Құмкөл кен орны


Аңдатпа
Бұл дипломдық жоба негізгі төрт бөлімнен тұрады.
- Геологиялық бөлім
- Технико-технологиялық бөлім
- Экономикалық бөлім
- Еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімі
Геологиялық бөлімде кен орны туралы жалпы мағлұматтар, тектоникасы, Құмкөл кен орнының мұнайгаз және су қабаттары туралы жалпы мәліметтер берілген.
Технико-технологиялық бөлімде кен орнының қазіргі игеру жағдайы ұңғылар қоры және парафин шөгінділерімен күресу шаралары қаралған. Сондай-ақ қосалқы қондырғылардың жұмыстарына талдау жасалған.
Экономикалық бөлімде мекеменің басқару жүйесі және техника-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасалған.
Еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімінде кен орынында еңбек қорғау түсінігі және ұйымдастыру процестері, өндірістік фактордың адам ағзасына әсері, шудан және дірілден қорғау шаралары винттік сорапты пайдалануға дайындауда қауіпсіздік шаралары және атмосфераның ластануын бәсендету шараларықарастырылған.
Annotation
This diploma project consists of four sections:
- Geological section
- Technological section
- Special section
- Economical section
- Labor and environmental protection section
In the geological section the geological characteristics of Kumkol oil and gas field is described and fields structure, stratigraphy, tectonics and oil bearing content, etc are outlined.
In the technique and technological and special sections the current field development circumstances, paraffin control and technological sides of analysis of field development operations are discussed and studied.
In the economical section the structure of the company extracting hydrocarbons at the Kumkol field and economic indicator are stated.
In the labor and environment protection section company’s policies regarding labor and environmental protection are outlined. And such organizational occasions are stated as labor protection against bad working conditions, chattering, noise, etc, and possible labor and environmental hazard reduction advices are given.
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақстан-Британ техникалық университеті
Факультеті
Кафедрасы
Мамандығы
Диплом жобасын орындауға
ТАПСЫРМА
Студентке А. Ж. Т.
Жобаның тақырыбы
Университет бойынша «»№ бұйрықпен бекітілген
Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі «»
Жобаның басты мәліметтері
Диплом жобасында зерттелетін мәселелердің тізімі немесе диплом жұмысының қысқаша мазмұны: а)
б)
График материалдарының тізімі (нақты шартқа сәйкес керекті сызулар)
Қолданылатын негізгі әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе6
1. Геологиялық бөлім7
1. 1. Ауданның географиялық - экономикалық сипаттамасы. 7
1. 2. Кен орнының геологиялық және геофизикалық зерттелуі8
1. 3. Стратиграфия12
1. 4. Тектоника15
1. 5. Гидрогеология19
1. 6. Мұнайгаздылық20
1. 7. Мұнайдың қасиеттері29
1. 8. Газдан тазартылған мұнайдың қасиеті30
1. 9. Газдың қасиеттері31
1. 10. Сулылығы32
2. Технологиялық бөлім34
2. 1. Кен орнын игеру туралы жалпы мағлұмат34
2. 2. “Петро Қазақстан” АҚ-ның күнделікті игеру жағдайын талдау35
2. 3. Құмкөл кен орны территориясының технологиялық игеру көрсеткіштерін талдау40
2. 4. Ұңғымаларды пайдалану кезінде кездесетін қиыншылықтар41
3. Арнайы бөлім46
3. 1. Ұңғымада парафин шөгінділерінің пайда болуымен күресу шараларын талдау46
3. 2. Ұңғымадағы асфальтен, шайыр және парафиннің шөгуіне қарсы күресу шаралары47
3. 3. Парафиннің қатып қалуына қарсы күресу шаралары51
3. 4. Ұңғымадағы парафин шөгінділерін жою процессін есептеу55
4. Еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімі58
4. 1. Еңбекті және денсаулықты қорғау58
4. 2. Өндірістік санитария58
4. 3. Техника қауіпсіздігі60
4. 4. Өндірістік тазалық сақтау63
4. 5. Өрт қауіпсіздігі64
4. 6. Химиялық реагенттермен жұмыс жасау ернежелері67
4. 7. Атмосфераны қорғау67
4. 8. Гидросфераны қорғау69
4. 9. Литосфераны қорғау70
5. Экономикалық бөлім74
5. 1 Кәсіпорын туралы құрылымдық жалпы мағлұмат74
5. 1. 1. «Петро Қазақстан Құмкөл ресорсиз» АҚ даму тарихы74
5. 1. 2. Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы75
5. 1. 3. Кәсіпорын қызметін сипаттаушы негізгі экономикалық көрсеткіштер77
5. 2. Ұңғымадағы парафин шөгінділерін жою процессін қаржылай есептеу82
Қорытынды85
Қолданылған әдебеттер тізімі86
Кіріспе
Қазақстан - мұнайға өте бай мемлекет. Геологиялық қоры бойынша ол ТМД елдері арасында 2-ші орын (бірінші Ресей Федерациясы), ал дүние жүзі бойынша 10-орын алады.
Құмкөл-Оңтүстік Торғайдағы 1-ші ашылған мұнай кен орны. Ол Қазақстан экономикасының ең маңызды жетістіктерінің бірі. Өйткені Республикалық Оңтүстік облыстарының мұнай өнімдеріне деген қажеттілігін қанағаттандыратындай мүмкіншілік туды. Құмкөл ашық кен орнын игеру барысындағы анықталған көмірсутегі қорлардың орналасу заңдылықтары сол регионда тағы да кен орындарын табуға негіз болды. Айта кететін жәйт, бастапқы кезде қаржы және техникалық жабдықтар жетіспеушілігінің кен орнын игеру қабаттағы қысым көмегінсіз жүргізіледі. 1991 жылғы өте көп өнім өндіруге қол жеткізуге блокты шоғырланған насосты станцияны іске қосуға және тағы басқа көптеген проблемаларды шешуге, қаржы табуға мүмкіншілік берді.
Қазіргі кезде Құмкөл кен орны қолайлы геологиялық жағдайына, инфрақұрылымына және басқа өндіріс аймақтарына қарағанда ыңғайлы орналасуына байланысты Оңтүстік Торғай ойпатындағы басқа кен орындарын игеру іске қосу жүйесін ұйымдастыруда да басты роль атқарады. Құмкөл кен орнын игерудің ең басты жетістігі-ол Қазақстан Республикасының отын-энергетика баланысына елеулі үлес қосатын мұнай өндіру комплексінің бастауы.
1. Геологиялық бөлім
1. 1 Ауданның географиялық - экономикалық сипаттамасы
Құмкөл кен орны 1984ж. ашылды. Ол Торғай ойпатының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Кен орын 46°25' - 46°34' солтүстік ендігі мен 65°30'- 65° 43' шығыс ұзақтығы географиялық координаттарымен шектелген. Әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасы Қарағанды обылысы Ұлытау ауданының құрамына кіргенімен, Қызылорда облысына ұзақ мерзімге жалға берілген.
Жақын орналасқан елді мекендер Жалағаш (150км), Жосалы (210 км), Қарсақпай (180км), темір жол бекеттері және Сәтбаев қаласы болып табылады.
Обылыс орталығы Қызылордаға дейінгі қашықтық 160км құрайды. Ал Жезқазғанға дейін 280км бар. Кен орнынан шығысқа қарай 230 км қашықтықта Омск-Павлодар-Шымкент мұнай желісі, ал солтүстік шығысқа қарай 20км Жезқазған-Ленинск электр желісі өтеді.
Аудан эканомикалық жағынан нашар игерілгендіктен тұрақты елді мекендер жоқ. Қызылорда қаласын Құмкөл кен орнымен көлік байланысын қамтамасыз ету үшін автомобиль тасжолы салынған және қазіргі күнде 130 км жолға асфальт төселген. Кен орын ішіндегі қалған көлік жолдары топырақты. Көктем мезгілінде қардың еруіне байланысты жолдың кейбір жерлерінде көліктің өтуі қиынға түседі.
Құмкөл кен орнының алқабы негізінен қырлы болып келеді, теңіз деңгейінен 106-169м шамаларындағы абсолюттік биіктікке дейін көтеріліп тұратын жазықтан тұрады және аймағы тікелей созылған субмеридиональды бағыттағы дұрыс емес сопақша түрінде орналасқан орасан зор көне заманғы көл шұңқырының бетіне ұштастырылған. Шұңқыр солтүстік, батыс және шығыс беттерінен жазық баурайлы шоқылармен қоршалған. Солтүстік-батысынан және батысынан шоқы шұңқырға тік құлама түрінде түседі. Кен орынның оңтүстік бөлігінде құмды алқабтардың шоғыры жатыр. Олардың арасындағы ең ірісі - айналасындағы жерлерден 10-15м көтеріліп тұратын Арысқұм құм алқабы.
Кен орында тұрақты жер үсті су жолдары жоқ. Тек көктем айларында қардың еруіне байланысты аймақтың кейбір төмен орналасқан жерлері уақытша мамыр, маусымға дейін суға толуы мүмкін. Оңтүстікте ағып жатқан Сырдария өзені кен орнынан 210 км қашықтықта орналасқан.
Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады. Жануарларды суару үшін алаңға жақын жерден Қызылорда гидрогеологиялық экспедициясымен өзгермейтін тегіс жерден артезиан ұңғымалары бұрғыланған. Техникалық және тұрмыстық қажеттіліктерге су тереңдігі 80-100 м-дегі жоғарғы бор су қабаттарынан алынып пайдаланылады. Кен орындағы тұщы суының құрамында фтор бар екені анықталып ауыз суды кен орнынан 60 км қашықтықта орналасқан су скважинасынан тасымалдап әкелінеді.
1. 2. Кен орнының геологиялық және геофизикалық зерттелуі
Оңтүстік Торғай ойпатының тиімділігі 1970 жылдың бас кезінде жоғарғы палеозой шөгінділерімен байланыстырылған. Алайда 1976-1981 ж. ж аралығында мұнай және газға геологиялық борлау жұмыстары Оңтүстік Торғай ойпаты шекарасында орындалмаған болатын.
Мұнай және газға геологиялық зерттеу жұмыстарын жалғастыруға Қазақстан Геология министірлігінің алқасы 08. 12. 1977ж қабылдаған №144 қаулысы бастама болды. Оның шешімі 1981 жылы Оңтүтік Торғай және басқада ойпаттардың мезозой мен полеозой қабаттарында көмірсутегі қорының шамасын бағалаумен аяқталған жұмыстардың басталуына түрткі болды.
Тұрландық ГФЭ "Казгеофизика" өндірістік геология бөлімі, аудан аймағындағы қазылған бірнеше ұңғылардан 1983 жылы сейсмопрофильді іздестіру жұмыстары атқарылып болғаннан кейін Құмкөл ойпаңы анықталды. Осы жылы қосылған III-горизонт ойпаңында, І-іздестіру ұңғысында бұрғылау жұмысы басталып, осы процесстерден кейін, 4-П сынау кезінде 1984 жылы ақпан айының басында жоғарғы неоком шөгінділерінен мұнайдың алғашқы атқылау ағысы алынды. Ал одан әрі жұмысын тереңдете түскенде юра шөгінділерінен мұнай және газдың атқылауы байқалды.
Іздеу барлама жүмыстарының нәтижесінде 1984-1985 жылдары Құмкөл кен орнының төменгі, жоғарғы және ортаңғы юра шөгінділерінде мұнай бар екендігі анықталды.
Тұрландық геологиялық-геофизикалық экспедициясының тыңғылықты тексерісі нәтижесінде Құмкөлдің бір бөлігінде тағы бір бөлек ойпаң табып, пайда болған аймақ Солтүстік Құмкөл деп аталынған. Келешектегі бұрғылау жұмыстары анықтағандай, ол жалғасып жатқан солтүстік переклиналы болып табылады. 1987 жылдың басында бағдарламалар бойынша сейсмикалық материалдарды қайта өңдеу нәтижесінде Қазақстанның тәжірибе-әдістемелік экспедициясы Құмкөл кен орнына тікелей жанасып жатқан батыс және шығыс бөліктерінің құрылымын айқындап, қиылысатын жері өнімді қабат болып табылатының анықтады.
Кен орнына және оған жақын жатқан жерлердің жер қабатының беті мынадай қыртыстардан тұрады: сұр-қоңыр балшықты топырақты, сұр-қоңыр шоғыл құмды майда тастақты сортаң: қоңыр сартыңды құмдармен сорлар кешені. Жер асты сулары 100 метрден бастап тереңдікте жатыр.
Аймақ ауа-райы ауа температурасынының үлкен маусымдық және тәуіліктік ауытқулары мен жауын шашынның аз түсетіндігімен шұғыл континенталды.
Жазда ең ыстық температура +35 0 с дейін, қыстағы ең суықтық -38-40 0 с жауын-шашынның жылдық мөлшері орташа 150мм-ге дейін, негізінен олар қыс-көктем айларында түседі. Тұрақты Оңтүстік шығыс бағыттағы жел соғып тұрады, қысқы уақытта дауыл және боран болады, кен орны да су жолдары жоқ. Дала жартылай шөлейтті жерлерге тән өсімдіктермен көмкерілген.
Сурет 2 - Структуралық карта.
1. 3 Стратиграфия
Арысқұм иінінің геологиялық құрылымында үш құрылымдық қабатты, платформалық, аралық (квазиоплатформалық) және метоформалық қатпарлы негізді құрайтын мезо-кайнозой, орта-жоғарғы полезой және төменгі полезой докембрия шөгінділері бар.
Негіздің жыныстары құрылымдық пішіндермен, Арысқұм иінінің орталық және шығыс бөлігіндегі Құмкөл алқабының параметірлік және іздеу ұңғылары мен анықталған. Олар Қазақстан Республикасы ҒА ИГН қызметкерлерінің пайдалануынша тау жыныстары және хлорит-серицитті тоқтатпастан тұру әрі протерозойға жатады. Барлық жерде негіздің жыныс түрлері жер бетінен үлкен тереңдікке түскен. Құмкөл алабында оның жабындысында бірте-бірте тақтатаспен тау жыныстарына ауысатын қоңыр-жасыл түсті құрылымсыз саз топырақты мүжілу өте зор дамыған (150 м) .
Орта - жоғарғы палеозой.
Арысқұм иінінен батысқа қарай тікелей төмен Сырдария күмбезінің шығыс ауа райында 7е ұңғысы мен бір қабаты астында ерте фаменскі микрофоунасымен қара-қоңырқой әктас қабаты ашылған КМПВ мәліметтері бойынша бұл жыныстар батыс (Арысқұм) грабен-синклиналында мезозой жабындысы астында бар деп жобаланды.
Орта-жоғарғы полеозойға мыңбұлақ аңғарының орталық бөлігіндегі 7-е, 8-е, 9-е ұңғыларымен анықталған жасыл-қоңыр аргилиптер, алевралиттер, қызыл түсті құмшауыт-сазды және қиыршық тасты жыныстар жатады. Олар өте аз өзгеріске ұшыраған және төменгі полезей құрылымдармен салыстырғанда ойпат Ұлытау) көкжиегінде жер қыртысында жылжыған. Оларда жануарлар және өсімдіктер тіршілігі табылмаған. Арысқұм иініндегі ұңғы тіліктерінен топырлы жер, бор және палеоген шөгінділері анық байқалады.
Оңтүстік Қазақстан НРЭ және Қазақстан Республикасы ҒА ИГН біріккен мәселесінде әлі толық қуаты ашылмаған төменгі топырлыдан басқалардың, микрофауналық, сопырлы-тозаңды кешендерінің, метологиялық геофизикалық шектеулері негізінде шөгінділердің стратиграфиялық жұмыс жоспары жасалған.
Юра жүйесі (J1)
Ол барлық үш бөлімімен: төменгі-орта бөлімдер және жоғарғымен көретілген Төменгі орта топырлы жері Арысқұм 1-п параметрлік ұнғысымен толық қуатымен анықталмаған. Литологиялық құрлымы бойынша екі қабатқа бөлінеді: жоғарғы-қара-қоңырдан қара аргиллиттермен, аз қатты сазды құнды қабықшалы алевролиттермен қабаттасқан алевролитті-аргилитті(1235м) және сұр түсті әртүрлі тығыз қиыршықты алевролиттер және толық қуатты емес 610м гравометр қабаттары.
Төменгі шоқылар топырлы жер шөгінділері грабенсинменалияларда дамыған және мезозойға дейінгі шоқылар аралығында оның ішінде құмкөл алабында жоқ төменгі сипатталған орта топырлы жердің жоғары жартысының құмды-сазды көмір қышқылдық.
Орта юра (J2)
Шөгінділер грабен синклинал баурайындағы пішінді құрылымдық ұңғылы және құмкөл алабындағы іздестіру ұңғыларымен ашылған. Орта топырлы жер үшін литология-лық қалыңдыққа бөлінеді: төменгі көмірлі Орта сазды- құмды және жоғарғы-сазды.
Ұңғылар бойынша орта топырлы жер қуаты күмбезінде (2 ұңғы) 25м (толық сыналау мүмкіншілігімен) қанаттарында 330м, дейін (5ұңғы) ылғалды құрлым күмбезінде орта топырлы жер шөгіндісі табанның жоғарғы беті бойынша эродирленген, әрі жоғарғы топырлы жер протерозия тобының мүжілу қыртысына орналасады.
Жоғарғы қабаты (J3)
Ол Құмкөл алабындағы барлық пішінді құрлымдық параметрлік және іздестіру ұңғыларымен ашылған шөгінділер бозіншен шоқасының орталық бөлігіне (1п-е ұңғысы) саналынады.
Жоғарғы бөлім ойпатының жақтауларының ұқсастығы бойынша Қоскөл кен қабаттары құрамынан бөлініп және литологиялық жағынан үш қалындықтан тұрады.
Бор жүйесі (К)
Бор шөгінділері төменгі бөлімге дауыл қабаты сұр түсті терригенді-карбонатты қиындысы, Қарашатау және Баймұрат кен қабаттары құрамында, ал жоғарғы бөлімі Қорғанбек, балапан кен қабаттары, жоғарғы түрін және төменгі ұштық қызыл түстер қалындықтар, ала түстер және сұр түстер, компан сұр түстері және маастрих қабаттарында бөлінеді.
Төменгі бөлім өсімдікте әлем бойынша және литологиялық белгілері, оның ішінде жыныс түрлеріне қарай бөлінген жоғарғы және континентальды шөгінділермен көрсетілген.
Қарашатау кен қабаттары (К1а-а1)
Төменгі бор қабатының жоғарғы жатқан кесіндісі біріңғай мол көмір детритті сұр түсті сазды жыныс қалыңдығынан тұрады, кесіндінің басым бөлігі құммен жиі қиыршықты жұмыс тасты және қара-сұр саз балшықтан алевралитті қабаттан тұрады. Ойпаттың солтүстік бөлігіне кесіндінің орта тұсында саз топырақ басым. Құмкөл алабындағы қуаттылық 320-350м кейбір жерлерде 420м дейін ұлғаяды.
Қызылқия кен қабаттары (К1а 13-К2С)
Сұр түсті құмды-қиыршық тасты қалындықпен кен қабатының орта тұсында басым қоңыр және сұр құм қатпарлы ала түсті(қоңыр) және жасыл-сұр сазбен көмкерілген.
Балапан кен қабаттары (К2 t1)
Қуттылығы 100 метр шамасындағы сұр құмды қатпарлы сұр-жасыл теңіз сазымен алевролиттермен көрсетілген. Түк тамыры бойынша жақсы айқындалады, бірақ кен қабатының жабындысы ұңғылардың геофизикалық зерттеулерінің мәмліметі бойынша сенімді шектеу болып табылмайды, осыған байланысты іс жүзінде кен қабаты жоғарғы жатқан жоғарғы бор шөгіндісімен туран-сенон жер қабаты қалыңдығында бірігеді.
Полеоген жүйесі (Р) .
Арысқұм иінінде полеген бор шөгіндісінде жайылып орналасқан және қуаттылығы 35-80м сұр саз алевралит және полеоген мергелешінде әрі эоценді бөлінбеген қолданған қалыңдығында келтірілген.
Ол Құмкөл алабындағы жер беті бедерінің көтеріңкі үстірт және шоқасындағы құлазудан сақталынған орта олигоценнің қоңыр және ала түсті саз қалыңдығымен көмкерілген.
1. 4 Тектоника
Оңтүстік Торғай ойпаты туран плитасынң солтүстік шығысында орналасқан. Ойпат бор полеогенінің табан бойындағы кешкнінің шөгінділері теріс құрылым күйінде көрсетіліп, Ұлытау антиклиналының арасына тіркелген және оның оңтүстік жалғасы шығыста, төменде Сырдария қосылған. Оңтүстік шығыс қыратымен қамтылған, ал солтүстігінде Қостанай седловинасымен қамтылған. Өз ретімен Оңтүстік - Торғай ойпаты екі иілімге бөлінеді.
Арысқұм, Майбұлақ седловинасына бөліктенген антиклиналды құрылымы Арысқұм иілімінің шегіне орналасқан. Мұндағы бор полеоген кешкнінің қалыңдығы 1500-1700 метрге жетеді. Бұндағы триас-юра өздігінен құрылымдық қабат құрап, ерекше болып, ең үлкен қалыңдықтың тарылуы және толық стратиграфиялық диапазоны жіңішке сызықтың грабень синклиналы гетерогенді негізінде геофизикалық мәліметтер бойынша Арысқұм иілімінің шегінде субериокальды грабень синклиналь бағытында тартылғаны анықталды. Бұрғылау жұмыстары нәтижесінде оларды бөліп тұратын үш торап антиклиналь анықталды.
Тектоникалық бұзылулар нәтижесінде фундамент блоктарға бөлінеді. Солтүстік-батыс болып және шығыс-солтүстік шығысында созылып жоғалады.
Фундаменттің бұзылуы нәтижесі бір қатар горсты және грабенге бөлінеді. Шығыс бөлігінің құрылымында горсты ойпаты айрықша бөлініп, оның көлемі 2, 5-3, 5 км және ұзындығы 24 км болғанда амплитудасы 320 метрге дейін барады. Фундаменттің бет жағының жатқан тереңдігі 1200-1620 метрді құрайды.
Юра шөгіндісінде оның екі құрылым беті көрінеді, оның бірі Құмкөл қабатының жоғарға юра ойпан ернегінің құрылуына шағысады, екіншісі құмтас шөгіндісі ернегінің ойпанын сипаттайды. Осы бет жағының біріншісі Ю-І өнімді қабатың ернегімен байланысты, осы индексте горизонттың шағылысуы бар. Екінші беткі жағына IV шағылысу қабаты байланысып келесі ретпен өнімді IV қабатының жамылғысына дәл келеді. Құмкөл IV шағылысу қабат жамылғысы бойынша, өзін бракмантиклинал қыртысы бойынша көрсетеді. Қыртыс өлшемі изогипс бойынша 1150 метрді құрайды, ең үлкен амплитуда кезінде 160 метр.
Батыс жағында бұл жыныстың құлауы 1 0 30 ' құрайды, шығысында 2 0 30 ' . Қыртыс тектоникалық (Ғ 1, Ғ 2, Ғ 3 ) бұзылулармен қиындатылған. Көпке созылған Ғ 2 амплитудасының кілт түсуі шығыстан 80-600 метрді құрап қыртысты қамтиды. Солтүстік жағында бұл бұзылыс Ғ 3 бұзылысымен түйістіріліп әрі қарай сөнеді. Оңтүстік батыс бөлігі құрылымындағы 12, 17, 19 ұңғымаларының аудан аймақтарындағы скважиналардан өзгешелігі орта юра шөгінділерінің жоқтығы және жоғарғы юра жыныстарымен фундамен жабылған. Уақытша қиындатылып, ортақ өңделіп жасалған қимасында ортаңғы юра шөгіндісі қалыңдығы фундамен бетіне көтерілуі кезінде төменгі бөліктің қимасына қиылысу есебінен анық көрінеді.
Бұны скважина қимасындағы коореляция куәландырады. Аудандағы скважиналарды азғана изометриялық 1х1. 5 км амплитудасы 25 метр өлшемі бөліп тұр.
Батыстан, шығыс жағынан тектоникалық бұзылыстармен шектеледі. Орта юра шөгіндісі алаңның шегіне қарап 0-ден 200 метрге өзгереді. Құмкөл үйірінің қалыңдығы алаң бойынша тербелісі 55-75 метр шамасында, ал фундаментті көтеріңкі ойпан участкесінде 34-48 метрге азаяды.
Құмкөл өзін сызықтық ассиметриялық антиклинал қыртыста көрсетіп, оңтүстікке қарай ығысқан. Ойпан өлшемі 17х4 км құрайды, 57 метр амплитуда кезінде тұйықталған теңіз деңгейінен биіктігі бірдей жерлерді қосатын сызықтар бойында 1000 метр. Жоспардағы тәжірибе дәл келетіндей шығыс құрылым қанаты флексурамен қиындатылып, Ғ 1 тектоникалық бұзылуы юра шөгіндісін кеседі. Әр түрлі ойпан беттеріндегі жоспар бойынша орындарына қойсақ, Арысқұм қабатының ені азаяды, оның конфигурациясы өзгереді және орталық шығыс Ю-І қабаты ойпан бөлігіне қарап ауысқан.
Сурет 3 - Кеніштің геологиялық кесіндісі
1. 5 Гидрогеология
Құмкөл кен орны Оңтүстік Торғай артезиан бассейнінің шегінде орналасқан. Кен орнын барлау процесі барысында 22 сулылығы бар 22 кешені үрлеп шығару тәсілімен анықталды. Гидрогеологиялық зерттеу мәліметтері бойынша 2. 41 сулылығы бар қабат 32 скважинаға бөлінген. Құмкөл, Арысқұм алаңындағы барлау ұңғымаларын барлау нәтижесінде, іздеу гидрогеологиялық, құрылымдық терең көрсеткіштік ұңғымаларын бұрғылағанда протерозой сулы кешені юра, бор, полеоген, неоген және төрттік шөгінділері бөлінеді. Скважиналарды сынағанда Құмкөлден минералы 77. 6 гл су ағымын 1416-1503 метр аралығында алды. Құмкөл кен орнындағы орта юра шөгіндісінің сулылығы жөнінен 2, 8, 16, 12 ұңғымалары зерттелді. Су ағымының жақсы нәтиже беріп, сүзгіштік қасиетінің жоғары болғанын айтады.
Жоғарғы юра сулы кешенінің шөгіндісінде үш сулы Ю-І, Ю-ІІ, Ю-ІІІ қабаты барын көрсетеді. Ол жоғарыда жатқан ала әртүрлі түсті сазды қалыңдықпен ажыратылған су араластырғыш жыныстар сұр және ашық сұр құмтастары. Ю-І, Ю-ІІ, Ю-ІІІ сулы қабаттарының ағымы қарқынды аралықтарынан сынақ алғанда, ағымы жылдам және динамикалық деңгейі тез қалыптасады (1 сағаттан 5 тәулікке дейін) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz