiн байланыстыра жаздым.
Кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қолданылатын бiрыңғай кедендiк төлемдер жүйесiн алу жолымен iске асырылатын кеден саясатын мемлекетiмiздiң сыртқы экономикалық қызметiнiң бiр бөлiгi, ретiнде қарастыра отырып, жалпы мәселерiнiң, кеден саясатының мақсаттары мен кеден iсiнiң жөнге қойылуының және кеден саласының маңыздылығын диплом жұмысынан көруге болады.
Кедендiк бақылау кедендiк рәсiмдеудiң жалпы мәселерiн құрайды. Бақылау кеден органдарына жүктелген маңызды талаптардың негiзгiсi.
Кедендiк бақылауды мемлекеттiк ретке келтiру мәселерiне кеден саласы, кеден саясаты, кеден iсi, кедендiк әкiмшiлiк ету, кеден заңдылықтарының нормаларын Қазақстанның басқа заңдылықтарымен сәйкестендiру (қолданыстағы iшкi құқықтық үйлестiру), құқық қолданушылық тәжiрибесiнде сәйкес мамандарды кәсiби дайындау, қоғамдағы құқықтық механизмдi жою жатады. Кеден iсi және кеден саясаты негiзгi институт және қолданыстағы құқығы ретiнде мемлекеттiң осы сала қызметiнiң қазiргi жағдайын және тұтас алғандағы кеден саласының мәселерiн көрсетедi.
Бұл жағдайда Республиканың егемендiгiн, қауiпсiзiдiгiн, экономикалық мүдделерiн қорғайтын кеден саласындағы мемлекет қызметiмен байланысты қоғамдық қатынастарды зерттеуге қажеттi саласы кеден құқығының пәнi болып табылады.
Мемлекеттiк құқықтық реттеуге жататын кеден саласымен байланыс, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк, сыртқы экономикалық қызмет, табиғи монополия, экология, көлiк және басқада салаларды айтуға болады.
Бітіру жұмысы кiрiспе бөлiмнен, үш тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Ұсыныс.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.05.1995 жыл.
3. Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі, 05.04.2003 жыл.
4. Қазақстан Республикасының Салық кодексі, 12.06.2001 жыл
5. Назарбаев Н.А. Қазақстан – 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостаяния всех казахстанцев. Послание Президента РК народу Казахстана. Алматы, 1997 г.
6. Алибеков С.Т. Тамоденное право. Алматы, 1997.
7. Алибеков С.Т. Таможенное дело в Республике Казахстан. Алматы, 1997.
8. Алибеков с.Т. Казахстанское таможенное право (общая и особенная части). Алматы, 1999.
9. С.Т. Әлiбеков. Қазақстанның кеден құқығы. Алматы, 2002.
10. Бахрах Д.Н., Кивалов С.В. Таможенное право России. Екатеринбург, 1995.
11. Борисов К.Г. Международное таможенное право. М., 1997.
12. Ведомости верховного совета Республики Казахстан (1992-1995 годы)
13. Гребенщикова Л.В. Кубасова И.А. Сарсембаев М.А. Тамоденное законодательство Казахстана и международные таможенные конвенции. Алматы, 1996.
14. Козырин А.Н. Налоговое право зарубежных стран: вопросы теории и практики. М., 1993.
15. Мадиарова Д.М., Текенов У.А., Акбаева Б.М. Международные транспортные перевозки и управление таможенным делом: учебное пособие. Алматы, 2000.
16. Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е., Текенов Ұ.А., Есiмбаева С.О. кеден iсiн ұйымдастыру және басқару. /оқу құралы/. Алматы, 2000.
17. Мауленов К.С. Основы таможенного законодательство //Основы государства Рсепублики Казахстан/под ред. Г.С. Сапаргалиева. Алматы, 1997.
18. Моисеев Е.Г. Правовой статус Содружества Независимых Государств. М, 1995.
19. Международные договоры, ретифицированные Республикой Казахстан, в сфере таможенного законодательства: сборник международных актов /сост. Э.Б. Мухамеджанов, И.В. Межибовская. Алматы, 1998.
20. Нурахметов Б. Казахстан Республикасының кеден ісі: сұрақтар мен жауаптар. Алматы, 2000.
21. Сарсембаев М.А. Правовое регулирование внешнеэкономической деятельности Алматы, 1995.
22. Сарсембаев М.А. Международно-правовые отношения государств Центральной Азии. Алматы, 1995.
23. Содружество. Информационной вестник Совета глав государств и совета глав правительств (1994-1996 годы).
24. Таранов А.А. и др. Административное прао Республики Казахстан. Часть общая. Алматы, 1996; часть особенная, Алматы, 1997.
25. Тілемісов Н.Х. Қазақстандағы кеден тарихы (сауда жолдарынан кеден жүйесіне дейін). Алматы, 2001.
26. Угаров Б.М. Международная борьба с контрабандой. М., 1981.
27. Габричидзе Б.Н. Суслов Н.А. «Таможенные органы РФ» М.,1997.

Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кiрiспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. 4

1. Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау
ерекшелiктерi ... ... ... ... ... .. .. 6
1. Кедендiк бақылау органдарының түсiнiгi және
қызметi ... ... ... ... ... 6
2. Кедендiк бақылау – транспорттық түрлерiн реттеу
... ... ... ... ... ... ... 10
3. ҚР-ң тауарлар мен көлiк құралдарының жеткiзiлiуiн
бақылау ... ... .. 16

2. Кедендiк бақылаудың қызметiн сараптау әртүрлi көлiк құралдарын..20
2.1 Кедендiк сараптама – кедендiк транспорттық бақылауды жүзеге асырудың
арнаулы
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 20
2.2 Кедендiк бақылауға қатысты қосымша жағдайлар
... ... ... ... ... ... .. 23
2.3 Кедендiк бақылау жүргiзудiң нысандары мен тәртiбi ... ... ... ... ... .. 27

3. Кедендiк бақылаудың ерекше
мәселелерi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... . 33
3.1 Экспорттық бақылау саласындағы кедендiк бақылау
... ... ... ... ... .. 33
3.2 Кедендiк бақылау жүзеге асыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .. 46

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 47

Кiрiспе

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы
саясытының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiрыңғай кеден саясаты жүзеге
асырылады.
Кеден саясаты өз өкiлеттерi шегiнде Қазақстан Республикасының орталық
артқарушы органдарының қарауына жатады. Бітіру жұмысының өзектілігі осымен
анықталады.
Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және
экономикалық мүдделерiн қорғау, тиiмдi кедендiк бақылауды қамтамасыз ету
және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де
мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негiзгi мақсаттары болып
табылады.
Осы бітіру жұмысымның мақсаты кедендік бақылау туралы әрекеттегі
Қазақстан заңдарын талдай отырып, кеден құқығының негізгі институтының бірі
– кедендік бақылау табиғатын анықтау және айқындау.
Мақсаты: Кеден саласындағы, алғашқы заңды актiнiң (1991 жылғы 24
желтоқсандағы “Кеден тарифтерi мен баждары туралы заң”) баптары, негiзiнен,
халықаралық құқық нормаларына сүйенедi. Осы кездегi ұлттық заңдар кеден
саясаты проблемасына қатыссыз, жергiлiктi кеден iстерiн шешетiн Үкiмет
қаулылары мен Кеден комитетiнiң ведомствалық актiлерiнде көрсетiлген.
Бітіру жұмысында Қазақстандағы кеден органдарының кедендiк бақылау
қызметi кеден iсi ретiнде және кеден саясаты, соған сәйкес құқықтық
қатынастар түрiндегi iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi ретiнде
қарастырылды. Кедендiк бақылау бүгiнгi күнгi қабылданатын саяси және жеке
мүдделер тұрғысынан қарастырылды және кеден iсi мен кеден саясаты негiзгi
институт және қолданыстағы құқығы ретiнде кедендiк бақылау қызметiнiң
қазiргi жағдайын және тұтас алғандағы кеден саласының мәселерiн
байланыстыра жаздым.
Кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қолданылатын бiрыңғай
кедендiк төлемдер жүйесiн алу жолымен iске асырылатын кеден саясатын
мемлекетiмiздiң сыртқы экономикалық қызметiнiң бiр бөлiгi, ретiнде
қарастыра отырып, жалпы мәселерiнiң, кеден саясатының мақсаттары мен кеден
iсiнiң жөнге қойылуының және кеден саласының маңыздылығын диплом жұмысынан
көруге болады.
Кедендiк бақылау кедендiк рәсiмдеудiң жалпы мәселерiн құрайды. Бақылау
кеден органдарына жүктелген маңызды талаптардың негiзгiсi.
Кедендiк бақылауды мемлекеттiк ретке келтiру мәселерiне кеден саласы,
кеден саясаты, кеден iсi, кедендiк әкiмшiлiк ету, кеден заңдылықтарының
нормаларын Қазақстанның басқа заңдылықтарымен сәйкестендiру (қолданыстағы
iшкi құқықтық үйлестiру), құқық қолданушылық тәжiрибесiнде сәйкес
мамандарды кәсiби дайындау, қоғамдағы құқықтық механизмдi жою жатады. Кеден
iсi және кеден саясаты негiзгi институт және қолданыстағы құқығы ретiнде
мемлекеттiң осы сала қызметiнiң қазiргi жағдайын және тұтас алғандағы кеден
саласының мәселерiн көрсетедi.
Бұл жағдайда Республиканың егемендiгiн, қауiпсiзiдiгiн, экономикалық
мүдделерiн қорғайтын кеден саласындағы мемлекет қызметiмен байланысты
қоғамдық қатынастарды зерттеуге қажеттi саласы кеден құқығының пәнi болып
табылады.
Мемлекеттiк құқықтық реттеуге жататын кеден саласымен байланыс,
қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк, сыртқы экономикалық қызмет, табиғи монополия,
экология, көлiк және басқада салаларды айтуға болады.
Бітіру жұмысы кiрiспе бөлiмнен, үш тараудан және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау ерекшелiктерi.

1. Кедендiк бақылау органдарының түсiнiгi және қызметi.

Еуразия құрлығының үлкен бөлігінде 80-жылдардың аяғы 90-жылдардың
басында тоталитарлық империя - КСРО- ның қирауы, оның аумағында жаңа
тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы процесі жүріп жатты. Бұл өте күрделі
процесс болып, белгілі бір мерзімді қамтыды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет
ретіндегі құқықтық негіздің жасалуы оның КСРО құрамында болған дәуірінен
басталды. 1990 жылы жарияланған Қазақстан Советтік Социалистік
Республиканың мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы және 1991 жылы
қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
Конституциялық Заңы мемлекеттік тәуелсіздігінің құқықтық негіздерін қалады.
Сонымен әлемнің геосаяси картасында жаңа тәуелсіз Қазақстан
мемлекеті пайда болды. Қазақстан Республикасының Конституциясында биліктің
негізгі көзі оны мекендеуші, өз атамекенінде мемлекеттік биліктің қайнар
көзі оны басқа да ұлттық топтар болып табылады. Қазақ мемлекеттілігінің
өркендеуінің басты бағыты Қазақстанда өмір сүретін халықтардың егемендігін,
тәуелсіздігін, жер аумағын қорғау, елдің экономикалық өркендеуіне жол ашып
халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесіне айналдыру.
Әрбір мемлекет өзінің мәні мен бағытына сәйкес, өз құқық жүйесін және де
сол құқық жүйесіне негізделген мемлекеттік басқару органдары құрылымын
қалыпстастырады. Өз мемлекеттілігін қайта қалпына келтірген тәуелсіз
Қазақстан да жаңа құқық негізде жұмыс істейтін мемлекеттік басқару
органдарын қалыптастыра бастады. Сол мемлекеттік атқарушы билік
органдарының маңызды бір буыны- кеден органы .
Кеден органы қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың буыны
болғандықтан өзінің нақты қызмет ету аумағына, өз құзіретіне ие болып
отырады. Және, қазіргі жалпы әлемдік ғаламдану процесі жүріп жатқан кезеңде
мемлекеттік басқару жүйесіндегі кеден органның маңызы мен мәні артып, оған
жүктелетін қызметтің де түрі мен бағыты үнемі өзгеріп, түптеп келгенде
кеден органы түсінігінің өзі жаңаша мәнге ие болуда.
Әрбір басқару органының мемлекеттік механизмі құрамында белгілі бір
саланы басқаруда туындаитын қажеттілікке байланысты құрылатыны белгілі.
Кеден органдарын құрудағы басты мақсат—мемлекеттің кедендік
егемендігін қорғау, мемлекеттік дербес кеден саясатын жүргізу десек,
кедендік егемендік ұғымы аясына кең ауқымдағы міндеттер мен мақсаттар
енетінін байқауға болады.
Жалпы, егемендік (суверенитет-француздың souverainete сөзінен –
жоғары билік деген ұғымды білдіреді). Мемлекеттік биліктің халықаралық
қатынас саласындағы тәуелсіздігін, сондай-ақ ел ішіндегі өзге де
биліктерден тәуелсіздігін, әрі үстемдігін білдіреді десек, кеден органдары
мемлекеттік басқару механизмінің бір бөлігі ретінде өзіне белгіленген
құзіреттілік аумағында монополистік үстемдік жүргізеді.
“Қазақстан Республикасының Кеден Кодексiнде” Қазақстан Республикасының
кеден саясатының мақсаты келесідей айқындалады:
- Қазақстан нарығын қорғау;
- Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау;
- Экономиканың дамуын ынталандыру;
- Экономикада құрылымдық қайта құру жүргізуге жәрдемдесу;
- Бәсекені ынталандыру және монополизмге қарсы әрекет ету;
- Экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндірісті ынталандыру;
- Шетел инвестициясын тарту;
- Сауда саясаты міндеттерін шешу;
Бұл мақсаттар мемлекеттін кеден саясатына жатады. Кеден саясаты-
мемлекеттік саясатын маңызды буыны. Ол заңдар, басқа да құқықтық
нормативтік актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге асады. Демек,
мемлекеттік кеден саясатының іске асырылу жолдарын, бағыт-бағдарын
Президент, Парламент, Үкімет, т.б. басқару органдары анықтайды. Мемлекеттік
кеден саясатының ең негізгі атқарушы құралы ретінде іс-әрекет жасайтын
кеден органдарының нақты іс-әрекет аумағы мен міндеттері де үлкен. Ол
құралдарының қозғалысына кедендік бақылау жасайды, келісім-шарт жасасқан
тараптардың кедендік аумақтары шеңберінде экспорт және импорт
операцияларына, валюта қозғалысына бақылау жасайды; елдің заңдары
белгіленген мөлшерде кедендік баждар, төлемдер, алымдар алып отырады,
мемлекеттік кеден заңдарын бұзған заңдық және жеке тұлғаларға
жауапкершілігінің шегін белгілейді. Осы міндеттерінің бәрін атқару үшін
арнайы мемлекеттік орган - кеден органы құрылып, ол мемлекеттік механизмнің
құрылымдық элементтерінің бірі ретінде биліктік және мәжбүрлеушілік
өкілеттікке ие болады.
Б.Н.Габричидзе мен Н.А.Сусловтың пікірі бойынша, кеден органдары
атқарушы билікттің органдарының бір түрі, мемлекеттік басқару жүйесінің
буыны болып табылады, [1 бет]. Заңдық түсініктер (категориялар) заңдық
құбылыстың мәнін ашатын қысқа анықтаулар түрінде қалыптастырылады
деп жазады С.А Комаров. Ал кеден органдары түсінігін анықтағанда оны
мемлекеттік органдарының құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, 2000 жылдың
27 қарашасында жарық көрген Әкімшілік процедуралар туралы Қазақстан
Республикасының Заңының 1-бабында: “Мемлекеттік орган деп Конституция,
заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер бойынша мемлекеттің атынан
төмендегі функцияларды атқаруға:
- баршаға бірдей міндетті жүріс-тұрыс тәртібін анықтайтын актілерді басып
шығаруға;
- әлеуметтік мәні бар қоғамдық қатынастарды басқаруға және реттеуге ;
- мемлекет орнатқан баршаға бірдей міндетті жүріс-тұрыс сақталуын
бақылауға;
- өкілеттік алған мемлекеттік мекемені түсінеміз - деп атап
көрсетілген.
Кеден орган түсінігі және оның өзге де мемлекеттік орган жүйесіндегі
орны туралы сөз болғанда, бұл органның басқарылуы – яғни, белгілі бір
министрліктердің, әдетте, қаржы, кіріс немесе күштеу ведомстволары құрамына
енуі немесе Президентке, Үкіметке тікелей бағынып, жеке орган бағыныштылығы
мәселесі оның атқаратын дәстүрлі (экономикалық, реттеушілік, фискалдық,
құқық қорғаушылық, т.б.) қызметінің қайсысына мемлекеттік тұрғыдан басым
мән беріліп отырғанын көрсетеді. Қазақстан Республикасының Кеден органдары
Мемлекеттік Кіріс министрлігінің қарамағында да жұмыс істеп келді. Сол
кездері кеден органдарының іс-әрекетінің экономикалық бағытына басты мән
беріліп, оның құқық қорғаушылық, мемлекеттің кедендік шекарасын қорғау,
миграциялық саясат ісіне қатысу мәселелері 2-ші кезекте қаралып отырылды.
Жалпы, Кіріс министірлігінің қарамағында болғанда мемлекеттік бюджетті
толтыру, экономикалық субъектілерден өндірілетін төлемдерді, кірісті
көбейтуге зор маңыз берілуі 1997-1998 жылдардағы алдымен әлемдік
экономиканы, соңынан Қазақстан экономикасын жайлаған ауыр дағдарыстан, сол
себепті бюджетке түсетін кірістің күрт азаюынан туындаған қадам деп
ойлаймыз.
Ресей Федерациясында мемлекеттік Кеден Комитеті Федерациялық
атқарушы билік жүйесінде жеке іс-әрекет ететін орган болып, Ресей
Президенті мен Үкіметтің басқаруымен жұмыс істейді. Қазақстанның
төңірігіндегі қалыптасқан геосаяси жағдайларды, сондай-ақ қазіргі
мемлекетіміздегі экономикалық даму бағыттарын (отандық кәсіп орындарды
өркендету, өзімізде өндірілетін тауарды көбейту, т.б.) есепке алатын
болсақ, Қазақстанда жұмыс істейтін жеке ведомство ретінде ұйымдастырылғаны
дұрыс болғаны.
Кеден органдары өзінің міндеттерін басқа да мемлекеттік органдарымен
бірлесе отырып атқарады. Айталық кеден органдарының валюта бақылау қызметін
Республикалық Ұлттық Банкімен, жалпы банк жүйесімен бірлесе отырып
атқарады. 1999 жылдың 5 ақпанынан бастап өз күшіне енген Қазақстан
Республикасында экспорттық-импорттық валюта бақылауын ұйымдастыру туралы
Нұсқаулықтың 6 пунктінің 1-тармақшасында Қазақстан Республикасындағы
валюта бақылауын валюта бақылау органдары мен агенттері әрекеттегі заңдарға
сәйкес өз құзіреті шеңберінде іске асырады делінген.
Кеден органдары елдің миграциялық саясатына да қатысуы мүмкін.
Републиканың Ішкі Істер министрлігінің Төлқұжат жұмысы және рұқсат
қағаздарын беру мен тіркеу бөлімдері кеден ережелерін бұзған адамдардың
мемлекет шекарасы арқылы сыртқа кетуіне және келуіне шектеу қоюға құқылы.
Қорыта айтсақ, кеден органдары қазіргі заманғы мемлекеттік басқару
механизмнің маңызды буыны болып, атқарушы билік органдары жүйесінде елдің
тәуелсіздігі мен егемендегін қорғауға қызмет етеді.
Кеден органдары алдына қойылатын міндеттер мемлекеттің ішкі сыртқы
экономикалық, саяси мақсаттармен тығыз байланысты болып, белгілі кезендегі
стратегиялық және тактикалық мақсаттрға сай өзгеріп отыруы мүмкін.
Кеден ісін, кеден саясатын жүргізу мемлекеттің монополиясы болып, ол
негізінен кеден органдары арқылы жүзеге асырылады және кеден органдары өз
іс-әрекетін тек мемлекеттік басқару шеңберінде ғана жүргізеді.
Кеден органдары Конституцияда белгіленген заң шығарушы органның,
Президенттің заң дәрежесіндегі норматтивттік және тиісті ведомстволар мен
Үкіметтің заңға тәуелді нормативттік актілеріне, қаулы, ережелеріне сай іс-
әрекет жасайды.
Сондай-ақ, кеден органдары Кеден Кодексiне сәйкес азаматтар мен
мемлекеттің алдында Республиканың экономикалық егемендігін және
экономикеалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, жеке тұлғалардың заңды
құқықтары мен мүделерінің сақталуы, сондай-ақ олардың кеден ісі саласында
өз міндеттерін орындауын қадағалау бойынша жауапкершілік жүктелген.

1.2 Кедендiк бақылау – транспорттық түрлерiн реттеу
Кесте 1. Көлік түрлері.

Кесте 2. Теңіз көлігінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Кесте 3. Өзен көлігінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Кесте 4. Автокөліктің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Кесте 5. Әуе көлігінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Кесте – 6 Экспортты – импорттық операциялар

Жылдар Экспорт Импорт
1 2 3
2002 3757 524
2003 5432 758
2004 7891 903
2005 9008 1004
2006 10908 1767

1.3 ҚР-ң тауарлар мен көлiк құралдарының жеткiзiлiуiн бақылау

Кедендiк бақылау белгiленген тәртiп пен нысандар негiзiнде кеден
органдары жүзеге асыратын iс-әрекет.

Кедендiк бақылау ұғымы Кодексте былай мәтiнделген “Кедендiк бақылау –
Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша
Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын
бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың
жиынтығы” [2 бет].
Кеден заңының маңызды бөлімдерін құрайтын кеден құқығының институтына
кеден рәсімдеуі мен кеден бақылауын жаткызуға болады.
Кедендік рәсімдеуі нақты анықталмаған кеден режимі бойынша тауарлар мен
көлік құралын тасымалдау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асыру мен осы
рәсімдеуді кеден заңына сәйкес аяқтауды білдіреді.
Қазақстанның кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік
құралдары кеден бақылауына жатады. Ол белгіленген ережелер бойынша
жүргізіледі.
Құжаттар мен мәліметтерді тсксеру, тауарлар мен көлік құралдарын
тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік қүралдарының есебі, ауызша сұрау
алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, коймалар ғимаратын және кеден
бакылауына жататын тауарлар мен көлік кұралдары орналасқан басқа да
орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге қауіпсіз
және тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмейтiн техникалық құралдарды
қолдану арқылы) тексеру - кеден бақылауының түрлері болып табылады.
Кеден рәсімдеуі кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік
құралдарының зандылығын анықтайды және бекітуте жол береді, тәртіптерін
және оның сақталуын анықтайды, басқа да шаралар сыртқы сауда мәмілесінің
заңға сәйкестігін нақтылайды және кеден бақылауын өткізуді қамтамасыз
етеді.
Кеден бақылауының мақсаты – экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында
түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында
валюта қаражатын заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету
болып табылатын кеден органдарына жүктелген валюталық бақылаумен қатар
жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін барлық
тауарлар мен көлік қүралдары кедендік бақылауға жатады.
Кедендiк бақылау жүргiзудi кеден органдарының лауазымды тұлғалары
жүзеге асырады. Оған жататындар:
1) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн
тауарлар мен көлiк құралдарын бақылау;
2) Тауарлар мен көлiк құралдары туралы кедендiк декларацияны, құжаттарды
және мәлiметтердi тексеру;
3) Кедендiк қызмет көрсетушi тұлғалардың қызметiн бақылау;
4) Тауарларды пайдалануға және оларға билiк етуге белгiленген
шектеулердiң сақталуын бақылау;
5) Кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты
кедендiк бақылау жүргiзедi.
Кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасынан өткен кезден бастап және еркін
айналыс үшін шығарылғанға, жойылғанға, мемлекеттің пайдасы үшін тауардан
бас тартқанға не оларды мемлекеттік меншікке айналдырғанға, тауарларды,
көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасынан тысқары жерлерге нақты шығарғанға дейін кедендік бақылауда
болады.
Қазақстандық тауарлар мен көлік құралдары оларды Қазақстан
Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік
декларацияны берген немесе тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік
аумағынан тысқары жерлерге әкетуді жұзеге асыруға тікелей бағытталған өзге
де әрекеттер жасаған кезден бастап Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасынан өткенге дейін кедендік бақылауда болады.
Кеден органдары тұлғалардың қазақстандық тауарлар мен көлік құрал-
дарын не оларды қайта өңдеу өнімдерін Кеден Кодексiнде айқындалған
тәртіппен кедендік режимдердің талаптарына сәйкес қайта әкелу туралы
міндеттемелерін орындауына кедендік бақылауды жүзеге асырады.
Кеден органдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан кеден
органының рұқсатынсыз шығып кеткен көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ
теңіз, ішкі су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға құқылы. Бұл орайда
шетелдік кемелер мен басқа мемлекеттердің аумағындағы кемелерді ұстау
(қайтару) жөніндегі әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарына және
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.
Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кеден
ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кедендік
бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Кедендік бақылауды жүргізу принциптерi:
- iрiктеу принципі;
- Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету
принципi.
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары Қазақстан Республикасы
заңдарының және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының сақталуын
қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылатын кедендік бақылау нысандарын
пайдаланады.
Кедендік бақылау нысандарын таңдау кезінде тәуекелдікті бағалау мен
басқару пайдаланылады. Қажет болған жағдайда кеден органдары кедендік
бақылаудың барлық нысандарын пайдалана алады.
Кедендік бақылау кедендік бақылау аймағында, сондай-ақ тауарлар, келік
құралдары және олар туралы мәліметтер, оның ішінде электронды нысандағы
мәліметтер бар құжаттар орналасқан, кеден органдары айқындайтын басқа да
орындарда жүзеге асырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, және (немесе) кедендік тексеріп
қарау арқылы кедендік бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендік
қадағалаумен өткізу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасы бойында, кедендік ресімдеу, алдын ала операцияларды жүргізу
орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендік тексеріп
қарау орындарында, кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік
құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы
экономикалық аймақ аумағында, еркін қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерінде,
кеден органдары орналасқан орындарда кедендік бақылау аймақтары құрылады.
Кедендiк бақылау аймақтары тұрақты немесе уақытша құрылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен
келік құралдарын өткізуші не бақылауы кеден органдарына жүктелетін қызметті
жүзеге асырушы тұлғалар кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен
мәліметтерді ауызша және (немесе) жазбаша, және (немесе) электронды нысанда
кеден органдарына беруге міндетті.
Кедендік бақылауды жүргізу үшін кеден органдары Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын экспорттық және
импорттық мәмілелер бойынша ақша операциялары туралы мәліметтер мен
анықтамалар алуға құқылы.
Тауарлар мен келік құралдары шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды
жүзеге асыру мақсатында кеден органдары осы тауарлармен және көлік
құралдарымен жасалатын сыртқы экономикалық операцияларға қатысты, ал
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар мен көлік
құралдарына, сондай-ақ осы тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын
кейінгі операцияларға қатысты коммерциялық құжаттарды, бухгалтерлік есеп
пен есептіліктің қүжаттарын және басқа да ақпаратты, оның ішінде эпектронды
нысандағы ақпаратты декларанттан немесе тауарлармен және келік қүралдарымен
жасалатын операцияларға қатысы бар немесе көрсетілген құжаттар мен
мәліметтерге иелік етуші кез келген тұлғадан сұратуға және алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, салық қызметі
органдары және өзге де бақылаушы органдары, банктер мен банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ұйымдарды
тіркеуді жүзеге асыратын органдар, нотариустар кеден органдарының сұрау
салуы бойынша оларға кедендік бақылау үшін қажетті қолда бар мәліметтер
туралы хабарлауға міндетті.
Тұлғалар және кеден органдары кедендік бақылау үшін қажетті құжаттарды
тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылауда болуы аяқталған кезден
бастап кемінде бес жыл сақтауға тиіс. Кеден брокерлері мен кедендік
бақылаудағы тауарларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де
тұлғалар қүжаттарды осындай тауарлармен кедендік операциялар жүргізілген
жылдан кейін бес жыл бойы сақталады.
Кедендiк бақылау және қарау мерiзiмдерi. Кедендік ресімдеу, алдын ала
операциялар және өзге де кедендік рәсімдер кезінде кеден органдары кедендік
декларацияның ресімделуінің дұрыстығына және ұсынылған құжаттардың
Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген талаптарға
сәйкестігін тексеру үшін қажетті іс -әрекеттер жасайды.
Кедендік декларацияны, құжаттарды тексеруді және тауарлар мен көлік
құралдарын кедендік тексеріп қарауды, ал тауарларды алдын ала, уақытша
декларациялау кезінде жүктің кедендік декларациясы мен құжаттарды тексеруді
кеден органдары тауарларды шығару үшін қажетті барлық құжаттар табыс
етілген жағдайда, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күннен бастап
екі жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Аталған мерзімді — жүктің кедендік декларациясын қабылдаған кезден
бастап он жұмыс күніне дейін, ал тауарларды теңіз, ішкі су көлігімен
тасымалдау кезінде жиырма жұмыс күніне дейін ұзартуға декларантқа
тапсырылатын кеден органы басшысының ұзарту себептері кәрсетілген жазбаша
рұқсатымен жол беріледі.
Тауарлар шығарылғанға дейін кеден органдары тауарлардың атауының,
шыққан жерінің, саны мен құнының жүктің кедендік декларациясында және
кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын құжаттарда керсетілген мәліметтерге
сәйкестігін анықтау үшін қажетті операциялар жүргізеді. Егер кеден
органдарына тауарлардың олар туралы мәліметтерге сәйкестігін анықтау үшін
қажетті операцияларды жүргізуге мүмкіндік бермейтін бір тауар легінде түрі
мен атауы әртүрлі тауарлар ұсынылса және мұндай тауарларға қатысты оларды
жеке орап-түю орындарына бөлу жүргізілмесе, тауарлардың орамаларына
таңбалау жасалмаса және тауарлардың ілеспе құжаттарында орап-түю және
таңбалау туралы мәліметтер жазылмаса, мұндай тауарларды кедендік тексеріп
қарау мерiзiмі қажет болған жағдайда, кеден органы басшысының жазбаша
рұқсатымен тауарлар легін жекелеген тауарларға бөлу үшін қажетті уақытқа
ұзартылады.

2. Кедендiк бақылаудың қызметiн сараптау әртүрлi көлiк құралдарын.

2.1 Кедендiк сараптама – кедендiк транспорттық бақылауды жүзеге асырудың
арнаулы құралы

Сараптама – арнаулы бiлiмдi талап ететiн қандайда бiр мәселенi зерттеу.
Сараптама объектiлерiне заттар, құжаттар, адамның денесi және жануарлар,
сараптамалық зерттеулер үшiн алынатын үлгiлер, сонымен қатар iс қажетiне
жататын мәлiметтер жатады.
Кедендік сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сапалық құрамын анықтау үшін,
олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес
дұрыс жіктелуі үшін зерттеу жүргізу болып табылады.
Мына жағдайларда кеден органдары сараптама тағайындауы мүмкiн:
- кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асырған;
- алдын ала шешім қабылдаған;
- кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар анықталған;
- тауардың сапалық құрамын айқындауы мүмкін болмаған кезде.
Кедендік сараптаманы кедендік зертханалардың сарапшылары жүргізеді.
Кедендік сараптаманы жүргізу негiздерi:
- кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау сатысында немесе алдын ала шешім
қабылдау кезінде, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың
өтініштері бойынша — кедендік сараптамаға жолдама;
- кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыкггар бойынша - кедендік сараптама
тағайындау туралы қаулы.
Жолдамада не қаулыда мыналар көрсетiледi:
- кедендік сараптама жүргізу үшін негіздеме;
- кедендік сараптама жүргізілуге тиіс кеден зертханасының атауы;
- сарапшының алдына қойылған мәселелер;
- сарапшының қарауына берілетін материалдар тiзiлiмi.
Жолдама не қаулымен декларант таныстырылады. Оған құқықтары мен
мiндеттерi түсiндiрiледi. Декларант танысқандығы туралы белгi соғады немесе
қол қояды.
Кеден органдары кеден зертханаларында сараптама жүргізу мақсатында
тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға қүқылы. Сынамалар мен
үлгілер оларды іріктеп алу нормаларын көздейтін нормативтік-техникалық
құжаттамаға сәйкес зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін
ең аз мөлшерде алынады. Кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамалары
мен үлгілерін іріктеп алу туралы белгілеген нысан бойынша акт жасалады.
Декларант кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың
сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы кезінде қатысады. Декларант кеден
органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамалары мен
үлгілерін іріктеп алу кезінде жәрдем көрсетуге, оның ішінде сынамалар мен
үлгілер іріктеп алу үшін қажетті жүк және өзге де операцияларды өз есебінен
жүзеге асыруға міндетті.
Тауарлар берілгеннен кейін күнтізбелік он күннен соң декларант келмеген
жағдайда, сондай-ақ кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлар кезінде кеден
органдары декларант жоқ кезде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін
іріктеп алуы мүмкін. Мұндай жағдайда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін
іріктеп алу туралы акт жасай отырып, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін
іріктеп алу екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Сынамалар мен үлгілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жойылуға немесе кәдеге жаратылуға жататын жағдайларды қоспағанда, кедендік
сараптама аяқталған соң сынамалар мен үлгілер декларантқа қайтарылады.
Кедендік сараптама кеден зертханасының үй-жайында да, егер бұл зерттеу
сипаты бойынша қажет болса не зерттеу объектісін сараптауға жеткізу мүмкін
болмауына байланысты, одан тысқары жерлерде де өткізіледі. Сарапшы кеден
зертханасы басшысының жазбаша өкімі бойынша ғана кедендік сараптаманы
жүргізуге кіріседі.
Кедендік сараптаманың нәтижесі бойынша сарапшының қорытындысы
беріледі.
Сарапшының құқықтары:
- егер қойылған мәселелер өзінің құзыретіне жатпаса, сараптама жүргізу-
ден бас тартуға;
- өзінің құзыретіне кірмейтін сұрақтарға жауап беруден бас тартуға;
- кедендік сараптама жүргізу үшін қажетті қосымша материалдар табыс
ету туралы өтініш беруге құқылы.
Сарапшының міндеттері:
- кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысуға;
- сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік сараптама
мәселелері бойынша консультациялар беруге;
- бұл тұрғыда мәселе қойылмаған, іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы
ой-пікірін қорытындыға енгізуге;
- кедендік сараптамаға ұсынылған тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне
зерттеу жүргізуге және зерттеулердің нәтижелерін толық, жан-жакпы және
объективті бағалау негізінде қорытынды беруге;
- іс жүргізуінде немесе қарауында кеден ісі саласындағы құқық
бұзушылықтар туралы іс бар тұлғаның шақыруы бойынша өзі берген
қорытындыны түсіндіру немесе толықтыру үшін келуге;
- кедендік сараптама нәтижесінде алынған мәліметтерді жария етпеуге.
Сарапшы өзінің міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған
жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Сарапшы қорытындыны жазбаша нысанда өзінің атынан береді. Сарапшының
қорытындысында өзі жүргізген зерттеулер және қойылған
сұрақтарға негізді жауаптары жазылады.

Күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда
кеден зертханасы басшысының шешімі бойынша комиссиялық сараптама
жүргізіледі, ол бір мамандықтағы бірнеше сарапшыға тапсырылады. Сарапшылар
арасында келіспеушілік болған кезде олардың әрқайсысы немесе бір бөлігі
жеке қорытынды беруге құқылы.
Кедендік сараптамаларды өз құзыреттерінің шегінде әр түрлі мамандықтағы
сарапшылар жүргізу қажет болған жағдайда, кешенді сараптама тағайындалады.
Әр сарапшы қорытындының өзі кедендік сараптама жүргізген бөлігіне қол
қояды.
Табыс етілген материалдар бойынша қорытынды беру мүмкін болмаған
кезде сарапшы кеден сараптамасын тағайындаған кеден органына бұл туралы,
бас тарту дәлелін көрсете отырып, жазбаша хабарлайды.
Жаңадан ашылған жағдайлар бойынша қосымша кедендік сараптама
тағайындалады. Қосымша кедендік сараптама жүргізу бастапқы сараптаманы
орындаған сарапшыға немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін.
Қайталап жүргізілетін кедендік сараптама алдыңғы қорытындыға декларант
шағымданған жағдайларда сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу
үшін тағайындалады. Қайталап жүргізілетін кедендік сараптаманы тағайындау
кезінде жолдамада немесе қаулыда алдыңғы сараптама нәтижелерімен келіспеу
себебі көрсетілуге тиіс.

2. Кедендiк бақылауға қатысты қосымша жағдайлар

Кедендiк бақылау жүргiзуде заңдарда көзделген қосымша шаралар
белгiленген. Оларға кедендiк бақылаудың белгiлi бiр нысандарын қолданудан
босату; тұлғалар туралы ақпарат жинау; техникалық құралдарды
пайдалану;бақылау жүргiзу уақытының талаптарын сақтау;заңсыз зиян
келтiрмеушiлiкке жол бермеушiлiк т.б. жатады.
Кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қоланудан
босатуы тек қана Кеден Кодексiнде белгіленеді. Осыған сәйкес кедендік
бақылаудың белгілі бір нысандарын қолданудан босатылатындар:
- Қазақстан Республикасы Президенті;
- Қазақстан Республикасы Президентімен бірге жүретін оның отбасы
мүшелері.
Қазақстан Республикасы шекарасынан қызметтiк мiндеттерiн немесе
депутаттық өкiлеттiктерiн орындауға байланысты өтетiн тұлғалардың iшiнде
кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолданудан босатылатындар:
- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы;
- Қазақстан Республикасы Парламенті МәжілісініңТөрағасы;
- ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік хатшысы;
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;
- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы;
- Қазақстан Республикасының Бас прокуроры;
- Қазақстан Республикасы Ұлпық Банкінің Төрағасы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары.
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше кезделмесе, өз
жүрісімен бара жатқан шетелдік әскери корабльдер (кемелер), әскери әуе
кемелері және әскери техника кедендік тексеріп қараудан босатылады.
Кеден органдарының кедендiк бақылау жүргiзген кезде тұлғалар туралы
ақпарат жинауға құқығы бар. Ол ақпараттар мазмұнын мыналар құрайды:
- олардың тіркелуі;
- орналасқан жері туралы деректер;
- азаматтардың деректері: тегін, атын, әкесінің атын, туған күні мен
жері,
- жынысы;
- тұрғылықты мекен-жайы.
Кеден органдары түлғалар туралы ақпарат жинауды Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік
құралдарын кедендік ресімдеу кезінде, сондай-ақ аталған ақпаратты салық
органдарынан, ішкі істер органдарынан, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын
органдардан алу арқылы және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым
салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырады.
Кедендiк бақылау жағдайында күрделi мәселелер туындауы мүмкiн. Бақылауды
жүзеге асыруда техниалық құралдарды пайдалану осы мәселердi шешу үшiн
маңызды орын алады.
Кедендік бақылау жүргізу уақытын қысқарту және оның оңтайлылығы мен
тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары тізбесі мен қолдану тәртібін
кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін техникалық
құралдарды пайдалана алады.
Көрсетілген техникалық құралдар адамның өмірі мен денсаулығына,
жануарлар мен өсімдіктердің өсіп-өнуіне қауіпсіз болуға және тұлғаларға,
тауарларға және көлік құралдарына зиян келтірмеуге тиіс.
Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) мен ішкі сулары-
ның шектерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына
жапсарлас аумақта тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау кеден
органдарының теңіз, ішкі сулар және әуе кемелерін пайдалана отырып жүзеге
асырылады.
Теңіз, ішкі сулар және әуе кемелерін пайдалана отырып кедендік бақы-
лауды жүзеге асырған кездегi кеден органдары қызметкерлерiнiң құқықтары:
- көлік құралында кедендік бақылауға жататын тауарларды заңсыз өткізу
белгілері табылған жағдайда көлік құралын тоқтатуға және оны тексеріп
қарауға;
- көлік құралындағы қылмыс жасады деп күдік тудырған адамдарды Қазақстан
Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында кезделген тәртіппен
ұстауға;
- егер ізіне түсу Қазақстан Республикасының ішкі суларында, аумақтық
суларында (теңізінде) тоқтау туралы көру немесе есту сигналы оны көруге
немесе естуге мүмкіндік беретін қашықтықтан берілгеннен кейін басталса
және үздіксіз жүргізілсе, Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан
кеден органдарының рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасына жапсарлас аумаққа аттанған теңіз ішкі сулар кемелерін олар
өз елінің немесе үшінші мемлекеттің аумақтық суларына (теңізіне)
енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумақгық суларының (теңізінің)
шегінен тыс жерде ізіне түсуге және ұстауға;
- кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда, көлік
құралдарын Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес алып қою
үшін ұстауға;
- көлік құралдарын ілестіріп алып жүруге, оның ішінде кеден органдарының
лауазымды адамдарын оларға отырғызып алып жүруге.
Қызметтік міндеттерін орындау кезінде кеден органдары кемелерінің
экипаждарына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлетiн құқықтар
мен өкiлеттiктер:
- тиістілігіне және қандай мақсатқа арналғанына қарамастан, Қазақстан
Республикасының су және әуе кеңістігін, Қазақстан Республикасының
аумағындағы теңіз және өзен порттарының айдындарын, сондай-ақ
әуежайларды, әуежайлақтарды (қону алаңдарын) пайдалануға;
- Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органымен
келісілген тәртіппен портқа кіретін және порттан шығатын жерлерді
пайдалануға;
- кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті навигациялық,
гидрометеорологиялық, гидрографиялық және өзге де ақпаратты өтеусіз
алуға құқық беріледі.
Тауарлармен және көлік құралдарымен жүргізілетін, кедендік бақылау үшін
қажетті жүк операциялары мен өзге дө операциялар жүргiзiлуi мүмкiн. Оларға
Кеден органының талабы бойынша декларант, қойманың иесі, кеден брокері және
тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлға кедендік бақылауға
жататын тауарларды тасымалдауы, өлшеуі немесе тауардың мөлшерін өзгеше
айқындауы, тауарларды тиеуі, түсіруі, қайта тиеуі, бүлінген орамды тузетуі,
орамды ашуы, тауарларды орауы не қайта орауы, сондай-ақ үй- жайларды,
ыдыстарды және мұндай тауарлар бар немесе болуы мүмкін басқа да орындарды
ашуы жатады. Тасымалдаушы өзі тасымалдайтын тауарлармен және көлік
құралдарымен жүк және езге де операциялардың жүргізілуіне жәрдемдесуге
міндетті.
Тауарлармен және көлік құралдарымен жүргізілетін жүк операциялары
мен өзге де операциялар кеден органы үшін қандай да болмасын қосымша
шығыстарға әкеп соқпауға тиіс.
Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, үй-жайларды және басқа да
орындарды бірдейлендіру жұмыстарын да атқарады. Кедендік бақылауға жататын
көлік құралдарын, үй-жайларды, ыдыстарды және тауарлар мен көлік құралдары
бар немесе болуы мүмкін басқа да
орындар мен бақылауы кеден органдарына жүктелген қызмет жүзеге асырылатын
орындарды, сондай-ақ кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын
кеден органдары бірдейлендіре алады.
Бірдейлендіру пломбылар қою, мөр басу, санмен, әріппен және өзге де
таңба қою, бірдейлендіру белгілерін салу, мөртабандар қою, сынамалар мен
үлгілерді іріктеп алу, тауарларды егжей-тегжейлі сипаттап жазу, сызбалар
жасау, масштабтық бейнелер, фотосуреттер, иллюстрациялар жасау, тауардың
ілеспе құжатын және өзге де құжаттаманы пайдалану жолымен және өзге де
тәсілдермен жүргізіледі.
Бірдейлендіру құралдарын қолдану және дайындау тәртібін, сондай-ақ
олардың стандарттарын кеден ісі мәселелерін уәкілетті орган белгілейді.
Кедендік мақсаттар үшін бірдейлендіру құралдары ретінде пломбылар,
мөрлер немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетел
мемлекеттерінің кеден органдары қойған өзге де бірдейлендіру құралдары
танылуы мүмкін.
Тауарлар мен көлік құралдары жойылуының, қайтарымсыз жоғалуының
немесе елеулі түрде бүлінуінің нақты қаупі болу жағдайларын қоспағанда,
бірдейлендіру құралдарын тек кеден органдары өзгертуі, алып тастауы немесе
жоюы мүмкін немесе бұл олардың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Кеден
органына бірдейлендіру құралдарының өзгерістері, алынып тасталуы немесе
жойылуы туралы тез арада хабарланады және аталған қатердің бар екендігіне
дәлелдеме беріледі.
Тұлғалар кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі
туралы талаптарды сақтауға міндетті. Тұлғаға өзінің осындай талаптарды
сақтамауының салдарынан келтірілген зиян өтелуге жатпайды.
Кедендік бақылау жүргізу кезінде тасымалдаушыға, декларантқа, олардың
өкілдеріне, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының, бос
қоймалардың иелеріне, бажсыз сауда дүкендерінің иелеріне және кедендік
бақылау жүргізу кезінде кеден органдарының әрекеттері (әрекетсіздігі) және
шешімдері мүдделеріне әсер ететін өзге де тұлғаларға, сондай-ақ тауарлар
мен көлік құралдарына заңсыз зиян келтіруге жол берілмейді.

3. Кедендiк бақылау жүргiзудiң нысандары мен тәртiбi

Кедендiк бақылау жүргiзу экономикалық мүдделердi қамтамасыз ету
мақсатында жүргiзiлетiндiктен, осы саладағы бақылау жұмысы азаматтардың
Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрмеуi тиiс. Осы
мақсатта Кеден кодексiнде кедендiк бақылау жүрзудiң құқықтық нысандары мен
тәртiбi көзделген.
Кеден кодексiндк көзделген кедендiк бақылау нысандары:
1. Кедендік декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді тексеру;
2. Ауызша пікір сұрау;
3. Түсіндірмелер алу;
4. Кедендік қадағалау;
5. Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру;
6. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау;
7. Жеке тексеру;
8. Тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау не Қазақстан Республикасының
салық заңдарында көзделген жағдайларда оларға
бірдейлендіру белгілерін соғу;
9. Тауарлар мен көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік
жүйесін тексеру;
10. Тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу;
11. Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру.
Жоғарыда аталған кедендiк бақылау нысандарының iшiнде тәжiрибелiк мәнi
бар нысан кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру болып
анықталады. Кеден органдары, құжаттардың түпнұсқалылығын және мәліметтердің
дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік
ресімдеу кезінде берілген кедендік декларацияны, құжаттарды және
мәліметтерді тексереді. Тексеру Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес
жүргiзiлуi мiндеттi.
Кеден органдарына кедендік ресімдеу кезінде берілген мәліметтердің
дұрыстығын тексеру тәсiлдерi:
- оларды басқа дерек-көздерден алынған ақпаратпен са-
лыстыру;
- арнаулы кедендік статистиканың мәліметтерін талдау;
- ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы.

Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы кедендік
декларациядағы ақпараттарды тексеру мақсатында тұлғалардан жазбаша түрде
барлық құжаттар мен мәліметтерді сұратып алуға құқылы. Іріктеп тексеру
негізінде де кеден органдарының құжаттар мен мәліметтерді тексеруіне жол
беріледі.
Ауызша пiкiр сұрау нысанын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеуді
жүргізу, алдын ала операциялар мен өзге де кедендік рәсімдер кезінде кеден
органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Кедендiк бақылау жүргiзудiң келесi нысаны түсiндiрмелер алу.
Түсіндірмелер алу — кеден органдары лауазымды адамдарының декла-ранттардан
және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар мән-жайлар туралы
мәліметтерді білетін өзге де адамдардан кеден ісі саласын-дағы қажетті
ақпаратты алуы.
Түсіндірме жазбаша нысанда ресімделеді. Адамды түсіндірме алу үшін
шақыру туралы хабарламаға тиісті кеден органының басшысы қол қояды және
шақырылған адамға қол қойғызып алу арқылы тапсырылады.
Кедендiк бақылау жүргiзудiң айрықша нысанына кедендiк қадағалау жатады.
Кедендік қадағалау — кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік
бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және
өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның ішінде техникалық
құралдарды қолдана отырып бақылауы.
Тауарлар мен көлiк құралдарын жiберу – кеден органдарның тұлғаларға
белгiлi бiр кедендiк режимнiң шарттарына сәйкес тауарлар мен көлiк
құралдарын пайдалануға және оларға билiк етуге рұқсат беру жөнiндегi iс-
әрекетi. Кеден органы лауазымды адамдарының тауарлар мен көлік құралда-
рын бақылауы кедендік бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жері, жай-
күйі, мөлшері туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк
тиелетін бөліктерінде кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да
қондырылған бірдейлендіру құралдарының бар екендігі туралы мәлімеггерді
растау үшін жүзеге асырылады. Сонымен қатар халықаралық почта
жөнелтімдерін, жеке тұлғалардың багажын қарауы жүзеге асады.
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру - егер мұндай тексеру көлік құралы
мен оның жүк тиелетін бөліктерін ашумен және тауарлардың орамаларын бұзумен
байланысты болмаса, кедендік бақылау мақсаттары үшін тауарларды, жеке
тұлғалардың багажын, көлік құралдарын, жүкке арналған ыдыстарды, кедендік
пломбалардың, мөрлердің және өзге де тауарларды бірдейлендіру құралдарының
бар-жоқтығын сырттай көзбен тексеру.
Кедендік бақылау аймағында тауарлар мен көлік құралдарын тексеру
декларант, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар өзге де
адамдар және олардың өкілдері тексеру кезінде қатысуға тілек білдіретін
жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.
Тауарлар мөн көлік құралдарын тексеру нәтижелері бойынша кеден
органдарының лауазымды адамдары, егер мұндай тексерудің нәтижелері кедендік
мақсаттарда пайдаланылатын болса, белгіленген нысан бойынша акт жасайды.
Кеден органының лауазымды адамдары тауарлар мен көлік құралдарына қатысты
өкілеттіктері бар адамның талабы бойынша акт жасауға міндетті. Кедендік
қарау жүргізілгендігі туралы актінің екінші данасы тауарлар мен көлік
құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамға тапсырылады.
Тексеру – бақылау үшiн маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында
жүргiзiледi. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау кедендiк
бақылаудың келесi нысаны. Кедендік тексеріп қарау — кеден органдары
лауазымды адамдарының тауарлардың орамаларын немесе көлік құралының жүк
тиелетін бөліктерін не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе
болуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты тауарлар мен көлік
құралдарына қатысты іс - әрекет. Қазақстан Республикасының кеден заңдарын
бұзу туралы ақпарат болған кезде іріктеп тексерудің кедендік бақылау
жүргізуi жасалады. Кедендік тексеріп қарау тауарларды кедендік мақсаттар
үшін бірдейлендіру, мәлімделетін мәліметтердің дұрыстығын анықтау не мұндай
ақпаратты тексеру.
Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттігі бар декларант немесе
өзге тұлғалар және олардың өкілдері кеден органы лауазымды адамдарының
талабы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын тексеріп қарау кезінде
қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажетті жәрдем көрсетуге
міндетті. Тасымалдаушы арнайы уәкілеттік берген өкіл болмаған жағдайда,
көлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автомобиль көлігінің ұғымы және бұл көлікпен жасалатын жүк тасымалының сипаттамасы
Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Кеден бақылауы органдарының рөлі. Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Транспорт Логистика Таможня кәсіпорнының бөлімдерінің байланысы
Орталық Кедендік орган
ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің транзиттік қуатының негізгі проблемалары және даму болашағы
Компанияның логистикалық әлеуетін арттыру шаралары
Транзиттік жүк тасымалдаулары саласындағы көліктік-логистикалық орталықтардың дамуы
Кәсіпорындағы логистика
Логистиканың функционалдық салалары
Пәндер