Дүние жүзінің жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жағдайын, даму қарқынын, экономикаға қосар үлесін анықтау, жеңіл өнеркәсіптің дамуына кедергі негізгі мәселелерді қарастыру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Жеңіл өнеркәсіп басқа салаларымен салыстырғанда әлеуметтік маңызға ие болып отырған бұл сала белгілі бір аймақтағы немесе елдегі тұрғын халықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында дамиды. Оның дамуындағы басты фактордың бірі - сапалы жұмыс күшінің болуы. Соңғы онжылдықтарда өндіріске ҒТР жетістіктері кеңінен енгізіле бастады.

Қазіргі таңда ғылыми техникалық прогресстің дамуы, жеңіл өнеркәсіптің қарқынды дамуына әсер етуде. Бұл негізгі өнеркәсіп шикізат базалары саласының өзгеруіне және жаңа техника мен технологияны пайдалануға тығыз байланысты. Себебі, жеңіл өнеркәсіптің дамуы ауыл шаруашылық шикізаттарын өндеумен байланысты болып, халықтың тұтыну заттары, яғни мата, түрлі киім түрлеріне деген қажетін қамтамасыз етеді.

Жеңіл өнеркәсіп халық тұтынатын сан түрлі заттарды өндіреді және сонымен еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызатын кез-келген елдің экономикалық дамуына қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.

Құрылымы жағынан шартты түрде бірнеше сатылы өндірістен тұрады: шикізат өндірісі (мақта талшығын алу, теріні бастапқы өңдеу) ; жартылай дайын өнімдер өндірісі (жіп иіру, тоқыма, бояу, елтірі) ; дайын өнімдер шығару (тігін өндірісі, кілем тоқу, аяқ киім ) . Қазіргі кезде әсіресе дайын өнім өндірісі жедел қарқынмен дамуда.

Жеңіл өнеркәсіптің басты ерекшелігі салынған капиталдың жылдам қайтарымдылғы. Өндірістің технологиялық ерекшелігі аз шығын жұмсау арқылы шығарылатын өнім ассортиментінің тез алмастырылатындығы. Ол өз кезегінде өндірістің мобильділігін қамтамасыз етеді.

Жеңіл өнеркәсіптің негізгі саласы - тігін өнеркәсібі болып табылады. Дүние жүзі бойынша оның дамыған аймақтары Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, ТМД елдері, Шетелдік Еуропа. Мақта-мата өндірісі бойынша Қытай, Үндістан, Ресей, АҚШ, Жапония, ал химиялық талшық өндірісі негізінен АҚШ, Үндістан, Жапония, Корей Республикасы, Тайвань елдерінде дамыған.

Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі бойынша Еуропа көш бастап тұр (45 %-дан астам), одан кейін Азия (шамамен 30%) және Америка (шамамен 20%) . Елдер арасынан Қытай, Италия, Жапония, Бразилия, АҚШ, Франция, Тайланд, Ұлыбритания, Аргентина.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Дүние жүзінің жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жағдайын, даму қарқынын, экономикаға қосар үлесін анықтау, жеңіл өнеркәсіптің дамуына кедергі негізгі мәселелерді қарастыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері: Жоғарыда аталған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

  • Дүние жүзіндегі жеңіл өнеркәсіптің даму тенденцияларын, экономикалық - географиялық сипатына талдау жасау;
  • Дүние жүзіндегі жеңіл өнеркәсіптің орналасуына әсер етуші факторларды анықтау;
  • Дүние жүзіндегі жеңіл өнеркәсіптің негізгі даму аймақтарына шолу жасау;
  • Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласының қазіргі жағдайы, оның экономикадағы рөліне тоқталу.

Зерттеу жұмысының объектісі: Дүние жүзінің жеңіл өнеркәсібі.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмысының әдісі: Салыстырмалы - аналитикалық, экономикалық-статистикалық, сызбалы талдау, топтастыру, жүйелеу әдістері қолданылды.

І Жеңіл өнеркәсіп түсінігі, орналасуына әсер етуші факторлар

1. 1 Жеңіл өнеркәсіп саласына экономикалық - географиялық сипаттама

Жеңіл өнеркәсіп халық тұтынатын сан түрлі заттарды өндіреді және сонымен еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызатын елдің экономикалық дамуына қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Жеңіл өнеркәсіптің де дамуы ауыл шаруашылық шикізаттарын өндеумен байланысты болып, халықтың тұтыну заттары, яғни мата, түрлі киім түрлеріне деген қажетін қамтамасыз етеді. Жеңіл өнеркәсіп салаларына тігін, трикотаж, былғары-аяқ киім, тоқыма, мех, фарфор-фаянс салалары жатады. Жеңіл өнеркәсіп салаларында да тамақ өнеркәсібі сияқты әйелдер еңбек ресурсы басым болып келеді.

Жеңіл өнеркәсіп салалары шикізат көзі және тұтыну аудандарына бағдарлануына қарай үш топқа бөлінеді.

  1. Бір мезгілде әрі шикізат, әрі тұтынушыға бағдарланатын салалар, яғни жүн, жібек, мақта-мата, трикотаж өндірістері.
  2. Тұтынушыға бағдарланатын салалар, оған тігін және аяқ киім жатады.
  3. Шикізатқа бағдарланатын салалар, оған былғары, зығыр талшығы өндірістері.

Жеңіл өнеркәсіптің дамуында:

  • химиялық талшықтардан өндірілетін маталар өндірісін төмендету;
  • дамушы елдер тігін өнеркәсібінің даму үлесінің кең етек алуы;
  • өндірілетін өнімдердің ассортиментін кеңейту сияқты белгілі тенденциялар қалыптасқан.

Жеңіл өнеркәсіп- өнеркәсіптің ірі саласы. Жеңіл өнкересіп халық тұтыну тауарларын өндіретін бірнеше өңдеуші салалардың жиынтығы болып табылады. Басқа өндіріс салаларына қарағанда жеңіл өнеркәсіп ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеуші салалармен тығыз байланысты.

Жеңіл өнеркәсіптің өндірістік процесіне шикізатты алғашқы өңдеу, дайын өнімді шығару кіреді.

Жеңіл өнеркәсіп өнімдері көптеген қосымша өнеркәсіп салаларында қолданылады. Жеңіл өнеркәсіптің жартылай фабрикаттары басқадай өнеркәсіп өнімдерін шығаруда негіз болып табылады. Жеңіл өнеркәсіп өнімдері жиһаз, авиация және автомобиль өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, көлік, денсаулық сақтау саласында қолданылады.

Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіп әр мемлекет экономикасының ірі құрамдас бөлігі болып табылады. Эксперттердің пайымдауынша дүние жүзінде жеңіл өнеркәсіпті әрі қарай дамытуда басты назар өнімнің сапасын және ассортиментін кеңейту, оның жаңа түрлерін игеру және халықтың сұранысана орай өнім шығарылымын арттыру болып отыр.

-

1-сурет. Жеңіл өнеркәсіптің өндірістік байланыстары

Жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы басты тенденция - өнімнің сапасын жақсарту және шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту. Ол - өз кезегінде жаңа мата түрлерін, аяқ киімдердің заманауи моделдері мен фасондарын, тігін және тоқыма бұйымдарын шығару, сапалы және ашық реңкі бояғыштар, жоғары сапалы химиялық сіңіргіштерді қолдану.

Жеңіл өнеркәсіптің басты ерекшелігі салынған капиталдың жылдам қайтарымдылғы. Өндірістің технологиялық ерекшелігі аз шығын жұмсау арқылы шығарылатын өнім ассортиментінің тез алмастырылатындығы. Ол өз кезегінде өндірістің мобильділігін қамтамасыз етеді.

Шикізатты алғашқы өңдеу сатысында жеңіл өнеркәсіп шаруашылығымен тығыз байланысты болады. Жеңіл өнеркәсіп базасына ауыл шаруашылығы тауарларымен бірге химия өнеркәсібінің жасанды және синтетикалық материалдары (жасанды жібек және былғары, химиялық талшық, синтетикалық каучук) құрайды.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының орналасуына тұтынушылық (аяқкиім, тігін) және шикізаттық, еңбек ресурстарының болуы әсер етеді.

Өнеркәсіптің басқа салаларымен салыстырғанда әлеуметтік маңызға ие болып отырған бұл сала белгілі бір аймақтағы немесе елдегі тұрғын халықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында дамиды. оның дамуындағы басты факторлардың бірі- сапалы жұмыс күшінің болуы. Соңғы онжылдықтарда өндіріске ҒТР жетістіктері кеңінен енгізіле бастады.

Құрылымы жағынан жеңіл өнеркәсіп:

  • шикізат өндірісі (мақта талшығын алу, теріні бастапқы өңдеу) ;
  • жартылай дайын өнімдер өндірісі (жіп иіру, тоқыма, бояу, елтірі) ;
  • дайын өнімдер шығарыу (тігін өндірісі, кілем тоқу, аяқкиім) сияқты бірнеше сатылы өндірістен тұрады.

Жеңіл өнеркәсіпке зығырды, кендірді, жүнді, жібек пен мақтаны бірінші өңдеуден өткізетін мата шығаратын кәсіпорындар, тері зауыттары және халықтың мұқтажына қажетті тауарлар өндіретін фабрикалар жатады.

Бұл салада негізгі атмосфераны ластайтын көздер электролиз ванналары, шикізат тиетін және түсіретін жерлер оларды майдалайтын иірмендер, араластырғыштар, кептіретін барабандар, темір және де басқа металл бұйымдарын тегістеп өңдейтін станоктар, тоқитын және жүн түтетін машиналар, аң мен мал терілерін арнайы өңдейтін аспаптар мен бояйтын жабдықтар.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары күкірт диоксиді, көміртек, азот, ваннадий оксидтері, бензин, этилацетат, бутилацетат, ацетон, бензол, толуол, аммиак, күкіртті сутек, басқа да әр түрлі қосылыстар мен қалдықтар.

Бұл сала негізгі негативтік әсерді су обьектілеріне тигізеді. Әсіресе улы заттар мен мөлшерде тоқыма фабрикалары мен комбинаттарынан және тері илейтін үрдістерден шығады. Тоқыма өнеркәсібінен тасталатын ағынды суларда, қалқыған заттар, сульфаттар, хлоридтер, фосфор мен азот қосылыстары нитраттар, беттік активті заттар, темір, мырыш, никель, хром кездеседі. Тері өнеркәсібінің ағынды суларында азоттың қосылыстары фенол, синтетикалық беттік активті заттар, майлар, хром, алюминий, күкіртті сутек, метанол, формальдегид болады. Жанама өнімдер мен қалдықтарды қосымша өңдеп, пайдалы қолдану мәселелері шешілмей, зауыттың маңайындағы экологиялық қалыптасқан жағдайының жөнделуі мүмкін емес.

Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Былғары және былғары-галантерея бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.

Аяқ киім мына механикалық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік көрсеткіштерімен:

  1. механикалық - аяқ киімнің төменгі бөліктерінің, өкшесінің дайындама жіп тігістерінің бекітілу беріктігі, пішін өзгерісі көрсеткіштерімен; спорттық аяқ-киім - ұлтанның көп мәрте иілуге шыдамдылығы ұлтанның соққыға беріктігі, бекітілу тұстарының беріктігі көрсеткіштерімен;
  2. биологиялық - бұйымның физикалық қасиеттерінің көрсеткіштерімен (иілгіштігі, су өткізбеушілігі) ;
  3. химиялық - модельді ауа соғатын ортасына және сулы ортаға денсаулыққа қауіпті химиялық заттардың шекті бөлінуімен, материалдар бояуларының құрғақ және ылғалды үйкелуге, терлеу әсеріне беріктігімен сипатталады.

Аяқ киімнің мынадай қауіпсіздік көрсеткіштері айқындалады:

  • күнделікті киетін, модельді, спорттық және үйде киетін аяқ киім-ұлтанның және төменгі бөліктерінің бекітілу беріктігі;
  • күнделікті киетін, модельді және үйде киетін - өкшенің бекітілу беріктігі;
  • күнделікті киетін, модельді, үйде және жолда киетін - иілгіштігі;
  • спорттық - ұлтанның көп мәрте иілуге төзімділігі;
  • спорттық - ұлтанның соққыға беріктігі және бекітілу тұстарының беріктігі;
  • резеңке, полимер, резеңке-тоқыма және полимер-тоқыма - су
  • өткізбеушілігі.

Аяқ киім аяққа ыңғайлы болуы тиіс. Аяқ киім дайындауға арналған қалыптар, өкшені, аяқ киім бөліктерін бекіту әдістері мен беріктігі, аяқ киімнің иілгіштігі, табан ұшы мен өкшесінің майысу шамасы аяқ киімнің нақты түрлеріне арналған қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес болуға тиіс. Қолданылатын материалдардың сапасы аяқ киімнің иілгіштігін қамтамасыз етеді. Өкшесі төмен аяқ киімнен басқа, табан жиынтығын ұстау үшін міндетті түрде супинатор (өкшелік) болуы тиіс.

Аяқ киім астары бөліктерінің бояуы құрғақ, ылғалды үйкелу және терлеу әсеріне төзімді болуы тиіс.

Үйде және жағажайда киетін аяқ киім материалынан бөлінетін зиянды заттардың бөлінуін бақылау сулы ортада, аяқ киімнің қалған түрлерін ауа соғатын ортада жүргізіледі.

Сулы орта мен ауа соғатын ортадағы дәлдік индексі 120%-дан артық болмауы қажет.

Былғары-галантерея бұйымдардың қауіпсіздігі мына:

1) тұтқалары мен иықтық белдіктердің ажырату жүктемесі - механикалық көрсеткіштермен.

2) денсаулыққа зиянды химиялық заттардың модельді ауа соғатын ортаға және сулы ортада шекті бөлінуі химиялық көрсеткіштермен сипатталады.

  • Былғары-галантерея бұйымдары бөліктерінің бояуы құрғақ, ылғалды үйкелу және терлеу әсеріне орнықты болуға тиіс.
  • Былғары-галантерея бұйымдарының материалдарынан зиянды заттардың бөлінуін бақылау ауа ортада жүргізіледі.
  • Ауа соғатын ортадағы дәлдік индексі 120 %-дан аспауға тиіс.

Тоқыма және трикотаж материалдардың және олардан жасалатын бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Тоқыма және трикотаж материалдардың және олардан жасалатын бұйымдардың (бұдан әрі - киім және бұйым; тігін және трикотаж бұйымдар) биологиялық және химиялық қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер олардың функционалдық мақсатына қарай белгіленеді.

Киім мақсатына қарай: бірінші, екінші және үшінші қабаттағы киімдерге бөлінеді.

Бірінші қабаттағы киімдерге адам терісімен тікелей жанасатын киімдер жатады. Осы топқа бұйымның мынадай түрлері жатады: жайма бұйымдары (жайма, іш-киім және асхана жаймасы) ; корсеттік және суға шомылу бұйымдары; бас киімдер (жазғы) ; шұлық-ұйық бұйымдары; бет орамалдар мен басқа тартатын орамалдар.

Екінші қабаттағы киімдерге адамның терісімен шектеулі жанасатын бұйымдар жатқызылады. Аталған топқа көйлек-кеудеше, костюм (астарсыз), шалбар және жейде ассортименті мен көрсетілген ассортименттің ерлерге және әйелдерге арналған трикотаж бұйымдары жатады.

Үшінші қабаттағы бұйымдарға екінші қабат киімінің үстінен киюге арналған бұйымдар, оның ішінде пальто, қысқа пальто, күрте, плащ, костюм (астары бар) жатады.

Тоқыма және трикотаж материалдардан жасалған киімдер мен бұйымдардың қауіпсіздігі өнімнің түріне қарай белгіленген химиялық және физикалық-химиялық қасиеттері көрсеткіштерінің кешенімен (бояудың беріктігі, ылғал тартқыштығы, ауа өткізушілігі, үлестік электрлік қарсылығы, құрамында формальдегидтің және басқалардың болуы) сипатталады.

Тоқыма және трикотаж материалдары мен олардан жасалған бұйымдар мақсатына, функционалдығы мен физикалық-химиялық әсерлерге орнықтылығына қарай өнімнің нақты түріне арналған қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес келуі тиіс. [1. 2. 3]

1. 2 Жеңіл өнеркәсіптің орналасуына әсер етуші факторлар

Өндірістің ең маңызды салаларының бірі жеңіл өнеркәсіп болып саналады. Саланың айрықша деңгейі халықтық тұтыну тауарларын өндіруге бағытталған. Жеңіл өнеркәсіп салаларына тігін, трикотаж, былғары аяқ-киім, тоқыма, мех, фарфор-фаянс салалар жатады. Жеңіл өнеркәсіп бөліміне өндіргіш өнеркәсіп салаларынан Б - тобының өнімдерінен 25 пайызы келеді.

Жеңіл өнеркәсіптің территориялық ұйымы тұтыну және шикізат факторларына тығыз байланысты. Осы факторлардың әрқайсысы өндіру сатысына және техника - экономикалық ерекшеліктеріне қарай әртүрлі әсер етеді. Салалық және тұтынушылық факторлардан басқа сол және басқа территориялардың жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі үлкен мәнге ие болады. Жеңіл өнеркәсіп салаларындағы негізгі жұмыс күші болып әйелдер екенін айта кеткен жөн.

Алғашқы өндірістен өткізетін өнеркәсіптерде шикізат қалдықтары едәуір көп (30-40% шығатын шикізаттың салмағынан) сондықтан шикізат базаларына тартылады. Түкті мәдени дақылдарды өсіретін жерде алғашқы өндірістен өткізеді, ал жануарлардан алатын шикізатты алғашқы өңдеуден шикізат базасынан алыста өндіреді. Жүнді алғашқы өңдеуден тасымалдау кезінде де өткізуге болады, егер су және отынмен қамтамасыздандырылса. Тері өнеркәсіптерін жануарлар базасында сондай ақ етті пайдалану орталықтарында орналастыруға болады.

Жеңіл өнеркәсіпті орналастыруға (соның ішінде оның негізгі саласы - тоқыма саласы) ғылыми - техникалық төңкеріс үлкен әсерін тигізеді. Бұл әсіресе тоқыма өндірісінің құрамына және шикізат базасының өзгеруінен байқалады.

Табиғи талшық ақырындап химиялық талшықпен алмасуда. Өйткені, химиялық талшық өндіру жеңіл және шығыны аз болып келеді. Маталардың көп бөлігі табиғи және химиялық талшықтырдың қоспасынан жасалады.

Былғары өндірісінде маңызды орынды жасанды тері алады, өйткені табиғи тері қымбат шикізат және табиғи теріні өндірісте пайдалануға мүмкіндіктер жоқ.

Экономикалық жағынан дамыған елдерде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жер жерде ірі қалаларда да, сондай-ақ шағын және тіптен ауылдық елді мекендерде орналастырылады. Дамушы елдер үшін ауылдық өндіріс, оның ішінде үйде өндіру ерекше маңызды мәнге ие. Бұл ретте өндірілетін өнім тіптен экспортталады да (кілемдер, зергерлік бұйымдар және т. с. с. ) .

Шикізат базасы ретінде жеңіл өнеркәсіп үшін органикалық синтезді өзінің орналасу шарттарын өндіру жеке аудандарда күрт өзгерді. Шикізатты алғашқы өндіруге қарағанда дайын өнімді өндіру өнеркәсібін орналастыру қиынырақ болып сипатталады. Орналасу нұсқаларын қараған кезде көбіне шикізат, тұтыну және еңбек ресурстары факторларына қарайды.

Басты рөлде еңбек ресурстары факторы болып есептеледі, өйткені жеңіл өнеркәсіп өндірісінің саласы ең жұмысы көп сала ретінде қарастырылады. Сонымен қатар халық дайын өнімді тұтынушы болып саналады. Осылайша еңбек ресурсымен қамтамасыз етілген аудандар жеңіл өнеркәсіп өнімін жаппай пайдаланады және сонымен бірге өнеркәсіптерді орналастыру үшін қолайлы шарттар жасайды.

Соңғы жылдары әлемнің жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының орналастырылуына шешуші рөлді, әсіресе, кең тұтынылатын бұқаралық өнім шығаратын салаларда өндіріс технологиясының деңгейі емес, жұмысшы күшінің құны (еңбектің арзандығы) басты фактор саналып отыр. Өндірістердің «жаңа индустриалды елдерде» және басқа да дамушы елдерде күн өткен сайын көбірек шоғырлануы дәл осымен түсіндіріледі. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірудегі дамушы елдердің үлесі жалпы алғанда айтарлықтай (40-45%-ға дейін) артты.

Бірақ жеңіл өнеркәсіптің осындай қымбат, ерекше сәнді тауарлары шығарылатын шағын салалары және өндірістері бар. Осыған ұқсас кәсіпорындар экономикалық жағынан дамыған елдердің («сәнді заңдастырушылардың») мамандануы болып табылады. Солай бола тұрса да, бұл салада да өндірістердің дамушы елдерге орын ауыстыруы (әсіресе, зергерлік, тері, кілем, фарфор өнеркәсібі саласында) байқалуда.

Жеңіл өнеркәсіп шаруашылық кешенінің көптеген салаларымен тығыз өндірістік байланыста болады. Ауыл шаруашылығы өсімдіктің (мақта, зығыр, кендір талшығы, кендір жіп, қарасора) және жануарлар (қой, қозы және түйе жүндері мен терілері) тұт жібек құрта шикізаттарымен; машина жасау - станоктар және жабдықтармен; химия өнеркәсібі қолдан жасалған талшықтармен және синтетикалық терімен және де тұрақты бояғыш заттарымен қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде жеңіл өнеркәсіп өнімдері авиациялық және автомобильдік өндірісте, жиһаз, металлургиялық, химиялық және шаруашылық салаларында қолданысын табады. Жеңіл өнеркәсіп облыс орталығы Қостанай қаласында үлкен функцияны атқарады.

Бұл сала көп еңбекті қажет етеді, сондықтан жеңіл өнеркәсіптің орналасу факторларының ең басымдысы еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі болып табылады (көбіне әйел еңбегі) .

Басқа факторлардың арасында орналасудың мәні технологиялық өндірістік сатысына байланысты шикізат және тұтынушылық болып табылады.

Тұтынушылық фактор мақта - мата, жүнді, жібек, талшықты кендір және тоқыма сонымен қатар аяқ киім және тігін өнеркәсіптерінің орналасуына себеп болды. Өйткені шикізатты тасымалдау одан алынатын дайын өнімге қарағанда арзанырақ түседі.

Шикізат факторы ауыл шаруашылық шикізатының бірінші өндірімі өнеркәсіптің орналасуына әсерін тигізеді. Осылайша мақта шикізатын өндірген кезде 35-40% талшықты мақта өндіріледі, ал өсімдіктен зығыр талшығының шығуы 30-35% құрайды. Зығыр талшығы тасымалдануды аз қажет ететін шикізат көзіне жатады. Жүннің алғашқы өңделуі дайындау аудандарында жасалынады, өйткені шикізат алған кезде көп ластану болады.

Жеңіл өнеркәсіп салалары құрамынан мыналарды шығарады:

  • тоқыма өзіне қосатын салаларымен мақта - мата, зығыр, жүн, жібек; алғашқы өңдеуден өткен зығыр және жүн; киіз шеберханасы; тоқыма галантерейлік өндіріс;
  • тігін;
  • былғары, аң терісі және аяқ киім салалары.

Шаруашылықтың барлық саласын жаулап алған экономикалық дағдарыстың ең көп бөлігі жеңіл өнеркәсіптің дамуына кері әсерін тигізді. Өндіріс көлемінің түсуі барлық салаларда байқалады, соның ішінде тоқыма өндірісінде бұл жағдай қатты байқалады.

Техникалық жабдықтаудың әлсіздігі, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің сапасының өсуі бәсекелесуге жарамай қалды. Жаңа жабдықтарды шығару үшін қазіргі уақытта жеңіл өнеркәсіптің әр саласында көптеген факторлар әсер етеді. Солардың бірі болып машиналардың типтері мен түрлерінің көп болуы.

Жеңіл өнеркәсіп саласында техникалық және технологиялық артта қалу жағдайын атап кету жөн. Өнеркәсіп орындарының қиын қаржылық жағдайы жаңа технологияларды еңгізу үшін күштері жетпейді. Негізгі қорлары мен техника - технологиялық жабдықтарының жаңаруысыз әрі қарай дамуы мүмкін емес.

Жеңіл өнеркәсіптің әрі қарай төмендеуі ішкі және сыртқы факторларының әсерінен болады.

Жеңіл өнеркәсіптің өрістеуіне кері әсер ететін сыртқы факторлар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индустриалды даму
Индустриялық-инновациялық даму. Экономиканы индустриялық-инновациялық қалыптастырудың мәселелері мен басымдықтары
Аймақтарды мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасы индустриялы-инновациялық саясаты
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциясы
Қазақстан Республикасы ӨНЕРКӘСІБІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Батыс Қазақстан экономикалық, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер ететін физикалық - географиялық жағдайлар
Қазақстанның нарық экономикасына өту кезеңіндегі жер қойнауы ресурстарын игерудің жағдайы
Экономикалық даму туралы ақпарат
Кәсіпорындарда инновациялық қызметтің маңызы мен саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz