Фирма теориясы. нарықтық қатынастар жүйесіндегі фирма
Кіріспе
I БӨЛІМ. ФИРМА ТЕОРИЯСЫ
1.1 Фирма: мәні, қызметтері, принциптері, түрлері
1.2 Фирма табыстары және оларды бөлу
1.3 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
1.4 Фирманың даму стратегиясы
II БӨЛІМ. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ФИРМА ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТАУАР САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ҚР.ДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
2.1 Жаңа тауар, тауар ассортименті және оларға
бәсекелестіктің әсері
2.2 Фирманың маркетинг қызметіндегі тауар саясаты,
оның ерекшеліктері
2.3 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің алатын орны
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Фирма – нарықтық экономика құрылымының ең серпінді құрамдас бөлігі. Барлық технология, өндіріс құралдары, еңбек заты және кәсіби тәжірибе шеңберіндегі ғылыми-техникалық жетістіктер өз көріністерін фирмада табады. Фирмада өндірістің және нарықтың заңдар нақты нысанға ие болады.
Нарықтық орта жағдайында және фирманың толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп фирманың айналысатын қызмет шеңбері кәдімгідей ұлғаяды.
Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталды. Фирма өзінің экономикалық және элеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады.
Аралас әрі әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет фирмаға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, фирма шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтан барлық фирмадар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.
Қоғомдық санада кәсіпкер – бұл тек адам, индивидум деген пікір берік орныққан. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекет қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына неғұрлым ерте қосылса, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы, соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады.
Кәсіпкерлік қызметтің дамуы экономиканың негізгі мемлекеттік меншігі болып табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет меншігінің үлесі көп емес, бірақ нақ осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажетті қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті фирмадарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толықтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде өтіп жатқан іргелі өзгерістер кәсіпорындардың шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын қарастырумен қатар, экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуде бірқатар маңызды мәселелердің шешімін табуын талап етеді. Солардың бірі ретінде маркетинг жүйесінің қалыптасуын атап өтуге болады. Бұл үшін осы жүйе қызметін талдау және оны маркетингті кәсіпорынның өндірістік - өткізу қызметінде қолдану технологиясын әзірлеген жөн.
Қазіргі кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы заманғы маркетингтің ролі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Шындығында кәсіпорын тиімді қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет, бірақ мұндай бағыт әзірге жүзеге асырыла қойған жоқ.

1. Қазақстан Республикасының «Тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және тауардың шығу тегінің аталуы туралы»заңы. Егемен Қазақстан, 1993жыл, 12 наурыз.
2. Қазақстан Республикасының «Бәсеке және ьонополиялық қызметті шектеу туралы » заңы Егемен Қазақстан – 2001- 25қаңтар.
3. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан 2030: жарлық қазақстандықтардың көркеюі, қауіпсіздігі және әлеуметтік жағдайының жақсаруы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы-Алматы : Білім ,1997.
4. Гэбей Дж. Маркетинг :новые возможности .Ағылшын тілінен қысқартылыпау аударылған .Москва :Фаир-Пресс,2002
5. Дурович А.П. Маркетинг в предпринимательской деятельности. МН:Финансы,учет, аудит, 1997.
6. Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең- жаңа экономика. Алматы 2004ж
7. Әубакіров. Экономикалық теория негіздері. Алматы 2004 ж
8. Қазақстан Республикасының Энцоклопедиясы. Алматы – 2002 ж.
9. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика», Алматы – 2004
a. Күлекеев Ж.А. «Микро және макроэкономика терминдерінің қазақша – орысша сөздігі», Алматы – 2002
b. Емцов Р.Г. , Лукин М.Ю. «Микроэкономика», М., 2002
10. Макконел К.Р. , Брю С.Л. «Экономикс», М., 2002
a. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория», Алматы – 2002

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрлігі
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ БОЙЫНША
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Фирма теориясы. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі фирма.
Орындаған:
Тексерген:
Орал 2016
Жоспар
Кіріспе
I БӨЛІМ. ФИРМА ТЕОРИЯСЫ
1.1 Фирма: мәні, қызметтері, принциптері, түрлері
1.2 Фирма табыстары және оларды бөлу
1.3 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
1.4 Фирманың даму стратегиясы
II БӨЛІМ. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ФИРМА ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТАУАР САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ҚР-ДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
2.1 Жаңа тауар, тауар ассортименті және оларға
бәсекелестіктің әсері
2.2 Фирманың маркетинг қызметіндегі тауар саясаты,
оның ерекшеліктері
2.3 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің алатын орны
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Фирма – нарықтық экономика құрылымының ең серпінді құрамдас бөлігі.
Барлық технология, өндіріс құралдары, еңбек заты және кәсіби тәжірибе
шеңберіндегі ғылыми-техникалық жетістіктер өз көріністерін фирмада табады.
Фирмада өндірістің және нарықтың заңдар нақты нысанға ие болады.
Нарықтық орта жағдайында және фирманың толық экономикалық, құқықтық
өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп
фирманың айналысатын қызмет шеңбері кәдімгідей ұлғаяды.
Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана
өндірістік қызметпен тұйықталды. Фирма өзінің экономикалық және элеуметтік
қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады.
Аралас әрі әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика жағдайында
мемлекет фирмаға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін
және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, фирма шығындары арқылы
әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтан барлық фирмадар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық
қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.
Қоғомдық санада кәсіпкер – бұл тек адам, индивидум деген пікір берік
орныққан. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекет
қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын
көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына неғұрлым ерте қосылса,
соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік
қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы
бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте
халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы, соғұрлым әлемдік экономикада осы
мемлекеттің мәртебесі биік болады.
Кәсіпкерлік қызметтің дамуы экономиканың негізгі мемлекеттік меншігі болып
табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет меншігінің үлесі көп
емес, бірақ нақ осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажетті қызметтер мен
тауарлар шығарушы өздерінің меншікті фирмадарының болуына және бір уақытта
мемлекет бюджетін толықтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік
береді.
Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде
өтіп жатқан іргелі өзгерістер кәсіпорындардың шаруашылық іскерліктің жаңа
жолдарын қарастырумен қатар, экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуде
бірқатар маңызды мәселелердің шешімін табуын талап етеді. Солардың бірі
ретінде маркетинг жүйесінің қалыптасуын атап өтуге болады. Бұл үшін осы
жүйе қызметін талдау және оны маркетингті кәсіпорынның өндірістік - өткізу
қызметінде қолдану технологиясын әзірлеген жөн.
Қазіргі кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау,
өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл
жағдай осы заманғы маркетингтің ролі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес
келеді. Шындығында кәсіпорын тиімді қызметін басқару үшін қазіргі замандағы
маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет, бірақ мұндай бағыт
әзірге жүзеге асырыла қойған жоқ.
Кәсіпорындардың маркетинг қызметіне жүргізілген талдау, нақты
мақсаттарға іс жүзінде қол жуткізу үшін оның жекелеген бөлшектерінің
маркетингтік шаралар түрінде қолданылатындығын көрсетті. Сонымен қатар,
отандық өнеркәсіп орындарындағы маркетинг көп ретте жарнама және тауарды
өткізу ісіне бағытталған. Ал тауар саясаты маркетинг қызметінің негізі
құрамдас бөлігі екенін ескере кетсек, онда тауар саясатына тоқталмай
айналып өту мүмкін емес.
Маркетингтің классикалық теориясындағы маркетинг-микс концепциясының
басты бөлігі тауар дегенге келсек, кәсіпорынның маркетинг қызметі барлық
нарықтық бәсекелестерге төтеп бере алуы үшін дұрыс тауар саясатын жүргізе
білуі керек. Алайда еліміздегі кәсіпорындардың басым бөлігі тауар саясатын
өз қызметтерінде дұрыс жүргізе алмауда. Осы себептен көптеген кәсіпорындар
бәсеке талаптарына шыдай алмай жәнеде тұтынушылардың арман-тілектерін
орындай алмай нарықтағы өз позициясын жоғалтуда.
I ТАРАУ. ФИРМА ТЕОРИЯСЫ
1.1.Фирма: мәні, қызметтері, принциптері, түрлері
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе
бірнеше кәсіпорыннан тұратын пайда табу үшін тауар ман қызметтержасап
шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды, фирма деп атайды. Фирмаларды
жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына
меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрі
аталады:
- жеке кәсіпкерлік;
- серіктестік;
- корпорация (акционерлік қоғам).
Жеке кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Жеке кәсіпкерліктің
иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен
жауапкершілігінде шек болмайды. Жеке кәсіпкерліктің басты кемшілігі-
капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсысы
барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болмасын өзі жіргізе алады
. Жеке кәсіпкер заңды тұлға бола алмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын
төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең
тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға,
заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады.
Серіктестік дегеніміз екі және одан да көп адам иелік ететін бизнес.
Бұнда заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың
барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы: ұйымдастырылуы
жеңіл,қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады.
Кемшілігі: шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан
қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген, фирма мүшелерінің
барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жетіле түсіндеуі, фирма табыстары мен
шығыстарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағын
анықтаудың қиындығы. Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет
көрсету сферасының мекемелері және т.б. көбінесе серіктестіктер формасында
ұйымдастырады.
Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау
үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар,
акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері
акциялар ұстаушы, ал корпорация ның өзі –акционерлік қоғам деп аталады.
Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы
үлестеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері
шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылыұтары: акциялар
мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі,
акционерлер құқықтарының заттық құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі.
Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның
мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа акционерлік
қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер заңдық
құқығын жоғалтпай, бақаруға қатысуына болады, басқару қызметтерін жүргізуге
сырттан жоғары квалификациясы бар мамандарды шақыра алады, корпорацияның
тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционердің шығуы фирма қызметіне ,
оның жабылуына әсер етпейді.
Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік кемістіктері: акция ұстаушыларға
дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының бөлігіне екі жақты салық
салынуы, біріншісі корпорация табысының бөлігі деп, екіншісі акция
ұстаушының табысының бөлігі, экономикалық бейәрекеттердің, қылымыс жасауға
қолайлы мүмкіндіктердің мол болуы, меншіктену мен бақылау қызметтерінің
бөлінуі. Акция иемденушілер барынша көп дивиденд алуға ынталы болады, ал
менеджерлер оны азайтып ақшаны айналысқа жіберуге тырысады.
Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ артықшылықтары одан
көп.Фирманың мөлшеріне сәйкес бизнес кіші-гірім орташа, ірі бизнес деп
бөлінеді.
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі
секторын құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі
еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (жеңілдік) жүйесі
мен венчурлік (тәуекел ету) кәсіпкерлігі жатады.
Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сфереда,
өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану
құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен келісімшарт жасасады. Бұлар баға
жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктерге ие болады.
Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы
қызметтерін атқарады. Бұндай келісімшарттар екі жаққа да пайдалы: ұсақ
фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ,
несие қамқорлық алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны
үнемдейді және қамқорына алынғандардан ұдайы төлемдер алып тұрады.
Венчурлік фирма бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен, оны
аяқтаумен айналысатын ұйым. Олар осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды
иемденетін компанияларды қаржыландырады және кеңес жүргізеді. Венчурлік
кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері
тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына , сатып алушылар
қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе, күйіп кету мүмкіндігі
мол. Сондықтан венчурлік фирмалар өнімінің бір түрін жасауда тез аяқтап,
оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналысуға көшуге тырысады.
Орташа бизнестің мәні онша мәз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ
кәсіпкерлікпен де бәсекелес бола алады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы
мүмкін немесе мүлдем күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім
шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін.
Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополиялық
болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік
береді.
Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. Кәсіпорын деген
категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізіледі. Ақырғы уақытқа
дейін ол ерекше ұйымдық –құқықтық форма деп түсінілетін, яғни меншігі жоқ
коммерциялық ұйым кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс-әрекетте болады,
өйткені кәсіпорындарының өздерінің мүліктерін сату туралы бір-бірімен
жасасқан келісімшарттары, осы мүлікке деген меншік құқын өзгертеді, өйткені
мемлекет меншік иесі болып қала береді.
Нарық экономикасында әкімшіл-әміршіл экономикасынан өзгеше тауар-ақша
айналымына, номиналдық емес, ақиқат меншік иелері қатысады: жеке
кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық ұйымдар қатысады. Бұлар
үшін экономикалық жағынанда, құқықтық жағынан да, кәсіпорын құрудың
ешқандай мағынасы болмайды.
Нарықтық түсінім жағынан кәсіпорын кәсіпкерліктің ерекше ұйымдастыру-
құқықтық формасы емес, ол тек мүлік кешені-ғимараттардың, құрылыстардың,
жабдықтардың, шикізаттардың жиынтығы болып табылады.
Кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын және өздерінің қарамағындағы
мүліктер шамасында, іс-әрекеттерінің нәтижесіне жауапты серіктестік толық
серіктестік деп аталады.
Фирма әрекеттеріне тек уақыт әсер етіп қоймайды, оларға бәсеке формасы да
ықпал етеді. Енді фирманың жетілген бәсеке жағдайындағы рационалдыіс-
қимылына өтеді. Фирманың мақсатын баға мен шығындардың ара алшақтығын
барынша көтеру керек. Корпорация меншігіне құқықтар, акцияларға сәйкес
бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал
корпорация ның өзі –акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның
табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы үлестеріне сәйкес
белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі
жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылыұтары: акциялар мен
облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі,
акционерлер құқықтарының заттық құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі Жетілген
бәсеке нарығында ешбір фирма өздері өндіретін өнімдер бағасына әсер ете
алмайды. Баға тек жалпы нарықтық сұраныс пен барлық фирмалар ұсыныстарының
бір-біріне әсер ету нәтижесінде белгіленеді. Егер фирма өз өнімдерінің
бағасын көтерген болса, ол сатып алушыларынан айрылады, олар бұның
бәсекелесінің өнімін сатып алады. Сөйтіп сату нөлге дейін төмендейді.Фирма
бағаға үстемдік ете алмайды. Оның шығындарының көлемі, осы кәсіпорындағы
технологиямен болжамдалады. Барынша мол пайда алу үшін кәсіпкер өндіріс
көлемін өзгерте алады. Мемлекет тек өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен
өзі іс-әрекетте болды, өйткені кәсіпорындарының өздерінің мүліктерін сату
туралы меншік құқығын өзгерте алады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың
өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтерін атқарады.
1.2.Фирма табыстары және оларды бөлу
Қазақстан Республикасында аралас әлеуметтік-бағытталған нарықтық
экономика жағдайында бұрынғы мемлекеттік экономикада қолданылған
экономикалық категориялар сақталады:өндіріс шығындары, өзіндік құн, жалпы
және таза табыс, пайда рентабельділік, рентабельділік деңгейі. Осы
экономикалық категориялар мемлекеттік кәсіпорын секторында да қолданылады.

Ұжымдық пен жеке кәсіпорындағы пайда меншіктерге жатады және оның
жарғысына сай бөлінеді. Өзінің меншікті шығынын есептеп алмай, кез келген
меншік түріндегі кәсіпорынға өзінің табысын анықтау мүмкін емес. Оған
шикізат пен материал шығындары жағар май, электроэнергия, негізгі
өндірістік қордың амортизациясы, еңбекақы және әлеуметтік қажеттілік
шығындары жатады.
Кәсіпорын шығындары өнімнің өзіндік құны түрінде болып келеді. Өзіндік
құн бұл өнімді дайындаудағы ақшалай шығынның жұмсалуы.
Өз өнімінің құны мен шығындар арасындағы айырма кәсіпорынның таөа
табысын құрайды. Әдетте кәсіпорынның таза табысы ретінде пайда жүзеге асып
отырады. Таза табыс кәсіпорынның алған тапқан табысының бір бөлігі ғана
емес, кәсіпорынның барлық табысы жалпы табыс деп аталады. Кәсіпорынның
жалпы табысы өнімді өткеруден түскен ақшадан материалдық шығынды алып
тастағанға тең. Жалпы табыстан әлеуметтік қажеттілікке: зейнеткерлік қор,
әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, тұрғындардың жұмыстылық қорына
керекті жіберіп отырады.
Жіберілу мөлшері бекітілген заңдылықтар нормасымен негізгі және
қосымша жалақы соммасынан жүзеге асады.
Коммерциялық шаруашылық есепке көшкен мемлекеттік емес кәсіпорындарда
табысты бөлу модельсіз негізде жүргізіледі.Коммерциялық есептеу негізінде
жұмыс атқаратын барлық жеке, ұжымдық, акционерлік, шетелдік, аралас
кәсіпорындар табысты бөлу процесіне мемлекеттің араласуына жол бермейді.
Бұған дейін олар бюджетке төлем беріп, несиені қайтарып қояды. Олар
еңбекақы, жұмыскерлерді сый ақымен марапаттауға, дивидендті төлеуге және
өндірісті дамытуға табыстың бір бөлігін бағыттауды өз бетінше анықтай
алады. Коммерциялық есептеу жағдайында тарифтік ставка мен тарифтік
коэффициентті, сондай-ақ лауазымдық айлықты бекіту кәсіпорынның өз
шешімімен қабылданады. Мемлекеттік тарифтік жүйе кәсіпорын үшін жұмысты
тарификациялау процесінде тек бағыт беруші болуы мүмкін, ал кейбір
жағдайларда-әртүрлі квалификациядағы жұмыскерлердің минималды жалақысын
анықтайды.
Кәсіпорынның рентабельділігі- бұл жұмыстың тиімділігі. Өндіріс
рентабельділігі мен өнім рентабельділігін ажырата білу керек. Өндіріс
рентабельділігі кәсіпорынның өндіріс құрал-жабдығын тиімді қолдануды
көрсетеді.
Өнім рентабельділігі пайда мөлшерінің өткерілген өнім өзіндік құнының
мың теңгеге шаққандағысын көрсетеді.
Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны, кәсіпкерлік, бизнес, біркелкі
жеке бірліктегі кәсіпорын, кооперативтік кәсіпорын, шектелген және қосымша
жауапкершіліктегі серіктестік, толық жауапкершіліктегі серіктестік,
коммандиттік серіктестік, картель, синдикат жатады.

ықпал жасайды. Фирманың мақсаты-баға мен шығындардың ара алшақтығын барынша
көтеру. Жетілген бәсеке нарығында ешбір фирама өздері өндіретін өнімдер
бағасына әсер ете алмайды. Тек жалпы нарықтық сұраныс пен барлық фирмалар
ұсыныстарының бір-біріне әсер ету нәтижесінде белгіленеді. Егер фирма өз
өнімдерінің бағасын көтерген болса, ол сатып алушыларынан айрылады, олар
бұның бәсекелесінің өнімін сатып алады.
Егер орта шығындардың барынша азы нарықтық бағадан төмен болса, онда
саладағы барлық фирмалар үстеме пайда алады. Бұл басқа фирмалардың осы
салаға келуіне стимул болады. Нәтижесінде салалық ұсыныс көбейеді, ал баға
төмендейді. Жетілмеген бәсеке жағдайында фирманың рационалдық іс-қимылында
кейбір ерекшеліктер болады. Жетілмеген бәсеке нарығында өндіруші фирма
өзінің өнімдерінің бағасына ықпал ете алады. Егер жетілген бәсеке
нарығында өнімнің бірінен кейін бірі сатылған бірліктерден түсетін қосымша
табыс өзгермесе және нарықтық баға тең болса, жетілмеген бәсеке нарығында
сатудың көбейуі бағаны төмендетеді, ал бұл қосымша немесе шекті табыстың
төмендегені болады.
Фирмаға барынша көп пайда әкелетін өндіріс көлемін анықтайтын екі
әдіс болады. Бірінші әдісте өндірістің әр көлеміндегі жалпы табыстары мен
жалпы шығындар салыстырылады. Екінші әдісте өндірістің оптималдық көлемін
табу үшін шекті табыстар мен шекті шығындарды салыстыру керек.
Қазіргі жетілмеген бағалық емес жағдайында өндірістің шығындарын
азайту арқылы пайданы көбету долын іздеу әрекеті әсіресе фирмалар арасында
бәсеке болғанда ерте ме, кеш пе фирма үшін төлем төлей алмау жағдайына
әкеледі.
Енді фирманың жетілген бәсеке жағдайындағы рационалдыіс-қимылына өтеді.
Фирманың мақсатын баға мен шығындардың ара алшақтығын барынша көтеру
керек. Корпорация меншігіне құқықтар, акцияларға сәйкес бөлшектерге
бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорация
ның өзі –акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына
корпорация салығы салынады. Акциялардағы үлестеріне сәйкес белгіленетін
корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады.
Корпорациялардың артықшылыұтары: акциялар мен облигацияларды сатып ақша
капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі, акционерлер құқықтарының заттық
құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі Жетілген бәсеке нарығында ешбір фирма
өздері өндіретін өнімдер бағасына әсер ете алмайды.
Әлемдік қайымдастықтардың қазіргі экономикасы өтпелі экономика
ретінде сипатталады: бір елдер бұрынғы социалистік елдерді қосып алып
нарықтық экономикаға өтуде, дамушы елдердің бір қатары дамудың
индустриалдыға дейінгі деңгейінен индустриалды дәуірге өтуде, индустриалды
дамыған елдер индустриалдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.
Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен сұраныстары көп
қырлы және нарық шеңберінен алыстауда, сұраныстыр мінезі өзіндік сипат алып
және де өзінің құрылымы бойынша әртүрлі болуда.
Фирма егер ол нарықта үлгеруге ұмытылса, мына ережені бұлжытпай
орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату
көлемін арттыру арқылы жүзеге асыру керек.
Фирма басшысы білімді және жан-жақты болса да, менеджерлер мен
инженерлердің қандай таланттары мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес,
қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының құрылымында
бірінші орынға жаңашылдық, сапа, дизайн, жиі жаңарту мен әр алуан
ассортимент, сатудан кейінгі жоғарғы деңгейдегі сервис қойылғанда, өз
фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен
азайту мүмкін еместігіне көз жетеді.
Микроэкономика саласындағы мамандардың бағаланушы кез-келген
экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі
заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс.Үлкен
икемділігі, ассортиментті тез өзгерту және өнімді жаңарту қабілеттері болуы
керек. Стандартталған өнімнің қатаң стндартқа негізделген жаппай өндірісті
тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстырына бейімделуге қабілетсіз және оның
салдары төлем төлей алмауға әкеледі.
Фирма жаңа технология мен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нысандарына
көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір
еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нысандары әсіресе, фирма
өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда
қажет етеді. Фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің
деңгеін көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек.Тұтынушылардың өнім сапасына
деген талапатарын бүгін тек өсіп қана қойған жоқ және де өзінің өзінің
сипатын түбірімен өзгертті. Қазір жақсы өнімді шығару аз, сонымен бірге
сатудан кейінгі сервисті ұйымдастыруды, тұтынушылардың жоғарғы деңгейдегі
өзіндік сұраныстарына қосымша фирмалық қызметтерді көрсету туралы ойлау
керек.
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар
құрлымында қалдық және старттық шығындар туады. Фирманың тұрақты
шығындарынан құрал-жабдықтар жалға беру ақысы кіреді.
1.3.Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
Нарықтық және әкімшілік реттеу тетіктерін салыстыру арқылы фирманың
қажетті оптималдық көлемін анықтауға болады. Ол нарықты пайдаланудың шекті
шығындары мен әкімшілік бақылауды қолданудың шекті шығындарының теңдесу
нүктесі арқылы белгіленеді. Осы шекараға дейін фирма пайдалы болады, ал
содан кейін нарық пайдалы. Фирманың оптималдық көлеміне өндірістің саласы,
технология, фирманың интеграциялану дәрежесі әсер етеді. Фирма теориясында
тік және көлденең интеграцияланған фирмалар болып бөлінеді.
Тік интеграция деп біртұтас өндірістік процеспен оның ең төменгі
сатысынан бастап ең жоғарғы сатысына дейін айналысатын фирмалар бірлестігі
аталады.
Көлденең интеграция бір түрлі бизнеспен айналысатын фирмалардың
бірлестігі. Көлденең интеграцияның бір түрі- диверсификация (сан алуан, көп
түрлі). Бұл бір-бірімен технологиялық байланысы болмайтын, сан алуан
фирмалардың бірлестігі.

Унитарлық кәсіпорынның бір түрі федералдық қазыналық кәсіпорындар.
Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар заңды тұлға болады.
Заңды тұлға өзінің меншігінде немесе шаруашылық пайдалануында, ақшалай
мүлігі болатын және өздерінің міндеттері үшін осы мүлік мөлшерінде жауап
беретін, ұйымдар жатады. Заңды тұлғаға коммерциялық және коммерциялық емес
ұйымдар жатады.
Коммерциялық ұйымға пайда табуды қызметтерінің негізгі мақсаты деп
тұтатын ұйымдар жатады. Коммерциялық емес ұйымдарға пайда табу мен оны
мүшелерінің арасында бөлуді мақсат етпейтін ұйымдар жатады.
Коммерциялық ұйымдардың формалары:
- шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар;
- өндірістік кооперативтер;
- мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар.
Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдардың мынадай формалары болады:
- толық серіктестік;
- сенімді серіктестік;
- жауапкершілігі шектелген қоғам;
- қосымша жауапкершілігі бар қоғам;
- акционерлік қоғам;
- балалық және тәуелді қоғамдар.
Кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын және өздерінің қарамағындағы мүліктер
шамасында, іс-әрекеттерінің нәтижесінде жауапты серіктестік толық
серіктестік деп аталады. Толық серіктестіктің пайдасы мен шығындары осының
мүшелері арасында, олардың жалпы қосынды капиталдағы үлес саламағына
пропорционалдық түрде бөлінеді.
Егер толық серіктестіктермен қатар осы серіктестікте бір немесе бірнеше
мүше салымшылар болса, онда бұндай серіктестіктер сенімдегі серіктестік деп
аталады. Командистер шығын қауіпіне өздерінің салымдарының мөлшерінде ғана
жауапты болады және олар осы серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне
қатынаспайды. Бұлар серіктестіктің пайдасынан қосынды капиталдағы өздерінің
салымдарына сәйкес бөлімін алады.
Жауапкершілігі шектелген қоғамның мүшелері, өздері қосқан салымдардың
құны көлемінде шығындар қаупіне жауапты болады. Қосымша жауапкершілігі бар
қоғамдардың мүшелері жауапкершілікті өздері қосқан салымдарының құнына
сәйкес, барлығына ортақ есе көлемінде жауапты болады. Егер бір мүше банкрот
болса, оның жауапкершілігі қалғандарына солардың салымдарына пропорционалды
бөлінеді.
Акционерлік қоғам жарғылық қоры акциялардың белгілі санына бөлінген
қоғам. Акционерлердің жауапкерлігі тек өздерінің акциялары құнының
шамасында болады. Ашық акционерлік қоғам шығарылатын акцияларға ашық жазылу
жүргізіп, оны сатуға құқығы бар болады. Жабық акционерлік қоғамның
акциялары тек осы қоғамның құрылтайшылары арасында бөлініп таратылады.
Балалық шаруашылық қоғамға капиталының мөлшері барлық қоғамның жарғылық
капиталы мөлшерінің басым көбін құрмайтын қоғам жатады. Сондықтан бұндай
қоғам, барлық қоғам шешімдеріне шешуші ықпал ете алмайды. Балалық қоғам
негізгі қоғамның қарыздары бойынша жауапты бола алмайды. Тәуелді қоғам
әдетте негізгі қоғамның дауыс беретін акцияларының 20 % артық акцияға ие
болған жағдайда орын алады.
Өндірістік кооператив өздерінің бірлескен жеке еңбектеріне және
қосылған пай жарнасына негізделген, бірлесіп өндірістік немесе басқа да
қызметтер атқаратын адамдардың еркін бірлестігі. Унитарлық кәсіпорын бұл
меншік иесі оның қарауына берген мүліктерге меншік құқы жоқ, коммерциялық
ұйымдар. Унитарлық форма тек мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарға
тән болады.
Коммерциялық емес ұйымдар тұтыну кооперативтері, қоғамдық немесе діни
мекемелер, қайрымдылық және басқа қорлар формасында құрылуы мүмкін.
Материалдық және басқа қажеттерді қанағаттандыру мақсатымен
адамдардың жарна төлемі негізінде құрған еркін бірлестігі тұтыну
кооперативі деп аталады. Тұтыну кооперативтердің кәсіпкерлік қызметтерден
түскен табыстары солардың мүшелері арасында бөлінеді. Қоғамдық және діни
ұйымдарға рухани және басқа материалдық емес қажеттерді қанағаттандыру
мақсатымен құрылған азаматтардың еркін бірлестіктері жатады. Бұлар
коммерциялық емес құрылымдар. Бірақ бұлардың құрылғандағы мақсаттарға жету
үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы болады.
Осы ұйымдардың мүшелерінің сол ұйымның мүліктеріне құқығы болмайды.
Қор деп еркіндік негізде жарналар арқасында құрылған коммерциялық емес
ұйымдар аталады. Бұлардың әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, ағарту немесе
басқа қоғамға пайдалы мақсаттрына қажет боса, кәсіпкерлік қызметпен
айналыса алады.Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар ассоцияция және
одақ болып бірігуі мүмкін.
1.4.Фирманың даму стратегиясы
Фирма теориясы негізін барынша көп пайдаға ие болу принципі құрайды,
яғни табыстар мен шығындардың айырымының көп болуы. Фирманың қысқа
мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі іс-әрекеттерінің критериі барынша көп пайда
табу болады.
Қысқа мерзімге фирманың өндірісте пайдаланатын құрылыстарының жалпы
көлемін және машиналар мен жабдықтардың көлемін өзгертуге жетімсіз болатын
уақыт мерзімі жатады. Осы мерзімде олар өндіріс көлемінің өзгерісінің
ізімен өзгеріп отырмайды, тұрақты болып қала береді. Өндірістің басқа
факторлары өзгеруі мүмкін, сондықтан олар өзгермелі болады.
Қысқа мерзім шамасының көлемі өндіріс саласына, технологияға, басқа
жағдайларға байланысты болады. Ұзақ мерзімге үнемі өзгеріп тұратын өндіріс
дәрежесіне байланысты, фирманың өздерінің құрылыстары мен жабдықтарының
қуатын өзгертуге мүмкіндік беретін уақыт мерзімі жатады.
Ұзақ мерзімде фирма барлық өндіріс факторларының көлемін өзгерте
алады. Бұлардың барлығы өзгермелі болады. Бұл мерзімде фирма факторларды
келісімді түрде қиыстыруға тырысады, шығарылатын өнімнің берілген көлеміне
жұмсалатын шығындардың барынша аз болуын көздеп, еңбекті капиталмен немесе
керісінше алмастырып отырады.
Фирма әрекеттеріне тек уақыт әсер етіп қоймайды, оларға бәсеке формасы
да фқпал етеді. Фирманың мақсатын-баға мен шығындардың ара алшақтығын
барынша көтеру керек. Жетілген бәсеке нарығында ешбір фирма өздері
өндіретін өнімдер бағасына әсер ете алмайды.Баға тек жалпы нарықтық сұраныс
пен барлық өнімдерінің бағасын көтерген болса, ол сатып алушыларынан
айрылады, олар бұның бәсекелесінің өнімін сатып алады. Фирма бағаға
үстемдік ете алмайды. Оның шығындарының көлемі, осы кәсіпорындағы
технологиямен болжамдалады.
Жауапкершілігі шектелген қоғамның мүшелері, өздері қосқан салымдардың құны
көлемінде шығындар қаупіне жауапты болады. Қосымша жауапкершілігі бар

Егер фирма өз өнімін бір, екі, үш бірлікке өсіріп отырса, онда келесі
бірліктің әр біреуі жалпы табысқа да және жалпы шығындарға да қосып
отырады.
Ұзақ мерзімдегі фирманың және саланың тепе-теңдік мәселелері, қысқа
мерзімдегіден өзгеше болады. Егер фирма өнімінің белгілі көлемін ұзақ
мерзімдегі барынша төмен орта шығындарды жұмсап өндірсе, тепе-теңдік пайда
болады, өйткені онда осындай болмысты баға шекті шығындарға тең болады.
Стратегия – бұл фирманың негізгі ұзақ мерзімді мақсаттары мен
міндеттерін таңдау, іс-әрекеттер бағыттарын анықтап бекіту және мақсаттарға
жетуне қажет ресурстарды бөліп орналастыру.
Стратегия екі типке бөлінеді:
- қорғаныстық;
- шабуылдық.
Қорғаныстық стратегияның екі бағыты болады:
1.Имитациялық (еліктеу) стратегиясында бәсекелестердің ғылыми-
техникалық жетістіктерін пайдалану арқылы, жаңалықтар енгізуден туатын
қауіп-қатерліктерді азайтуға назар аударылады. Фирма нарықты үнемі байқап
жаңа өнім пайда болуын күтіп отырады және ресурстарын ұқсас өнім немесе
оның прототипін өндіруге жұмылдырады.
2.Күту стратегиясы. Фирмалар осы стратегияны өзінің ұйғарымы бойынша
осы нарықтан кетуді жоспарлағанда немесе басқа бәсекелес осы нарықта
қолайлырақ орналасқанда өз өндірісін қайта құрып жүргізу арқылы
қолданады.
Шабуылдық стратегияның төрт бағыты болады:
1.Рационализациялау стратегиясы. Бұл жаңалықтар еңгізу үшін
ресурстардың өсуін талап етеді. Жаңа технологияға сынақ жүргізуге
пайдаланатын балалық және венчурлік компанияларға қаржымен қолдау
көрсетіледі.
2.Квотаны дифференциациялау стратегиясы. Бұның мақсаты- жоғары пайданы
сақтап, фирма үшін нарықтың елеулі бөлігін қамту. Жоғары пайданың негізін
тұрақты инвестициялар құрайды. Осының көмегімен фирма өз өнімінің бағасын
төмендетіп, оған тұтынулық сұранысты өсіруді көздейді.
3.Инновациялық стратегия өнім мен қызметтердің жаңалануын, сонымен
бірге негізгі қорлар өндірісінің жаңалануын және инновацияларды жаңа
өнімдер мен технологияға енгізуді тілейді. Инновациялар өнімдік және
технологиялық болып бөлінеді. Өнімдік инновация жаңа өнім бағасын
көтеруарқылы фирмаға өз пайдасын барынша көбейтуге мүмкіндік береді.
Технологиялық инновациялар өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендету
арқылы және өнімнің сапасын өскенде, оның өзіндік құнының артық өсуіне
жол бермей, пайданы барынша көбейтуге көмектеседі.
4.Нарықтық таушаны меңгеріп толтыру стратегиясы. Бұл бағытта жүзеге
асыру ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен, елеулі шығындар жасаумен және
іскерлік тәуекелділікпен байланысты. Тәуекелділіктің маңызды түрлері:
- өндірістік;
- коммерциялық;
- қаржылық;несиелік;
- пайыздық.
Коммерциялық қатер тәуекелшіл кәсіпкер сатып алған тауарлар мен
қызметтерді өткізумен байланысты процестерде туады.
Қаржылық қауіп-қатер қарызға алынған қаражаттар мен кәсіпорынның
барлық қаржыларының арасындағы өзара байланыстан пайда болады.
Несиелік қауіп қарыз алушыға оны қайтара алмайтын мүмкіндіктің
болуымен байланысты.
Пайыздық қауіп-қатер пайыз нормасының өсуіне байланысты, құнды
қағаздың бағасының төмендеп кетуінің мүмкіндігімен байланысты болады.
Қауіп-қатерден сақтандыру келісімін жасағанда, сақтандыру компаниясы
кәсіпкерге тәуекелге бел байлағаны үшін сыйлық төлейді. Мұның көлемі
мүмкін болатын шығындар көлеміне тең бола алады. Сондықтан осындай
тәуекелдіктің жөні бар деуге болады. Сақтандырылмаған қауіп-қатер
фьючерстік келісім жасау арқылы, хеджирлендірумен (жеткізуші, сатып алушы
бағалардың ұнамсыз өзгерістерге ұшырауы мүмкіндігінен сақтандырылады)
және нарықтық операциялардың басқа да түрлерімен сақтандырылуға жатады.
Фьючерстік келісім-шарт деп тауарды кейін (болашақта) жеткізу туралы
келісімді айтады. Келісімді жасаған мерзімде екі жақ жеткізілетін тауар
бағасы туралы ғана келіседі. Фьючерстік келісімдер көбінесе хеджирленуді
мақсат етеді- жеткізуші немесе, сатып алушы, бағаның ұнамсыз өзгеруі
мүмкін болуынан сақтандырылады.
Фирманың қаржылары мен ресурстарын үнемдеуде қауіп-қатер факторының
болуы өте зор стимул болып табылады.
Қауіп-қатерді өлшеуге болады. Оны өлшеу үлгілерінің статистикалық,
эксперттік, есептеу-аналитикалық түрлері болады.
Статистикалық әдісте кәсіпкерліктің осы түрінде бұрын болған шығындар
статистикасы зерттеледі, шығындардың болып тұруының жиілігі есепке
алынады, сөйтіп осы деректерге сүйене отырып, қауіп-қатердің ықтималдығы
жорамалданады.Статистикалық әдіс мәліметтердің көп болуын талап етеді.
Эксперттік әдіс мамандар мен тәжірибелі бизнесмендердің ой-пікірлерін
талдап есепке алуды тілейді.
Есептеу-аналитикалық әдіс математикалық тетіктер мен тәсілдерді кең
пайдалануға негізделеді.
Фирмалардың көбінде қауіп-қатерлік мәселелерімен айналысатын менеджер
болады. Ол фирма қызметтерініңбарысында қауіп-қатерлердің болып қалу
мүмкіндігін зерттепанықтайды, осы жағдайдағы оның салдарын бағалап,
сақтандырудың және өзін-өзі сақтандырудың түрін таңдайды.
Өзін-өзі сақтандыру ерекше резервтік қордың құрылуын талап етеді.
Сақтандарылатын барлық заттың құны, фирманың барлық заттық және қаржылық
көлемімен салыстырғанда, оның көлемі шағын болса. Онда сақтандыру
келісімін жасаудың жөні бар.

2.1 Жаңа тауар, тауар ассортименті және оларға бәсекелестіктің әсері
Уақыт ағымына қарай тұтынушылардың талғамы мен сұранысы өзгеріп
отырады. Өнім ұзақ уақыт бойы нарықта қалуы үшін фирма тауарының
ассортиментін жаңалап, тұтынушы талаптарына сай олардың сапасын жақсартып
отыруы қажет.
Жаңа тауар түсінігіне бірнеше ондық тәсілдеме белгілі. Жаңаға жаңа
қажеттілікті қанағаттандыратын фирманың қайта шығарған бұйымдары, тауарлары
жатады.
Жаңа өнім – бұл өнімнің модификациясы, жаңашылдығы және инновациясы.
Модификация бұл - тауарлар сипаттамасының сапалық немесе физикалық
өзгерісі. Өнім модификациясы мыналардың өзгеруі есебінен жүзеге асады:
- тауардың химиялық, физикалық және функционалдық сипаттамасынан
(материал түрі, тұтыну мерзімі, қауіпсіздігі, жайлылығы, әмбебаптылығы);
- эстетикалық сипаттамасынан (сыртқы түрі, дизайны, түсі, қорабы);
- маркілеу (тауар белгісінің, символының өзгеруі, жаңалық – бұл
бұрын өндірілмеген және сатылмаған өнім).
Инновациялық тауар – бұл нарықта пайда болғанға дейін болмаған, бірегей
тауарлар. Мысалы, видеокамералар, персоналды компьютерлер, олар нарықта
пайда болғанға дейін инновациялық тауар есебінде болды. Инновациялық
тауарларды кейде әлемдік немесе нарықтық жаңа тауарлар деп те атайды,
жаңа таарлардың тек 10 пайызын ғана біртекті және әлемдік деп атуға
болады.
Жаңа тауарды шығару туралы шешім қабылдау күрделі және тәуекелді талап
етеді, алайда фирма дамуына үлкен үлес қосады. Жаңа тауарлар фирма пайдасы
мен ретабелділігіне маңызды әсер етеді. Американдық тауарлар менеджменті
мен тауар жасау ассоциациясының мәліметтері бойынша жаңа тауарлар әлемнің
дамыған елдерінің фирмаларына айтарлықтай пайда әкелді. Ал А.С. Нильсон
атныдағы зерттеу фирмасының бағаплу мәліметтері бойынша жаңа тауарлар
табысының деңгейі жылдан жылға өсіп отыр, қазір ол 50-60 %-ға бағаланады.
Жаңа тауарларды жасау шығындары өте жоғары.
Жаңа тауарды шығару тәуекелдің жоғарғы деңгейімен сипатталады, алайда
жүйелік бағалау процедурасымен жаңа тауар идеясын дамытуды енгізу арқылы
тәуекелді төмендетуге болады. Батыс елдерінің ірі фирмаларында жалпы
инновация процесін бағыттайытын арнайы құрылымдар құрылады. Нестле,
Джонсон энд Джонсон, Дженерал Фудз фирмаларында жаңа тауар менеджмент
бөлімдері бар. Кейде сәйкес бөлімшелері жұмысшыларынан тұратын арнайы
венчурлік топтар құрылады. Бұл топтар нақты тауарды жасауға немесе қызмет
бағытына жауап береді.
Жаңа идеяларды көбінесе компания қызметкерлері, инженер-маркетологтар,
дизайнерлер, сатушылар береді. Сондай-ақ идеяларды ми шабулы жұмысымен
жүрісінен алуға болады. Мысал ретінде айтар болсақ, Тойота компаниясының
қызметкерлері әр жыл сайын 2 млн-ға жуық идеяны ұсынады, олардың 85 %-ы
өмірде орындалады. Идеяның шамамен 28 % -ын тұтынушылармен сөйлесу кезінде
немесе сұрау процесінде алуға болады, әлеуметтік сұраулар клиенттердің
қажеттілігін көрсетуге мүмкіндік береді. Ал жаңа идеялардың 30 % -ға жуығы
бәсекелестердің қызметін және тауарын талдауды қамтамасыз етеді.
1.Идеяларды іздеу функционалдық талдау және шығармашылық әдістерді
қолдану арқылы жүзеге асады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz