Халық демографиясы жағдайы мен миграциясының басты заңдылықтарын, тенденцияларын зерттеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Елді, аймақты, елді мекендерді зерттеу үшін, халықтың санын, оның жыл сайынғы өзгерісі мен жынысқа, жасқа байланысты таралуын, қала мен ауылда қанша халық тұратынын, олардың ішінде еңбекке жарамды адамдар санын, олардың шаруашылықтың қай саласы мен айналысатынын, ұлттық құрамын, еңбек ету дағдысын, әдет-ғұрпын білудің маңызы зор.
Демография үшін бастысы - халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді.
Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделеді. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық жағдайы көптеген өзгерістерге ұшырады. Яғни туу, өлу немесе халықтың табиғи өсімінің көрсеткіштері өзгерді. Сонымен қатар демографиялық дамудың тағы бір маңызды факторы болып табылатын көші-қон жағдайы жаңа сипатқа ие болды.
Қостанай облысының жерінің жалпы ауданы 196, 0 мың км 2 немесе мемлекет аймағының 7, 2% құрайды (республика бойынша 6-шы орын) . Облыстың халық саны 2013 жылғы 1 қаңтарға ағымдағы деректер бойынша 880 109 адамды құрады. 2012 жылдың басымен салыстырғанда ол 0, 1%-ға артты, бұл халықтың табиғи өсімі әсерімен жасалған. Қазақстанның барлық халқының 5, 5% (республика бойынша 7-ші орын) құрады.
Қарастырылмақ тақырыптың өзектілігі облыстағы демографиялық және миграциялық ерекшеліктердің себептерін, яғни географиялық орнының, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тигізетін әсерін зерттеу болып табылады. Себебі көптеген жағдайларда демографиялық даму мен көші-қонның жалпы сипаты, түрлері ғана қарастырылып, ал олардың себептері ескерусіз қалып жатады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Зерттеу мақсаты осы күнгі халық демографиясы жағдайы мен миграциясының басты заңдылықтарын, тенденцияларын зерттеу. Сонымен қатар Қостанай облысының территориясын географиялық орнына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты топтастырып, оның демографиялық және көші-қон жағдайына әсерін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Халықтық географияның бір саласы саналатын демография ғылымының зерттеу обьектісін, негізгі түсініктерін қарастыру;
- Қазақстанның тарихи-демографиялық сипатына жалпы шолу жасау;
- Қостанай облысының демографиялық жағдайына табиғи және экономикалық фактордың әсерін анықтау;
- Қостанай облысының халқының сандық және сапалық көрсеткіштерін саралау;
- Облыс халқының тәуелсіздік жылдарындағы табиғи өсімін бағамдау.
Зерттеу жұмысының объектісі: Қостанай облысының демографиялық жағдайы
Зерттеу жұмысының теориялық негізі: Халықтың демографиялық жағдайының терең зерттелуіне үлкен үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдардың зерттемелері, ғылыми конференциялардың материалдары және басқа жарияланымдары болып табылды.
Зерттеу үрдісінде, сонымен бірге, отандық және шет елдік ақпарат көздері пайдаланылды. Зерттеудің талдамалық базасын Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің ресми статистикалық материалдары, Қостанай облысының статистика департаментінің цифрлік мәліметтері, интернет ресурстары құрады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Зерттеу жұмысының әдісі: Салыстырмалы - аналитикалық, экономикалық-статистикалық, сызбалы талдау, топтастыру, есептік-құрылымдық, және экономикалық-математикалық модельдеу, жүйелеу, картографиялық әдістері қолданылды.
І Халықтық географияның бір саласы саналатын демография ғылымына сипаттама
1. 1 Демография ғылымының зерттеу обьектісі және негізгі түсініктері
Демография (грекше демос - халық) - белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.
Демографиядағы ең басты мәселе - халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі - ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және миграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие.
Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мысалы, белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады.
Демография үшін бастысы - халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде «экономикалық демография» деп атайды.
Демографияның міндеттерінің бірі - халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау.
Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде демография саясат, экономика, медицина, математика, этнография, тағы басқа бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу әдістері мен тәжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, демография өз тарапынан да өзге ғылымдарға қажетті деректер береді.
Демографиялық процестердің өзіндік ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи қозғалыстары демографияның өзіндік зерттеу әдістерін қалыптастыруға негіз болды. Олар: әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткіштерін жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму - құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ әдісі; когорт әдісі (адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу) ; потенциалды демография әдісі, т. б. демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылым қорытынды жасау қажет.
Демографиялық болжау - бұл әлемде, аймақта, мемлекетте немесе оның бір бөлігінде күтілетін халықтың саны мен жастық - жыныстық құрылымының есебі. Оның нәтижелері еңбек ресурстарын жаоспарлауда, туылу мен әртүрлі жастардағы өлімдер деңгейлерінің, миграция тенденцияларының есебін жүргізуде қолданылады. Сонымен қатар, демографиялық саясаттың негізі болып табылады. Ал демографиялық саясат өз кезегінде әлеуметтік саясатпен тығыз байланыста болады.
Демографиялық статистика - бұл мемлекеттің немесе оның дербес топтарының халқының сандық құрамын, оның орналасуы мен жаңғыруын мінездейтін мәліметтерді жинаумен, өңдеумен және талдаумен айналысатын статистика ғылымының бір саласы.
Демографиялық күрт өсу - әлеуметтік-экономикалық немесе жалпы экологиялық жағдайлардың жақсаруымен байланысты халық санының күрт өсуі.
Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Сондай-ақ демографиялық коэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру, салғастыру тәсілдері де демографияның өзіндік зерттеу әдістерінің бірінен саналады.
Демография ғылымының негізін салушы - ағылшын ғалымы Дж. Граунт. Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған. Халықтың ахуалын, оның экономикамен байланысын У. Петти және Г. Кинг (Ұлыбритания), одан соң А. Депарсье (Франция) зерттеді.
Қазақстандағы демографиялық процестерді тарихи - әлеуметтік тұрғыдан қарастырған алғашқы зерттеулер қатарында М. Шоқайдың шетел баспасөзінде, М. Тынышбаевтың 1924 ж. «Сана» журналының 2-3-сандарында жарияланған деректерін, т. б. статистикалық еңбектерді атауға болады. Республикада бүгінгі таңдағы кәсіби демографтар М. Б. Тәтімов, Ұ. М. Ысқақов, Ә. Б. Ғали, М. Сембин, Е. Мұсабеков, С. Қарасаев, А. Елемесова, Н. Ермекова, А. Әлжанова, т. б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының, Қазақстан халқының өсу, даму заңдылықтары зерттелді.
Халықты есепке алудың екі әдісі бар. Олар: халық санағы және ағымдық есепке алу.
Елді, аймақты, елді мекендерді зерттеу үшін, халықтың санын, оның жыл сайынғы өзгерісі мен жынысқа, жақа байланысты таралуын, қала мен ауылда қанша халық тұратынын, олардың ішінде еңбекке жарамды адамдар санын, олардың шаруашылықтың қай саласы мен айналысатынын, ұлттық құрамын, еңбек ету дағдысын, әдет-ғұрпын білудің маңызы зор.
Бұл деректер уақытта да және материалдық игіліктер жалпы түрді орталықтандырылып таралатын жоспарлы экономика жағдайында да қажет болды. Олар қазіргі уақытта да керек. Оларсыз елдің дамуы мен халық санына, қаржыға болжам жасау, еңбекке жарамды және үкімет тарапынан көмекке зәру адамдарды, мектеп пен мектеп жасына дейінгі бала санын анықтау мүмкін емес.
Осындай мәліметтерді алу үшін халық санына ағымдық есеп жүргізіледі. Азаматтардың хал актілерін жазу мекемесінің және көші-қон саясаты бөлімдерінің мәліметтерін пайдалана отырып, елдің статистикалық қызметі халық саны мен басқа көрсеткіштерді есептеп отырады. Дегенмен, ең толық мәліметтерді кезеңдік халық санағы негізінде алуға болады. Мемлекет оны бірнеше күндер ішінде белгілі бір уақыт аралығында жүргізіп отырады (біздің елімізде 10 жыл сайын) .
Халық санағы кезінде азаматтар өздері туралы мәліметтерді береді. Халық санағының материалдары жинақталып, Қазақстан Республикасының статистикалық Агенттігі арқылы жинақтар мен анықтамалықтарда жарық көреді. Бұл - әлеуметтік-географиялық ақпараттың негізгі көздерінің бірі болып саналады.
Еңбек ететін адамдар - қоғамның негізгі өндіргіш күші болып табылады. Олар материалдық құндылықтарды өндірушілер ғана емес, оларды пайдаланушылар да болып саналады. Сондықтан халыққа сараптама жасау - кез-келген экономикалық-географиялық зерттеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Елдің, аймақтың, елді мекеннің халқының саны екі түрлі себептерге байланысты.
Бірінші фактор - туу мен өлудің нәтижесінде ұрпақ ауысуы, немесе халықтың табиғи өсімі, ал екіншісі - адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы (келу мен кету), немесе оны халықтың механикалық қозғалысы (көші-қон) деп атайды. Туу мен көшіп келу тұрғындар санын көбейтсе, ал өлу мен көшіп кету, керісінше азайтады.
Халықтың табиғи қозғалысын демография зерттейді. Сондықтан оның көрсеткіштерін демографиялық көрсеткіштер деп атайды. Олардың негізгілері - туу, өлу және табиғи өсім (туғандар мен өлгендер санының айырмасы) . Демографиялық көрсеткіштерді абсолюттік цифрлармен беруге болады, бірақ көбінесе оларды 1000 тұрғынға шаққандағы есеппен промиль арқылы ‰ белгісімен көрсетеді. Салыстырмалы көрсеткіштер тұрғындар саны әр түрлі елдің, аймақтың немесе елді мекендердің халық динамикасын салыстыру үшін қолданылады.
Туу көрсеткіші көптеген себептерге байланысты. Оның кедей отбасыларға қарағанда ауқаттыларында, ауылды жерлерге қарағанда қалада төмен екендігі бұрыннан байқалады. Сондықтан халықтың даму деңгейі мен тұрғындардың әл-ауқаты жоғарылаған сайын туу көрсеткіші азая береді. Бұл - экономикасы дамыған мемлекеттер мен қала халқының үлес салмағы жоғары елдерге тән жағдай болып саналады. Туу көрсеткішіне әсіресе, экономикалықы тығырық пен соғыс қатты әсерін тигізеді.
Демографтар тағы да некеге отыру жасы (ол жоғары болған сайын туу деңгейі де төмен болады) мен халықтың әдет-ғұрпы, ең алдымен діндер қолдайтын көпбалалық салт-дәстүр сияқты себептерді де бөледі.
Тууға әсерін тигізетін арнаулы демографиялық саясат жүргізіледі. Егер мемлекет халық санының өсуіне мүдделі болса, онда көпбалалы отбасыларға жағдай туғызады, яғни баланы бағып-күтуге берілетін демалыс мерзімін ұзартып, балалар жәрдем ақысын көбейтеді. Халық санының өсуін тоқтату үшін, керісінше әр түрлі шектеу шаралары жүргізіледі.
Тууды төмендету саясатының хрестоматиялық мысалын көршілес ел - Қытайдан көруге болады. Онда баланың дүниеге келуіне жергілікті үкіметтен рұқсат алу керек. Жалғыз баланың отбасы көп уақыт бойы үлгі ретінде саналып келді, ол мемлекеттің «бір отбасында - бір бала» ұранына сәйкес келеді.
Өлудің жоғарғы көрсеткіштері ең жас және ең кәрі адамдар арасында көп байқалады. Оның шамасы ең алдымен халықтың әл-ауқатына, денсаулық сақтаудың даму деңгейі мен қоршаған ортаның сапасына байланысты. Сонымен қатар халықтың кәсіптік сипаты да әсер етеді. «Лас» өндірістердегі жұмыс (металлургиялық, химиялық және басқа) кәсіптік аурулардан болатын өлім-жітімді көбейтеді. Ол халықтың ішіндегі қарт адамдардың үлесі көбейген сайын да артып отырады. Өлудің мөлшерінің шұғыл көтерілуі соғыс жылдарына сәйкес келеді.
Халықтың көші-қоны - адамдардың бір аудандардан екінші аудандарға тұру үшін қоныс аударуы болып табылады. Көші-қон адамдардың тек қана механикалық қозғалысы емес. Бұл - күрделі қоғамдық процесс. Ол бүкіл халықтың және елдің өмірінің көптеген жақтарын қамтиды: табиғи қозғалыс пен жас-жыныстық құрылмға, халықтың ұлттыұ және діндік құрамына, еңбек қорлары мен әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін тигізеді. Осыған байланысты көші-қон жан-жақты зерттеледі. Ғалымдар оның себептері мен түрлерін, бағыттары мен ұзақтығын, ауқымы мен динамикасын, сонымен қатар көшіп келушілер мен кеткендердің арақатынасын зерттейді.
Халықтың көші-қоны әр түрлі болып келеді. Бағыты бойынша оны ішкі және сыртқы деп бөледі. Сыртқы көші-қонға эмиграция, иммиграция және реэмиграция немесе репатриация жатады. Ішкі көші-қон бір елдің ішіндегі көшіп бару мен көшіп келуді құрайды. Адамдардың қоныс аударуының ең көп таралғаны әлеуметтік-экономикалық себептер, яғни олардың өмір сүру деңгейі жоғары жерлерді іздеуі, оқуға бару, отбасылардың туысқандарына барып қосылуы т. б. Ірі көші-қон барысы саяси себептерге, атапайтқанда, соғыс, мемлекеттік шекара өзгерісі, халықтың кейбір тобының дискриминацияға ұшырауына да байланысты. Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанға соғыс маңындағы зонадан 536 мың адам эвакуациямен келді, ал 200 мыңана астам қазақстандықтар Орал мен Еділ бойының зауыттарына майданға кеткендердің орнын ауыстыруға жіберілді.
Ішкі көші-қон әр алуан. Ауылды жерден қалаға қоныс аударушылар тұрақты түрде көп. Осыған байланысты елдегі бұрынғы урбандалу дәрежесі едәуір өсті. Қазір қоныс аударушылардың 3/4- ақаланы таңдайды. Сонымен бірге «қала - ауыл» көші-қоны, ауылдық елді мекендер арасындағы көші-қон, шағын және ірі қалалар арасындағы көші-қон да бар. Халықтың орналасуындағы маңызды өзгерістерді аймақ аралық көші-қон көрсетеді.
Олардың елдегі ерекше жағдайы, дамудың жоғары әлуетті, жұмысқа орналасудың қолайлы мүмкіндіктері шешуші рөл атқарады. Қазақстанның қалған бөліктері аудан аралық көші-қонда механикалық шығынға ұшырады. Ондай айырмашылықтар халықтың «ауысуының» ең белгілі екі бағытын қамтамасыз етті.
Сонымен, тәуелсіздік жылдары барысында көші-қонның масштабы, бағыты және нәтижелері өзгерді. Қазіргі уақытта ол халықтың динамикасына қарағанда, оның ел ішіндегі аумақтық таралуына көп әсер етеді.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында халықтың саны ғана емес, «құрамы» мен «құрылысының» да маңызы зор.
«Құрам» мен «құрылым» түсініктері бір-біріне жақын, оларды көбінесе синоним ретінде қарастырады. Дегенмен олардың арасында айырмашылықтар да бар. Көп жағдайда құрам-құрамдас бөліктердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Құрылым - сандармен берілетін салыстырмалы шамалар. Халықтар географиясы қоғамдық ұдайы өндіріс және қоршаған ортамен өзара әрекеттесі процесінде қарастырылатын халықтардың санын, құрамын және орналасуын оқып зерттейді. Халық құрылымының деректерінде діндік құрылымынан басқасы халық санағына енгізілген.
Жыныстық-жастық құрамы халықтың табиғи қозғалысына тәуелді.
Жасына қарай халықты үш топқа бөледі: біріншісіне - 0-ден 14 жасқа дейін, екіншісіне - ересек адамдарды (15-59 жас) және үшіншісіне - егде адамдарды (60 жас және одан асқандар) жатқызады.
Халықтың ішіндегі егде адамдардың үлесін демографтар халықтың қартаю коэффициенті деп атап, шамасын пайызбен белгілейді. Бұл көрсеткіш бойынша халықтың жас құрамын әр түрлі типтерге бөледі. Оның қалыптасуына ең алдымен туудың әсері зор, туу жоғары болған сайын халық та жасара түседі немесе керісінше болады.
Халықтың негізгі өндіруші бөлігі - еңбек қорларын анықтауда оның жасы басты өлшем болып табылады. Бұл үшін мемлекет жұмыс жасының «шегін» белгілейді. Әр елдерде олардың аздаған айырмашылықтары бар. Ол Қазақстанда еркектер үшін 16-63 жас, ал әйелдер үшін 16-58 жас.
Адамдардың бір бөлігі жұмыс жасының өзінде еңбек ете алмайды (мысалы, мүмкіндігі шектеулі жандар) . Сонымен қатар қоғамдық өндірісте зейнеткерлер мен жас өспірімдердің кейбір мөлшері еңбек етеді. Еңбек етуге қабілеті бар әрбір адам, халықтың еңбек ресурсын құрайды.
Еңбек ресурсының құрамына мүмкіндігі шектеулі адамдардан басқа жұмыс жасындағы барлық халық, сонымен қатар жұмыс істемейтін зейнеткерлер мен жасөспірімдер жатады. Сондықтан олардың шамасы халықтың санына, оның жас-жыныстық құрылымына, жұмыс істейтін жасөспірімдер мен зейнеткерлердің санына байланысты.
Нарықтық экономикалы елдерде экономикалық белсенді халық деген ұғым кеңінен қолданылады.
Экономикалық белсенді халық - бұл қоғамдық өндіріспен айналысатын немесе оған қатысуға тілек білдірген жұмысқа жарамды халық. Экономикалық белсенді халық жұмыс істейтін адамдар мен жұмыссыздар жатады. Ол экономикалық белсенді емес халықтың, яғни оқушылардың, студенттердің, әскери қызметкерлердің, үй шаруасындағы адамдардың есебінен жаңарып отырады.
Халық - елдің тек басты өндіргіш күші ғана емес, сонымен бірге көптеген ұлттардың бірлестігі. Халық ұғымының бірнеше мәні бар. Бұл сөзбен адамдардың санын, бір нәрсе туралы олардың пікірін, ұлтына қарамастан бір елдің тұрғындарын және бір ұлттың ғана адамдарын айтуға болады.
Сондықтан, ғалымдар этнос, жеке халық түсінігін қолданады. Ал онымен байланыстының бәрін этникалық деген терминмен атайды. Әрбір ұлттың өз тарихы, тілі, мәдениеті, тарихи отаны болады. Ұлттың бір бөлігі өз елінен басқа жерде тұруы да мүмкін. Оны - диаспора (грек тілінде - «шашылған») деп атайды.
Ұлттық үрдістер «халықтардың өзін-өзі бекітуі, мәдениетін қалпына келтіруі) қоғамдық дамуға әсерін тигізеді. Этникалық құрамен ұлттық дәстүрлер бір-бірімен сабақтас. Ауыл шаруашылығында, қол өнерде және көркем өнерде олардың рөлі зор.
Сонымен, демография ғылымы демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын айқындайды. [1. 2. 3]
- Қазақстанның тарихи-демографиялық сипатына жалпы шолу
Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткiшi мынадай: 1897 жылы - 4 333 мың адам, 1913 жылы - 5 597 мың, 1939 жылы - 6 082 мың адам, 1959 жылы - 9 295 мың адам, 1970 жылы - 13 009 мың, 1979 жылы - 14 684 мың.
1897 жылы бүкiлресейлiк халық санағының мәлiметi бойынша, қазiргi Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 - 1913 жылдар аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т. б. шет жұрттықтар есебiнен 1 264, 0 мың адамға көбейген.
Кеңестiк дәуiрде, әсiресе, 1930 жылдан кейiн Қазақстан жерiне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 - 1944 жылдар тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшiру науқаны жүргiзiлдi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz