Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық.санитарлы талаптар ... ... ... ... ... ..5
1.2 Ет өнімдері мен азықтық ет шикізаттарын кедендік одақтың аумағында тараптар арасында тасымалдау кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар ... ... ... ... ... ... ...12
1.3 Құс етін кедендік одақтың аумағында жəне тараптар арасында тасымалдау кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.4 Консервілерді, шұжықтарды және басқа дайын ет өнімдерін кедендік одақтың аумағында және тараптар арасында тасымалдау кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.5 Ірі және ұсақ қара малдардан алынған сүт және сүт өнімдерін кедендік одақтың аумағында және тараптар арасында тасымалдау кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар ... ... ... ... ... 17
1.6 Балық, шаянтектілерден, ұлулардан алынған өнімдерді және олардан өңделген өнімдерді кедендік одақтың аумағында және тараптар арасында тасымалдау кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы жануартекті шикізаттарды тасымалдау кезінде ветеринарлық . санитариялық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.1 Темір жол көліктерімен жануарлар шикізаттарын тасымалдаған кездегі ветеринариялық.санитарлық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Су көліктерімен жануартекті шикізаттарды тасымалдау кезіндегі ветеринариялық.санитарлық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3 Әуе көліктерімен жануарлардың барлық түрін тасымалдау кезідегі ветеринариялық.санитарлық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қортынды ... ... ... ... ... ...30
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... .31

Егемендік алғаннан кейін жылдары елімізде ауыл шаруашылығына деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, жаңа тың реформаларды қалаптастырып келеді. Нарық заманында арзан азық–түлікті жоғарғы өнім беретін асыл тұқымдарынсыз мүмкін болмай отыр. Ендігі кезеңде Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіруге тілек білдіруі халықаралық жаңа сапа стандарттарына сәйкес өнім өндіруге барша өнім өндірушілерге жаңаша талап қойып отыр.
Қазіргі таңда елбасымыздың тікелей қолдауымен ауылшаруашылығына деген көзқарас біршама деңгейге жақсарып келеді. Оған себеп 2002-2005 жылдар аралығы ауыл жылдары болып аталып елді-мекендердегі халықтың әл-ауқаты дұрысталып қалды. Ауылшаруашылығының негізгі салаларының бірі мал шаруашылығы үкімет тарпынан қолдаудың арқасында, яғни мал бастарын асылдандыру құрып кете жаздаған Кеңес үкіметі кезінде ғалымдарымыз қажырлы еңбегінің арқасында дүниеге келген асыл тұқымды малдардың басын сақтап қалу, одан әрі санын көбетуде мүмкіндік туды.
Ауыл шаруашылығын нығайту мақсатында ел басымыздың қолдауымен көптеген шаралар кешенін ұйымдастыру көзделген. Осы мақсатқа жету үщін ветеринария саласының алатын орыны өте зор. Ол үшін мал басын көбейтіп, өнімділікті жоғарлату, аурулардың алдын-алып, емдеу тәрізді ветеринариялық жұмыстарды ұйымдастыру қажет.

1. Ветеринарная санитария на транспорте / М.П. Бутко [и др.]. - М.: Колос,
2. Средства транспортировки рыбы / А.С. Баламутов [и др.]. - М.: Транспорт,
3. Государственный ветеринарный надзор на границе и транспорте Республики Казахстан / К.Д. Даулетбаев [и др.]. – Алматы : Алатау, 1997.
4. Крючко, А.А. Грузовые перевозки на воздушном транспорте /А.А. Крючко. - М.: Транспорт, 1983.
5. Поляков, А.А. Ветеринарная санитария / А.А. Поляков. – М.: Колос, 1979.
6. Руководство по ветеринарной санитарии / А.А.Поляков [и др.]. - М.: Колос, 1986.
7. Ветеринарно - санитарной надзор на транспорте / П.Г. Песков [и др.]. - М.: Колос, 1982.
8. Поляков, А.А. Основы ветеринарной санитарии / А.А. Поляков. - М.: Колос,1986.
9. Песков, П.Г. Ветсаннадзор на железнодорожном транспорте / П.Г. Песков. М.: Колос, 1969.
10. Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция / А.А. Поляков. М.: Колос, 1975.
11. Талий, А.И. Автомобильные перевозки / А.И. Талий. М.: Транспорт, 1982.
12. Тихонин, А.И. Автомобильные перевозки животных / А.И. Тихонин М.: Транспорт, 1971.
13. Телегин, А.И. Перевозки скоропортящихся грузов речным транспортом / А.И. Телегин. М.: Транспорт, 1991.
14.Телеуғали,Т.М.Мал дәрігерлік- санитарлық сараптау және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері / Т.М. Телеуғали, С.Қ. Қырықбай. – Алматы : Бастау, 1998.
15.Шупляков, И.Д.Ветсанконтроль при перевозках сырья животного происхождения / И.Д. Шупляков // Журн. Ветеринария. - 1988. - №5.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..5
1.1 Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен
шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық
талаптар ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ет өнімдері мен азықтық ет шикізаттарын кедендік одақтың аумағында
тараптар арасында тасымалдау кезінде қойылатын ветеринарлық
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Құс етін кедендік одақтың аумағында жəне тараптар арасында
тасымалдау кезінде қойылатын ветеринарлық
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.4 Консервілерді, шұжықтарды және басқа дайын ет өнімдерін кедендік
одақтың аумағында және тараптар арасында тасымалдау кезінде қойылатын
ветеринарлық

... ... ... ... ...16
1.5 Ірі және ұсақ қара малдардан алынған сүт және сүт өнімдерін
кедендік одақтың аумағында және тараптар арасында тасымалдау кезінде
қойылатын ветеринарлық
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
7
1.6 Балық, шаянтектілерден, ұлулардан алынған өнімдерді және олардан
өңделген өнімдерді кедендік одақтың аумағында және тараптар арасында

талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы жануартекті
шикізаттарды тасымалдау кезінде ветеринарлық - санитариялық
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 20
2.1 Темір жол көліктерімен жануарлар шикізаттарын тасымалдаған кездегі
ветеринариялық-санитарлық
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Су көліктерімен жануартекті шикізаттарды тасымалдау кезіндегі
ветеринариялық-санитарлық
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.3 Әуе көліктерімен жануарлардың барлық түрін тасымалдау кезідегі
ветеринариялық-санитарлық
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Кіріспе
Егемендік алғаннан кейін жылдары елімізде ауыл шаруашылығына деген
көзқарас түбегейлі өзгеріп, жаңа тың реформаларды қалаптастырып келеді.
Нарық заманында арзан азық–түлікті жоғарғы өнім беретін асыл тұқымдарынсыз
мүмкін болмай отыр. Ендігі кезеңде Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына
кіруге тілек білдіруі халықаралық жаңа сапа стандарттарына сәйкес өнім
өндіруге барша өнім өндірушілерге жаңаша талап қойып отыр.
Қазіргі таңда елбасымыздың тікелей қолдауымен ауылшаруашылығына деген
көзқарас біршама деңгейге жақсарып келеді. Оған себеп 2002-2005 жылдар
аралығы ауыл жылдары болып аталып елді-мекендердегі халықтың әл-ауқаты
дұрысталып қалды. Ауылшаруашылығының негізгі салаларының бірі мал
шаруашылығы үкімет тарпынан қолдаудың арқасында, яғни мал бастарын
асылдандыру құрып кете жаздаған Кеңес үкіметі кезінде ғалымдарымыз қажырлы
еңбегінің арқасында дүниеге келген асыл тұқымды малдардың басын сақтап
қалу, одан әрі санын көбетуде мүмкіндік туды.
Ауыл шаруашылығын нығайту мақсатында ел басымыздың қолдауымен көптеген
шаралар кешенін ұйымдастыру көзделген. Осы мақсатқа жету үщін ветеринария
саласының алатын орыны өте зор. Ол үшін мал басын көбейтіп, өнімділікті
жоғарлату, аурулардың алдын-алып, емдеу тәрізді ветеринариялық жұмыстарды
ұйымдастыру қажет.
Мал өнiмдерiн арттыруға мал азығының жетiспеуі және әр түрлi аурулар
үлкен зиян келтiруде. Тек қана мал өлiмiн азайту, мал өнiмдерiн
көбейтуде үлкен табыс көзi болатын төмендегi мысалдан көруге болады.
Қазақстанда 1990 жылы 1966 мың iрi қара, 39 мың жылқы, 28866 мың қой ешкi
өлiм жiтiмге ұшыраса, 1991 жылы бұл көрсеткiштер тиiсiнше 206641, 31266 мың
бас болды.
Экономиканың бұл секторының маңыздылық бағасы Республика Президенті Н.
Назарбаевтың 2003 жылдың ішкі және сыргқы саясатының негізгі бағыттары, —
деген халыққа арналған Жолдауында көрсетілген.
Бұған дәлел Республика Президентінің Жарлығымен бекітілген, салалардың
даму басымдыктары мен негізгі бағыттары дәл көрсетілген Қазақстан
Республикасының аграрлық азық-түлік бағдарламасы.
Ауылды әрі қарай өркендету агробизнестің қолайлы құрылымын жасаумен
және ауыл шаруашылық өндіріс маркетингімен тығыз байланысқан жаңа
көзқарасты талап етеді. Агроөнеркәсіп кешенінің ерекшелігі, азық-түлік
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттік басқаруды және
мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығын дамуында
қалыптасқан жағдайды ескере отырып, облыс халқының азық-түлік
мұқтажын мейлінше қанағаттандыру, өндірілетін онімнің жоғарғы
сапасын қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін,
агроөнеркәсіптік кешенінін тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында
облыс бойыпша 2003-2005 жылдарға аграрлық азық-түлік бағдарламасы
жасалды.
Қазiргi кездегi фермерлiк, жеке шаруашылықтардың өркендеуiне
байланысты, келешекте ет өндiрiсiн шикiзатпен қамтамасыз етуде, олардың
үлес салмағы да жоғары болмақшы. Соңғы жылдары мал басының бiршама кемуiне
қарамастан Қазақстанда, ет және де басқа мал өнiмдерiн өндiрудiң
мүмкiншiлiгi зор.
Ветеринарияның негізгі мақсаты мал шаруашылығының ветеринарлық-
санитарлық сәттілігін сақтау, одан сапасы жоғары өнімдермен шикі затты
өнімдерді қамтамасыз ету. Осы аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін 2002
жылы Ветеринария туралы заңы бекітілді. Жануар текті өнімді ветеринарлық
– санитарлық сараптау оларды өндіргенде, барлық өңдеу сатыларында,
тасымалдағанда, сақтағанда және реализация жасағанда өткізеді.
1 Әдебиетке шолу

шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
ҚР мемлекеттік шекарасында жануарларды, жануартекті өнім мен
шикізатты және фуражды экспорттау және импорттау кезінде ветеринарлық
санитарлық қадағалауды дұрыс ұйымдастыру мақсатында ветеринарлық бекеттер
жүйесі құрылған. Мұндай бекеттер халықаралық тасымалдаумен айналысатын ірі
әуежайларда да бар.
Шекаралық қадағалау бекетінің тексеруіне көліктің кез-келген түрі мен
шекара арқылы өтетін барлық жануарлар мен малшаруашылық жүктер көбінесе үй,
зоопарктік, зертханалық т.б. жануарлар, сонымен қоса құстар, шаяндар,
балықтар, аралар, қоңыз және кенелер, шәует, уылдырық, фураж, жануартекті
өнім мен шикізат, биологиялық препараттар, т.б. жүгіндіріледі.
Жануарларды, жануартекті өнімді және шикізатты жануар ауруынан сау
шаруашылықтарынан әкелсе ғана, кіргізуге және шығаруға рұқсат етіледі.
Жануарлардың, ауылшаруашылық өнімдерінің, шикізат және фураждың экспорт
импорт операциялары ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің
рұқсатымен жүргізіледі.
Жануарларды,жануартекті өнім мен шикізаттарды экспорттау кезіндегі
мемлекеттік ветеринарлық қадағалау:Экспортқа жіберерде жануарларды
жануарларды ветеринарлық өңдеу және сұрыптау кезінде қолданыстағы
ережелерді басшылыққа алады. Экспортқа жіберуші шаруашылық жұқпалы
аурулардан сау болуы шарт. Экспорттаушы шаруашылықтың індеттік жағдайын
құрамында ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетеінің облыстан,
шаруашылықтан келген өкілі және ауданның бас мал дәрігері бар комиссия
анықтайды.
Экспортқа арналған жануарлар 1 ай бойы карантинде ұсталады. Осы
кезде келесі өңдеулер жүргізіледі:
1. Ірі қара малдар, буйвол, зубрларды бруцеллезге комплимент
байланыстыру реакциясы және агглютинация реакциялары арқылы; туберкулезге
тері ішіне немесе офтальмоүлгі реакциясын қояды; құс туберкулиннің тері
ішіне егу арқылы паратуберкулезді энтеритке; жыныстық жетілген бұқалардың
кампилобактериозды, сиырлардың іш тастауын, бұқаның шәуетіне және сиыр
қынабының кілегейінен өсіндіні бөліп алу арқылы зерттейді; ІҚМ
гематологиялық лейкозға, аусылға қарсы А,О және С типті вакцинамен, сібір
жарасына қарсы СТИ вакцинамен (малды артуына 14 күн қалғанда осы жылы
егілмесе) егеді. Одан басқа лептоспироз және импортердің талабы бойынша
басқа індетті аураларға диагностикалық зерттеулер өткізеді. Асыл тұқымды
жануарға қатысты қосымша инфекциялық ринотрахеит және ірі қара малдың
вирусты диареясына зерттейді (егер жануарлар алдын ала вакцинацияланбаса).
2. Қой және ешкілерді сальмонеллезге, бруцеллезге, паратуберкулезді
энтеритке, инвазиялық ауруларға тексереді, қойларға шешекке қарсы
вакцинация алюмингидрототық формол вакцинасымен және аусылға қарсы А және
О,С типті вакциналармен жасалады, қажет болған жағдайда артуға дейін 1 ай
бұрын қышымаға қарсы шомылдыру жұмыстарын жүргізеді. Одан басқа
инфекциондық эпидидимитке, паратуберкулезге, хламиодиозға, лептоспирозға,
блутангке, энцефалит-артритке және импорттаушының сұрауы бойынша басқа да
инфекциялық ауруларға диагностикалық зерттеулер өткізіледі.
3. Шошқаларды туберкулезге, сиыр және құс туберкулинімен зерттейді,
бруцеллезге, инвазиялық аурулардың бар-жоғына, оба және тілмеге
вакцинацияны артудан 1 ай бұрын жүргізеді. Одан басқа шошқалардың
классикалық обасына, бруцеллезге, туберкулезге, лептоспирозге, шошқалардың
респираторлы-репродуктивті синдромына, Ауески ауруына, хламидиозге,
вирустық трансмиссивті гастроэнтеритке, шошқалардың везикулярлы ауруына,
парвовирусты инфекцияға, атрофиялық ринитке, шошқа тұмауына диагностикалық
зерттеулер өткізіледі.
4. Тәуліктік тауық, күрке тауық, қаз балапандарының, түйе құстар
пуллорозға (пуллорозды антигенмен серологиялық зерттелуі керек), суда
жүзетін құстарды парафитке, туберкулезге, инвазиялық ауруларға зерттейді.
Бір тәуліктік балапандар Марека ауруына қарсы вакцинацияланған болуы керек.
5. Түбітті аңдарды, қояндарды және иттер мен мысықтарды инвазиялық
ауруларға тексереді түлкілер, ақ түлкілер, құндыздар және иттер –
таксоплазмозға; құндыз – алеут ауруына; мысықтар – дерматофитозға
диагностикалық зерттеулерден өткізеді. Егер жануарлар, соңғы 6 ай ішінде
егілмесе, жіберер алдында 14 күн бұрын түлкілер, ақтүлкілер –
етқоректілердің обасына; құндыздар және саскүзендері – ботулизмге,
етқоректілер обасына, псевдомонозға, вирустық энтеритке; күзен –
пастереллезге; иттер – құтырыққа, етқоректілердің обасы, гепатитке, вирусты
энтеритке, парво және аденовирусты инфекцияларға, лептоспирозға; мысықтар –
құтырыққа және вирустық панлейкопенияға, қояндар – миксоматозға,
пастеррелезге және вирустық геморрагиялық аурулар және импорттаушының
басқада ауруларға вакцинацияланады. Жеке бас қолдануына арналған иттер мен
мысықтарды екі бастан артық емес, енгізуге арнайы елдің рұқсатынсыз,
ветеринарлық сертификатқа теңескен халықаралық паспортпен енгізіледі.
6. Жабайы, хайуанаттар бағының және цирктік жануарлар карантиндеу
кезінде келесі диагностикалық зерттеулер жүргізіледі: а) ірі тақ тұяқтылар
– бруцеллезге, туберкулезге, паратуберкулезге, лейкозға, блутангқа; б) ұсақ
тақтұяқтылар – бруцеллезге, туберкулезге, блутангқа; в) тақтұяқтылар –
маңқаға, шағылыстырылатын ауруы, сурру, пироплазмоз (Карбани бабезі),
нутталиоз (Экви бабезі), анаплазмоз, ринопневмания, инфекциялық метрит,
инфекциялық анемия, вирусты артерит; г) етқоректілер: иттер, қасқырлыр,
түлкілер, ақ түлкілер, құндыздар, гиенналар, шие бөрі, қорқақ қасқыр –
токсоплазмозға; құндыздар – алеут ауруына; д) құстар (тоты құстар,
кептерлер) – орнитозға (пситтакоз), құс тұмауы, Ньюкасл ауруына, жабайы
қабандарды оба және тілмеге қарсы егеді.
Егер олар соңғы 6 ай ішінде вакцинацияланбаса, арту алдында 20 күн
бұрын вакцинациялайды: барлық етқоректілер – құтырыққа; иттер, қасқырлар,

етқоректілер обасына, псевдомонозға; құндыз бен күзендер – вирусты
энтеритке; саз күзендер – пастереллезге қарсы; мысық тектілер – құтырыққа,
панлейкопенияға және вирусты ринотрахеитке; кеміргіштерді (қояндар) –
миксоматозға және вирусты геморрагиялық ауруға; құстар (тауық тектілер) –
Ньюкасл ауруына қарсы.
7. Солтүстік бұғылар бруцеллезге, некробактериозге, туберкулезге
зерттелінеді.
8. Түйелер және түйелер тұқымдарының басқа түрлері (таутайлық (ламы),
альпаки, викуньи) блутанг, маңқа, суауру, туберкулезге, бруцеллезге,
паратуберкулезге, контагиозды плевропневмонияға, жылқылардың африкандық
обасына зерттелінеді.
9. Асыл тұқымды қолданыстағы және спорттық жылқыларды 45 күндік
карантинде болып, осы арада маңқаға арасында 5-6 күн салып екі рет
офтольмоүлгімен және серологиялық зерттеулерден КБР жасайды, бруцеллезге,
туберкулезге, шағылыстыратын аураға сурру, (Эванси трипаносомасы),
пироплазмозға (Кабани бабезиясы), нутталигез (Экви бабезиясы),
ринопневмонияға, анаплазмозге, инфекциондық метритке, инфекциондық
анемияға, вирусты артериитке, вирусты стоматитке лептоспирозды
микроаглютинация және лизистік реакциялармен, инфекциялықанемияға
серологиялық диффуздық преципитация (Коггинс пробасы), сібір жарасына (сол
жылы вакцинация жүргізілмесе) 2 жұма бұрын егеді. Жануарлар жіберілуден 3
ай бұрын жылқы тұмауына қарсы инактивирленген вакцинамен егілуі керек.
Ветеринарлық өңдеулер мен диагностикалық зерттеулер аукционға
(сатылымға) 8-10 күн қалғанға дейін аяқталуы тиіс. Аукционнан кейін
шетелдік фирмалар жылқыны 45 күн қайта тексерместен алып кете алады.
Ветеринарлық сертификатта жылқының жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтардан
әкелінгені көрсетіледі. Соның ішінде маңқа, ИНАН, эпизоотиялық лимфангоит,
шағылысу ауруы, инфекциялық энцефаломиелит көрсетіледі. Сертификатта алты
ай ішінде шаруашылықта және 30 км радиустағы өлкелердегі, 3 ай ішінде
аусылдың облыс және шаруашылықтағы жағдайын, соңғы 3 айдағы лептоспироз,
жылқы тұмауы, сақау кездесуі туралы, сонымен қатар, энцефаломиелит және
африкалық обаға қарсы вакцинация жасалғаны туралы жазылады.
Өндіруші-бұқалардың шәуетін алар алдында, 30 күн бұрын, туберкулезге,
паратуберкулезге, бруцеллезге, лептоспирозға, блутангке, инфекциондық
агалактияға, липтоспирозға, медивисна, аденоматозге, артрит-энцефалитке
эпидидимитке, хламиодиозға зерттейді.
Өндіруші-қабандардың шәуетін туберкулезге, бруцеллезге, лептоспирозға,
классикалық шошқа обасына, шошқаның респираторлы-репродуктивті синдромына,
Ауески ауруына, хламидиозға, вирустық трансмиссивті гастроэнтеритке,
шошқаның везикулярлы ауруына, парвовирусты инфекцияға, атрофиялық ринитке,
шошқа тұмауына және импортердің талабы бойынша басқа да инфекциялық
ауруларға зерттейді.
Өндіруші-айғырлардың шәуетін шағылыстыру ауруына, суру,
ринопневмонияға, инфекциондық метритке, инфекциондық анемияға, вирусты
артритке, везикулярлы стоматитке, бруцеллезге, туберкулезге, лептоспирозға
зерттейді және олар ринопневмонияға, жылқы обасына және инфекциондық
метритке вакцинацияланбайды.
Шәуеттің құрамында патогенді және токсигенді микроорганизмдер болмауы
керек.
Жануарларды, жануартекті өнім жəне шикізаттарды импорттау кезіндегі
мемлекеттік ветеринарлық қадағалау:ҚР-на шет елдерден жануарларды импорттап
əкелу ҚР АШМ ветеринария комитетінің рұқсатымен аурудан сау
шаруашылықтардан жүргізіледі. [1]
ҚР импортталатын жануарлар сатушы базасында ҚР дəрігерінің
қадағалауымен 14 күндік карантинде болу керек.
Карантин кезінде келесі диагностикалық зерттеулер жүргізіледі:
1. Ірі қара малдарға: туберкулезге тері ішкі сынамамен, бруцеллезге
КБР жəне АР, паратуберкулезді энтеритке аллергиялық жəне серологиялық КБР
бойынша, лептоспирозға микроаглютинация реакциясы жəне лизистеу арқылы,
лейкозды клиникалық жəне гематологиялық, вибриозды шəуеттен өсінділік
микроскопиялық жəне өсінділік, ірі қараның аналық бастарының көбею
үдерісіне жарамдылығын гинекологиялық зерттеу арқылы тексереді.
2. Жылқы, есек, қашырларды: маңқаға 2 мəрте көзге малленизация жəне
серологиялық əдістерден КБР тексереді, инфекциялық анемияға клиникалық жəне
гематологиялық, жылқының аналықтарын көбею үерісіне жарамдылығын
гинекологиялық зерттеу арқылы тексереді.
3. ІҚМ бруцеллезге серологиялық жəне аллергиялық; параттуберкулезді
энтеритке аллергиялық жəне серологиялық; инфекциялық эпидимит-клиникалық;
серологиялық; листериозға серологиялық КБР жəне АР; сальмонеллез-
серологиялық АР, туберкулез (ешкі) сиыр туберкулинін 2 рет тері ішіне,
шаруашылықта гельминтоздық аурулар табылған жағдайда дегельминтизация
жұмыстарын қойларға жүргізеді.
4. Екі жұма бұрын сиыр жəне құс туберкулинімен шошқаларды 2 мəрте
туберкулезге тері асты сынамасын қояды; бруцеллезге АР; КБР жəне
аллергиялық; лептоспирозға микроаглютинация реакциясын жəне лизистеу
арқылы; экспорттаушы елден шошқаны шығарар алдында, бұрын вакцинация
жасалмаса тілмеге қарсы егеді.
5. Терісі бағалы аңдар. Қоян, иттерді ботулизмге қарсы вакцинациялайды,
етқоректілер обасына қарсы түлкілерді артуға 10 күннен кешіктірмей егеді,
иттерді 14 күн бұрын оба жəне құтыруға қарсы, қояндарды пастереллезге қарсы
егеді жəне кокцидиостатикалық препараттармен емдейді (5 күндік 2 курс),
диагностикалық зерттеулер жүргізеді, Алеут ауруына құндыздарға 10-30 күн
қалғанда йодтық сынама қояды.
6. Тауық, күркетауықтарды туберкулезге аллергиялық, пуллорозға –
серологиялық АР, суда жүзетін құстарды паратифке серологиялық АР тексереді.
7. Сертификатта балық, уылдырықтың, шаян, ара жəне бал шаруашылық
өнімдерінің аурулардан ада екендігі көрсетіледі.
8. Ауылшаруашылық жануарлардың шəуеті сау жануардан алынып, трихомоноз,
вибриоз, бруцеллез, туберкулез, жылқылардың шағылысу ауруына, лейкоз,
лептоспироз, паратуберкулезді энтеритке теріс (реакция) нəтиже беріп,
аусыл, инфекциялық анемия, жылқы энцефаломиелиттен, шошқаның инфекциялық
атрофиялық ринитінен, түйінді дерматит, вирусты ринотрахеитінен,
энзоотикалық іш тастау, вирустық диареядан 12 ай бойы ада шаруашылықтардан
алынуы керек.
9. Зоопарктік жануарлар, бауырымен жорғалаушылар туберкулезге теріс
реакция көрсетіп, жабайы етқоректілер оба жəне құтыруға қарсы егілген болу
керек.
10. Союға жіберілетін жануарлар сібір жарасына қарсы, шешек ауруы
кездесетін мемлекеттен əкелінген қойларды шешекке қарсы егеді, шығаруға 2
тəулік қалғанда тілмеге қарсы өңдейді.
11. Ара жанұяларын, аналықтарын, бал, балауызын, т.б. ара шаруашылығы
өнімдері соңғы 12 айда жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтардан əкеледі, ара
шаруашылығы өнімдерінің өзіне тəн органолептикалық қасиеттері болу керек.
12. Жөнелтер алдында ара жанұялары 30 күн, аналықтары 10 күн
ветеринарлық маманның қадағалауында болуы шарт. Бұл уақыт аралығында ара
жанұялары əр 10 күн сайын бруцеллез, варроатоз, таңдамалы түрде акарапидоз,
амебеоаз, нозематозға лабораториялық, американдық жəне еуропалық шірімеге
бактериологиялық тексеріледі. [2]
ҚР келген кезде аралар 30 күн ветеринарлық қадағалауда болады,
клиникалық байқау мен зертханалық зерттеулер жоғарыда көрсетілгендей
жүргізіледі.
ҚР келген жануарлар 1 айлық карантинде арнайы базаларда ұсталады,
карантиннен кейінгі 12 айда жергілікті жануарлармен қатынаста болдырмау
керек. Соятын жануарларды əкелгеннен кейін 1-2 тəуліктен кейін союға
жібереді.
Жануартекті өнімдерді импорттау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық
талаптар.:ҚР-на үнемі мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың тексерісінде
болған ет комбинаттарында сойылған, аурулардан сау жануарлар мен құстардан
алынған ет жəне ет өнімдерін, құс жəне құс өнімдерін енгізуге болады. Ет
комбинаттары айналасында радиусы 30 км аумақта аусылдан соңғы 3 айда сау
болу керек.
Жануарлар (құстар), ет өнімдері ҚР-ына əкелінгенде, сояр алдындағы
ветеринарлық тексерістен өту керек, ет өнімдері экспорттаушы елдің
ветеринарлық басқармасының қатысуы- мен сойғаннан кейінгі ветеринарлық
санитариялық сарапталуы керек.
Ірі қара мен ұсақ қара малдар ұшаларын жіберуші елде финноз жəне шошқа
трихинеллезіне тексереді. Етте экспорттаушы елдің ветеринарлық
қадағалауының белгісінде ет комбинатының аты жəне нөмірі көрсетіледі. Құс
ұшасының қаптамасында немесе ұшаның қорабында мемлекеттік ветеринарлық
қадағалаудың белгісі болу керек.
Жабайы құста ешқандай аурулардың белгісі байқалмауы тиіс, жабайы
қабандардың етін финноз жəне трихинеллезге зерттемейді.
ҚР келесі ет өнімдерін енгізуге болмайды: аусылдан сау емес елдерден,
шошқаның африкалық обасы, ірі қара обасы, шошқаның классикалық обасы,
аусылға тəн өзгерістер байқалса, гельминттермен (финноз, трихинеллез)
зақымданса, экспорттаушы елден басқа елден əкелінсе, консервілеуші заттар
болса, ҚР тыйым салынған немесе бөгде заттармен өңделсе, сояр алдында
жануарға экстрогенді, тиреостатикалық, тыныштандырғыш заттар, антибиотиктер
берілсе, сероз- ды қабығы тазаланып, лимфа түйіндері болмаса, соғылған,
органолептикалық өзгерістер байқалса.
ҚР тағамдық мақсатта импорттауға жұмыртқаны 2 ай бойы оба, құс
пастереллезі жəне т.б. құстың жұқпалы ауруларынан сау шаруашылықтарынан
алынады.
Сүт өнімдерін туберкулез, бруцеллез, аусыл, сібір жарасынан сау
шаруашылықтардан алады жəне сүт өнімдерінде эстроген, антибиотик жəне т.б.
қосымша зерттеулер болмау керек.
Жануарлартекті шикізаттарды импорттау кезіндегі мемлекеттік
ветеринарлық қадағалау - ҚР енгізуде тері (ІҚМ, ҰҚМ, жылқы, түйе, шошқа)
жəне тері шикізаттары тығыз құрғатылған, құрғақтай тұздатылған, ылғалды
тұздатылып, бума жəне тығыз немесе жұмсақ қалыпқа оранған түрде, ал суда
тұздалған тері шикізаты терімен қапталған бөшке, қорап немесе қалыпта
тасымалданады.
Суырдың терісін шекарада хлорпикринмен ҚР нұсқамасы бойынша
дезинфекциялайды.
Жүн, қыл, жылқының шашы ветеринарлық сертификатта шикізаттың сібір
жарасы, аусыл, шешек, туляремия жəне т.б. жұқпалы аурулардан сау
шаруашылықтардан алынғаны көрсетілсе, сібір жарасына бактериологиялық
зерттеулер жүргізілмейді.
Құрғақ ішек қарындар (ветеринарлық сертификат болса) оралған түрде,
тұздалған қышқылдары ағып кетуіне жол бермейтін бөшке жəне қораптарда
енгізіледі. [3]

тараптар арасында тасымалдау кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына тараптар арасында тасымалдауға жануарлардың
жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау жануарлардан
алынған жəне арнайы ет өңдейтін комбинаттардан, мал сою кəсіпорындарынан
алынған ет жатады.
Кедендік одақтың аумағына экспортқа жіберілетін жануарлар мен ет жəне
басқа да азықтық ет шикізаттары, сояр алды ветеринарлық қарауға жатады, ал
ұшалар (басы жəне ішкі мүшелері) – сойыстан кейінгі ветеринариялық-
санитариялық сараптауға жатады. Ет жəне басқа да еттен жасалған өнімдер
адамға тағамдық қолданысқа жарамды болуы керек.
Ұшаларда анық көрінетін мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың мөрі,
онда мал сойылған ет комбинатының атауы немесе нөмірі болуы керек.
Бөлшектелген ет қорабында немесе кесектерде таңбасы болады (ветеринарлық
мөрі). Таңбалау этикеткасы жақсы жабыстырылу керек, қорапты бұзған немесе
ашқан кезде, таңбалық этикеткаға зақым келмеуі керек. [4]
Ет жəне басқа да ет шикізаты жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау,
аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес шаруашылықтан немесе əкімшілік аумағынан
шығарылады, аталған жұқпалы ауруларға жататындары:
А) барлық жануарлар түрлері үшін:
– сібір жарасы – шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы;
– аусыл – аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес ел аумағында немесе əкімшілік
аумақта соңғы 12 ай бойы;
Б) ірі қара малы:
– лейкоз – шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы;
– бруцеллез, туберкулез – шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
– ІҚМ кеуекті энцефалопатиясы жəне қойлардың скрепи – ХЭБ Кодексінің
ұсыныстарына сəйкес ел аумағында;
– ірі қара малдың обасы, контагиозды плевропневмония – аймаққа бөлу
тəртібіне сəйкес ел аумағында немесе əкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
В) қойлар мен ешкілер:

– аденоматоз, меди-висна, артрит-энцефалит – шаруашылық аумағында соңғы
36 ай бойы;
– блутанг – аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес ел аумағында немесе əкімшілік
аумақта соңғы 24 ай бойы;
– ІҚМ обасы – аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес ел аумағында немесе
əкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
– ҰҚМ обасы – аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес ел аумағында немесе
əкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;
– туберкулез, бруцеллез, ешкі мен қойлар шешегі – шаруашылық аумағында
соңғы 6 ай бойы;
Г) шошқалар:
– африкалық шошқа обасы – аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес ел аумағында
немесе əкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;
– трихинеллез – шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
– шошқалардың репродуктивті-респираторлы синдром-шаруашылық аумағында
соңғы 6 ай бойы;
– шошқалардың энтеровирусты энцефаломиелиті (Тешен ауруы) - шаруашылық
аумағында соңғы 6 ай бойы;
– шошқаның везикулярлы ауруы – аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес ел
аумағында немесе əкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
– шошқаның классикалық обасы – аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес ел
аумағында немесе əкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
– Ауески ауруы – ХЭБ Кодексінің ұсыныстарына сəйкес ел аумағында;
– Кедендік одақтың аумағына енгізуге немесе тараптар арасында
тасымалдауға келесілер жіберіледі:
– трихинеллезге зерттелген, теріс нəтиже берген шошқа ұшалары;
– жануартекті азықтарды қабылдамаған жануарлардан алынған.
Кедендік одақтың аумағына енгізуге немесе Тараптар арасында
тасымалдауға келесілер жіберілмейді: сойғаннан кейінгі ветеринарлық-
санитарлық қарау кезінде, аусылға, обаға, анаэробты инфекцияға,
туберкулезге, лейкозға жəне басқа да ауруларға тəн өзгерістер жəне
гельминттермен зақымдалғаны анықталса (цистицеркоз, трихинеллез,
саркоспоридиоз, онхоцеркоз, эхинококкоз жəне т.б.) жəне əртүрлі заттармен
уланған кезде; сақтау кезінде дефростацияға үшыраған; бұзылу белгі лері
байқалған; мұздатылған санның бұлшық етінің қалың дығында – 80°С жоғары
болса, суытылған ет үшін – 40°С жоғары болса; ішкі мүшелерінде, ұлпаларда
қан талаулары, алынбаған абцестер болса, бөгелектердің жұмыртқаларымен,
лимфа түйіндері алынып тасталса, механикалық қоспалар, етке сай емес түспен
иістенсе, дəмі болса (балықтың, дəрілік заттардың, шөптердің жəне т.б.);
консервілеу заттары болса; сальмонеллалар немесе басқа да бактериялық
инфекцияның қоздырғыштары болса; бояушы заттармен өңделсе. [5]
Еттің микробиологиялық, физико-химиялық, химико-токси кологиялық жəне
радиологиялық көрсеткіштері кедендік одақтың аумағында белгіленген
ветеринарлық-санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек.
1.3 Құс етін кедендік одақтың аумағында жəнетараптар арасында
тасымалдау кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына тараптар арасында тасымалдауға дені сау
сойыс құстары жіберіледі.
Кедендік одақтың аумағына экспортқа жіберілетін құстар мен ет жəне

ұшалар ішкі мүшелері – сойыстан кейінгі ветеринариялық-санитариялық
сараптауға жатады. Ет жəне басқа да еттен жасалған өнімдер адамға тағамдық
қолданысқа жарамды жəне таңбаланған болу керек.
Таңбалау этикеткасы жақсы жабыстырылу керек, қорапты бұзған немесе
ашқан кезде, таңбалық этикеткаға зақым келмеуі керек.
Ет жəне басқа да ет шикізаты дені сау сойыс құстардан алыну керек,

– орнитоз бойынша (пситтакозға) – тауық жəне күрке тауықтар
шаруашылықтарында, шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
– құс тұмауы – ХЭБ Кодексіне сəйкес міндетті түрде декларацияланған
соңғы 6 ай бойы;
– тұмаудың басқа түрлері – шаруашылықта соңғы 3 ай бойы;
– құстардың Ньюкасл ауруы – аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес ел
аумағында немесе əкімшілік аумақта соңғы 6 ай бойы;
– үйрек пен қаз шаруашылықтары – Держи ауруына, үйрек балапандарының
вирусты гепатитіне, орнитоз – шаруашылықта соңғы 6 ай бойы;
ХЭБ Кодексі талабына сəйкес союға жіберілетін құстар сальмонелезден
таза шаруашылықтарынан шығарылу керек.

санитарлық қарау кезінде, індеттік ауруларға тəн өзгерістер жəне
гельминттермен зақымдалғаны анықталса, əртүрлі заттармен уланған жағдайлар
байқалса, құстардың ұшалары жартылай немесе толық тазартылмаған; сақтау
кезінде дефростацияға ұшыраған; бұзылу белгілері байқалған; мұздатылған сан
етінің қалыңдығында – 12°С жоғары болса, суытылған ет үшін – 18°С жоғары
болса; ішкі мүшелерінде, ұлпаларда қан талаулары болса, алынбаған абцестер
болса, бөгелектердің жұмыртқаларымен зақымдалған, лимфа түйіндері алынып
тасталса, механикалық қоспалармен, етке сай емес түспен, иістенсе, дəмі
болса (балықтың, дəрілік заттардың, шөптердің жəне т.б.); консервілеу
заттары болса; сальмонеллалар немесе басқа бактериялық инфекцияның
қоздырғыштары болса;
Құс еттерінде табиғи немесе синтетикалық, эстрогендік гормоналдық
заттар, тиреостатикалық препараттар, антибиотиктер, пестицидттер жəне басқа
дəрі-дəрмекті заттар болмауы керек. Еттің микробиологиялық, физико-
химиялық, химико-токсикологиялық жəне радиологиялық көрсеткіштері кедендік
одақтың аумағында белгіленген ветеринарлық-санитарлық талаптарға немесе
ережелерге сай болуы керек. [6]

ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz