Адам өміріне, денсаулығына, бостандығына, қадір-қасиетіне қарсы қылмыстардың мазмұнын, қауіптілігін, зиянды салдарын, қоғамға әсерін кеңірек ашып талқылау


Жоспар:

Кіріспе . . . 3

1 Жеке басқа қарсы қылмыстар.

  1. Жекебасқа қарсы қылмыстардың түсінігі . . . 6
  2. Жеке басқа қарсы қылмыстардың түрлерінің жалпы сипаттамасы . . . 9

2 Жеке басқа қарсы қылмыстардың түрлері мен

олардың түсініктері.

2. 1. Өмірге қарсы қылмыстар . . . 21

2. 2. Денсаулыққа қарсы қылмыстар . . . 36

2. 3. Өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстар . . . 45

2. 4. Адамдардың жыныстық дербестігіне және жыныстық еркіне

қарсы қылмыстар . . . 50

2. 5. Адамның және азаматтың жеке бас бостандығына қарсы қылмыстар . . . 57

2. 6. Адамдардың және азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне

қарсы қылмыстар . . . 63

Қорытынды . . . 68

Қолданылған әдебиеттер . . . 70

Кіріспе

Жаңа мыңжылдықтың табалдырығын адамзат «құқық бұзушылық, қылмыс» проблемаларымен бірге аттады. Бұл қазіргі кезде кең етек алған актуалды мәселе. Мемлекетіміз өркендеп, құқық қорғау органдары тынбай еңбектеніп жатса да, жасалған қылмыс саны кемір емес, тіпті кей жағдайларда бұрынғы деңгейден асып түседі деуге болады. Қылмыс саны ғана емес, сонымен қоса сапасы да өзгереді (мысалы, зорлау мақсатында жасалған қылмыстар, әсіресе қылмыстың өте қауіпті түрі-ұйымдасқан қылмыстар көбейді) . Әрине қылмыстардың қай-қайсысы болса да қоғамға қауіпті, белгілі бір мөлшерде зияны мен зардаптарын тигізіп жатады, бірақ бар қылмыстардың ішіндегі көп кездесетіні «жеке басқа қарсы қылмыстар».

Осы тақырыпқа дипломдық жұмыс жазудағы мақсатым, жеке басқа, адам өміріне, денсаулығына, бостандығына, қадір-қасиетіне қарсы қылмыстардың мазмұнын, қауіптілігін, зиянды салдарын, қоғамға әсерін кеңірек ашып талқылау.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1- бабы- адам, оның өмірі құқықтары мен бостандығы ең жоғары құндылықтар деп жариялайды. 1961 жылғы «Қаз. ССР ҚК-іне қарағанда қазіргі ҚР. КҚ-інде «жеке адамға қарсы қылмыстар» бірінші тұр, Қылмыстың кодекстің ерекше бөлімі де содан басталды.

Адамның өміріне және денсаулығына, жыныстық тазалығына, бостандығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қастандық жасауға бағытталған қауіпті іс-әрекеттер жеке адамға қарсы қылмыстар деп танылады. Мұндай қылмыстар жасалғанда адамға елеулі зиян келеді, не оның өміріне, денсаулығына, заңды құқықтары мен бостандығына қауіп төнеді.

Жеке адамға қарсы бағытталған ауыр қылмыс - адам өлтіру болып табылады. Адам өлтіру- туған адамды заңға қарсы қасақана өмірінен айыру. Адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы -адам денсаулығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Адам органы коммерциялық мәміле заты бола алмайды. Соңғы жылдары медицина ғылымының елеулі жетістіктерінің бірі-адамның органын немесе тінін басқа адамның өмірін сақтап қалу немесе қалпына келтіру үшін ауыстырып салуға қол жеткізу болып табылады. Медицинадағы бұл жетістік ауыстырып салу, не өзгедей пайдалану үшін адамдардың органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету сипаты криминалдық жағдайлардың көрініс алуына әкеліп соқты.

Соңғы кездері жас қыздарды жұмысқа орналастыру сылтауымен шетелге алып кету етек алды, ал істің шындығы - оларды нәпсіқұмарлық мақсатта пайдалану.

Заңда адамның жанын қинайтын, адамшылық қасиетін қорлайтын қимылдар жасауға үзілді - кесілді тыйым салынады. Азаптаудың түрлері, ұрып-соғу, соққыға жығу, қинау, денеге зақым келтіру сияқтылар болмақ.

Ал қорлау жеке басты масқаралау, ұлттық қадір - қаситіне тіл тигізу жағдайында да болуы мүмкін.

Заң әрбір адамды басқа біреудің күш көрсетуінен қорғап отырады. Егер әлдебіреу адамдарды бостандықтан айырғысы келсе, ол жауапқа тартылады. Ал мұндай әрекет күш жұмсау тәсілімен немесе күш қолдануды ескерту тәсілімен жүзеге асырылуы мүмкін. Егер адам қылмыскерді ұстау мақсатында немесе оны тәртіп қорғау органына беру үшін күш жұмсаса, ол жауаптылыққа тартылмайды, себебі, ол өзінің азаматтық міндетін орындады деп есептеледі.

Конституция адамдардың өнегелі сапасы- ар - ұжданы мен қадір-қасиетін жоғары сатыға көтереді. Барлық халықтарда да кісінің жоғары мәртебесі саналады. Оны орыс халқының «Ар ақылды туғызады, арсыздық барыңнан айырады», немесе «Басымды алсаң ал, бірақ арымды алма» деген мақалдары дәлелдесе керек.

Қазақ халқында да: «Арым үшін жан пида» деген мақал бар. Адамгершілікке негізделген қоғамда намыс пен ар заң жүзінде қорғалады.

Сондықтан Конституцияда: «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды» деп жазылған². Бұл жағдай азаматтық немесе қылмыстық заңда да анық айтылған.

Егер әлдебіреу адамның ары мен қадір-қасиетіне кір келтіретін мағлұмат таратса, егер де бұл мағлұматтың растығы дәлелденбесе, онда кінәлі адам қылмыстық және материалдық жағынан жауаптылыққа тартылады.

Заң қорлаушылықты қылмыс деп тауып, адамның ар-ұжданы мен қадір-қасиетін кемсітушілікке тыйым салады. Тіл тигізу-жалпы адамзаттық қағида тұрғысынан алып қарағанда адамның қадір-қасиетін қорлау болып табылады.

Заң жеке адамның ар-ұжданы және қадір-қасиетімен бірге оның өміріне басқа біреудің озбырлық жасауынан да қорғап отырады.

«Жеке адамға қарсы қылмыстар» тарауына заң шығарушы жеке адамға қарсы қылмыстар үшін жауаптылық көзделген жаңа құрамдар енгізген, оларда қоғамға қауіпті мұндай іс-әрекеттердің қылмыстық - құқықтық нышандары нақтыланған, сот тәжірбиесіне сүйене отырып, нақты қылмыстық іс-әрекет үшін қылмыстық жаза түрі қарастырылған.

Бұл диплом жұмысын екі тарауға бөліп қарастырдым. Біріншісінде, жеке басқа қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беріп, екінші тарауда осы қылмыстардың түрлерін талдап, оларға жеке-жеке тоқталып өттім. Осы жұмысымның барысында негізінен қылмыстық құқық оқулықтарының ерекше бөлімін және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінікті басшылыққа алдым. Сондай-ақ басқа да бірқатар оқулықтар мен газет-журналдарды және Ресей Федерациясында шыққан оқулықтарды, Қазақстан Жоғары Сотының нормативтік қаулыларын, сот практикаларын, жергілікті сот практикаларын және басқа да қосымша құқықтық материалдарды пайдаландым.

1 Жеке басқа қарсы қылмыстар.

1. 1. Жеке басқа қарсы қылмыстардың түсінігі.

Әлемдік тәжірибиенің арғы-бергі тарихына көз жүгіртіп, ой таразыласақ жамандық пен жақсылық, зұлымдық пен адалдық арасындағы бітіспес күрес тіршіліктің тамырымен бірге бүлкілдей соғып, ғасырдан-ғасырға жалғасып келеді екен. Бәлкім тіршілікке дем беріп, уақыт шіркінді тынымсыз қозғалысқа түсіретін де осы қарама-қайшылықтар шығар. Бір - біріне кереғар қарым - қатынастар қатынастар мен күштерден туындап жататын осы тәріздес түрлі келіспеушіліктер мен жанжалдар қай мемлекетте де болсын заңдармен реттелініп, бұзылған тәртіппен құқық мүмкіндігінше қалпына келтіріліп отырады. Алайда, таразы басын тең тартып, шиеленіскен дау-дамайды алысқа ұзатпай, екі жаққа да ортақ төрелік жасаудың кей-кейде ырыққа көнбей кететін де сәттері болады. Әрқайсысынының арғы жағында бір-бір адам тағдыры тұратын дау-дамайдың ақ-қарасын ажыратып берудің күрделілігі де нақ осында. Біздің еліміздің Ата заңында да «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқалай қатігездік немесе адамдардың қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайды» - деп атап көрсетілуінің өзі қоғамымыздың басты қазынасы адамдардың Конституциялық құқықтарының қорғалуына қаншалықты дәрежеде мән берілгендігін аңғартса керек. Алайда, Ата заңымыздағы осы бір қасиетті қағиданың өкінішке орай барлық уақытта сақталына бермейтіндігін өмір тәжірибесінің өзі оның көрсетуде. [25; 36]

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған.

Осыдан келіп- құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық -қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады.

Осы арада жалпы қылмыс ұғымына тоқталып өтейік. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде: «Жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет ( әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс»- деп танылады делінген. [6; 12]

Жұртқа мәлім, қылмыстық заңда қаралған кез-келген қылмыс қоғамдық қауіпті болып табылады, яғни тұтас алғанда қоғамға да және оның мүшелеріне де қауіп төндіреді. Ал күш қолданып жасалған қылмыс жеке адам үшін айрықша қауіпті.

Күш қолданып қылмыс жасау ұғымының аясы кең. Сондықтан сіздердің назарларыңызды барынша қауіпті күш қолданып қылмыс жасауға аударғым келеді. Осындай қылмысқа тек адамға бағытталған қылмыстық әрекет жатады.

Адамның өміріне және денсаулығына қарсы күш қолданып жасалған ауыр қылмыстар мен маскүнемдік арасындағы өзара байланыс әрдайым терең зерттеліп келеді. Істің шын мәнінде маскүнемдік жағдайында жасалған қасақана адам өлтіру мен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру жөніндегі қылмыстар барлық тіркелген және ашылған қылмыстардың жартысынан астамын құрайды. Алайда, өткен жылдары күш қолданып жасалған ауыр қылмыстар негізінен маскүнемдік жағдайда немесе ішімдік сатып алуға қаржы табу үшін жасалса, ал соңғы кездері әдейі әзірленген қылмыстар көбейе бастады. Бұл алдымен ұйымдасқан қылмыстың бел алуына байланысты болып отыр. Оның құрамына оған бейімделген қылмыс жасауды өмір сүру жолы ретінде таңдаған адамдар енген, яғни олар ақы алып ауыр қылмыстар жасайды, адам өлтіруді кәсіп етеді және т. б.

Жеке адамға қарсы бағытталған ауыр қылмыс адам өлтіру болып табылады. Алайда, адам өлтіргендер саны, қылмыстың ашылмай қалуы және

оны жасаған адамның жазаланбауы жылдан-жылға ұлғая түсуде. Негізінен өзара жақын-жуық айналымдағы адамдар арасындағы тұрмыстық қылмыстар (туысқандар, отбасы-мүшелері, көршілер және т. б) ашылуда.

Жеке адамға қарсы қылмыстардың ішінде күштеп жыныстық қатынас жасауда аз кездеспейді, әсіресе зорлау және басқа да нәпсіқұмарлық сипаттағы күштеп әрекет ету қылмыстары қоғамға мейлінше қауіпті болып отыр.

Қылмыс жасау себептері төңірегінде ежелден осы күнге дейін сан түрлі пікірлер айтылуда. Айтылған ойларды тұжырымдасақ адамдардың құқықтық нормаларды бұзуына, ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқаймыз.

Әлеуметтік жағдайлар - отбасы, мектеп, қызмет істейтін ұжым, жалпы қоғам өмірінің әсері. Бірақ бұлар әр адамға әртүрлі ықпал-етеді, тұрмысы ауыр, қиын жағдайда тәрбиеленіп, өмір сүретіңдер де, сонымен бірге уайымсыз, тоқтықта өскендер де заңды бұзуы мүмкін. Бұл жағдайды бабаларымыз ежелден-ақ байқаған. «Жаманнан жақсы туар, бір ауыз сөзге алғысыз», -деген мақал осының айғағы болса керек.

Биологиялық жағдайлар. Бір отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленіп, өскен балалардың ой-өрісінің сапасы әртүрлі болатыны белгілі. Біреуі мейірімді, салмақты, жігерлі болса, екіншісі қатыгез, жеңілтек, жігерсіз болуы мүмкін. Әрине балалардың жаратылысынан әртүрлі болуы, бұзақылық, адамның тегіне байланысты деген сөз емес. Бұзықтық тұқым қуаламайды, бірақ, адамның жаратылысына тән жаман мінездерді өсіп - өнетін кезеңге тап болса, адам әдепсіздік заң бұзушылық қылықтан тайынбайды.

Жеке адамның әлеуметтік мәртебелерінің бір-біріне сәйкес келмеуі оны қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелейді. Яғни саяси экономикалық үстемділікке әлеуметтік саладағы жағдай сәйкес келмеуі, жеке адамдардың білім мәртебесіне экономика, мәдениет саласында тиісті орынды қамтамасыз етпеген жағдайда, олар заңсыз әрекеттерге барады. Кейбір саяси қызметкер өзінің жағдайын мемлекеттегі рөлімен теңестіру үшін, билікті теріс мақсатта пайдаланады. Ең арысы жалданбалы жұмысшы да, сатқын жұмыс күшінің ақысы оның қоғамдық қажеттілігін өтемесе, қолайсыз мүмкіндіктерді пайдалануға бет бұрады.

Қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы істелген іс-әрекетті нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы әрекетке ҚК-тің Ерекше бөліміндегі тиісті баптар бойынша құқықтық баға беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты саралау деп атайды. Қылмысты дұрыс саралау құқық қолдану органы қызметкерінің қызметтік борышы, негізгі міндеті. Дұрыс саралау-заңдылық қағидасын бұлжытпай жүзеге асырудың шарты болып табылады. Сонымен қатар, қылмысты дұрыс саралау - жеке адамдардың Қазақстан Республикасы Конституциясында, басқа да заңдарда көрсетілген құқықтарын қорғаудың кепілі болып табылады. Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы ерекше. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумдарының көптеген қаулылары арналған.

1. 2 Жеке басқа қарсы қылмыстардың түрлерінің жалпы сипаттамасы.

Адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының ІІ-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияда « ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары », -деп жарияланған1. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде қылмыстық құқық та адамдарды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді.

Жеке адамға қарсы қылмыстардың тектік объектісі- жеке адам, ал тікелей объектісі - оның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті.

Қылмыстың тікелей объектісіне байланысты бұл қылмыстарды мынадай

топтарға бөлуге болады:

  1. Өмірге қарсы қылмыстар (ҚК-тің 96-102 баптары) ;
  2. Денсаулыққа қарсы қылмыстар (ҚК-ң 103 - 111, 114 - 116 баптары) ;
  3. Өмірге және денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстар (ҚК-тің 112, 113, 117-119 баптары) ;
  4. Адамның жыныстық тазалығына және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстар (КҚ-ң 120-124 баптары) ;
  5. Адамның және азаматтың жеке басының бостандығына қарсы қылмыстар (ҚК-ң 125-128 баптары) ;
  6. Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір - қасиетіне қарсы қылмыстар (ҚК-тің 129, 130 баптары)

Ендігі кезекте осы аталған қылмыстардың әрқайсысына жалпылама сипаттама беретін болсақ, ең алдымен өмірге қарсы қылмыстарға тоқталайық.

Қазақстан Республикасының қазіргі қолданып жүрген ҚК-сі бойынша өмірге қарсы қылмыстарға мыналар жатады: адам өлтіру (96-бап) ; жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (97-бап) ; жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (98- бап) ; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (99- бап) ; қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (100-бап) ; абайсызда кісі өлтіру (101-бап) ; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-бап) . Өмірге қарсы бағытталған осы қылмыстар, соңғы екеуінен басқасы адам өлтірумен байланысты.

Қазақ ССР-нің 1959 жылғы Қылмыстық Кодексінде адам өлтірудің заңдылық анықтамасы берілмеген болатын. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. «Кісі өлтіру, басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру» деп ҚК-тің 96-бабында тура көрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс құрамы (абайсызда кісі өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстардың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады.

Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстың болуын айқындау қажет.

Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлінің оқпен атылатын және суық қаруды, өзге де заттарды пайдалануымен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы, адам өмірінен айырылады. Сонымен қоса адам өлтіру жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте жүрек - қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен өмірінен айыруды әдебиеттерде мысал ретінде келтіру жиі кездеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйкесіне әсер ету нысандары мен әдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.

Адам өлтіру сондай-ақ әрекетсіздік нысанында да болуы мүмкін. Бұл негізінен мынадай жағдайларда кездеседі. Яғни, кінәлі адам біреуді өмірден айыру мақсатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған тікелей міндетті бола тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупін туғызады және өлімге жол береді.

Кінәлінің өлімнің жолын кесу жөніндегі әрекетті істеу міндеттілігі заң талаптарынан туындауы мүмкін (мысалы, ата - аналары өздерінің жаңа туған нәрестелерін немесе жас балаларын өлтіру мақсатымен тамақтандырмайды немесе олардың өмірін сақтап қалу үшін өзге де шараларды қолданбайды) . Өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздерінің табиғи қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда қартайған ата-аналарын олардың ересек балалары олардан құтылу мақсатында осындай әрекеттер жасауы мүмкін.

Адам өлтірудің объективті жағының екінші белгісі қылмыстың зардабы жәбірленушінің өлімі болып табылады. Өмірден айыруға тікелей қасақаналық болғанымен қылмыстық зардаптың - өлімнің болмай қалуы, кінәлінің әрекетіне оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болады. Адам өлтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін жүзеге асуы мүмкін. Келтірілген зардапты кінә деп жүктеу үшін болған өлім мен субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі арасындағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру үшін оқталғандық жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған кезде кінәлі адам нақты келтірілген зиян үшін ғана жауап береді (мысалы, денсаулыққа зиян келтіргені үшін) .

Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс. Адам өлтірудің субъективті жағы - ҚК-ң 96-бабына сәйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей және сол сияқты жанама да болуы мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігін немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды, осы әрекеттің нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына немқұрайдылық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кең таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбанға қатысты адам өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға қатысты -жанама ниетте әрекет етеді.

Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлінің әрекеті ол өлімнің болатынын сезетінін, оның болуын тілегендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша ол болмай қалғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамдардың бас бостандығымен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар
ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Абайсызда кісі өлтіру
Адам өлтірудің субъективтік белгілері
Қоғамға қауіпті зардаптар
«Адамдарды саудаға салумен күрестің қылмыстық – құқықтық және криминологиялық проблемалары»
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар
ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫН ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Адамды кепілге алу қылмысы
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz