Әлеуметтік институт


Әлеуметтік институт
Белгілі бір әлеуметтік мұқтаждықтар қанағаттандыруға арналған рөлдер мен мәртебелердің ірі бірлестігі әлеуметтік институттар деп аталады. Оларға - отбасы, дін білім беру, экономикалық саяси жүйелер сияқтылыры жатады. Арнайы институттар (латынша institutum -нұсқама, мекеме ) мен ұйымдар құра отырып, қоғам сол арқылы өзінің өмір сүруінің маңызды салалары мен мәселелерін әлеуметтік өзара қарым қатынас түрлерін нақтылап, бекітеді, оны берілген қоғамның әр мүшесі үшін тұрақты және міндетті етеді. Әлеуметтік институттар негізіне жататын әлеуметтік байланыстар институционалды деп аталады, ал бұл байланыстарға тәртіптелген, нормативті сипат беру процесі институттандыру деп аталады.
Әлеуметтік институт ол - ұйымшылдықпен біріккен ұйымдастырылған жүйе және әлеуметтік нормалармен ерекшеленеді. Олар белгілі бір құндылықтар мен процедураларды біріктіріп, қауымның қажеттілігін қамтамасыз етеді. Институт адамның іс әрекеттерінің белгілі бір жобасы, ол нақтылы идеалогия түрінде, нормалар мен ережелер жүйені қарастырады.
Институционализация - әлеуметтік нормалардың дамуын және нақтылануын қадағалайды. Институционализация бұл - тәжірибиелі, спонтанды тәртіптің, белгілі бір қадағалайтын тұрақты тепе теңдікті сақтайтын тәртіпке айналдыру. Институционалды жағдайдың туу қауымдастықта белгілі бір ережелер мен нормалардың дамуы басталады.
Институционализация процесі ол, яғни әлеуметік институттардың құрылуы. Ол келесі бірнеше этаптардан тұрады:
1. Ұйымдардың белгілі бір талаптарын қамтамасыздандыру;
2. Жалпы мақсаттарды қалыптастыру;
3. Әлеуметтік ережелер мен нормалардың қауіпті әлеуметтік жағдайды, еш қателіксіз қрастырады;
4. Ережелер мен нормалармен байланысты процедуралардың туу;
5. Ережелер мен нормалардың институцонализациясы, яғни оны тәжірибеде қолдану;
6. Ережелер мен нормаларды қалыпты ұстау үшін санкция жүйесін қолдану;
7. Институттардың мүшелерімен бірге статус пен рөлдер жүйесін құру:
Әлеуметтік институт қандай да бір салада қызмет ететін адамдардың жиынтығы және нақты заңдар, басқару шешімдері және практикалық кешендер жүйесі болып табылады. Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Әлеуметтік институтты біздің түсінуімізге батыс социологтарының анықтамалары қайшы келмейді. Әлеуметтік институттың социологиялық сипаттамасы американдық А. және Дж. Теодорсондардың «Қазіргі социологиялық сөздігінде» берілген. Онда ол маңызды әлеуметтік қажеттіліктер мен функцияларды қамтамасыз ету үшін қалыптастырылған және қызмет ететін әлеуметтік рольдер мен нормалардың өзара байланысты жүйесі ретінде қарастырылады. Әлеуметтану бойынша ағылшын сөздігінде «институт» термині әлеуметтік нормалар арқылы тұрақты қайталанатын және санкцияланатын әлеуметтік тәжірибені бейнелеу үшін пайдаланатындығы аталып өтілген. Ол әлеуметтік құрылымда маңызды орынға ие болады. Әлеуметтік институттардың әртүрлісіне қарамастан, олар ортақ типологиялық сипаттарға және ең алдымен іс-әрекетінің мақсатына ие. Мақсатты әлеуметтік институттар атқаратын функциялар анықтайды. Институттар монофункционалды (яғни 1 функция атқаратын) және полифункционалды (яғни бірқатар негізгі және негізгі емес) болуы мүмкін. Институттың қоғамдық ортамен өзара қарым-қатынасының негізі болып оның негізгі функциясының - нақты әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін барлық жағдай туғызуды жүзеге асыру табылады.
Әлеуметтану үшін ғылым ретінде әлеуметтік қажеттіліктер институттың іс-әрекетінде бейнеленбейтін, яғни институт қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келмейтін жағдайды талдау маңызды. Әлеуметтік институттар пайда болатын қарама-қайшылықтың бастауларын, көріну формаларын және оларды шешу жолдарын табады.
Әлеуметтік топтар
Әлеуметтік топ - жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі, бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді:
1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша, этникалық, діни және т. б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін. 2. Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін. 3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі. Кең мағынасында Әлеуметтiк топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін - отбасынан, құдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды. Бірақ әлеуметтануда көбіне тар мағынада - қандай да бір жеке, ұжымдық немесе қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген өзара әрекеттегі адамдар жиынтығы - қоғамның ішіндегі құрылым ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтiк топ мүшелері өздерін осы топқа жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р. Мертон) . Әлеуметтiк топ санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді. Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше.
Референтті топ - индивид үшін мәні және тартымдылығы бар адамдар тобы. Референтті топ адамдар үшін референтті болып көрінетін, даралылық бағалылықтарының, талаптарының, қылықтық ережелерінің, пікір айтулардың көзі болып табылады. Референтті тұлға - басқа адамға үлгі болып көрінетін ерекше мәнді және бағалы адам. Референтті тұлға кімге референтті болып көрінсе, сол адамға күшті психологиялық ықпал етеді.
Тoптар
еңбекші шаруалар табы (кәсібі - қара күшімен жер өңдеу, құқық көлемі - шектеулі, мүліктік жағдайы - орташа немесе орташадан томен) ;
жалдамалы жұмысшылар табы (кәсібі - көбіне қара күшке негізделетін сауда-өнеркәсіптік мекемелерге жалданып жұмыс жасау, құқық көлемі - шектеулі, еңбек қатынастарына сүйенеді, мүліктік жағдайы - орташадан немесе кедейге дейін) ;
жер иеленушілер табы (кәсібі - жерсалығымен күнелтетін, зиялы-басқарушылық қызмет атқаратын жер иелері, құқық көлемі - артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - жұмысшы және шаруа табымен салыстырғанда бай) ;
капиталистер табы (кәсібі - өндірістік, сауда және қаржы капиталдарының иелері, қүқық көлемі - жер иеленушімен салыстырғанда айрықша құқыққа ие, артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - бай) . Саясиғылымда әлеуметтік таптар саяси қатынастардың маңызды субъектілері ретінде мойындалады
Шағын топ - барлық мүшелерінің арасында тікелей қатынас болатын әлеуметтік топ, оның синонимі қатынастық топ.
Атаулы топ - талдау мақсаты үшін мағынасы зор бірқатар белгілер бойынша бөлінетін адамдар жиынтығы. Мысалы, жас, ой өрісі тұрғылықты орны бойынша топтар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz