Жас өспірімдер физиологиясы және гигиенасы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Жас өспірімдер физиологиясы және гигиенасы.
  2. Дене күшінің дамуы.

ІІІ. Қорытынды

Жас өспірімдер физиологиясы және гигиенасы .

Жас шағы психологиясына жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда

  • Бірінші шегі физиологиялық,
  • Екіншісі әлеу-меттік шек болып тұрған осы анықтаманың езі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.

Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады, деген оймен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен езін-езі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады, Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр турлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғнн индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.

Советтік ғылым жастық проблемасын әлеуметтік-психологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплексті зерттеу керек деп біледі. Бұл әжептәуір қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлеуметтік толысу мерзімімен әр кезде үйлесе бермейд. Акселерацияның, дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары екі-үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеп пен екі жыл бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға препубертаттық, пубертаттық және постубертаттық фазаларға бөледі, осының езінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншектік жасты (балаң жастық) алғашқы екі кезең мсн байланыстырады.

Акселерацияға банланысты жеткіншектік кезеңнің шеқтері төмендейді де, қазір ол енді 14-14, 5 жаста-ақ аяқталады. Жас өспірімдік тиісінше ерте басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұнын алдымен әлеуметтік жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орны, ол меңгеруге тиісті білімдердің келемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.

Қөптеген алғашқы қауымдық қоғамдарда жас шағы айырмашылықтары әлеуметтік айырмашылықтарға тікелей үйлеседі; социализацияның негізгі механизмі бір жастағы адамдарды (еркектерді) біріктіретін жас шағы топтары болып табылады, осының езінде мұндай топтардың әрқайсысы ездеріне ғана тән арнайы әлеуметтік функңияларды ғана атқарады. Феодалдық қоғамда социализация жеткіншекті не жас өспірімді ересектердің іс-әрекетіне едәуір дәрежеде тікелей қосу арқылы (шаруалар шаруашылығына кемек, рыцарьлық сословиедегі паждар мен атқосшының міндеттері) жүзеге асырылған. Мектеп оқытудын осы практикалық формаларын толықтыратын ғана болған. Қазіргі қоғамда ецбектің және қоғамдық іс-әрекеттің күрделіленуіне байланысты адам жұмыс істемей, негізінен оқитын даярлық кезеңі едәуір ұзарады. Білім алу мен оқудың қоғамдық қажетті мерзімі неғұрлым ұзақ болса, шын мәніндегі әлеуметтік кемелділік соғұрлым кеш басталады. Осыдан келіп жас өспірімдік кезең ұзарып, жалпы алғанда жас шағы шектері біршама тиянақсыз болады. -

Балаң жас өспірімдік (14, 5-17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана. Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай?

Дене күшінің дамуы.

Балаң жастық - адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус 13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дің арасы (ауытқу плюс-тминус 10 айу) Салмағы артады, осының езінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық - ең көп жетістіктарге жететін кезең.

Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың кәбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Қөп тараған түсініктерге карамастан, : жыныстық, толысудың, мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байданысты емес. Онын есесіне тамақтану сипатындағы айырмашылықтар мен басқа да әлеуметік-экономикалық факторлар ықпал етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескеру өте маңызды. Кейбір әбден қалыпты адамдар орташа статистикалық мерзімдерден көп озық не қалыңқы дамиды. Қарқынның бұл вариацияларын патологиялық жағдайлардан ажырату әрдайым оңай бола бермейді.

Дамудың әлеуметтік жағдайы .

Жас өсірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда. болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді.
Баланың атқаратын ролі ересектердің ролінен сапалық тұрғыда езгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғынады. Өмірлік іс-әрекеттің күрделене түсуімен бірге жастарда әлеуметтік рольдер мен мүдделер диапазонының сандық ұлғаюы ғана болып коймайды, сапалық тұрғыдан да өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге кебейеді, осыдан келіп дербестік пен жауатікершілік өлшемі шығады. 14 жаста оны комсомолға қабылдайды, 16 жаста паспорт алады. 18 жасында сайлау правосы мен некелесуге мүмкіндік алады. Жас өспірім қылмысты істер үшін жауап беретін болады. Қөпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастайды, бәрі де мамандық таңдау туралы және т. б. ойлайды. Алайда жас өспірімде ересектер статусының элементтерімен катар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады. Материалдық жағынан жоғары класс
оқушысы әлі ата-аналар қарауында. Мектепте оған, бір жағынан, екінің бірінде Сен ересексін, үлкенсің десе, екінші жағынан, одан үнемі тіл алуды талап етеді. Бұл мектептен басқа жерлерде де байқалады, мұнда 16 жастағылар емес, 20 жастағыларды да көбінесе ересек деп санамайды. Жағдайдың (бір тұрғыдан ересек деп танитын, екінші тұрғыдан танымайтын) және езіне Қойылатын талаптардың тиянақсыздығы жастардың психологиясында езінше ұғынылады.

Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси кызметке даярлану, некелесуге ез семьясын құруға әзірлену. Езара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамнын іс-әрекетінің сипатына тәуелді. Барлығы мектеп оқушылары болатын жеткіншектердей емес 15-17 жастағы жас өспірімдер мен бойжеткендер бұған қоса кәсіптік-техникалық училищелердің немесе арнаулы орта оқу орындарының оқушылары болуы мүмкін. Кейбір жас өспірімдер оқуды өнімді еңбекпен ұштастырады. Бұл айырмашылықтар психологияға әсер етеді, сондықтан тәрбиешілер мұны ескеруге тиіс.

Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15--16 жасқа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшеліктер физиологиясы
Жас кезеңдерінің ұзақтығы
Балалар мен жас өспірімдер ағзасының құрлысының физиологиялық ерекшеліктерін және валеологияның негізін үйрену
Ұйқы безінің құрлысы мен қызметі
Балалар мен жас жасөспірімдер өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру. Қазақ халқының ұлттық тағамдары және пайдасы
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің оқұ-әдістемелік кешені
Зат алмасуы
Балаларды жыныстық тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz