Құрманғазы Сағырбайұлы



Кіріспе ... ... ... ... ..3
Өмірбаяны ... ... ... ... ...4
Қазақ халқы ... ... ... ... ..5
Музыкалық мұрасы ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Концептуалды күйші ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
Қорытынды ... ... ... ... .14
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... 15
Қазақ елі өз жерінің қазына-байлығымен ғана емес, әлемді аузына қаратқан атақты талант иелерімен де белгілі. Елді өзінің өзгеше өнерімен оятқан жасампаз күйші Құрманғазы Сағырбайұлы болды. Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.
Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті. Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер - халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында ХІХ ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай" күйін арнаған. Одан кейінгі "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден қашқан", "Адай" күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді.
1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
2. «Маңғыстау»энциклопедиясы, Алматы, 1997;
3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
4. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
5. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министірлігі Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжі

Реферат
Құрманғазы Сағырбайұлы

Орындаған:
Тексерген:

2016-2017 оқу жылы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Өмірбаяны ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Қазақ халқы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Музыкалық мұрасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Концептуалды күйші ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Кіріспе

Қазақ елі өз жерінің қазына-байлығымен ғана емес, әлемді аузына қаратқан атақты талант иелерімен де белгілі. Елді өзінің өзгеше өнерімен оятқан жасампаз күйші Құрманғазы Сағырбайұлы болды. Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.
Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті. Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер - халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында ХІХ ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай" күйін арнаған. Одан кейінгі "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден қашқан", "Адай" күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді.

Құрманғазы Сағырбайұлы
(1818-1889)

Өмірбаяны
Орал облысындағы Жаңғалы ауданының қазіргі Жиделі ауылында дүниеге келген. Күйші, композитор, домбырашы, күй жанрындағы қазақ инструментальды музыкасының классигі. Құрманғазы күйлері халықтың көңілкүйі мен сол кезеңдегі қазақ қоғамының өмір шындығынан туды. Көреген Құрманғазы қазақ халқының әлеуметтік-психологиялық, сондай-ақ, қоғамдық-саяси өмірінің көлеңкелі жақтарын айыра білді.
Құрманғазының әкесі Сағырбай (шын аты Дүйсенбай деген сөз бар) өнерге мойын бұра алмаған, шаруа адамы болыпты. Құрманғазының бесінші атасы Балтабай әулеті шетінен домбыраға тіл бітірген өнерпаз болса керек. Ал жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ аңызды, сөз дарыған адам екен. Күні бүгінге дейін ел ішінде Ершінің еркегін қойып, әуелі әйелімен айтысып ал деген сөз бар. Құрманғазының нағашы жұрты - Беріш руы. Ерлік пен еркіндікті дәстүр еткен елдің қызы, Құрманғазының анасы Алқа да келін болып түскенше даланың ерке желіндей еркін өciп, еркек - шора болып, ойын - тойдың шырайын келтірген. Кейін Игіліктың қызы Әуеске үйленгенде Құрманғазы үшін Беріш руы енді қайын жұрты болады. Құрманғазының бала кезінен - ақ ең айткыш тілі, ең сезімтал тілі қос ішекті домбыра көмейінен шығатын күй тілі еді. Сондықтан да, ол сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көpiп тыңдасымен-ақ домбырасынын тілін мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Сондықтан да, өзінің замандастары Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін құныра тартып, сол күйлерден уақыттың ең шыншыл сырын ұғады.
Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған.

Шығармашылығы
Күйші шығармашылығының өзекті тақырыбы - халық бостандығы мен жеке тұлғалардың бостандығы еді. Оның туындыларында ХІХ ғасырдың отызыншы жылдарындағы Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше мән беріледі. Құрманғазы осы көтеріліске алғашқы шығармасының бірі - Кішкентай күйін арнады. Келесі күйлері - Ақбай, Ақсақ киік, Түрмеден қашқан, Адай күйлерінде өзі арман еткен халық бостандығы, әділетсіздікке деген ашу-ызасы, қоғамдық мүдделер қақтығысы көрініс табады. Құрманғазы туындыларында адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың ерекше әлеуметтік-психологиялық сәті айқын беріледі. Аман бол, шешем, аман бол, Қайран шешем, Ертең кетем, Бұқтым-бұқтым сияқты күйлерінде адам даусы мен табиғат ырғағы үйлесе үндеседі. Қуғын-сүргінге, қорлыққа ұшыраған күйшінің халықтың тәуелсіздігі мен бостандығы туралы толғанысынан Сарыарқа мен Алатау куйлері туады. 1880 жылы Құрманғазы Астрахандағы Сақма жеріне көшіп келеді. Көпті көрген, халыққа аса қадірлі ақсақал Құрманғазы айналасына Дина Нұрпейісова, Е. Есжанов, М.Сүлейменов сияқты талантты күйші шәкірттерін жинады. Құрманғазы шығармашылығының халқымыздың мәдениеті мен өнерінің дамуында тарихи маңызы зор. Композитор шығармаларын зерттеу, оның мәдени, ғылыми, саяси мәнін зерделеу - болашақ ұрпақты тәрбиелеуде баға жетпейтін мұра.
Қазақ халқы өткерген сұрапыл тарих беттері мен өзінің жеке қасіреті, өмір туралы ойлары мен қазақ даласының, ұлттық мейрамдардың жарқын көріністері оның күйлерінде көрініс тапты. Құрманғазының көрнекті шығармаларының бірі - Кішкентай күйі. Ұлы күйшінің шәкірттері мен ізбасарларының ойынша, бұл күй Исатай Тайманұлының көтерілісіне арналған. Құрманғазы қандай тақырыпта күй жазса да, онда адам сезімінің барлық түрі - махаббат та, мейірімділік те, жақсылық та, рақымдылық та болды. Оның өзіне тән орындаушылық стилі болатын, өзінің ұлттық домбыра мектебі де болды. Құрманғазының өмірі көптеген оқиғаларға толы болды. И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлының жетекшілігімен басталған Бөкей ордасы қазақтарының ұлттық көтерілісін (1836-1837 жж.) көрді. Сол уақытта Махамбеттің отты жырлары мен Құрманғазының бүлікші күйлері қазақ даласына тарап, халық жүрегінен үміт отын оятты. Бүлікші күйлері мен билікке бағынбаушылығынан Құрманғазы қудалауда болып, қамауға да алынды, сондықтан ол көп уақыт бойы туған жерінен алыста болуға мәжбүр болды. Құрманғазы орыс мәдениетінің өкілдері - филологтармен, тарихшылармен, этнографтармен таныс болған, олар қазақ музыкасы, музыканттар мен ұлттық аспаптар жайлы материал жинаған. Ләушкен күйін Құрманғазы орыс досы ақын Н. Савичевке арнаған, ол Құрманғазыға өмірінің қиын сәттерінде қол ұшын созған. Оның достық сезімі сонымен қатар, Машина, Перовский марш және т.б. күйлерде көрініс тапқан. Сарыарқа күйі Құрманғазы шығармашылығының биік шыңы, қазақтың дәстүрлі музыкасының шыңында тұрған шығармалардың бірі болып табылады. Ұлттық өнерімізді әлемге танытқан бұл күй ұлы күйшінің туған жеріне, қазақтың кең даласына деген махаббатынан туған туынды, халықтың, даланың өзі сияқты кең, өзі сияқты шексіздігін танытатын дауысы. Қуғын-сүргінге ұшырап жүрген шағында жазылған Құрманғазының Сарыарқасы бүкіл қазақ халқының еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысының көрінісіндей. Құрманғазының ұлттық домбыра мектебінің дәстүрін сақтаушылар - халық композиторының бай мұрасын біздің уақытқа дейін жеткізген күйші ұрпақ.

И вернусь я в отчий дом,
Поклонюсь я роду
И скажу: готов служить
Моему народу!
(Құрманғазы)

Қазақ халқы - ән мен күйге бай халық. Орыс этнографы және саяхатшы Потанин айтқандай, қазақта қанша түс болса, сонша ән мен күй бар. Қазан төңкерісіне дейін біздің халқымыз еркіндік, бақыт, бейбіт әрі жасампаз еңбек жайлы армандады. Халық ол арманды ән түрінде көрсетті. Ол жарқын болашақ үшін, бақытты өмір үшін күресті жырлаған, музыкалық шығармаларды дүниеге әкелген ұлдары мен қыздарын әрдайым мақтан тұтты. Қазақ елі өз жерінің қазына-байлығымен ғана емес, әлемді аузына қаратқан атақты талант иелерімен де белгілі. XIX ғасырдың қазақтың күй өнерінде бірінші және аса құрметті орын қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлына тиесілі. Елді өзінің өзгеше өнерімен оятқан жасампаз күйші Құрманғазы Сағырбайұлы болды. Құрманғазы Қазақстанның музыка мәдениетінде айрықша орын алады. Ол қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Құрманғазының өмір сүрген уақыты жайлы мәселе әлі күнге дейін шешілмегендігін айта кеткен жөн. Дина Нұрпейісова мен Құрманғазының басқа да шәкірттері мен ізбасарларының айтуы бойынша, ол 1818-1889 жылдар аралығында өмір сүрген, сонда құлпытастағы жазу (1806-1879) нақтылығы күмән тудырады. Музыкалық қабілетті Құрманғазы анасы Алқадан алған, оның тұқымында дарынды ақындар, өлеңшілер мен күйшілер болған. Бүкіл Бөкей ордасына танымал халық музыканты Ұзақтың ауылға келуі Құрманғазының болашақ тағдырына әсер еткен, балалық шағының жарқын сәті болды, ол Ұзақты өзінің ұстазы деп есептейтін. Он сегіз жасында Құрманғазы, әкесі Сағырбайдың қарсылығына қарамастан, профессионал болу туралы шешім қабылдап, туған ауылынан кетеді де, саяхатшы музыкант өмірін бастайды. Кең даланы шарлап, көптеген адамдармен кездесіп, бұрынғы заманғы күйлер мен қазіргі заманғы халық музыканттарының пъесаларын орындап, асқан орындаушылық шеберлігін көрсете отырып, Құрманғазының қадірі артады, халық арасында танымалдылыққа ие болады. Басқа музыканттармен танысу жас домбырашының репертуарын кеңейтеді. Музыкалық есте сақтау қабілеті жақсы болғандықтан, ол танымал халық күйшілерінің шығармашылық мұрасын игеріп, аспаптық пьесалар жазу өнеріндегі күшін сынай бастайды. Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң-солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Алғашқы туындылардың дәстүрлі әрі қарапайым болғанына қарамастан, почерк ерекшелігімен, табиғилығымен және еркін интонациялық-тақырыптық дамумен, кейде формалық кемелімен көзге түсті. Композиторға әйгілілік пен танымалдылық әкелген күйлер жас суреткер кемелін көрсетеді, олар: ақжелең жанрында жазылған Бас Ақжелең, Ұзақ Ақжелең және Құрманғазының шедеврлерінің біріне айналған Балбырауын күйі. Балбырауын күйінің мазмұны бойынша ешқандай тарихи оқиғамен не сюжетпен байланысы жоқ, яғни онда мәндес бағдарлама жоқ. Құрманғазының есеюі, оның дүниетанымының, азаматтық позицияларының қалыптасуы қазақ даласында әлеуметтік қарсылықтар орын ала бастағанда болды. Бұл халықты үмітсіздікке, өз адами құқығын қорғауға итермеледі.
XIX ғасырдың 30-жылдарының ортасында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық көтерілісі басталды. Құрманғазының асқақ рухы бір ғана музыка саласына сиятын құбылыс емес. Мұндай тегеурінді дарынның болмысы біртұтас ұлттың рухани болмысына айғақ бола алады. Ұлт тағдырындағы тарихи ұлы өзгерістердің барша қуаныш-қайғысы қашанда біртуар перзенттерінің тағдыр-талайымен шендесіп жатады. Бұл, орайда, Құрманғазы өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес, өмірімен де туған халқының бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыран кезеңнің хал күйіне ең жарқын айғақ бола білді. Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті. Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер - халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында ХІХ ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай" күйін арнаған. Бұл күйді өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік болмысына берілген күйші философтың бағасы деп білуге болады. Кішкентай күйі жеке дауыста баяу басталып, келе-келе күрделеніп, шарықтау шегіне жетеді. Құрманғазы күйлеріне тән толқу, драматургия көріністері анық көрінеді. Адай күйінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді. Күйшінің бүкіл ғұмыры әділетсіздік пен зорлыққа қарсы күрес жолында өтеді. Ол қанаушы топтың небір зұлымдық істеріне жүрегін жарып шыққан күйлерімен қасқая қарсы тұрады. Өз көзімен көріп, өз басынан өткізген мұң-зарын күйлерімен бейнелеу арқылы ол қарапайым халықтың қайғы-қасіретін қос ішекте шебер шерте білді. Оның тартысқа толы тағдыры ел аузында аңызға айналды. Билік басындағылар тарапынан қудалауға түсті.
1857 жылы Құрманғазы Орда түрмесіне қамалып, одан қашып шыққан. Оның Ертең кетем, Түрмеден қашқан сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір - бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған. Кісен ашқан - еркіндікке ұмтылған тұтқынның жан айқайы. Ал күйші Қайран шешем, Аман бол, шешем, аман бол, Бұқтым-бұқтым күйлерінде өзінің ішкі толғанысын күй арқылы шебер береді. Құрманғазының шығармашылық өмірін шұқшия зерттеп, оның күйлерін оркестрге түсіріп, орындатып, күйші туралы мақалалар жазып, кітап шығарған, елге насихаттаған адамның бірі - ғалым, композитор, музыка зерттеушісі - дирижер Ахмет Қуанұлы Жұбанов еді. Ол 1935 жылдан бастап Құрманғазының туып-өскен, жүрген жерлерінде болып, күйшіні көрген, бірге болған, күйлерін үйреніп басқаға үйреткен адамдармен сөйлесіп, көптеген деректер жинаған. Жұбановтанушы ғалым Б.Ғизатовтың айтуынша, Ахаң (А.Жұбанов) 1951 жылдан бастап Құрманғазыға байланысты мұрағат деректерін жинай бастаған. Қазақстан, Мәскеу, Ленинград мұрағаттарынан іздеп тапқан Құрманғазыға байланысты деректерді баспасөз бетіне жариялаған. Көптеген ауызша деректердің өзі аса құнды дүниелер. Өйткені, ол деректерді Ахаңа берген Ерғали Есжанов, Дина Нүрпейісова, Охаб Қабиғожин, Сейітқали Меңдешев, Смағұл Көмекбаев, Лұқпан Мұхатов, Махамбет және Науша Бөкейхановтар, Ғадулиан Матов, Меңдіғали Сүлейменов, Жүсіп Тәкенов, Жаулыбай Қосанов, т.б. өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін өмірден өтіп кеткен-ді. Осылардың барлығымен А. Жұбанов ауызба-ауыз сөйлескен адам. А. Жұбанов тек композитор, музыка зерттеуші ғана емес, ол жақсы домбырашы, күйлердің жақсы орындаушысы да болатын. Ол естіген күйлерін нотаға тез түсіретін. Олардың тарихын да жазып алып отырған. Сол себепті күйлердің шығу тарихын да көп білген. А. Жұбанов 1936 жылы Қазақтың халық композиторы Құрманғазы деген кітапша шығарды. Кітапшада күйшінің өмір сүрген дәуірі, сол кездегі Бөкей хандығының саяси экономикалық жағдайы, Құрманғазы күйлерінің мазмұны, кезеңдері, тарихы, күйшінің шәкірттері, мұрагерлері туралы мәліметтер және күйлерге теориялық талдаулар да берілген. 1960 жылы автор бұл кітапшасын толықтырып қайта бастырды. Ал 1975 жылы қазақтың аспапты музыкасы туралы Ғасырлар пернесі жинағына Құрманғазы туралы материалдар да енді. А. Жұбанов Құрманғазының тырнақалды туындыларының бірі Кішкентай күйінің 19 ғасырдың отызыншы жылдарының аяқ кезінде болған ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Таймановқа арналғандығын айтыпты.
Көтерілісті көзімен көрген Құрманғазы сол кезде 15 жаста ғана екен. ХІХ ғасырдың 50 - жылдарында Құрманғазыға ат ұрладың деген жалған айып тағылып, түрмеге қамалады. Түрмеде жатқанда шешесін сағынып, оның көңіл - күйін ойлап, анасына Аман бол, шешем, Қайран шешем күйлерін арнайды. Құрманғазы бұл жерден қашып шығады. Осы кезеңде оның мұңды лирикаға толы Кісен ашқан, Түрмеден қашқан тағы да басқа күйлері туады. А. Жұбанов өз еңбектерінде Құрманғазы күйлерінің тақырыбы, формалары қазақтың бұрынғы күйлерінің формаларына келе бермейтінін дәлелдеп, тек өзіндік ерекшелігі мол туындылар екенін айтқан. Сондықтан Құрманғазы күйлерінің басқа күйлерден биік тұратынын пайымдай келе аталмыш күйлерді екшеп, талдайды. Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы ешқашан түспеген. Ол Орал, Орынборда, Үркіт түрмелерінде де отырған. Қуғын-сүргін мен сергелдеңге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой-толғамын бейнелеген. "Алатау" және "Сарыарқа" күйлерін дүниеге келтірген. Алатау күйі - әрі ұлы, әрі асқақ асқар таудың көркемдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрманғазы күйлерінің ерекшелігі
Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен творчествосы
Сағырбайұлы Құрманғазы
Халықтың музыкалық шығармашылығы
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы музыка мәдениеті
ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ (1818-1889 )
Құрманғазының шығармашылық кезеңі
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар
Домбырашының концерттік орындаушылық репертуары
Қазақ поэзиясы мен музыка өнері
Пәндер