Биология концепциясының деңгейлері



Кіріспе ... ... ... .3
1.1 Биологияның әдістері ... ... ... ... ..4
1.2 Биология концепциясының деңгейлері ... ... ..10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... .16
Биология – тіршілік және тірі табиғат туралы ғылымдар жиынтығы (грекше bios - тіршілік, logos - ілім сөзінен шыққан). Қазіргі заманғы биология-өте күрделі және жаратылыстанудың ең дамыған бөлігі.
Зерттеу нысандарына қарай жеке биологиялық ғылымдарға жататындары: зоология (жануарлар туралы), ботаника (өсімдіктер туралы),микробиология (бактериялар туралы), вирусология (вирустар туралы) және одан да кіші бөлімдер (орнетология – құстар туралы, ихтиология – балықтар туралы, альгология – балдырлар және т.б.) биологиялық білімдердің басқа бөлімдері-ол тірі материяның құрылымдық деңгейлері мен қасиеттері бойынша: молекулалық биология және биохимия (тіршіліктің химиялық негізі), генетика (тұқымқуалаушылық), цитология (жасушалық деңгей), эмбриология, даму биологиясы (ағзалардың жеке дамуы), анатология және физиология (ағзалардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері), экология (ағзалар мен қоршаған ортаның өзара қатынастары), эволюция теориясы (тірі табиғаттың тарихи дамуы).
Тірі әлем өте көп түрлі. Жануарлардың 2 миллионға жуық түрлері, өсімдіктердің 500мыңға жуық түрлері, жүздеген мың саңырауқұлақтар, мыңдаған түрлері және одан да көп бактериялардың түрлері бар. Көп түрлері әлі анықталып сипатталмаған. Осындай организм топтарының бірінен-бірінің әртүрлі болуымен қатар, олардың құрылымы, тамақтану типтері, тіршілік циклдері, тарихи дамуы өте күрделі. Бірақ, барлық организмдердің өлі табиғаттан өзгеше, бәрінебірдей қасиеттері болуы керек. Ол-зат және энергия алмасу,көбею және даму қабілеті, өзгерушілің және адаитациялық эволюция. Тірі организмдердің осы қасиеттерін анықтау мен сипаттауға және олардың өлі табиғатпен байланысының жүйелі комплекстерімен жалпы биология айналысады. Дәлірек айтқанда жалпы биологияның алдында тұрған сұрақ: тіршіліктің маңызын тану және өмір, тіршілік деген не? Соған жауап беру.
1.Сайымқұлов З. Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары оқу-әдістемелік құрал.
2.Интернет желісі
3.Тұрғынбаев Ә.Х. Қазіргі жаратылыстану концепциялары.Алматы 2003
4.Фазылов.В.П дәне басқалар. Қазіргі жаратылыстану концепциялары Алматы,2003

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Физика және ФОӘкафедрасы
ЭССЕ

ТАҚЫРЫБЫ: Биология концепциясының деңгейлері

Курс: 4
Топ: Ф-11-1
Орындаған: Көделбаева Ж
Қабылдаған: Айдарбекова Ж

Тараз 2014 ж
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
0.1 Биологияның әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
0.2 Биология концепциясының деңгейлері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

Кіріспе
Биология - тіршілік және тірі табиғат туралы ғылымдар жиынтығы (грекше bios - тіршілік, logos - ілім сөзінен шыққан). Қазіргі заманғы биология-өте күрделі және жаратылыстанудың ең дамыған бөлігі.
Зерттеу нысандарына қарай жеке биологиялық ғылымдарға жататындары: зоология (жануарлар туралы), ботаника (өсімдіктер туралы),микробиология (бактериялар туралы), вирусология (вирустар туралы) және одан да кіші бөлімдер (орнетология - құстар туралы, ихтиология - балықтар туралы, альгология - балдырлар және т.б.) биологиялық білімдердің басқа бөлімдері-ол тірі материяның құрылымдық деңгейлері мен қасиеттері бойынша: молекулалық биология және биохимия (тіршіліктің химиялық негізі), генетика (тұқымқуалаушылық), цитология (жасушалық деңгей), эмбриология, даму биологиясы (ағзалардың жеке дамуы), анатология және физиология (ағзалардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері), экология (ағзалар мен қоршаған ортаның өзара қатынастары), эволюция теориясы (тірі табиғаттың тарихи дамуы).
Тірі әлем өте көп түрлі. Жануарлардың 2 миллионға жуық түрлері, өсімдіктердің 500мыңға жуық түрлері, жүздеген мың саңырауқұлақтар, мыңдаған түрлері және одан да көп бактериялардың түрлері бар. Көп түрлері әлі анықталып сипатталмаған. Осындай организм топтарының бірінен-бірінің әртүрлі болуымен қатар, олардың құрылымы, тамақтану типтері, тіршілік циклдері, тарихи дамуы өте күрделі. Бірақ, барлық организмдердің өлі табиғаттан өзгеше, бәрінебірдей қасиеттері болуы керек. Ол-зат және энергия алмасу,көбею және даму қабілеті, өзгерушілің және адаитациялық эволюция. Тірі организмдердің осы қасиеттерін анықтау мен сипаттауға және олардың өлі табиғатпен байланысының жүйелі комплекстерімен жалпы биология айналысады. Дәлірек айтқанда жалпы биологияның алдында тұрған сұрақ: тіршіліктің маңызын тану және өмір, тіршілік деген не? Соған жауап беру.
Биологияның осы жалпы коцептуальды бөліміне жауап беру қазіргі заманғы гуманитарлық білімнің үлгісін құрайды.
Жалпы биологияның теориялық және гуманитарлық маңызы ең алдымен материалистік көзқарасты дүниетанымды қалыптастыру. Философияның негізгі сұрағы - материя (болмыс) және сана, негізінен бұл мәнісі бойынша биологиялық сұрақ. Материя бірінші мен немесе сана бірінші ме деген ұстамға байланысты табиғатты және қоғамды тануда, табиғат нысандарын пайдалануда, әлеуметтік құбылыстарды бағалауда, саяси стратегияны принципті түрде қалыптастыруда материалистік немесе идеалистік көзқарас пайда болады. Сондықтан гуманитарлық мамандықтардағы студенттерді жалпы жаратылысты - ғылыми ағарту, ғылыми әлемтанудың жолындағы қазіргі замандағы білім берудің өзекті мәселесіне айналды.
Биологияның екінші бір гуматитарлық мәселесі - ол қазіргі заман адамының экологиялық ойлануын қалыптастыру, оның мәні адам өзін табиғаттың бөлімі ретінде сезініп, табиғи ресурстарды қорғап, рационалды түрде пайдалануы. Бұл мәселенің өзектілігі сондай, кейбір болжаулар бойынша, егер жерді қазіргі қарқынмен және өндірістік технология негізінде игере берсек, онда 50-100 жыл өткеннен соң адамзат өмір сүретін ортада қайтарымсыз өзгерістер болады. Яғни бұл өзгерістер адамның жайлап құруына және биологиялық түрлер ретінде басқа да көптеген тірі табиғат нысандарының жоғалуына алып келеді (мұндай жағдайға мысал, жер бетінен динозаврлардың жоғалуы), ең жақсы жағдай орындалғанда қазіргі заманғы экологиялық қауымдастықтар өмір сүру ортасының өзгеруіне бейімделген жаңа түрлерімен алмастырылуы мүмкін. Сондықтан биологияның негізгі мәселелерін білу - әрбір адам үшін жердің биосферасының тұрақты дамуы мен сақталуы өте қажет.
Биологияның практикалық маңызы бар, себебі ол азық-түлік өндірудің барлық технологияларының ғылыми негізі болып саналады. Соңғы жылдарда өте үлкен қарқынмен гендік және жасушалық инженерияға, қолдануға негізделген және трансгендік (гендерді ауыстыру арқылы), немесегенетикалық түрлендірілген организмдерді алуда жаңа биотехнологиялар дамып келеді. Алдымен бактерияда иеленген бұл әдістер қасиеттері алдын ала жоспарланған қиялдағы жануарлар мен өсімдіктерді алуда қолданылуда. Биологияның гуманитарлық-практикалық маңызы медицинада кеңінен қолданылады. Генді-жасушалы инженерлік технологиялар экологиялық және генетикалық гендер жалпы созылмалы ауруларды жоюы мүмкін. Соңғы жылдары адамды жасанды түрде жасау проблемасы шешіле бастады.

1.1 Биологияның әдістері
Ғылымның әдісі туралы жалпы айтқанда нақты технологиялық амалдарды (әдістерді қарастырмайды, негізінен, нысандарды, құбылыстарды, олардың байланыстарын зерттеуге жақындасып әдістемелік принциптерді қарастырады). Басқа жаратылыстық ғылымдар сияқты биологияның да әдістері бар.
Жалпы ғылыми таным процесін екі кезеңге бөлуге болады: эмпирикалық және теориялық. Бұл бөліну кезеңі қатып қалған емес, себебіэмпирикалық кезең әр уақытта бұрын болған теориялар мен болдамдар негізінде дамиды, ал теориялық кезеңде кейде жаңа ұсынылып жатқан болжауларды эмперикалық тексеру қажеттілігі пайда болады.
Эмперикалық кезеңде қолданылатын әдістер:
Бақылау - тірі табиғат нысандарын табиғи өмір сүру ортасында үйрену. Ол табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің мінез-құлқын, таралуын, көбеюін, көру және құралдар арқылы организмдердің (ағзалардың өздерін және олардың мүшелерін, жасушаларын, клеткаларын, химиялық құрамын, зат алмасуын) сипаттаудағы тікелей бақылау.
Эксперимент жасау - тірі нысандарды орта факторларының әсерін: температураның, жырықтылығы мен ылғалдылығының, жүктеме артуының улану мен радиоактивтілігін өзгеруін төтенше жағдайларды зерттеу. Экспериментальды әдіс жасырынды қасиеттерді, ішкі мүмкіндіктерді, тірі жүйелердің бейімделу мүмкіндіктерінің шегін, олардың жұмсақтығын, сенімділігін, өзгергіштігін ашуға мүмкіндік береді.
Салыстыру - биологиялық түрлердің және олардың қауымдастықтарын эволюциялық түрлендірулерін анықтайды. Күрделілігі әртүрлі деңгейдегі организмдердің белгілерін, гендер құрылымының анатомиялық құрылысын, химиялық құрамын салыстырады. Анықталған статистикалық заңдылықтар негізінде биологиялық процестер және олардың дамуын болжау үшін математикалық модельдеуді іске асыруға болады. Салыстырмалы әдісті жан-жақты қолдану биологияға кибернетика (басқару туралы ғылым идеясы мен принциптері енгізілуінен басталады).
Жүйелік - зерттеудің пән аралық жаңа әдістерінің категориясына жатады. Тірі нысандар барлық элементтері белгілі бір қатынаста болған жүйелер ретінде қарастырыла басталады. Сондықтан жүйелік құрылымдық әдісі макромолекуладан бастап Жер биосферасының барлық деңгейлері үшін бірдей болады. Қазіргі заманғы ғылымда жүйелік әдістің кең дамуы, соның бірі биологияда анализден синтезге жайлап көшуді білдіреді. Анализ - ол жүйенің бөлек элементтерінің функцияларын және құрылымына терең үңілудегі дискреттік жақындау жолы - жасушаның ішіне, организмнің ішіне, экологиялық толық сипаттауды білудегі интегралды жақындасу жолы. Биологиядағы анализ бен химиядағы және микроқұрылымдағы тірі нысандардың ашылуы; жануарлар өсімдіктер, микроорганизмдердің түрлік ерекшеліктері, генетикалы біртекті емес организмдердің ішкі популяциясының анықталуы және жүйенің басқа ішкі сипаттамалары байланысқан. Жиналған аналитикалық мәліметтер синтездеуге алып келетіні белгілі. Соның нәтижесінде эволюцияның синтетикалық теориясы, нейро-гумаральдық физиология, қазіргі заманғы имммунология, организмдердің жаңа мегасистематикасы, олардың кешендік сипаттамасына негізделген экология мен анатомиядан молекулалық генетикаға дейінгі биологиялық салалар пайда болды.
Қазіргі заманғы жаратылыстанудың мақсаттарының бірі - әлемнің біртұтас биологиялық көрініс концепциясын құру.
1.2 Биология концепциясының деңгейлері
Қандайда бір ғылыми жаратылыстың концепциясы - ол табиғаттың қасиетін, ондағы болып жатқан іргелі құбылыстарды әртүрлі түсініктер, болжамдар, тәжірибелер, теориялар арқылы түсіндіру, материалдық көзқарасты қалыптастыру.
Биологияның негізгі концепциясы тіршілік феноменін, оның қасиеттерін түсіндіру. Осы уақытқа дейін биологиялық концепциялар жүйесі, әлі толық құрылған жоқ. Әртүрлі авторлардың тұжырымдарын қарастыра отырып, қазіргі заманғы биологияның 5 концепциясын ұсынуға болады.
1. Тіршіліктің көпдеңгейлігі құрылымының жүйелік концепциясы: барлық тірі нысандар күрделілігі әртүрлі деңгейлер жүйесі болып саналады. Биологиялық жүйелер құрылымды - функционалды ұйымдасудың иерархиялық үздіксіз деңгейлерін құрайды.
2. Тіршіліктің материалды мәнінің концепциясы: тіршілік материядан тұрады, оның физика-химиялық негізін зат және энергия алмасуы құрайды. Философиялық мағынада бұл материяның бірінші және екінші екенін, яғни материализмді білдіреді.
3. Тіршіліктің өзін-өзі қайталау және биологиялық ақпарат концепциясы: тірі организмдер өзін-өзі меншікті (генетикалық) ақпаратының сыртқы (эпигенетикалық) ақпаратын өзара әсерлесуі негізінде қайталайды. Сол өзара әсердің нәтижесінде организм жеке дамиды (онтогенез).
4. Өзін-өзі реттейтін тірі жүйелер концепциясы: тірі жүйелер өздерінің ішкі байланыстарының салыстырмалы түрдегі тұрақтылығын және функционалдық күйлерін (гомеостаз) тура он және кері теріс байланыстарының тірлігі негізінде ұстап тұрады.
5. Өзін-өзі ұйымдастыру және биологиялық эволюция концепциясы: тірі әлем тірі емес химиялық жүйелерден өзін-өзі ұйымдастыру нәтижесінде де пайда болған және тұқым қуалаушылық өзгерушілік пен өзгеріп отыратын ортаға бейімделген организмдер қауымдастығының (популяциясының) табиғи сұрыпталуы негізінде қайтымсыз тарихи дамып келеді (филогенез).
Табиғат нысандарының барлық көптүрлілігін 3 топқа бөлу қалыптасқан: микроәлем - атомдар және олардың элементар (қарапайым) бөлшектері, макроәлем - молекулалардан бастап материктер мен мұхиттарға дейін, мегаәлем - космостық нысандар және олардың біріккен жүйелері. Тірі жүйелер макроәлемге жатады.
Жүйе дегеніміз не? Жүйе - ол белгілі бір қатынастармен байланысқан және белгілі бір композиция заңдары бойынша өзара әсерлесетін элементтер жиынтығы. Барлық құрылымдық және функционалдық қатынастар мен өзара әсерлесулер жиынтығы жүйенің ұйымдастығын құрайды. Жүйенің ұйымдастығы иерархиялы, яғни өзара бағыныстағы көптеген деңгейлерден тұрады.
Тірі нысандар - құрылымы бар және функционалды түрде тәртіпке келген қатардағы жүйелер, яғни белгілі бір ұйымдастырылуы мен иерархиясы бар. Философия категорияларында элемент және жүйе түсініктері бөлік пен бүтін қатынастарындай. Жалпы философиялық заң бойынша бүтін оның бөліктерінің қосындысынан артық. Олай болатын себебі бөлшектердің (элементтердің) өзара әсері мен жиынтығы бүтінде (жүйеде) бастапқы бөліктерде (элементтерде) болмаған кейбір жаңа сапалар құрайды. Биологиялық жүйелер жағдайында бұл жаңа сапалар тіршілік көрінісіне әртүрлі болып байқалады. Сондықтан тіршіліктің өзі жүйелік ұйымдастықтың белгілі бір деңгейіндегі жаңа қасиеттің сапасы ретінде пайда болады.
Теория бойынша жүйелер сыртқы ортамен зат, энергия және ақпарат алмасуына байланысты ашық немесе жабық болуы мүмкін. Қазіргі заманғы жаратылыстануда жолы ашық жүйенің қоршаған ортамен бірлігін көрсетеді және ашық жүйе жартылай өткізетін шептік бетпен байланысқан.
Биологиялық жүйелер барлық жалпы жүйелік сипаттамаларға-құрылымдық, функциялық, топологиялық және т.б. толық сәйкес келеді және географиялық немесе экологиялық түрде оқшауланған күрделі көпдеңгейлі иерархиялы.
Тірі материяның ұйымдасқан деңгейлері. Тірі материя өзара байланысқан және өзара бағынатын ұйымдасқан деңгейлердің иерархиясы болып келеді. Былайша айтқанда - тіршілік көпдеңгейлі ұйымдастыққа ие.
Бұл кез келген жүйені ұйымдасқан деңгейлері өте жоғары элемент ретінде қарастыруға болатынын және керісінше элементті ұйымдасқан деңгейлері төмен жүйе ретінде қарастыруға болатынын білдіреді. Мысалы, адамды-элемент мүшелерден тұратын организм - жүйе ретінде қарастыруға болады және оның өзі адамдардың белгілі бір популяциясының мүшесі - элемент болып саналады.
Қазіргі кезде тірі жүйенің 4 ұйымдасқан деңгейін және көптеген деңгейшелерін көрсету қабылданған.

Деңгейлер
Деңгейшелер
Молекулалы-генетикалық
Органикалық молекула, молекула оның ішінде ген
Онтогенетикалық
Жасуша (клетка) ұлпа
Популяция-түрлік
Популяция
Түр
Биогеоценотикалық
Қауымдастық, биоценоз, биогеоценоз, биосфера

Көрсетілген деңгейлер мен деңгейшелер логикалық жүйелер деп аталады және олар қазіргі кездегі биожүйелердің құрылымдық-функциалды ұйымдастығының иерархиясы мен күрделілігін білдіреді. Одан басқа тарихи жүйелерді, организмдердің популяциядан бастап шығу тегінің тарихын және эволюция жолындағы дамуын шартты түрде бірігуін бөліп көрсетуге болады. Ол - түр, тек тұқымдастық, отряд, класс, тип, патшалық, империя.
Молекулалық - генетикалық деңгей. Макромолекулалық деңгейде жүйелердің күрделілік дәрежесі, қарапайым молекулалармен салыстырғанда, өседі. Бірақ бұл деңгей толыққанды тіршіліктің пайда болуы үшін жеткіліксіз.
Макромолекула деп ірі көлемді, әдетте полимерлік (көптүйінді) молекулаларды айтады. Тірі организмдерде макромолекулалардың 4 түрі кездеседі: көмірсулар, липидтер, ақуыздар және нуклейн қышқылдары. Олар жасушалардың (клеткалардың) химиялық негізін құрайды, ал кейбір көмірсулар мен ақуыздар тұздарымен бірге клеткааралық заттың құрамына кіреді. (шеміршек пен сүйектің негізгі заты).
Көмірсулар қарапайым - моносахаридтер (глюкоза, лактоза сияқты) және күрделі - полисахаридтер, олар жүздеген және мыңдаған моносахаридтердің қосылуынан түзілген болып екі түрлі болады. Кейбір полисахаридтер тіректі-қозғалыс функциясын атқарады - өсімдектердегі - целлюлоза (клетка), шаяндардағы, жәндіктердегі, саңырауқұлақтардағы хинин т.б. көмірсуы негізінен энергия өндіру үшін отын ретінде қолданылады.
Липидтер немесе зат, олар түрі өзгерген глицерин молекуласының басына бекітілген көміртегі-сутегі бірліктердің ұзын құйрықтары. Құйрықтар суды дарытпайды (тебеді, мысалы гидрофобтар), сондықтан құйрықтарымен біріне-бірі қараған липидтік молекулалардың екі қабаты су және иондарды өткізбейтін мембраны құрайды. Мембраналардың клетканың қабаты және кейбір клеткаішілік органоидтар құрылған. Одан басқа, липидтерде көмірсуы сияқты өзінде көп энергия жинайды және оны отын ретінде пайдаланады.
Ақуыздар - көптеген тіршілік функцияларын атқаратын негізгі биополимерлер. Ақуыздық тізбек - полипептид - көптеген мономерлер санына (50-100-500 және одан да көп), аминоқышқылдардан (NH2 - аминотоптары мен СООН- қышқылдар топтары қосылған) тұрады.
Тәртіпсіз - ауысып отыратын аминоқышқылдың 20-дан артық әртүрлі түрлері бар (ақуыздың әрбір түріне қатаң сәйкес келетін), олар ақуыздарға әртүрлі функциялар атқаруға мүмкіндік береді. Ең көптүрлілігімен ерекшеленетін ақуыз - ферменттер-биохимиялық реакциялардың катализаторлары.
Нуклеин қышқылдары (латынның nucleus - ядро сөзінен шыққан) алғаш рет клеткалық ядродан бөлінген болатын және ең күрделі макромолекулалар болып саналады. Олардың екі түрі бар: дезосирибонуклейндік қышқыл - ДНК және рибонуклеиндік қышқыл - РНК. ДНК-екі тізбекті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшелік психология пәнінің теориялық негіздері
Әлеуметтану ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері
Әлеуметтанудың тарихи қалыптасу кезеңдері
Әлеуметтану ғылым ретінде, әлеуметтік мектептер мен өкілдері
Адаптивті иммундық жүйенiң құрылысы. лимфоциттер генезi. иммундық бақылау концепциясы. адаптивті иммунды жауап
Жергілікті өзін-өзі басқару
Танымның философиялық тұғырнамалары
Үздіксіз білім берудегі экологиялық білім және тәрбие сабақтастығы
Оқушылардың білімін, дағдылыры мен ептіліктерін анықтау әдістері туралы
Теориялық әлеуметтану түсінігі
Пәндер