Кентау қаласының табиғи және экологиялық жағдайы


Мазмұны

Кіріспе

1 Аналитакалық шолу

1. 1 Кентау қаласының табиғи және экологиялық жағдайы

1. 2 Техногендік ластанудың өсімдіктерге әсерін зерттеудің Қазақстандағы

бүгінгі жайы. Өсімдіктердің экологиялық бейімделгіштігі

1. 2. 1 Техногендік ластанудың өсімдіктердің су тапшылығына әсері

1. 2. 2 Техногендік ластанудың өсімдіктердің транспирация қарқындылығына әсері

1. 2. 3 Техногендік ластанудың өсімдіктердің осмостық қысымына әсері

2 Зерттеу объектiсi мен әдiстерi

2. 1 Зерттеу объектiлерiне сипаттама

2. 2 Зерттеу әдiстерi

3 Зерттеу нәтижелері мен талдаулары

3. 1 Кентау қаласындағы ағаш-бұталарының түр құрамына қысқаша шолу

3. 2 Техногендік ластанудың өсімдіктердің су режиміне әсері

3. 2. 1 Ластанбаған аймақтағы өсімдіктердің су тапшылығы

3. 2. 2 Ластанған аймақтағы өсімдіктердің су тапшылығы

3. 2. 3 Екі аймақтағы өсімдіктердің су тапшылығына салыстырмалы

сипаттама

3. 3 Транспирация қарқындылығы

3. 3. 1 Ластанбаған аймақтағы өсімдіктердің транспирация қарқындылығы

3. 3. 2 Ластанған аймақтағы өсімдіктердің транспирация қарқындылығы

3. 3. 3 Екі аймақтағы өсімдіктердің транспирация қарқындылығына

салыстырмалы сипаттама

3. 4 Осмостық қысым

3. 4. 1 Ластанбаған аймақтағы өсімдіктердің осмостық қысымы

3. 4. 2 Ластанған аймақтағы өсімдіктердің осмостық қысымы

3. 4. 3 Екі аймақтағы өсімдіктердің осмоcтық қысымына салыстырмалы сипаттама

Жұмыстың нәтижелерін тұжырымдау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша А Кентау қаласы ағаш-бұталарының түр құрамына қысқаша

шолу

Қосымша Ә Анықталған тұқымдастардағы түрлердің пайыздық

мөлшері

Белгілеулер мен қысқартулар

ЖЭС -жылу электр станциясы

ЖЭО- жылу электр орталығы

ШМК - шектеулі мөлшер концентрациясы

ШМ - шектеулі мөлшер

СТ -су тапшылығы

ТҚ -транспирация қарқындылығы

ОҚ -осмостық қысым

МҚО - метеорологиялық қадағалау орталығы

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. 20-ғасырдағы ғылым мен техниканың дамуы ірі өнеркәсіп орындарының жедел өсуіне өз әсерін тигізді. Осыған орай бұл күнде атмосфераның, топырақтың, судың, үздіксіз ластануын тежеп тоқтату мүмкін емес. Сол себепті қоршаған ортаны қорғау және оны табиғи қалпында сақтау мәселесі бүкіл дүние жүзі елдерінің алдында тұрған міндет. Қоршаған ортаға техногендік ластанған заттар мен қалдықтардың таралуын және тірі ағзаларға зиянды әсерін зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстанның барлық аумағында өндіріс орындарынан шыққан қалдықтардың 20 миллиард тоннадан астамы техногендік лас заттар, оның ішінде 6, 7 млрд. улы заттар [ҚР статистикалық агенттігінің көрсеткіштері, 1997] . Осының нәтиежесінде өнеркәсіп төңірегінің топырағы, жер асты және жер үсті сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Атмосфераның ең төменгі бөлігі тропосферада ауа температурасының, ылғалдылықтың, жел жылдамдылығының тік градиенті өте жоғары. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан Кентау қаласының жағдайы да алаңдатарлық. Бұл өңірге жасыл ағаштар отырғызу, өнеркәсіп алаңдарын көгалдандыру өте қажетті экологиялық шаралар болып табылады. Өнеркәсіпті қалаларда ауаның ластануына қарсы күрес жүргізген кезде сол өндіріс маңайына техногенді лас заттарға төзімді ағаштарды отырғызу қажет. Түсті металлургия өнеркәсіптерінде тазалау құбырлары мен сүзгіш аппараттар пайдаланылғанмен атмосфера ауасына жүздеген тонна шаң және әр түрлі улы газдар мен техногенді қалдықтар айналаға таралады. Осыларды ретке келтіру үшін техникалық құралдармен қатар, жасыл желектің де орны бар екені ғылыми түрде дәлелденді. Бүгінгі күні қоршаған ортаның өндіріс және өнеркәсіптен шығатын құрамында әр түрлі ауыр металдармен, техногенді қалдықтармен ластанудың тірі ағзаларға әсері өте аз зерттелінген. Көпшілік ғылыми жұмыстарда негізінен зиянды газдар мен металдардың өсімдіктің өсіп жетілуіне кері әсері сипатталады. Ағаш өсімдіктерге сыртқы ортаның антропогендік әсері, оның ластануы, физиологиялық ішкі өзгерістерге тигізетін ықпалына зерттеу аз жүргізілген.

Өсімдіктің сыртқы орта жағдайына бейімделуі-экологияның басты мәселелерінің бірі. Бейімделу процесін анықтауда өсімдіктің анатомиялық-морфологиялық, физиологиялық жағдайларын зерттеудің маңызы зор. Өсімдіктердің физиологиясында су режимі өте маңызды орын алады. Экологиялық жағдайы әр түрлі ауданнан алынған өсімдіктердің су режимін зерттеу-олардың бейімделуін анықтаудың бірден-бір жолы. Бейімделуі анықталған өсімдіктің жерсіндіру жолдарын болжауға да болады. Өз кезеңінде су режимі барлық физиологиялық процестерге бастама болатын маңызды көрсеткіш. Сол себепті бұл жұмыста экологиялық факторлар өсімдіктердің физиологиялық жағдайына әсері тек су режимі арқылы анықталады. Сондықтан өсімдіктерді жерсіндіру үшін оның су режимін, яғни су тапшылығын, транспирация қарқындылығын, осмостық қысымын зерттеу-өзекті мәселелердің бірі.

Жұмыстың мақсаты. Шығу тегі әр түрлі жеті ағаш өсімдікті мысалға ала отырып, техногенді ластанудың ағаштардың физиологиялық жағдайына су режимі арқылы әсерін анықтау және олардың орта жағдайына бейімделуін зерттеп білу. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

-Кентау қаласындағы ағаш-тал өсімдіктерінің түрлерін анықтап, сипаттама беру;

-Өсімдіктердегі техногенді лас заттардың әсерінен болатын су режиміндегі өзгерістерді зерттеу;

-Екі түрлі ауданда өсірілген жеті түрдің: канадалық терек, ақ тал, үш инелі қармала, Семенов үйеңкісі, ұсақ жапырақты қарағаш, кәдімгі өрік, жіңішке жапырақты жиденің су тапшылығына салыстырмалы түрде сипаттама беріп, талдау жасау;

-Осы түрлердің транспирация қарқындылығы бойынша салыстырмалы түрде нәтиже алу;

-Зерттеуге алынған түрлердің осмостық қысым көрсеткіштері бойынша салыстырмалы түрде талдау жасау.

Қорғауға ұсынылған негізгі мәселелер:

-Экологиялық екі түрлі ортада өсірілген жеті түрдің су тапшылығының

жағдайы;

- Екі аймақтағы транспирация қарқындылығының жағдайы;

- Экологиялық факторлардың осмостық қысым жағдайына әсері.

Қорғауға жіберілген қағидалар:

Кентау қаласындағы ағаштардың түрлік құрамын сипаттау;

Техногендік ластанудың өсімдіктердің физиологиялық жағдайына әсері;

Техногендік ластанған аймақтағы өсімдіктердің су тапшылығына төзімділігі;

Ластанған және ластанбаған аймақтағы өсімдіктердің транспирация қарқындылығының салыстырмалы нәтижелері;

Зерттелінген түрлердің осмостық түрлерін салыстырмалы түрде сипаттау;

Ғылыми жаңалығы. Әр аймақтан әкелінген ағаш-бұта өсімдіктердің түр құрамына сипаттама берілді, солардың ішінде ең көп таралған түрлері анықталды;

- Алғаш рет ластанған ауданда кездесетін жеті түрдің су тапшылық деңгейіне техногендік ластанудың әсері питомникте өсірілген түрлермен салыстырмалы зерттелген нәтижесінде ластанған ауданға төзімді келесі түрлер Gleditschia triacanthos, Elaeagnus angustifolia, Salix alba , Ulmus pumila анықталды;

Алғаш рет транспирация қарқындылығы бойынша әр түрлі экологиялық аудандағы транспирация шамасы келесі түрлерде Populus deltoides Mersh, Ulmus pumila, Aсer semenovi, Elaeagnus angustifolia, Gleditschia triacanthos төзімділік көрсеткені анықталды;

Алғаш рет осмостық қысым бойынша мына түрлерде Populus deltoides Marsh 1, 4 есе, Aсer Semenovii 1, 5 есе, E laeagnus angustifolia 1, 3 есе, Salix alba 1, 1есе, Ulmus pumila 1, 2 есе, Gleditschia triacanthos 1, 6 есе Armeniaca vulgaris 1, 0есеге артық екені анықталды;

Жұмыстың практикалық маңызы. Әр түрлі зиянды заттар бөліп шығаратын көздері бар өндіріс орындарының топырақты, суды, атмосфераны ластаудың өсімдікке тигізер әсерін болжамдау. Ірі өнеркәсіп орындары шоғырланған елді мекенді жерлерді жасыл желекпен көркейту және осы аймаққа санитарлық- қорғаныс алаңдарын жасап, төзімді ағаш түрлерін өсіру, көбейту.

Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ғылыми-әдістемелік кеңесінде және ғылыми кеңестің мәжілісінде (1994, 1996-1998ж. ж. ) ; Абай Құнанбайұлының 150 жылдық мерей тойына арналған оқытушы-профессорлар құрамының, ғылыми қызметкерлер мен аспиранттардың II-ғылыми теориялық конференциясында (Түркістан, 1994) ; Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өткен «Инновациялық технология-ғылым мен техникада» атты ғылыми-техникалық конференцияда (Өскемен, 2006) баяндалды.

Диссертация тақырыбы бойынша басылымдар. Диссертация материалдары бойынша 4 ғылыми мақала жарияланып, республикалық ғылыми конференцияларда 3 баяндамалар тезисі, 1 әдістемелік нұсқау жарық көрді.

Диссертацияның көлемі және құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспе, әдебиеттерге шолу, зерттеу әдістері мен объектілері, жасалған тәжірибелердің нәтижелерінен құралған 3 бөлімнен, қорытынды және 130 әдебиеттер негізінің тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертация 93 беттен құралған, оның ішінде 23 сурет, 13 кесте берілген.

1 Әдебиетке шолу

1. 1 Кентау қаласының табиғи және экологиялық жағдайы

Қаратау өңiрiне жақын орналасқан Кентау қаласы 1960-1980 жылдары өте жоғары қарқынмен дамыған жас қалалардың бiрi. Алғашында бұл жерде Мырғалымсай кентi және бiрнеше ұсақ кеншiлер кенті болған. Бұл жерден кеннiң үлкен қоры табылған соң, оны игеру жұмыстарын жүргiзу үшiн iрi кен орындарын салу қажет болды. Содан барып Кентау қаласының iргесi көтерiлiп, құрылыстар, жасыл желектердi интродукциялау, оларды жерсiндiру мәселелерi қолға алынды.

1952 жылы Кентау қаласы деп аталанып, iрi өндiрiс орындары қарқынмен дами бастады.

1956 жылы «Ачполиметалл» комбинатының көмегiмен жер аумағы 40 га болатын питомник салынды. Бұған жер-жерден көптеген ағаш, бұта тектес өсiмдiктер әкелінiп отырғызыла бастады. Өзбекстан, Қырғызстан, Украинадан жас көшеттер әкелiндi, сөйтiп алдымен өсiмдiктiң (әсiресе ағаш тектес) бiрнеше түрлерiн көбейту қолға алынды. Содан кейiн барып қаланы көгалдандыру жұмыстары жүргізіле бастады. Көшелердiң бойына, ұсақ саябақтарға, үй аулаларына ағаштар отырғызылды. Жыл сайын питомниктен 60 мыңға жуық көшеттер алынып, қала тұрғындарының көмегімен 2 миллионға жуық ағаш-бұталар отырғызылды.

Көгалдандыру шаралары бойынша Кентау қаласын мынадай аймақтарға бөлуге болады (сурет 1) .

1. Орталық бөлiгi: Ясауи, Қонаев даңғылы және көлемi 13 га-ға созылған «Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы саябақ. Бұл саябақтың ішінде өсімдіктердің көп түрі кездеседі, әсіресе жалпақ жапырақты ағаштар мен қылқан жапырақтылар. Орталық ауданда да жасыл желектiң түрлерi көп. Атап айтқанда қайыңдар, жапон сафорасы, жоңғар доланасы, грек жаңғағы, кәдiмгi емен, ланцетник шағаны, кәдiмгi бадан, бұталы өсiмдiктерден қара шәңкiш, кәдiмгi итмұрын, түркiстан доланасы, үш инелi қармала, кәдiмгi жұпаргүл, көп гүлдi раушан, тағы басқа.

2. Оңтүстiк аймағы: бұл аймаққа кеншiлер саябағы (ауданы 7 га) Абай, Әуезов, Тоқтаров, Гагарин көшелерi енедi. Ең көп таралған ағаштарға: Семенов үйеңкiсi, таулы шаған, боз қараған және қара ағаштар көше бойлай канадалық терек қара ағаш, шах тұты, жасыл шаған, ақ тұт, Альберт итмұрыны, жіңішке жапырақты жиде отырғызылған. Кеншiлер саябағында сабау тал, ақ тал, Болле терегi, кәдiмгi жұпаргүл, боз қараған, қара шәңкiш, жіңішке жапырақты жиде, қара шәңкіш, татар үшқаты кездеседі.

3. 52-шi, 67-шi мөлтек ауданы: бұл аймақта негiзiнен тұрғын үйлердiң ауласында өсетiн жемiс ағаштар мен бұталар. Оларға мыналар жатады: кәдiмгi өрiк, алма, алмұрт ағаштары, шие, жүзiм, жіңішке жапырақты жиде, қара қарақат т. б.

4. Бұл аймақ қаланың солтүстiк жағы, жаңа аудан. Питомниктен жас көшеттердi алып, аулаларда жас бұталар мен ағаштарды отырғызған. Қаланың солтүстік шығыс жағында жасыл желектiң түрi аз және өте сирек отырғызылған, оның себебi бұл жерде қаланың жылу электр станциясы, Мырғалымсай руднигi, трансформатор, экскаватор зауыттары орналасқан. Әдебиеттердегі мәліметтерден [2-4] белгілі ауыр металдарды жоғары дәрежеде аккумуляциялайтын өсімдіктердің түрлеріне ақ акация - Robina pseudoacacia L; шетен жапырақты үйеңкі - Acer negundo L; қара терек- Populus tremula L; сондай-ақ солардың жағымсыз кері әсеріне толеранттылығы жоғары қара ағаш - Ulmus laevis Palt [5], ал потагенді бактериялардан қорғайтын фитонцидті өсімдікке ақ акация - Robina pseudoacacia L ; жіңішке жапырақты жиде - Elaeadhus angustifolia L; емен- Guercus robur L;, ақ қайың - Betula penduia Roth жатады [6, 7] .

Сондықтан шаңды қоспаларды, шуды сіңіретін қасиеттері өте жоғары, әрі декоративті интродуценттердің түрлерімен жаңа саябақтар мен гүлзарларды осы ауданға отырғызған жөн. Экологиялық перспективті интродуцент өсімдіктердің түрлі зиянды өндірістік газдарды аккумуляциялайтын, жағымсыз экологиялық факторларға толеранттылығы жоғары және де фитонцидті қасиеттерін ескеріп, жерсіндіру іс шарасы кезінде осы талапты ғылыми тұрғыда іске асыруға болады.

Белгілі географиялық аймақтың микроклиматтық, эдафикалық жағдайларына қарай экологиялық фонның біркелкі болмайтыны анық. Қалада өндіріс, халық саны артқан сайын одан әрі ушыға түседі.

Ортаны экологиялық жағдайларына қарай жіктеу тіршілік ортасы деген ұғымды білдіреді. Мәселен, тіршілік ортасына су (оны мекендейтін организмдер, тұщы, ащы тұнық сулар, судың әр түрлі қабаты), топырақ (географиялық жағдайына байланысты топырақ түрлері), өсімдіктер жатады. Өсімдік жамылғысының жағдайын зерттеп бақылауды ұйымдастыру ең негізгі кезек күттірмейтін мәселе. Бұл әр аймақтың табиғи өсімдіктеріне антропогендік әсердің ықпалын бақылап, экологиялық негізде мониторинг жасауды талап етеді. Өсімдіктің географиялық өсу орнына қарап оның сыртқы ортаның кейбір жағдайларына, оның ішінде климат факторларына қатынасын жобалауға болады. Бірақ толық мағлұматты оның өсіп тұрған ортасы мен айналасындағы жағдайларды зерттеу арқылы ғана аламыз.

Қала Қаратау тауының етегінде орналасқандықтан желдетуі өте нашар болатын жағдайда орналасқан. Кәсіпорындардан шығып жатқан техногенді лас заттардың желдетілуі баяу жүреді. Сондықтан ауаның ластануы, топырақтың беткі қабаттарының былғануы мөлшерден тыс артып отырады.

Кентау қаласының эколог мамандардың деректеріне қарағанда ластаушы заттардың 31, 2% СО газы, 27% күкiрттi газ, 24% жуық металл қалдықтары және олардың қосындылары, солардың iшiнде қорғасын, мырыш, мыс, сонымен бірге аэрозольді ұсақ бөлшектер [8] .

Бұл жерлердегi өсiмдiктерге қонатын шаңның құрамында улы газдар, металдардың микроэлементтерi көп болады. Өндiрiс мекемелерi төңiрегiндегi тозаңның құрамында 37, 7% темiр, 15, 5% алюминий, 2, 7% мыс, 0, 2 % қорғасын болатыны анықталған [9] .

Қалалардың экологиялық жағдайы қаншалықты шиеленiсе түссе, онда көгалдандыруды соншалықты қарқынды жүргiзу керек. Осындай жас өнеркәсiптi қалалардың бiрiне Кентау қаласы жатады.

Кентау қаласының экологиялық мәселелерi де сын көтермейтiн жағдайда, әсiресе, қаланың солтүстiк-шығыс бөлiгiнде орналасқан қала өнеркәсiп құрылыстары ауаның табиғи қозғалысын, айналымын тежейдi. Ауа, топырақты ластайтын қалдықтар, шаң-тозаңдар көп бөлiнедi. Ол кәсiпорындар ауаның табиғи қозғалысын, айналымын тежейді. Ауа, топырақты ластайтын қалдықтар көп бөлінеді. Ол кәсіпорындар мыналар: жылу электр станциясы, Мырғалымсай руднигi, кен байыту комбинаты, экскаватор, трансформатор зауыттары. 1992-1994 жылдар аралығында осы аймақтан ауаның 1539 сынамаcы алынып, зерттеу жүргiзген. Сондағы ауаның ластануы мынадай көрсеткiште болған: қорғасынның орташа айлық концентрациясы -3, 7 ШМК, мыс-2, 7 ШМК, мырыш - 4, 1 ШМК. Ал 1995 жылы алынған нәтижелер бойынша орташа көрсеткiш санитарлық нормадан аспаған.

Судың құрамын тексеру үшiн 18 сынама алынып зерттеген кезде өте үлкен ластану тiркелген, яғни Cu-32 ШМК, Zn-44 ШМК. 1996 жылғы көрсеткiште бұл сандардың мәнi одан жоғары болған, яғни Cu 32-ден 40 ШМК-ға дейiн көтерілген болса, Zn 44-65 ШМК-ға дейiн барған. Бұл деген өндiрiстен өте көп мөлшерде улы қалдық заттар бөлiнiп, экологиялық норманы сақтамағандық деп есептелінеді [10] .

1996 жылы алынған көрсеткiшке келетiн болсақ, май айында Хантағы өзенi мен шахтыдан шыққан сулардың нәтижесі мынадай болған. Мыс (Cu) пен қорғасынның (Pb) концентрациясы алдыңғы көрсеткiштен 1, 6 есе төмендеген. Мырыштың концентрациясы бiраз көтерiлген. Мұны шахтадан шығып жатқан судың мөлшерiнiң төмендеуiмен түсiндiрген. Техногендiк ластанудың күрт төмендеуi, кейбiр горизонттардың жабылуына байланысты және әр түрлi апаттардың болмауымен түсiндiрген [11] .

Ал ендi, жасыл желектiң жағдайына келер болсақ, бұл аудандарда өсiрiлген ағаш, бұта өсiмдiктердiң көп түрi кездеспейдi. Тек жазық маңда орналасқан тұрғын үй аулаларында жемiстi ағаштар, қайың, үйеңкi, тал, күмiс түстi жиделер, канадалық терек, жіңішке жапырақты жиде, үш инелі қармала, ұсақ жапырақты қарағаш, қара терек отырғызылған.

Дегенмен, орта жағдайын жақсартуда жасыл желектiң маңызды роль атқаратынын айта кеткен жөн. Әсiресе, оның санитарлық-гигиеналық қызметiнiң мәнi өте зор.

Қаратау тауы Тянь-Шань тау жотасының қатпарлы бөлiгiнiң бiрi болып саналады [12] .

Сырдария Қаратауы Сырдария өзенiнiң оң жақ жағалауынан бастап 400 км дейiн созылып жатыр. Бұл жотаның оңтүстiк батысында 30-60 км Сырдария өзенi ағады. Солтүстiк шығыс жағында Талас өзенi, одан төменiрек Мойынқұм жерi орналасқан. Қаратаудың етегiндегi жазық жерде оңтүстiктен батысқа қарай өтiлетiн аймақта Кентау қаласы салынған. Оң жақ тұсында Хантағы өзенi, батыс жағында Баялдыр өзенi ағып жатыр. Бұл екi өзен Қаратаудың оңтүстiк-батыс жағынан бастау алады. Хантағы өзенiнiң ұзындығы 102 км, Телекөл көлiне келiп құяды. Енi 2-3 метр, кей жерлерi 40-60 метрге дейiн барады. Тереңдiгi 0, 3-0, 4 метр, кей жерi 1, 5-2, 3 метр. Көктемде судың лайлануы 200-620 г\см дейiн жетедi. Баялдыр өзенiнiң ұзындығы 54 км, енi 2-20 метрге дейiн жетедi, тереңдiгi 1-1, 5 метр. Судың құрамында минералданған карбанат 200-300 мг\л шамасында [13] .

Жер бедері. Жалпы қаланың жер бедері тегіс, кейбір жерлері шығысқа қарай ойқы болып келеді. Хантағы кентінен жоғары қарай Қаратау қорығы созылып жатыр. Бұл қорықта жан-жануарлардың, өсімдіктердің қызыл кітапқа енген түрлері қорғауға алынған, сонымен бірге жан-жануар мен өсімдіктің басқа да көптеген түрлері кездеседі.

Кентау қаласының климаты өте континентальды. Негізінен шөл климаттарының белгілері көрінеді. Түркiстан қаласындағы метеостанцияның анықтамасы бойынша жел күндіз шығыстан оңтүстікке қарай, түнде батысқа қарай соғады. Желдің орташа айлық жылдамдығы 3, 1 м/сек, кей кездері 3-4 м/сек дейін барады. Шаңды, қатты желдің соғуы 1-2 күннен аспайды. Шiлде-тамыз айларында көбiне құрғақшылық, наурыз-сәуiр айы аздап жауын-шашынды. Маусым айының орташа температурасы 28, 3 0 С, шiлдеде ең жоғарғы көрсеткiш 36 0 С. Қыс айларындағы орташа температура 5, 6- 9, 5 0 С. Ең төменгi температура 38 0 С. Жауын-шашынның түсуi де әр түрлi, қардың түсу мөлшерi де аз. Бұл көрсеткіш климаттың құрғақ екенін көрсетеді. Қардың түсу қалыңдығы 10-15 см, қыста түскен қар мөлшерiнiң биiктiгi 25 см. Қар 60-85 күндей ғана тұрып, ерiп кетедi. Ылғалдылықтың ең көп болатын кезеңi қараша-наурыз айларында. Бұл кезде 50-60% жуық жылдық ылғалдылық болады. Жыл бойына солтүстiктен, солтүстiк-батыстан соққан желдiң жылдамдығы 20 м/сек жетедi. Кей кезде 25-26 м/сек дейін барады. Жаз айларында ауаның ылғалдылығы өте төмен болады (28-32%) . Ауа құрғақшылығы 90 күнге дейiн сақталанып тұрады. Қуаңшылық басым оңтүстікте булану жылдық жауын-шашыннан көп мөлшерде артық болады. Жауын-шашын мөлшері күз, қыс айларында көбірек болады. (1-кесте)

1 кесте- Жауын шашынның орташа айлық мөлшері

айлар
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
айлар: мм
I: 55
II: 59
III: 81
IV: 72
V: 49
VI: 13
VII: 10
VIII: 7, 5
IX: 9
X: 29
XI: 52
XII: 78

Ал, қыс айларындағы ылғалдылық 70-80%-дай болады. Жаздың аяғы күзге дейiн созылады. Күздiң бiрiншi жартысы жылы, ашық болады. Күз қазан айында ғана басталады (метеостанцияның анықтамасы, 1991) . Климаттың қалыптасуына ауа ағындарының қозғалысы үлкен әсер етеді. Атлант мұхитынан келген циклон өзімен жауын-шашынды ала келе, қыста ауа температурасын жоғарлатады, жазда керісінше төмендетеді. Орташа айлық температура 2-кестеде берілген. Жалпы бұл көрсеткіштерде қыс айларында қатты аяз болмайды, бірақ ыстық күндер көп болады.

Кесте 2- Орташа айлық температура

айлар
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
айлар: 0 C
I: -7
II: -5
III: 6. 8
IV: 10. 9
V: 19. 8
VI: 28, 3
VII: 29. 4
VIII: 21. 3
IX: 16
X: 5. 6
XI: -1. 5
XII: -9, 5

А. Карбышеваның анықтамасы бойынша жер топырағы негiзiнен сұр топырақты болып келедi. Топырақ құрамындағы қарашiрiк 1, 0-1, 5%. А-горизонтындағы топырақ түсi ашық-күлгiн. Ал В-горизонтында тығыздалған, карбанат иондары көбiрек қарашiрiк аз кездеседi. Топырақтың құрамы Cа, Мg, Na, K тұздарына бай. Топырақтағы азоттың мөлшерi 0, 085-0, 091% аралығында болса, фосфордың үлесi 0, 085-0, 087% [14] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кентау қаласының өндірістік орындарының қоршаған ортаға әсері
Кентау қаласы қоршаған ортасының экологиялық жағдайы
Кентау қаласының қазіргі экологиялық жағдайы
Кентау қаласының қазіргі экологиялық жағдайына баға беру
Шымкент қаласында топырақтың ауыр материалдармен ластану дәрежесі
ҚОРҒАСЫНЫ ӘРТҮРЛІ ДЕҢГЕЙДЕГІ СЫРТҚЫ ОРТАДА ОНЫҢ МАЛ ӨНІМДЕРІНДЕ АНЫҚТАЛУ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қоршаған орта жағдайының мониторингі
Оңтүстік Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи территориялары
Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы физикалық - географиялық сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz