Қылмысты саралаудың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын ашып жан-жақты зерттеу


Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ

1. 1 Қылмыс құрамының түсінігі және оның маңызы . . . 7

1. 2 Қылмыс және қылмыс құрамының міндеттері . . . 10

1. 3 Қылмыс құрамының түрлері . . . 13

2 ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

2. 1 Қылмыс объектісінің түсінігі, қылмыстық құқықтағы маңызы . . . 16

2. 2 Қылмыстың обьективтік жағы . . . 27

2. 3 Қылмыстың субьектісі түсінігі және белгілері . . . 31

2. 4 Қылмыстың субьективтік жағы . . . 41

2. 5 Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі . . . 53

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 65

Кіріспе

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына 20 жыл уақыт өтті. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі.

Тәуелсіз алғаннан кейін 1995ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған болатын. Соған сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жариялады [1] .

Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін ажыратады. Қоғамның қалыпты дамуына кері ықпал ететін зұлымдық болып қылмысты атап өту қажет.

Қылмыс - ол әрқашанда жекелеген адамдарға, жалпы қоғамға, мемлекет мүддесіне қайшы келіп, белгілі бір дәрежедегі зардаптарға әкеліп соқтырады. Сол себепті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі қылмысқа жазалау қатерімен тыйым салынатын, қоғамға қауіпті әрекет деген анықтама береді[2] . Әртүрлі қылмыстар әртүрлі ниетпен және әртүрлі мақсатпен жасалады және осы ниеттер мен мақсаттар негізінде қылмыстар түрлі объектілерге бағытталады.

Мемлекеттің жоғары заң шығарушы органымен қабылданған құқықтық акт, қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір бастауы болып табылады. Басқа заңдардан оның айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті іс-әрекеттердің жазаланушылығын анықтайды. Жекелеген қылмыстық-құқылық нормалардың болуының өзі ескертпелік маңызға ие болады, яғни позитивтік сипатқа ие. Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің әлеуметтік функциясын орындауы үшін ол жүзеге асырылуы тиіс. Құқықты жүзеге асырудың сақтау, орындау, пайдалану және қолдану сияқты нысандары болатындығы бізге жалпы құқық теориясынан белгілі. Сонымен қатар құқық қолданудың тек соған өкілетті мемлекеттік органдар арқылы орындалатын құқықты жүзеге асырудың ерекше формасы екендігін біз білеміз. Ендеше қылмыстық құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдана білудің маңызы жоғары екендігі айтпасада түсінікті. Ол заңдылықпен ажырамас байланыста, себебі заңдылықтың нақтылығы мен өміршеңдігінің саяси және құқықтық кепілдемесі болып табылып, заңдардың дәл және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық құқықта заңдылық үшін күрес, ең алдымен қылмыстың заңи анықтамаларын дұрыс, дәл түсіну мен қолдану, қылмыс құрамдарын дұрыс түсіну және осының негізінде қылмыстық қудалауды, тек әрекеттерінде қылмыс белгілері, дәлірек айтқанда қылмыс құрамы белгілері бар адамдарға ғана қолдану үшін күрес болып табылады. Қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану үрдісі, олардың қылмыстық істе жүзеге асырылуы, әрдайым құқық қолдану актілерінде көрініс табады. Қылмыстық заңды дұрыс қолдана білу оны дұрыс түсіне білумен тікелей байланыста. Жалпы құқықты түсіндіру деп өзара байланысты болсада белгілі бір дербестікке ие екі ұғымды түсінеміз біріншіден бұл құқық нормасының мазмұнын анықтауға бағытталған белгілі бір ойлау процессі болып табылса, екіншіден түсіндірілетін нормалардың мазмұнын ашуға бағытталған сөйлемдердің жиынтығынан көрінетін ойлау процессінің нәтижесі болып табылады. Бұдан шығатын қортынды түсіндіру құқықты танудың әдісі ретінде құқықтық реттеудің барлық сатысында орын алады, соның ішінде құқықты қолдануда ерекше маңызға ие болады. Жалпы құқықтық әдебиетте қылмыстық заңды түсіндіру әрдайым оны қолданумен байланыстырылады және заңды қолданудың бөлшегі немесе белгілі бір кезеңі ретінде қарастырылады. Қылмыстық құқықтың нақты әрекеттілігі үш негізгі ұғымға сүйенеді және солар арқылы көрініс табады. 1) қылмыстық заңды қолдану; 2) қылмыстық-құқықтық нормаларды түсіндіру; 3) қылмысты саралау-яғни іс-әрекет белгілерінің қылмыс құрамы белгілерімен сәйкестендірілуі.

Аталған түсініктер бір тектес, тығыз байланысты және түпкі негізінде бір мемлекеттік міндетті шешуге бағытталған, ол міндет Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқада заң актілерімен бекітілген құқық тәртібін сақтау және күшейту болып табылады.

Аталған тақырыптың маңыздылығы біздің пікірімізше төмендегілерден айырықша байқалады. Біріншіден қылмыстық заңды қолдану әрдайым қылмыстық жазаны қолданумен ұштастырылады ал, қылмыстық жазаны қолданудың кез келген тұлға үшін туғызатын құқылық салдары ерекше маңызға ие болады. Екіншіден қылмысты саралаудың теориялық мәселелерін жеткілікті меңгермеу құқық қолданушының тарапынан болуы ықтимал заң талаптарын бұзушылықтың негізгі себебі болуы мүмкін. Үшіншіден қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс болып табылатын қылмысты әділ бағалауға жол бермейді, ал ол өз кезегінде қоғамда салтанат құруы тиіс әділеттілік, заңдылық қағидаларына қарама қайшы келеді қоғам мүшелерінің мемлекетке, заңнамаға деген сенімін жоғалтуға бастау болады.

Біздің ойымызша такырыптың тағы бір өзектілігі отандық заңтану ғылымында жеткілікті дәрежеде оның зерттелмегендігі болып табылады. Дипломдық жұмысты орындау барысындағы шешімі қиын мәселенің бірі қылмысты саралау тақырыбының әдістемелік негіздерін, теоретикалық ұғымдарын барынша толыққанды зерттеген ғылыми еңбектердің бұдан біраз уақыт бұрын жазылғандығының және оларды тауып жұмысты орындау барысында пайдалану мүмкіндігінің тым шектеулі екендігі. Аталған тақырыпқа біршама толық зерттеу жүргізген кеңестік заңгер-ғалым В. Н. Кудрявцев оның орыс тілінде жазылған «Теоретические основы квалификации преступлений» атты еңбегін және аталған автордың «Общая теория квалификации преступлений» деп аталатын еңбектерін біз өз жұмысымызға пайдаландық. Академик В. Н. Кудрявцевтің жұмысында қылмыс жасалуының нақты оқиғаларына қылмыстық заңның қолданылуының логикалық және құқықтық негіздері зерттеліп қарастырылған. Атап өтуге тұрарлық келесі зерттеу жұмысы Б. А. Куриновтың «Научные основы квалификации преступлений» деп аталатын еңбегі.

Отандық ғалымдардан біз жұмысымызды орындау барысында В. Сергиевский мен С. Рахметовтың «Квалификация преступлений» атты еңбегін пайдаландық. Солармен бірге дипломдық жұмыстың жекелеген тарауларында қылмыстық құқық бойынша А. Н. Ағыбаевтың; Н. И. Ветров пен Ю. И. Ляпуновтың; Н. Н. Смирнованың; Н. А. Беляев пен М. И. Ковалевтың оқулықтары пайдаланылды. Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қылмысты саралаудың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын ашып жан-жақты зерттеу; Қылмысты саралаудағы кейбір теоретикалық мәселелерге терең талдау жасай отырып олардың практикалық қолданысына баға беру болып табылады. Сонымен қатар қылмысты саралаудағы қылмыс құрамының маңыздылығын барынша толық ашып көрсету және қылмыстың жекелеген түрлерін саралау барысында қылмыс құрамының жекелеген элементтерінің, олардың белгілерінің қандай маңызға ие болатындығына толыққанды зерттеу жүргізу.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін автор алдына төмендегідей міндеттер қояды:

  1. Қылмысты саралаудың ғылыми негіздері мен заңи негіздеріне талдау жасау
  2. Қылмысты саралаудағы қылмыс құрамының маңызын ашып көрсетіп қылмыс құрамының құрылымдық элементтеріне талдау жасау.
  3. Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмыстық-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралаудың өзіндік ерекшеліктеріне мұқият талдау жасау.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін автор өзінің жұмысын үш тарауға бөліп, олардың мазмұнын тиісті бөлімдерге жіктеуді дұрыс деп санайды. Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік негізінен алғанда ресейлік авторлардың зерттеу жұмыстары құрайды нақты қандай еңбектердің пайдаланғандығын біз жоғарыда атап өткенбіз.

Дипломдық жұмыстың эмпириялық базасы болып Қазақстан Республикасын қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңы 1998 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енген Қылмыстық Кодексі табылады.

Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктері, сондай-ақ мұнда қозғалатын мәселелерді әзірлеу деңгейінің есебіне сәйкес кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын дипломдық жұмыстың құрылымы жасақталған. Біздің дипломдық жұмысымыздың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы және оның қылмысты саралаудың заңды негізі ретіндегі табиғатына талдау жасап, зерттеу жүргізу болғандықтан біз қылмыс құрамының жекелеген элементтері немесе олардың белгілері турасындағы қазіргі заманғы құқықтану ғылымындағы пікір таластарды тереңірек талдау міндетін қойғанымыз жоқ. Сондықтан біз өз жұмысымызды орындау барысында осы уақытқа дейін теориялық жағынан жеткілікті дәрежеде тұжырымдалған, зерттеуші ғалымдардың басым көпшілігінің қолдауына ие болған категориялар мен концепцияларды басшылыққа алдық.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ

1. 1 Қылмыс құрамының түсінігі және оның маңызы

Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыстың кұрамы деп - қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір кылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін кылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан кұралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс кұрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы.

Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген кылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің, баптарының диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мүның өзінде диспозициялардың кылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортак немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстық не субъектісі, не кінәнің нысаны аталмаған [3] .

Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175-бабында ұрлықтың оған тән белгісі - басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана керсетілген. Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипатталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс кұрамына жатпайды. Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардын коғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудін мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, кұжат т. б. ) немесе ол ұрлыктың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі - оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы - тонау болады. Қылмыс кұрамы бір ғана қылмыстық құқықтык нормада - бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап -кызмет жөніндегі жалғандық.

Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немесе бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың, бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екініші, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.

Ерекше бөлімнің баптарында әдетте аяқталған немесе орындаушының тікелей істеген қылмыстары көрсетіледі. Алдын ала қылмысты әрекеттерде немесе қылмысқа қатысушы адамдардың: ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші әрекеттеріне сол немесе басқа кылмыстың құрамының барлық белгілері болмайды. Мысалы, әйелді зорлауға оқталғанда онымен зорлап жыныстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге ақталғанда кылмыстың зардабы - адам өлімі жоқ. Бірақ та осы жағдайларда кінәлінің әрекеттерінде Ерекше бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың барлық белгілерінің болмауы олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деуге негіз болмайды. Бұл жағдайда да қылмыс құрамы бар, бірақ ол оның құрамы Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле отырып белгіленеді. Мысалы, әйел зорлауға оқталғанда кінәлінің әрекетінде Қылмыстық кодекстің 120 және 24-баптарында көрсетілген қылмыс құрамының белгілері бар. Қылмыс құрамының заңдылықты сақтауда және оны нығайтуда маңызы зор. Заңдылықты қатаң сақтау, бұлжытпай жүзеге асыру, тәуелсіз мемлекетіміздің нығаюының негізгі шарты. Заңдылық кағидасын сақтау, жүзеге асыру кұкык қорғау органнның қызметкерлерінің қасиетті борышы. Бұл азаматтардың конституциялық құқығын, бостандықтарын жүзеге асырудың, негізгі кепілі болып табылады. Заңдылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданып, оның әрекетіне заң талабына сай баға беру болып табылады. Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, әрекет немесе әрекетсіздікке қылмыстық заң, нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады.

Қылмысты саралау дегеніміз адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу болып табылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда керсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс кұрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету қажет: Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстың кұрамы болса, онда оның іс-әрекеті заңның бірнеше баптары немесе баптардын бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Қандай түрде болсада қылмысты дұрыс сараламау, ол зандылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау керек. Міне, бұл жерде қылмыс кұрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр. Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде-бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес. Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген, коғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады.

1. 2 Қылмыс және қылмыс құрамының міндеттері

Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағытыда әртүрлі. Жоғарыда айтқандай қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз адамның әлеуметтік-құқылық, қоғамға қауіпті және кұкыққа қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.

Қылмыстың жалпы түсінігі, сол қылмыстың заңдылык сипаттамасын беріп қана қоймай, оның әлеуметтік-саяси мәнін де ашып көрсетеді. Өмірде қылмыстық құбылыстар әртүрлі нысанда көрініс тауып немесе түрлі түрде болатындықтан қылмыстық заң қылмыстың жалпы түсінігімен бірге нақты қылмыстардың да түсінігін қарастырған. Қылмыстың жалпы түсінігі - барлық қылмыстарға тән, оның белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көрсетілген жеке қылмыстар түрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады.

Қылмыстық заңда сипатталған әрбір қылмыс, яғни қылмыс құрамы өзінің ерекше белгілерімен сипатталады. Қылмыстың құрамы - бұл қылмысты іс-әрекет емес, тек соның нысанын сипаттайтын түрі ғана. Ол - нақты қылмыстың заңды сипаттамасы. Жеке нақты қылмыстың зандылық түсінігі. Егер қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер - қоғамға Қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлілік және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға Қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілерінің Жиынтығы есепке алынады. Қоғамға қауіптілік қылмыс кұрамының емес, қылмыстың белгісі болып табылады. Осы екі қылмыстың құқылық-түсініктерінің бағыты да әр түрлі. Нақты қылмыстың кұрамы қылмыстық жауаптыдықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстык құқықта оның құқылық, әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру кажеттілігінен туындайды [4] .

Қылмыстық кұқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың кұрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді. Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың кұрамына тән, жиынтығында кылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез-келген қылмыстар кұрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар. Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың объектісін, қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін атап керсетеді. Осы белгілерге орай кез келген қылмыстың құрамы осындай төрт түрлі топтағы элементтерге бөлінеді. Әрбір қылмыс құрамында оның объектісін, объективтік, субъективтік жақтарын, және - субъектіні бейнелейтін белгілері міндетті түрде болады. Осы элементтердің әрқайсысы қылмыстың құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан да осы элементтердің біреуінің жоқ болуы қылмыс құрамының, мүлде және қылмыстық жауаптылыққа негіздің де жоқ екендігін көрсетеді. Қылмыстың құрамының жалпы түсінігі барлық қылмыс құрамына тән осы төрт түрлі элементтермен сипатталады. Қылмыстың осы немесе басқа элементтерін сипаттау тиісінше қылмыс кұрамының элементтерін сипаттау деп аталады. Мысалы, қылмыстың субъективтік жағының белгілерін сипаттау қылмыс құрамының субьективтік жағы деп аталады [5] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау
Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері жайында
Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы
Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері
Қылмыс және қылмыстық құқық жайлы
Қылмыс құрамы саралаудың заңдық негізі
Қылмыс объектісінің түсінігі мен түрлері
Мамандықтың пәндер каталогы
Қылмыстық зардаптар
ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz