Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
Кіріспе
І Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың әдістемесі
1.1 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың маңызы
1.2 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың мақсаты мен міндеттері
ІІ Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
2.1 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың қызығушылығын көрнекілік арқылы ояту
2.2 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту
ІІІ Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту тақрыбын оқу процесінде қолдану

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда Отанымыз күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін білім беру жүйесін, мектептердегі жас ұрпақты тәрбиелеп, оқыту мәселесінің жаңа қарқынмен дамуға бет алуынан байқауға болады.
Кемелделген тұлға тәрбиелеу ісі ең алдымен оған қажетті алғы шарттар мен жан-жақты тәрбиелеу құралдарына тікелей байланысты. Осындай парасаттылыққа, ізгілікке және әсем талғамға тәрбиелеу құралдарының бірі — өнер болып табылады. Соның ішіндегі бейнелеу өнерінің жас ұрпақтың қалыптасуына, тәрбиесі мен білімін жетілдіруде әсері ұшан-теңіз. Атап айтсақ, оқушының өзін қоршаған ортаны танып-білуіне ұшқыр қиялы мен нәзік сезімдерінің дамуына, ғибрат пен саналылыққа, биік адамгершілік сезімдерге, яғни рухани жағынан дамып, жан-жақты жетілуіне ықпал ете алады.
Оқушыларға білім мен тәрбие беруде бейнелеу өнерінің оқуға қызығушылықтарын арттыруға тигізер әсері күшті. Олардағы оқуға қызығушылықтың негізінде қалыптасатын оқу іс-әрекетінің өнімдері білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда бейнеленеді. Сөйтіп, бұл оқу іс-әрекетінде тұлғаның барлық қажетті сапаларын қалыптастыруға көмектеседі.
Оқу сапасын, оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін, логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі әдістерді пайдалану оның уақыт талабына сай түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады. Осы орайда бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында көрнекілік арқылы оқушылардың қызығушылықтарын ояту мен құзыреттіліктерін дамытудың маңызы жоғары болып саналады.
Сондықтан тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында көрнекілік түрлерін қолдану арқылы құзыреттіліктерін дамыту жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың маңызыдылығына талдау жасау;
- Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың мақсаты мен міндеттерін айқындау;
- Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері сабағында көрнекіліктер арқылы қызығушылығын оятуды ғылыми-әдістемелік, педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде мазмұнын, мәнін ашу;
- Оқушының өмірге, қоғамға көзқарасының қалыптасуының негізі – оның құзыреттілігін дамытуды жүзеге асыру жолдарын анықтау.

1. Ростовцев Н.Н. Методика преподавания изобразительного искусства в школе. Уч. Пособие для ХГФ в пединститутах. М., 1998г
2. Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. Зарубежная школа рисунка. М., 1981
3. Ростовцев Н.Н.история методов обучения рисования. Русская и советская школа рисунка. Уч. Пособие. М.,1982г.
4. Кузин В.С. Основы обучнеия ИЗО искусства и методика его преподавания в начальных классах. М.1984г.
5. Кузин В.С. ИЗО искусство и методика преподавания в начальных классах. Мю, 1984г.
6. Ростовцев Н.Н. Методика преподавания изобразительного искусства в школе. М.,1980г.
7. М.Мұқашев,А.Сейтимов,Н.Хамзин. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі «Фолиант» баспасы 2008
8. Қ. Сарбағысов,Ә.Төлебаев. Жас суретшігі көмек.-А.,2000
9. Қ.Болатбаев,Е.Қосбармақов,А.Еркебай. Өнер.-Алматы .Мектеп,2006
10. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. //Егемен Қазақстан. – Астана, 15 желтоқсан 2012.
11. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. – Алматы: Мектеп, 1985. – 235 б.
12. Неменский Б.М. Культура. Искусство. Образование. Цикл бесед. – Москва: Центр ХКО, 1991. – 292 с.
13. Песталоцци И.Г. Педагогическое наследие. /сост. Джуринский А.Н. – Москва: Педагогика, 1988. – 185 с.
14. Сорокун П.А. Формирование пространственных представлений у младших школьников. – Ленинград: изд.-во ЛПУ, 1988. – 264 с.
15. Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности младших школьников. –Москва: Просвещение, 1988. – 243 с.
16. Бейсенбаева А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1995. –117 б.
17. Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзіреттілік мәселесі. Ұлт тағылымы, № 3 2004 ж.
18. Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзіреттілігінің теориялық негізі. Бастауыш мектеп 2006 ж,. № 7.
19. Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта жалпы білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана, 2006.
20. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы, Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан, 2003 ж.
21. www.Kaz-referatik.ru сайты
22. Malimetter.kz интернет сайты

Мазмұны
Кіріспе
І Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың әдістемесі
0.1 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың маңызы
0.2 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың мақсаты мен міндеттері
ІІ Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
2.1 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың қызығушылығын көрнекілік арқылы ояту
2.2 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту
ІІІ Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту тақрыбын оқу процесінде қолдану
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда Отанымыз күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін білім беру жүйесін, мектептердегі жас ұрпақты тәрбиелеп, оқыту мәселесінің жаңа қарқынмен дамуға бет алуынан байқауға болады.
Кемелделген тұлға тәрбиелеу ісі ең алдымен оған қажетті алғы шарттар мен жан-жақты тәрбиелеу құралдарына тікелей байланысты. Осындай парасаттылыққа, ізгілікке және әсем талғамға тәрбиелеу құралдарының бірі -- өнер болып табылады. Соның ішіндегі бейнелеу өнерінің жас ұрпақтың қалыптасуына, тәрбиесі мен білімін жетілдіруде әсері ұшан-теңіз. Атап айтсақ, оқушының өзін қоршаған ортаны танып-білуіне ұшқыр қиялы мен нәзік сезімдерінің дамуына, ғибрат пен саналылыққа, биік адамгершілік сезімдерге, яғни рухани жағынан дамып, жан-жақты жетілуіне ықпал ете алады.
Оқушыларға білім мен тәрбие беруде бейнелеу өнерінің оқуға қызығушылықтарын арттыруға тигізер әсері күшті. Олардағы оқуға қызығушылықтың негізінде қалыптасатын оқу іс-әрекетінің өнімдері білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда бейнеленеді. Сөйтіп, бұл оқу іс-әрекетінде тұлғаның барлық қажетті сапаларын қалыптастыруға көмектеседі.
Оқу сапасын, оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін, логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі әдістерді пайдалану оның уақыт талабына сай түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады. Осы орайда бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында көрнекілік арқылы оқушылардың қызығушылықтарын ояту мен құзыреттіліктерін дамытудың маңызы жоғары болып саналады.
Сондықтан тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында көрнекілік түрлерін қолдану арқылы құзыреттіліктерін дамыту жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
oo Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың маңызыдылығына талдау жасау;
oo Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың мақсаты мен міндеттерін айқындау;
oo Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері сабағында көрнекіліктер арқылы қызығушылығын оятуды ғылыми-әдістемелік, педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде мазмұнын, мәнін ашу;
oo Оқушының өмірге, қоғамға көзқарасының қалыптасуының негізі - оның құзыреттілігін дамытуды жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Зерттеу жұмысының объектісі: бейнелеу өнері пәнін оқыту барысында көрнекілікті қолдану.
Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; олардағы зерттеу мәселесіне қатысты негізгі ұғымдар, көрнекілік, құзыреттілік ұғымының мәні, мазмұны, түрлері, оқыту әдістері мен талаптары контент-анализ (материалдардың мазмұнын талдау) әдісін қолдану арқылы анықталды;
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бейнелеу өнері - бұл адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы, ал сурет - бұл шежіре, ондаған ғасырлар бойы бүкіл адам тарихтарын, тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден-бір куәгер. Бейнелеу өнерімен айналыса отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, шығармашылық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен бірге өзін талғампаздыққа тәрбиелейді.
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағы кезеңінде оқушылардың бейнелеу әрекеті баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты азайтып, эмоционалдық көңіл-күй, оқуға қызығушылық туғызады.
Оқушыларға білім мен тәрбие беруде бейнелеу өнерінің өзіндік орны бар екендігі белгілі. Бейнелеу өнерінің жалпы білім беру пәні ретіндегі пайдасын педагог Я.А.Коменский белгілеп беріп, өнерді үш талап негізінде, яғни, өнерді дұрыс пайдалану, өнерді сапалы бағытта оқыту, жиі жаттығулар жасау арқылы үйренуді анықтаған.
Мектепте бейнелеу өнерін оқытудағы эстетикалық тәрбиенің мазмұнын айқындаған педагог Б.Неменский өз еңбектерінде неміс ақыны Иоганн Вольфганг Гетенің сурет салуға өте үлкен мән беріп, оның балаларды өте қызықтыратындығын, дүниені кең әрі терең тануға көмектесетіндігін жазғандығын мысал ретінде келтіреді. Ол И.В.Гетенің: Сурет салу мен өнерді оқып білу кедергі жасаудың орнына ақындық шығармашылыққа көмектеседі. Жазуды азайтып, сурет салуды көбейту керек деген сөздерін тілге тиек етеді.
Осындай тұжырымдардың, идеялардың көп болғанына қарамастан бейнелеу өнерінің, сурет салудың мектептерде пән ретінде жүргізілуіне ХІХ ғасырда ғана қол жеткізілді. Оның жүзеге асырылуына көрнекті педагог И.Г.Пестолоццидің зор ықпалы болды, сондықтан И.Г.Пестолоцци сурет салуды мектептердің оқу бағдарламаларына пән ретінде енгізген педагог- ғалым деп саналады. Ол дүниені, қоршаған табиғатты дұрыс тану арқылы дұрыс ойлау мүмкіндігі сурет салумен туатындығын көрсетті. Ол өнердіталқылай отырып, игеру үшін арнайы жаттығулар, яғни көзді барлық заттар мен құбылыстарға салыстыра, талдай, топтастыра отырып қарауға үйрететін жаттығуларды ұсынды. Көрнекті ғалым жазудан бұрын сурет салуды үйренудің пайдалы әрі қызықты екендігін, яғни қызықты іс-әрекет ретінде сурет салу жазудың жеңіл үйретілуіне себепші болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Сөйтіп, сурет негіздеріне барлық баланы үйретуге болатындығын, сондықтан оның жалпы білім берушілік мәнін ескере отырып, басқа пәндермен қатар мектептегі өз орнын алуын қолдады.
Өнерге жаны құштар, өз ісінің білгірі, терең ойлы бала жүрегін ұға алатын педагог өз кезегінде бала тәрбиесінде өнердің маңызын жете түсініп, өз мамандығын шығармашылық еңбекпен ұштастырары сөзсіз. Түрлі өнер саласы бойынша хабардар болып, жалпы көркемдік бағыттағы тәрбие туралы мәліметтер жинақтауы педагог беделін арттыра түседі. Әсіресе, бейнелеу өнері материалдарын пайдаланудың маңыздылығы да, көлемі де үлкен болып табылады. Бұл мәселелерге қатысты зерттеулер, оларды талдау мәселелері Б.М.Неменский, Л.С.Выготский, Б.Юсов, Т.Я.Шпикалова, М.Н.Ростовцев, С.Герасимов, Қ.Ералин, А.Қамақ, Қ.Болатбаев, Ж.Балкенов, Қ.Жеделов, т.б. еңбектерінде орын алған.
Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің оқу материалдарын игеру оқушыларға зор талап қоятыны белгілі. Өйткені, шындықтағы құбылыстардың сыр-сипатын, мән-жайын ұғыну -- өте күрделі танымдық әрекет. Мұның өзі бірнеше кезеңдерден тұратыны қазіргі ғылымға белгілі. Мәселен, сабақта материалды ұғынып, түсінудің алғашқы таныстыру кезеңінде оқушы нені, қалай оқу керектігі жайлы жалпы мағлұмат алады. Бұдан кейінгі кезеңде, ол мұны тәжірибеде байқап көреді. Үшінші кезеңде түсінгенін, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды. Төртінші кезеңде олар ойына ұстап тұрады да, бесінші кезеңде оқушыда зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы оқушы шындықтағы заттардың байланыс-қатынастарын меңгереді, бір затты екіншісімен салыстырып, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын айыра білуге, соларды дәлелдей алуға үйренеді. Ұғыну, түсіну дегеніміздің өзі де -- нәрседе себеппен қатар нәтиже болатындығына оқушының көзінің жетуі.
Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқытуда да осындай күрделі кезеңдердің барлығын тұтас ұстап тұратын өте маңызды және ауқымды күш - оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары мен ынта-ықыластары болып табылады.
Мұғалім оқушы ойлауындағы талдау тәсілінің қалыптасуына жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, ондайда оқушы материалдың бір-бірімен байланысының жеке жақтарын ғана меңгереді, әр ұғымның мәнін, өзіндік ерекшелігін жете түсінбей қалады. Сондай-ақ мұғалім сабақ беруде жинақтау тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, онда берілетін мағлұмат бұрынғы материалмен дұрыс байланыспай қалады, бұл берілген мағлұматтың практикалық мәнінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Оқушыда белсенді ойлау процесін дамытудың орнына олардың есте сақтау, жаттау қабілетін өсіруге ерекше мән беріліп кетеді. Әрине, оқушының есте сақтау қабілетін дамыту қажет. Бірақ оқушыны оқуға қызықтыра отырып ойландырып, әр нәрсені бір-бірімен салыстырғызып, талдатып-жинақтатып, дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың танымы мен білімі мазмұнды болады.
Сонымен, бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерін оқытуда оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылықтарын ояту олардың тәрбиесін, бүкіл білім ауқымын, дүниетанымдық түсініктерін арттыруға септігін тигізіп, олардың оқуға қызығушылықтарын арттырып, оқу іс-әрекеттерін жемісті болуына әсер етуші бірден-бір фактор болып табылады. Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабағы оқушылардың жалпы оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға өзіндік ықпал жасайтын ыңғайлы әрі өзіндік сипаты мен ерекшеліктері бар пән ретінде қарастыруымыз қажет. Осындай күрделі мәселенің бас-қасында әрине мұғалім тұрады. Мұғалім оқушылардың оқуға ынта-ықыласын, қызығушылығын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Ол алғашқы күннен бастап оқушының ынта-ықыласы мен бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу үдерісін осы негізге орайластыра жүргізгені дұрыс. Себебі, мұғалім оқушы тәрбиесінің жан-жақты өсуіне және білімінің сапалы болып қалыптасуына ықпал етуші бірден-бір тұлға.
1.2 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың мақсаты мен міндеттері
Егеменді Қазақстанның қазіргі даму бағыты жалпы білім беретін мектепте жас ұрпақты нарықтық заман талаптары мен мәдениеттің даму деңгейіне сай дайындауды қажет етеді. Жалпы білім беретін орта мектептерде барлық оқу пәндерін оқыту, жеке пәндердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еліміздің болашақ азаматтарын дайындау мен тәрбиелеу мақсатын қояды. Сондықтан бейнелеу өнері сабақтары, жас ұрпақтарды іс-әрекетке және іс-әрекет технологиясын түсінуге бағытталуы тиіс.
Еліміздің перспективалық бағыттарына сәйкес бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерінің оқу курсы өзінің мақсатын мынандай құрылымда айқындайды:
1. Еліміздің мемлекеттік, қоғамдық және шаруашылық өміріне белсене араласуына қабілетті, білімді, тәрбиелі азаматтарын дайындау;
2. Балалардың дүниетанымын қалыптастыра отырып, олардың эстетикалық көзқарасына дұрыс бағыт олардың эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
3. Балаларға қоршаған ортаны тануға жәрдемдесіп, олардың байқампаздығын дамыту, логикалық ойлауға үйрету, көргендерін саналы ой елегінен өткізе білуге үйрету.
4. Бейнелеу өнерінің адам өміріндегі практикалық мәнін ашып көрсету, сурет өнерін еңбек қызметінде қолдана білуге үйрету.
5. Сурет өнерінің элементарлық негізі туралы оқушыларға білім беру, (бейнелеу өнерінің алғашқы дағдылары мен ептіліктерін меңгерту) бейнелеудің негізгі бейнелеу тәсілдерімен таныстыру.
6. Оқушылардың шығармашылық қышеттерін дамыту, өмір шындығын эстетикалық қабылдауға дұрыс бағдар беру, кеңістікті ойлауын, образдық елестетуін және қиялын дамыту.
7. Мектеп оқушыларын әлемдік және қазақ бейнелеу өнерінің даңықты шығармаларымен таныстыру. Бейнелеу қызметіне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын қалыптастыру.
Осы айтылған мақсат міндеттерді тереңірек таныстыратын болсақ олар мынандай бағыт бағдарларды қамтиды.
1.Бейнелеу өнерін орта мектепте оқыту ең бірінші жалпы білім, берушілік мақсаты көздейді. Негізгі міндет адамның ой өрісін кеңейту, қоғамның жан -жақты білімді мүшесін тәрбиелеу болып табылады.
Көпшілік қауым мектептегі бейнелеу өнерін жалпы білім беретін пән емес, ол арнаулы пән деп қарастырады. Бұл дұрыс емес. Жалпы білім беретін мектеп математиктерді, химиктерді, ақындарды композиторларды дайындамайтыны сияқты суретшілерді де дайындамайды. Мұндай мамандар арнаулы оқу орындарында дайындалады. Жалпы білім беретін мектептегі әрбір пән жеке-жеке және бірлесе отырып оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етуге тиіс.
Бейнелеу өнері адамның дамуын өте бай мүмкіндік туғызады. Бұл істе әсіресе сурет салудың орны ерекше. Сурет салу заттардың формасын талдауға және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, дүннені тануға жәрдемдеседі, ойлауға және эстетикалық дамуға көмектеседі. Сурет өнері көру есін, кеңістікті ойлауды дамытып, образды елестету қабілетін арттырады. Ол нақты есептеуге, табиғат әсемдігін тануға үйретеді, ойлау мен сезу икемділігін арттырады.
Бейнелеу өнерінің сабақтары өздерінің оқу-тәрбие жұмыстары бойынша да, түрлеріне байланысты да әр түрлі болып келеді. Мектеп бағдарламасында оқу сабақтарының төрт түрі қарастырылады, Олар: нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу, тақырыптық сурет салу, өнер туралы әңгіме. Нұсқадан қарап сурет салу сурет және кескіндеме жұмыстарымен айналысуды көздейді, сәндік сурет салу - ою-өрнектерді көркем конструкциялау, ою-өрнек элементтерін құрастыру және т.б. жұмыстарын қарастырады.
2. Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие-өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, ғылымдағы және қоғамдағы әсемдікті оқушылардың қабылдауын тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие - бұл адамды тек қана өнерге тарту емес, өмірдегі әсемдіктің барлық түрлері мен формаларына тарту болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің мәні, әрбір адамның қызықты әдемі өмір сүруі, әсемдік қандай түрде кездесетіндігін түсініп, көре білуге үйренуі.
Эстетикалық тәрбие үдерісінде адамның эстетикалық көзқарасы, сезімі, талғамы және идеалы қалыптасады. Эстетиісалық тәрбие адамды игілікті істерге, әсемдікке, адамгершілік істерге бастайды. Орта мектептің міндеті-эстетикалық тәрбиенің әртүрлі әдістерімен эстетикалық эмоциясын тудыра отырып әсемдікке тарта отырып, шығармашылық мүмкіндік тудыра отырып, оқушылардың әсемдік талғамын тәрбиелеу болып табылады.
Балалардың әсемдікке деген талғамдарын ояту үшін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі балалардың назарын өмірдегі сұлулыққа аударып, оларды байқауға, сезуге, қабылдауға, сүйене білуге, қуана білуге үйретуі тиіс. Әсемдік талғам адамның туғанан пайда болатын қасиеті емес, ол дамиды. Оны мектепте дамытатын бейнелеу өнерінің мұғалімі.
Мұғалім балаларға табиғаттағы түстердің реңдерінің формалардың сан алуандығын көрсетеді. Нұсқасына қарап отырып табиғатты, ағаш жапырақтарын, гүлдерді салу барысында, зат формасын оқып үйрену кезінде балалар табиғатқа, олардағы бояулар мен формалардың алуан түрлігіне онан сайын қызыға түседі. Мектептегі сурет салу адамға өмірді жан-жақты көре білуге үйретеді. Сондықтан өмір шындығын көре білу де өз алдына бір өнер.
3.Сурет салумен айналысудың ең басты міндеті -- балаларға қоршаған өмір шындығын тануға көмектесу, олардың байқағыштығын дамыту, оларды дүрыс көре білуге үйрету.
Сурет сабағында балалар қоршаған заттарды, олардың алуан түрлі формаларымен, түстерімен, өлшемдерімен және басқа да ерекшеліктерімен, танысуға тиіс. Бұл таныстық зат туралы елестетулерінің нақты және толық болуына ықпал етіп, көру әсерін кеңейте түседі. Бейнелеу процесі оқушыға бұрын бірақ рет шала көрген затты терең зерттеуге мүмкіндік туғызады. Сурет салу кезінде оқушы заттың формасын, құрылымын, пропорцияларын, түстер мен реңдік қатынастарын кеңістікте орналасуын зерттейді, сол арқылы оларды ұтымды да жан-жақты, терең де нақты қабылдауға үйренеді.
Мектептегі сурет салу балаларға өмірді кең көлемде және жан жақты көре білуге жаттықтырады. Сурет салуға оқыту өзара байлынсты екі міндетті шешуге ықпал етеді. Олар: оқушылардың көру арқылы қабылдауын дамыту және олардың көргендерін ой елегінен өткізу дағдыларын қалыптастыру.
Сонымен бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту көптеген оқу-тәрбие міндеттерінің жүзеге асыру процесі, оқушылардың қоршаған орта туралы елестетулерін жинақтап, тереңдетуге, дамытуға мүмкіндік тудырады, түптеп келгенде ғылыми дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді.
4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты - сурет сала білу адамға кең көлемдегі іс-әрекет мүмкіндігін беретіндігін оқушыға ұғындыру. Сурет салу кез келген іс-әрекетке, кез келген мамандыққа қажет. Сурет салудың қарапайым бағдарын меңгеру адамға машина деталдарының суретін салуға, үй құрылысының жоспарын жасауға, қарапайым заттардың формасын салуға жәрдемдеседі. Кейде біз біреуге таныс емес, бір жерге қалай бару керектігін түсіндіру үшін жолдың бағыттарын суретке салып көрсетеміз.
Сурет салу сондай-ақ агрономға, шоферға, станоктағы жұмысшыға, хирургке де күрделі істер атқаруға жәрдемдескен. Бұлармен қатар сурет салудың жобасы архитекторларға, конструкторларға қажеттігі көпшілікке мәлім. Бұл жас ұрпақты өмірге дайындаудағы суреттің практикалық мәнін көрсетеді.
5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -оқушыларға реалистік суреттің қарапайым негіздерін, сурет салудың ептіліктері мен дағдыларын меңгеру болып табылады. Мұғалім балаға қарандашты қолға қалай ұстау керек екендігін, сызықты қалай жүргізу қажеттігін, қағаз бетіне заттардың көлемін қалай бейнелеу керектігін көрнекті түрде салып көрсетеді. Сонымен қатар ол сурет салуға қажетті әр түрлі материалдармен, құралдармен таныстырып, суретті қандай әдістемелік бірізділікпен орындау қажеттігі жайлы айтып түсіндіреді.
6. Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының міндеттерінің бірі - балаларға жұмысты ұйымдастыру, жұмыс жүргізу тәртібін ойластыру, ойлау, саналы да жоспарлы жұмыс істеуге үйрету болып табылады. Сурет салу мақсатқа бағытталған жұмыс. Сурет сала отырып оқушы белгілі бір мақсатқа жетуге ұмтылады. Бірақ оның алдында көптеген кедергілер кездеседі. Олар кейде Менің қолымнан келмейдідеп ойлайды. Бірақ ол бар қабілет мүмкіндіктерін жұмылдыру нәтижесінде белгілі үлгілерімге жететіндігін түсіне бермейді.
Оқушының жұмыс үрдісіне ұмтылысын дамыта отырып мектеп қабырғасында біз балаларды ертеңгі өмірге қажетті сапаларды тәрбиелеу іс -шараларын жүзеге асыруымыз қажет.
Мектептегі бейнелеу өнері зат формасы туралы анық та, нақты түсініктерінің жинақталуына жәрдемдесе отырып, айқын да нақты ойлауға ықпал етеді, сонымен қатар шығармашылық пен жаңадан ойлап табу қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың образды ойлауын дамыту оқыту міндетнің бірі. Бұл көру арқылы қабылдауды дамыту, байқауға үйрету, көру есінің, образдық қиялынның дамуымен байланысты.
Бейнелеу өнері сабағында мұғалім оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатын қою арқылы, ол балалармен дұрыс жүмыс әдісін тандап алуы тиіс. Көптеген мүғалімдер өздерін қинамай-ақ өз оқушыларының шығармашылық қабілеттерін бетімен жібереді, сонан келіп әрбір оқушы өзінің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатындағы тапсырманы өз бетінше орындауға талпынады.
Сондықтан мектеп оқушының шығармашылық жұмыстарын басшылық жасауға болатын, бағыттауға болатын іс-әрекет деп тану қажет. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында мүғалім балардың қиялын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Адам қиялы адамның көңіл күйімен байланысты, сонымен қатар өнердің өзі көңіл күйге әсер етеді.
7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі - оқушыларды өнердің даңықты шығармаларымен таныстыру. Мұғалім өнер туралы әңгіме кезінде графика, кескіндеме, мүсін, сәулет, сәндік қолданбалы өнердің түрлері туралы әңгіме қозғайды. Өнер туралы әңгіме оқушыларды адамзат мәдениетінің даму тарихымен, өнердің даңықты шығармалармен, ұлы суретшілердің өмірі мен шығармашылығымен, белгілі кезеңнің стилімен, бұрынғы және қазіргі даңықты өнер адамдарымен таныстырады.
Мұғалім міндеті өнердің мәнін қарапайым, түсінікті, лайықты формада бала санасына дейін жеткізу болып табылады. Ол үшін бейнелеу өнерінің түрлерінің ерекшеліктерін атап көрсетіп, олардың жанрларына түсінік беру қажет. Өнер шығармасының көркемдік ерекшеліктерін талдап, оқушылардың қөзқарасы мен ойлау қабілеттерін қалыптастыру аса маңызды міндет болып табылады. Әңгіме кезінде мүғалім оқушыға өнер шығармасының көркемдік ерекшеліктері мен онан алған әсері туралы ойларын айтуға мүмкіндік туғызады. Шығармаға оң баға берген оқушыны мадақтап, ал егер ол суретші шығармасындағы басты және бағалыларын түсінбеген жағдайда лайықты түзету жасап, түсініктемелер береді.
Бейнелеу өнерімен таныстыру өмірдегі және өнердегі әсемдікті түсінуге, отан мен табиғатты сүюге бағытталады. Әңгіме барысында мұғалім балалардың назарын өмір шындығының көркемдік бейнеленуі мен орындау техникасына талдау жасау арқылы өнер шығармасын тани білуге үйретеді.
Атап өтілген оқу - тәрбие міндеттерін жүзеге асыру үшін мүғалімге өнерді таныстырудағы белгілі жүйені ұстанып, оқушылармен жұмыс жүргізудің әртүрлі әдістерін қолдану қажет.
Мұғалім оқушыларға өнерді таныстыруда үлгерімге жеткізу үшін оқушылардың меңгеретін білімі мен дағдыларының көлемін біліп оқушылармен қандай жұмыс әдістерін таңдап алу керектігін білуге тиіс. Бұл міндеттер бейнелеу өнерін оқытудың бағдарламасында қарастырылған. Бірақ оқу бағдарламысы мұғалім қызметінің ерекшеліктерін көрсетпейді. Ең бастысы бағдарлама туралы білім формалды емес, ойластырылған, теориялық білімдерге сүйенген білім болуы тиіс.
Мектеп бағдарламасын талдау сурет сабақтарының мазмұнына кіретін нақты мәселелерді ашып көрсетуді қажет етеді.

Бастауыш мектеп балаларды жан-жақты дамытудың негізін қалауға: шапшаң түсініп, мәнерлеп оқудың, сауатты жазудың, жақсы сөйлеудің, мәдениетті мінез-құлықтың берік дағдыларының қалыптастырылуын қамтамасыз етуге тиіс.
Оқушылардың білім негізі бастауыш сыныптарда қалыптасатыны барша жұртқа аян. Сол үшін бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие жұмысына баса назар аударуымыз керек. Оқу процесін жетілдіріп, сабақ сапасын арттырудың әдіс-тәсілдері өте көп. Сабақ сапасын арттырудың тағы бір шарты - сабақта көрнекілік пайдалану.
Көрнекілік оқушының бірнеше таным қабілеттерін (елестету, еске сақтау, қисынды ойлау) дамытады. Баланың байқампаздығын дамыту жас кезінде, әсіресе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz