Мектеп оқушыларының қалыптасуындағы дене тәрбиесінің рөлі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мектеп оқушыларының дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық - адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі.

Балалардың дене тәрбиесі өскелең ұрпақтың дені сау, оның барлық дене мүшелерінің жақсы жетілуіне мүмкіндік туғызуды мақсат етіп, жан-жақты дайындығы жоғары, кез-келген жағдайлар мен қиыншылықтарда Отанын қорғай алатын қоғам мүшелерін дайындау міндеті тұрады. Мектепте дене тәрбиесі мақсатты бағыттағы педагогикалық жүйе ретінде сабақта, спорт үйірмелерінде т. б. дене шынықтыру мен спорттық іс-шараларда іске асырады.

Кез-келген спорт түрі өз бетінше қызықты да пайдалы. Бірі адамның шыдамдылығы мен ептілігін шыңдаса, бірі жылдамдығы мен беріктігін арттыра түседі. Күреспен айналысатын спортшыға аталмыш қасиеттердің барлығыда қажет. Күрес адамның ептілігін, жылдамдығын, шыдамдылығын, беріктігін, күшін, тапқырлығын қажет етеді. Демек, күрес «күші барға ақылдың керегі жоқ» деген нақыл сөзді теріске шығарады.

Сонымен, зерттеу жұмысының өзектілігі күрес түрлері арқылы дене жаттығулары, техника мен тактика айырмашылықтарының даму негіздемесі және әдістемелік жағын қалыптастыруда олардың білімдік, сауықтыру және тәрбиелік жақтарын зерттеп жетілдіру, сондай-ақ әдістемелік, әдіс-тәсілдік және қимыл-әрекеттің ерекшілектерін талдау, денсаулықты нығайту мен тұрақтылығын сақтау мақсатында әдістеме сапасын анықтау.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Күрес түрлерінің ерекшеліктерін талдап, жарыста қолданылатын әдіс-тәсілдерін тіркеп реттеу. Күрестің дене шынықтыру әдістемесінде, дене тәрбиесінде және мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыруда пайдалану мүмкіншіліктерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері: Жоғарыда аталған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

- мектеп оқушыларының қалыптасуындағы дене тәрбиесінің рөлі, мақсаты мен міндеттерін анықтау;

- мектеп оқушыларына дене тәрбиесі сабағында күресті қолданудың тиімділігін талдау;

- күрес түрлері, сабақта қолданудың ерекшелігі, дене тәрбиесінде - қазақ күресін қолданудың маңыздылығына тоқталу.

Зерттеу жұмысының объектісі: күрес түрлері

Зерттеу жұмысының теориялық негізі: зерттеудің теориялық негізін күрестің терең зерттелуіне үлкен үлес қосқан отандық зерттемелер, ғылыми конференциялардың материалдары және басқа жарияланымдар құрайды. Олардың қатарында Қуаныш Т. Ш. «Дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесі», Сапарбаев М. Б. «Дене мәдениеті мұғалімін даярлау», Курамшин Ю. Ф. «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі», Қуаныш Т. Ш. «Дене тәрбиесінің теориялық жэне әдістемелік негіздері» сондай-ақ, мерзімдік басылымдарда жарық көрген мақалалар мен интернет-ресурсынан алынған мәліметтер бар.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Зерттеу жұмысының әдісі: Салыстырмалы - аналитикалық, талдау, топтастыру, жүйелеу әдістері қолданылды.

1 Мектеп оқушыларының қалыптасуындағы дене тәрбиесінің рөлі


1. 1. Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері


Дене тәрбиесі
- тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың дене амуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде даралық ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек т. б тәрибелермен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесінде қоғамдық тәрбие мақсатын туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Дене тәрбиесі ұғымын жалпы тәрбие деген кең ұғмның бір саласы деп ұққанымыз дұрыс. «Дене тәрбиесі» атауы педагогикалық процесс. Ол тәрбиелік және білімділік міндеттері шешуге тиіс. Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелерден айырмашылығын айтатын болсақ біріншіден бұл процесті дене сапаларын дамытумен бірге тиімді дағды, әдет қозғалыстарын қалыптастыру арқылы дене жұмыскерлігін арттыру деп ұғынамыз. Қорытып айтқанда, «дене тәрбиесі» дегеніміз ол адам бойындағы морфофункционалдық қасиеттерді дамытатын, білімін байытып, шеберлігін, қозғалыс дағдыларын арттыру негізінде еңбек көрсеткіштерін жақсартумен бірге Отанымызды қорғауда жоғары жетістіктерге жетуге бағытталған педагогикалық процесс. «Дене тәрбиесі» ұғымының екі мағынасы болуы мүмкін. Біріншісі - дене жөніндегі білімділік, екіншісі - дене қасиеттерінің тәрбиесі.

Мектептегі дене тәрбиесі - жалпы педагогикалық жүйенің басты бөлшектерінің бірі. Бұл тек мектеп қабырғасында жүргізілетін жұмыстарымен, дене тәрбиесі сабақтарында, дәрістерде шектелетіндігі айқын.

Денсаулықты сақтау факторларының қатарында дене тәрбиесі жетекші рөл атқарады. Дене тәрбиесімен шұғылданушылардың, онымен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда, қара жұмыс және ақыл-ой еңбегін атқара алатын мүмкіндіктері жоғары дәрежеде ұзақ сақталады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды әсер етеді. Бірінші кезекте ол жүрек-қан тамырлары ауруына, зат алмасудың бұзылуына себеп болады. Дене жаттығулары қан тамырларындағы атеросклероздық өзгерістердің алдын алады, жүректің ишемиялық ауруының қаупін азайтады. Дене жаттығуларын жасау барысында организмнің ішкі ортасында пайда болатын өзгерістерге төтеп бергіштік - жаттыққан организмнің ерекше қасиеті. Сонымен қатар, дене жаттығулары адамның сыртқы ортаның зиянды факторларына да беріктігін арттырады. Спортпен жүйелі шұғылданатын балалардың денсаулығы мықты, суық тигеннен болатын ауруларының жиілігі төмен байқалады. Мектепке дейінгі және мектеп тіршілігі жағдайларында, қалыпты дене дамуы мен денсаулыққа қажетті қимыл-қозғалысқа деген табиғи мұқтаждық шектелген. Дене тәрбиесі мұғалімі және тәрбиеші назарында дене жаттығуларының сауықтырушы рөлі бірінші кезекте болуы керек. Күнделіктегі кимыл-қозғалыс белсенділігін денсаулық резервтерін жинақтайтын табиғи негіз ретінде қарастырған жөн.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде, жастарды сауықтырушы тиімді құралдардың бірі спорт болып келеді. Спорт-жоғары дәрежедегі тәртіптендіруші фактор. Бұл табиғи қызу, жүйелі бұлшық ет жұмысы кездерінде организмнің ішкі қажеттілігінен туындаған тәртіп. Ол артықшылықтармен күресетін қатал режимді бұзуға қарсы тәртіп. Спорт тәжірибесінде кездесетін ерікті қимыл-қозғалыстардың қарапайым түрлерінен бастап өте күрделі түрлеріне дейін терең зерттелген. Спорттық шеберліктің өсуіне қарай рөлі артатын, дене тәрбиесі мен спорттың құндылықтарын одан әрі игеруге маңызды негіз болып табылатын дене шынықтыру құралдарын орынды қолдануға оқу-жаттығу әсерлерінің бағытталуы шұғылданушылардың дене шынықтыруға даярлық пен спорттық шеберлікті арттыруды анықтайтын факторлардың бірі болып келеді.

Дене тәрбиесі теориясында әр түрлі ұғымдар, түсініктер бар: дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті т. б. қолданылатын әр түрлі құбылыстардыкөрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр кезеңінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жөніндегі ғылымының және оның практика жүзінде жүзеге асырылуын дамуына қарай тереңдеп нақтыланып келеді. Адамның түсінігі тек қоғамдық практика негізінде ғана қалыптасады. Адамзат тәжірибелерінің нәтижелері тіл формасында бекіп, қоғамдық мәнге ие болады. [1]

Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Дене тәрбиесі теориясы дене тәрбиесі жүйесінің мақсатын, міндеттерін, қағидаларын зерттейді, тәрбиенің басқа түрлерімен-ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек еңбек тәрбиесі мен дене тәрбиесінің заңды байланысын ашып көрсетеді. Дене тәрбиесі құралдарын оқып-білуге, дене жаттығуларын үйрету қағидалары мен әдістерін ашып көрсетуге дамытуға, спорттық жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру сабақтарының әр түрлі формаларын сондай - ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке алуға көп көңіл бөлінеді. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі үнемі қоғамдық практикамен біргелікте дамып келеді.

Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді.

Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттілігі туындайды. [2]

Қоғамның саяси, экономикалық өмір салтының өзгеруі дене тәрбиесі жүйелерінің өзгеруіне әкеліп соқты, жаңа жүйе пайда болды. Дене тәрбиесінің мақсат, міндеттері өзгерді, дене қимылы жаттығулары, амалдары, қағидалары т. б. формалары дене қимылын ұйымдастыру жолдары өзгергенмен, қоғамдық құбылыс ретінде ол адам өмірінде мәңгі қалып қойды.

Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттерінің өзгеруі дене тәрбиесінің арнайы амалдары - дене қимылы жаттығуларына да әсерін тигізді. Бір жаттығулар түрлері өзгерсе, екіншілері - пайдасының аздығынан немесе сол заманның сұранысына орай, жоғалып кетіп, олардың орнына жаңа жаттығулар келіп жатты. Ол екі себепке байланысты еді: біріншіден, қоғамның ол-ауқаты жақсарып дами бастаған әр кезеңде адамнан дене қимылы мен қасиеттерін көбейтіп отыру керек еді. Жаңа міндеттер жаңа дене қимылы жүйелерін әкеліп жатты. Екіншіден, дене тәрбиесі ғылымының дамуына байланысты, дене қимылы қасиеттерін адам терендете оқып біле бастады, бұл деген адамға кездесіп көрмеген жаңа жаттығулар түрін дайындау болса, үшіншіден, сол дайындаған жаттығулардың адам ағзасына пайда келтіретін жаттығуларды дайындау болды. Дене тәрбиесі дамыған сайын дене қимылы жаттығулары да көп түрленіп, көбейе түсті. Олар тек еңбек саласынан емес, әскери, өнер, би билеу салаларынан да алынып жатты. Уақыт өте келе, заман сұранысына байланысты, дене қимылы жаттығулары адамның өзінің білу мүмкіндіктеріне орай, жасанды істеліне бастады. Дене тәрбиесі жұмысында шешілуге тиіс міндеттер үш топқа бөлінеді: сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттері. Аталмыш міндеттердің өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосар үлесі мол.

Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдарды тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген:

1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгерту және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.

2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайтады.

3. Тәрбиелік міндеттері - адамгершілік, дене қасиеттерін қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.

Білім беру міндеттері - дене шынықтыру мен спорт саласындағы арнайы білімдерді меңгеріп, оны арнайы орындарда қимыл-қозғалыстарды үйрету арқылы, күнделікті қолданысқа түсіру. Дене қимылының білімі деп, арнайы жүйелі білімді, дене қимылы жаттығуларын игеріп, оны түрмыста, өмірде, әскери қызметте т. б. түрлі амалдар мен айла-тәсілдер арқылы өз бетінше қолданады. Арнайы білім - дене тәрбиесінің зандылықтарын басшылыққа алатын білім. Бұл саланың мазмұнын дене қимылы білімінің деңгейі мен бағыты қарастырылады.

Сауықтыру міндеттеріне - денсаулық күйін жақсарту, одан әрі нығайту, ағза түрлерінің және қызметтерінің үйлесімді дамуы, тұлға мүсінінің дұрыс қалыптасып жетілуі жатады. Нақтылы педагогикалық жүйеде барлық міндеттер өзара тығыз байланыста болады. Әрбір сабақ шын мәнінде сауықтыру және сауықтыру-тәрбиелік міндеттерін шешеді. Дегенмен, дене тәрбиесінің жекелеген кезеңдерінде олардың біреуінің мәні басымырақ болуы мүмкін. Мысалы, қозғалыс әрекеттерін оқып-үйренуді алғашқы бастаған кезде білім беру міндеттері жетекші рөл аткарады, ал оны одан әрі жетілдіру әдістерін меңгеріп, оны жетілдіру кезеңінде бірінші кезекте тәрбиелік міндеттер тұрады. Сауықтыру міндеттерін шешу арқылы адамның материалдық қоры - мықты денсаулық, ағзаның жоғары қызмет мүмкіндігі, сұлу сымбаттылық калыптасады, бұларсыз адамның дене қасиеттерін жетілдіру туралы ойлаудың өзі мүмкін емес. Дене шынықтыру жаттығуларымен шүғылданған кезде, адамның табиғатына оның жоспарлы әсері байқалады.

Тәрбиелік міндеттер адамның жеке басының жан-жақты дамуына рухани, патриоттық, адамгершілік, сана-сезім мен дене қуатының үйлесімді бірлігін құрайды. Дене тәрбиесі бүтіндей педагогикалық мәні. Білім беру саласында өзінің арнайы зандылықтарымен тәрбиенің жалпы міндеттерін атқара алады. Тәрбиелік міндеттердің мектептегі оқу-тәрбие, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарына қосар үлесі мол. Дене шынықтыру мұғалімі бұл бағыттағы жұмыстарды ұжыммен бірлесіп істеуі қажет. [3. 4]

Дене тәрбиесі жүйесінің үш бағыты бар:

1. Жалпы дене дайындығы.

2. Кәсіптік-қолданбалы дайындық.

3. Спорттық дайындық.

Жалпы дене дайындығы бағыты денсаулықты нығайтуға, дене қуатын барынша арттыруға, қимыл ептілігіне дағдылануға, осылардың негізінде арнаулы спорттық дайындыққа ауысуға бағытталған. Жалпы дене дайындығына әр түрлі дене тәрбиесі амалдары, жаттығулары, табиғаттың табиғи күші және санитарлық-гигиеналық факторлары жатады.

Кәсіптік-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы дегеніміз - еңбек пен әскери іс-әрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі. Кәсіптік дене тәрбиесі дайындығы тәсілдерін қолдану еңбекте қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді, еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қоршаған қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді.

Адамның өзі қалаған спорт түрінен биік жетістіктерге жету жолындағы жаттығуларын, ізденістері мен талпыныстарын спорт дайындығы дейміз.

Дене тәрбиесін жүзеге асыру - денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене- қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін- өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.

Дене тәрбиесінің мақсаты - жалпы халық пен жеке адамның үйлесімді жетілуін қамтамасыз ететін кешенді дене шынықтыру және спорттық ілімдер мен тәжірибені меңгеру. Күтілген нәтиже қоғам дамуының заңдылықтарымен тығыз байланысты. Бұл мақсат қоғамды құрап, оның байлығын қорғайтын әлеуметтің талаптарына сәйкестендіріледі. Дене тәрбиесінің мақсаты жан дүниесі рухани бай, ар-ожданы таза, Отанды қорғауда ұзақ жылдар шығармашылық еңбек етуге жарамды адамдардың дене қимылы дамуын қалыптастыру болып табылады.

Дене тәрбиесінің міндеттері:

- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;

- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдық меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;

- әдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;

- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.

Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:

• шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.

• оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу. Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:

• оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.

• шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.

• спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.

• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.

Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты - денсаулығы мықты, рухани байлықты игерген, моралдық тұрғыдан таза, Отанды қорғауға және ұзақ уақыт шығармашылык еңбекке жарамды адамдарды тәрбиелеп қалыптастыру болып табылады. Осы мақсат біздің елімізде әрбір адамның және қоғамның мүддесін білдіреді. Денені жетілдіру, дене мүшесінің кемістігі жоқ, барлық қажеттілік пен қасиеттерді бойында жинақтаған адам туралы халықтардың ғасырлар бойы жетуге тырысқан арманын бейнелейді. [5]

Дене тәрбиесінің жалпы әдістері

Сөзді қолдану әдісі. Қозғалысқа үйрету үрдісінде, дене қасиеттерін тәрбиелеуде сөзді қолдану әдісінсіз табысқа жету мүмкін емес. Сөзді қолдану әдісі үш топқа бөлінеді:

1. Баяндау, әңгімелесу, түсіндіру әдістері. Бұл әдістерді қолдану кезінде сөз оқушыларға білім беру мақсатында пайдаланылады.

2. Бұйрық беру, тапсырма, нұсқау беру әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекеттерін басқаруға пайдаланылады.

3. Талдау, бағалау әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекетін талдауға, баға беруге арналған.

Енді осы әдістердің маңызына және оларды қолдану ерекшеліктеріне тоқталайық.

Баяндау теориялық бір түсінікті айтуға, ойын кезіндегі қозғалыс әрекетін түсіндіруге, спорттық жаңалықтарды хабарлауға пайданылады. Оқушыларды жаттығуды орындау техникасымен таныстыруға түсіндіру әдісі қолданылады. Оқушылардың білімін, бір нәрсеге құштарлығын білу, ойлау қабілетін дамыту, белсенділігін артыру үшін әңгімелеу әдісі қолданылады.

Қысқа, бұйрықты раймен белгілі бір істің, қимылдың бұлжытпай орындалуын талап ете сөйлеу түрін бұйрық беру әдісі дейміз. Бұйрық саптық (әскери) және төрешілдік (сөреден жүгіру кезіндегі бұйрықтар, төрешілердің бұйрық сөздері) болып бөлінеді. Бұйрық көп адамдар қатысатын әрекеттерді ұйымдастыруда қолданылады. Мысалы, жаттығуды орындауға берілетін бұйрықтар, жаттығушылардың саптағы әр түрлі қозғалыстарын басқаруға берілетін бұйрықтар т. б.

Сабақ алдында немесе сабақ кезінде кейбір жеке міндеттер қою тапсырма әдісінің қызметіне жатады.

Қысқаша айтылып, бұлжытпай орындауды талап ететін сөз әсерін н ұсқау беру деп атаймыз. Бұл әдіс көбінесе қозғалысты үйретуде қолданылады. «Жылдамдат», «тездет», «асықпа», «еркін жүр», «тізені бүкпе», «шынтақты түсірме» т. с. с. нұсқаулармен мұғалім қимыл-қозғалысты басқарып отырады. Белгілі бір тапсырма орындалған соң (сынаманы, ойын) талдау жасалады. Талдау әдісінің көмегімен қателер, оларды түзету жолдары көрсетіледі, келешектегі оқу-дайындық әрекетінің сипаты, бағыты белгіленеді. Қимыл-әрекет орындалып болғаннан соң, оған «жақсы», «орташа», «жаман» деген ауызша баға беріледі. Сабақ аяғында оқушылардың жаттығулар техникасын, сынақ жаттығуларын орындағаны бағаланады, баға қойылады. Осы жұмыстар бағалау әдістері көмегімен орындалады.

Көрнекі ықпал ету әдісі. Бұл әдістер жиынтығы көру, есту және үйренетін жаттығудың қимылын қабылдауды қамтамасыз етеді де, үш топқа бөлінеді:

1. Көру көрнекілігі әдістері.

2. Есту көрнекілігі.

3. Қимыл көрнекілігі әдістері.

Көру көрнекілігі әдістеріне жататындар:

Үйренетін қозғалысты мұғалімнің немесе мұғалімнің тапсырмасымен оқушының көрсетуі. Көрсету кезінде мұғалім мынандай әдістемелік талаптарды басшылыққа алу керек:

- көрсетудің мазмұны сөзді қолдану әдісімен қатар жүруі тиіс;

- көрсетудің мазмұны, үйретудің мақсатына сәйкес келуі қажет;

а) бірінші рет жаттығу тәсілін көрсеткенде ол стандартты түрде, оқушыларға түсінікті деңгейде толық орындалуы керек; ә) үйрету кезінде оқушылар қиын элементтерді жақсы игеру үшін қозғалыс толық немесе бөлшектеліп, ақырын өз қарқынында немесе баяу қарқында көрсетіледі; б) жетілдіру кезеңінде оқытушы жаттығуды жоғары дәрежедегі спорт шеберлері орындағандай көрсетуі керек, ол оқушыларды ынталандырады, сол деңгейде орындауға ұмтылдырады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасылық тәрбие
Оқыту және балалардың жеке тұлғасының дамуы
Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс - тәсілдеріне сипаттама
Л. Колбергтің адамгершілік туралы теориясы
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны
Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесі
Жеке тұлға белсенділігі
Ұлы адамдардың тәрбие жайлы жазғандары
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz