Сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі мен сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін себептердің негіздері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі мен сыбайлас жемқорлыққа
итермелейтін себептердің негіздері.
1. 1 Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы . . . 6
1. 2 Тарихи дамуындағы заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес түрлері . . . 9
1. 3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың түрлері мен қылмыстық құқықтық сипаттамасы . . . 32
1. 4 Сыбайлас жемқорлықтың жасалу механизмі және аспектілері . . . 41
2 Қазақстан Республикасындағы сыбайластық жемқорлық қылмысымен күресудің қазіргі жағдайдағы негізгі проблемалары.
2. 1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың маңызын арттырудағы құқық қорғау органдарының мәні мен рөлі . . . 48
2. 2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыс жасаған адамға криминологиялық мінездеме . . . 51
2. 3 Шетел мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасы . . . 54
2. 4 Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы негіздер . . . 58
Қорытынды . . . 63
Қолданылған әдебиеттір тізімі . . . 64
Кіріспе
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазакстан Республикасы жаппай экономикалық және әлеуметтік саяси дағдарыс жағдайында болды. Жұмыссыздық, инфляция, товар дефициті, нарықтың күйреуі - бұлардың барлығы Республика тұрғындарының елеулі мөлшерін қайыршылыққа дерлік жеткізді. Табыс деңгейі бойынша халықтың бұрын кездеспеген таптарға бөлінуі орын алды. Мемлекеттің меншікті «жекешелендірудің» арқасында байыған жаңа ерекше таптар пайда болды. Бұлардың барлығы моральдық - идеологиялық вакумның, дәстүрлі өнегелі құндылықтардың қалпына келуінің заңға бағынуы деңгейі төмендеуінің пайда болуы, жастар санасына еліктеу мен теріс мінез - құлықтың ең дөрекі және көргенсіз үлгісін енгізу, құқықтық нигилизм сияқты құбылыстармен қатар жүрді. Қылмыстық әсерлердің көзі болып тек қана әлеуметтік өмірдің жеке көздері, жеке микроорта мен микротоптар ғана емес, сонымен қатар кең таралған әлеуметтік-экономикалық процестер де болып табылды. Өзінен өзі танылған, белгіленген құбылыстар мен процестер дәстүрлі қылмыстық факторларды күшейтті. Осыған байланысты зорлық қылмыстарында елеулі құрылымдық өзгерістер болды. Ол өзінің дәстүрлі-тұрмыстық сипатын жоғалтты. Қылмыстылық сапалы түрде өзгерді. Оның негізінің мазмұны маманданған жемқорлық, кісі өлтірушілер, есірткі сатушылар, жезөкшеге тартушылар құрады.
Республикамыздағы қылмыстың ең ауыр қауіпті түрі болып табылатын, ең алдымен қоғамның экономикалық, саяси құқықтық, өнегелі салаларына сұқтанатын сыбайлас жемқорлықтың өсуі тіптен қиындатты. Осы аталған қылмыс мемлекеттік құрылымның осал тұстарын, лайықсыз әрекеттерін біле отырып, оларға өз қызметін ұсынады. Олармен ынтымақтастық жағдайда болуды қалайды. Сыбайлас жемқорлық қызметімен ақша талап ету мақсатында азаматтарды кепілдікке ұстап алудың кеңінен таралуы тығыз байланысты, террорлық жағдайлары да белгілі. Осылайша сөз қылмысты қол сұғушылардың кейбір санаттарының қоғамдық қауіпінің деңгейінің өсуі, олардың салдарының ауырлығының өсуі, қасақана, ерекше, қауіпті, арнайы бағыттағы қылмыскерлердің үлесінің өсуі туралы болып отыр. Осыған байланысты, кез келген қылмыспен күресудің ғылыми негізделген стратегиясын жүзеге асырудың мәселелері кешенін теориялық жасау маңызы ерекше болып табылады. Осы тұрғыда қоғамға қолайсыз мінез - құлықтың пайда болуы, содан кейін оның нақты жағдайда жүзеге асырылуын анықтаушы жеке сананың теріс қалыптасу мәселелері тек қана теориялық қана емес, сонымен қатар тәжірбиелік те мағынаға ие болады.
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он төрт жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1995 жылы тамыз айының 30 - жұлдызында референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Осы Конституцияның 1-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі мен құқықтары, бостандықтарын құрметтеп қорғайды" [1 14] .
Әрине, егемендік пен тәуелсіздікті іс жүзінде толықтай тиянақты орнату процесі оңайлыққа түспей отыр. Республикамызда болып жатқан өзгерістер, күндегі апталық жаңалықтар, ауқымды кең тараған процестер, белгілі өскелең талап -талғамға сай өмір сүруге ынталандырып отыр. Осы жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін халықтың әл-ауқатын, жағдайын көтеруді, әлеуметтік белсенділігімен қоғамдағы дәрежесін арттыруды, адамды өндіріске материалдық қызығушылық арқылы тартуды әр республика өз даму процесінде халықты құқықтық тұрғыдан қолдап қамтамасыз етуді басты бағдар етіп қойды. Осыған орай қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі - заң саласы. Осы үлкен негізгі саланың өзекті бір арнасы - қылмыстық заң бұл тұрғыдан алғанда көп іс-қимылды талап Қазақ КСР 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілде айының 16-жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар айының 1-жұлдызынан бастап заңды күшіне енді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев "Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындарға билік пен заңның ең қатаң түрі қолданылсын", - деп атап өтті (10) .
Сол себептен қазіргі кезеңде негізінен республикамыздың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негізінің нығаюына, қылмыспен және заң бұзушылықпен күресті күшейтуге қоғамымыздың әр мүшесінің құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға басты назар аударуда. Алайда, бірнеше онжылдықтар бойы қалыптасып кеткен «социалистік» қоғамдық қатынастардың «нарықтық қатынастар» болып өзгеруі, шынайы тәуелсіздікпен мемлекеттік егемендіктің тәжірибеде жүзеге асырылуы жас мемлекет үшін оңай міндет емес екенін көрсетті және түбегейлі өзгеріс процесінде пайда болған қиындықтар, шешімін таппай жатқан мәселелер де аз емес.
Ел дамуының бағдарламалық құжаты - «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы» атты ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің дамуының алдағы жоспарымен негізгі қағидалары бағыттары баяндалған. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде көптеген қалыптасып кеткен көзқарастарды өзгерту қажеттілігі, оның ішінде жаңа тарихи жолдағы кедергілермен күресу әдістерін, қоғамға жат құбылыстармен, соның ішінде әсіресе қылмыстылықпен күресу әдістерін жаңарту қажеттілігі, жинақталған өмірлік тәжірибемізді жоғалтпау үшін қоғамға, адамға тиімді болған өткен тарихи сара жолымызды қайта саралау қажеттілігі туып отыр.
Осы тұста ел Президенті былай деп көрсетеді: «Бүгінгі дамуымыздың келеңсіз сипаттары туралы айта отырып, олардың көпшілігінің уақытша және өтпелі сипаты барын, оның өзі де кеңістік мұра мен өтпелі кезеңнің қиындықтарының салдары екенін атап өту қажет». Алайда, біз қандай шамада мүмкіндіктерімізді пайдаланып, қауіп - қатердің алдын аламыз, өзіміздің оңымызды еселеп, терісімізді азайтамыз - бұл біздің өзімізге, мақсаттары мен басымдықтарды дәл білуімізге, оларды уақтылы әрі оралымды іске асыруымызға байланысты [11 13] .
1 Сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі мен сыбайлас жемқорлыққа
итермелейтін себептердің негіздері.
1. 1 Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңыы.
Қазақстан Республикасы толық мемлекеттік тәуелсіздікке ие болғаннан кейін, жаңа қоғамдық - саяси жағдайда елдің әлеуметтік - экономикалық және рухани дамуының барлық саласын дамытуды басты мәселе етіп қойды. Республикамызда жемқорлық қылмыспен күресті күшейту мақсатында өткен жылдың ақпан айында американың халықаралық даму агентігінің қаржылық демеушілігімен жемқорлыққа қарсы орталықтың ашылу рәсімі өтті. Орталық әлемнің барлық елдеріндегі жемқорлыққа қарсы күрес шараларының жүйесі және әдістемесі туралы ақпарат жиналды.
Орталықтың қызметкерлері Мемлекеттік қызметкерлер арасында тұрақтылықтың ұлттық жүйесін нығайту мәселелері бойынша қоғамның күшейту мүмкіндіктері туралы сауалнама өткізуді жобалауда. Жемқорлыққа қарсы қылмыстың өзекті мәселелері бойынша республикамыздың Қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тығыз байланыс жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының ғылыми танымдары мен өзекті мәселелері Қазақстандағы қоғамдық қатынастарды реформалаудың барлық кешенді мәселелерімен тығыз байланыста. Сыбайлас жемқорлықтың мән - мағыналық мәселелері оның пайда болуы, онымен күрестің қылмыстық - құқықтық құралдары қызу пікірталастар тудыру үстінде «Сыбайлас жемқорлық» ұғымы қандай қылмыстық қол сұғушылықты қамтитыны да даулы мәселе қалпында қалып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа жол беретін әрекеттерді ережеге бағындыру, құқықтық саралау мәселесі де баяу жүргізілуде. Сондай - ақ, қылмыстық заң баптарының санкциясы мен сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін жазаның қандай түрлерін қолдану да нақты шешімін таппай отыр. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың ұғымы, мәні, маңызы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарының қалыптасуы мен дамуы, сыбайлас жемқорлықпен жасалатын қылмыстың нақты құрамы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың қылмыстық - құқықтық, қылмыстық - процесуалдық, криминалистикалық шаралары талданады. Қазіргі кезде қоғамымызда қауіпті құбылысқа айналып отырған қылмыстардың бірі, сыбайластық жеқорлық болып табылады. Қазақстанның жаңа қылмыстық заңдарының ережелерін ескере отырып, сыбайлас жемкорлықпен күрестің өзекті мәселелерінің проблемалық аспектілерін жасау болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері: жалпыға мәлім, жемқорлық қылмыс, ең алдымен қоғамға қауіптілігімен, құпиялылығымен, ерекше кұрылымымен, экономикаға кері әсер етуімен, құқыққа қайшылығымен, күш көрсетуімен сипатталады. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық қылмысымен күресудің жаңа нысандарын, әдістерін әзірлеу, қылмыс санаттарын уақтылы ашу, алдын ала қылмысты болдырмау үшін құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру қажеттілігі туындайды [12, 256] .
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында бұл қылмыстарды тергеу үшін, жедел - тергеу топтарын қазіргі заманғы ғылыми - техникалық құралдармен жабдықтау болып табылады. Бұл қылмыспен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында тергеудің жеке әдістемелерін қалыптастыру маңызды. Жоғарыда айтылған қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу кезіндегі прокурордың қадағалау жүйесі маңызды рөл атқарады [13, 105] .
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең басты өзекті мәселесі - жеке азаматтарға және мемлекетке материалдық үлкен шығын алып келуі. Қазіргі республикамыздың нарықтық экономика кезеңінде, сыбайлас жемқорлық қылмысымен қарсы күрес жүргізу мәселесі ең басты құндылық болып есептеледі. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерімен қалыптаспай келеді. Жалпы бұл термин латынның «corruptio» - «сатып алу» деген сөзінен шыққан.
Яғни, лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшің пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлық туралы Цицеронның «егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана қалтырайды, ал егерде, басқалармен бөлісуге жетерліктей жымқырған болса, онда олар аса қорқыныш жоқ», /3/ деген белгілі сөзін еске алуға болады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу айтарлықтай моральдық шығынға ұшырататыны сөзсіз. Тәжірибеде осы қылмыспен күрес процесінде адамдардың пайдакүнемдік, қанағатсыздық көре алмаушылық, арызқой әрекеттері жиі байқалуда. Сыбайлас жемқорлық пен пара алу салықтан бұлтару сияқты көрініс табуда (14, 76) . Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес проблемаларының өзектілігі әдеттегідей әлеуметтік шиеленістіктен, экономикалық тұрақсыздықпен, қайыршылықпен сабақтасып, реформаларды жүзеге асыру кезеңінде айрықша көрініс табады.
Ең алғаш рет 1995 жылы ақпан айында Европалық Кеңес сыбайлас жемқорлық мәселесі жөнінде тақырыптық жиын өткізді, ол 2001 жылы және ең соңғысы 2004 жылы өткізілді. Қазақстан Республикасында аса қауіпті құбылыс ретінде көрінетін сыбайлас жемқорлық туралы әңгіме 1991 жылдан бастап қозғалды. Қазіргі жағдайда ел басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күреске ерекше мән беруде.
Ел Президенті қылмысқа қарсы күреске байланысты бірқатар жарлық шығарды. Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының қылмыспен күресті күшейту мен құқық қорғауды нығайту мәселелері жөніндегі мәжілісінде, парақорлықпен күрестің түбегейлі шараларын алға ала отырып: «Парақорлық әлеуметтік қауіпті көлем алып барады, - деп атап көрсетіп, - параны көп нәрсе үшін - жер бөліп бергені үшін, коммерциялық құрылымдарды қайта тіркегені үшін, әскерден қалдырғаны үшін, табысын салықтан жасыру үшін, жекешелендіруге жәрдемдескені үшін, ең соңында бастықтың алдынан тамыр - таныстықпен өткізгені үшін алады». /2/ Еліміздің Президенті Н. Э. Назарбаев Қазақстан халқына өзінің «Қазақстан - 2030» жолдауында жеті стратегиялық қағидалардың қатарына «сыбайлас жемқорлыққа табандылықпен әрі аяусыз күресуді» де атап өтті. Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің арасынан бірінші болып, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заң қабылдап және осы күресті теңдесі жоқ міндеттердің бірі деп санады.
Алғашқы рет Республика заңдарында сыбайлас жемқорлыққа және соған байланысты құқық бұзушылыққа заңгерлік түсінік беріліп, сыбайласқан құқық бұзушылықтың субъектілері анықталып отыр. Заңда, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 39 - бабының I - тармағына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындау өкілеттігі бар және соларға теңестірілген адамдардың құқығы мен бостандықтарын сақтай отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі жолдары берілген. /1/
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен сыбайласқан құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке арнайы бөлім арнаған. Ал заңның негізгі мақсатына тоқталсақ, I - бабында, осы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп -қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. Осы Заң сол сияқты демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенім нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға да бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты негізгі ұғымдар заңның II - бабында баяндалған, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бөл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп танылады (14, 98) .
Сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құдық бұзушылықтар) болып табылады. Мемлекеттік міндеттер - Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен мемлекеттік, оның органдары мен мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың өкілеттігіне жатқызылған іс жүргізу мәндері.
Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау міндеттері - заңдармен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, заңдардың бұзылу себептері мен жағдайларын анықтау мен жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біркелкі қолданылуын және нормативтік актілердің міндетті талаптарының орындалуын тексеру жөнінде жүзеге асыратын міндеттері. Лауазымды адамдар - тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша мемлекеттік органдарда, жергілікті Өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық - билік етушілік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерін атқаратын адамдар. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар - мемлекеттік міндеттері мен мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей атқару үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген қызметтерді атқаратын адамдар.
1. 2 Тарихи дамуындағы заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес түрлері.
Сонау 1998 жылдың аяғында Ел Президенті Жоғары тәртіптік кеңесті «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия» етіп қайта құрды, 1998 жылдың 7 - желтоқсанында Президент сыбайлас жемқорлықпен күрестің 1999 - 2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қол қойды, 2000 жылы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия таратылып, оның қызметі Президент әкімшілігіне берілді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық кезде де қоғам мен мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.
Мемлекеттік билік органдарына келетін болсақ, бұл мәселе, яғни, сыбайлас жемқорлық ғылыми тұрғыдан зерттеу міндеттері қашан да ең өзекті мәселе болып қала береді. Сыбайлас жемқорлық, парақорлықпен бірге лауазымды адамның өзінің мүддесін ойлап бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену. Сыбайлас жемқорлықтың мәні туралы, профессор Е. І. Қайыржанов былай деді - «шындығына келгенде сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің көз үйреншікті құбылысына айналғаны қашан, ол қоғамның айықпас, қайта өрши түсетін індеті іспеттес». /4/ Қазақстан Республикасында 1998 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңға келетін болсақ, заңның 2 - бабында, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп танылады [15, 346] .
БҰҰ - ның халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы анықтамалық құжаттарында «сыбайлас жемқорлық» - жеке басының пайдасы үшін мемлекеттік билікті теріс пайдаланушылық делінген. Біздің республикамызда «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында, сондай - ақ өзге заңдарда көзделген, белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар деп танылады [16, 73] .
Белгілі ресейлік ғалым, профессор Л. Д. Гаухман сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты, оған қарсы күресті былай түсіндіреді: «мемлекеттік қызметкерлердің заңмен немесе өзге нормативтік актілермен тыйым салынған мүлікті немесе сыйақыны, көрсетілген қызмет немесе жеңілдіктерді алуы немесе оларға осындай қызметтің көрсетілуі, не болмаса заңмен немесе өзге нормативтік актілермен көзделген материалдық игіліктерді біле тұрып бермеуі» [18, 301] . Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңда келтірген анықтаманы талдай келіп, оның тұжырымдары халықаралық құқықтың стандартқа сай келеді деп айтуға болады.
Заңда сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты үшке бөліп қарастырады.
- Жақын туыстардың, жекжаттардың бірге қызмет істеуіне жол бермеу; (11 -бап)
- Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар және олар үшін жауапкершілік (12 - бап)
- Игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар (13 - бап)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz