Заңды тұлға ұғымы жайында


Кіріспе3

ІІ. Негізгі бөлім:

2. Заңды тұлға ұғымы5

2. 1. Занды тұлға түсінігі және элементтері5

2. 2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі8

2. 3. Заңды тұлғаны құру және тіркеу14

3. Заңды тұлғаны құқықтық ұйымдастыру22

3. 1. Коммерциялық заңды тұлға22

3. 2. Коммерциялық емес заңды тұлға67

Қорытынды73

Қолданылған әдебиеттер тізімі75

Қосымша №1

Кіріспе

Қазіргі кезде Акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, шаруашылығы шектеулі серіктестік, тұтыну кооперативі, партия, қор атты сөздер жиі қолданыс табуда. Ал осы сөздердін мәнің ұғыну менің дипломдық жұмысымның мақсаты болып табылады. Дипломдық жұмысымның мақсатына жету үшін алдыма мынандай мақсаттарды қойдым: Заңды тұлға ұғымын ашу, оның әрекет қабілеттілігін және құқық қабілеттілігінің мәнің ұғыну, занды тұлғаны құру, тіркеу, қайта тіркеу тәртібін анықтау және заңды тұлғалардың құқықтық ұйымдастыру нысандарын анықтау. Заңды тұлғалардың құқықтық ұйымдастыру нысанын ашу үшін мен заңды тұлғаларды коммерциялық және коммерциялық емес деп қарастырамын.

Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым болып есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында) заңды тұлғаның, оның ішінде, әсіресе, мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әр түрлі пікір білдіреді. Азаматтыққұқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С. И. Аскназий “мемлекеттік ілімнің” авторы. Ол былай деп айтқан: “мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды. ”1 Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған “егер олай болса, мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой” деген уәж айтады.

Акадамик А. В. Венедиктов “ұжым ілімін” 2 алға тартты. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген:

а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.

Ал, ғалым Д. М. Генкин “әлеуметтік ақиқат” теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтыққұқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінің айтады. Профессор Ю. К. Толстой “директор ілімін” алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші - директоры болып табылады.

Азаматтық құқықтануда О. А. Красавчикрвтың “әлеуметтік байланыстар ілімі”, А. А. Пушкиннің “ұйымдастыру ілімі”, Е. А. Сухановтың “мақсатты мүлік” тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға “адамдардың қатысы” жөнінде әртүрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.

Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін “жасырын” атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.

Бұл мәселе туралы Батыс Еуропа әдебиетінде де әртүрлі теориялық көзқарастар кездеседі. Мәселен, К. Ф. Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал, заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады.

Ал, неміс ғалымы Гирке болса, “органикалық теорияның” тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.

Заңды тұлға туралы ілімде (теорияда) осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түсед Осыдан бірнеше жыл бұрын акциянерлік қоғамдар ашық және жабық деп бөлінетін. Қазір акциянерлік қоғамдар жай және халықтық болып табылады. Акционерлік қоғамның құққтық ұйымдастыру нысанының өзгеріске ұшырауы оның қаржылық капиталының да, қоғамға мұшелік ету минимумының мөлшеріне де өзге де, акциянерлік қоғамның құқықтық ұйымдастырылуына өзгерістер әкелді. Осы өзгерістермен қоса заңды тұлғаларды тіркеу қайта тіркеу, құру, кайта құру, занды тұлға мүше санының азайуы немесе көбейуі салдары жайлы, заңды тұлғалардың қаржылық қоры, басқару органдары, оларды құру әдістері, занды тұлға органдарының қүзіреті, заңды тұлға жұмысының тоқтатылуы жайлы мағұлыматтарды өзімнің дипломдық жұмысымда толық ашуға тырысамын. Ал ол үшін мен заңды тұлғалар туралы заңдарды, Азаматтық кодексті, Қазақстандық жіне шет елдерінің авторларының еңбектерін пайдаланамын.

Қәзіргі таңда заңды тұлғалар тауар өндіру, қызмет көрсетуге байланысты халықтың талаптарының көбін қанағаттандырып отыр.

Заңды тұлға деп меншігінде немесе шаруашылық жүргізу, оралымды босқару құқығына ие, оқшау мүлкі бар, сотта өз атынан жауапкер және талапкер бола алатын, өзінің мөрі, жеке балансы бар тұлғаны айтамыз.

Жалпы алғанда заңды тұлға бұл белгілі бір мемлекеттін талап еткен атрибуттарына сай келетін мекемені, кәсіпорынды, фирманы, корпарацияны айтамыз. Жоғарыда берілген анықтама Қазақстан Республикасының заңына сай келеді.

Әлемде занды тұлғалардын көптеген нысандары кездеседі. Неміс заңдары заңды тұлғаларды жеке және жария деп ал, Францияда одақтар мен акциянерлік қоғамдар, Парламенттің заң актілері негізінде пайда болатын заңңды тұлғалар және жауапкершілігі шектеулі деп, АҚШ та Үкіметтін корпарациялары немесе табыс табуды алға мақсат қоятын және ондай мақсатты басшылыққа алмайтын корпарациялар деп қарастырады. Біздің ғалымдар заңды тұлғаларды коммерциялық және коммерциялық емес деп қарастырады. Коммерциялық заңды тұлғаның басты мақсаты табыс ал, коммерциялық емес заңды тұлға өзінің іс әрекетін жарғысында көрсеткен мақсатқа сай жүргізеді. Мен де жұмысымның екінші тарауын коммерциялық және комерциялық емес заңды тұлалар деп бөліп

Құқықтық ұйымдастыру нысанының түрлерінің мазмұнын ашуға тырыстым.

2. Заңды тұлға ұғымы

2. 1. Заңды тұлға түсінігі және элементтері

Құқықтар мен міндеттерге ие болу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъеқтісі ретінде қатысу жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. АК 33-бабьшда оған мынадай тұжырым берілген: "Меншік, шаруашылық жүргізу не жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы не сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады".

Азаматгық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болгандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Занды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек жарғы негізінде жүзеге асырады.

Мүліктік оқшаулық - занды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета занды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.

Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша ездеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар АК 44-бабьшың 1-тармагы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді, Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша (қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.

Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін.

Азаматтық құқық ілімінде (теориясында) заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән мағнасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясынан көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С. И. Аскназий "мемлекеттік ілімнің" авторы. Ол былай деп айгқан: "мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды". Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған "егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой" деген уәж айтады.

Академик А. В. Венедиктов "ұжым ілімін" алға тартты. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.

Ал, ғалым Д. М. Генкин "әлеуметтік ақиқат" теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарыньң тарихи-экономикалық зандылығьн басшылыкда ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю. К. Толстой "директор ілімін" алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік занды тұлғаның еркін білдіруші - директоры болып табылады.

Азаматтық кұқықтануда О. А. Красавчиковтьң "әлеуметтік байланыстар ілімі", А. А. Пушкиннің "үйымдастыру ілімі", Е. А. Сухановтың "мақсатты мүлік" тәрізді ғылыми тұжырымдарыда айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, занды тұлғаға и адамдардың қатысы" жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады. 3

Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де әртүрлі теориялық көзқарастар кездеседі. Мәселен, К. Ф. Савиньи "фикция теориясының" негізін қалады. К. Ф. Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы зандық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады, Ал неміс ғалымы Гирке болса, "органикалық теорияның" тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.

Занды тұлға туралы ілімде (теорияда) осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі.

2. 2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттігі

Заңды тұлға мен жеке тұлғаның кабілеттілігінің айырмаашылығы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматтың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс қатьшастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайдьь Оған отбасылық қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.

Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатьша қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды не міндетгерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. Азаматтық кодекстің 35-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола алады және азаматтық міндетті де атқарады.

Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген. Оның бәрі де жарғы мен басқа да құрылтай құжаттарьша енгізіледі әрі олар қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.

Ал коммерциялық ұйымдар болса, керісінше арнайы құқық қабілеттілігіне жатпайтын жалпы құқық қабілеттілігіне ие болады. Мұндай ұйымдар заң актілерінде тыйым салынбаған қызметтердің кез келген түрін жүзеге асыра алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы құқық қабілеттілігі принципінен коммерциялық ұйымдардың өзіндік ерекшеліктері де болады. Біріншіден, мұндай ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілігі заң құжаттарында қарастырылуы мүмкін. Мысалы, мұндай арнайы құқық қабілеттілігіне банкілер, мемлекеттік кәсіпорындар ие.

Екіншіден, коммерциялық ұйымдардың қүқық қабілеттілігі құрылтай қүжаттарында көрсегілетіндіктен ол құрылтайшылар арқылы шектелуі мүмкін. Мұндай шектеулер заңды тұлғаның айналысатын қызметі түрлері енгізілген тізбе арқылы айқындалады, не оның қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады. Коммерциялық ұйымның құқық кабілеттілігіне болатын мүндай шектеулердің құрылтай құжаттарынан туындауының маңызы зор.

Заңды тұлганың атауы. Азаматтық кодекстің 38-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның құқық субъектісі ретінде дараландыру құралы болып табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына айналады. Заңды тұлға өзінің фирмалық атауьмен занды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енеді. Фирмалық атау коммерциялық ұйымның тіркелуі мен бір мезгілде тіркелуге жатады және интеллектуалдық меншікке қатысты құқықтың (құқықтың ерекше объектісі ретінде), ерекше объектісі болып табылады (АК-тің 125-бабы) .

Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-қүқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Ол зандарда көзделген қосымша мағлүматты қамтуы мүмкін. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. АК 38-бабы заңды тұлғаньң атауына байланысты қойылатын талаптармен қоса оған белгілі бір дәрежеде шектеу жасаііды. Заңды тұлғаныц тұрған жері. Занды тұлғаның тұрған жері іс жүзінде (міндеттемені орындауда азаматтық істерді сотқа беру және т. б. анықтаудада) өте маңызды. АК 39-бабында заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылатынын және заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып көрсетілетіндігі қарастырылады.

Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері. АК 43-бабына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады. Ал занды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын оның атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болмайды. Бұл арға өздерін құрған заңды тұлғаның мүлкі беріледі және оның бекіткен ережелері негізінде жұмыс істейді. Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын заңды тұлға уәкілдік берген орган тағайындайды және оның сенімхаты негізінде жұмыс істейді. Сөйтіп филиалдар мен өкілдіктер басшылары (филиал мен өкілдіктің өзі емес) заңды тұлғаның өкілі ретінде әрекет етеді. Филиал немесе өкілдік басшысының өкілеттілігі филиалды немесе өкілдік ережесімен емес, оған берілген сенімхат ретінде айқындалады. Филиалдар мен өкілдіктер басшыларының мәмілелері заңды тұлға атынан жасалады және ондай мәмілелерден туындаған міндеттемелік жауапкершілікті мүліктің бәрін өзіне еншілейтін заңды тұлга көтереді. АК 42-бабының 4-тармағына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер заң құжаттарында белгіленген тәртіппен тіркеледі және оларды құрған занды тұлғаның жарғысында көрсетілуге тиіс.

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігімен әрекет қабілеттілігі заңды тұлға таратылғанда, банкрот болған жағдайда тоқтатылады енді осы екі жағдайды қарастырып өтейік.

Тарату-заңды тұлғаның құқтары мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсіли Тарату ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.

Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесінің уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уөкілдік берілген заңды тұлға органның шешімі бойынша заңды тұлға кез келген негіз бойынша таратылуы мүмкін, әрине, бұл жерде әңгіме ерікті түрде тарату туралы болып отыр.

Ал ықтиярсыз тарату сот шешімімен: 1) банкрот болған;

2) заңды тұлғаны құру кезінде зандардьщ түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оньі тіркеу жарамсыз деп танылған; 3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған; 4) тиісті рұқсат алынбаған (лицензия) қызметті, не заң құжаттарына тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін зандарды бірнеше per немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайда; 5) заң қүжаттарьнда көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.

Заңды тұлғаны тарату оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетті органының) немесе заңды тұлғаның тиісті органының тағайындаған тарату комиссиясымен жүзеге асырылады, бұларада әңгіме ерікті тарату туралы болып отыр, ал басқа жағдайларда сот арқылы таратылады. Тарату жөніндегі комиссия тарату кезеңінде заңды тұлғаны басқарады және оның атынан әрекететеді.

Тарату комиссиясы болатын тарату жөнінде Әділет органдарына хабарлайды, тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылғаны туралы және оның несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ресми баспасөзде жариялайды. Бұл мерзім тарату туралы хабар жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмауы керек.

Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру жөнінде АК-ың 51-бабында айтылған, әрі онда мынадай кезек бойынша жүргізілетіндігі келтірілген:

1) бірінші кезекте - таратылатын заңды тұлға өміріне немесе денсаулығына залал келтіргені үшін жауапты болған азаматтың талаптары тиісті мерзімді төлемдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады; 2) екінші кезекте - несие берушілердің қамтамасыз ету сомасы шегінде таратылатын банкроттың мүлкін кепілге салып қамтамасыз етілген міндеттемелері жөніндегі талаптары қанағаттандырылады; 3) үшінші кезекте - еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп айырысу жүргізіледі; 4) төртінші кезекте - бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер жөнінде берешек өтеледі; 5) бесінші кезекте - заң құжаттарына сәйкес басқа да несие берушілермен есеп айырысылады.

Таратылатын заңды тұлға мүлкінің жеткіліксіз болуына байланысты несие берушілердің қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін мәлімделмеген талаптары өтелген деп есептеледі. Егер несие беруші талап қойып сотқа жүгінбесе, несие берушілердің тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да, сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық шарттары
Азаматтық құқық - дәрістер жинағы
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ШАРТ (ЖАЙ СЕРІКТЕСТІК)
Еңбек шартының ұғымы және ерекшеліктері
Азаматтық – құқықтық міндеттемелердің жалпы сипаттамасы
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері мен объектілері
Қылмыс құрамының ұғымы, элементтері және түрлері
Міндеттемені орындау және оның принциптері
Азаматтық құқықтың обьектілері
Міндеттеменің тараптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz