Ветеринариялық рентген бөлмесіне қойылатын талаптар


Ветеринариялық рентген бөлмесіне қойылатын талаптар
Ветеринариялық рентген құралы тұратын және онымен жұмыс істейтін бөлмелерді жобалағанда олардың құрамы, аумағы мен көлемі шамамен төменгі мөлшерде болуы керек. Бұл ереже НРБ -99, СанПиН №5. 01. 030. 03-31. 01. 2003 ж. талаптары бойынша бекітілген. Рентген бөлмесі :
- процедуралық бөлме;
- Басқару жүйесі тұратын бөлме;
- Дәрігер - рентгенолог отыратын бөлме;
- Сурет шығаратын бөлмеден тұрады.
Процедуралық бөлме- ең негізгі бөлме. Бөлменің кіреберісінде 2 м биіктікте қызыл түспен «кіруге болмайды» деген сөз ақ жарық шам бетінде жанып тұруы керек. Бөлменің аумағы 25 м 2 , ал биіктігі 3, 5 м- ден, терезенің еденнен биіктігі 1, 5 м- ден кем болмауы тиіс. Қажет болған жағдайда процедуралық бөлмені қараңғылау үшін терезеде арнайы перде болу керек. Бөлмедегі ауаның температурасы шамамен 20 0 С-қа жуық . Жұмыс кезінде жасанды желдеткіштер оқтын-оқтын жұмысқа қосылып тұруы керек. Электр тогының әсерінен мамандарды, ауру жануарларды және онымен бірге келген адамдарды қорғау үшін еден тақтайтан жасалынып, линолеуммен қапталады. Бөлмені тазалап жуып тұру үшін қабырғалары майлы бояумен боялады.
Басқару жүйесі тұратын бөлме. Бұл бөлмеде өлшеу аспаптары мен басқару жүйесі тұрады. Аумағы 10 м 2 , биіктігі 3, 5 метрден кем болмағаны жөн. Еденінде - тақтай, линолеум төселген. Мезгіл - мезгіл ауа тазартылып тұруы керек. Бұл бөлме процедуралық бөлмеден бөлек, сондықтан ауасы йондалмауы тиіс. Ауру малдарды зерттеу қорғасындалған шыны әйнектен қарап тұрып жүргізіледі.
Дәрігер- рентгенологтың бөлмесі басқа бөлмелерден бөлек орналасқан. Бір дәрігрге арналған бөлменің аумағы 10 м 2 . Бөлменің биіктігі 3, 5 м. Ішінде столдар, орындықтар, рентгенограммаларды, флюоросуреттерді оқитын аспаптар(негатоскоп, флюороскоп) тұрады.
Рентген суретін шығаратын бөлме - аумағы 6 м 2 , биіктігі 3, 5 м. Электр шамы арқылы ғана жарықтандыруға болады. Едені тақтай. Бұл бөлмеде бейне шығарушы, бейне тұрақтандырушы, бекітуші ерітінділер, олардың ұнтақтары, таспалар, рентгенограммаларды кептіретін шкаф тұрады.
Рентген бөлмесінде жұмыс істейтін мамандар сәуленің қолайсыз әсеріне байланысты зияндығы жағынан «А» тобына жатады да оларға өкімет тарапынан төмендегідей жеңілдіктер беріледі:
А) жұмыс мерзімі 5 сағат (аптасына 6 жұмыс күні болса)
В) еңбек ақылары басқа ветеринариялық салада қызмет істейтін мамандарға қарағанда 25 процент жоғары;
С) жыл аяғындағы демалыс мерзімі 36 күн;
Д) зкейнеткерлі демалысқа әйелдер 45, ал ерлер 50 жасында шығады.
Рентген сәулесі мен электр тогының зиянды әсерлерінен сақтану
Рентгенология тәсілімен мүшелерді зерттегенде, дәрігер- рентгенологқа рентген сәулесі зиянды әсер етеді. Сондықтан, қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындап, одан қорғанып, сақтану қажет. Рентген құрылғысын сатып алғанда, онымен бірге рентген сәулесінің зиянды әсерінен қорғайтын құрал - жабдықтарды: қорғасындалған алжапқыш, қалқан және басқа да бұйымдарды бірге алу керек.
Рентген құрылғысымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін қатаң сақтайды. Оның бірі- жоғары кернеулі электр тогынан қорғану. Рентген құралы зауытта жасалғанда электр тогынан қорғану қауіпсіздігі өте қатаң ескерілген, егер аспаптың бір жерінде кездейсоқ ақау болса немесе дұрыс құастырылмаса, ол жұмыс істейтін адам өміріне қауіпті. Сондықтан тұрақты рентген аспабын арнаулы мамандығы бар қызметкер орнатып, оны жермен байланыстырады. Рентгенологтар рентген құрылғысымен жұмыс жасау ережелерінің ерекшеліктерін білу керек.
Рентген сәулесінің кері әсерінен қорғанудың негізгі үш ұстанымы бар, олар:
1. Экрандалумен қорғану- рентгенолог және оған көмектесетін қызметкерлерді рентген сәулесінің зиянды әсерінен сақтандыру үшін арнайы құрал - жабдықтарды пайдалану керек.
А) Қорғасындалған алжапқыш рентгеногтың денесі мен аяғын рентген сәулесінен қорғайды. Қорғасын тұзы сіңірілген, қалыңдығы 0, 5 мм резеңке алжапқыш сәуленің кері әсерін 95% - ға азайтады;
Ә) Қорғасындалған қолғап рентгенологтың және оның көмекшісінің қолын рентген сәулесінің тікелей әсерінен қорғайды. Ол да резеңке мен қорғасын тұзын бір- біріне сіңіру арқылы жасалға;
Б) Қалқан рентгенологтың құрсақ пен жамбас аумағын, аяқтарын рентген сәулесінен қорғайды. Ол дөңгелекке орнатылған ағаштан жасалған, оның ені 1, 5 м, ал биіктігі 1, 2 м- ге дейін болады, қалқанның бір жағы не қорғасындалған резеңкемен, не қорғасын қаңылтырмен көмкерілген;
Сонымен қатар зауыттан шыққан рентген құрылғыларды зиянды сәуледен қорғайтын арнайы құрылғылар қарастырылға, оларға жататындар:
-Рентген түтігінің сәуле шығатын саңылауына орнатылған сүзгі. Ол қалыңдығы 1-2 мм тік бұрышты немесе диаметрі саңылауды жабатын дөңгелек алюминийден жасалған қаңылтыр. Әрбір рентген түтігінде сүзгіш болуы қажет. Ол рентген түтігінде пайда болған жұмсақ сәулені өз бойына сіңіріп, тұтып қалады. Рентгенологтың терісінде жұмсақ сәуле көп әсер етуінен ең алдымен дерматит, соңынан іріңді қышыма, жазылмайтын жаралар және басқа аурулар пайда болуы мүмкін;
-Металдан жасалған кернейше - рентген түтігінің сәуле шығатын тұсына орналасқан. Ол рентген сәулесінің жан - жаққа шашырамай, белгілі бір нүктеге шоғырланып түсуін қамтамасыз етеді.
2. Арақашықтықпен қорғану - рентгенолог қызметкерлерінің жұмыс орны рентген аспабынан мейлінше алыс орналасуы керек. Арақашықтық екі есеге артқанда, рентген сәулесінің кері әсерінің төрт есеге азаятыны дәлелденген.
3. Уақытпен қорғану - рентген сәулесімен зерттеу(анодтан бөліну) уақыты неғұрлым аз болса, соғұрлым оның ағзаға тиетін кері әсері кем болады.
Рентген сәулесінің кері әсерінен толығымен қорғану бүгінгі таңда әлі шешілмеген мәселе, бірақ оның әсерінен аз да болса қорғануға болады. Ол үшін әр түрлі қорғануға арналған арнайы құрал - жабдықтарды орын - орнымен қолдану, қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындау қажет.
Рентген сәулесі зерттеу жүргізіп жатқан дәрігермен оның көмекшілеріне тікелей не жанама әсер етуі мүмкін. Бұл сәулелердің әсерінен ауа иондалып, бірнеше сағат жұмыс жасағаннан кейін процедуралы бөлмеде көп мөлшерде зиянды озон мен азот қосындылары жиналады. Ал бұл заттар күнде жұмыс істейтін зерттеушілердің ағзаларына тыныс алу мүшелері арқылы кері әсерін тигізеді. Ол үшін рентген бөлмесі күнде желдетіліп тұруы керек. Рентген бөлмесінің қызметкерлеріне жылдық әсер ету дозалары рентгенологтар үшін 0, 71 мкЗв, рентгентехниктер үшін 0, 96 мкЗв аспауы керек. Оны бақылап отыру үшін дәрігер - рентгенолог мен рентген - лаборанттарда арнайы жеке дозиметрлер болуы керек.
Тест
1. Рентген кабинеті қанша бөлмеден тұрады?
А) процедуралық, басқару жүйесі тұратын бөлме, рентген суретін шығаратын бөлме
Ә) басқару жүйесі тұратын, процедуралық, лаборатория, рентгенолог бөлмесі
Б) процедуралық, басқару жүйесі тұратын, рентгенолог бөлмесі, рентген суретін шығаратын бөлме
В) процедуралық бөлме, туалет, рентгенолог бөлмесі, автоклав бөлмесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz