Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
КІРІСПЕ
1 ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІҢ ЖӘНЕ ҚАРЖЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Ғылыми техникалық прогресс: мәні мен даму бағыттары
1.2 Ғылыми техникалық прогресс:эволюциялық және революциялық, технологиялық өндіріс әдісі ретінде
1.3 Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі қаржының орны
2 ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫНЫ ТАЛДАУ
2.1 Қаржы нарығының экономикалық мәні мен функциясы
2.2
2.3 Қазақстанның қаржы нарығының институционалдық құрылымы
Қазақстанның қаржы нарығының ағымдағы жағдайына талдау
3 ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІ ЖЕТІЛДІРУДЕ ҚАРЖЫНЫҢ РӨЛІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қаржы нарығын реттеуде қалыптасқан негізгі проблемалар
3.2 Ғылыми.техникалық процестерді жетілдіруді мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды.
Қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасының «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдардың мемлекеттік реттеуі мен қадағалауы» Заңының (2003 ж. шілде) 1 бабына сәйкес қаржы нарығы: «қаржылық қызмет көрсету және тұтынуымен, сонымен бірге қаржы құралдарын шығаруы және айналысымен байланысты қатынастар жиынтығы».
Соңғы кездің маңызды үрдісі – институционалды инвесторлардың санды және сапалы өсуі. Оларға банктер, мемлекеттік мекемелер, халықаралық қаржы институттар, зейнетақы және сақтандыру қорлар мен компаниялар, ірі бірлестіктер, инвестициялық қорлар жатады.
Әрбір елге мазмүны мен ерекшеліғін мүмкіндігінше толық ашатын қаржы нарығының құрылымы тән. Қаржы нарығының құрылымына қатысты ғалым-экономистердің пікірлері әр түрлі. Сондықтан да оның ғалымдар ұсынған кейбір түрлері; қарастырылып, содан соң Қазақстанға тән қаржы нарығының құрылымы анықталады.

[1] Банковское дело /В.И.Колесников, Л.П.Кроливецкая, Н.Г.Александрова и др. -М.: Финансы и статистика, 2009 г.
[2] Березина М.П., Крупнов Ю.С. Межбанковские расчеты. М.: Финстатинформ, 2004г., стр 4.
[3] Банковское дело: Учебное пособие для вузов/ Под ред. О.И. Лаврушин.- М., 2002г., стр 110.
[4] Роде Э. Банки, биржи, валюты современного капитализма. М.: Финансы и статистика, 2006г., стр 215.
[5] Кредит и обращение денег в сфере безналичного оборота: Учебное пособие для вузов / Под ред. Ц.М. Хайтиной.- Саратов, 2011г., стр 3.
[6] Косой A.M. Управление безналичным платежным оборотом. М.: Финансы, 2008г., стр 11.
[7] Шварц Г.А. Безналичный оборот и кредит в СССР. М.: Госфиниздат, 2003г., стр 49.
[8] Ван ден Берг П. Операционная и финансовая структура платежной системы. М., 2005г., стр 19.
[9] Бломштейн Г.Д. Саммерс. Б.Д. Банковское дело и платежная система. М., 2005г., стр 17.
[10] Банки и банковское дело: Учеб. пособие/ Под ред. И.Т.Балабанова-М.: Питер-2003. Стр 12.
[11] Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Алматы-Экономика 2001, 314 бет.
[12] Екатерина Трофимова «Анализ рисков банковского сектора Республики Казахстан» //«Банки Казахстана» журнал, 2006, №8. стр 19.
[13] Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие: Оқу кұралы. - ИздатМаркет, Алматы, 2004. стр 23.
[14] Деньги. Кредиты. Банки. Учебник/ Под ред. Е. Ф. Жукова. - М.: ЮНИТИ, 2005. Стр 212.
[15] Банковское дело: Учебник/ Под ред. В.И.Колесникова, Л.П.Кроливецкой. -М., «Финансы и статистика» 2000. стр 198.
[16] Г.Кеңес «Төлем жүйесінің төлем карточкалар арқылы жұмыс жасауының экономикалық аспектілері»// «Қаржы - қаражат» журнал, 2006, №1. 26 бет.
[17] Гүлжихан К.К. «Қолма-қолсыз есеп айырысулардағы жаңа құбылыстар және ақшаның эртүрлі нышандарының ақша айналымындағы бәсекелестігіне олардың әсері»// «Банки Казахстана» журнал 2006, №6. 38 бет.
[18] Гуара Юлдашева «Пластиковая карточка как способ вхождения в цивилизованный мир»//«Финансы и Кредиты» экономический журнал 2004 ,№7. стр 9.
[19] М.Жоламанова «Электронные карточки - новое поколение денег»// «АльПари» экономический журнал 2006, №3-4. стр 15.
[20] Г.Амантурлина «Революция в использовании платежной карточки»// «Финансы и Кредиты» экономический журнал 2006, №3. стр12.
[21] Жанна Мамбетова «Запуск собственного процессингового центра»// «Финансы и Кредиты» экономический журнал 2006, №8. стр18.
[22] Анализ рынка банковских услуг в Казахстане// «Без проблем»// www.bez-problem.kz
[23] Андреев А.А., Морозов А.Г., Логинов А.И. «Пластиковые карты», БДЦ, М. 2008 г. стр 32.
[24] Ауриемма М. Дж. Индустрия банковских пластиковых карточек: - М.: ИНФРА-М, 2007 г. стр 45.
[25] Ќ.Ќ. Ілиясов, С. Ќұлпыбаев. Ќаржы. Жоғары оќу орындарына арналған оќулыќ. Алматы: 2010 жылы. 57 бет.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
4
1
ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІҢ ЖӘНЕ ҚАРЖЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
6
1.1
Ғылыми техникалық прогресс: мәні мен даму бағыттары
6
1.2
Ғылыми техникалық прогресс:эволюциялық және революциялық, технологиялық өндіріс әдісі ретінде
9
1.3
Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі қаржының орны
12
2
ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫНЫ ТАЛДАУ
16
2.1
Қаржы нарығының экономикалық мәні мен функциясы
16
2.2
2.3
Қазақстанның қаржы нарығының институционалдық құрылымы
Қазақстанның қаржы нарығының ағымдағы жағдайына талдау
19
26
3
ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІ ЖЕТІЛДІРУДЕ ҚАРЖЫНЫҢ РӨЛІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
30
3.1
Қаржы нарығын реттеуде қалыптасқан негізгі проблемалар
30
3.2
Ғылыми-техникалық процестерді жетілдіруді мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі
31
ҚОРЫТЫНДЫ
32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
34
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми - техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды.
Қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдардың мемлекеттік реттеуі мен қадағалауы Заңының (2003 ж. шілде) 1 бабына сәйкес қаржы нарығы: қаржылық қызмет көрсету және тұтынуымен, сонымен бірге қаржы құралдарын шығаруы және айналысымен байланысты қатынастар жиынтығы.
Соңғы кездің маңызды үрдісі - институционалды инвесторлардың санды және сапалы өсуі. Оларға банктер, мемлекеттік мекемелер, халықаралық қаржы институттар, зейнетақы және сақтандыру қорлар мен компаниялар, ірі бірлестіктер, инвестициялық қорлар жатады.
Әрбір елге мазмүны мен ерекшеліғін мүмкіндігінше толық ашатын қаржы нарығының құрылымы тән. Қаржы нарығының құрылымына қатысты ғалым-экономистердің пікірлері әр түрлі. Сондықтан да оның ғалымдар ұсынған кейбір түрлері; қарастырылып, содан соң Қазақстанға тән қаржы нарығының құрылымы анықталады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау кезендерге және, тиісінше, ғылыми-техникалық зерттеулерге байланысты, соның ішінде: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, жобалау-конструкторлық зерттемелер, жаңа техника мен технологияны, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың әдістерін енгізу.
ҒТП-ні қаржымен қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары қаржыландыру көздерінің көптігі және олардың мақсатты бағыттылығы болуы тиіс.
ҒТП-нің қолданбалы және енгізбелік шаралары шаруашылық ecen қорларынан (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған) және банк кредиттері есебінен қаржыландырылуы тиіс.
Зерттеу әдістері. Курстық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында қаржыға қатысты нарықтардың қызмет етуін талдау оның белгілі бір сегментін, өз ережесі бойынша жеке қызмет етушілерді айыруды, бөлуді шамалайды. Қазақстандық экономикалық әдебиетте қаржы нарығы әр нысандағы ақша капиталы мен құнды қағаздардың қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастар ретінде көрінеді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда ғылыми - техникалық прогресс қоғамдық дамудың, оның әлеуметтік мәні мен мазмұны. Ғылыми - техникалық прогрестің нысаны жайлы,ол эколюциялық және эволюциялық нысандар. Ғылыми техникалық революцияның қазіргі кезеңі ғылымның өндіргіш күшке айналып, қоғамдық еңбек бөлінісінің жаңа сатыға өтуі. Қоғамдық өндірістің дамуы.
Екінші тарауда қаржы нарығына толық мәлітет. Қаржы нарығының негізгі функциялары,құрылымы,ерекшелңктері, негізгі түрлері. Соңғы кездің маңызды үрдісі - институционалды инвесторлардың санды және сапалы өсуі. Оларға банктер, мемлекеттік мекемелер, халықаралық қаржы институттар, зейнетақы және сақтандыру қорлар мен компаниялар, ірі бірлестіктер, инвестициялық қорлар жатады.
Үшінші тарауда қаржы нарығының проблемалары бойынша зерттеулер жүргізу, ғылыми жариялымдар дайындау және бизнес-тренингтер ұйымдастыру, сондай-ақ ғылыми ізденістер, зерттеулер мен аналитикалық жұмыстармен алмасу. Ғылыми техникалық прогресстерді жетілдіруді мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі жөнінде.
Курстық жұмыстағы зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.
1 ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІҢ ЖӘНЕ ҚАРЖЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 ҒТП мәні мен даму бағыттары
Қазіргі ғылыми- техникалық прогресс өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайын жетілдіріп және іс жүзінде пайдалануды тездетеді.Сондықтан, қазіргі заман ғылыми-техникалық немесе технологиялық революция заманы. Олай болса осы құбылыстың басты көріністері және мәні қандай?
- ғылыми- техникалық прогресс кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндіріс фазаларына да ықпал етті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және басқару жүйесін мүлдем өзгертті;
- ғылым мен өндірістің интергациялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті. Экономикалық өсу-өрлеудің факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық құрылымын және т. б. жағдайларды күрт өзгертті;
- жаңа принципті техника мен технология жасалып өндіріске енгізілуде. Сапалық жаңа өндіріс аппараты қалыптасып келеді. Бірлескен жұмыс күші даму үстінде;
- қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің ерекшеліктерінің бірі микроэлектрониканың жедел қарқынмен дамуы және пайдаланылуы. Микроэкономикалық техниканың негізінде электрондық ақпарат, жасанды интеллектуалды элементтерді бойына дарытқан электронды есептеу машиналары, икемді автоматтандырылған өндіріс пайда болды. Бұл қазірдің өзінде, әсіресе келешекте қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі факторына айналары сөзсіз;
- ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті алға бастыруда ғылымның рөлінің өскендігінің айқын көрінісі. Ғылым мен өндіріс қосылып біртұтас процеске айналды. Демек, ғылым өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналғандығы жөнінде айтқымыз келеді. Осының негізінде:
- қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді. Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ереше, өндіріске озық технологияны пайдалану қазіргі ғылыми- техникалық революцияның негізгі көріністерінің бірі, машина компонентіне және элементтеріне жаңа сапалық өзгерістер енді. Бұл жағдай адамның өндірістегі орны мен рөлін мүлдем өзгертті, жұмысты күрделендірді, жаңа биік талаптар қойылды, қазіргі ғылыми - техникалық революция әлемдік сипатқа ие болды, бүкіл дүниежүзілік құбылысқа айналды, биотехника кең өріс алды [1].
Ғылыми - техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол эколюциялық және эволюциялық нысандар. Бірінші нысанда өндіріске енгізілген техника мен технологияны жетілдіру және тарату прцестеті сол бұрынғы ғылыми- техникалық принципке негізделген. Ғылыми - техникалық прогрестің революциялық нысны өндірісте жаңа сападағы ғылыми - технкалық прнциптерді пайдалануға негізделген. Бұл процесс қазіргі заман - ғылыми- техникалық прогресс заманы екендігін көрсетеді.
Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми - техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды [2].
Қаржы (фр. finance, лат. finantia -- аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) -- мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы санаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді. Ақша қатынастары қаржы қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып табылады, мысалы, жеке тұтынуға, айырбастауға жұмсалатын ақшалай қаражат (бөлшек сауда тауар айналымы, көлік, коммуналдық, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтеріне, сондай-ақ қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы сатып алу-сату үдерістеріне жұмсалатын ақша енгізілмейді). Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді.Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың (фирмалардың) арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады. Алғашқы жағдайда олар мемлекеттік бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының арасындағы өзара байланыстарды қамтиды. Қаржының құрылымы мен мазмұны түрлі елдерде түрліше. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде мемлекеттік қаржы, мемлекетгік бюджет пен бюджетг тыс қорлардың құралуы айқындаушы орын алады. Мұнда қаржыны өзі ЖІӨ мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары ретінде сипатталады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалпы мемлекетгік, қоғамдық мұқтаждарға, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатын мемлекеттік қаржының, мемлекеттің кірісі мен шығысын бюджеттендірудің елеулі рөлі сақталады. Алайда қаржы қызметінің негізгі салмағы қаржы ресурстарын бір орталықтан бөлуден тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің еркін нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, салық, баж, есеп мөлшерлемелері, жәрдем қаражат, көмек қаржы, үлестеме, басқа да қаржы тұтқалары арқылы нарықтық қатынастарды реттеуге ауысады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің: кәсіпорындардың, коммерциялық фирмалардың, компаниялардың, банкілердің, жекеше кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын дербес пайдалануы мүмкіндігі айтарлықтай артады [3].
Қазіргі технологияның дамуы өндірістің табиғи фактордан тәуелсіздігін бәсеңдетсе, екінші жағынан, оның рөлі барған сайын күшейіп (мысалы, ұдайы өндіріс процесінде бұрын ескерілмеген немесе жете ескерілмеген ресурстар) әуе және космос кеңістігі, дүниежүзілік мұхит т.б. еніп отыр. Осылайша табиғат ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта түсуде. Бұдан бір тұтас экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Заманымыздың ғұлама ғалымы академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл - ноосфера дәуірінің басталуы.
Ғылым мен практикада дәлелдегеніндей, интенсивтендіру қоршаған ортаны, табиғатты әлсіретпейді, қайта оның сол қалпында сақталып, жетіліп отыруына, табиғи қалпында қоры таусылмай ұдайы өндіріліп тұруына ықпал етеді. Адамдардың табиғатқа ықпалы қай қоғамда да қандай шаралар қабылдап, оны ақылмен ойластырып, ұйымдастырып іске асыратындығына байланысты. Біздің еліміз жағдайында табиғатқа көзқарас, оны аялау, қорғау, сақтау мәселесіне жете көңіл бөлінбей келгені өкінерлік жағдай. Қандай мөлшерде, қаншаға түссе де ең алдымен өндірістік жоспарды орындау керек деген принцип табиғатқа, адам баласына орны толмас зиян келтіріп келгенін айтпасқа болмайды. Арал теңізі, Семей, Капустин Яр полигондарына байланысты жайлар, аймақтық мәселе дер едік.Өйткені республика халқына, табиғатына, оның болашағына тигізген қайғы-қасіретін бір мемлекет күшімен жою қиын, оған әлемдік деңгейде бірлескен шаралар жүйесі керек. Дүниежүзілік мұхит, теңіздер де олардың мұнай өндірумен ( бұл өндірудің 25 проценті) байланысты қатты ластанып отыр, тіпті ондағы өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесіне зор қауіп төнуде. Сондай-ақ егістік жерлерде минерал тыңайтқыштарын орынсыз енгізудің адамзат пен табиғатқа зиянды әсер- ықпалы қаншама десеңізші. Сондықтан экологиялық проблемалар қазір дүниежүзілік көлемде қатты шиеленіскен күйде. Табиғаттан алуды ғана білу жеткіліксңз, оны сақтап , қорғау туралы кең бағдарламалық шараларлы тез арада іске асыру бүкіл адамзаттың, болашақтың ең басты міндеті.
1.2 Ғылыми - техникалық прогресс (ҒТП): эволюциялық және революциялық технологиялық өндіріс әдісі ретінде
Адамзат баласы өз басынан әр түлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені тарихтан белгілі. Олардың даму дәрежесін сиппайтын ортақ көрсеткіш бар. Ол-еңбек құралдары. Экономикалық дәуірдің айырмашылығы не нәрсе өндірілетіндігінде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен өндірілетіндігінде. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу дәрижесін анықтайды. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы, еңбек құралдарының даму тарихы десе де болады.Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс сонау ерте заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау шегі.
Бір кезде ең қарапайым құралдарына негізделгең қоғамдық құрылыс үстіміздегі ғасырдың екінші жартысында технологиялық өндіріс ретінде ең жоғары дәрежесіне жетті. Осы технологиялық өндіріс әдісі дегеніміз не? Қоғамдық өндірісті дамытуға тек қана еңбек құралының болуы жеткіліксіз. Оған қоса қажетті материалдар, тиісті технологиялар, қуаттар ақпараттар және өндірісті ұйымдастыру керек. Осылардың жиынтық мазмұны технологиялық өндіріс әдісі деп аталады. Демек, технологиялық өндіріс әдісі дегеніміз қоғамдық өндірісті дамытуға қажетті еңбек құралы, материалдар, технологиялар, қуаттар, ақпараттар және өндірісті ұйымдастырудың жиынтығы. Бұл арифметикалық сандық қосынды емес, сапалық категориялар. Технологиялық өндіріс әдісінің даму сатылары бар. Ол қоғам дамуының тарихымен ұласып жатады. Сондықтан жекелеген қоғамдық экономикалық формациялардың даму тарихы технологиялық өндіріс әдісі бірден пайда болған жоқ, әлі тарихи ұзақ мерзімді қамтитын күрделі процесс.
Алғашқы қауым тұсында адамдар ең қарапайым еңбек құралдарын пайдалады. Сондықтан олар табиғатқа бағынышты еді. Бертін келе от жағу пайда болды. Осы бір қарапайым құбылыс адам қоғамының дамуындағы тұңғыш революциялық қадам еді. Ол металлургия өндірісінің өмірлік өзегіне айналды. Тас, қола, темір ғасырлары атағына ие болған әр түрлі технологиялық өндіріс әдістері өмірге келді. Осы технологиялық әдістердің бәрі де бір ғана энергетикалық күшке негізделіп дамыды [4].
Құл иеленуші, әсіресе феодалдық қоғамда технологиялық өндіріс әдістері елеулі табыстарға жетті. Олардың қозғаушы күштері сол кездегі мақсаттарға байланысты маериалдық өндірісті дамыту қажеттігі. Жаңа технология, техника пайда болды да өндірісті және еңбекті ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді. Мұның бәрі туып келе жатқан жаңа қоғам-капиталистік қоғамның талаптарына сай келмеді. Капитализмге мүлдем басқаша технологиялық өндіріс әдістері қажет болды. Ол тек қана еңбек құралының дамуының жаңа сапалық белгілерімен, ірі машиналы өндіріске жетудің жолдарымен белгіленеді. Ал ірі машиналы өндіріс бірден пайда болған жоқ, оның тарихи даму және қалыптасу белестері бар. Ірі машиналы өндірістің құрылуы бірнеше кезеңнен тұрады. Олар: жай кооперция мануфактура, фабрика.
Жай кооперация дегеніміз белгілі бір өндіріс процесінде немесе түрліше,бірақ бір-бірімен өзара байланысты өндіріс процестерінде көп адам ,жоспарлы түрде,бірақ бір-бірімен қатар, өзара әрекетте жұмыс істейтін еңбек нысаны.
Екінші кезең- манифактура (XVI ғасырдың орта шенінен XVII ғасырдың 70-жылдарына дейін орын алды.).Манифактура машина әлі пайда болмаған, еңбек бөлінісіне негізделген коопнрация. Осы кезле еңбек бөлінісі, қолмен істейтін еңбек құралы шарықтау шегіне жетті, жиынтық жұмысшылар пайда болды және капитал қоғамына қажетті алғы шарттар қаланды. Өмірге үшінші кезең- фабрика(XVIII ғасырдың соңы ) келді.Ол ірі машиналы өндіріске негізделген.Фабрика дамуы ұзақ мерзімді қамтып, үнемі сапалық өзгерістерде болатын тарихы кезеңдері басынан өткізді. Қазіргі әр алуан, көп нұсқалы негізге сүйенген жаңа технологиялық өндіріс әдісі- фабрика дамуының түпкі жиынтық нәтижесі. Ғылыми- техникалық прогресте осы фабрика дамуының сапалық қорытындысы.
Ғылыми техникалық революция жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашады. Демек,бұл білімберу жүйесінде де революциялық өзгерістер енгізеді. Осы бағытта капитализм едәуір икемділік көрсетті, білім мен ғылымнң мән- мағынасын дұрыс түсінді, оларға жағдай жасап, жан-жақты дамуына жол ашты.
Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін мұның маңызы зор. Білім беру жүйесін уақыт, өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі ниеттен туған , ұлы мақсатты көздейтін прцесс екендігін естен шығармаған абзал.
Ғылыми- техникалық революцияның дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне тән ортақ жағдайлары мен заңдылықтары бар. Олардың негізгілері мыналар: шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгеріске ұшырауы ; техника мен технологияның бір типтегі түрлері; бірлескен жұмыс күшінің кәсіптік- мамандық құрылымының өзгеруі; - жұмыс күшінің сапасына деген талаптың өсуі; еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінің артуы; жұмысшы күшінің әрдайым босап қалуы; өндірістік емес салада жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуі және т. б.
Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен рыноктық қатынасқа байланысты еңбекшілердің қоғам алдына қоятын талаптарының ауқымы өсті, түрлері көбейді. Қазір қарапайым адамдар еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту және сауықтыру, еңбек ақы мөлшерін жұмыс күшінің ұдайы өндірісінің талабына сәйкестендіру, кәсіпорындарға жұмысшы бақылауын кең түрде қолдану, өндірісті басқару және әлеуметтік мәселелерді шешуге хақылы болуын, қоршаған ортаны аялау жөнінде өкіметтің, атқарушы органдардың батыл шешім қабылдауын, еңбекке деген құқықты іске асыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және соғыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы саладағы жетістіктердің бәрін де бейбіт мақсатқа пайдалану және т.б. талаптарды өткір қойып отыр [5].
Ғылыми техникалық революция -- ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапалық жағынан түлету. 20 ғ- дың 40-жылдарынан басталған ғылыми техникалық революция барысында ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі қарқын алып, елеулі нәтижелерге қол жетті: ең бастысы, еңбектің жай-ахуалы, сипаты мен мазмұны,өндіргіш күштердің, еңбек бөлінісінің күрылымы өзгеріске ұшырап, еңбек өнімділігі күрт өсті, сол аркңлы қоғам өмірінің өзге салалары, әсіресе, адамдардың мәдениеті, тұрмысы, психологиясы жетіліп, табиғатен карым-катынасы айқындала түсті.Ғылыми техникалық революцияның ғылыми техникалық және әлеумметтік сипаттағы екі негізгі алғышарты болды. Оның пісіп-жетілуінде 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басындағы жаратылыстанудағы жетістіктер шешуші рөл атқарды. Жара-тылыстанудағы революциялар дүмпуі электронның, радийдің, химиялық элементтер түзілуінің ашылуына, салыстырмалылык, теориясы мен кванттық ілімнің негізделуіне орай жүзеге асып, ғылымның микроәлем мен үлкен жылдамдықгар саласына дендей енуімен ерекшеленді. Ең алдымен, өнеркөсіп пен көлік қатынасында электрді қолдануға орай техникада да түбірлі өзгерістер болды. Радио ойлап табылып, жаппай тұтынымға енді. Авиация дүниеге келді. 20 ғ-дың 40-жылдары ғылым атом ядросын ыдырату проблемасын шешті. Әсіресе, кибернетиканың пайда болуы маңызды рөл атқарды. Атом реакторларын және атом бомбаларын жасау жөніндегі зерттеулер көптеген мемлекеттердің үлттық ғыл.-тех. жобалар шеңберінде ғылым мен өнеркәсіпті өзара әрекеттестіру шараларын қолға алуына қозғау салды. Ғылым салаларын қаржыландыру деңгейі күрт өсіп, зерттеу мекемелерінің саны көбейді. Ғылыми жөне техникалық жасалымдардың арасында тікелей байланыс күшейіп, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу қарқыны артты. 20 ғ-дың 50-жылдары ғылыми зерттеулерде, өндірісте, сондай-ақ басқару жүйесін-де ғылыми техникалық революцияның рәмізіне айналған электронды-есептеу машиналары кеңінен пайдаланыла бастады. Ғылыми техникалық революцияның қазіргі кезеңі ғылымның өндіргіш күшке айналып, қоғамдық еңбек бөлінісінің жаңа сатыға өтуі. Өндіріс құралдары мен шаруашылық карым-катынастар субъектісінің сапалы өзгеріске ұшырап, өнімге жұмсалатын материал, капитал мен еңбек шығынының көрсеткіші кеми түсуімен; жаңа энергия көздерінің табылып, сипаты алдын ала белгіленген жасанды материалдарды қаделеуімен; өндірісті ғылым ұйымдастырудың, бақылаудың және басқарудың зәру құралы ретінде ақпараттық қызметтің мән-маңызы артып, ғылым салаларының өзара байланысынын, күрделі проблемаларды кешенді зерттеу қарқыннының, гуманитарлық ғылымдар рөлінің өсуімен; әлеум. прогрестің мейілінше қарқындап, күллі адамзат іс-әрекеттерінің ынтымақтастыққа ойысуымен, ғаламдық проблемалар деп аталатын мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. Осындай негізгі ерекшеліктерімен қатар ғылыми техникалық революцияның басты ғылыми техникалық бағыттары: өндірістік үрдістерді, өндірісті бақылау мен басқаруды кешенді түрде автоматтандыру; энергияның жаңа түрлерін тауып, пайдалану; жаңа құрылымды материалдарды, биотехнологияны, информатиканы қолдану жолы қалыптасқан. Алайда, ғылыми - техникалық революцияның мәні әлгі аталған ерекшеліктеріне де, басты бағыттарына да, тіпті қандай да бір ғаламат ғылыми жаңалықтарға да барып шектелмейді.Ғылыми техникалық революция - дегеніміз өндірістің бүкіл техника базисін, бүкіл технология тәсілдерін қайта құруды ғана білдіреді. Ғылыми техникалық революция адамзаттың аса маңызды қызметтері аясының: табиғат пен қоғам заңдылықтарын теория жүзінде танудың (ғылым); табиғатты түлетудің техикалық құралдары мен тәжірибелері кешенінің (т е х н и к а ), материалдык игіліктерді жасау үрдісінің (өндіріс) жөне практикалық іс-қимылдар мен әр қилы қызмет түрлерінің жосықты өзара байланысу тәсілдерінің (б а с қ а р у ) бірегей жүйесін құруға арналған алғышарттар жасайды. Өндіріс пен қоғамдық тұтынымдағы Ғылыми техникалық революция енгізген өзгерістер ауқымы мен қарқыны адам мен табиғаттың, қоғам мен табиғи ортаның қарым-қатынасын жаңа сатыға көтеріп, халықтар. Ғылыми - техникалық ынтымақтастықты дамытуды талап етуде. Әсіресе, ғылыми техникалық революцияның салдарынан туындаған кейбір зардаптар ұлттық, тіпті құрлықгық шеңберден шығып, көптеген елдің күш біріктіруін, халықаралық деңгейде реттеуді қажетсінеді. Мысалы, табиғи ортаның ластануымен күресу, ғарыш серіктері арқылы байланысу, әлемдік мұхит ресурстарын игеру, компьютерлік-технол. желілер қауіпсіздігін камтамасыз ету, т.с.с. мәселелер бойынша өзара ынтымақтастық ахуалын орнатып, ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасына жол ашуға әр түрлі даму деңгейіндегі мемлекеттердің мүдделілігі артыт келеді [6].
1.3 Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі қаржының орны
Адам тарихы дамудың жемісі, барлық қоғамдық- экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субьективті жеке факторы.Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам. Қоғамды өркендетушіде адам.Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аяаында болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік , әлеуметтік және т. б. талаптар күшейді. Еңбектің сипаты мен мазмұны, ұйымдастыру, басқару, тиімділігін арттыру, жұмыс жағдайлары мен жұмыс уақыты, еңбек белсенділігін арттыру және т. б. сан алуан жағдайлар қоғам да әр түрлі болып келгендігі белгілі. Сондықтан жүйесінде адам дамуының заңдылықтары әр түрлі қоғамдық құрылыстың дамуына сәйкес келеді, сонымен белгіленеді.Өндірісте адам факторының барлық қоғамға тән ортақ даму заңдылықтары бар. Олардың негізгілері:бірлескен жұмыс күшінің қалыптасуы, еңбекшілердің жалпы және кәсіптік білімінің өсуі,мамандық дәрежесінің көтерілуі, маманданған еңбектің нәтижелілігі мен тиімділінің артуы, күрделі еңбектің басым болуы, кәсіптік құрамының және ой еңбегі мен дене еңбегінің арақатынастарының өзгеруі, енбек мазмұнының және жұмысшылардың өндірістегі атқаратын қызметінің өзгеруі, адам факторының маңызының арта беруі және т.б. Енді осыларға қысқаша тоқталамыз.
Өндірістгі адам факторының даму заңдылықтарының бірі-жиынтық жұмыс күшінің қалыптасуы. Бірлескен жұмыс күші - тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, тереңдей түскен қоғамдық еңбек бөлінісінің және коопеоациясының нәтижесі. Оның материалдық негізін өндіріс құрал- жабдықтарының дәрежесінен іздеген жөн. Қарапайым еңбек құралы, еңбек бөлінісі бұл құбылысты қажет еткен жоқ. Әрбір детал және жекелеген операциялар бойынша еңбек бөлінісі бірлескен жұмыс күші құрылуының беташары болса, машина дәуірі оны біржолата қалыптастырады. Машина еңбекті кооперациялауға, қоғамдастыруға топтастыруға, еңбек бөлінісіне тікелей жол ашады. Өйткені машинаның жұмыс жасауы тек қана бірігіп қоғамдастырылған еңбектің арқасында жүзеге асады, маманданған еңбекті қажет етеді. Әрбір еңбек ететін адам өзгелермен бірлесіп өндірісте өнім өндіреді. Бірлескен жұмыс күші өндірісте еңбек ететін адамдардың арифметикалық сандық қосынды көрсеткіші емес. Ол әлеуметтік-
экономикалық салдар, байланыс қатынастарын сипаттайтын ерекше сапалық бірігу процесі [7].
Адамның өндіріс факторы ретінде дамуының негізгі бір заңдылығы оның жалпы және біліми кәсібінің өсуі. Әлемдегі дамыған кездерде адамдардың жалпы және кәсіби білімінің биік деңгейге көтерілгендігі өмір талабы. Келесі заңдылық- маманданған еңбектің салмағы өсті , берер нәтижесі мен тиімділігі артты. Бұл қоғамдық өндірістің материалдық базасының жақсаруымен, озық техника мен технологияны пайдаланумен тығыз байланысты. Бірдей уақыттың ішінде жоғары білікті еңбек, жай еңбекке қарағанда анағұрлым көп тұтыну құнын өндіреді, мұндай еңбектің нәтижесі мен тиімділігі жоғары.
Қоғамдық өндірістің дамыған сайын ондағы күрделі еңбектің басым болуы да заңдылық.Өйткені күрделі еңбек жай еңбектен көп тиімді. Сондықтан өндіріс оны басым пайдалануға мүдделі. Ғылыми- техникалық прогоестің нәтижесі, шаруашылықтың салалық құрамдарының өзгеруі, жаңа өндіріс салаларының дүниеге келуі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі кәсіптік құрылымның өзгеріп тұруын заңды процеске айналдырды. Жаңа кәсіп, жаңа мамандық түрлері пайда болды. Қоғамдық өндірістің дамуы нәтижесінде дене және ой еңбектерінің ара салмағы да өзгеріп отырады. Адамның өндірісте атқаратын қызметтерінің ішінде ой еңбегі басымырақ болып келеді. Дене еңбегінің де бейнесі өзгеріске ұшырайды. Бұлар ғылыми- техникалық прогрестің озық нәтижелерін өндіріске тікелей пайдалануға байланысты. Адамзат қоғамының даму сатысының бәрінде еңбек мазмұны күрделі бола бермек. Өндірісті механикаландырып, кешенді түрде автоматтандырғанда, робот техникаларды, икемді технологияны енгізгенде және т. б. Ғажайыптардың бәрі де еңбек мазмұнына сапалы өзгерістер енгізеді. Бұл әкономикалық дамудың жалпылама негіздерінің зор ерекшелігі.
Өндірістегі адам факторының дамуындағы келесі заңдылық- адамның өндірісте атқаратын қызметініңөзгеруі. Адам өндіріспен тікелей араласудан қалады, оның ұйымдастырушы, басқарушы, реттеуші, бақылаушы агентіне айналады. Сонымен қатар еңбек функцияларының деңгейі кеңейеді, әр түрлі операцияларды атқаратын кең ауқымды жұмысшылардың жаңа типі өмірге келеді. Барлық қоғамдық- экономикалық формациялардың даму тарихы өндірісте адамның маңызы мен рөлі арта түсетіндігін көрсетеді. Өмір шындығы осындай [8].
Қазіргі қоғамдық өндірісте өнеркәсіп жұмысшыларының санының өсуі кеміді. Бұл ғылыми - техникалық прогрестің өндірісте қолданылуына және еңбек шығынын аз тілнйтін жаңа сала мен технологияны пайдалануға байланысаты. Өнеркәсіптің келешек дамуы ғылыми сиымдылығы басым салалар арқылы жүзеге асуға тиіс. Барлық дамыған мемлекеттерде материалдық салада жұмыс істеушілердің саны азайды.Ғылыми өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналу процесі бірлескен жұмыс күшінің құрамын өзгертіп қана қоймайды, олардың шегін ұлғайтады. Оған әсер ететін жағдайдың келесі тобы- материалдық емес саладағы еңбек сипатының өзгеруі және осы салалардың өндіріске тигізетін оң әсерлерінің барған сайын артуы артуы. Біріккен жұмыс күші шегінің ұлғаюына экономиканы басққару саласында жұмыс істейтіндердің еңбек сипатының өзгеруі де әсер етеді. Бұл заңдылықты елемеуге болмайды. Осы обьективті зсңдылықтарды іс жүзінде пайдалану, еңбектің маңызын және еңбектің белсенділігін экономикалық дамудың жалпы негіздерінің бірі ретінде тереңіпек түсінуге мүмкіндік беребі. Өндірістегі адам факторының дамуы және өзгеріске ұшырауы олардың еңбекке деген қабілетіне байланысты . Олацй болса, еңбектің мән- маңызына және еңбек белсенділігін арттыру жолдарына талдау жасаған жөн. Еңбек материалдық және рухани игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Күрделі мәселелердің бірі - адамның жұмыстағы белсенділігін арттыру. Белсенділіктің түрлері көп. Бұл жерде еңбек белсенділігі жөнінде сөз болып отыр. Қоғамдық өндірістің даму сатысында еңбектің сипаты және мазмұны өзгеріске ұшырады. Еңбектің кейбір түрлерінің мағынасы артты. Мымалы, еңбек белсенділігі, іскерлік, кәсіпкерлік, жауапкершілік, ұқыптылығы, саналылығы, өнегелілігі., моральдық қанағаттанушылығы, твочестволық сипаты, еңбек нәтижесіне иелік етуі, еңбек қуанышы және т. б. Бұлардың іске асу жолдары , әдістері мен сипаты қоғамдық өндірістің нысандарына байланысты.
Еңбек белсенділігін арттырудың сан алуан амалы бар. Олардың негізгілері мыналар:моральдық және матетиалдық ынталандыру еңбек жағдайын, қоғамдық қатынастарды жақсарту, өндіргіш күштерді жетілдіру, қоғамдық өмірді демократияландыру, қол еңбегін азайту, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік принциптерін нығайту, әл- ауқатты және рухани байлықты өсіру, жаңа типтегі адамдарды қалыптастыру, жаңаша ойлау және жаңа коммерциялық шаруашылық механизмін іске қосу, еңбекті нормалауды, ұйымдастыруды және басқаруды жаңа сапслық дәрежеге көтеру, басқару жүйесін жетілдіру, еңбек бәсекесін үнемі қолдап отыру, өндірісті гуманизациялау , жұмыс уақытын ұтымды пайдалану және т.б. Еңбек белсенділігін арттырудың жолдары қоғам дамуының барлық сатыларына тән. Алайда оларды іске асыру әдістері әр түрлі. Ол нақтылы алынған қоғамдық өндірістің сипатына байланысты. Қазіргі қоғамдық өндірісте жаңа типтегі адамдар қалыптасып келеді. Олардың негізгі белгілері жоғары біліктілігінде, өндірістік өзгерістерге тнз бейімделуінде. Бұларға тән қасиет ұқыптылығы мен жауапкершілігінің жоғары болуына Жаңа типті адам туралы түсінік мазмұны өзгермейтін мәңгілік ұғым емес, керісінше, үнемі сапалық өзгерісте болып отыратын құбылыс. Өнеге тұтар, үлгі болар адам болу қоғамдық өндірістің өзегі және күре тамыры. Барлық қоғамда аз да болса өнегелі адамдардың болғаны өмір шындығы. Олай болса әлеуметтік- экономикалық сапалы өзгерісті бейнелейтін бұл категория экономикалық дамудың жалпыға бірдей негізі. Еңбек белсенділігін арттыратын экономикалық дамудың мұндай негізінің келесі тобы - басқару жүйесін жетілдіру, еңбек бәсекесін үнемі пайдаланып отыру, жұмыс уақытын неғұрлым ұтымды пайдалану,еңбек тәртібін және басқа тәртіптерді нығайту, қол еңбегін азайту .Материалдық игіліктерді және рухани байлықтарды көбейту экономикалық дамудың жалпы негізі ретінде еңбек белсенділігін арттыруға белгілі дәрежеде әсер етеді. Өйткені бұлар адамның барлық жағдайын белгілейді. Еңбек белсенділігін арттыру үшін адамның еңбекке деген ішкі сезімін ояту қажет. Әрбір адам қоғамда істелініп жатқан әрекет әділетті де, рақымшыл, адамгершілікті, сөз бен істің бірлігі сақталған, екіжүзділік, алдап- арбау мен бүркемеленген айлалы әрекет жоқ деп түсінген жағдайда еңбек етуге құлшына түседі.
Өндіріс экологиясы еңбек белсенділігін арттырудың негізгі буыны. Қазіргі кезеңде өндіріс экологиясының ахуалы мә емес. Осының салдарынан Заманымыздың кеселі аллергия, улану, т. б. етек алып барады. Міндет- өндіріс экологиясын сауықтыуру. Ұжымда салауатты моральдық- психологиялық ахуал жасау, өндіріс орындарын эстетикалық дұрыс көркемдек жұмысқа деген ынтаны өсіреді, еңбекті шығармашылық күшке айналдырады.
Қоғамдық өмірдің демократияландырудың берер жемісі өз алдына бір төбе. Алайда бұл істі жүзеге асыруда байыптылық қажет. Асығыстық, даурықпа іс- қимыл, қызба сөз істі оңға бастырмайды. Экономикалық өмірді демократияландыру басқаларға қарағанда ілгері , алда болуы шарт. Бұл шарт бұзылса келеңсіз жағдайлар туындап, кедергілер көбейеді, көздеген мақсатқа жету едәуір қиындыққа түседі [9].
Еңбек белсенділігін арттыруда рухани және қызмет көрсету жүйелерін дамытудың берер жемісі де аз емес. Қоғамдық сана , ойлау жүйесі, іс - қимыл әрекеті, адамның әлеуметтік рөлі, сезім мен талаптану, өнегелі адам болу түптеп келгенде рухани байлыққа байланысты. Меншік нысандары түрленіп, шаруашылық жүргізу рыноктық қатынасқа негізделіп отырған қазіргі жағдайда еңбек белсенділігін, еңбекке деген мүдделікті арттыру елдің тағдырын шешетін басты буынға айналды.
2 ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫНЫ ТАЛДАУ
2.1 Қаржы нарығының экономикалық мәні мен функциясы
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын аыықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржы нарығы ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізғі рөлді атқарады. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға бағытталған [10].
Сондықтан, қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді. Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:
oo реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
oo ақпараттық - қаржы нарығына қатысушылардың барлығын ақпараттармен толық және теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
oo бөлу - қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының экономиканың бір саласынан екіншісіңе, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз етеді және сонымен бірге қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
oo коммерциялық - қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
oo баға белгілеу - қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.
Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және қаржы институттарының қызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орналастыру процесінде қаржы институттарының негізгі релі меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінше тиімді өгуін қамтамасыз ету болып табылса, онда қаржы ресурстарын сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелердің саудасын ұйымдастыру қаржы нарығының міндеті болып табылады. Мұндай нарықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъект ретіндегі үш тобы бар:
oo үй шаруашылығы (жеке түлға);
oo меншік формасына тәуелсіз шаруашылық жүргізуші субъектілер;
oo мемлекеттік басқару органдары.
Олардың кез келгені нақты уақыт кезеңінде ез бюджетінің балансталған, оның дефициті мен профициті жағдайында болуы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекетте қаржылық қаражаттарды қарызға алу қажеттілігі немесе уақытша бос қаражаттарды өзіне тиімді шартпен орналастыру мүмкіндігі пайда болады. Қаржы нарығы түпкі мәні бойынша әлеуетті сатушылар мен сатып алушылардың, сондай-ақ делдал-институттардың мүдделерін тиімді ескеріп, жүзеге асыруға арналған.
Нарықтық экономика - өндірісті тиімді ұйымдастыру формасы. Бұл көптеген әлем елдерінің даму тәжірибесімен дәлелденген. Қазақстан Республикасы үшін шаруашылық жүргізудің жаңа әдістері қаржы нарығының әлеуетті мүмкіндіктерін, ең алдымен, елдің - жан-жақты өсуін қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді пайдалануды талап ететін еркін нарыққа өтуді білдіреді. Бұл мағынада, қаржы нарығы - ғылыми-техникалық прогрестің базасында дамитын, жалпы қоғам жағдайының қажетті деңгейіне қол жеткізу және экономикалық тиімді өсу үшін барлық экономиканың салаларын ресурстармен қамтамасыз ететін жеке бастамалар мен бәсекелестікке үлкен мән беретін қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың озық формасы.
Біздің көзқарасымыз бойынша, қаржы нарығы - елдің барлық ақша ресурстарының, сонымен қатар экономиканың әр түрлі субъектілерінің тарапынан осы ресурсқа деген сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен ұдайы қозғалыс үстінде болатын ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді. Алайда ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер - қаржы нарығы емес, ол ақша ресурсттары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тікелей қатынас орнағанда ғана пайда болады. Сонымен, қаржы нарығы - бұл ең алдымен экономиканың әр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz