Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіру


Жоспар

Кіріспе . . . 3

1 Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіру

1. 1 Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіру анықтамасы және осы

қылмысты сипаттайтын белгілер . . . 7

1. 2 Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіруді бір-біріне байланысты

басқа да қылмыстан ажырату . . . 17

2 Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіруге заңдық талдау

2. 1 Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтірудің объектісі . . . 22

2. 2 Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтірудің объективтік жағы . . . 28

2. 3 Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтірудің субъективтік жағы . . . 33

2. 4 Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтірудің субъектісі . . . 39

3 Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтірудің сараланушы құрамы

3. 1 Адам өлтірудің объективтік қасиетін сипаттайтын ауырлататын

мән-жайлар . . . 43

3. 2 Адам өлтірудің субъективтік қасиетін және кінәлінің тұлғасын

сипаттайтын ауырлататын мән-жайлар . . . 60

Қорытынды . . . 75

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 81

Кіріспе

Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы болып - адам және адамның өмірі, оның құқықтары, бостандықтары. Адам және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, өмірін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау қылмыстардың алдын-алу болып табылады. Яғни осы құндылықтарды қамтамасыз етіп және оларға қол сұғушылықтар болса, онда олар заң алдында жауапкершілікке тартылады. Бұл заң Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімі жеке адамға қарсы қылмыстардан басталады. Онда жеке адамның өміріне және денсаулығына қарсы қылмыстарға жауаптылық көрсетіліп, оған қол сұққан жағдайда қоғамға қауіпті екенін саралайды.

Өмір сүру құқығы - бұл ең басты, ең негізгі адам құқықтарының бірі. Қылмыстық заң қасақана кісі өлтіруді ауырлататын жағдайда жасалған кісі өлтіруге жатқызып, оған ең ауыр жаза ретінде “Өлім жазасын қолдануды” әділ жаза ретінде көрсеткені дұрыс. Сондай-ақ қауіпті қылмыс ретінде адам денсауығына зиян келтіру қылмысы да бар. Қасақана адам өміріне қаза келтіру мен адам денсаулығына зиян келтіру мына келесі жағдайлардан көрінеді.

1. Адам өміріне қарсы қылмыс - бұл, басқа адамның өміріне қасақана

қаза келтіруден орын алса;

2. Адам денсаулығына зиян келтіру - бұл абайсызда, қажетті қорғану кезінде немесе аффекті кезінде шектен шығу кезінде қорғануда орын алады. Осы қылмыс, яғни адам өміріне қарсы қылмыстар өз кезегінде объективтік және субъективтік белгілерін қамтиды. Бұл адам өміріне қарсы қылмысты саралау кезінде талап етіледі. Жауаптылыққа тартылған адамның қылмысын дұрыс сараламайтын болсақ, онда бұл Қылмыстық заң мен Қылмыстық іс жүргізу заңындағы жалпы қағидаларының бұзылуына әкеліп соғады. Мысалы ретінде алсақ, қылмыскер яғни кісі өлтіруші берілген жазадан құтылып, ал керісінше кінәсіз адам қатаң түрде сотталып, оған ешқандай ақталудың жолдары болмай қалады. Міне өкінішке орай осындай жағдайлар сот тәжірибесінде кездеседі.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында осы қылмыс категориясы сот тәжірибесінде талдаулар жасап, қылмыстық іс жүргізуде. Яғни сот тәжірибесінде кісі өлтіруді саралау және олардың ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар туралы сұрақтар туындап, оларды талдау ісі жүргізілуде. Кінәні мойындату субъективтік жақтың құрамынан табылады. Қылмыс деп тану Қылмыстық Кодекстің 9-бабында былай көрсетілген: “Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады”. Сондай-ақ Қылмыстық Кодекстің 19-23 баптарында да көрсетілген: “Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекет, әрекетсіздік) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс”. Ал объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол бермейді. Қылмыскердің кінәсі тек қасақана және абайсызда жасалғанда ғана кінәлі деп тануға болады.

Біздің мемлекетімізде қылмысқа мәжбүрлеу шаралары мен ескертулер жасалады. Құқық бұзушылық қатынастарында заңның күшін дұрыс қолдану мен мазмұнын дұрыс бекіту қылмыспен күресудің басты құралы. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар мемлекетіміздегі заңдардың орындалуын қатаң қадағалаулары керек. Мемлекетімізде азаматтардың жеке құқықтарын қорғау басты мәселе болып табылады. Конституциясында былай делінген: “Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі, өзінің құқықтары мен бостандықтарын қажетті қорғау кезінде заңға қайшы келмейтіндей қорғауға құқылы, заң мен сот алдында бәрі де тең, әркімнің жеке өміріне қо сұғылмайтыны туралы” көрсетілген. Соттың шешімімен және прокурордың санкциясынсыз ешкімді қамауға алмайды. Қылмыстық заң азаматтардың жеке құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Соның ішінде адамның өміріне және денсаулығына көп көңіл аударған. Кісі өлтіру - бұл басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қазақ келтіру. Яғни қасақана кісі өлтіру адам өміріне қарсы қауіпті қылмыс. Конституцияның 18-бабында былай делінген: “азаматтардың жеке өмірі заңмен қорғалады” деп.

Сонымен, дипломдық жұмыстың тақырыбы “ҚР-ның Қылмыстық кодексі бойынша ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіргені үшін жауапкершілік” болғандықтан, біз осы тақырыптың мазмұнын ашу үшін көптеген мәселелерді көтеріп, оларға терең, әрі толық зерттеулерді өз бетімізше жүргіземіз. Яғни, кісі өлтірудің ең басты мәселесі болып, ауырлататын жағдайда жасалған кісі өлтірудің мазмұнын ашу, оның ұғымын терең ашып көрсету және толық түрде түсініктеме беру болып табылады. Бұл қылмыс қасақана жасалады. Яғни кісі өлтіру бұл қасақана басқа адамның өміріне қаза келтіру болып табылады. Қасақана кісі өлтіру бұл қоғамға да қауіпті әрекеттердің бірі. Жауаптылықты ауырлататын жағдайда адам өлтіру Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2-тармағында түрлері көрсетілген, бұлар аса қауіпті тудыратын мән-жайлар.

Соттардың жұмысындағы кемшіліктерді жою, олар азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы жасалған әрекеттері үшін белгіленген заңдарды біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумының қаулысы бар. Бұл қаулыда жасалған қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық, әрі әділ зерттеу жөніндегі заң талаптары қасақана кісі өлтіргендігі туралы істерді қараған кезде ерекше ескерілуі тиіс делінеді. Себебі, одан айыптының әрекеті дұрыс бағалануы, ал қылмыстың ауырлататын жағдайларды жасалғанда заң бойынша өлім жазасы қолданылатындығы осыған байланысты екенін соттар назар аударуға тиіс. Яғни, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының қаулысы жеке адамның өмірі мен денсаулығына қарсы жасалған әрекетті немесе қылмысты саралау үшін үлкен маңызды роль атқарады. Бұл үшін қылмыстың қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтап қылмысты саралау керек.

Сөйтіп, дипломдық жұмыс тақырыбын 3 тарауға бөліп қарастырамыз. Бұлай бөлудың себебі, жауаптылықты ауырлататын жағдайда адам өлтіруді терең зерттеу. Бұл қылмыстар қандай жағдайда, әрекетте, дәрежеде жасалатынын анықтау. Оның қоғамға қандай қауіпті төндіретінін айқындау және жеке адам өмірі үшін қандай қауіпті әкелетінін зерттеу, кісі өлтіру қылмысымен күресу жолдарын іздестіру еді.

Сонымен, бірінші тарауда - ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіру түсінігі деп қарастырып және оны екі тармаққа бөлдік. Бұнда негізінен ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтірудің түсініктемесін беріп, анықтамасымен осы қылмысты сипаттайтын белгілері жайында толық мәліметтер береміз. Сондай-ақ, оны бір-біріне байланысты басқада қылмыстан ажырату жолдарына зерттеулер жүргіземіз.

Ал екінші тарауда - ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіруге заңдық талдаулар деп және оны төрт тармаққа бөліп оларға да терең зерттеулер жүргіземіз. Яғни қылмыстық заңға сүйене отырып, оған заңдық талдаулар жасаймыз. Осы қымысты талдау кезінде оның объектісін, объективтік жағын және субъектісі, субъективтік жағын қарастырамыз.

Үшінші тарауда - ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтірудің сараланушы құрамы деп, оны екі тармаққа бөліп, яғни адам өлтірудің объективтік қасиетін сипаттайтын ауырлататын мән-жайлар мен субъективтік қасиетін және кінәлінің тұлғасын сипаттайтын ауырлататын мән-жайлар деп зерттеулер жүргіземіз. Бұнда біз, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлігіндегі 13 қылмысты объектвтік және субъективтік қасиетіне байланысты бөліп зерттеу жүргіземіз. Олардың қылмыстық дәрежеленуін анықтаймыз. Бұл кезде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулысын басшылыққа аламыз. Сонымен қатар көптеген заң ғалымдарының әдебиеттерін қолданып, заң нормаларын қарастырамыз.

Мінекей, жұмысты 3 үлкен тарауға бөліп, ондағы басты, әрі ең негізгі мәселелерді көтереміз.

1 Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіру

1. 1 Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіру анықтамасы және осы қылмысты сипаттайтын белгілер

Жеке адамға қарсы қылмыстар қылмыстық құқық пәнінің ерекше бөліміндегі қарастырылған қылмыстардың ең ауыр түрі болып саналады. Адамның жеке басының жағдайы қоғам, мемлекет дамуының деңгейін білдіретін көрсеткіш. Адамның өмірі, жеке басының бостандығы, қадір-қасиеттері ешкімнің қол сұғуға болмайтын құқығы. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясы, басқада заңдар азаматтардың жеке басының бостандығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударуда. «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар, ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді. Ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі». Яғни бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 бабында көрсетілген. Бұл жарғысында «азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тану және мүлтіксіз сақтау әр мемлекеттің ардақты міндеті екені» жарияланған. Осы жарғы бойынша әр мемлекет өз аймағында тұратын және өзінің қарауына жататын барлық адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етіп, қандай да болсын алалаушылыққа жол бермеуі тиіс1. 1948 ж БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында адам құқықтары туралы жалпыға бірдей Декларациясында адамдардың табиғи және ажырамас құқықтары мен бостандықтары көрсетілген. Оларға төменде көрсетілген құқықтары мен бостандықтарын көрсетіп кетуге болады:

1. өмір сүру құқығы, 2) бас бостандығы, 3) құлшылықтан бостандық алу, 4) азаптайтын, қадір-қасиетін қорлайтын немесе қатал іс-әрекеттер мен жаза қолдануға тыйым салу, 5) заң алдында теңдік, 6) адамдардың жеке басының өміріне араласуға, 7) ар-намысы мен қадір қасиетіне қол сұғуға тыйым салу, 8) өміріне, денсаулығына, адамгершілік қасиетіне қауіп төнген жағдайда әр азамат мемлекет органынан қорғаныш іздеуге, 9) заңның көмегіне сүйенуге құқылы.

Демек, азаматтардың жеке басының бостандығын, ар-намысын қадірлеу, құқықтарын қорғау барлық мемлекеттік органдардың, лауазым иелерінің міндеті. Олар, яғни мемлекеттік органдар мен лауазым иелері азаматтардың бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды мемлекет бекіткен заңдарды қолдану арқылы жүзеге асырады2. Қылмыстық заңның ең басты міндеттері болып табылады мына төмендегі келесілер:

1) қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері, 2) адам мен азаматтардың құқықтары, бостандықтары, 3) бейбітшілік пен қауіпсіздік, 4) меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау қылмыстық заңның ең бастысы болып табылады3. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінің 1-тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналып отыр. Тікелей объектісіне байланысты жек адамға қарсы қылмыстар бірнеше түрге бөлінеді.

1. Адам өміріне қарсы қылмыстар;

2. Адам денсаулығына қарсы қылмыстар;

3. Адамның жыныс бостандығына қарсы қылмыстар;

4. Адамның бас остандығына қарсы қылмыстар;

5. Адамның ар-намысына және абыройына қарсы қылмыстар4.

Сөйтіп, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Жоғарыда айтып өткендей тікелей объектісіне байланысты жеке адамға қарсы қылмыстардың бірнеше түрлерге бөлінетіндігін айтып өттік. Енді бұл жерде адам өміріне қарсы қылмыстар жайлы тоқталып өтейік. Жеке адамның өміріне қарсы қылмыстар өзіндік ретте бірнеше түрге бөлінеді. Оларға мына келесілер жатады:

1. Адам өлтіру;

2. Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі;

3. Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру;

4. Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру;

5. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен

шығу кезінде жасалған адам өтіру;

6. Абайсызда адам өлтіру;

7. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу5.

Адам өлтіру қылмысының кез-келген түрінің объективтік белгілерін толық меңгеру үшін, ең алдымен адам өлтірудің жалпы түсінігін және оның объективтік және субъективтік мазмұнын жан-жақты білу қажет. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 96 бабында адам өлтіру қылмысы үшін жауаптылық көрсетілген. Осы баптың 1-бөліміне сәйкес: «Кісі өлтіру, яғни басқа адам құқығына қарсы қаза келтіру - алты жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады» - делінген. Қасақана адам өлтіру - кінәлінің қылмыс жасаудағы әрекеті үшін жауаптылықты ауырлататын жағдайды көрсететін қылмыс түрі. Осыған байланысты адам өлтіру қылмысын 3 түрге бөлуге болады:

1. Адам өлтіру қылмысының қарапайым түрі, яғни бұл жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін жағдайлардың қолданбауы жағдайында адам өлтіру. Бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 96 бабының 1-бөлігінде көрсетілген.

2. Жауаптылықты ауырлататын жағдайда адам өлтіру. Бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 96 бабының 2 бөлігінде көрсетілген. Яғни бұған мына келесі адам өлтіру жатады:

  • екі немесе одан да көп адамдарды;
  • осы адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына, не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын;
  • дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен, не адамды кепілге алумен ұштасқан;
  • жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді;
  • аса қатыгездікпен жасалған;
  • көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған;
  • адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жүзеге асырған;
  • пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып, не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен, не бандитизммен ұштасқан;
  • бұзақылық ниетпен;
  • басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға нмесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан;
  • әлеуметтік, ұлттық, діни өшпенділік немесе арыздық не қандыкек себебі бойынша;
  • жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасаған;
  • бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру6.

Міне, осы тізбектеліп көрсетілген кісі өлтіру жауаптылықты ауырлататын жағдайда адам өлтіру болып табылады. Осы жауаптылықты ауырлататын жағдайда адам өлтіру мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өлім жазасына не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Жауаптылықты жеңілдететін жағдайда адам өлтіру. Бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 97, 98, 99, 100-баптары. Яғни 97 бап - жаңа туған сәбиді анасының өтіруі. Бұл анасының өзінің жаңа туған сәбиін туып жатқан кезде, сол сияқты одан кейінгі кезеңде психикасын бұзатын жағдайда немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасы бұзылуы жағдайында өлтіруі болып табылады.

Ал 98-бап, бұл жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру. Яғни жәбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-әрекетінен (әрекетсіздігінен) болған, кенеттен пайда болған жан күйзелісі (аффекті) жағдайында, сонымен бірдей жәбірленушінің жүйелі түрдегі заңға қарсы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жай-күйде адам өлтіру болып табылады.

99-бап, бұл қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 100 бабы, бұл қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру болып табылады7.

Міне осы адам өлтіру қылмысының 3 түріне жеке-жеке тоқталып өттік. Біздің ең негізгі зерттейтін мәселеміз ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтірудің түсінігі мен анықтамасын және осы қылмысты сипаттайтын белгілері туралы зерттеулер жасау.

Кез-келген адам өлтіру қылмысының белгілерін терең зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23-желтоқсанындағы №7 «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолданылуы туралы» қаулысын пайдаланудың маңызы зор. Өйткені, бұл қаулы жеке адамдардың адам өлтіру әрекетінде қылмыс құрамының барын дәл анықтауды, қылмысты дұрыс саралауды, кінәліге жаза тағайындауды нақты қолданып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануға, кінәлінің жеке тұлғасын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жайларды ескере отырып қылмысты дәрежелеуге көмектеседі.

Қазақ КСР-нің 1559 жылғы Қылмыстық Кодексінде адам өлтірудің заңдылық анықтамасы берілмеген еді. Ал Қазақсеан Республикасының 1997 жылғы қабылданған жаңа Қылмыстық кодексінде тұнғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. Демек, «Адам өлтіру яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру» деп Қылмыстық Кодекстің 96-бабында тура көрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп табылмайды. Бірақ толық және тікелей объектсі белгісіне сәйкес, бұл қылмыс құрамы абайсызда кісі өлтіру жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез-келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы дыбыс беруінен басталады. Негізінен өлім клиникалық және биологиялық болып бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут ұзақтықта клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындалуына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі-биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршеңдік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің сонғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті - биологиялық өлім. Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Яғни адам өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Сонымен қатар адам өлтіру жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін және де адам өлтіру әрекетсіз нысанда да болуы мүмкін8.

Сонымен, осы қылмыстың анықтамасын біз ҚР-нің Қылмыстық Кодексі бойынша беруімізге болады. Яғни, кісі өлтіру басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру - алты жылдан он бес жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ал енді осы қылмысты сипаттайтын белгілер болып, бұл адам әрекетінде қылмыстық заңмен көзделген қылмыстың барлық белгілерінің болуы. Яғни, қылмыстық заңмен қарастырылған қылмыстың объективтік және субъективтік белгілерінің жиынтығы. Демек, біздің айтатынымыз, белгілі бір қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын әрекеттің объективтік және субъективтік белгілерінің міндетті жиынтығы. Осы қылмыстың белгілері болып мына келесілер табылады:

  1. Объектісі;
  2. Объективтік жағы;
  3. Субъектісі;
  4. Субъективтік жағы9.

Адам өлтіру қылмысының кез-келген түрінің объективтік белгілерін толық меңгеру үшін ең алдымен адам өлтірудің жалпы түсінігін және оның объективтік және субъективтік мазмұнын жан-жақты білу қажет.

№1 кесте. Жеке адамға қарсы қылмыстардың түрлері.

№2 кесте. Кісі өлтіру.

№3 кесте. Кісі өлтірудің түрлері.

1. 2 Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіруді бір-біріне байланысты басқа да қылмыстан ажырату .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам өліміне әкеп соғатын жеке тұлғаға қарсы қылмыстың сипаттамасы
Адам өлтірудің субъективтік белгілері
Кісі өлтіру
Адам өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Адам өлтірудің объективті белгілері
Кісі өлтіру нәтижесінде қызғаныш
Жан күйзелісі жағдайда жасалған адам өлтіру
Қылмыс жасау сатылары, Баланы қасақана өлтіру
Жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігі
Шетелдердің қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыс құрамының құқықтық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz