Балаларды есептеуге үйрету кезінде ойын тәсілдерін қолданудың теориялық негізі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Балаларды есептеуге үйрету кезінде ойын тәсілдерін қолданудың теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Ойын мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Дидактикалық ойындар . математика сабақтарын ұйымдастырудың басты құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2 Ойын тәсілдерін сабақ барысында қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1 Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Математика сабағында баланың логикалық ойын, танымдық белсенділік әрекеттерін дамытудағы дидактикалық ойын жаттығулардың алатын орны.19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамнын жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкерішілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенмен, оқу-тәрбие үрдісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі — ойын.
Ойын балабақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі әдістерінің бірі болып саналып, балалар өмірінде үлкен орын алады. Баланың адамгершілік сапасын, талғамын, қызығушылығын қалыптастыру, мінез-әрекетін тәрбиелеу, жеке басын жан-жақты дамыту бағытында меңгерілетін білім, дағдылар ойын арқылы іске асырылады. Ойын еш уақытта да бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі.
Балабақша да балалар еңбегін ұйымдастыру барысында кешенді ұйымдастырылған ойын түрлері балалардың еңбекке деген қызығушылығы мен талғамға, танымдық процестерін, тілін және адамгершілік қасиеттерін дамытады.
Мектепке дейінгі балалар балабақшаға келгенге дейінгі негізгі әрекеті- ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі мекемелердің оқытудағы негізгі міндеті: сәбилер тобынан бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау қабілеттерін қалыптастырып балаларды ойлау жұмысына дайындау.
«Ой-ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығуын, белсенділігін арттыру үшін, тәрбиешілердің қолданатын басты әдісі ойын болуы керек.
Зерттеудің өзектілігі де сол мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі әрекеті саналатын ойынды математика сабағын ұйымдастырудың ажырамас бөлігі деп санап, балаларды есептеуге үйретуде тиімді тәсілдерін қарастыру.
Курстық жұмыстың объектісі: Ойын тәсілдері арқылы оқыту
Курстық жұмыстың пәні: Балаларға есептеуді үйретуде дидактикалық ойындарды қолдану.
1. Ж.Әбиев С. Бабаев, А.Құдярова «Педагогика» Дарын – Алматы, 2004
2. Әбілқасымов А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-А.1999.
3.Алимов . Ә. Математиканы оқыту методикасы.-Алматы, 1998.
4. Бидасов Ә. Математиканы оқыту методикасы.-Алматы,1998.
5. Адильгазинов Г. Балабақша балаларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру // Бастауыш мектеп – 2007 № 8 – 11 б.
6. Дүкенбаева Г. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы логикалық ойын дамыту әдістемесі – Алматы, Рауан, 1992 ж. 60 б.
7. Герасимова А.С. Программа развития и обучение дошкольника. - Москва, ОЛМА – ПРЕСС, 2002 – 128 - 135 б.
8. Қайыңбаев Ж. Математиканы оқыту ерекшеліктері // Бастауыш мектеп, 1999 №5, 9 – 14 б.
9. Ерофеева Т.И., Павлова Л.Н. Математика для дошкольников. М., 1997.
10. Колесникова Е.В. Развитие математического мышления у детей 5 – 7 лет. М., 1998.
11.Михайлова З.А. Матeматика от трех до шести.. СПб., 1996.
12.Мышковская М. Математика в стихах и картинках. Рига. 1991.
13.Петерсон Л.Г., Холина Н.П. Математика для дошкольников. М., 14.Баймұратова.Б.Б. Балалардың сөздік қоры мен сөз игеру ерекшеліктері. Алматы, Рауан, 1999.
15. Жарықбаев.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі Алматы, Мектеп,1995.
16. Баймұратова.Б.Б.Тұрыскелдина.М.Т.Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы. Алматы, Рауан,1999.
17. Баймұратова.Б.Б. Сәтімбекова.М.С. Балбөбек бағдарламасы. Алматы, Шартарап, 2000.
18. Б.И. Иманбекова «Тәрбиешіге жетекші» Алматы, 2004
19. «Педагогика» Оқулық Алматы, 2005
20.Жанабаева З. Ойнап жүріп ойланамыз. // Бала мен балабақша 20-21б.
21. Сатыбалдиева Г. Басты міндетім – ойын арқылы ойын дамыту // Бала мен балабақша 2006 ж. №3, 3 – 4 б.
22. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы, 1999.
23. Давыдова М.М. Развивающие игры для детей. – Москва, Аквариум, 2001 ж. 208 б.
24.Аймауытұлы. Ж. Тәрбиешіге жетекші. Дайындаған С.Қалиев.
«Қазақстан мектебі» журналы Алматы, Мектеп,1989.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Балаларды есептеуге үйрету кезінде ойын тәсілдерін қолданудың теориялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .5
1.1 Ойын мектеп жасына дейінгі баланың негізгі
әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Дидактикалық ойындар – математика сабақтарын ұйымдастырудың басты
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2 Ойын тәсілдерін сабақ барысында қолданудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... 1 6
2.1 Математика сабағында ұлттық ойындарды
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... 16
2.2 Математика сабағында баланың логикалық ойын, танымдық белсенділік
әрекеттерін дамытудағы дидактикалық ойын жаттығулардың алатын орны.19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..26
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде
болып жатқан оң өзгерістер қоғамнын жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкерішілігі
терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін
арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді.
Дегенмен, оқу-тәрбие үрдісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай
келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі — ойын.
Ойын балабақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі әдістерінің
бірі болып саналып, балалар өмірінде үлкен орын алады. Баланың адамгершілік
сапасын, талғамын, қызығушылығын қалыптастыру, мінез-әрекетін тәрбиелеу,
жеке басын жан-жақты дамыту бағытында меңгерілетін білім, дағдылар ойын
арқылы іске асырылады. Ойын еш уақытта да бір сатысына жеткенде тоқтап
қалмайды, жетіле түседі.
Балабақша да балалар еңбегін ұйымдастыру барысында кешенді
ұйымдастырылған ойын түрлері балалардың еңбекке деген қызығушылығы мен
талғамға, танымдық процестерін, тілін және адамгершілік қасиеттерін
дамытады.
Мектепке дейінгі балалар балабақшаға келгенге дейінгі негізгі әрекеті-
ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным)
әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын
дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі мекемелердің оқытудағы негізгі міндеті: сәбилер
тобынан бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау
қабілеттерін қалыптастырып балаларды ойлау жұмысына дайындау.
Ой-ойыннан басталады десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа
қызығуын, белсенділігін арттыру үшін, тәрбиешілердің қолданатын басты әдісі
ойын болуы керек.
Зерттеудің өзектілігі де сол мектепке дейінгі жастағы балалардың
негізгі әрекеті саналатын ойынды математика сабағын ұйымдастырудың
ажырамас бөлігі деп санап, балаларды есептеуге үйретуде тиімді тәсілдерін
қарастыру.
Курстық жұмыстың объектісі: Ойын тәсілдері арқылы оқыту
Курстық жұмыстың пәні: Балаларға есептеуді үйретуде дидактикалық
ойындарды қолдану.
Курстық жұмыстың мақсаты: мектепке дейінгі мекемедегі балаларға
қарапайым математикалық ұғымдарды, есептеуді үйрету кезінде қолданылатын
ойынның рөлін анықтау, саралау, талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• балаларды есептеуге үйрету кезінде ойын тәсілдерін қолданудың
маңыздылығын ашу;
• мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып саналатын ойынды
сабақта пайдаланудың жолдарын талдау;
• дидактикалық ойындарды математика сабақтарын ұйымдастырудың басты
элементі ретінде қарастыру;
• ойын тәсілдерін сабақ барысында пайдалануды жүйелеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен,қосымшадан тұрады.

1 Балаларды есептеуге үйрету кезінде ойын тәсілдерін қолданудың
теориялық негізі

1. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті

Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты
ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады.
Бала ойында қалай болса, ол өскенде де,
жұмыста
да сондай адам болады ( А.С.
Макаренко).

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал
ететін жетекші, басты құбылыстың бірі. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін
жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек
дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие
жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін
оятып, бүкіл өмірімен ұштаса береді.
Жалпы ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін
қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды
ойын арқылы түсініп, ұғынады. Педагогикада бала ойынына ерекше мән
беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен
әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы
өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін
бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік
алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа
айналатын кезі аз емес.
Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі
баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері
ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның
бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш
сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік
тумайды. Сондықтан шындықтағыдай "сөйтейік, бүйтіп көрейік" деуі, олардың
"ойынды ойын" деп түсінуінде жатыр. Осыдан келіп ойын туралы мынандай
тұжырым жасалады :
а) ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сездік қорды
байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны
жетілдіреді.
б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) дене күшінің жетілуіне кемектеседі.
Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық
және физиологиялық негіздері болып табылады.
Ойын баланың көңілін есіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір
құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез
тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді.
Ойынның басты рөлі ережелерге сүйенеді, ережелер әр баланың ойында не
істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын
көрсетеді және ақыл-ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, кішкентай топтағы
балалардың өзін өзі ұстауға, өздерінің мінез-құлықтарын қадағалауға
үйренеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл
аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке
үйретеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында
түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру
сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып,
белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен
анықталады.
Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика  байқалады:
біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, баланың
ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттігі.  
Ойынның сабақтағы орны бірнеше факторларға байланысты: баланың
дайындығына, меңгерілетін материалға,  сабақтың мақсатына. Ойынның
нәтижесіне жету тәрбиешіге байланысты. Тәрбиешінің балаға деген сенімі,
көзқарасы дұрыс болса, олар ойынды ғана емес, басқа да жағдайларда өздерін
көрсете алады. Педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың
тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды.[1.2]
Мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде сабақтарға
арналған ойын әдістеріне үлкен мән беріледі. Оқытудың әдістері мен
тәсілдері ережеге сәйкес қолданылады, әртүрлі үйлестіруде оқытудың көп
бейнелі әдістері мен тәсілдерін пайдалану, оларды шебер үйлестіру керек,
сонда сабақтар балаларға пайдалы, қызықты болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың кішігірім математикалық терминдері:
геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш т.б.) және
олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, (қосу, алу, тең) ұғымдарын
үйренеді. Балалар қарапайым математикалық дәлдікті шешуді үйренеді. Сонымен
қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген
есепті шешуге өз күш (ерік) – жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер
индуктивті және дедуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына,
қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыру,
кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан
туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу,
көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу
дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар
аударылады.
Тәрбиеші әр түрлі жастағы топтардың бағдарламасының құрылымын білуге
тиіс. Бұл, тек өз тобының математикалық дамуы деңгейін біліп қана қоймай,
сондай-ақ мектепке дейінгі балаларда математиканың рөлін және әрбір
сабақтың құрлымын өз ісінде дамыту арқылы, балаларда қарапайым
математикалық түсініктерді қалыптастыруына көмектеседі.
Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас
ерекшеліктеріне байланысты болып табылады.Балаларға математикалық қарапайым
ұғымдарды түсіндіру, бекіту.Сондай-ақ бала заттың санын, затты салыстыру
(көлемін), теңестіру, орналасуын, саны мен сыңарын (белгілеріне қарай) табу
тәсілдерін меңгереді.
Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы –
сабақ. Сабақ барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Балаларда
бір ізді жүйе қалыптасады. Ал сабақты ұйымдастырудың негізгі тәсілі – ойын.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан
туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу,
көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу
дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар
аударылады.[3.4]
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық
ойындардың орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезден басталып
адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Логикалық ойын –
балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.
Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады:
бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына
әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады.

Логикалық ойлау – адамның интеллектуалдық қабілеттерінің негізін
құрайды. Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады.
Сол себептен балаларға логикалық ойындарды кеңінен және жүйелі пайдаланудың
маңызы ерекше.
Санай білуге үйрету тәсілдері.
Балаларды әрі дұрыс, әрі тез санауға үйретудің алуан түрлі жолдары
бар.
Қандай сан қалып қойды
Ойын сабағында тәрбиеші фланеллограф бетіне сан ретімен карточкаларды
қояды. Сонан соң балаларға карточкалардың қалай тұрғандарын есіне сақтап
қалуды ескертеді. Олар көзін жұмады, сол кезде тәрбиеші бір карточканы алып
қояды. Балалар көзін ашады да, қай санның жоқ екенін табады. Кім бірінші
жоқ санды атайды, сол бала жалауша алады.Ойын бірнеше рет қайталанып
ойналады.
Көршілес сандарды тап
Көршілес сандарды тап атты ойында аталған санның көршілес сандарын
атау мақсат етіп қойылады. Ең алдымен балалар шеңбер құрып тұрады.
Жүргізуші шеңбер ортасында тұрып допты бір балаға лақтыра отырып, ойына
келген бір санды атайды. Доп ұстаған бала сол саннан кейінгі санды атауы
керек. Егер доп ұстаған бала дұрыс жауап бермесе, басқалары хормен жауабын
айтады.
Ретімен санауға жаттықтыратын ойындар
Мақсаты: Реттік есепке жаттықтыру арқылы балалардың ақыл-ойын дамыту.
Бұл ойынға түрлі-түсті орамалдар пайдаланылады. Балалар сол орамалдарды
бастарына тартып сапқа тұрады. Бірінші, екінші деп дауыстап санайды.
Жүргізуші қай орамалды әпкенің, қай жерде тұрғанын ойына жаттап алып,
шығып кетеді. Осы кезде орамалды әпкейлер орын алмасып тұрады, жүргізуші
қайтып келіп, қандай өзгеріс болғанын табуы шарт. Қызыл орамал бесінші еді,
ол енді екінші болыпты, ал екінші орамал бесінші болыпты. Жүргізуші дұрыс
жауап берсе, келесі жүргізушіні өзі тағайындайды.
Балаларды реттік есепке жаттықтыру, затты сипап білушілік қасиетке
дағдыландыру үшін Өз орныңа тұр ойынын ойнатуға болады. 2-10-ға дейін
түйме тағылған карточка пайдаланылады. Ойыншылар сапқа тұрады, қолдарын
артқа қояды, олардың алдында он орындық қойылады. Тәрбиеші бәріне карточка
үлестіреді. Балалар қолдарымен түймелерді сипап отырып, санын есептейді.
Сонан соң тәрбиеші белгі береді Есеп сандар! Өз реттік орындарыңа
тұрыңдар!. Ойыншылар өз реттік санына сай орындықтардың артына тұрады. Бұл
беріліп отырған ойындардың міндеті – балалардың білімін бекітіп,
сезімталдық қабілеттерін дамытады.
Әртүрлі қызықты материалдарды қолдану педагогикалық үрдістің
тиімділігін арттырады, сондай-ақ, олар баланың ақыл – ойының дамуына үлкен
ықпал ете отырып, балалардың ойлауына, есте сақтауына себеп болады.
Балаларды ойын үрдісіне оқыта жүріп, ойыннан алған қуаныш оқу қуанышына
ұласуы үшін, ары қарай жұмыс жасалады.
Қорыта айтқанда, ойын — жасөспірімнің өзінше еңбегі. Ойын барысында
белгілі бір әрекет жасай отырып, жасөспірім қоғамдық өмірге қатысудың
алғашқы үлгісін алып, ересектер арасыңдағы қарым-қатынас құрылымын
түсінеді.[5]

2. Дидактикалық ойындар – математика сабақтарын ұйымдастырудың басты
құралы

Дидактикалық ойындар балалардың білімін кеңейту және бекіту
мақсатындағы жоспарлы және мақсатты педагогикалық тәсіл.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты мін-деттерді
шешеді.
Ойын көп жоспарлы, күрделі педагогикалық процесс болғандықтан
мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудағы ойындық әдіс болып табылады,
оқыту формасы балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі құрал болып
есептеледі. Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде екі жолмен
қарастырылады: ойын сабақтар және дидактикалық тапсырмалар не болмаса
автодидактикалық ойындар.
Ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады: дидактикалық тапсырмалар,
мазмұны, ережесі және ойынның орындалуы, мұнда басты элемент дидактикалық
тапсыралар болып табылады, ал қалған элементтер осы тапсырмаға және оның
орындалуына көмектеседі.
Әдістемелік әдебиеттерде берілген және тәрбиешілердің тәжірибесінде
пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда, олардың барлығы
бірдей бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының
өзгерістеріне, сондай-ақ балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне
сәйкес келе бермейді. Сондықтан ғылыми тұрғыда негізделген дидактикалық
ойындар түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ойындар жүйесін және
оларды пайдалану әдістемесін ұсыну қажет.
Дидактикалық ойындар — балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты,
маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі
мақсатты көздейді:
o танымдық, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыту;
o тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз құрдастарымен қарым-қатынас
жасағанда қажетті негізі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1. Балалардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және
біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу-
тәрбие мәселесіне көшу.
2. Ойынның шарты мен оқу міндеттсрінің біртіндеп күрделенуі.
3. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің
күшеюі.
4. Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
• Заттық дидактикалық ойындар дидактикалык ойыншықтармен және түрлі ойын
материалдарымен ұйымдастырылады.
• Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар: "Лото", "Домино" және
т.б.
• Сөздік дидактикалык ойындар.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлерге
бөлінеді:
1.Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды
бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;
2.Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік
тапсырмалар құрайды.
3.Ойын-болжамдар. Бұл ойындар не болар еді...?, Мен не істер едім,
егер ... деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен
ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.
4.Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының
болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу
және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы
қиялының дамуына әсер етеді.
5.Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және
балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын
мазмұнында ерекше сипаттқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды
эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға
мүмкіндік туғызады.
Дидактикалык ойынның маңызы мынада:
1) Дидактикалық ойын балалардың қоршаған дүние туралы түсінігін
кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.
2) Әрбір дидактикалық ойын баланы ойнай білуге баулып, сөздік қорын
молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.
3) Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.
Дидактикалық ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет
етеді.
Дидактикалық ойындарды сабақтың әралуан буындарына енгізу:
1. Түрткі ретіндегі дидактикалық ойындар
2. Материалды игеруге даярлық кезінде пайдаланылатын
дидактикалық ойындар
3. Материалды пысықтау кезінде пайдаланылатын дидактикалық
ойындар
4. Игерілген материалды қайталау кезінде қолданылатын
дидактикалық ойындар.
5. Есептік дидактикалық ойындар
• баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын
жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық
бояу береді.
Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту
• таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді
тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
• міндеті: 1) танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.
• 2) тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті
дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Дидактикалық ойындардың сапалылығы:
Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл
анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік
меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала
дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына
байланысты болады. [6.7]
Сабақта тиімді қолданылатан ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп
отырған материалды балалардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне
ықпал етеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын
болады.
Сабақта дидактикалык ойынды қолдану мектеп жасына дейінгі балалардың
сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық
материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді.
Дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істей білуге
дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік
қорларын молайтуға көмектеседі.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі
орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен
практикасын тәрбиешінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға
қажетті материалдарды алдын ала дайындап алуға, ойын үрдісіне оқушыларды
белсенді қатыстыруға байланысты.
Төмеңдегі шарттар орындалған жағдайда дидактикалық ойындарды
пайдалану тиімділігі артады:
▪ егер тәрбиеші балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру жолдарын
меңгерсе;
▪ егер ойынның түрлі типтерінің өзара әрекеті қамтамасыз етілсе;
▪ егер бастауыш сыныптарда қолданылатын ойындар жүйесінде басымдылық
дидактикалық ойындарға берілсе.
Мектепке дейінгі мекемеде сабақтарда дидактикалық ойындарды қолдану
өткен материалды пысықтау, қайталау кезінде пайдалы.
Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік
қажет.Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы
орындайтыны анықталады.Сонымен қатар балаларға ойын түсінікті, анық, жас
ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естияр топқа
лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады.Мінез-құлықты
тәрбиелеуде ойынның рөлі маңызды болып есептеледі. [8.9.10]
Дидактикалық ойында білім беру мен оқыту бір-бірімен тығыз байланыста
жүреді.
Күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын
жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс
уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді,
тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында
жан – жақты, бағыт – бағдар беріп отырады.
Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау,
қайталау, кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін
арттырады.
Сабақ құрылымының – көлемі, мазмұны бағдарламаға сай, балалардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі.
Мынадай жаңа материалдармен жұмыс жасаудың 3 түрі бар: біріншіден –
педагог көрсетеді, жаңа тапсырманы түсіндіреді, үлгі көрсетеді,
математикалық объектіні негіз етіп алады.Балалар педагогтың іс-әрекетін
бақылап, оның нұсқауларын тыңдайды, сұрақтарына жауап береді. Ақыл ойды
тәрбиелеуде және ой өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады
Математика сабақтарында дидактикалық ойындарға ерекше көңіл бөлінеді.
Қызықты жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар т.б. математика бойынша
сабақтарда жұмбақтарды пайдаланып, өлеңдер, тақпақтар таңдалынады,
логикалық ойлауға арналған тапсырмаларға мақалдардан, қанатты сөздерден,
ертегілерден және де сергіту сәтінен (физминуттардан) топтама жасалынады.
Дидактикалық ойындарға бірер мысал.
Ойын: Қандай сан қалып қойды?
Ойынның шарты: Балалар көздерін жұмады, сол уақытта бір санды тығып
қоямыз. Балалар сынайды, қандай сан қалып қойғанын айтады.
Ойын: Көрші санды ата
Ойынның шарты: Балаларға мына сандар қойылады
(2,1,3,4,5,7,8,5,11,14,18,16,19,20) . Балалар сандардың көршісін табу және
атау керек, ретімен қойып береді.
Ойын: Аз ба, көп пе
Ойынның шарты: Алма ағаштары суреттері тақтада ілулі. Оң жақ, сол
жақ, астында, үстінде деген ұғымдарды қолдана балалар бұтақтағы алмаларды
санайды. Аз ба, көп пе салыстырады.
Ойын: Топтастыру
Ойынның шарты: Балаларға геометриялық пішіндер үлестіріледі.
Пішіндердің тақтадағы берілген пішіндермен салыстырып, топтастыру қажет.
Ойын: Кетті, кетті орамал
Ойынның шарты: Тәрбиеші: Кетті, кетті орамал шеңберді айнала ойынды
бастайын, бір баланың қасында келіп орамал тастайын деп бір балаға
орамалды береді. Тәрбиеші сұрағы: Сенің саның неше? Осы саннан бастап тура
сана. Ойын әрі қарай жалғаса береді. Дәл осылай сандарды кері санаймыз.
Ойын: Көршіңді тап
Ойынның шарты: Ойынды бала арқылы бастайды ірімшік, ірімшік сен тұр,
сен шық! Сен шық деген бала ортаға шығады, көршілерін шақырады. Ойын әрі
қарай басқа санамақпен жалғасады: Бірім – екім, тығыл, бекім. Сен тұр, сен
шық.
Ойын: Көңіл күйді көрсет
Ойынның шарты: Ағашқа балалар дөңгелектерді іле отырып, көңіл
күйлерін білдіреді.
Жақсы көңіл-күй – қызыл түс.
Орташа көңіл-күй – көк түс.
Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес шарты нақты
көрсетіледі. Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс уақытта пайдалану
арқылы баланың тілін дамытумен қатар ойынды өз шығармашылығымен
жалғастыруға, ойын шартын дұрыс орындауға, белгілі бір нәтижеге жетуге,
ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендер мен балалар арасында ынтымақтастық
орнатуға болады.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін,
тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі
балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болу керек. Кейде ойынның
мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған
қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар
мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін,
логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық
ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.
Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс
ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болу керек,
сонда ғана балаларға түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары
ұзақ уақыт сақталуы үшін эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай, әдемі
қораптарда, қалталарда тұру керек.
Әр сабақта дидактикалық ойынды тиімді тәсілдер арқылы қолданған
тәрбиешінің ғана алға қойған мақсатқа жетері анық.[11.12]

2 Ойын тәсілдерін сабақ барысында қолданудың маңызы

2.1 Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдалану

Ұлттық ойындар арқылы баланың қабілеті мен мінезін, ақыл-ойын, қиялын,
есте сақтағыштығын, тапқырлығын, яғни дербестігін демеп, оны ілгері
дамытуға болады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі
деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез-құлқының
қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ұлттық
ойындарымыздың қатарында тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары бар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай
жіктемесі бар:
1. Білім беретін ойындар.
2. Тәрбиелейтін ойындар.
3. Дамытатын ойындар.
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5. Диагностикалық ойындар.
Халық ойынының келелі бір мақсаты – баланы жан-жақты тәрбиелеу
болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ, ойлануға берілген
сұрақтың түрліше жауабы болуы мүмкін.
Қазақ халқының ұлттық ойындарының мазмұны, тілі мектепке дейінгі
жастағылардың таным - түсінігіне үйлесімді. Сондықтан ұрпақтан - ұрпаққа
мұра болып халықпен бірге жасауда. Бала жасының өсуі, қоршаған айналасын
тануы, түсінік деңгейінің кеңеюіне де ойынның күрделенуінің әсері мол. Төрт
түлікке байланысты ұлттық ойындар да бала тәрбиесіне әсер етіп, көңілін
сергек етіп өсіреді. Көбінесе жас өспірімдерді ынтықтыратын ойындар:
"Аңшылар", "Қара сиыр", Түйе мен бота, "Соқыртеке", "Қасқыр мен қоян".
Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті
үйренеді.
Баланың ақыл-ойын дамытатын тәжірибелік маңызы зор тағы бір ойынның
түрі - "Он бір қара жұмбақ". Оның басты ерекшелігі есеп сұрақтарын қою
арқылы баланың ойлау қабілетін дамытады. Бала тәрбиелеуде де ұлттық
ойындардың берері мол "Санамақ", "Жылдам айт", т. б. тартымды ойындарды
үйрету, тіл өнеріне негіз салады деп есептелген. Балалар негізінен ойын
үстінде бір-бірімен тез тіл табысады.
Ханталапай ойыны.
Талапай-ау талапай,
Табылды ойын алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, - деп асықты шашып жібереді. Балалар шашылған
асықты жинап алады да әр бала өзінің қолындағы асығын топпен қосыла
санап шығады. Асықтарды санау аяқталған соң, салыстыру жұмысы
жүргізіледі.
Ханталапай ойынындағы негізгі мақсат ұлттық құндылықтың бір түрі
саналатын асықты пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі жастағы балада
асық туралы ой қалыптастырып, тез санауға жаттықтыру.
Ақсүйек ойыны.
Ойынның шарты: Тақтаға ақсүйектер жапсырылады. Бір бала көзін
жұмады да ақсүйектің біреуін алады. Артында жазылған санға байланысты
санамақтайды.
Орамал тастамақ ойыны.
Шарты: санның алдыңғы және артқы көршісін табу. Тапқан бала
келесі баланың алдына орамал тастайды.
Жоғарыда берілген екі тапсырма бойынша балалар санау тәсілін жақсы
меңгереді.
Теңге ілу ойыны.
Шарты: Тақтаға теңге ілінеді. Теңге алу үшін бір жаңылтпаш айтып
беру керек.
Аталмыш ойын баланы ойната отырып ойлануға итермелейді.
Сонымен қатар "Алаңдағы қасқыр", "Батыл балалар", "Аңшылар" және т.б.
ойындар балалардың аралықты көзбен мөлшерлеп, бағалау, әрекет етудің жақсы
әдісін өз бетінше таңдап алу қабілетін қалыптастырады.Сондай-ақ, оймен
келетін ойындардың басқа да түрлері бар, олардың қатарында "Ойланғанды
табамын, “Қай қолымда", "Үш аманат", "Алты қанат киіз үйге екі мысық
келіп кірді” және жұмбақтар арқылы орындалатын ойындар т.б. бар.
Бұл ойындардың бәрінде ақыл-ой жетекші десек артық болмайды. Мұндай
ойындардың жааубын табу үшін ойындарды терең ойға салып, қисындылық және
бірізділік принципіне сүйене отырып шешуге болады.[13.14]
Қазақ халқының халық ауыз әдебиеті үлгілерін бұрынғы бабалардың көрген-
білген, көңілге түйген ғасырлар бойы уақыт елегінен өткізген ақыл-ойдың
жиынтығын,балалар бойына дарыту арқылы олардың ой-өрісін дамыту мақсатында,
қысқа сандардан бастап, ұзын шумақты сандарды жаттап үйретуді, санамақтарды
үнемі оқу іс-әрекеттерінде пайдаланған жөн.
Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды
ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санаудың ретін танытуды
көздейтін ойын өлеңі. Санамақтың түрлері өте көп. Атау ұйқастарын санау
арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды  танып біледі.
Санамақтың құрылымында формалық шарттар қатаң сақталмайды. Ол кейде
ұйқасқа, кейде тек қана ырғаққа негізделе береді. Қайсыбір санамақ
үлгілерінде сандар жай ғана санамаланып келіп, соңғы, түйіндеуші жолдар
ғана ұйқасады. Ересектеу балалар санамақты ойын тәртібін ( жасырынбақ
ойынында, т.с.с.) айқындау үшін қолданады. Бала жадын жаттықтыра түсу
мақсатында заттық тиянағы жоқ "құпия" сөздер де қосылады.
Мысалы, Бессаусақ.
Ал санайық санамақ, Мынау, мынау,
бас бармақ,
Саусақтарға қарап ап, Санамақ содан
басталмақ.
Кәне-кәне санайық, Мүйіз қалпақ
басында,
Санын біліп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын есептер шығаруға үйрету
Бастауыш мектеп математикадағы арифметикалық ағымдар оқыту әдістемесі
Оқыту функциялары және оларды жүзеге асыру жолдарының педагогикалық негізі
Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану
Бастауыш сынып оқушыларына сандарды оқытудың тиімді әдістері
Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері жайлы ақпарат
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сыныптың оқыту процесі
Пәндер