Банк жүйесі: түрі, түсінігі, құрылымы
КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1.1 1930.32 ж.ж. болған несие реформасы
1.2 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы
1.3 Банк жүйесінің құрылуы
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
2.1 Ұлттық Банк . Қазақстан Республикасының Орталық банкі
2.2 Банк жүйесінің екінші деңгейінін құрылымы
2.3 Екінші деңгейлі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі
3 БАНКТЕРДІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
3.1 Банктік қызметті бақылау және қадағалау
3.2 Банк қызметіндегі тәуекелділік
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас республикалардың бірі болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.
Ресейдің банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда кеш қалыптаса бастап, өз даму жолында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы банктер XVIII ғ. екінші жартысында мемлекеттік (қазыналық) банк түрінде пайда болып, XIX ғ. аяғы және XX ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай банк-несие мекемелерінен құрылды:
- мемлекеттік банк (1860ж. құрылған);
- қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктері;
- көп буынды жеке банктер: акционерлік банктер (49 филиалдары бар 44 банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), коммерциялық банктер (32), несие-жинақтау серіктестіктері (729) және т.с.с.
Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен қатар жоғары қауіпті операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражатын тартумен шұғылданатын банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері болды.
1917 ж. қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. Сонымен қатар Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында кооперативтік, жеке,мемлекеттік-капиталистік, шетел капиталының қатысуымен мемлекеттік және басқа банктер құрыла бастады. 1922 ж. Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банкі құрылды.
1924 ж. акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі құрылып, оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол КСРО-ның Мемлекеттік банкісінің құрамында болып, сыртқы сауда операцияларын және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 ж. КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі болды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу қоғамдары, ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары, несиелік кооперативтер пайда болды.

[1] Сейітқасымов А.М Ақша, Несие, Банктер.- М.: Алматы, 2004.- 314б.
[2] Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 1999-184 бет.
[3] «Экономикалық теория негіздері» . Аубакиров 2001 жыл 91б.
[4] Ілясов Қ.Қ; Құлпыбаев С. Қаржы: Жоғары оқу орындарға арналған. Алматы 2005ж. – 600б.
[5] Құлпыбаев С. «Қаржы» - Алматы: 2005ж.- 551б.
[6] Қаржы: Оқулық. / Под ред. проф. А.М. Ковалевой.–М.,2000.
[7] Қаржы: Оқулық. / Под ред. Мельникова В.Д., Ильясова К.К. – Алматы, 2000.
[8] Кәсіпкерлік қаржы: ЖОО арналған/ Н.В.Колчина, Г.Б.Поляк, Л.П.Павлова и др.;. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002ж.
[9] ] Әлібекова.Ф.Р. Банк және банктік қызметтер. - Алматы: Экономика, 2005- 148 б.
[10] Стацурина Д.А Айналым капиталының құрылымы және қаржыландырудың әдістері // Қаржы –қаражат/ Финансы Казахстана. –Алматы: 2008.-№10.-Б 29-31.
[11] Қазақстан Республикасының 28 шілде 2009 жылғы Ақшаларды аудару мен төлеу жөніндегі Заңы, өзгертулері және толықтырулармен бірге.
[12].Кабашева.Н. Қазақстанская и американская модель ипотечного кредитования // Қаржы –қаражат/ Финансы Казахстана. –Алматы: 2008.-№8.-Б 25-26.
[13]. Абрамов М.А., Александрова Л.С. Финансы, денежное обращение и кредит. - М: Институт международного права и экономики: 2004.-199 - 102 б.
[14] Сейітқасымов.Ғ.С. Ақша , несие, банктер. - Алматы: 2005. - 415 б
[15] 15 қыркүйек 2008 жылғы Қазақстан Республикасында қолма-қол шетелдік валютамен жүргізілетін айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі нұсқау.
[16] Қалиева.Г.Т. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің тұрақтылық проблемалары. - Алматы:Экономика, 2001.-464 б.
[17] Давлетова.М.Т. ҚР банктерінің несие қызметтері. - Алматы: Экономика, 2001.- 256 б.
[18] Базарбаев Б. Экономикалық активтер көрсеткіштер//Қаржы-қаражат/ – Финансы Казахстана, 2002. -№2. –Б.60-62.
[19].Құдайбергенов Ж.С. Бірынғай Банкттер сараптамалары.//Егемен Қазақстан.- Алматы.2008.-№426-428.-Б .75-76.
[20].Мақыш С.Б. Қаржы айналымы және несие. – Алматы: Экономика, 1999. -225 б.
[21] Ильясов К.К. Финансово – кредитные проблемы развития экономики Казахстана// Под.ред. – Алматы: -Білім, 2005.- 415 б.
[22] Махмутова М. Шағын және орта бизнес несиелері. // Банки Казахстана/-Алматы: 2000.-№ 8.- Б .65-66.
[23] Омарова А.К Банктердегі баланстық көрсеткіштер// Хабаршы Вестник/ -Алматы: 2008.-№ 2.-Б .33-35.
[24] Абдрахимов Р.К Ипотекалық несие саясаты және қарыз алушының міндетемелері // Қаржы –қаражат/ Финансы Казакстана.-Алматы: 2005. -№ 6.-Б. 55-57.
[25] Тоқсанбай.С.Р.Толық экономикалық, қаржылық-меншікті, банктік, салықтық кедендік, сақтандыру, биржалық және кәсіпкерлік терминологиялардың орысша-қазақша сөздігі - Алматы: Сөздік–словарь. 1999. - 235 б.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 ҚАЗАҚТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
5
1.1 1930-32 ж.ж. болған несие реформасы 5
1.2 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы 7
1.3 Банк жүйесінің құрылуы 9
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ 11
2.1 Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының Орталық банкі 11
2.2 Банк жүйесінің екінші деңгейінін құрылымы 15
2.3 Екінші деңгейлі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі 17
3 БАНКТЕРДІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ 19
3.1 Банктік қызметті бақылау және қадағалау 19
3.2 Банк қызметіндегі тәуекелділік 20
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас
республикалардың бірі болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған
жоқ. Қазақстан территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің
филиалдары мен бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк
жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің
және КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.
Ресейдің банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда
кеш қалыптаса бастап, өз даму жолында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы
банктер XVIII ғ. екінші жартысында мемлекеттік (қазыналық) банк түрінде
пайда болып, XIX ғ. аяғы және XX ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінен
мынадай банк-несие мекемелерінен құрылды:
- мемлекеттік банк (1860ж. құрылған);
- қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктері;
- көп буынды жеке банктер: акционерлік банктер (49 филиалдары бар 44
банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), коммерциялық банктер (32),
несие-жинақтау серіктестіктері (729) және т.с.с.
Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен қатар
жоғары қауіпті операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражатын тартумен
шұғылданатын банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері болды.
1917 ж. қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет
монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен
басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. Сонымен қатар
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында кооперативтік, жеке,мемлекеттік-
капиталистік, шетел капиталының қатысуымен мемлекеттік және басқа банктер
құрыла бастады. 1922 ж. Тұтыну кооперациясының банктері және
Өнеркәсіп банкі құрылды.
1924 ж. акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі құрылып,
оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол
КСРО-ның Мемлекеттік банкісінің құрамында болып, сыртқы сауда операцияларын
және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 ж. КСРО-да
Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі
болды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу қоғамдары,
ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары, несиелік
кооперативтер пайда болды.
1927 ж. КСРО Орталық атқару комитеті мен Халық комиссариаты
Кеңесінің "Несие жүйесін құру принциптері туралы" қаулысына сәйкес бүкіл
банк жүйесін тікелей басқару Мемлекеттік банкке тапсырылды. Сол қаулыға сай
маманданған банктер және банктердің проценттік саясат жүргізудегі дербестік
құқығы жойылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері
бойынша да ажыратылды. 1928 ж. Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай
өнеркәсіп пен Электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне
біріктірілді. Қысқа мерзімді несиені басқа шаруашылық салаларының бәріне
олардың тоқсандық жоспарларына сай Мемлекеттік банк беруі тиіс болды. Жалпы
1927-1929 жж. банктердің өзіне тән ерекше қызметі - банктік несие беру
жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды.
Курстық жұмыстың мақсаты банк жүйесі: түрі, түсінігі, құрылымы болып
табылады.
Осы қойылған мақсатқа келесі міндеттер шешу қажет:
- Қазақтан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу тарихы және
дамуын қарастыру;
- екінші деңгейлі банк жүйесін құрылуын талдау;
- банктердің нарықтық экономикадағы рөлін зерттеу.
Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының банк жүйесі болып
табылады.
Зерттеу пәні банктік технология негізінде әр түрлі операциялар жүргізу
процесінде туындайтын экономикалық қатынастар болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Коммерциялық банктер жүйесі
қорытындыларын басқаруды байланысты мәселелер отандық және шет елдік
экономистердің ғылыми еңбектерінде жан-жақты зерттелген. Сейітқасымов А.М ,
Нұрғалиев Қ.Р., Ілясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., Абрамов М.А., Александрова Л.С.
сияқты экономистердің еңбектерінде отандық экономистерінің еңбектерінде
банктік операциялардың мәселелріне көп көңіл бөлінеді.
Курстық жұмыстың методологиялық негізі болып Қазақстан, шетел
экономистерінің зерттеу материалдары, Қазақстан Республикасының екінші
деңгейлі банктерінің қызметін талдау барысында алынған мәліметтер,
статистикалық материалдар, тәуелсіз аудиторлар есебі, оқулықтар, ғылыми
мақалалар табылады.
Зерттеу әдісі. Курстық зерттеуді жүргізу кезінде келесі әдістер
қолданылыды: жалпы диалектикалық тәсіл, салыстырмалы-статистикалық,
аналитикалық, тарихи және логикалық тәсілдер, жүйелі-құрылымды, жүйелі-
функционалды және жалпылау әдісі.
Курстық жұмыстың жаңашылдығы. Курстық жұмыста Қазақстан
Республикасындағы коммерциялық банктердің жүйесінің даму деңгейі
талданып, оларды жетілдіру жолдары ұсынылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған
әдебиеттер тізімінен қамтиды.
Кіріспе бөлімінде курстық жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері,
зерттеу пәні мен тәсілі және жұмыстың құрылымы берілген.
Бірінші бөлімде Қазақтан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу
тарихы және дамуы қарастырылады.
Екінші тарауда екінші деңгейлі банк жүйесін құрылуын талдауы
көрсетілген.
Үшінші тарау банктердің нарықтық экономикадағы рөлі зерттелді.
Зерттеу нәтижелелері қорытындыда көрініс тапқан.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1.1 1930 - 1932 ж.ж несие реформасы
1930 -1932 жж. жүргізілген несие реформасы елдегі банк жүйесінің
дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы еді. Бұл кезде 1929 ж. қабылданған халық
шаруашылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары бойынша елді
индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мемлекеттік бірыңғай
жоспар бойынша орталықтан қаржыландырылуы қажет еді. Ол үшін ақша қаражатын
каржы-несие жүйесіне жинақтап, одан соң жоспарлы түрде шаруашылық
салаларына бөліп беру керек. Бұл міндеттерді оған дейін айналым қаражатын
өз бетімен жоспарсыз бөлумен шұғылданған әр түрлі несие мекемелері орындай
алады. Онымен қоса ірілі-уақты өнеркәсіп орындары біріне-бірі коммерциялық
несие бергенде есеп айырысуды вексель берумен жүргізіп, банк бақылауынан
тыс қалды. Іс жүзінде банктің несие алушымен, яғни тауар сатып алушымен
байланысы болмады. Нәтижесінде шаруашылық орындарының бірін-бірі несиелеуі
(яғни коммерциялық несие) тікелей мемлекеттік жоспарлы басқарумен қайшы
келіп, елдегі несие қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігін тудырды
[1].
Несие реформасын жүргізу үшін елде біраз алғы шаралар жүргізілді.
Біріншіден, бұл кезде экономика салаларында біраз жетістіктерге қол
жетті және олардан жеке капитал ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 жылы мемлекеттік
сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы 99,1%-ке, көтерме саудада 97,2%-ке,
ал бөлшек саудада 86,5-ке жетті. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік және
ұжымдық шаруашылықтар тауарлы ас-тықтың 55%-ін өндірді.
Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік жоспарлы басқару
жүзеге аса бастады. 1928 ж. Халық шаруашылығын өркендетудің бірінші
бесжылдық жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді.
Жоспар кәсіпорынның өндірістік және қаржылық іс-әрекеттерін қамтыды.
Үшіншіден, шаруашылықтың негізгі буыны - өнеркәсіп мекемесі
шаруашылық есепке көшірілді.
Төртіншіден, коммерциялык вексельді айналымнан шығарып, оның орнына
есеп айырысуды тек банк арқылы жургізудің және қысқа мерзімді несиені тек
банктерде жинақтаудың нәтижесінде 1929 жылдың 1 қарашасында халық
шаруашылығына берген қысқа мерзімді несиенің 80%-ке жуығы банктер үлесіне
тиді.
Сонымен, несие реформасын жүргізу үшін алғы шаралар жасалып, 1930
жылдың қаңтарында несие реформасы жүргізіле бастады. Несие реформасының
мақсяты - несиелеу мен несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін енгізу.
Несие реформасы төрт кезеңде жүргізіліп, негізгі мына мәселелер
шешілді [2]:
- шаруашылық орындарынын бірін-бірі коммерциялық несиелеуін тікелей
банктік несиемен өзгерту;
- мемлекеттік банктің бағытын нығайтатын есеп жұмысының жаңа түрін -
шаруашылық есепті енгізу;
- халық шаруашылығын қысқа мерзімді несиелеу процесін Мемлекеттік
банкке шоғырландыру. Өндіріс мекемелерінің өзінің және қарызға алған
қаражаттарының жұмсалу бағыттарын ажырату, шаруашылықты несиелеудің
принциптерін бекіту;
- несие-банк жүйесін қайта құру, яғни Мемлекеттік банк пен үзақ мерзімді
несие беретін арнаулы банктердің қызметін ажырату.
Сөйтіп несие реформасының негізгі мақсаты коммерциялық және жанама
банктік несиелеуді тікелей банктік несиемен алмастыру жүзеге асырылды.
Банктік несие деген несие алушыға, яғни тауар сатып алушы кәсіпорынға
жоғары басқару органының жоспары бойынша тікелей банк беретін несие. Бұл
банктік несиенің коммерциялық несиеден негізгі айырмашылығы.
Дегенмен банктік несиенің бұл артықшылығы несие реформасын жүргізуде
жіберілген қателерге байланысты халық шаруашылығына бірден өзгеріс енгізе
қойған жоқ. Банктің жіберген қателері төмендегілер еді:
- есептесудегі автоматизм (санасыз, тек бұрын қалыптасқан дағды бойынша
істелетін әрекет): жабдықтаушының банкісі сатып алушыға жіберілген
барлық тауарлар үшін ақшаны дағдылы автоматты түрде аударса, ал сатып
алушының банкісі де дәл солай автоматты түрде оның шотынан түскен
тауарлар құнын шығарып отырды;жіберген жүктің дұрыстығы және
шаруашылық органдардың арасындағы келісімнін орындалуы бақыланған
жоқ;
- несие берудегі автоматизм (немесе жоспармен несие беру); жоспардың
нақты орындалуын тексермей-ақ, банк шаруашылық мекемелеріне жоспарлы
түрде несие берді; несиенің мөлшері жоспарды орындау үшін қажетті
айналым қаражатының жалпы жетіспеуіне қарай анықталып, оның пайдалану
мақсаты мен қайтарылу мерзімі көрсетілмей-ақ берілді;
- шаруашылықтардың өзінің және қарызга алған айналым қаражаттарын
ажыратпауы (араластыруы): әрбір шаруашылық мекемесіне банкте бір шот
ашылып, онда өз қаражатының да, банктік несиенің де барлық кірісі
де, шығыны да есептелді, олардың арасындағы ерекшеліктер көрсетілмеді;
- банктің несиелеу және есеп айырысу реформасын жүргізуге техникалық
дайынсыздығы: ережелер, нұсқаулар, құжаттардың түрлері алдын ала дайын
болған жоқ, сондай-ақ банктің төлем жүргізуге қабылдайтын құжаттары
саны жағынан да қарастырылмады. Есеп айырысудың жаңа тәртібі бойынша
аз сомаға толтырылған құжаттардың тасқынын банк өңдей алмауының
нәтижесінде халық шаруашылығындагы есеп айырысу ісі қиындап кетті.
Несие реформасының келесі кезендері осы жіберілген кемшіліктер мен
бұрмалаушылықтарды жойып, шаруашылық органдарының арасындағы келісім
тәртібін нығайту мен Мемлекеттік банктің ролін күшейтуге арналды [3].
Сонымен 1930-1932 жж. жүргізілген несие реформасының қорытындысында
жоспарлы социалистік экономикаға сәйкес үйлестіру типіндегі несие-банк
жүйесі құрылып, Мемлекеттік банк өндіріс пен тауар айналымын есептейтін
және бақылайтын бірыңғай аппаратқа айналды. Коммерциялық банктердің ролі
төмендеп, кейін елде тек мемлекеттік банктерден тұратын монобанктік жүйе
қалыптасты [4].
Банк жүйесі көрсететін қызмет белгілеріне қарай қайта ұйымдасып,
қысқа мерзімді несие беретін жалпы мемлекеттік банк және күрделі қаржымен
қамтамасыз ететін маманданған банктер жүйесі құрылды. Бұндай бір буынды
банк жүйесіне: КСРО Мемлекеттік банкі және күрделі қаржымен несиелейтің
төрт Одақтық маманданған банктер - Өнеркәсіп банкі, Ауыл шаруашылық банкі,
Орталық коммуналдық банк, Сауда банк кірді. Сонымен бірге орталық банк
жүйесіне шетел банктерімен кең корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыратын
Сыртқы сауда банкі және халықтың бос қаржысын тарту, төлемдерін жүргізу мен
мемлекеттің зайымдарын орналастыру арқылы халыққа қызмет көрсететін
бірыңғай жалпы мемлекетгік несие мекемесі, яғни жинақ кассалары карады [5].
Сөйтіп, 1959 ж ұзақ мерзімді несие беретін банк жүйесі қайта қаралды.
Ауыл шаруашылық банкі мен Орталық коммуналдық банк таратылып, олардың
қызметтері Мемлекеттiк банкке берілді. Өнеркәсіп банкі мен Сауда банкісінің
негізінде күрделі қаржы беретін Одақтық банк - Құрылыс банкі құрылды. Ол
халық шаруашылығының әр - түрлі салаларының (ауыл шаруашылығынан басқа)
ұйымдары мен кәсіпорындарын қаржыландырумен және ұзақ мерзімді несиелеумен
шұғылданды. Осы өзгерістерден кейін 1960 жылдан 1988 жылға дейін КСРО банк
жүйесінің кұрамы келесідей болды: Мемлекеттік банк, Мемлекеттік Құрылыс
банкі, Сыртқы сауда банкі және Мембанк құрамына кіретін жинақ кассалары
жүйесі.
1.2 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы
Елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуін жеделдету және ақша-несие
қатынастарының маңызын арттыру мақсатында Кеңес Одағы Компартиясы Орталық
Комитетінін Пленумы 1988 ж. 1 қаңтарынан бастап банк жүйесін кайта құру
туралы Қаулы қабылдады. Оған дейін бұрынғы КСРО-да және Шығыс Еуропа
социалистік елдерінде банк жүйесінің құрылымы негізінен бірдей болды. Олар:
елдің эмиссиялық, несие беру, есеп айырысу және кассалық орталығы -
Мемлекеттік банк; күрделі құрылысқа қызмет ететін мемлекеттік банк және
сыртқы сауда-саттыққа қызмет көрсететін Мемлекеттік банк [6].
Сан жағынан шамалы несие мекемелерінде банк ісін шоғырландыру және
несие беруді, есеп жүргізуді, мемлекеттік валюталық монополияны жоспарлы
ұйымдастыру негізінде банктерді басқаруды орталықтандыру сияқты ерекше
нышандар сол кездегі барлық социалистік елдердің банк жүйесіне тән еді.
Дамыған мемлекеттердің банк жүйесінің әр буыны атқаратын көптеген банктік
қызметтерді бұл елдерде тек Мемлекеттік банк атқарды. Шын мәнінде
Мемлекеттік банк жан-жақты қызмет көрсететін әмбебап несие институты
ретінде болды.
Шаруашылық механизмінің жалпы бағыты - банктердің құрылымы мен
ондағы қызметкерлер санын анықтайтын басты фактор. Бір банктік жүйе
басқаруды қатал орталықтандыру мен шоғырландырудан шыққан нәтиже. Ал
монополизмді бұзу концепциясы, экономиканы басқаруды жергілікті жерлерге
беру бірнеше дербес банктердің құрылуына себеп болады. Бастапқыда осы жолды
бұрынғы социалистік елдер - Венгрия, Қытай, Югославия - таңдап алды.
Әлемдік тәжірибеде орталық банкпен қатар көптеген жеке және мемлекеттік
емес несие институттарының (коммерциялық, кооперативтік, арнаулы және
басқа) қызмет істеу үлгісі кең тараған [7].
Сөйтіп 1988 ж. қаңтарынан бастап КСРО-да банк жүйесін түбегейлі
өзгертетін реформа жүргізіле бастады. Оның алғашқы кезеңінде елдегі
Мемлекеттік банк пен Құрылыс банкінің негізінде мемлекеттік банкпен қатар 5
салалық мемлекеттік маманданған банктер құрыла бастады. Олар:
- КСРО Мемлекеттік банкі: оның міндеті "банктердің банкісі" ретінде
елдің ақша айналымын ұйымдастыру. Ол бұрынғыдай мекемелер мен
ұйымдардың кассалық және несие-есеп қатынастарын жүргізбейді, оның
клиенті - маманданған мемлекеттік банктер;
- КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі. Оның міндеті өндіріс, құрылыс,
транспорт, байланыс салаларындағы негізгі жұмыстарды несиелеу,
күрделі шығындарды қаржыландыру мен несиелеу және олардың есеп
айырысу жұмыстарын жүргізу;
- КСРО Аграрлы-өнеркәсіп банкі; Оның міндеті - аграрлы-өнеркәсіптік
кешендерінің мекемелері мен ұйымдарына қызмет көрсету;
- КСРО Тұрғын үй және әлеуметтік банкі ол тұрғын үй
шаруашылығы мен әлеуметтік салалар мекемелеріне қызмет көрсету үшін
кұрылды;
- КСРО Жинақ банкі - ол бұрынғы жинақ кассаларын біріктіру арқылы
құрылған, оның негізгі міндеті - халыққа қызмет көрсету;
- КСРО Сыртқы экономикалық банкі - ол бұрынғы Сыртқы сауда банкінің
негізінде қайта құрылған банк. Оның міндеті экспорт - импорт операцияларын
ұйымдастыру және ол бойынша есеп жүргізу, сыртқы экономикалық байланыстағы
шаруашылық орындарын несиелеу, жинақ-валюталық жоспардың орындалуын
бақылау, елдің валюта ресурстарын тиімді пайдалану, халықаралық валюта және
несие нарығында операция жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету.
Бұл маманданған салалық банктердің құрылымы әкімшілік-территориялық
принциппен ұйымдастырылған. Олардың әрқайсысының (КСРО Сыртқы экономикалық
банкісінен басқа) республикалық банкі (Алматыда, 5 банк) және облыс
орталықтарында сол банктердің облыстық басқармасы (Қазақстанның 19
облысында әр банктің өз басқармалары) құрылды. Аудан орталықтарында және
қалаларда олардың дамуының негізгі бағытына байланысты кейбір салалық
банктердің бөлімшелері құрылып, маманданған банк өз клиенттерімен қатар сол
аудандағы немесе қаладағы басқа салалық банктердің клиенттеріне де қызмет
көрсетті. Сонда банктердің мамандануы тек облыстық басқарма деңгейінде
жүріп, несие-банк жүйесінің төменгі сатысын өзгерткен жоқ. Бұл әрине банк
реформасындағы негізгі минус еді [8].
1.3 Банк жүйесінің құрылуы
Жаңадан құрылған банк жүйесі бұрынғыдан да көлемді, әрі ыңғайсыз, көп
сатылы, көп шығынды, үлкен бюрократ аппараты бар жүйе болды. Осы
айтылғандар төменгі, яғни аудандық, қалалық банк мекемелерінің несие және
есеп жұмыстарының бұрынғыдан бірнеше есе көбеюіне әкеп соқтырды. Банк
жүйесінің төменгі буынындағы бөлімшелері жоғары деңгейдегі әрбір
маманданған салалық банктерге (облыстық басқармаларға және республикалық
кеңселерге) өздері қызмет көрсететін клиенттері бойынша несие ресурстарын
жоспарлап және оның пайдалануы туралы есеп беріп отырды. Оны мына бір мысал
дәлелдейді, 1987 ж. (реформаның алдындағы жыл) Мемлекеттік банк бойынша
негізгі экономикалық жоспар 82 баптан құрылса, ал 1988 ж., яғни реформадан
кейінгі бір жылда Агроөнеркәсіп банкі, Тұрғын үй және әлеуметтік банкі,
Мемлекеттік банк бойынша дәл сол көрсеткіш 112 баптан құрылды. Ал осы
көрсеткіштердің бәрін банк бөлімшелері қызметкерлері орындап, ол жөнінде үш
салалық банктердің жоғары сатыларына есеп беріп отырды.
Банк жүйесін қайта құрудан кейін маманданған банктер арасында әр
түрлі қайшылықтар туындады. Сонымен қатар жаңа банк жүйесі клиенттер мен
банктер арасындағы қарым-қатынастарға да кері әсерін тигізді. Мысалы,
реформаға дейін банк бөлімшесінде клиенттердің бәріне бірдей қызмет
көрсетілсе, ал реформадан кейін қызмет көрсететін банктің мамандануына
қарай "клиент біздікі" немесе "басқанікі" болып бөлінді. Әрине бұндай
қолайсыз жағдайлар несие-есеп механизмінің қоғамдық өндірістің тиімділігін
төмендетуіне себеп болды. Бірдеңгейлік жүйеде банктердің көп болуы, олардың
қызметтерінің араласуы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың себептерін одан
әрі шиеленістірді [9].
Сондай-ақ олардың ойынша банктер өз қызметін нашарлатып алды, банк
жүйесін қайта құру жаңа экономикалық үлгі құруға ешқандай әсер етпеді.
Банк реформасының бірінші кезеңіндегі сәтсіздіктін ең негізгі себебі
- оның жоғарыдан берілген нұсқау әдісімен жүргізілуі және оған айтарлықтай
дайындықтың болмауы, қажетті алғы шаралардың жүргізілмегендігі. Экономиканы
басқаруды негізінен қайта құру тек 1987 ж. басталған болатын. Елде банк
реформасының басталу кезінде жалпы экономикалық реформадағы банктің ролін
түсіну қалыптаспаған еді. Экономикалық даму мәселелері мемлекет пен
экономика субъектілерінің қаржылық жағдайын нашарлатты. Банк
реформасының келесі кезеңі осы қателіктер мен кемшіліктерді жоюға арналды.
1988 ж. "Кооперациялар (серіктестіктер) туралы" Заң қабылданып, соған сай
қаражат тарту және несиелеу қызметтерімен шұғылданатын кооперативтік
банктер пайда бола бастады. Банктік кооперативтер ашуға жасалған қолайлы
жағдайлар өз алдына "банктік шу" туғызып, көптеген банктердің пайда болу
толқынына әкеп соқтырды. Оған мынадай статистикалык мысал келтірейік,
1989ж. 1қаңтарында елде 43 коммерциялық банк тіркелсе, бір жылдан кейін -
224, ал 1991 ж. аяғында олардың саны 1357-ге жеткен. Дегенмен осы
банктердің негізгі бөлігін тек пайданың көп бөлігін өзіне алу үшін ашылған
"біркүндік" банктер құраған. Кейін олар жабылып, орнына клиенттерге төтенше
қолайлы жағдайлар ұсынған, бірақ өз міндеттемелерін орындамаған жаңа
банктер ашылды [10].
Сонымен, банк жүйесін бірсыпыра реттеген 1990 жылдын аяқ шенінде
одақтық екі заң - "Мемлекеттік банк туралы" Заң және "Банктер және банк
кызметі туралы" Заң бекітілді. Заңдарда банк ашу жағдайы, оларды бақылау
әдістері белгіленді. Осы Заңдарға сай бұрынғы маманданған банктер
акцияландырылу негізінде коммерциялық банктерге айнала бастады.
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
2.1 Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының орталық банкі
Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990ж.
желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған "Банктер және банк
қызметі туралы" Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі
деңгейлі банк жүйесі кұрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - ҚазКСР-ның
Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк - коммерциялық
банктер жүйесі.
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан
соң КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың
желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал
1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады [11].
Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк,
өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығы
бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен
қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын
және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей
бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас
орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде
жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден
босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде
өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын
үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің
міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір
жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап
бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның
құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде
өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік
операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы
мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол
нормативтік актілер "Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы", "Вестник
Национального Банка Казахстана" атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын
ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
- ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды
ұйымдастырады;
- ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақгы қызметін қамтамасыз етеді;
- несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-
сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа
ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты
мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие
саясятын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін
реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады.
Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі
болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк
операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ
алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы
вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар
мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды,
дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды
сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті
резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының
түрлерін анықтайды [12].
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және
монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың
құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін
анықтап, дайындығын қамтамаыз етеді.
Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражатын шығаратын, теңге мен тиынның
қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді
ұйымдастыратын айырықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін
айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін
жоюмен шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк
республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты
(жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен
қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк - екінші
деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық
валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия
болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгілеген
тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу
формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін
банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін
төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және
агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және
сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша
дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін кажетті іс-шараларды қабылдайды.
Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы
қағаздарды орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін
Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың
филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия
береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенгтері
міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта
операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып,
олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және
басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәртібін және әдісін бекітіп,
сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының
қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды.
Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін
және басқа кұжаттарын тексереді.
Алтыншыдан, валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны
атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы
қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен
жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер
деңгейіне шектеу қояды [13].
Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы
қағаздарды Қазақстанға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін
белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан
тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап,
шот ашуға рұқсат береді.
Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді.
Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта - қаржылық және
несие - есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің
есебін жүргізеді.
Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару
үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен
операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің "Бағалы металдарға
және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы" Заң
күші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып
алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден (сатып
алушылардан) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы
металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын
қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.
Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің
қоймасында сақтау үшін үкіметтік (бюджеттік) резервке алынған құндылықтарды
қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды,
өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып
алу және сату операцияларын жүргізеді.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты:
жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы
провизияларынан (резервтерінен) құрылады.
Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд. теңгеден қалыптасады және
оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік
бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қордың құнынан және
Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.
Резерв капиталы жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы
есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге
жұмсалады [14].
Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан
түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін
Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталык резерв теңгенің ішкі
және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшін құрылып және сол мақсаттарға
жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі элементтерден құрылады:
- алтыннан;
- банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және
республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан;
- Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан;
- Шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері шығарып,
кепілдік берген бағалы қағаздардан;
- шетел валютасындағы жай және аударым вексельден;
- өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел
валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.
Арнайы провизиялар (резервтер) Ұлттық банктің шығыстары есебінен
күмәнді және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден,
бағалы қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы
қалдықтардан және басқа активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан
құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктің монетарлық
емес талаптары және әлеуметгік сипаттағы төлемдер кіреді.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған
кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең. Шығынға шығарылып
тасталған күмәнді борыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған
банкноталар мен монеталардың амортизациясы (тозуы) қосылады. Табыс жоғарыда
айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған
бөлігі келесі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz