Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет жайында


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1 Тарихи-құқықтық ғылыми ойлардағы азаматтық қоғамның түсінігі . . . 9

1. 1 Адам құқығы туралы идеялардың қалыптасу тарихының бастаулары . . . 9

1. 2Азаматтық қоғам мазмұнының сипаты . . . 18

2 Құқықтық мемлекеттің түсінігінің қалыптасуы мен мәні . . . 29

2. 1 Құқықтық мемлекеттің концепциясының тарихи аспектілері . . . 29

2. 2 Қазіргі отандық теориядағы құқықтық мемлекет түсінігінің мазмұны. 39

3 Қазақстан Республикасында мемлекет құрудың теориясы мен тәжірибесі . . . 56

Қорытынды . . . 59

Пайданылған әдебиеттер тізімі . . . 63

Кіріспе

Мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынастарды азаматтық қоғам институттары жүзеге асырған.

Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, иелер құқығын сақтау, меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің - мемлекеттің пайда болуына әкелді.

Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттарының нығая бастаған кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды, қоғамды басқару мемлекеттің қолына көшті. Мемлекет нығая келе азаматтық қоғамның қызметтерін шектеп, біртіндеп олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында, тоталитарлық билік кезінде азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды.

Америка мен Еуропа елдерінде либералдық демократияға көшу азаматтық қоғам институттарын қайта өмірге әкеліп, оның қызметтерін жандандыра түсті.

Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын дамытуға бағытталды. Азаматтық қоғамды құруды елді демократияландырудың басты шарты деген көзқарас адамдар арасында бүгінде берік қалыптасқан.

Сонымен, халықтың басым бөлігі - саясаткерлер де, қарапайым көзі ашық азаматтар да ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не? Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу, әлеуметтік жағынан қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру деген құқықтарын қамтамасыз ете ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден күткен сұраныстарына толық жол ашатын бірден-бір институт феномен бе, әлде олардың көңілі ауған уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам дегеніміз не?

Азаматтық қоғам ұғымымен қатар, соңғы кезде «құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың тағы да ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.

Қазіргі заманда құқықтық мемлекетті құру, қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.

Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне, жалпыазаматтық құндылықтарды және әлемдік практиканы есепке алуға негізделеді.

Азаматтық қоғамның қалыптасу процесіне, оның басты факторлары мен құндылықтарына ғылми зерттеу жүргізіліп, даму үрдістерін анықтау құқықты-демократиялық мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі. «Азаматтық қоғам» ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп, белгілі бір мелекеттегі тұрғындардың азаматтық қайраткерлігінің қарқыны, мемлекет пе қоғамның әлеуметтік саладағы қызметтерінің бөліну деңгейі анықталады. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам демократиялық құрылысқа аса қажет әлеуметтік қатынаастардың өзін-өзі реттеу қызметіне жағдай туады: азаматтар саяси институттардың көмегіне сүйенбей-ақ, өздері реттей алатын қатынастарға мемлекеттің қол сұғуы тежеледі. Сондықтан да демократиялық сипаттағы саяси жүйесі бар құқықтық мемлекеттің дамуында азаматтық қоғамның алатын орны ерекше.

Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай: ол - құрамындағы мүшелердің арасындағы экономикалық, мядени, құқықтық және саяси қатнастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара әрекеттесуші қоғам, мемлекеттпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы, жоғарғы дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы. Азаматтық қоғамның шынайылығы идеал мен идеалдық жобаның және осындай жобаны жүзеге асырушы қоғамның шын мәнісінде қол жеткізген жетістіктерімен анықталады.

Бүгінгі таңдағы көзқарас бойынша, азаматтық қоғам бұл айтылғандармен қоса, демократиялық заңдар, биліктің тармақтарға жіктелуі, заң жүзіндегі оппозицияның болуы, көппартиялық жүйе сияқты басқа да азаматтық өмірдің құндылықтарын, адамдардың саяси және әлеуметтік бостандықтарын және олардың ассоциацияға, топқа, партияға бірлесуін жүзеге асырушы тетіктерді қамтиды. Азаматтық қоғам заңды тіркелген, құрылымды бекітілген және психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілген әлеуметтік-саяси қызметтің материалдық және идеялық плюрализммен ажырамас бірлікте. Ал адамның жеке өміріне ешбір қол сұғушылыққа жол берілмейді, ол тек заңд бұзып, оған қайшы келмесе болғаны. Адам құқығы басты орындағы мәселе.

Соңғы кездері «құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың тағы бір ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.

Құқықтың мемлекет терминінің өзі ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында неміс ғалымдарының еңбектерінде жарық көрді. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық мемлекет теориясы құқықтық мемлекет жөніндегі үстемдігін бекітті. В. М. Гессен былай деп көрсетті: «Құқықтық мемлекет деп өзінің қызметінде, үкіметтік және соттық функцияларды атқарғанда құқықпен шектелетін және байланысты болатын, құқықтан төмен тұратын, одан тыс және жоғары болмайтын мемлекетті айтамыз».

Қазіргі кезеңде теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі - мемлекет пен адам арасындағы байланыста басымдықтың адамға берілуі. Мемлекеттің міндеті тек адамдардың кейбір топтарына ғана қатысты емес, жекелей алғанда әрбір адамның мүддесіне қатысты басқарушылық шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да құқықтық мемлекет құрудың мәселелерін кешенді түрде талқылау бірінші кезектегі міндетке жатады.

Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқық теориясына, шетелдік мемлекеттердің мемлекеті мен құқық теориясына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.

1 Тарихи -құқықтық ғылыми ойлардағы азаматтық қоғамның түсінігі

1. 1 Адам құқығы туралы идеялардың қалыптасу тарихының бастаулары

Адам дүниеге келген күннен бастап өзінің құқықтарына ие болары белгілі. Құқық - адам бойына енгізілген өзіндік құндылық, құқық - бұл адам бостандығының өлшемдері. Бостандық - бұл өз құқықтарыңды жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқығы, - деп көрсетеді В. М. Корельский мен В. Д. перевалов, - бұл жеке адамның өмірін, адами қасиеттері мен қоғамдық өмірдің барлық саласындағы іс-әрекет бостандығын қамтамасыз ететін табиғи мүмкіндіктер.

Адам құқығы шектеулі, ол ешқашан абсолютті бостандықта бола алмайды. Тек құқық қана әлсізді күштіден қорғауға бағытталған. Құқықтық реттеу белгілі бір қоғамның мүшесі ретінде де, әлеуметтен тыс нәрсе ретінде де адамға және нақты бір мемлекеттік құрылыс мүшесі ретінде азаматқа да қатысты бола алады. Кез келген елдің кез келген азаматы - адам, ал кез келген адам нақты бір мемлекеттің азаматы бола алмайды.

Адам, азамат қандай құқықтарды иелене алады?

Адам құқығының қазіргі күнгі халықаралық құжаттарда көрсетілген тізімі - қаіргі қоғамның нормаларына арналған эталондар мен стандарттардың ұзақ тарихи қалыптасуының нәтижесі. Адам құқығы дамуының шешуші кезеңі XVII-XVIII ғасырлардағы Еуропадағы буржуазиялық-демократиялық революция болды [5, 45 бет] . Ол адам құқығының кең жиынтығын ұсынып қана қоймай, сондай-ақ, адам құқығының әмбебаптығы негізіне айналып, оған нағыз демократиялық мән берген формальды түрдегі теңдік принципін ұсынды. Формальды теңдестікке негізделген адам құқығы қоғамдық дамудың басты құнды бағыттарының біріне айналды, олар мемлекет сипатына зор әсер етті, оның билікшілдігін шектеушілер болды, мемлекет өкімет пен жеке адамның арасындағы демократиялық өзара іс-әрекеттің орнауына ықпал етті, жеке адамды биліктік құрылымдар тарапынан шектен тыс қорғаншылық жасау және ерік-күші мен мүдделерін жаншудан босатты. Құқықтық мемлекет қалыптастыру қоғамдық сана мен тәжірибеде адам құқығын бекітпейінше мүмкін болмас еді.

Адам құқығы адамдар әрекетінің бірнеше рет қайталанылатын актілерінен, қайталанылатын байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақты формаларынан қалыптасқандығының өзі қызықты.

Ең әуелі адам қол жеткізуге ұмтылатын құндылықтар болды. Бұл құндылықтар адам баласының дүниеге келуінен бастап-ақ бойына енгізілген еді. Шөліркеу, аштық сезімдері жеке адамды сұраныстарды қанағаттандыруға, осы құндылықтарға қол жеткізуге ұмтылуға итермеледі. Алғашқы қауымдық құрылыста адам жалғыз жүріп өз мүдделерін жүзеге асыра алмайтын еді. Сондықтан ол басқа адамдармен бірігуге мәжбүр болды. Қауым мүшесі ретінде адам өз мүдделерін шектеп, қысым жасамау үшін басқалардың да мүдделерін мойындауға мәжбүр еді. Бүкіл тайпа болып азық таба отырып, адамдар оны өзара бөлісті, сол арқылы бір-бірінің мүддесін тани білді. Индивидті қауымға бірігуге итермелейтін басқа да көптеген факторлар болды [2, 63 бет] . Қалыптасқан қоғамдағы жеке адамдардың әр түрлі мүдделері, сұраныстары, мақсаттарының жиі қақтығысуы, соғыстар, шиеленістер туғызып, қылмысты қоздырады. Дегенмен, қоғам мүшелерінің іс-әрекеттері әр түрлі болса да адам бойындағы құндылықтар әр түрлі индивидтердің мүдделерін орайластыра отырып адамдардың өзара әрекеттері процесін реттей алады.

Бірақ дүние бір орнында тұрмайды, қоғамның мәдени прогресі егер ол жеке тұлғаның жағдайына жаңалық енгізбесе, егер адам дамудың әрбір жаңа сатысынан, мейлі, тарихи шектеулі боллсын, бірақ тарихта үнемі кеңейе түсетін жаңа еркіндік минимумын алмаса мүкін емес.

Мәдени прогрестің осы аса маңызды аспектісін қоғамның жаратылыстық тарихи дамуына қарай моральдің, құқықтың, діннің, философиясының гумандық бастауының өсуінен байқауға болады. Ежелгі дәуірдегі құл алғашқы қауымдық жабайыға қарағанда еркіндеу, орта ғасырлық басыбайлы шаруа ежелгі дәуірдегі құлға қарағанда еркіндеу, ал ерте буржуазиялық қоғамның жалдамалы жұмысшысы орта ғасырдағы шаруаға қарағанда еркіндеу. «Еркіндік жолымен қоғам дамуы тек прогрестік бастамалардың үдемелі, өсе тұсуі ғана емес», - Е. А. Лукашева әділ көрсеткендей, тарихи прогресс - объективті-детерминацияланған, әлеуметік дамудың жүйесі мен барлық кездейсоқтықтар арқылы өзіне жол салатын құбылыс.

Алғашқы қауымдық құрылыстың кластар пайда болу дәуіріндегі қорытынды құлау сатысында құқық нормалары туындайды. Дегенмен, құқық нормалары мен адам құқығы - әр түрлі кезеңдік құбылыс. әлемнің көптеге аймақтарының құқықтық жүйелері ірі қоғамдық еңбек бөлінісіне, оның өнімділігінің артуына байланысты қалыптасты. Ол кезде еркіндік деңгейі өте төмен болып, тек билік жүргізуші жоғарыдағыларды ғана қамтыды.

«Еркіндік» сөзінің өзін қолдану, айтушыларға қарағанда, б. д. д. XXIV ғасырда пайда болған. Ол кезде монарх Шумер өзінің қоластындағылар үшін, арсыз салық жинаушыларға қарсы санкция қолдану, билікке ие адамдардың әділетсіз істерінен жесірлер мен жетімдерді қорғау және первосвященниктердің храм қызметшілерін құлға айналдыру тәжірибесін тоқтату арқылы «еркіндік» белгіледі. Б. д. д V-IV ғасырларда ежелгі полистердегі (Афинада, Римде) адам құқығы идеяларының тууы, азаматтық принципінің пайда болуы прогресс пен еркіндікке қарай жылжу жолындағы ірі қадам болды [11, 23 бет] . Римдіктер әуелі билікті қарапайым бөлуді жүзеге асырып, содна кейін табиғи құқықтың концепциясын жасай отырып азаматтық бостандықтың дамуына өз үлестерін қосты. Демократ еңбектерінде адамның пайда болуы мен жеке қалыптасуын, оның тегі мен қоғамды әлемдік дамудың табиғи процесінің бір бөлігі ретінде қарастыруға алғашқы талпыныстардың бірі кездеседі. Софист Ликофрон мемлекеттік қауымды адамдардың арасындағы өзара одақ жөніндегі келісімдерінің нәтижесі ретінде сипаттады. Оның ғылыми тұжырымдамасында заң да жәй келісім және «жеке құқықтың жәй кепілі» болып шығады. Римнің көрнекті ойшылдарының бірі Цицерон бойынша ізгі азаматтың міндеттері ақиқатты тану, әділдік, рух ұлылығы мен сыпайылық сияқты ізгіліктерді ұытану қажеттілігімен белгіленеді. Азамат өзі басқаға кесір келтірмеуімен қатар жапа шегушіге жәрдем беруі тиіс.

Орта ғасырларда азаматтық бостандықтар аздап қана нақты көрініске ие болды. Абсолюттік табиғи құқық идеясын А. Августин және айрықша, Ф. Аквинский өзінің «Сумма теологии» атты шығармасында дамыта түсті. Бұл кезеңде еркіндік өте шектеулі еді, өйткені феодалдық қоғам - бұл жалпыға бірдей тәуелділік қоғамы. Сыртқы экономикалық мәжбүрлеу, әлеуметтік иерархия, көпшіліктің құқықсыздығы, озбырлық, күштеу, қорқыту үнемі зорлық-зомбылық туғызды. Дегенмен осы кезеңнің өзінде Англияда монарх құқығын шектеу, монархияны сословие өкілдерімен біріктіруге ұмтылыстар жасалып, монархтың өктемдік жүргізуі үшін ол қадағалауға тиісті ережелерді белгілеуге тырысу пайда болды. Монархтың, барондардың, рыцарлардың бір-біріне қарсы тұруы еркіндіктің Ұлы хартиясын қабылдаумен аяқталды. Онда қару шенеуніктерінің өктемдігін ауыздықтауға бағытталған статьялар, сот, шерифтер және констебтер қызметіне заңды білмейтіндерді, не ноы орындағысы келмейтіндерді тағайындамау талаптары енгізілді. Ұлы хартияның 39-бабы ерекше орыналды, онда еріктілерге қатысты шара қолдану теңдестердің заңды үкімі және ел заңы бойынша қарастырылды.

Англиядағы буржуазиялық құрылыс қалыптасу кезеңіне жататын Құқық туралы петиция (1628ж. ) монархқа қоластындағыларды окроль әкімшілігінің озбырлығынан қорғауға тиісті нақты міндеттер жүктеді. Адам құқығын қамтамасыз етудің келесі қадамы «тиісті процедуралар» ұғымын енгізген Хабеас корпус акті (1679ж. ) болды. Ол жеке адам еркіне қол сұғылмау кепілдігін, кінәсіздік презумпциясы принципін және басқа да жеке адам құқығын қорғауға арналған аса маңызды институттарды белгіледі.

Нығайған буржуазия мен жер өңдеушіледің арасындағы бекіген ымыраластықтың, конституциялық монархияның беку актісі Билльдің құқық туралысы (1689ж. ) болды. Билль парламентке үлкен рөл берді, оның келісімінсіз заң әрекетін тоқтатуға, тақ пайдасы үшін салықтар мен түсімдер өндіруге, бейбіт кезде тұрақты әскер ұстауға тыйым салды. Сонымен қатар Билль адам құқына бағалы үлес қосып, парламентте сөз бостандығы мен пікірталас еркіндігін, парламентке сайлау еркіндігін, қоластындағылардың монархқа петиция беру құқығын бекітті.

Көрсетілген нормативтік актілер - адам құқығы мен оларды қорғау үшін қажетті билік бөлісі саласында Англияның алғашқы жол салушы екендігінің айғағы. Жөнге салу жөніндегі акт (1701 ж. ) парламенттің заңнама саласындағы үстемдігін, соттардың ауыстырылмау принципін, король министрлерінің парламент мүшелері болуына тыйым салуды бекітті [5, 96 бет] . Мұндай жаңашылдықтар буржуазиялық қатынастардың қарқынды дамуына, феодалдық озбырлық пен шексіздікке тыйым салуды талап еткен буржуазиялық сословиебилігінің күшеюіне байланысты мүмкін болды.

Белгілі тарихи құжаттарда көрініс тапқан адам құқығы мен еркіндік идеяларын одан әрі дамыту АҚШ-та орын алды. Бұл құбылыстың қайнар көзі ағарту философиясында, ежелгі грек философтарының ілімдерінде, құқықтық доктриналарда Англиядағы буржуазиялық құрылыс қалыптасу кезеңінде пайда болған еркіндіктің Ұлы хартиясы, құқық туралы петиция, Билль құқық туралы, Хабеас корпус акті тәрізді актілерден түзілген.

Табиғи құқық туралы ілімді Т. Пейн мен Т. Джефферсон өздерінің Англияға тәуелсіз ел құруға негізделген, АҚШ-тағы буржуазиялық-демократиялық және орталыққа қарсы революциядағы жеңістері үшін күресте қолданды. Т. Джефферсон бала дүниеге еркін болып келеді, бұл еркіндік табиғат сыйы, ол еркіндік туралы білетіндердікі ғана емес, балалар кішкентайынаан және балалық шағында үлкендердің қамқорлығына берілген, сондықтан қажеттігіне байланысты олардың шектеулі билігі аясында болады. Бұл билік пен қамқорлық баланың жағдайы мн оның қамы үшін қолданылуы тиіс. Бала өз әкесінің еш уақытта жеке меншігі болмайтындығы себепті, ол еересек адам болған кезде өзі жеке құқық субъектісі бола отырып, өзінің дене қуаттық және рухани күштері мен өз еңбегінің жемісін қалауынша пайдалану құқығына ие болады деп атап көрсетті.

Пейн мен Джефферсон идеяларының қуаты тек демократиялық мемлекертті бекітуге ғана емес, сондай-ақ адамның ажыраас табиғи құқықтарын қорғауға да бағытталды. Вирджиний құқық декларациясының (1776 ж. ) маңызы өте зор. Ол табиғаттағы барлық адамдар тең дәрежеде еркін және тәуелсіз, тумысынан нақты құқықтарға ие, сондықтан олар қоғамдық қалыпқа енген кезде өздерін және өздерінің ұрпақтарын қандай да бір келісім арқылы шектей алмайды, атап айтқанда, меншікке ие болу мен қол жеткізу құралдары арқылы өмір сүру және бостандық құқынан, бақыт пен қауіпсіздікке ұмтылу және оларға қол жеткізу құқынан ажырата алмайды деп жариялады. Вирджиний құқық декларациясы адам құқығының алғашқы мемлекеттік анықтамасы болды.

Осы тарихи құжатқа баға беоре отырып К. Маркс былай деп жазды: «Америка - бұл алғаш рет ұлы демократиялық республика идеясы пайда болған, адам құқығының алғашқы декларациясы жарияланған және XVII революцияға бірінші дүмпу берілген ел».

Вирджиний құқық декларациясы идеялары АҚШ Тәуелсіздік декларациясында дами түсті (1776 ж. ) . онда: «Біз барлық адам тең жаратылған және жаратушы берген нақты етене құқықтырға ие, оларға өмір, еркіндік, бақытқа ұмтылу жатады, бұл құқықтарды адамдар арасында қамтамасыз ету үшін өзінің орынды өкілеттілігін басқарылатындардың келісімімен алатын мемлекет құрылады деген ең көрнекті ақиқатты ұғынамыз» делінген.

АҚШ Конституциясында (1787 ж. ) алғашында табиғи ажырамас адам құқығының тізбесі болған жоқ. Кейіннен 1789 жылы Билль құқық туралы құрастырған Конституцияға алғашқы 10 түзетулер ұсынылып, ол 1791 жылы бекітілді.

Табиғи ажырамас адам құқығы идеялары Ж. Ж. Руссоның, Г. Гроцидің, Д. Локктың, Ш. Монтескьенің доктриналарында да дамытыла түсті.

«Заң, жалпы айтқанда, - деп жазды Ш. Монтескье, - адам ақыл-ойы, өйткені ол жер бетіндегі бар халықтарды басқарады; ал әр халықтың саяси және азаматтық заңдары осы ақыл-ойға қосымша жекелеген оқиғалар ретінде ғана болуы тиіс . . . »

Д. Локктың айтқандарын ескермей кетуге болмайды: «Адам, бұрын дәлелдегендей, толық бостандық пен табиғи заңның барлық құқықтары мен артықшылықтарын барлық басқа адамдар сияқты шексіз пайдалануға құқылы болып туады». Бұл доктриналар өзінің тарихи маңызы жағынан баға жетпес құқықтық акт - адам және азамат құқығы декларациясын (1789 ж. ) жасаған ұлы француз революциясының күшті факторына айналды [6, 78 бет] . Онда «Надандық, адам құқығын ұмыту немесе оны елемеу қоғамдық қасірет пен үкіметтің бұзылғандығының бірден бір дәлелі болып табылады» делінген.

Саяси құқықтық - тарихи ой - пікірлер нәтижелерінің мысалы ретінде, яғни адам, азаматқа қажетті құқықтарды іздеу нәтижесі деп тарихи құжаттар - заңды және жеке тұлғалардың еңбектерінің жемісі аталынды. Олар адам құқығы идеялары қалыптасуының жалпы тарихында тарихи «кесінділер» делінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлға түсінігі мен қалыптасу тарихы
Еңбек шартының ұғымы және ерекшеліктері
Жеке меншік құқығы
ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ
Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Құқық функциялары
Мемлекет құқық негіздері
Қылмыспен күрестің жалпы ұйымдастырылуы
Еңбек құқығы туралы
Саяси қозғалыстың өшу сатысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz