Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының педагогикалық-психологиялық негізі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының педагогикалық-психологиялық негізі . . . 6

1. 1 Әлеуметтік-азаматтық сезім түсінігі . . . 6

1. 2 Оқушылардың әлеуметтік сезімін қалыптастырудың негізгі құралы әлеуметтік орта . . . 15

ІІ Қазіргі мектеп оқушыларының әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастыру жолдары . . . 25

2. 1 Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастырудың жағдайлары, мәселелері . . . 25

2. 2 Азаматтық тәрбие - оқушының азаматтық сезімінің қалыптасуының негізгі факторы ретінде тәжірибелік-эксперименттік жобаны іске асыру жолдары . . . 35

2. 3 Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптасуын зерттеудегі жетістіктер, нәтижесі . . . 44

Қорытынды . . . 56

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 60

Кіріспе

Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі - тұлға құқықтары мен еркіндігін құрметтейтін, әлеуметтенуге қабілеті жоғары, адамгершілікті, өзге халықтың тілі мен дінін сыйлайтын толерантты құқықтық, демократиялық мемлекеттің азаматын тәрбиелеу болып отыр. [1]

Бүгінгі бала - қоғамның ертеңгі мүшесі. Сондықтан баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы, қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Қазіргі заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеудің түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру парызымыз.

Оқушыларға тиянақты да, сапалы білім беру ол ізденіс арқылы, оқушының құштарлығы мен қызығушылығы арқылы, сабақта жаңашылдық әдістерді пайдалану арқылы оқушыларды өздігінен еңбек етуге, алған білімін жаңа материалдармен ұштастыра білуге дағдыландыра отырып, оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуын тәрбие негіздері арқылы жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардың (баспасөз, радио, теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің саясатын жүргізеді. Оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуында тәрбие орасан күшті ықпал етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.

Оқушылардың мектептегі өмірі тұлғаның әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы кезеңде оқушы бойында адамгершілік дүниетанымдары, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, адалдығы мен шыншылдығы сияқты тұлғалық құндылықтары қалыптасады.

Оқушылардың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адамның дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. [2]

Оқушылардың бойында әлеуметтік-азаматтық сезімінің болуы қазіргі күн талабына сай тарихи тәжірибені қорытындылау - өзекті мәселе. Біздің ойымызша ХХІ ғасырдың басындағы қоғам құрылымының түбірлі өзгерістері Қазақстанның жаңа бағытта дамуы мектептердің оқу тәрбие ісіне үлкен ықпалын тигізді. Сондықтан қазіргі жағдайда қоғамды дамытудың тиімді жолдарын қарастырып жатқан бұрынғы тарихи әлеуметтік қарама қайшылық заңдылықтарды диалектикалық тұрғыдан жаңаша қарастыра білу көкейкесті мәселе болып отыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуындағы тәрбиенің маңыздылығын айқындап іс - тәжірибеде тиімді пайдалану, іске асыру.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: қазіргі қоғамға сай оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасу барысын зерттеу мақсатында зерттеу жұмысының тақырыбын «Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуындағы тәрбие негіздері» деп тұжырымдадық.

Зерттеу болжамы: - егер, қазіргі мектеп оқушыларының әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастырудың теориялық моделі берілсе, әлеуметтік-азаматтық сезім қалыптастырудың әдістемелік жүйесі жасалса, әлеуметтік-азаматтық сезім мазмұны мен көлемі анықталса, онда оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі артып, сабақ барысында, сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастыруға көмектесетін дидактикалық құралдар кеңінен қолданылып, білімді саналы түрде меңгертіп, жүйелі тәрбиелеу арқылы оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімі қалыптасады.

Зерттеу пәні: оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастыру үрдісі.

Зерттеудің әдіснамалық негізі: Жеке бастың әрекетшілдігі; жастар жөніндегі теориялық-әдістемелік еңбектер; жеке бастың әлеуметтік-азаматтық сезімі; қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және азаматтық қатынастарға тәуелділігі.

Зерттеу әдістері:

- зерттеу тақырыбымызға байланысты философиялық, әлеуметтік, педагогикалық әдебиеттерді талдау;

- озық тәжірибені зерттеп қорыту;

- мектеп құжаттарын сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жоспары және оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптасуын зерттеуге арналған психологиялық әдістерге талдау жасау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Оқушылардың әлеуметтік азаматтық сезімінің қалыптасуының педагогикалық-психологиялық негізін талдау;
  • Қазіргі мектеп оқушыларының әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастыру жолдарын қарастыру;
  • Әлеуметтендіру арқылы оқушыда әлеуметтік сезім қалыптастырудың маңыздылығын айқындау;
  • Оқушылардың әлеуметтік сезімін қалыптастырудың негізгі құралы әлеуметтік ортаның маңыздылығын ашу;
  • Азаматтық тәрбиені оқушының азаматтық сезімін қалыптасуының негізгі факторы ретінде қарастыру;
  • Оқу мен сыныптан тыс жұмыстардығы оқушылардың әлеуметтік азаматтық тәрбиесінің мазмұнын, түрін, әдістерін ұйымдастыру жолдарын анықтау.
  • Мектеп оқушыларының жекелеген әлеуметтік-азаматтық ерекшеліктерін психологиялық әдістемелерді қолдана отырып, зерттеу жұмысын жүргізу.

Зерттеу жұмысының нысаны: Қазіргі мектеп оқушылары және Рудный қаласы әкімдігінің №15 орта мектебінің 6 сынып оқушылары.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

- оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастырудың теориялық негізі жасалды.

- оқушыларда қалыптасатын әлеуметтік-азаматтық сезімдердің мазмұны, жүйесі, маңыздылығы анықталды.

- оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастырудың әдістемесі беріліп, эксперименттен өткізілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының педагогикалық-психологиялық негізі

1. 1 Әлеуметтік-азаматтық сезім түсінігі

Өзгермелі әлем жағдайында бүгінгі күннің талабына орай мақсат, міндеттерді шешу үшін оларды іске асыратын болашақ ұрпақ қоғам дамуына сәйкес болуы қажет. Қоғамдағы өзгерістердің бағыт-бағдары мен талаптары сол қоғамда өмір сүріп отырған адамдарға да жаңа талап-тілектер мен құндылықтарды жүктеп отырары сөзсіз. Ал бүгінгі күннің қояр басты талабы - әрбір адамның өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі өзгерістерді ой елегінен өткізіп, жаңа жағдайға, өмірге қарай бейімделуі яғни өздерін қайта құруы, бойларындағы құндылықтарды қайта бағалап, байыта отырып, өмір сүре алуы болып отыр. Осы өмір сүру барысында қалыптасатын, ал тақырыптың мәнін ашатын ұғымдардың негзігісі сезім. [3]

Сезім - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты. Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері. Ал, эмоция болса, адамның түрлі органикалық қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері. Мәселен, адам қуанғаннан немесе қамыққаннан козіне жас алады, не болмаса бір нәрсеге мәз болып шек сілесі қатқанша күледі, әрине мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі. Бұл сезім мен эмоцияның бірінші ерекшелігі.

Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар (мимика, пантомимика) жөнді байқалмайды, тұрақты терең әсерлі сезім адам психологиясындағы басты белгілердің бірі, ал эмоция болса мәнерлі қозғалыстарға бай келеді, мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады.

Адамның жоғары сезімдері - имандылық, интеллектілік, эстетикалық. Жоғары сезімдердің қалыптасуына, адамның өскен ортасы, отбасы, ұжымы елеулі әсер етеді, әсіресе халқымыз айтқандай "Сөз сүйектен өтеді . . . " т. б. мәтелдері сезімді тәрбиелеу қажет екеніне дәлел болады. Осы тұрғыдан алғанда, сезім ми қабығының жұмысынан, ондағы динамикалық стереотип жасалып отыратындығынан тәуелді. Мәселен, осы жүйке қызметінің орталықтарына зақым келсе, адам тойғанын білмейтін, немесе шөлі қанбайтын жағдайға ұшырайды. Бұл жерде де сезімдер мен эмоцияның бір-бірінен айырмашылығы байқалады.

Адамның сезімдері ылғи да қоғамдық-тарихи сипатта болады. Мәселен, адамның адамгершілік сезімдері (жолдастық, борыш, жауапкершілік, адалдық, шыншылдық, т. б. ) қоғамдағы өзгелерге байланысты өзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, нарық экономикасына көшкенде, жастардың сезімдерінде әр түрлі көріністерді байқаймыз. [4]

Сезім - адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық үрдіс. Сезімінің психикалық үрдіс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі - оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір үрдіске белгілі бір түрде рең беріп тұратындығы.

Сезімінің сан алуан көріністері мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық, рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық - күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Адам сезімінің қайнар бұлағы - бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық. Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. [4]

Әлеуметтік - азаматтық сезім белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасады, оның өзгеруіне қарай мазмұны мен түрі өзгеріп отырады. Әлеуметтік азаматтық сезімнің қалыптасуы іс әрекеттің барысында жеке адам қалыптасады, оның жетекші күші сұранысы мен қажеттілігінде. Өмір сүруі еңбек ету үшін қажеттілігін қанағаттандырады. Сондықтан әлеуметтік азаматтық сезімді қалыптастыру барысында қоғам мен жеке адамның сұранысы мен қажеттілігін зерттеп оны іс жүзіне асыру қажет.

Тарихи таным әлеуметтік даму мен азаматтық сезімнің қалыптасуының мәнін ашады.

Тарихи таным әлеуметтік - азаматтық сезімді қалыптастыруда екі функцияны атқарады.

[5]

Ұлы Отан соғысы жылдары әлеуметтік-азаматтық көзқарас - Отан үшін, жеңіс үшін өзін-өзі құрбандыққа берсе, Тоқырау кезеңінде жоғарыдағылардың үкімін мүлтіксіз орындау болды, ал енді Егемен құқықтық Республика кезеңінде - белсенді, саналы, шығармашылықпен ойлайтын азамат қажет. Біздің зерттеген түйінімізге қажетті уақыт ХХІ ғасыр оқушыларының әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуы. Бұл жылдары әлеуметтік сезім қоғам мүшелерінің бойында тұрақты деу қиын.

Жеке адамның әлеуметтік-азаматтық сезімі қоғамдық құрылысқа жауапкершілігі мен азаматтық борышты атқарудағы міндетінен көрінеді. Қоғам және жеке адамның қабілеті мен дамуы прогреске қарай бағытталуы тиіс. Ол педагогикалық басшылық арқылы қоғамның мақсат мүддесі мен оқушылардың талабына сай жүргізіледі.

Әлеуметтік-азаматтық дүниетаным адамның әдеті мен қажеттілігінің қалыптасуына ықпал етеді. Қоғам мақсатына сай оқушылардың іс әрекетін халықтық мұқтажын өтеу, өзін өзі жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Ұрпақ тәрбиесі - маңызды әлеуметтік-педагогикалық құбылыс. Себебі адамның болашақтағы барлық саналы өмірі оның бала күнінде алған тәрбиесіне байланысты. Тәрбие жұмысының мақсаты қашанда қоғамның объективті қажеттілігінен туындайды. Ал қазіргі Қазақстанның әлеуметтік қызметі - құндылықтар жүйесі мен идеялар өзгерістермен ерекшеленеді.

Өскелең ұрпақтың азамат болып қалыптасуы және оның шығармашылықпен дамуының негізі тәрбиеден бастау алады. Еліміздің ертеңі мен ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылығын талдағанда тәрбие проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ.

Озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Бүкіл өмір барысында іргелі қажеттіліктерді өтейтін, ашық жүйе ретіндегі ұлттық ойлауды қалыптастыратын тағылымды тәрбиеге тәуелді білімді қалыптастыру керек. Азаматтық сезімнің қайнар көзі, ұлттар мен ұлыстардың бейбіт қатар өмір сүруінің кепілі болатын ұлттық тәрбие қоғамның әлеуметтік рухани құралы болып табылады. [6]

Әлеуметтік-азаматтық сезім қалыптастыру - жастармен жүріп жатқан қазіргі жұмыстардың басым бағыттарының бірі. Қазіргі қоғамда бұл ұғым - Отанға деген, өзінің халқына деген махаббат, адалдық, азаматтық және қоғам игілігі үшін қызмет ету деген сияқты түсініктер ретінде қалыптасқан.

Қоғам тұтастығы, жастар арасындағы ынтымақтастықтың таяу болашағы, елдің интеллектуалдық және еңбек әлеуетінің дамуы мен ұдайы өндірілуі және мемлекеттің нығаюы талпынысы тек осында ғана болғандықтан жас азаматтар мен өскелең ұрпақтың құрылуы үшін әлеуметтік-азаматтық сезімді қалыптастырудың маңызы өте зор екені ақиқат.

Оқушыларды тәрбиелеудегі өмірлік бағыттар мен идеологиялық құндылықтары туралы мәселе қазіргі кезде әрбір білім беру мекемелері үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімін қалыптастырудың ерекшелігі - Қазақстан жастарын тәрбиелеу жүйесіндегі осы бағыттың орнын анықтайды. Бұл ерекшелікті білу, сондай-ақ тәрбиелеу жұмысының практикасында оны есепке ала білу. Білім жүйесінде азаматтық тәрбиені жүзеге асыруға және анық жоспарлауға мүмкіндік береді. Тәрбиелеуге кешенді тұрғыдан маңызды қарау принципімен қатар жүреді.

Сонымен бірге бар күш оқушылардың әлеуметтік талаптарына, олардың өздерінің керек екендіктерін, қоғам үшін бағалылығын түсінуіне бағытталуы керек. Оқушылардың шығармашылығы мен белсенділігіне деген әлеуметтік тапсырыс әлеуметтік сезімінің құндылығын меңгеруге үлкен жағымды серпін береді, оның тиімділігін оқу, тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру процестеріне ықпал етуін кенеттен арттырады.

Қоғамдық процестерге әр адам ерте балалық шақтан араласады. Сондықтан әлеуметтік-азаматтық сезіміде жас кезеңде басталады. Әлеуметтік жауапкершілік сезімі балада сәл кешірек, яғни мектептің екінші сатысында ояна бастайды. Әлеуметтік саналарды қалыптастыру кезеңдерінде берілетін білімдердің оқушылар жасы мен даму деңгейіне сәйкестігіне жете көңіл бөлінуі тиіс. Балаларға мектептің бірінші сатысында ''өкімет'', ''президент'', ''үкімет'', ''бедел'' т. б. ұғымдарды түсіндіруге нақты мысалдар пайдаланылса, тәжірибе жүзінде дер кезінде дәйектеліп, бекітілсе, онда олар бұл ұғымдарды тез меңгереді. Екінші, үшінші сатыдағы мектеп осы секілді қажетті ұғымдарды бекітіп, дамытады, нанымдарды қалыптастырады, тәрбиеленушілер әлеуметтік шынайы процестерге қызыға отырып, азаматтық сапаларын орнықтырады.

Әлеуметтік-азаматтық сезімі туа біткен сезім болып табылмайды, оны адам бойына дарыта білу керек. Бұл - күрделі, көп жоспарлы процесс. Оған тарихи сананы, яғни елдің батырлық және қайғылы оқиғаларын сараптап, елдің тарихына, мемлекеттік рәміздеріне, заңдарына, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау кіреді. Бұл процесс отбасы тәрбиесіне, күнделікті қолданылып жүрген дәстүрлерге, еліміздегі өмірдің деңгейі мен сапасына, әлеуметтік бағдарламалармен , яғни адамның өз елін мақтан тұтуына мүмкіндік беретін барлық факторларға едәуір дәрежеде байланысты болады.

Бүгінгі біздің еліміздегі білім жүйесінің мақсаты басқа елдердегі тәрбиенің озық үлгілерін қайталау емес, тәрбие үрдісінің негізінде білім беру және оқушыны тұлғалық деңгейде қарастырып, тұлғаны жан -жақты дамытып, әлеуметтендіру - заман талабынан туындаған өзекті мәселе екендігін мойындау. [7]

Адамның адам болуға лайықты және өмір сүре білуіне керекті басты қажеттіліктер:

1. Денсаулық қажеттілігі

2. Өзін қорғай алу және қауіпсіздік қажеттілігі

3. Ұжымда өзгелердің құрметіне ие болу және әлеуметтік ортада болу қажеттілігі

4. Өмірдің мәнін түсіну қажеттілігі

5. Өз мүмкіндігін іске асыра білу және өзіндік келбеті болу қажеттілігі

6. Даму үшін шығармашылық қажеттілігі

7. Атқаратын ісінен қанағат сезімін алу, ішкі талпынысын іске асыру, көңіл - күйін көтеріңкі ұстау қажеттілігі.

Қажеттілік баланың қызығушылығынан пайда болады. Осы қажеттіліктерді іске асыру кезінде адамның әлеуметтену процессі жүреді.

Әлеуметтендіру үрдісі әлеуметтіктен тыс қалған адамды тәрбие арқылы әлеуметтендіріп, сол қоғамға сай өмір сүруге дағдыландырады. Бұл үрдіс жеке бастың жас ерекшелігіне байланысты күрделеніп, өзгеріске ұшырайды.

Жалпы оқушыларды әлеуметтендіріп, жаңа қоғам өміріне қосу үшін, келесідей шарттар орындалу қажет:

  • Оларға өмір бойы қызмет ететін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға және ғылымның негізгі байлықтарын, ұлттық, жалпыадамзаттық мәдениетті игеруге мүмкіндік беретін, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың өздігінен ойлау қабілетін дамытуға, алда тұрған өмірлік, бағыт-бағдарлық және өндірістік міндеттерді өз беттерімен шешуге, жағдайдың өзгеруіне байланысты тез бейімдеуді, алған білімдерін нарықтық кезеңдегі өмірде қолдана білуді қажет ететін қазіргі заманғы күрделі техникамен және технологиямен байланысты алдағы еңбек жолында керек болатын білім негіздерімен, дағды-іскерліктерін және біліктіліпен қаруландыруға үйрету;
  • Оқу үрдісін барынша ізгілендіру мен гуманитарландыру принциптерін басшылыққа ала отырып, оқушыларға жалпы адамзаттың қол жеткен игіліктері мен ұлттық мәдениет, ғылым, тіл, өнермен ұштастырыла тәрбиелеудің негізінде жеке тұлғаны ана тілі мен ұлтаралық қатынас тілдерін, өзінің және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін білетін әрі қастерлейтін адамгершілігі мен мінез-құлық мәдениеті жоғары адамзат ретінде тәрбиелеуге үйрету;
  • Білім берудің басты принципі - жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және жетілідіріп дамыту қағидасын басшылыққа ала отырып, оқытудың барлық сатылары мен деңгейлерінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырып, одан әрі дамытып отыру үшін даралап және саралап оқытуға, оқыту үрдісінде үнемі жаңадан жетілдірілген әдістерді және ақпараттық технологияны мүмкіндігінше пайдалануға, оқытуды политехникалық бағыты бар түрлі еңбек іс-әрекетімен ұштастыруға, олардың өздігінен денсаулығын нығайтуына, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, сөйтіп, қоғамдық өмірді үнемі белсенділік көрсететіндей, нарықтық қатынастар жағдайындағы әр қилы өмірде өз бетімен өзін асырай алатындай етіп тәрбиелеу;
  • Ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, ұлттық психоология мен этиканың, өнердің компоненттерін барлық пәндердің мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәлім-тәрбие берудің нәтижесінде өз ұлтына тән ұлттық қадір-қасиеттерді, ұлттық сана-сезімді, мінез-құлықты, түйсік-түсінікті, көңіл-күйді, ұлттық сезімді, эмоциялық шымырқануды, ұлттық мақтанышты, ұлттық талғамды, ұлттық материалдық және рухани құндылықтарды, ұлттық мүдделерді, мақсат-мұраттарды, ұлттық өзіндік шаруашылық жүргізу машықтарын, іскерлік пен тәжірибені, өнерді меңгерту болып табылады.

Дегенмен, қоғамның дамуы әрбір тұлғаның бойындағы ізгі қасиеттерінің сапасына, әлеуметтенуі мен оның жалпы адамзаттық құндылықтарды игеру және қоғам игілігі үшін пайдалану қабілетіне байланысты болады.

Әлеуметтендірудің жетекші және анықтаушы бастауы - тәрбиелеу . Тұлғаны әлеуметтендірудің педагогикалық негіздері бала жасының психологиялық ерекшеліктері мен тығыз байланысты болуға тиіс. Оқушылардың дербестігі мен белсенділігін олардың еңбекке, өздеріне, қоршаған ортаға деген құндылық қатынастарын дамыту, оқыту мен тәрбиелеу процесінде жүзеге асыру арқылы қалыптастыруға болады.

Т. Парсонстың ойынша, әлеуметтену бала дүниеге келген қоғам мәдениетіне қатысты болса, рөлдерді қанағаттандырушы қызмет үшін бағыт-бағдар реквизитін игеру қажет. Әлеуметтенуде, дейді Э. В. Ильенков тәрбиемен қатар алдын-ала әдейі дайындықсыз, өздігінен туындаған ықпал арқылы адамның қоғамның толыққанды, толық құқылы мүшесі болуы байқалады.

Н. Смелзердің пікірінше адам алғаш өмірге келгеннен бастап әлеметтендіру барысында тұлғаны қалыптастыру жүріп жатады. Кең көлемді құндылықтарды, сол арқылы адамдар тіршілігінің бағдарларын меңгереді дейді. [8]

Ал ғалым Т. Қалдыбаеваның пайымдауынша “әлеументтендіру” ұғымы тұлға ұғымымен бірдей мәні бір, бірі адамның әлеуметік даму жолын бейнелесе, екіншісі соның нәтижесі, ал әлеуметтендірудің мәні - адамның адамдық қасиеттерін ашып, оны қоғамдағы әлеуметтік қатынасқа түсуге даярлау, тек әлеуметтік қатынасқа түсіп қана қоюға емес, саналы арақатынасқа, өзінен басқа да адамдар сезімі, мүддесі, сұранысы бар екенімен санаса отырып, адамдық мәніне лайықты қатынас жасау деп тұжырымдайды. [9]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының психологиялық негізі
Оқыту және балалардың жеке тұлғасының дамуы
Тәрбиенің тұлға дамуындағы рөлі
Құқықтық тәрбие жайлы
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Оқушылардың құқықтық тәрбиелеп қарастырудың көкейтесті мәселелерін ашу
Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі
Жеке тұлғаны өмірлік даярлауда әлеуметтендірудің алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz