Прокуратура қызметі мен даму тарихы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
1. ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТІ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ
1. 1 Прокуратураның пайда болуы мен негізгі тарихы кезеңдері
1. 2 Прокуратура органдарын ұйымдастыру және оның қызметінің принциптері.
1. 3 Жоғары дәрежеде прокурорлық қадағалау ұғымы.
2. ПРОКУРАТУРАНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ҚАДАҒАЛАУ ФУНКЦИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ
2. 1 Жедел-іздестіру қызметін қадағалау
2. 2 Тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау
2. 3 Сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Прокуратура органдарының жүйесі мен оларды ұйымдастыруды жетілдіру
3. 2 Прокуратураның міндеттері мен қызметінің негізгі бағыттарын арттыру
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Қылмыспен қарсы күрес саласында, құқық ғылымы, оның ішінде қылмыстық құқық ғылымының ролі ерекше. Өйткені, еліміздің өмірінде болып жатқан сан - салалы әлеуметтік - экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес келетін қылмыстық құқық нормаларын дер кезде осы өзгерістерге сәйкес әзірлеуде осы ғылым саласының міндеті. Өйткені, елімізде орын алған әр түрлі өзгерістерге сәйкес орын алатын қылмыстардың саны, деңгейі, ерекшелігі де болады. Еліміз бойынша тіркелген қылмыстардың саны жылда жыл арта түсуде. Бұл мәселеге байланысты Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев 1999 жылы мамыр айында облыс әкімдерінің республикалық жиынында ерекше мән беріп, ұлғайып келе жатқан ұйымдасқан жемқорлық қылмыстарына, экономика саласындағы қылмысқа қарсы пәрменді күрес жүргізу міндеттерін алға қойды.
Әр мемлекет өз билік нысанына қарамастан өмірдің әрбір саласына бірыңғай заңдылықты және бірыңғай тәртіпті еңгізіп қадағалайтын орган құруға мүдделі. Мемлекеттік және қоғамдық өмір мемлекетте (елде) қатаң, заңдарды нақты сақтайтын және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін сенімді механизмнің болуын міндеттейді. Сондықтан да әрбір мемлекеттің саяси жүйесінің ажырамас атрибуты болып, прокуратура болып табылады. Прокуратура немесе басқа да сәйкес келетін мемлекеттік құқықтық институттардың ролі, мен орны әр мемлекетте әр түрлі болып келеді. Бір елдерде қылмыстық қудалау органдарының міндеттерін атқарса, екінші елдерде тек қана сотта мемлекеттік айыптауды ғана жүзеге асырады, ал үшінші елдерде қадағалау функцияларын жүзеге асырады. Егер біз прокуратура қызметін анықтайтын болсақ, бұл Заңға профессионалды қызмет ету оның жоғарылығын бекіту, құқықтық нормаларды бекітілген тәртіпті қамтамасыз ету ережелері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының 1- бабында былай делінген;
─ Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге нормативтік - құқықтық актілерінің дәп және бірыңғай қолданылуына, жедел - іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган.
─ Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады. Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай - ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Прокуратура 3 ғасыр бұрын 12 қаңтарда 1722 жылы Пётр 1 Ресей императорының Жарлығымен құрылған болатын.
Бұл орган Ресей империясындағы мемлекеттік билік институттарының мемлекеттік мүдделерді сақтайтын маңызды және керекті органына айналды. Қазақстан территориясында прокуратура органы 1922 жылы 13 шілдеде құрылған болатын. Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін және Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, прокуратура органдарының бірыңғай жүйесі қалыптастырылған болатын. 1991 жылы 6 желтоқсанда мемлекетте Қазақстан Республикасының генералды прокурорына бағынатын прокуратура органдарының бірыңғай жүйесі пайда болды. 1992 жылы 17 қаңтарда бірінші рет Қазақстан Республикасының прокуратура туралы заң қабылданған болатын. Бұл заңда прокуратура қызметінің құқықтық негіздері қалаңған болатын.
Қазір қолданылатын прокуратура туралы заңы біздің ойымызша әлі дамытып, жетілдіруді қажет етеді. Бұл жұмыста прокуратура прокуратура даму концепциясы айқындалды. Прокуратура пайда болуының тарихы және оның құқықтық мәртебесі эволюциясы туралы жазылады, нақты салаларды қадағалаудың қағидаларын, өкілеттілігін функцияларымен міндеттерін ашып көрсетіледі. Бізбен прокуратура органының құқық қорғау функциясын толығырақ және Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген азаматтың құқықтарымен бостандықтарындағы ролін анықтауға талпындық.
Тақырыпты қарастырудың өзектілігі Прокурорлық қадағалау функциясының маңыздылығында, және оның заңдылықты қадағалаудағы рөлінің басымдылығында болып отыр.
Дипломдық жұмысты жазу барысында біз Қазақстан Республикасының Прокуратурасының қызметі мен оның заңдылыцқты қадағалау өкілеттілігін жан-жақты талқылап, қызметінің негізгі бағыттарын айқындап, жетілдірудің жолдарын көрсетуді мақсат еттік. Осы тұрғыда тақырып үш тарауға бөлініп қарастырылды.
1. Прокуратура қызметі мен дамау тарихы қарастырылып, прокуратураның пайда болуы мен негізгі тарихы кезеңдері, прокуратура органдарын ұйымдастыру және оның қызметінің принциптері, жоғары дәрежеде прокурорлық қадағалау ұғымы берілді.
2. Прокуратураның заңдылықты қадағалау фанкциясын жүзеге асыру тәртібі. Жедел-іздестіру қызметін қадағалау, тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау, сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау тәртібі сараланды.
3. Қазақстан республикасында прокуратура қызметін жетілдіру жолдары. Прокуратура органдарының жүйесі мен оларды ұйымдастыруды жетілдіру, прокуратураның міндеттері мен оның қызметінің негізгі бағыттарын арттыру жолдары талқыланды.
Соңында қортындылар мен ұсыныстар жасалып, қолданылған әдебиеттердің тізмі берілді.
1. ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТІ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ
1. 1 Прокуратураның пайда болуы мен негізгі тарихы кезеңдері
Прокуротура термині латынның “procuro” - қамтамасыз ететін, алуын аламын деген сөзінен бастау алады. Осы сөз дәуірден дәуірге рим құқығы арқылы жеткен. Сол кезеңнің өзінде Еуропа халықтарының заң түсінігінде қазіргі кездегі әділеттің қажетті
элементтердің сақталған төмендегі түсініктердің өз орны болып мойындалған. Олар:
- қоғамның мүддесі атынан қылмысты жария ете отырып қудалау;
- белгілі жағдайларда оны лауазымды, тіпті құзіретті тұлғалардың жүргізуі;
- мемлекет басшысының, уәкілетті тұлғалардың жекелеген жағдайларда болса сотқа келіп қатысуы.
Бірақ прокуратураның шыққан жері негізінен Франция болып есептелінеді, ал оның негізін қалаушы корольдік прокурорлары туралы ережені анықтап айқындаған, бірінші прокуратура ескерткішін орнатқан 4-ші Филип Красив. Әлемдік практикадағы осындай бірінші прокурор ретінде Париж Парламентіндегі алғашқы прокурор Гуиланме де ла Магдаленнені атауға болады.
Қазақстан прокуратурасының дамуының екінші кезеңі 1933 жылдан 1992 жылдың 17 қаңтарына дейігі аралық. 1933 жылдан бастап КСРО-ның прокуратурасы КСРО жоғарғы сотының қарамағынан бөлініп, дербес мелекеттік орган болып құрылуы, ал 1992 жылы түңғыш рет «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы заң» заң қабылданды.
Көрсетілген заң актісіне сәйкес прокуратура Қазақстан Республикасының Президентіне бағынады. Прокуратура Парламенттің қарауынан шығарылуы. ҚР бас прокурорын Парламент Сенаттың келісімімен Президент тағайындайды. Бас прокурорды қызметінен босатуға Президент қана құқылы.
Прокурорлық қадағалауға қадағалаудың жаңа түрі, адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын сақталуын, заңды тұлғалармен мен мемлекет мүдделерінің қорғалуын бақылау қосылды.
Сөйтіп, Қазақстан Республикасы прокурорының статусы оның компоненттеріне: істі жүргізу саласына, қызмет ету ұстынына функционалдық маңызына, құзыретіне, өкілеттілігіне, жүзеге асырудың құқықтық құралдарына сәйкес қайта құрылды. Қазақстан прокурорының міндеті ТМД мемлекеттеріндегідей мелекет дамуының әрқилы кезеңдеріне байланысты түрлі өзгерістерге ұшырап отырды .
Ол өзгерістердің мазмұны көбінесе елдегі мемлекет дамуының саяси, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық жағдайларына байланысты болды. Ал, негізінен прокуратураның құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында түңғылықты айқындалған.
«Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік жоспарын жүзеге асыру мақсатында, - деп атап көрсетті. М. Ч. Қоғамов, - 1994 жылдың 12 ақпаныңда, 1995 жылдың қазаныңда Республика президентінің шешімімен тергеу бөлімшелері прокуратура органдарына жатпайтындықтан, жаңа құқық қорғау органың (ҚРМТК) құрамына берілуі».
Сол мезеттен бастап Қазақстанда басқа ТМД мемлекеттердегідей емес, прокуратура өзінің қызметін қылымыстық процессте жаңа мазмұнда және кең масштабта атқара бастады. Жаңа жүйе прокурорлық қадағаладың тергеу міндетіндегі кезеңдегі өз қызметін дұрыс және тиімді атқаруын қамтамасыз етті.
Прокуротураның әлеуметтік - экономикалық саладағы заңдылықты қадағалауға қатысты қызметіне соңғы кезде шек келтірушілер табылып жүр. Заң тілімен айтқанда прокуратура органдарының негізгі бағыттарының бірі - «Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүдделерінің сақталуына қадағалау» деп аталады. Кеңестер Одағының кезіндегі прокуратура органдарында бұл саланы - «жалпы қадағалау» (қазірде де ішінара осылай атап жүрміз) деп атадық.
Еліміздің тарихы Кеңестер Одағымен тығыз байланысты болғандықтан да, Ресей прокуротурасы органдарының тарихымен тығыз байланысты. Ал Ресейде алғашқы прокуротура органдары 1722 жылы 12 қаңтарда Петр 1-нің бұйрығымен құрылған. Сол кездегі құжатта заңға қадағалау жасауды басты назарға қойған. 1860 жылдары Ресейде сот реформасы болған кезде прокуратура заңдарды қадағалау құқығынан айрылған еді. Бұл негізінен дворяндар мен буржуазияның «қолын байлаған органды құртуға деген құштарлығының нәтижесі» болатын.
Заңдылыққа жоғары қадағалауды жүзеге асырудың орнына бақылаушы ведомстволардың функцияларын атқаруға келді. Прокуротура органдарының тікелей осылай араласуы бақылаушы органдардың заңды бұзуына жиі әкеліп соқты. Оның салқыны әлі күнге дейін сезілуде, яғни, бақылаушы органдар мемлекеттік функциясын адал атқарудың орнына, оны басқаша пайдалануға құмар, өйткені прокуратура органдарына сеніп кеткен.
Бүгінгі күнге қадағалаудың әдістері мен нысандарын жетілдіру қажет, соның нәтижесінде қадағалаудың мәнін дәл айқындау қажет. Мемлекеттік бақылау функциялары бар мемлекеттік органдар өз салаларында бақылауды орнатуға әлсіз. Сондықтан заңдылықтың орнауы барысында қадағалаудың пәрменділігін күшейту арқылы, яғни сол бақылау органдарының қызметіндегі заңдылықтардың қолданылуын қатаң қадағалаған жөн. Қазақстан Республикасының прокуратурасы 1922 жылдан бері қарай дамудың түрлі сатыларынан өтті. Азаматтардың құқыларын қорғауда көп жұмыстар атқарды. Мысалы, 1998 жылы прокуратура органдарымен атқарушылық органдардың 1998 жылы 25, 5 мың заңсыз құқықтық актілерге өзгеріс енгізіліп, күші жойылған; 28, 5 мың адам түрлі жауапкершіліктерге тартылған; жергілікті басқару және өкімет органдарының заңсыз 3861 актісінің күшін жоюға наразылық келтірілген; мемлекеттік уәкілеттігі бар бақылаушы органдардың 2, 5 актісі күшін жойған.
Бүгінгі күні заңдардың қолданылуын (сақталуын) қадағалаудың қажеттігі және оны күшейтуі төмендегі ойлармен бекітіледі:
─ өтпелі дәуірде нарық заңы нағыз заңдардың жүзеге асуына кесірін тигізуде, сөйтіп экономика саласының қылмыстануына әсер етуде, сондықтан да заң саласындағы қадағалауды тек қана сақтау емес, одан әрі күшейту керек;
─ тексеруге уәкілетті органның лауазымды адамдары заңдарды бұзуды жалғастырып келеді, сондықтан да прокуратураның қадағалау функциясын күшейткен жөн;
─ экономикадағы келеңсіздіктерді қадағалау функциясы арқылы жеңуге болады, сондықтан оның бағыттарын айқындауды жетілдіру қажет. Мысалы, салық қатынастарындағы, мемлекеттік меншік, табиғи ресурстар, сыртқы сауда, жер мәселесі, банктік қызмет саласындағы заңдылық және т. б. ;
─ құқық қорғау органдары өзіне жүктелген міндеттерді өзқұзыреті шегінде тек қана өздері атқаруы тиіс. Яғни, анықтама мен алдын ала тергеуді жүргізетін органдар Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 192 және 285 - бабына қатысты міндеттерін жете түсініп, тергелу ретінде қатысты қылмыстармен күресте, анықтауда, алдын алуда және жоюда іс - шараларды өз құзыреті шектерінде ғана жүзеге асырса. Қылмыспен және басқа құқық бұзушылықтармен күресу тек қана соған арнаулы құзыреттері бар органдар ғана міндетті. Қылмыспен күрестің пәрменділігі тек қана сол органдар жауап беруге тиісті. Ал прокуратура органдары құқық қорғау органдарының заңды әрекеттерін қадағалау арқылы қылмыспен күрес мәселелеріне өз үлесін қосады. Тергеуді прокуратурадан алудың өзі осы мақсатты көзделген болатын;
─ мемлекетіміз құқықтық ел болуға бағыт алғанда құқық қорғау органдарындағы лауазымды адамдардың (тергеуші, анықтама жүргізуші) әрекеттерін, олардың заңдарды қолдануда бұрмалауға баратындығы нәтижесінде азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету қажет.
─ азаматтардың өтініштеріне жете мән беріліп келеді. Азаматтардың арыздарымен барлық мемлекеттік органдар айналысуға тиісті. Бұл мәселеде де прокуратура органдары тек қана қадағалаумен айналысуы тиіс.
─ заңдарды насихаттаумен негізінен әділет органдары айналысады. Олар да өз қызметтерінде негізінен нотариаттың, АХАЖ - дың, яғни өз жүйесіне кіретін мекемелерге қатысты заңдылықтарды насихаттауды жүргізеді. Сондықтан прокуратураның заңдарды насихаттау саласына ерекше мән беріп, арнайы штаттар арқылы сол мәселені толыққанды жүзеге асыру қажет;
─ конституциялық заңдылыққа қадағалаудың қажеттілігі;
─ халықаралық шарттардың қолданылуына қадағалау;
─ заңдарды қолданылу барысында оның жүзеге асуының қиындығы;
─ 1991 жылдан бастап еліміз тәуелсіздік алып, құқық жүйесіне жаңа талаптар қойылды, жаңа заңдар қабылданды;
─ қазіргі қлданылып жүрген Конституциямыз 1995 жылдан бастап күшінеді. Онда біздің елімізді « . . . демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратындығы» жарияланды;
─ көптеген лауазымды адамдардың мамандығы заңгер емес, сондықтан олар өз қызметінде заңсыздықтарға жол беруде (аксиома: білмеген адам заңнан қорықпайды) ;
─ адам мен азаматтың құқы мен бостандығы бұзылуда;
─ жеке кәсіпкерлікке кең жол ашылды және олар еліміздің заңдарын қолдануда адам мен азаматтың құқына зиян келтіруге тиісті емес; жеке кәсіпорындардың көптеп ашылуы олардың әрекетінде заңдардың қолданылуын қадағалауды қажет етеді;
─ әділет органдарының заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асыруында Жарғылар заңға қайшылығына қарамастан тіркеулеріне жол бермеу қажет.
1. 2 Прокуратура органдарын ұйымдастыру және оның қызметінің принциптері.
Құқық қорғау қызметіңдегі маңызды бағыттардың бірі прокурорлық қадағалау болып саналады. Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын орган прокуратура болып есептеледі.
Конституцияға және «ҚР-ның Прокуратурасы туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлыққа сәйкес, Республика Прокуратурасы:
1) Республика аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәл және бірізділікпен қолданылуына, жедел іздестіру қьгзметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
2) сотта мемлекеттің мүддесін қорғайды;
3) қылмыстық қудалауды іске асырады.
Прокурорлық қадағалау оның қызметіңде негізгі бағыт болып есептеледі. Прокурорлық қадағалау деген ұғымды заңдардың дәл және бірізділікпен қолданылуын бұзуды дер кезінде анықтап, кемшілікті түзетіп отыру және кінәлі адамдарды жауапқа тарту арқылы прокуратура қызметің мемлекет атынан жүзеге асыру деп түсіну керек.
Прокурорлық қадағалаудың мәні мен ерекшеліктері прокуратура қызметің ұйымдастыру жұмысының негізі болып саналатын принциптермен белгіленеді.
Оларға мыналар жатады:
Прокуратурадағы тұтастық, орталықтану және дара басқару. Оның органдарының бәрі төменнен жоғарыға қарай бас прокурорға бағындырылған, біртұтастықты білдіреді, мемлекет атынан әрекет етеді, және бүкіл прокуратура жүйесінің өкілі болады, ортақ мақсаттары, міндеттері, қадағалау нысандары мен әдістері бар. Бұл принцип прокурорды «патшаның оң көзі» атаған 1 Петрдің заманынан бері бар. Мұндай жағдай мемлекеттік билік заң деңгейіне көтерген ережелерден ауытқудың кез келген түріне жедел және тиімділікпен назар аударуға мумкіндік береді.
Мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, саяси партиялардан және қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіздік. Тәуелсіздік бәрінен бұрын прокуратураның мемлекеттік органдар жүйесіндегі дербес жағдайымен, оның материалдық-техникалық базасын мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырумен, оның органдары мен лауазымды адамдарын толық саясатсыздандырумен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге тәуелсіздік бақылаусыздық деген ұғымды білдірмейді. Бас прокурор Президент алдыңда кем дегенде әр тоқсанда бір реттен есеп беріп отырады. Прокурордың әрекеттері мен актілеріне жоғары тұрған прокурорға және сотқа шағым берілуі мүмкін.
Прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады. Прокурорлардың шешімдеріне ықпал етуге тырысудың кез келгеніне тыйым салынады және қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік туғызады.
Прокуратура органдары жүйесінің ұйымдық құрылымы аумақтық- аймақтық принцип бойынша түзілген. Әрбір әкімшілік-аумақтық бөліністе прокуратураның ауданнан бастап барлық тиісті тармақтары бар. Бұған қоса, мамандандырылған прокуратуралар болады- көлік, табиғат қорғау, арнайы объектілер прокуратуралары. Олар аудандық прокуратуралардың құқықтарына орай әрекет етеді және өз қызметтерінде тиісті облыстық прокурорға бағынады.
Мамандандырылған прокуратураларға сондай-ақ түзілісі армияда қабылданған ұйымдар құрылымына сәйкес келетің әскери прокуратуралар да жатады.
Прокуратура жүйесіндегі ең жоғарғы орган - Бас прокуратура. Оны Парламент Сенатының келісімімен 5 жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор басқарады.
Орталық аппарат Бас прокурордың ұсынымы бойынша Президент қызметке тағайындайтын және жұмыстан босататын бірінші орынбасардан, 3-4 орынбасарлардан, сондай-ақ - секретариаттан, басқармалардан және бөлімдерден тұрады.
ҚР Бас прокуратурасының жанынан заңдылық пен құқыққорғау проблемаларын зерттеу және кадрлар мамандығын арттыру институты құрылған.
Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері негізінен алғанда прокурорлық қадағалаудың салалары (бағыттары) бойынша құрылады,
Бас прокуратура прокуратураның. бүкіл жүйесіне басшылық етеді, оның мемлекеттік билік орталық органдары, халықаралық ұйымдар алдыңдағы өкілдігін қамтамасыз етеді. Басқа құқық қорғау органдарымен өзара қарым-қатынаста болады, Республикадағы заңдылық ахуалына және қадағалау практикасына талдау жасайды, норма шығармашылығы қызметіңе қатысады, заң шығару бастамаларын көтереді.
Облыстық және соларға теңестірілген прокуратуралар, мәселен, әскери Бас прокуратура, астана және республикалық бағыныстағы Алматы прокуратуралары осы органдар жүйесіндегі орта буын болып табылады. Олар Бас прокуратураға бағындырылған. Олардың прокурорларын, сонымен қатар Бас прокурордың орынбасары болып есептелетің әскери Бас прокурорды қоспағанда, Бас прокурор тағайындайды. Қызметкерлердің штаттық саны жағынан бұл органдардың аппараттары Бас прокуратураның құрылымымен бірдей деуге болады. Олардың да бөлімдері мен басқармалары бар. Прокурорларда олардың орынбасарлары, аға көмекшілері, көмекшілері, аға прокурорлары және бөлімдер мен басқармалар прокурорлары болады.
Бас прокуратурада және облыстық прокуратураларда ұйымдық мәселелермен қоса заңдардың бұзылғандығын айғақтайтын елеулі фактілерді қарайтын Кеңесші органдар - алқалар құрылады.
Прокуратура жүйесіндегі төменгі буынға жергілікті жерлерде өз құзыреті шегінде заңдардың дұрыс қолданылуын қамтамасыз ететің, қылмыстық қудалауды ұйымдастыратын және сот жүйесі негізгі тармағының соттарында мемлекет мүддесін қорғайтын қалалық, аудандық және соларға теңестірілген прокуратуралар жатады. Екі және одан да көп ауданда (қалада) немесе қала мен аудан аумағында ауданаралық прокуратуралар құрылуы мүмкін. Атқаратын жұмысының салмағына және штат санына қарай оларда бөлімдер құрылуы мүмкін.
Прокуратура қадрлары. ҚР Президентінің 21. 12. 95 жылғы «ҚР-ның Прокуратурасы туралы» заң күші бар жарлығына сәйкес мыналар прокурор бола алады: Республиканың Бас прокуроры, оның, бірінші орынбасары және орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері, прокуратура басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшілер мен көмекшілер, қадағалау саласының прокурорлары, прокуратура органдары басқармаларының және бөлімдерінің аға прокурорлары мен прокурорлары, сондай-ақ әскери, өкілетті және мамандандырылған прокурорлар. Осылардың бәрі, сондай-ақ прокуратураның ғылыми және білім беру мекемелерінің аттестатталған қызметкерлері ҚР-ның Президенті бекіткен прокуратура органдарында қызметтен өту туралы Ереже негізінде прокуратура органдарында қызметтен өтеді.
Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде кәсіпқойлық принципін қамтамасыз ету мақсатында қызметтің осы саласымен айналысушыларға белгілі талаптар қойылады. Мәселен, прокуратура органдарына қызметке тұру мемлекеттік қызметкерлер кадрлары туралы республикалық орталыққа алдың ала сұрау салу және азаматтарды арнайы тексеруден өткізу жолымен жүргізіледі. Бұл тексеру бұрын сотталған немесе қылмыстық жауапкершілікпен ақталмайтын негіздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен теріс қылықтары үшін қуылған адамдарды айғақтау мақсатын көздейді. Сонымен қатар тексеру кандидаттың азаматтық ахуалын, денсаулық жағдайын, білімін анықтайды. Сондай-ақ іскерлігін, жеке басының адамгершілік қасиетің әйгілейді.
Прокуратура қызметкерлері үшін мыналар міндетті талаптар болып есептеледі:
- ҚР- ның азаматтығы;
- заңгерлік жоғары білім;
- сотталмағандық, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылмағандық;
- денсаулық жағдайы;
- іскерлік және моральдық қасиеттері.
Әскери прокурорлар міндетті түрде әскери қызметкерлер болуға тиіс. Прокуратураның басшы құрамына - облыстардың, аудандардың (қалалардың) және соларға теңестірілген прокуратуралардың прокурорларына қосымша талаптар қойылады - жасы 25-тен кем болмауы және прокуратурадағы жұмыс стажы 3 жылдан кем болмауы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz