Қылмыс құрамы белгісі тұлғаның әрекет немесе әрекетсіздігі қылмыстық жауаптылықтың нақты мән-жайы ретінде


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе6
1 Қылмыс құрамы белгісі тұлғаның әрекет немесе әрекетсіздігі қылмыстық жауаптылықтың нақты мән-жайы ретінде
1. 1 Қылмыс құрамы түсінгі, белгілері, мәні8
1. 1 Қылмыс құрамы түрлері және жіктелуі12
1. 2 Қылмыс обьектісі21
1. 3 Қылмыстың обьективтік жағы30
1. 4 Қылмыс субьектісі39
1. 5 Қылмыстың субьективтік жағы44
2 Қылмыс салдары заңды қылмыстылық жауапкершілік негізі
2. 1 Қылмыстық жауапкершілік ұғымы және мәні54
2. 2 Қылмыстық жауапкершілік және қылмыстық-құқықтық қатынастар59
3 Қылмыстық құқықтағы қылмысты анықтау жолдарының мәселелері
3. 1 Қылмысты анықтаудағы нормаларды бәсекелесі62
3. 2 Қылмыс құрамы қылмысты анықтаудағы заңды негіз ретінде64
Қорытынды67
Қолданылған әдебиеттер тізімі68
Қошымшалар69
Кірісіпе
Еліміз тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он алты жылдан астам уақыт өтті. Әриние, осы жылдар ішінде қаншама тындырылған жұмыстар көп. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қылмыстық кодекс қабылданып жүзеге асырылып келеді. Бұл кодексте Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген.
Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддессін қорғау болып табылады. Осыған байланысты менін диплом жұмысымның басты ерек
Сол арқылы біріншіден, қылмыстық құқық арқылы жеке адамдардың әрекет немесе әрекетсіздігінде қылмыстың нақты құрамын барын анықтауда, қылмысты дұрыс саралауды, іс-әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін дұрыс белгілеуді, кінәліге жаза тағайындауды қолданылып жүрген қылмыстық заңғға сәйкес қолдануды, бұл жердегі іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің мәнін және дәрежесін, кінәлінің жеке тұлғасын, жауаптылықты жеңілдеттін және ауылататын мән-жайларды ескере отырып қолдануды, сол сияқты адамды қылмыстық жауаптылықтан жәнеде жазадан босатудың заңда көрсетілген негіздері мен шарттарын нақты, терең анықтау арқылы қол жеткізуге болатыны сөзсіз.
Менін диплом жұмысымның өзектілігі қылмыс құрамын терең меңгеру мен анықтау, заңдылық қағидасын берік сақтау арқылы қылмыстық жауаптылыққа тарту жолдары негізін ашуға негізделген. Сондықтан да қылмыстық занның маңызды мәселесінің бірі әрбір норманын мазмұнын ашу. Оған қойылған мақсаттармен талаптар арқылы қол жеткіземіз.
Диплом жұмысынын міндеттері төмендегі жолдардан тұрады.
- жекелеген нормалар арқылы қылмыс құрамынын ерекшіліктерін анықтау, яғни қылмыс құрамына заңдылық талдау жасау. Кез-келген нақты қылмыс құрамын дұрыс анықтау мүмкіндігі ең алдымен оларға тән қылмыс обьектісінің, обьективік жағын және субьектісі, субьективік жақтарының белгілерінің ерекшеліктерін дұрыс, дәлме-дәл ашуды жүзеге асыру. Бұл кез-келген қылмыс құрамына тән заңдылық.
- Әділсоттылықты, заңдылықты жүзеге асыруда Қылмыстық құқықтың міндеті ретінде заңға сәйкес қылмыс жасағаны үшін кінәлы деп табу оның жасаған іс-әрекетінде белгілі-бір қылмыс құрамының барлық белгілері болуы және іс-әрекетті істеу қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізгі міндеті.
Қылмыстың негізгі категориясы бірі-қылмыс құрамы. Адамның құқыққа қарсы мінез-құлқы ойлау арқылы жүзеге асады. Адамның қылмыстық заң тиым салған, осы заңда көрсетілген іс-әрекеттерді істеуін алдын алу. Ал, қылмыстық жауаптылық деп-қылмыс заңы бойынша белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдарды арқылы мінеушілігін (айыпталушығын) айтамыз. Қылмыстық жауаптылық қылмыстық-құқылық қатынас мәселесімен тығыз байланысты.
Осы жұмыстың үш бөлімінде қылмыстық жауаптылық және қылмыс құрамы тақырыбын толықтай ашуға тырыстым.
Диплом жұмысын жазуда Қылмыстық жауаптылық және қылмыс құрамы бойынша Қазақстанда зерттеу жұмысымен айналысып жүрген авторлар заң ғылымдарының докторы Ағыбаев А. Н, Қайыржанов Е., Смағулов А. А, Оңғарбаев Е. А еңбектері қолданды
1 Қылмыс құрамы белгісі тұлғаның әрекет немесе әрекетсіздігі қылмыстық жауаптылықтың нақты мән-жайы ретінде
- Қылмыс құрамы түсінгі және мәні
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінгі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке -жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінігін ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыстың құрамы деп-қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс -әрекеттерді белгілі- бір қылымстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.
Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субьективтік және обьективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамның тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамының жүйелерін құрайтын бастапқы компонентерін айтамыз: Қылмыс құрамының белгілеріне мынандай төрт түрлі элементтер жатады: обьект, обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы. Мысалы: оны кесте 1 көреміз:
Кесте 1
бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамынын белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің баптарының диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұның өзінде диспозициялардың қылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер. Жалпы бөлімнің баптарында анқықталады. Мысалы: бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 171-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субъектісі, не кінәнің нысана аталмаған.
Бұл жалпылама аталған белгілер Қылмысьтық кодекстік 15 және 20 баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175 бабында ұрлықтың оған тән белгісі басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау көрсетілген. Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипатталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатпайды. Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ олардың қоғамға қауіптілігін құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы: біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т. б. ) немесе ол ұрлықтың қашан болғанын қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Сол түрлік белгілерінің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі-оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлақ емес, басқа қылмыс құрамы-тонау болады. Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқылық нормада бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы 314-бап қызмет жөніндегі жалғандық.
Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немесе бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308 бабында қылмыстық қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екінші, үшінші бөлімінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.
Ерекше бөлімнің баптарында әдетте аяқталған немесе орындаушының тікелей істеген қылмыстары көрсетіледі. Алдын-ала қылмысты әрекеттерде немесе қылмысқа қатысушы адамдардың: ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші әрекеттеріне сол немесе басқа қылмыстың құрамының барлық белгілері болмайды. Мысалы, әйелді зорлауға оқталғанда онымен зорлап жыныстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге сотталғанда қылмыстың зардабын- адам өлімі жоқ бірақ та осы жағдайларды кінәлінің әрекеттерінде ерекше бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың барлық белгілерін болмауын олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деуге негіз болмайды. Бұл жағдайда қылмыс құрамы бар, бірақ ол оның құрамы Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптарында көрсетіліп отыр. Мысалы, әйел зорлауға оқталғанның кінәлінің әрекетінде қылмыстық кодекстің 120 және 24-баптарында көрсетілген қылмыс құрамының белгілері бар. Қылмыс құрамының заңдылықты сақтауда және оны нығайтуда маңызы зор. Заңдылықты қатаң сақтау, бұлжытпай жүзеге асыру тәуелсіз мемлекетіміздің нығайуының негізгі шарты. Заңдылық қағидасын сақату, жүзеге асыру құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қасиеті борышы. Бұл азаматтардың конституциялық құқығын, бостандықтарын жүзеге асырудың негізгі кепілі болып табылады. Заңдылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданылып, оның әрекетіне заң талабына сай баға беру болып табылады. Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарның бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, әрекет немесе әрекетсіздікке қылмыстық заң нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады.
Қылмысты саралау дегеніміз-адамның қоғамға істеген қауіпті әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме дәл жатқызу болып табылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. Қылмысты саралауды іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету қажет. Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстық құрамы болса, онда іс-әрекеті заңмен бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау, ол заңдлықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай- ақ қылмысты қылмыс еместілікпен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажыратын белгілерді анықтау керек. Міне, бұл жерде қылмыс құрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр. Біздің құқықтық мемлекетіміздің бірде-бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде құрамы жоқ болса, қылмыстық жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес. Өйткені жаңа қылмыстық кодекстің негізгі талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек ғана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамды тарту болып табылады делінген.
1. 1 Қылмыс құрамы түрлері және жіктелуі
Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық құқылық түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағыты да әртүрлі. Жоғарыда айтқандай қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз адамның әлеуметтік-құқылық, қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс- әрекеті болып табылады.
Қылмыстың жалпы түсінгі, сол қылмыстың заңдылық сипаттамасын беріп ғана қоймай, оның әлеуметтік-саяси мәнін де ашып көрсетеді. Өмірде қылмыстық құбылыстар әр-түрлі нысанда көрініс тауып немесе түрлі болатындықтан қылмыстық заң қылмыстың жалпы түсінігімен бірге нақты қылмыстардың да, түсінгін қарастырған. Қылмыстың жалпы түсінігі- барлық қылмыстарға тәң, оның белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көрсетілген жеке қылмыстар түрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады.
Қылмыстың құрамы ұғымы (corpus delict) орта ғасырлық қылмыстық құқық ғылымында пайда болған және сол кезден тек іс материалдық құқықта тек ХIX ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі кейбір қылмыстарға байланысты енгізілді. Қылмыстың құрамы деп қылмыстық заңмен көрсетілген қылмыстың белгілерінің жиынтығын айтады. [ 6; 33]
Қылмыс құрамы-бір қылмыстың заңға қайшы, қоғамға қауіпті әрекетін құрайтын және міндетті обьективті және субьективті элементтерінің жиынтығы. Қылмыстық заңда «қылмыс құрамы» деген түсінік сирек пайдаланылады.
Қылмыс құрамының екінші, мағынасы тек ғана іс-әрекеттің қылмыс екендігін анықтап қана қоймай қылмысты қай санаттағы, қылмыстар топтарына жататындығын анықтайды, өйткені қылмыстың құрамының белгілерін анықтау қылмыстың түрін қоғамдық қауіптілік деңгейін және мінез ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Үшінші, мағынасы заңдық тұрғыда қылмыс құрамы мен қылмыстық жазалау шектерін байланыстырады.
Сонымен, қылмыс құрамының маңызы ретінде төмендегілерді танимыз:
- қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі болып табылады;
- қылмыс құрамы қылмысты саралау мақсаттарына қызмет етеді, яғни жасалған іс-әрекеттегі қылмыстың құрамын анықтайды;
- қылмыстық жазалауға жататындық шегін анықтайды
Қылмыстық заңда «қылмыс құрамы» ұғымы ҚРҚК 3 бабында қарастырлыған, онда қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып, қылмыс жасау, яғни Қылымстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет танылады делінген. Қылмыстың құрамына қылмыстық іс -жүргізу заңы да осындай мағына береді. Бір қылмыстың белгілерінің жиынтығы қылмыстың нақты құрамын құрайды. [ 2; 65]
Қылмыстың құрамы нақты - бұл қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қылмыс ретінде сипаттайтын белгілер жиынтығы.
Қылмыстың жалпы құрамы әр қылмыстың құрамындағы құрамдарды сипаттайды, олардың да арасында айырмашылықтар болады. Нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауаптылықты дәлелдеуге маңызды орын алады, өйткені тұлғаның әрекетінде нақты қылмыстың құрамы болғанда ғана бір қылмыстың бар екендігіне, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болатын әрекеттін орын алуын байқауға болады. Қылмыстың жалпы құрамы мұндай рөлді атқармайды.
Қылмыстың құрамы әртүрлі түсініледі, яғни:
- қылмыстың заңнамалық моделі ретінде;
- ғылыми абстракция ретінде
- нақты қылмыстың мазмұны, ядросы ретінде
Құрамның бірінші мағынасы, өлшем ретінде рөл атқарады, яғни іс әрекеттегі қоғамға қауіптілік деңгейінің оны қылмыс деп тануға жеткілікті немесе жеткіліксіз екендігін анықтайды. Бұл заңдылықтың сақталуы, қылмыстық саясаттың бір қалыпты жүргізілуіне, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына кепіл болады.
Қылмыстық заңда сипатталған әрібір қылмыс, яғни қылмыс құрамы өзінің ерекше белгілерімен сипатталады. Қылмыстың құрамы- бұл қылмысты іс-әрекет емес, тек соның нысанын сипаттайтын түрі ғана. Ол-нақты қылмыстың заңды сипаттамасы, жеке нақты қылмыстың заңдылық түсінігі. Егер қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер-қоғамға қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлілік және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білдеретін нақты қылмыстардың міндетті белгілерінің жиынтығы есепке алынады. Қоғамға қауіптілік қылмыс құрамының емес, қылмыстың белгісі болып табылады. Осы екі қылмыстың құқылық-түсініктерінің бағыты әр түрлі. Нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстық құқықта оның құқылық, әлеуметтік- саяси табиғатын түсіндіру қажеттілігінен туындайды.
Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінгінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді. Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілелерін белгілейтін белгілер бар. Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың обьектісін, қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарын, субьектісін атап көрсетеді. Осы белгілерге орай кез келген қылмыстың құрамы осындай төрт элементтерге бөлінеді. Әрбір қылмыс құрамында оның обьектісін, обьективтік жағы, субьективтік жақтарын, және субьектіні бейнелейтін белгілері міндеті түрде болады. Осы элементтердің әрқайсысы қылмыстың құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан да элементтердің біреуінің жоқ болуы қылмыс құрамының мүлде және қылымстық жауаптылыққа негіздің де жоқ екендігін көрсетеді.
Қылмыс құрамының элементтері оның компоненттері, құрылымдық бөліктері болып табылады.
Әрбір қылмыс- обьективті және субьективті әрекет жасаушы мен іс-әрекеттің диалектикалық бірлігі.
Қылмыс құрамының белгілері-қылмыстың әрбір элементтіне тән ерекшеліктерін сипаттайтын санаттар. Олар қылмыс құрамының ерекшелігін анықтауға, жасалған іс-әрекеттің қылмыстың өзге де құқық бұзушылықтардан айырмашылығын анықтауға жол ашады. Қылмыстың құрамының жалпы түсінгі барлық қылмыс құрамына тән осы төрт түрлі элементтермен сипатталады. Қылмыстың осы немесе басқа элементтерін сипаттау тисінше қылмыс құрамының элементтерін сипаттау деп аталады. Мысалы, қылмыстың субьективік жағының белгілерін сипаттау қылмыс құрамының субьективтік жағы деп аталады.
Қылмыстың обьектісі деп, сол қылмыстық қиянаттың неге бағытталғанын, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз. Қылмыстың обьектісі заң қорғайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық құқықта олар шартты түрде жалпы, топтық және тікелей обьект болып бөлінеді. Қылмыстың обьектсін оны сипаттайтын қылмыс құрамынын белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше.
Қылмыстың сыртқы пішінің, көрінісін сипаттайтын белілердің жиынтығы қылмыстың обьективтік жағын құрайды. Обьективтік жағының белгісіне ең алдымен қоғамға қауіпті мінез-құлық актсінің сыртқы көрініс- адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі жатады. Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің нысандары мен түрлері қылмыстық заң тұжырымдарында әр түрлі және жан-жақты (мүлікті жою немесе бүлдіру, өмірді жою, қауіпті жағдайда қалдыру, т. б) Біршама қылмыс құрамының обьективтік жағы әрекет немесе әрекетсіздіктен басқа қылмыстың зардабы және іс-әрекеттің зардап пен себепті байланысын көрсетеді. Көрсетілген белгілерден басқа заңда кейбір қатынастардың обьективтік жағын сипаттауда оның міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмыстың жасалу тәсілдеріде жатады. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда обьективтік жақтын осы белгілерінің маңызы зор.
Қылмыстың субьективтік жағының белгілеріне қылмыстың ішкі жағын құрайтын белгілері, яғни адам істеген қоғамға қауіпті іс әрекет не психикалық қатынас сипатталады. Субьективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады. Кінә екі түрлі нысанда: қасақаналық және абайсыздық түрінде (20, 21 -баптар) көрініс табады.
Субьективтік жағынан бір қылмыстар қасақаналықпен (ұрлық), екінші біреулер абайсыздықпен (абайсызда кісі өлтіру), үшіншіден қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалуы мүмкін. Кінәнің нысанының көпшлігі қылмыстық заңның өзінде тікелей ашып көрсетіледі. Ал көрсетілмеген жағдайда олар қылмыстың құрамының белгілеріне талдау жасау арқылы анықталады. Кейбір қылмыс құрамының субьективтік жағынын белгілеріне қылмыстың ниеті мен мақсаты да жатады. Мысалы, пайдақорлық ниетпен кісі өлтіру, басқа қылмыстың ізін жасыру мақсатымен кісі өлтіру. Қылмыс құрамының субьективік жағынан белгілерін анықтау, қылмысты саралауда қылмыстың және қылмыскердің қауіптілік дәрежесін анықтау үшін және жаза мөлшерін белгілеу үшін аса маңызды болып табылады.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстың субьектісі болып, қылмыстық жауаптылыққа тартылуда кез-келген адам жатады. Қылмыстық жауаптылыққа есі дұрыс, қылмыс жасаған уақытта 16- ға, кейбір қылмыстар үшін 14, 18- ге толған (14, 15 бап) жеке адамдар жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz