Жоңғарлар мен қазақтардың арасындағы қақтығыстар пен отан соғысы туралы мәліметтерді зерттеп сараптау


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: XVII ғасырда Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ауыр болды. Феодал шонжарлардың арасындағы алауыздықтар мен бақталастық күннен күнге өршіп отырды. Кейбір қазақ сұлтандары өздері билеп отырған ұлыстарды жеке дара блеп, тәуелсіз болуға ұмтылды. Осы кезде Қазқ хандығы жүздерінің арасындағы байланыс үзіліп, олар бір бірінен оқшауланып, дараланы бастады. Бұл жағдай бірте бірте үш жүздің әрқайсысында өз алдына жеке хандықтың құрылуына алып келді. Жүздерді билеген кіші хандар сөз жүзінде Қазақ хандығының ұлы ханына тәуелді болғанымен, іс жүзінде өз алдына дербес билік жүргізді. Қалыптасқан бұл жағдайлар жалпы қазақ халқының басын қосып біріктіріп, сырттан төнген шапқыншылықтан қорғануға жол бермей, кедергі келтірді.

Сөйтіп Қазақ хандығының ішкі сыртқы саяси жағдайының ауыр халге душар болғанын пайдаланған Жоңғар феодалдары қазақ жеріне, қазақ еліне қанды шеңгелін аямай салып, бейбіт елді қар қақсатып, мал жанын талапайға түсірді. Қазақ хандарының саяси билігінің әлсіреуі, феодалдардың билікке таласып, дербестікке ұмтылуы хандықтың күш қуатын нашарлатып, тұралата түсті. Қазақ хандығы жерінің тұтастығы бұзылып, елдің береке бірлігі әлсіреді. Жоңғар феодалдарының Қазақ хандығына қарсы бағытталған шапқыншылығының басты себебі: біріншіден, көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын билеушілері үшін көшіп қонатын жерді кеңейту керек болса, екіншіден, Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басыпалу еді. Жоңғар әскерлері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға баса көктеп кіріп, бірнеше қазақ ұлыстарын талқандады, тоғыз қаланы басып алды. Олар: Сайрам, Манкент, Шымкент, Қараспан, Ташкент, т. б. қалалар еді.

Курстық жұмыстың мақсаты: жоңғарлар мен қазақтардың арасындағы қақтығыстар пен Отан соғысы туралы мәліметтерді зерттеп сараптау.

Мақсатқа жету барысында келесідей міндеттер қойылды:

  • Тақырып бойынша ғылыми баспасөз мәліметтерін тауып зерделеу;
  • Қазақ пен жоңғар арасындағы жаугершілік қатынастың пайда болу себептерін анықтау;
  • Отан соғысы жайлы деректерді жинап саралау.

Зерттеу нысаны - қазақ жоңғар қатынасы.

Зерттеудің әдістемелік негізі тарихшылардың зерттеулері болып табылады.

Практикалық құндылығы: берілген жұмыс тарих сабағында әдісемелік құрал немесе анықтама ретінеде қолданыла алады.

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе, 2 негізгі тараудан және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттелетін тақырып жайлы жалпы мәлімет беріліп, негізі бөлімде қазақ жоңғар ара қатынастары мен Отан соғысының басталуының негізгі себептері жазылған Қорытындыда жұмыста басты деген мәліметтер сарапталып жазылған.

І XVII - XVIII ғғ Қазақ хандығы

  1. XVII - XVIII ғ қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

XVIII ғасырдың бірінші ширегінде қазақ қауымдық құрылымдарының ең көп бөлігі аймақтың оңтүстік, орталық және солтүстік шығыс жақтарында шоғырланған. Ұл жүз қазақтарының қысқы жайылымдары Оңтүстік Балқаш өңірінің құмдарында, Мойынқұмда, Іле, Шу және Талас өзендерінің аңғарларында, ал жазғы жайлауы Тянь Шань мен Қаратау жотасының солтүстік сілемдерінде орналасты. Аймақтың оңтүстігінде Ұлы жүздің көшіп қонатын өңірі Ташкент қаласы мен оған жапсарлас жатқан қалаларды және отырықшылық егіншілік қыстақтарды қоса алғанда, Ферғана алқабының солтүстік батыс бөлігіне дейін жетіп, Шыршық және Арыс өзендерінің аңғарларына дейін созылып жатты және Сырдария маңында Бұхара хандығымен шектесті, ал оның Жетісу аймағы арқылы өтетін солтүтік шектері Орта жүз қазақтары ол кезеңде Солтүстік шығыс, Орталық, ішінара Оңтүстік шығыс Қазақстанның кең байтақ кеңістігін алып жатты, олардың шекаралары оңтүстігінде Сарысу өзенін және Шу өзенінің төменгі ағысын бойлай Сырдарияның төменгі ағысына қарай өтті, Жоңғар хандығымен шектесті, ол жақтан Арал теңізі Ырңыз Торғай шебі арқылы солтүстікке қарай созылып, сол учаскеде Кіші жүздің шығыс қоныстарына ұштасты; одан әрі Тобыл салаларын, Үлкен Торғай өзенін және Торғайдың жоғарғы ағысындағы көлдерді бойлай жүріп, сол жерде Сібір жолындағы башқұрттардың қоныстарымен шектесті. Солтүтігінде олан Нұра мен Есілдің жоғарғы ағысына қарай, Есіл бойы даласымен Ертіс бағытында, ал шығысында Ертісті бойлай Ямышев көліне дейін жалғасып, Тобыл Ертіс өзендерінің аралығында орыс қоныс аударушыларының поселкелерімен, сібір казактарының станцияларымен және барабин татарларының қоныстарымен тоғысты. Ямышевкадан оңтүстікте, жоғарғы Ертіс өңірінде Орта жүз рулары қазақтарының Жоңғар хандығымен тағы да ортақ шекарасы болды, ал жоңғарлардың жер иеліктері бұл арада Ертістің сол жақ салалары - Шар, Аягөз және Бақанасқа дейін жетіп жататын.

Кіші жүздің жері қазіргі Батыс Қазақстан аумағында орналасып, шығысында Орта жүздің қоныстарына, ал оңтүстігінде Қарақұм құмдарына қарай және және Сырдарияның төменгі ағыстарына дейін қарақалпақтардың қоныстарына, сондай-ақ Түркістан қаласы аймағына қарай созылып барып, Онда Ұлы жүз бен Орта жүз тайпаларымен шектесті. Оның жазғы жайлаулары Үстірт жазығында, сондай-ақ Ор, Жайық, Елек, Жем, Темір өзендерінің салалары бойында, Мұғалжар тауы аймағында, ал қысқы қыстаулары - Ырғыз өзені, оның салалары ауқымында, Сырдарияның төменгі ағысын бойлай, Ырғыз бассейнінің оңтүстік жағында (Тәуіп құмдары), Арал теңізінен батысқа қарай (Сам құмдарына дейінгі шағыл құмдар), Маңғыстау түбегінде, Атырау алқабында, Нарын құмдарында (Каспий теңізінің жағасына қарай) орналасты. Орта жүз Орталық Қазақстанды алып жатты, оның жазғы жайлаулары мен қысқы қыстаулары Сарысу өзенінің бойында, Есілдіңжоғарғы ағысында, Тобыл салаларының, Торғай өзенінің бойында, Ұлытау мен оған жапсарлас жатқан көлдер аумағында болатын. Батысында олар еділ қалмақтары қоныстанған өңірмен шектесті, ал солтүстігінде жақынырақта - Ырғыз, Ор және Елек өзендерінің орта ағысы алқаптарында - олардың Ноғай жолының башқұрттарымен шекарасы өтті.

Негізінде көшпелі тұрмыс салты жатқан қазақ қоғамының патриархаттық-қауымдық құрылысы қазақ қоғамы дамуына елеулі ықпал жасады, ол біртіндеп ру топтары мен ұжымдық құрылымдарға ыдырап, олардың билеушілері оқшаулануға ұмтылды. Елде барған сайын алауыздық пен қырқыс-тартыс етек алды. Әр түрлі сұлтандардың топтары бір-бірімен ең жақсы жайылымдық алқаптарды иелену мен басып алу үшін бақталасты. Қырқыстарға сырт жақтан қолдау көрсетілді. Соның салдарынан бірігу сарыны баяулады.

Жүздердің құрылымын құраған барлық буындарды, олардың шыққан тегін бір нақты не аңызға айналған бабаға телитін күрделі генеалогиялық аңыздар болды. Жекелеген есептеулер бойынша, XVII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың басында барлық үш жүздің құрамына 112 шамасында ру бөлімшелері кірген. Осы буындарды құрған қазақ халқының жалпы санын зерттеушілердің көпшілігі сол кезеңде 2-3 миллиондай адам деп көрсетеді.

XVII - XVIII ғасырлар аясында қазақ қоғамында интеграциялық сарын күшейді, хан билігі нығайып, үш жүз өкілдерінің жиналысы біршама тұрақты тұрде шақырыла бастады, оларда ең көкейкесті мәселелер талқыланып, шешілді. Ол кезде қазақ хандары ен сұлтандарының саяси ықпал өрісі дәстүрлі көшпелі аудандарға ғана емес, сонымен қатар Сырдарияның төменгі және орта ағысы бойындағы көршілес отырықшы-егінші және сауда-қолөнерші аймақтарға да таралды, онда 1695 жылы Ташкент жазирасымен бірге 32 қала мен оларға жапсарлас жатқан жер қазақтарға бағынды. Ташкент, Сығанақ, Сайрам, Созақ, Аққорған, Отырар, Қарнақ, Иқан, Сауран сияқты қалалардың тұрғындары қазақ билеушілерінің пайдасына жыл сайын ақшалай және тауарларымен алым төлеп тұрды, ал ауылдық егінші халықтан сиыр мен қойдың нақты санынан ясақ алымы және жиналған өнімнің 1/5 не 1/10 бөлігі мөлшерінде астық бажы алынды. Сонымен бірге Сыр өңірі аймағының қала халқы ішкі саяси өмірінде және көршілес халықтармен сыртқы тоқайласулар саласында белгілі бір автономиясын сақтап қалды және оларды қалалар тұрғындарының сауда-қолөнер топтары мен мұсылман дінбасылары арасынан сайлайтын жергілікті өзін-өзі басқару органдары басқарды.

Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.

Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты.

Қазақ хандығы - көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы- мен айналысқан феодалдық мемлекет болды.

Оның көшпелі және жартылай көшпелі далалық өңірінде патриархалдық - феодалдық қатынас басым болды, ал отырықшы, егінші аймақтарда феодалдық қатынас қалыптасты. Қазақ хандығында облыстық басқару жүйесі емес, ұлттық (ру-рулар бойынша) басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты түтін бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл бір ата (аймақ) болды. 13-15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Ол қазақ хандығына бағынды. Хан - қазақ хандығының азаматтық, әскери, әкімшілік және сот құқын қолына ұстады.

Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды билер, руларды ру басылары, аймақтарды (аталар) ақсақалдар, ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Бұл жеті сатылы басқару жүйесі көшпелі екінші қазақ қоғамында тым ертеден келе жатқан тәртіп болатын.

Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар далалық өңірлерде қой, жылқы, түйе және сиыр өсірді. Мал - жылдың төрт маусымында табиғи жайылымдарда бағылды. Талай ғасырлық тәжірибеден туған шаруашылық басқару тәсілі жайылымдарды маусымға қарай пайдалану тәртібін қалыптастырды.

Бұл: жаздағы жайлау, қыстағы қыстау, көктемдегі көктеу, күздегі күзеу.

Көшіп-қону өрісі түрліше болды, малы көп, әсіресе түйесі мен жылқы- сы бай малшылар алысқа көше алды (кіші және орта жүз жерінде жылына 700-1000 шақырым артық жерге көшіп отырды), 200-300 шақырым жерде әр түрлі жайылым жерлер кездесіп отыратын Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда көшіп-қону әлдеқайда шағын болды. Әрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Басқа рулар қол сұға алмады. Малдың дені қой мен жылқы болды. Қазақтар көбінесе еті семіз, қылшық жүнді, құйрықты қойлар өсірді. Қой еті негізгі тамақ болды. Қойдың сүтінен құрт, ірімшік, сүзбе, айран, сары май алды. Қой ең бағалы шикізат --жүн, тері, елтірі өнімдерін берді.

Оңтүстік Қазақстан өңірі ертеден бері егіншілік мәдениетінің бесігі болған орын. Қазақ хандығы тұсында бұл аймақтардың дәстүрлі егін шаруашылығы үздіксіз өркендеп отырды.

Сырдария Арыс, Шу, Талас өзендерінің алқабында суармалы егін шаруашылығы жақсы жолға қойылды. Өзен суларын тартып жер суландыратын каналдар мен арықтар болды. Қазақ егіншілері арпа, бидай, жүгері екті. Егіншілік саймандары тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма, қол орақ болды.

Үй кәсібі мен қолөнер дамыды. Өрмек тоқу, тері илеу өнері, қойдың жүнінен шидем, түйенің жүнінен шекпен тоқылды. Ұсақ мал терілерінен тон-шалбар, жарғақ киім жасалды. Ірі қара терілерін илеп, кебіс-мәсі, саптамалар тігілді. Торсық, саба істелді. Киіз басу, текемет, сырмақ жасауға қой жүнін пайдаланды. Мүйізден қасық, түйме, шақша жасады.

Едәуір кең тараған қолөнер ұсталық еді, олар темірден тесе, күрек, балта, шот, орақ, пышақ, қырғыш, таға т. б. жасады. Өндіріс саймандарынан басқа соғыс қару-жарақтарын: қанжар, қылыш, семсер, айбалта, найза, жебе, сүңгілер соқты. Алтын-күміс сияқты асыл металлдардан әшекейлі бұйымдар: білезік, жүзік, сырға, кемер белбеу, ер-тұрман саймандарын жасайтын шеберлер - зергер деп аталды.

Орман тоғайлы жерлерді мекен еткен қазақтар ішінде ағашшылық қолөнері өріс алды. Қазақтар көктемде 22-наурызлы күн мен түннің теңелетін кезеңін «наурыз тойы» -деп атап өтуді әдетке айналдырған.

1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жәңгір хан болған. Ол басы үлкен, кеудесі кең, аласа адам болған екен. Сол себепті халық арасында оны «Салқам Жәңгір» деп атаған.

Оның тұсында ойрат-жоңғарларының көсемі батыр Хұнтайшының күшейген кезі еді. Олар қазақ хандығына бірнеше рет жорық жасады. Жәңгір хан Бұхара хандығымен одақтасып, Жоңғар феодалдарының шабуылына қарсы күресті.

«Қазақ-ойрат қарулы күресінің тууына мынадай жағдайлар себеп болған еді.

Біріншіден көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан екі жақтың билеушілері үшін көшіп-қонатын жерді кеңейту керек болды;

Екіншіден Жоңғар феодалдары Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді.

Жәңгір хан тұсында ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас - бірін- шісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 ж. болған.

1643 жылы екінші шайқаста қазақтар жеңіп шықты. Осы жылдың қысында батыр Хұнтайшы қазақ жерлеріне шабуыл жасайды, ол сәтсіздікпен аяқталады. Бұл шабуылға Жәңгір 600 адаммен аттанады.

Жәңгір хан екі таудың арасындағы тар жырауда ор қазып, бекініс жасайды. Өзі екінші бөлігімен таудың екінші бетіне жасырынады. Хұнтайшы ор қазып алып, ерлікпен қорғанып жатқандарға қарсы күрес жасайды. Осы кезде Жәңгір жаудың ту сыртынан соққы береді. Сөйтіп, жоңғарларды қатты жеңіліске ұшыратып, 10 мыңдай адам қырылады. Ұрыс бітуге жақындағанда 20 мыңдай әскермен Самарқан билеушісі атақты Жалаңтөс батыр Жәңгірге көмекке келеді. Хұнтайшы шегінуге мәжбүр болады. Одан кейін ол жан-жақты дайындалып 1652 жылы қайтадан қазақ даласына аттанады. Осы шайқаста Жәңгір қаза табады.

Бұл дәуірде қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ауыр еді. Феодал шонжарлардың арасында алауыздықтар мен бақталастық өршіді.

XVIII ғасырдың басында сырттан соғыс қаупі төнген жағдайларда қазақ жүздерінің өз ішінде де әлеуметтік- саяси жағдай айтарлықтай тұрақтанды, бұған жергілікті рубасыларының, сұлтандар мен хандардың Жоңғар хандығының әскери белсендігінің өсе түсуі және нақты бар күштердің бәрін сырттан жасалатын экспансияға қарсы күресу үшін жұмылдыру қажеттігі нәтижесінде көшпелі қоғамның жаңа қажеттеріне бейімдеп, дағдылы құқықты заңа рқылы регламенттеу және әлеуметтік практикаға оның бірсыпара жаңа нормаларын енгізу жөніндегі бірлескен күш-жігері едәуір дәрежее себепші болды. Хан билігін күшейтуде, қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық дәстүрлер мен нормаларды регламенттеуде, ішінара жаңартып, бір ізге түсіруде Жәңгір ханның ұлы және мұрагері, белгілі тарихшы А. И. Левшин «Ликург» және «Айдаһар» деп бейнелеп атаған (1680-1718 жылдары ел билеген) Тәуке хан үлкен рөл атқарды.

  1. Тәуке ханның қазақ хандығын нығайтудағы қосқан үлесі

Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) - Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі - қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Кунделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж. ) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.

Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған және бір орталыққа бағынған үлкен мемлекет болды. Оны Тәуке ханның үш жүзге және Қырғыз бен Қарақалпаққа билігі жүргенінен де көреміз. Оны Тәуке хан тұсында Сыр бойында Қазақтың 32 қаласы болғанынан да көруге болады. Қысқы Ордасын Тәуке Хан Түркістан қаласына орналастырды. Жазғы Ордасы қазіргі Астана қаласына таяу жерде, қазіргі Астанадан 10 шақырым жерде болған. Халық зердесінде қалған аңыздар бойынша да Тәуке хан билік жүргізген заман ең бір өркендеген алтын ғасыр ретінде қалды. Тәуке ханның билік құру кезеңі 1680-1718 жылдар. Яғни, қазақ даласында отыз жылға жуық хандық билік құрған.

Тәуке ханның басты еңбегі - Қазақ хандығының ішкі саяси ахуалын оңалту жолындағы еңбегі. Ол өзіне дейінгі «Есім ханның ескі жолы», «Хақназардың хақ жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған әдет ғұрып нормаларына сүйене отырып, «Тәукенің Жеті Жарғысы» аталған заңдар жинағын қабылдаған. Ал хандықты билеуде негізінен әр жүздің билеріне арқа сүйежі, яғни бұрынғыдай Төрелер мен Қожалардың шекіз билігінің орнына қазақтың өзінен шыққан данагөй ақсақалдарға арқа сүйеді. Соның ішінде «Әз-Тәукенің бес биі» атанған бес данышпанның атақ-даңқы бізге жетті: Ұлы жүзде - Үйсін Төле би, Орта Жүзде - Қаз дауысты Қазыбек, Кіші жүзде Алшын Әйтеке би және Қарақалпақта - Сасық би мен Қырғыздағы Қоқым билер ел басқару ісіне араласып, халықтың сөзін жеткізіп отырды. Тарих дерегі де сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек, Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады.

Сонымен қатар ол сыртқы жағдайды да тұрақты ұстай білді. 1678 жылы ол Бұхар хандығынан елшілерді қабылдаса, 1686-1693 жылдар аралығында Тәуке Ресейге бес рет елшілік аттандырып, көршілік, достық қарым қатынасты сақтау туралы бітімдер жасасқан. Соның ішінде оның 1994 жылғы Қазан айында жаздырған хаты бізге дейін сақталған. Бұл кезде Қазақ хандығының көршілерімен терезесі тең мемлеет болғанын көре аламыз.

Тәуке ханның заманында оның саясатына сәйкес тыныштық пен бейбітшілік орнады, дегенмен жаугершілік заманда, ел басына күн туған сәттерде ол өзінің қолбасшылық дарыны мен батырлығын да таныта білді. 1689 және 1702 жылдардағы ойрат-жоңғарларға жасалған жорықтар, сондан кейін 1711, 1712, 1714 жылдардағы жоңғарлардың қазақ даласына үш рет баса көктей басып кірулерін тоқтату арқылы ол кісі көшпенділер даласында Батырхан атағына ие болған.

Соның ішінде Тәуке хан халық жадында күні бүгінге дейін асқан кеңмеңгер, дана ақыл иесі ретінде де сипатталады. Соған орай ол кісінің есіміне Әз (данышпан) сөзін жалғап, Әз-Тәуке деп атайды. Халықтан «Әз» атағын иемденген Қазақта тек екі хан болған - Әз-Жәнібек және Әз-Тәуке хандар. Соның ішіенде Әз-Жәнібек Алтын Орданың ханы болса, Әз-Тәуке Қазақ Ордасының ханы.

Тәуке билік еткен кезеңде қазақтар мемлекеттілігінің күшті сыртқы жаулар алдында беделін арттыру мақсатында оны нығайтуға бағытталған маңызды қадамдар жасалды. Кіші жүздің саны аз және әлсіз жеті руын жетіру деген бір тайпаға, ал Орта жүздің уақтары мен керейлерін бір уақ-керей бірлестігіне біріктіруді халықтың ауызша дәстүрі осы ханның есімімен байланыстырылады. Жауға қарсы күресу үшін ірі бірлестіктер мен рулар ған күшті және жақсы қаруланған қол шығара алатынын ескергенде, әлгі жаңалықтар қазақ жасақтарының жауынгерлік қабілетін арттыруға мүмкіндік берген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарақалпақтармен бірге қазақ жасақтары
XVII-XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ЖОҢҒАР МЕМЛЕКЕТІ
Қазақ – жоңғар қатынастары
Қазақ хандығының ойраттармен қақтығысы
Жоңғар-қазақ соғыстары
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарындағы қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі
Қазақ батырлары
Қазақстанның әскери тарихы
ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР АРУЛАРЫ
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылым тарихының зерттеудегі теориялық методологиялық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz