Нарық жағдайындағы кәсіпорындардың инвестициялық қызметтерінің теориялық негіздері мен рөлі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

  1. Нарық жағдайындағы кәсіпорындардың инвестициялық қызметтерінің теориялық негіздері мен рөлі

1. 1 Инвестиция түсінігі, мәні, қажеттілігі және оның жіктемесі

1. 2. . Инвестициялық операцияларды ұйымдастырудың негіздері

1. 3 Инвестициялық операцияларды жүргізудің шетел әдіснамасы және оны Қазақстан экономикасы жағдайында қолдану мүмкіндіктері

2. Кәсіпорындардың несиелік-инвестициляқ операцияларды жүзеге асыруның қаржылық мүмкіндіктерін талдау

2. 1. Экономиканың қазіргі жағдайындағы кәсіпорындардың инвестициялық операцияларды жүргізуінің қаржылық қамтамасыздандырылуын талдау

  1. Кәсіпорындардың инвестициялық операцияларын экономикалық талдау
  1. Кәсіпорындардың инвестициялық-несиелік операцияларының тиімділігін арттыру мен бағалау әдістерін операцияларды жүргізуде маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және қолдануды жетілдіру. Кәсіпорындардың инвестициялық операцияларды жүзеге асыруында клиенттерінің қаржылық жағдайын IT технологиясы арқылы өңдеу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Әлемнің кез келген мемлекетінің экономикасының қызмет етуі және дамуы адамзат өмірінің көптеген факторларының өзара байланысының күрделі де, көп қызметті механизмі болып табылады. Бұл механизм жөніндегі қазіргі ғылым терең және де толық емес, кей тұсында жалпылама, сондай- ақ, күрделі де қарапайым.

Қазіргі кездегі экономиканың шындылығы, өзгерме ортада өтуде және өзгеру жылдамдығы оның зерттелуінен озық. Ендеше, экономикалық теорияның қазіргі жағдайы ғылыми экономистердің қанағаттанбаушылығына негіз бола отырып, көптеген өзекті проблемалардың шешілмеуіне және күрделі шындықтың барлық талаптарына жауап бере алмауда.

Нарық механизмінің қызметі жөнінде, нарықты зерттеу әдістері мен принцптері, экономикалық конъюктура жөнінде, еркін нарықтық экономикада кәсіпорынның бәсекелік позициясына әсер ету шараларының жиынтығы жөнінде терең білімді нарықтық басқару концепциясы ретінде маркетинг береді.

“Бізге экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік орталықтарын айқындап алып, олардың дамуын тұтастай алғанда еліміз экономикасының мүдделеріне бағындыру керек” деп Президент 2007 жылы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, қазіргі таңда инвестициялық- несиелік операциялар, экономика ғылымының өзекті салаларының бірі болып табылады. Егер нарықтық экономикасы дамыған шет елдерде инвестициялық салымдыр маңызды орынға ие болса, қаржыландыру көзі де, бизнестегі өз ойын қалыптастыру үшін де, ұсынылып отырған жобаның өміршеңдігін бағалау үшін де қажетті осы жоспарларды жасау тәжірибесі Қазақстанда әлі жиналуда/1/. дамыған

Біздің Республикамызда кең көлемде кәсіпкерлікті, әсіресе кіші және орта бизнесті қолдау бағдарламасы іске асырылуда. Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1268 Жарлығымен бекітілген «Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттік экономикалық саясаттың ең маңызды саласы болып табылады.

Бірақ отандық кәсіпкерлікті дамыту жолында бар кедергілер толық жойылды деп есептеуге болмайды, сондықтан кәсіпкерлік сферасының динамикалық даму және оның функционалдау тиімділігін жоғарылатуға ықпал жасайтын механизмдер қалыптастырылуда және әрдайым жасалуда.

Инвестициялық процестiң белсендiлiгiн арттыру әлеуметтiк-экономикалық қайта құрудың ең бiр әрекеттi механизмдерiнiң бiрi болып табылады.

Нарықтық жағдайды және микро-, макро деңгейде инвестициялық қызметтердiң механизмдерiн жан-жақты теориялық зерттеу қазiргi кезде өзектi мәселелердiң бiрi.

  1. Нарық жағдайындағы кәсіпорындардың инвестициялық қызметтерінің теориялық негіздері мен рөлі

1. 1 Инвестиция түсінігі, мәні, қажеттілігі және оның жіктемесі

Инвестицияны тар мағынасындағы анықтамасын капитал құнын сақтау мен оны өсіруді қамтамасыз ететін, пайда, басқаша айтқанда оң табыс көлемін әкелетін капитал орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар инвестиция емес, өйткені ақшаның құндылығын инфляция азайтуы мүмкін және ол ешқандай табыс әкелуін қамтамасыз ете алмайды. Егер осы соманы жинақтау банкісіне салынса, оны инвестиция ретінде қарастыруға болады. Өйткені осы салым кепілденген табыс береді.

Көбінесе инвестиция деп - пайда, табыс пен әлеуметтік қажеттіліктерді алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен әр түрлі экономика салаларының обьектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі. Инвестиция құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк несиелері акциялар мен басқадай құнды қағаздар, қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік (ғимараттар, құрал-жабдықтар, т. б. ), жерді пайдалану құқығы, табиғи ресурстар, мүліктік құқықтар және тағы басқалары кіреді. Инвестицияның экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны “тірі және затталған еңбектің өндірістік қуаттарды жасақтап, оның көмегімен өндіріс үрдісінде тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі”. М. И. Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға, ұзақ мерзімді, пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады/2/.

Дж. М. Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз, капиталды мүліктің осы кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі.

Инвестор - салым иесі, инвестицияларды жүзепге асыратын жеке адам, ұйым немесе мемлекет.

Инвестициялау (инвестициялық процесс) -бұл қарапайым және өндіріс қаражаттарын қалпына келтіруді ұлғайту процесі. Кәсіпорынның негізгі қоры, машиналар мен құрал-жабдықтар ескіріп, табиғи және сапалық тозуға ұшырайды. Олар өндірістік процесс барысында ұдайы ауыстырылып отырады. Кәсіпорынның дамуы, оның тиімділігінің ұдайы артып отыруы өндіріске жаңа үлгідегі техника мен технологияны тартуға, оны техникалық жағынан қайта жарақтану және қайта құруды жүргізумен тікелей байланысты.

Инвестиция - алуан түрлі күрделі қаржы бойынша инвестиция мемлекеттік және жеке, тура және портфельді (қоржынды) болып негізгі

материал мен тауар-материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға, тұрғын-үй құрылыстарының қызметтеріне бөлінеді.

Портфельді инвестиция (қаржы инвестициясы) деп кәсіпорынның құнды қағаздарын сатып алу сияқты жобалар тобына капиатал салуды айтады. Ол мемлекеттен басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған. Портфельді инвестиция жағдайында инвестордың негізгі міндеті оптималды инвестиция портфелін құрастыру және басқару болып табылады. Әдетте, ол қор нарығындағы құнды қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай портфельді инвестициялар көбінесе, қысқа мерзімді қаржылық операциялар түрінде көрінеді.

Нақты инвестиция деп - өндіріс процесіне тікелей қатысатын инвестицияларды айтамыз. Олар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа т. б. жұмсалымы. Мысалы, құралдарға, ғимараттарға, материалды қорына салынатын инвестициялар.

Нақты инвестиция инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Портфельді немесе қаржы инвестициясы жағдайында инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау” Заңы бойынша тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші рөлге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді резервтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Инвестицияның негігі түрлері. Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары.

Объектісіне қатысты инвестициялар келесі түрлерге жіктеледі:

  1. Мүліктік инвестициялар (материалды инвестициялар) ;
  2. Қаржылық инвестициялар;
  3. Материалдық емес инвестициялар.

Мүліктік инвестициялар - бұл нақта инвестициялар. Қаржылық инвестициялар - бұл қаржылық мүлікке салынатын салымдар, басқа фирмалардың жұмыстарына қатысу және борыштық құқығына ие болу. Мысалы, акция, басқа да құнды қағаздарды сатып алу/3/.

Ал материалдық емес құндылықтарға қатысты инвестицияларға зерттеу

мен талдау жасау, кадрлар даярлау, жарнама және басқаларға салынатын инвестициялар жатады.

Әрекеттің бағытына қарай инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:

  1. бастапқы инвестициялар немесе нетто-инвестициялар, кәсіпорынды негіздеуде немесе сатып алуда жүзеге асырылатын инвестициялар;
  2. өндірістік потенциалды ұлғайтуға бағыттылған, кеңейту инвестициялары (экстенсивті инвестициялар) .
  3. қайта инвестициялау, яғни кәсіпорынның негізгі қорының құрамын қолдау мақсатында жаңа өндіріс құралдарын жасауға немесе сатып алуға бағытталған бос инвестициялық қаражаттармен байланысты инвестициялар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

- бар объектілерді жаңа объектілермен ауыстыруға бағытталған

ауысттыру инвестициялары;

- рационализациялауға арналған инвестициялар, технологиялық

жабдықтарды немесе роцестерді жетілдіруге жұмсалады;

- шығару бағдарламасын өзгертуге жұмсалатын инвестициялар

- девирсификациялауға арналған инвестициялар, олар өнімнің

номенклатурасының өзгеруіне, өнімнің жаңа түрлерін шығаруға және

жаңа сату рыногын ұйымдастыруға жұмсалатын инвестициялар;

- болашақта кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге

бағытталған инвестициялар.

Бұған ғылыми жұмыстарға, кадрларды дайындауға жарнама, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар кіреді.

Инвестициялық процестің өзіне тән кешенді сатылары бар. Олар:

- капитал салымын қаржыландыру;

- инвестициялық объектілерін анықтау;

- аталғандардың орындалуын бақылау.

Инвестиция жайында шешім қабылдау басқарманың стратегиялық қиын міндеті болып табылады. Инвестициялау кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы тиімді шараның бірі.

Инвестициялар белгілі бір тәуекелмен байланысты. Бұл тәуекел салымдардың қайтарылу мерзімі көп болған жағдайда артады, бұл мезгілде нарық коньюктурасы, шикізат бағасы және жұмыс күші және тағы басқалары да өзгеруі мүмкін. Сондықтан салынған қаражаттар тез қайтарылуды қамтамасыз ететін жобаларға жұмсалады.

Инвестициялық жобалар мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Жобалау класына қарай:

- мегожоба;

- мультижоба;

- моножоба деп бөлінеді.

Мегожоба, бұл үлкен көлемдегі жоба, бірнеше жобалардың өзара байланыстарын, ресурстарды бөлу және орындалу уақыттарын шектеуден тұратын мақсатты бағдарлама. Бұл жоба мемлекеттік басқару деңгейінде қалыптасады және басқарылады.

Мысалы:

- халық шаруашылығының құрылымдық рефорса жасау;

- нарыққа өту және нарық үлгілерін жасау;

- сондай-ақ экономиканың жекелегкн секторлары мен түрлері өрістерін

дамыту бағдарламасы.

Бағдарламалар:

- халықаралық;

- салалық;

- сала аралық;

- аймақтық болуы мүмкін.

Мультижоба - ұйымдар мен кәсіпорындар шеңберңнде жүзеге асырылатын жоба.

Моножоба бұл - нақтылы міндеттерді жүзеге асыратын әр түрлі:

- техникалық;

- ұйымдық;

- экологиялық;

- әлеуметтік жобалар.

Бизнес - ақшаны бөлу, пайда алуға бағытталған стратегиялық және тактикалық тәсілдердің жиынтығын құрайтын адам қызметінің күрделі түрі болып табылады.

Несиелік салымдар жүзеге асыру жоспарлары шет ел тәжірибіесінде бизнес-жоспар деген атқа ие болды.

Бизнес (ағылшыннан аударғанда business: іс, қызмет, коммерция дегенді білдіреді) - пайда беретін, табыс немесе басқа түсімдер әкелетін экономикалық қызмет немесе басқа қызмет түрі. Бизнес-жоспар бұл іскерлік жоспарлауды білдіреді.

Бүгінгі таңда отандық тәжірибеде оның алуан түрлі анықтамалары бар, біразы шетелдік тәжірибеден алынған. Түрлі дерек көздерінен алынған бірнеше инвестициялық-несиелік жоспардың анықтамаларын қарастыра көрелік:

«Инвестициялық-несиелік салым банктің ішкі жоспарлау құжаты болып табылады, мұнда банктің коммерциялық қызметінің барлық негізгі жоспарларының аспектілері баяндалады, қаржы шаруашылық міндеттерді шешуге тиімді тәсілдер мазмұндалады».

«Инвестициялық-несиелік салым - банктің өзіндік кәсіпкерлік қызметіне берілетін шынайы баға, сонымен қатар ол нарық қажеттіліктерімен қалыптасқан жағдайға сәйкес инвестициялық-инновациялық шешімдерінің қажетті құралы».

«Нарықтық экономикада инвестициялық-несиелік салымдар жұмыс істеп тұрған банктер үшін кәсіпкерліктің барлық саласында пайдаланылатын жұмыс бағдарламасы болып табылады».

Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан экономикасында инвестициялық-несиелік салымдар жасау қажеттілігі туып отыр, себебі инвестициялық-несиелік операциялар керекті кәсіби тәжірибесіз кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін құрал болып отыр.

Инвестициялық-несиелік операциялар тек инвестиция, несие алу үшін ғана емес, сонымен қатар ойдың өміршеңдігін анық көре алу үшін де керек/4/.

Инвестициялық несие шеңбері 1-суретте көрсетілген.

Еркін кәсіпкерлік пен бизнесті жоспарлаудан құралады. Ешкім де бизнесменді өзінің бизнес операциялары үшін несие алуға немесе жоспар жасауға мәжбүр етпейді. Мұны өмірдің өзі тәжірибе, тәуекел қорқынышы, алдын-ала келіп білмеген салдарлар мәжбүрлейді.

1-сурет. Инвестициялық несие шеңбері

Нарықтық экономикада инвестициялық несиелеу операцияларының түрлері, мазмұны, құрылымы және тағы басқа белгілері бойынша көптеген үлгілері бар (2-сурет) .

Инвестициялық несиелік операциялар тұлғаның негізгі ойын, пайда әкелетін кәсіпкерлік операциясын іске асырудың ортақ идеясын білдіреді. Жоспарда белгіленген операцияның мазмұны мен бағыттылығы суреттеліп, негізделеді, күтілуші нәтиже есептеледі. Әдетте, инвестициялық несиелер: ірі, ұзақ мерзімді операциялар үшін қажет, өйткені көптеген аз ауқымды мәмілелер үшін ойластыру мен бағалау есептерін іске асырудың өзі де жеткілікті.

Әр түрлі белгілерге қарай инвестициялық жобаларды келесідей ажыратуға болады:

  • соңғы тұтынушы бойынша- ішкі пайдаланушыға, банктерге, жергілікті әкімшілікке, бизнес-серіктеске (сатып алушылар, несие берушілер), акционерлерге, инвесторларға арналған инвестициялық жобалар;
  • жасау мақсаттары бойынша- сыртқы қаржыландыруды алу; даму стратегиясын құру; компания іс-қызметін жоспарлау үшін арналған инвестициялық жобалар;
  • ресімдеу бойынша- қосымшасы бар және қосымшасыз инвестициялық несиелер;
  • көлемі бойынша- қысқартылған және жайылыңқы инвестициялық несиелер;
  • пайдаланатын әдістемелер бойынша- ЮНИДО (UNIDO) халықаралық, қазақстандық, ресейлік немесе жаңа батыс әдістемелерді пайдаланып жасалған инвестициялық несиелер;
  • жоспарлау көкжиектері бойынша- ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді инвестициялық несиелер;
  • қаржылық моделдеу бағдарламаларын пайдалану бойынша- Project Expert; АльтИнвест; Excel негізінде жасалған есептеулер; finmodel. ru сайтының бағдарламасын пайдалану арқылы жасалған инвестициялық несиелер;
  • жоспарлау объектісі бойынша- инвестициялық несиелер келесі субъектілердің қызметі жоспарлану мүмкін: компаниялар; компания тобы; шағын кәсіпорын; жоба; бизнес-бірлік (бизнестің бағыты) .

2-сурет. Инвестициялық салым түрлері

Инвестициялық-несиелік операциялар негізінде іс-әрекет бағдарламасы немесе үрдістердің орындалу жоспарлары әзірленеді.

Бірқатар жағдайларда инвестициялық несиелік іс-әрекеттер бағдарламасы мен жоспар біріктірілген. Операцияның инвестициялық несиені дайындау кәсіпкерліктің барлық нұсқалары мен түрлеріне тән болып келеді. Егер инвестициялық несиелік құжат түрінде пайда болмаса, онда ол ең болмағанда кәсіпкердің ойында өмір сүруі тиіс. Ірі көлемді қымбат инвестициялық несиелер жасау үшін, операция басталғанға дейін инвестициялық жоспарды құру қажет, бұл кәсіпкерлік қызмет үшін норма болып саналуы керек. Егер сіздің инвестициялық жосапрыңыз болмаса, онда бизнес-операцияны қаржыландыруға несие беруге келісім беретін адамды таба қоюыңыз қиын болады/5/.

Инвестициялық-несиелік операция процесі 3-суретте көрсетілген.

3-сурет. Инвестициялық-несиелік процес

Инвестициялық-несиелік операциялар құрылымы мен мазмұнында қатаң тәртіп жоқ, бірақ теория мен экономикалық тәжірибелермен белгіленген талаптар мен ережелерге бағынады.

Сіз өз бетіңізше алдын-ала инвестициялық жоспар жасай аласыз. Ол үшін мынаны ескеру қажет, капиталды инвестициялардың бастапқы шарты - болашақта алғаш инвестициялаған капитал шығынының орнын толтыруға жеткілікті болатын ақша түсімдері түріндегі экономикалық қайтарым алу, белгіленген мерзім ішінде инвестициялық жоспарын іске асыру.

Кез келген инвестициялық жоспардың тартымдылығы туралы әңгімелегенде, төрт элементті қарастыру қажет:

  • шығындар көлемі - инвестициялар (investment) ;
  • шаруашылық қызметтен келетін ақша түсімдері түрлеріндегі әлеуметтік пайдалар (operating cash teows) ;
  • инвестициялар өмірінің экономикалық мерзімі, яғни инвестициялық жоспардың кіріс әкелетін уақыт кезеңі (economic) ;
  • инвестицияның экономикалық өмір сүру мерзімі соңында капиталдың кез келген босатылуы - ликвидтік құн (termina value) .

Төрт элементке жасалған экономикалық талдау инвестициялық жоспардың тартымдылығына баға беруді мүмкін етеді.

Инвестициялардың жалпы түсініктемелері бір-бірінен онша ерекшеленбейді. Мәселен, «инвестициялар дегеніміз» - капиталдың орналасу тәсілі, ол капитал құнының сақталуын немесе ұлғаюын қамтамасыз етеді немесе кіріс көлемін әкелуі тиіс.

Мәселен, макроэкономикада инвестиция өндірістің жаңа құралдарына арналған, жаңа тұрғын үйге арналған шығындардың жиынтық шығыны болып табылады, тауар қорларының өсімін білдіреді. Басқаша айтсақ, инвестиция дегеніміз - ағымдағы кезеңде тұтынылмаған, бірақ экономикадағы капитал өсуін қамтамасыз ететін ішкі өнім үлесінің бір бөлігі.

4-суретте гипотезалық инвестициялық-несиелік операциялардың қаржылай профилі келтірілген.

шаруашылық қызметтен келетін

ақша түсімдері ликвидтік құн

инвестициялардың

өзін сақтау мерзімі интегралдық

экономикалық

нәтижелілік

уақыт

бастапқы инвестициялар

инвестициялардың экономикалық өмір сүру мерзімі

4-сурет. Гипотезалық инвестициялық-несиелік операцияның қаржылай профилі

Микроэкономикада инвестиция жаңа капитал жасау процесі (өндіріс құралдары мен адам капиталын қоса алғанда) ретінде анықталады.

Қаржы теориясында инвестиция деп шынайы немесе қаржы активтерін жасау процесі ұғынылады, яғни ол бүгінгі таңдағы белгілі бір құнның шешімін емес болашақтағы құнына алмасу болып түсіндіріледі.

Қаржылық - экономикалық сөздікте келесі анықтама беріледі: «Инвестиция дегеніміз - кіріс алу мақсатында негізгі және айналым капиталына салым салу». Материалдық активтерді инвестициялау деп жылжитын және жылжымайтын мүлікке (жер, ғимарат, жабдықтар т. б. ) салым салуды айтамыз. Қаржылай активтерді инвестициялау - құнды қағаздарға және басқа қаржы құралдарына салым салу болып табылады/6/.

Жалпы алғанда, инвестиция дегеніміз - пайда алу және (немесе) басқа да пайдалы нәтижелерге қол жеткізу мақсаттарында кәсіпкерлік және басқа да қызмет объектілеріне салынатын ақша қоры, құнды қағаздар, ақшалай бағаға ие басқа да құқықтар.

  1. Инвестициялық операцияларды ұйымдастырудың негіздері

Әрбір кәсіпкер өз қызметін бастағанда болашақта қаржы, материалдық, еңбек және интеллектуалдық ресурстарға деген қажеттілікті, оларды алу көздерін айқын көре білуі, сондай-ақ фирма жұмысының барысында ресурстарды пайдаланудың нәтижелілігін нақты есептей алуы тиіс.

Нарықтық экономикада банктердің кәсіпкерлік іс-әрекеттері тұрақты табысқа кенеле бермейді. Тұрақты табысқа жету үшін олар өз қызметін нақты әрі нәтижелі жоспарлауы, мақсатты нарықтардың жағдайы туралы, бәсекелестердің жағдайы туралы, сондай-ақ өзінің жеке перспективалары мен мүмкіндіктері туралы тұрақты ақпарат жинауы керек.

Алуан түрлі кәсіпкерлік формалары жағдайында түрлі фирмалар үшін және коммерциялық қызметін барлық салалары үшін қолданылатын басты ережелер бар, олар әлеуетті қиындықтарға өз уақытында дайындалуға, сол арқылы қойылған мақсатқа қол жеткізудегі қауіпті жағдайларды азайтып түсуге қажет. Бұрын атап өткеніміздей, инвестициялар тарту мәселесі, соның ішінде шетелдік инвестицияларды жұмыс істеуші және дамушы кәсіпорындарға тарту мәселесі маңызды міндет болып табылады. Ол үшін инвестицияларды талап ететін жосапрын рәсімделуін айғақтау мен негіздеу қажет болады.

Нарықтық экономикада инвестициялық жоспар кәсіпкерліктің барлық салаларында пайдаланылатын жұмыс аспабы болып табылады. Инвестициялық-несиелік операциялар банктің қызмет ету барысын суреттейді, басшылардың өз мақсаты мен міндеттеріне қалай қол жеткізетіндігін, жұмыс тиімділігін арттыру жолдарын көрсетеді. Жақсы әзірленген жоспар банктің өсуіне, нарықта жаңа белестерді иемденуіне көмектеседі, мұнда дамудың переспективалық жоспары жасалынады. Инвестициялық операциялар тұрақты әрекет болып табылады, ол жүйелі жаңартылып отырады, банк ішіндегі өзгерістерге байланысты өзгертулер енгізіледі, сонымен қатар банк қызмет жасайтын нарықтағы өзгерістер де ескеріледі. Инвестициялық несие белгілі бір банктің қызмет бағытын зерттеу мақсатына не зерттеу және ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Ұйымдастыру-экономикалық жағдайларда ол мыналарға сүйенеді: белгілі бір тауардың (қызмет үлгісінің) өндірісінің нақты бір жобасы - бұйымның жаңа бір түрін жасау немесе жаңа қызмет үлгісін көрсету (қажеттіліктерді қанағаттандыру ерекшеліктері т. б. ) ; ұйымның өндірістік - шаруашылық және коммерциялық қызметіне жан-жақты талдау, оның мақсаты - ұйымның күшті және нашар жақтарын басқа да осындай фирмалардың айырмашылықтарын бөліп көрсету; нақты міндеттерді іске асыру үшін экономикада пайдалыналатын қаржы, техника - экономикалық және ұйымдастыру механизмдерін зерттеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі
Қаржы, каржы шаруашылыгы және каржы жүйесі жайлы
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Банктердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың кезеңдері
Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеу
Қаржы, қаржы шаруашылығы және қаржы жүйесі
Экономикалық факторлар тербелістерінің қаржы нарығына әсерін бағалаудың теориялық негіздері
Кәсіпкерліктің экономикалық негізі
Кәсіпорынның баға және тарифтеу саясаты: қиыншылықтары мен оны қазіргі талаптарға сай жақсарту жолдарын теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz