Парақорлықтың түсінігі және жалпы сипаттамасы


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Парақорлықтың түсінігі және жалпы сипаттамасы . . . 6

1. 1 Пара алудың түсінігі . . . 6

1. 2 Пара алудың классификациясы . . . 14

2 Пара алу үшін қылмыстық жауаптылық. . . 23

2. 1. Пара алудың кылмыс құрамы . . . 23

2. 2. Пара алудың сараланған құрамдары . . . 44

3 Пара беру үшін қылмыстық жауаптылық . . . 49

3. 1. Пара берудің қылмыс құрамы . . . 49

3. 2. Пара берудің сараланған құрамдары . . . 55

3. 3. Пара бергені үшін жауапкершіліктен босатудың шарттары . . . 56

4 Парақорлыққа делдал болу үшін қылмыстық жауаптылық . . . 58

4. 1. Парақорлыққа делдал болудың қылмыс құрамы . . . 58

4. 2. Паракорлыққа делдал болудың сараланған кұрамдары . . . 62

5 Парақорлықты ұқсас қылмыстардан ажырату . . . 64

Қорытынды . . . 70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 73

Кіріспе

Зерттеу мәселесінің өзектілігі . Сыбайлас-жемқорлық - тек әлеуметтік емес, сонымен қатар саяси құбылыс. Ол әлеуметтік өмірдің барлық саласында мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты өмір сүріп отырады. Өз кезегінде мемлекеттің жемқорлыққа қарсы жүргізіп отырған Қазақстанның ішкі саясаты сыбайлас-жемқорлық қылмыстарының жағдайына, құрылымы мен динамикасына ықпал жасап отыр. Сыбайлас жемқорлықтың ең көне және кең тараған түрлерінің бірі - парақорлық. Жалпы алғанда парақорлық бұл - кез-келген өркениетті мемлекеттің алдында тұрған мәселе. Қылмыстың бұл түрі елдегі режимге, ондағы басқару нысанына, идеологияға қарамастан кең етек жайып отыр. Мысалы, КСРО кезінде кез-келген қылмыстық құқық саласындағы ғылыми еңбектерде буржуазиялық елдердегі (АКДБ, Англия, Франция, т. б. ) қылмыстылықтың жоғары деңгейін, соның ішінде паракорлық қылмысының көптеп таралғанын жаза отырып, өз елдеріндегі дәл осы қылмыстың аз таралмағандығы мойындалмады. 1918 жылдың өзінде-ақ парақорлықтың қарқынды дамып келе жатқанын байқаған В. И. Ленин, сол жылы "парақорлыққа қарсы күрес туралы" декретке қол қойды. 1921 жылы Бүкілресейлік съезді де ол мемлекеттің үш жауы бар деп: "біріншісі- бюрократия, екіншісі - сауатсыздық, үшіншісі -пара", - деп көрсеткен. [1, 36] .

Ол кезде жас кеңестік мемлекеттің алдында тұрған мәселе - әкімшілік-басқарушылық аппаратгы ұйымдастыру болатын. Осының салдарынан осы аппаратты ұйымдастырудың тиімді әдістерін табу үшін, мемлекет өзінің шаруашылық - басқарушылық мекемелерін қайта ұйымдастыруға жиі ұшырататын. Осының нәтижесінде, кезекті қайта ұйымдастырудан кейін "сыртта" қалып қалмас үшін, қызметкерлерге пара беруге тура келді.

Екіншіден, парақорлықтың өсуіне әкеліп соққан жағдай ол мемлекеттік органдардағы қызметкерлердің материалдық тұрғыдан төмен қамтамасыз етілуі. Яғни төмен жалақы және әлсіз материалдық ынталандырылуы.

Үшіншіден, елдің бұл кездегі ауыр экономикалық және қаржылық күй кешуі.

Қарап отырсақ, нақ осы мәселелер Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары орын алды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық мәселесіне тап болды, мемлекеттік билік саласында парақорлықтың күрт өсуі орын алды. Ал ол өз кезегінде Қазақстанда құқықтық мемлекет құруға кедергі жасауда.

ҚР Президенті Н. А. Назарбаевтың ұсынысы бойынша 1998 жылы 2 шілдеде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заң қабылданған болатын. Ол заң дүниежүзілік тәжірибені негізге ала отырып құрастырылған. Осылайша, сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігіне айналып отыр.

Сыбайлас жемқорлық қылмысының ең кең тараған түрлерінің бірі -ол паракорлық. Мемлекеттік - биліктік құрылымдарда терең орныққан ол -қоғамдық, құқықтық сананың дағдарысына, құқықтық нигилизмге, мемлекеттік органдарға сенбеушілікке әкеліп соғады.

Сондықтан, парақорлықпен күрес біздің қоғамның алдында тұрған ең бірінші міндет болып табылады. 26 маусым 1998 жылғы "ҚР ұлттық қауіпсіздігі туралы" Заңында - сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлерінің бірі ретінде көрсетілген.

Парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесін: Н. М. Абдиров, А. Н. Ағыбаев, И. Ш. Борчашвили, У. С. Жекебаев, Р. Т. Нуртаев, Г. Д. Тлендиева, С. М. Рахметов, ал Ресейлік ғалымдардан Б. В. Волженкин, В. В. Лунеев, С. Г. Келина, А. Н. Трайнин, А. К. Квициниа, В. И. Ширяев, Б. В. Здравомыслов, П. И. Гришаев т. б. өз еңбектерінде зерттеген.

Көрнекті ғалымдардың бұл қылмысты толық зерттеуі, оны зерттеуге кедергі бола алмайды. Өйткені біздің заңнамада кемшіліктер өте көп.

Сот практикасын зерттей келе, құқық қорғау органдарының парақорлықпен күресуде нәтижелілік танытпай отырғанын анық байқауға болады. Көбінесе, қылмысты саралауда, ұқсас қылмыстардан ажыратуда қателіктер кетіп жатады. Сонымен қатар бұл қылмысты дәлелдеу де өте қиын.

Зерттеудіц мақсаты мен міндеттері .

Зерттеудің мақсаты параны алу, параны беру, парақорлыққа делдал болу нормаларына қылмыстық құқықтық талдау жасау және олардың қолданылу тиімділігін арттыру үшін қылмыстық заңнаманы жетілдірудің жолдарын ұсыну. Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер алға қойылған:

- парақорлықтың ғылыми - теориялық аспектісін зерттеу;

- парақорлық үшін қылмыстық жауапкершіліктің шегін анықтау;

- парақорлық үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды келтіру;

- парақорлықты басқа ұқсас қылмыстардан ажыратып алу.

Зерттеудің практикалық маңызы.

Практикалық және теориялақ аспектілерді зерттей келе, мынадай мәселелерді нақтылауға тура келді: лауазымды тұлга ұғымы қылмыстық құқықта толық анықталмаған, параның заты, параның төменгі мөлшері туралы, т. б.

Осы жұмыста келтірілген ұсыныстар парақорлықпен күресте және құқық қолдану қызметінде қылмыстық нормаларды жетілдіруде пайдаланылуы мүмкін.

1 Парақорлықтың түсінігі және жалпы сипаттамасы.

1. 1 Пара алудың түсінігі.

Парақорлық - бұл сыбайлас жемқорлықтың ең көне және ең кең тараған түрлерінің бірі. Атақты орыс криминалисті В. И. Ширяевтың айтуынша: "ерекше өкілеттіктерге ие биліктің адамдары пайда болғаннан бастап парақорлық та сол кезден бастап пайда болды". [2, 96] . Заңнамада парақорлық - қызметтік, пайда күнемдік мақсатта жасалатын қылмыстардың бірі ретінде көрсетілген. Бұл қылмыстың мәні мынада: мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам өзінің қызметтік міндеттерін орындағаны үшін басқа тұлғалардан немесе ұйымдардан заңсыз материалдық сыйақы алады. асқа да мемлекеттік билікке, мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар сияқты, парақорлық мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін - өзі басқару органдары, сонымен қатар, әскери күштерді басқару аппаратының, яғни мемлекеттік басқару аппаратының қалыпты қызмет етуіне қарсы бағытталады. Ал бұл аппараттың қалыпты қызмет етуінің ең басты шарты - бұл мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның қызметі үшін төленетін жалақысын заңдылық, жария - кұқықтық принциптеріне сай етіп төлеу. Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам өз қызметін жүзеге асыру барысында қызмет мүддесін басшылыққа алып, өз қызметі үшін сыйақыны тек қана заңда көрсетілген тәртіппен алуы тиіс.

Парақорлық мемлекеттік басқару аппаратына іріткі салып, азаматтардың алдында оның беделін аяқ асты етіп, әділдікке сенімсіздік туғызып, шенеуніктердің жаппай сатылатындығы жөнінде пікір қал ыптастырады.

Парақорлық экономикаға, саясатқа, мәдениетке зардабын тигізіп қана қоймай, қоғамда билік ететін идеологияны, қоғамдық сананы - психология, мораль, адамгершіліктің құлдырауына әкеліп соғады. Пара шенеунікті

мемлекет қызметшісшен жеке мүдделердің кызметшісіне айналдырады, парақорлық тек құқықтық нормаларды ғана емес, мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесін бұзады. [2; 82] .

Бұл пікірді А. М. Яковлев та қолдайды: "Бұл қылмыс құқықтық тәртіпке қол сұғады, нормативтік жүйенің сақтаушыларын, оның бұзушыларына айналдырады. Пара кез - келген заңнамалық шектеулерге, тыйымдарға кілтін таба алады. [3, 22] .

Пара үшін тиімді контрактілер жасалады, керекті сараптамалар жүргізіледі, салықтық жеңілдіктер мен тиімді несиелер алынады, белгілі - бір кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін лицензиялар алынады. Параны бере отырып құқық бұзушылар жауапкершіліктен жалтарады. Пара тіркелген кезде, ЖОО- на түсу кезінде, онда емтихан тапсырған кезде беріледі және алынады. Ең қатерлісі, парақорлық басқа қылмыстармен ұштасқан кезде болады олар: салықтық, кедендік, экономикалық, экологиялық және ұрлау қылмыстары. Американдық ғалым В. М. Райсмен, АҚШ - тағы парақорлық мәселесін зерттей отырып, кең тараған параның үш түрін айқындады: іскерлік пара (лауазымды тұлғаға ол өзінің қызметтік міндеттерін тезірек орындауын қамтамасыз ету үшін беріледі), тежеуші пара (тиісті жағдайда қолданылуы тиіс норманың қолданылуын тоқтата тұрғаны үшін беріледі), тікелей сатып алу (яғни белгілі бір қызметі үшін емес, қызметкердің өзін сатып алу. Ол өз жұмысында қалып, қызметін орындап, толықтай бейтараптылық білдіріп, бірақ үнемі пара берушінің мүдделерін корғап отырады) . Паралардың осы үшеуі де біздің елімізде кездеседі. Және лауазымды тұлғаны сатып алу ерекше қауіпті болып табылады. Ұйымдасқан қылмыстық топтар биліктік құрылымдардың өкілдерімен байланыстар орнатып, оларды жүйелі түрде "тамақтандырып", өздеріне тәуелді қылады. Парақорлықпен күрес нәтижесінде кейінгі жылдары оның келесі түрлері анықталып отыр:

1) қызметтік жағдайын пайдаланып, алдын - ала сөз байласпай, құқыққа сай әрекеті үшін пара алуы;

2) жоғарыда аталған жағдайларда, бірақ қызметтік міндеттерін бұза отырып пара алу;

3) қызметтік міндеттерін жасағанға дейін сыйақы алу. Бұл жағдайларда қорқытып алушылық көптеп кездеседі, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам пара берушінің заңды мүдделеріне қайшы әрекеттер жасаймын деп немесе пара берушінің талап етуге құқылы әрекеттерді жасаудан бас тартамын деп қорқытуы;

4) Пара берушінің пайдасына заңсыз әрекеттерді жасағанға дейін -сыйақы алу;

5) Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның оның юрисдикциясындағы адамдардан жалпы қамқоршылығы және жол беруі үшін қандай да бір қызметтік әрекеті үшін алдын ала келіспей материалдық құлдылақтар немесе қызмет көрсетуді қабылдауы.

ҚР 1997 жылғы қылмыстық кодексіне сәйкес парақорлық ұғымы -параны алу (311- бап), параны беру (312-бап), парақорлыққа делдал болу (313-бап) қылмыстарын қамтиды.

Параны алу қылмысының аяқталуы, параны берусіз мүмкін емес. Сондай-ақ, параны беру қылмысының аяқталуы, параны алу орын алмаса мүмкін емес. Бұл қылмыстардың арасындағы өзара тәуелділік заң әдебиеттерінде даудың туындауына әкеліп соқты.

Бұл қылмыстардың жеке даралығы туралы пікір орын алды (Б. В. Здравомыслов, В. Ф. Кириченко, В. Е. Мельникова, Н. А. Стручков, М. Д. Шаргородский, және т. б. ) . Сонымен қатар, парақорлықты күрделі екі жақты бір қылмыс ретінде санаушылар саны да көп (Н. Д. Дурманов, Н. Г. Кучерявый, Ш. Г. Папиашвили, А. Б. Сахаров, және т. б. ) . Үшінші көзқарас бойынша, пара беруді пара алуға қатысушылықтың ерекше түрі ретінде есептейді (А. А Жижиленко, Ю. И. Ляпунов, А. Н. Трайнин, А. Я. Светлов және т. б. ) .

Үш көзқарастың да жақтаушылары бір жерде келіседі - ол параны алу және беру кезінде мемлекеттің басақару аппаратының қалыпты қызмет етуіне қол сұғылуы. Бұған қоса кеңестік заңнама да қазіргі заңнама сияқты, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам заңды әрекеті үшін де, заңсыз әрекеті үшін де пара алса, оны қылмыс деп есептеген.

Осылайша, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам басқару аппаратының қалыпты қызмет етуіне аяқталған қол сұғушылықты жүзеге асыру үшін, оған біреу пара беру керек. Осыдан, пара беруші бұл қылмыстың қажетті қатысушысы болады, өйткені ол қасақана мемлекеттік қызметті атқаруга уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адаммен біріге отырып, басқару аппаратының қалыпты қызметіне қол сұғуға қатысады.

Параны алу және беру қылмыстарын жеке дара қылмыс қылмыс ретінде санаушылардың аргументтерін оңай терістеуге болады. Көбінесе, параны алу және параны беру кезінде олардың объективтік жақтарының, субъектілерінің, мүдделерінің, мақсаттары мен ниеттерінің айырмашылық тарына көп көңіл бөлінеді. Алайда, қылмысқа қатысушылық кезінде қатысушылардың ниеттері мен мақсаттары барлық жағдайларда бірдей бола бермейді. Оларда айырмашылықтың болуына жол беріледі. Ең бастысы, ол -әрекеттерінің ортақ және құқыққа қайшы екенін сезінуде. Қандай да болмасын басқа ортақ қылмысты жасау барысында қатысушылардың әрекеттері дәл осындай дәрежеде әртүрлі болуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның параны алмаған жағдайда да, бұл параны беру қылмысының жеке даралығын білдірмейді. Бұл жерде қылмысқа оқталу орын алады, яғни пара беруші қылмыстың обьективтік жағын орындап, өзіне тәуелді әрекеттердің барлығын жасаса да, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам параны алмаса, онда пара беруші пара беруге оқталғаны үшін жауапқа тартылады.

Қылмыстық кодекстің 13 - тарауы "Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмысқа" арналған. 1959 жылғы Қылмыстық кодексте мұндай тарау жоқ еді, керісінше "Лауазымды қылмыстар" деген тарау (V) бар болатын. Қоғамымызда орын алған күрделі әлеуметтік - экономикалық, саяси өзгерістердің нәтижесінде лауазымды адамдардың қылмыстары мемлекеттік органның аппараты жүйесінде немесе коммерциялық және өзге де ұйымдар жүйесінде істелетін қоғамға қауіпті іс - әрекеттерінің мәніне қарай коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар болып жеке екі тарауға бөлінеді. Мұндай бөлінудің негізі қылмыстың объектісі мен субъектісі болып табылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдарының қылмысты іс - әрекеті сол ұйымдардың бір қалыпты жұмысына кедергі келтіреді және олардың мемлекеттік аппарат қызметіне еш қатысы болмайды. Кінәлі адамның осы немесе өзге де нысандағы әрекеттері заңмен белгіленген уәкілеттігін пайдалануы арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заң күші бар 23 шілдеде 1999 жылғы "Мемлекеттік қызмет туралы" заңында педагогтық, ғылыми және де өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға; кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде коммерциялық ұйымда, оны басқаруға, тікелей қатысуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның кызметтік міндетіне кірмейтін болса, ұйымдық - құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға, қатысуға құқығы жоқ деп тіке белгіленген.

Қылмыс құрамы бойынша қылмыстық жауаптылықты қажетті шарттарының бірі болып, кінәлі адаммен кәсіпкерлік ұйымының арасындағы себептік байланыстың болуы саналады.

Осы баптың ескертуінің 2 - бөлігіне сәйкес, мемлекеттің міндетін және мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конститутциясында, Қазақстан Республикасының конститутциялық және де өзге заңдарында белгіленетін қызметтерді атқаратын адамдар жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар деп түсініледі. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар болып, ҚР Президенті, ҚР Басқару үкіметінің председателі, парламент, палата председателі, министірлер, Жоғарғы сот председателі, бас прокурор немесе т. б. ҚР жоғары лауазым иелері табылады.

Аталған баптың 4 - бөлігі ерекше дәрежеленген мән - жайларға байланысты ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттерді көздейді. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану және қызметтік жалғандық жасалғаны үшін сот тәжірибесін қолдану туралы 30 наурыз 1990 жылғы КСРО Жоғарғы Соты Пленумының қаулысында аса ірі мөлшердегі материялдық зардаптың немесе денсаулыққа ауыр зиян келтірілуі қызмет өкілеттігін теріс пайдаланудың салдарынан пайда болса ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттарге жатқызылады деп көрсетілген.

Егер лауазымды адамның теріс әрекеттері пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке басының мүддесі үшін жасалса және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқтырмаса, қылмыстық жауаптылық пайда болмайды, керісінше тәртіптік жауаптылыққа әкеп соқтыруы мүмкін.

Аталған қылмыс құрамы формальды болып табылатындықтан қылмыс, яғни ҚК 310 - бабындағы әрекеттердің басталуы, яғни кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу сәтінен аяқталынған деп ескерілінеді.

Қылмыс субъектісі болып - мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамдар не оған теңестірілген адамдар танылады (ҚК 307 - бабының талдануын қараңыз) . Аталған бабтың 2 - бөлігі лауазымды адам жасаған нақ сол әрекеттер үшін жауаптылық көздейді. Аталған бабтың 3 - бөлігі "Лауазымды адамдардың мемлекеттік емес ұйымдарға, соның ішінде қоғамдық лицензиялау жөніндегі өкілеттігін беруге әкеп соғатын іс - әрекеттерді жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты белгілеген. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу объективтік белгілері бойынша билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланумен ұқсастықтарға ие. Олардың айырмашылығы сол, лауазымды адамның мемлекеттік емес ұйымдарға, қоғамдық бірлестіктерге лицензиялау өкілеттігін беру қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудан жеке тұрғыда жасалатындығымен айрықшаланады".

Қылмыстың субъектісі мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы.

Парақорлық, яғни пара алу, пара беру және парақорлыққа делдал болу қоғамға қауіп төндіретін құбылыс болып табылады. Аталған қылмыстар мемлекеттік қызмет мүдделері мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының қызмет мүдделеріне елеулі нұқсан келтіреді. Аталған үш қылмыс құрамы бір - бірімен тығыз байланысты. Әдеттегідей, бұл қылмыстар бір - бірімен байланыстыра отырып жүзеге асырылады. Параның заты болып заңмен белгіленгендей ақша, бағалы қағаздар, мүлікті иемденуге құқық беретін заттар, сондай - ақ пайдақорлық сипаттағы өзге де жеңілдіктер болып саналады.

Пара алуда ақша болып, яғниқылмыстың заты ретінде Қазақстан Республикасының ұлттық банкнотты ақша белгісі бар (валюта) немесе басқа да мемлекеттердің қаражаттары табылады. Ең басты ақша параның заты ретінде танылуы үшін біздің немесе басқа да елдердің қаржылық айналымында орын алуы керек. Егер қаржы айналымында болмаса да, өзінің құндылығы немесе қымбат екендігімен бағаланса (мысалы: алтын, күміс т. б. ) параның заты ретінде "өзге де мүліктер" деген түсінікті құрайды.

Бағалы қағаздар деп - мүліктік құқықтарға ие болуға сенім білдіретін, яғни солардың көмегімен қажетті заттарға ие болуға мүмкіндік беретін құжаттарды (чек, вексель, депозит, сертификат, коносамент т. б. ) түсінуге болады.

Өзге де мүліктерге материалдық құндылығы бар, қандай да болмасын (ювелирлік бұйымдар, жиһаз, көлік, тұрмыстық техника, киім, тағамдар т. б. ) заттар жатады.

Параның заты ретінде пайдақорлық сипаттағы өзге де жеңілдіктер болып, тегін түрдегі көрсетілген ақылы қызметтер, мүлікке құқық беретін жеңілдіктер (құрылыс, жөндеу жұмыстарын жүргізу; жеңлдік жағдайындағықарыз немесе несие алуғажәрдемдесу және т. б. ) саналады. Алған параның мөлшері, жалпы заңдылықтарға сәйкес оның әрекетіндегі қылмыс құрамының бар немесе жоқ екендігін шешу барысында маңыздылығы болмайды. Сонымен қатар ҚК 9 - бабы екінші бөлігінің осы әрекеттерге де қатыстылығы бар екендігін білуіміз қажет. Осыған байланысты заң шығарушы ҚК 311 - бабы 2 - ескертуінде, егер сыйлықтың құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның бірінші рет сыйлық ретінде мүлік, мүлікке немесе өзге мүліктік пайдаға құқық алу бұрын жасалған заңды әрекеті (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда, маңызы аз екендігіне байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртіптік ретпен қудаланады деп белгіленген.

Қылмыстың субъективті жағы болып - мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пйдасына жасаған іс - әрекеті (әрекетсіздігі) үшін, түріндегі пара алуы, егер мұндай іс - әрекеті (әрекетсіздік) лауазымды адамның қызметтік өкілеттігіне кіретінболса, не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс - әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол беруі табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парақорлыққа қатысты әр түрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп нақты түсінік беру
Әлеуметтік құқықтық құбылыстар мен ғылыми құжаттарды қолдану негізінде және парақорлыққа қатысты әртүрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп, нақты түсінік беру және қазіргі деңгейін анықтау
Парақорлық қызметтік пайдакүнемдік қылмыс
Парақорлықты тергеу әдістемесі
Парақорлықтың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық мінездемесі
Пара берудегі қылмыстық жауаптылық
Парақорлық қарсы күрестің қылмыстық құқықтық қырлары
Парақорлық қылмыстарын саралау
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың құрамы, саралануы мен түрлері
Пара алудың обьективті және субъктивті мазмұнын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz