«Kaspi bank» АҚ-ның құрылу тарихы мен несие беру қызметі туралы жалпы мағлұмат алу


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Банк - ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер мен жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен қүнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операцилар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, банктер аралық қызмет атқарып, ақша пиасасында тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады. Міндеттеме талаптың пайда болу процесі қаржылық-делдалдық қызметтің негізін құрайды. Банк - ерекше кәсіпорын. Егер кәсіпорын қызметінде ақша төлем рөлін атқарса, ал банк қызметінде ол тауар орнына жүреді. Банктер уқытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару, т. с. с. өзіндік арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т. б. қызметтерді де атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті және активті болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына банктің өзіндік капиталы, депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан қосымша ресурстар алу жатса, ал негізгі активті оперцияларға банкаралық кредит беру, инвестицилық қаржы бөлу, т. б. жатады.

Дипломалды тәжірибенің зерттеу объектісі - «Kaspi Bank» АҚ болып табылады.

«Kaspi bank» АҚ-ның басты миссиясы - Әрбір клиентке үздік сапалы қызмет көрсету арқылы оның қажеттіліктерін күткенінен де асыра қамтамасыз ету.

Банк клиенттері мен серіктестеріне озық нарық мүмкіндіктерінің толық спектрін ұсынуды өз қызметінің басты мақсаты деп біледі.

«Kaspi Bank» АҚ кәсіби қызмет тиімділігі мен корпоративтік әдеп нормаларына бейімділігін үйлестіре отырып, мемлекеттің көркеюіне өз үлесін қосу арқылы нарықтағы өз позициясын нығайтуға және болашақта жоспарлы түрде даму үшін база қалыптастыруға ниетті.

Диплом алды тәжірибенің басты мақсаты - «Kaspi bank» АҚ-ның құрылу тарихы мен несие беру қызметі туралы жалпы мағлұмат алу.

Жалпы, диплом алды тәжірибесінің жазылу құрамы кіріспе, 3 бөлім, сондай-ақ қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер қамтып отыр.

Бірінші бөлімде, «Kaspi bank» АҚ-ның экономикалық қызметіне жалпы сипаттама берілген, яғни банктің шығу тарихы, электрондық қызмет көрсету ережелері және кадрлық саясаты қарастырылған.

Екінші бөлімде, банктің қаржылық көрсеткіштеріне талдау жасалынған, соның ішінде несие қызметін және активтер операциясын және активтер өтімділігін талдау.

Үшінші бөлімде, «Kaspi bank» АҚ-да қаржылық есеп беруді ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылған

1 «Kaspi bank» АҚ-ның экономикалық қызметіне жалпы сипаттама

1. 1 «Kaspi bank»АҚ-ның қалыптасу тарихы

1991 жылғы 1 қаңтар - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Әл Барака Қазақстан» Халықаралық банкін құру туралы Жарғыға қол қойып, кейін "Каспийский" Банкі" ААҚ оның құқықтық мұрагері болды. «Әл Барака Қазақстан» ХБ халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асыруда, Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвестицияларын тартуда және қызмет көрсетуде жетекші орындардың бірін иеленді. Алты жылдық тиімді қызметі барысында Банк өзінің халықаралық банк ретінде беделін күшейтіп, Қазақстан Республикасындағы көшбасшы банктердің арасында мықты позицияны иеленді және келбетті клиенттер желісін құрды.

1997 жылғы 12 қаңтар - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарына сәйкес міндетті қайта тіркеу жұмыстарын жүргізуге байланысты "Әл Барака Қазақстан" ХБ атауы "Каспийский" Банкі" Жабық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.

1997 жылғы сәуір - «Каспийский» Банкі» ЖАҚ мен «Қаздорбанк» ААҚ (1989 жылдың 13 қаңтарында құрылған және тіркелген) серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімге отырды. Серіктестер арасындағы өзара іскерлік қатынастың сындарлы стилі және ақпаратпен, жоспарлармен ашық алмасу, қызметкерлердің өзара тағылымдамасы нәтижесіндегі терең түсіністік серіктестердің бәсекелестіктегі артықшылықтары мен әлсіз жақтарын айқындап, екі банктің бірігуі мен қайта ұйымдастырылуы екі жаққа пайдалы екеніне көз жеткізді. Қаржы нарығындағы жағдай мен Қазақстан Республикасының банк жүйесінде байқалған банк капиталдарын шоғырландыру жөніндегі үрдістер, сондай-ақ банк санының қысқаруы, серіктес банктердің қосылуына оң жағдай туғызды.
1997 жылғы 12 желтоқсан - «Каспийский» Банкі» ЖАҚ пен «Қаздорбанк» ААҚ өз еріктерімен қосылуы нәтижесінде құрылған «Каспийский» Банкі» ААҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі №245 бас лицензиясын берді.

2000 жылғы 16 ақпан - Банк «Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры» ЖАҚ қатысушысы болады. №0011 куәлік.

2002 жылғы қаңтар - Банк бөлшекті бағыттағы жұмысын белсенді дамытып, жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері арасында жеке тұлғалардың шұғыл салымдарының рейтингінде көшбасшылар ондығына кірді.

2003 жылғы 1 тамыз - 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес «Каспийский» Банкі» ААҚ «Каспийский» Банкі» АҚ болып өзгертілуіне байланысты әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.

2003 жылғы 2 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы №408 Қаулысы бойынша «Каспийский» Банкі» АҚ халықтық акционерлік қоғам мәртебесі берілді.

2006 жыл - Әлемнің дамушы нарығындағы ең табысты инвестициялық қорлардың бірі «Бэринг Шығыс Прайвит Эквити Фанд» институционалды инвесторының «Каспийский» Банкінің акционері болып келуі елеулі оқиға. «Бэринг Шығыстың» басқаруындағы қорлардың инвесторлары арасында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Нидерландтық FMO дамыту агенттігі секілді танымал халықаралық қаржы институттары, тағы басқа зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. «Бэринг Шығыс» ТМД, Азия, Үндістан, Еуропа мен Латын Америкасында $12, 2 млрд. активі бар тікелей инвестициялау қорларын басқаратын «Baring Private Equity International» тобының құрамына кіреді.

2008ж. 15 қараша - kaspi bank жаңа брендті іске қосылды. Қазақстан халқының назарына жаңа пішімдегі - жарқын, ешкімге ұқсамайтын, заманауи банк ұсынылды.

2008ж. 15 қараша - Алматы қаласында Абай даңғылының бойында жаңа пішімдегі алғашқы «Стадион» бөлімшесі ашылды.

2009ж. ақпан - «Просто о финансах» атты клиенттік журналдың алғашқы шығарылымы шықты. Журнал - қолжетімді, қызықты, онда оқырмандарға банктік өнімдер туралы айтылады, атап айтқанда халықтың қаржылық ликбезімен айналысады. 2012 жылы «Просто о финансах» журналы PR-форумы аясында өткізілген конкурстың жеңімпазы атанды. 200 000 дана тиражбен шығатын журнал Қазақстандағы ең үздік корпоративтік басылым болып танылды.

2009ж. желтоқсан - Жылдың қорытындысы бойынша kaspi bank «Қазақстандағы Жыл Банкі» атағына ие болды. Бұл атақты қаржы өндірісіндегі ең танымал басылымдардың бірі болып табылатын «The Banker» (Financial Times) журналы берді. Басылым өз таңдауын былай деп түсіндірді: «Сырттағы қиын әсерге қарамастан, kaspi bank қарқынды түрде дамып, бөлшек бизнес саласында өзіне лайық орынға ие бола білді. - Жоғары деңгейдегі технологияның, кәсіби басқару командасының, сыртқы капитал нарығында қаржыландыруға тәуелділігінің аз болуының арқасында kaspi bank осыларға қол жеткізді».

2010ж. күз - «100 бөлімше» жобасы іске қосылды. Kaspi бүкіл Қазақстан бойынша менеджер мен клиенттің өзара қарым-қатынас орнатуына жарық, жайлы, ыңғайлы бөлімшелер аша бастады. 2011ж. қазан айында сәтті түрде іске асырылды. kaspi-дің бөлімшелері әлі күнге дейін ашылу үстінде. Қазіргі таңда банктің сатылым желілері ең ірі сатылым желілерінің бірі болып табылады.

2012ж. наурыз - kaspi. kz интернет бөлімшесі ашылды. Түсінікті интерфейс, пайдалануға оңайлығы және төлемдер үшін комиссияның жоқтығы оның ерекшелігін құрайды. 2013ж. наурыз айында kaspi. kz арқылы миллионыншы төлем жасалды!

2012ж. мамыр - kaspi қазақстандықтарға ең жылдам кепіл автонесиесін ұсынды. Клиент несиеге берілетн мақұлдауды 30 минуттың ішінде ала алады. Банк кепілді ресімдеу, сақтандыруды ресімдеу, автоны МИД-да тіркеу шығыстарын өз мойнына алды. Клиент көліктің кілтін санаулы-ақ күндерде алады. Жарты жылдан кейін, 2012 жылғы қарашада kaspi автонесиелеу нарығында №1 атанды.

2012ж. қыркүйек - Алматы қ., Наурызбай батыр, 154А мекенжайында орналасқан жаңа Бас офиске қоныс аударды. Ғимараттың дизайны - kaspi-дің стилінің көрінісі - ашықтық, еш кедергілерсіз, шегарасыз еркін араласу.

2012ж. қазан - kaspi бөлшек портфелінің мөлшері бойынша Қазақстанда №1 атанды.

2013ж. маусым - kaspi депозиттік портфелінің мөлшері бойынша Қазақстан нарығында №3 атанды.

2013ж. шілде - kaspi-дің барлық бөлімшелері мен филиалдары аптасына 7 күн, үзіліссіз және жұмыс күндері сағат 20. 00-ге дейін жұмыс істейтін режимге көшеді. Kaspi - мұндай кестемен жұмыс істейтін Қазақстандағы жалғыз банк.

2013ж. шілде - Мобильді төлемдер үшін алынатын комиссияларға соғыс жариялады. Үйдің қасындағы дүкендерге, вокзалдарға, дәріханалар мен кафелерге kaspi терминалын орнату басталды. Бұл терминалдар арқылы ұялы телефон балансын комиссиясыз толтыруға, депозитті толықтырып, несиені төлеуге болады. Осының барлығы бөлімшеге кірместен және кезекте тұрып уақыт жоғалтпастан, үйіңіздің немесе жұмысыңыздың қасында жасалады. 2014ж. маусымға дейін 3000 терминалдан артық терминал орнатылды.

2013ж. қазан - Голливуд жұлдызы Антонио Бандерас kaspi менеджері болып жұмыс істеп, жаңа туылған нәрестелердің өмірін сақтап қалу үшін «Тыныс ал, балақай» жобасының аясында «Аяла» қайырымдылық қорына 38 миллион теңге табыс етті. kaspi bank 5 жыл көлемінде 60 млн. теңгеден астам қаражат бөлді, осының есебінен Алматы қаласындағы барлық перзентханалар мен перинаталдық орталықтардың балалар реанимация бөлімі өмірлік қажетті медициналық аппараттарға қол жеткізді. 38 миллион транш Орал, Ақтау, Түркістан қалаларындағы облыстық перинаталдық орталықтарды жабдықтау үшін бөлінді. Орнатылған жабдық салмағы өте аз сәбилердің өмір сүруін 5 есеге дейін арттырады!

2013ж. қазан - kaspi bank халықаралық капитал нарығында 200 миллион доллар тартты. Бұл мәміле - Қазақстанның банктік секторы үшін соңғы екі жылдағы алғашқы айтарлықтай оқиға. Сарапшылардың ойынша kaspi bank-тің бұл әрекеті қазақстандық банктерге халықаралық капитал нарығына жол ашады және инвесторлардың сенімін қайтарады.

2014ж. ақпан -Үш қазақстандық банкке, соның ішінде kaspi-ге арандатушылық sms-шабуыл жасалды. Шабуыл жасалғаннан кейін 72 сағаттан соң kaspi үш мәрте «Рақмет» айтты. Арандатушылыққа бой алдырмай, банкке деген сенімін жоғалтпаған барлық клиенттерге рақмет. Барынша қысқа мерзімде клиенттердің талаптарын қанағаттандыру үшін аянбай еңбек еткен қызметкерлерге рақмет. Банкті құлдыратқысы келген теріс ниетті адамдарға және sms-террористерге рақмет. Нәтижесінде kaspi әрі оның қызметкерлерінің командасы қанатын қатайтты, ал сенімді банктің беделі арта түсті.

2014ж. сәуір - kaspi «Әр сынақ бізді шыңдай түседі» науқанын іске қосты. Сочиде өткен Олимпиаданың жалғыз қазақстандық жүлдегері Денис Тен бұл науқанның алғашқы кейіпкері атанды.

2014 ж. маусым - «Kaspi Bank» АҚ барлық қазақстандықтар үшін жаңа дизайндағы және функционалы бар kaspi. kz сайтын ұсынды. kaspi. kz -те шоттарды үйден шықпай-ақ 1 минутта комиссиясыз төлеуге болады.

2014 ж. қыркүйек - «Қаһармандар Kaspi-мен бірге» имидждік науқаны басталды. Оның аясында Kaspi таңғаларлық нәтижеге қол жеткізген қарапайым қазақстандықтар жайлы әңгімелейді. Бұл адамдар бізбен бірге және біздің заманда өмір сүріп жатыр. Олардың әрқайсысы мүмкіндіктің аясын кеңейтіп, «жоқ» деген сөзді қабылдамай, қажырлы еңбегімен бірегей нәтижеге қол жеткізді. Алғашқы қаһарман Марат Жыланбаев болды.

2014 ж. қыркүйек - Ақпараттық технологияларды, математиканы, статистиканы, эконометриканы оқып-игеріп жүрген студенттер үшін «Kaspi деректер зертханасы» жобасы іске қосылды. Олар үшін екі айдан асатын курс әзірленді және одан кейін алған білімдерін тестіледі. Тестіні сәтті тапсырған студенттер Kaspi Bank-тің талдау бөліміне жұмысқа шақырту алды.

2014 ж. желтоқсан - Kaspi бонустық бағдарламаны іске қосты. Кaspi Бонус - бұл kaspi. kz арқылы сатып алып, төлем жасайтын клиенттерге айтқан рақметіміз. Жиналған бонусты қызмет ақысын төлеуге бірден жұмсауға болады. 1 бонус = 1 теңге.

2014 ж. желтоқсан - Kaspi Bank тауар таңдау және сатып алу бойынша бірегей сервис Kaspi Магазинді ұсынады. Жаңа инновациялық онлайн сервис қазақстандықтарға үйден шықпай-ақ тауар таңдап, сатып алуға несиені мақұлдауды алуға мүмкіндік береді.

2015 ж. қаңтар - Kaspi «Қаһармандар Kaspi-мен бірге» науқанының кезекті қатысушысы Тұяқ Есқожинаны таныстырды, ол, аты айтып тұрғандай, ата-анасының зарыға күткен жалғызы бола отырып, Қазақстандағы тату-тәтті әрі ең үлкен отбасының анасы болды. Оны үш жүз елу баланың анасы деп атайды!

2015 ж. сәуір - Kaspi Bank және kolesa. kz сайты «Колёса тексерген» атты бірегей сервисті іске қосты. Ол сатушыларға автомобильді тезірек сатуға, ал сатып алушылардың тексерген автомобильді таңдап, 1 күннің ішінде несиеге көлік сатып алуына мүмкіндік береді.

2015 ж. мамыр - Kaspi «Қаһармандар Kaspi-мен бірге» бірегей бағдарламасын жалғастыруда. Осы жолы «Kaspi-мен бірге Қаһарман» белгілі қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев болды. Ол серіктестерімен бірге топпен мұзды жел мен сақылдаған аязда шыңы 8 000 метрден асатын әлемнің барлық ең биік 14 шыңын бағындырды.

1. 2 «Kaspi Bank» АҚ-да электрондық банктік қызмет көрсету ережелері

«Kaspi Bank» АҚ-да электрондық банктік қызмет көрсету ережелері (бұдан әрі - Ережелер) «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2008 жылғы 28 наурыздағы №18 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметін көрсету ережесіне» сәйкес әзірленді.

Ережелер Банктің көрсететін «www. kaspi. kz» интернет-ресурсында және басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы электрондық банктік қызметтерін көрсету тәртібін анықтау мақсатында әзірленді. Ережелердің аясында банктік қызмет көрсету шарттары бойынша, соның ішінде «Kaspi Bank» АҚ-ның банктік қызмет көрсету шарттарының бас (үлгі) ережелеріне, «Kaspi Bank» АҚ-ның несие картасын беру және оған қызмет көрсетудің стандарт ережелеріне, «Kaspi Bank» АҚ-ның несие желісін берудің стандарт ережелеріне (бұдан әрі - Бас ережелер) сәйкес жасалған шарттар бойынша Клиенттің құқықтары іске асырылады және Бас ережелердің ажырамас бөлігі болып табылады. Клиент пен Банктің арасындағы электрондық банктік қызмет көрсетуге байланысты қарым- қатынастар осы ережелерге сәйкес реттеледі:

1. Ережелерге сәйкес электрондық банктік қызметтер деп банктік шот(тар) дағы ақша сомасы туралы, банктік шот(тар) бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жасаумен, банктік шот(тар) ашумен немесе жабумен және/немесе телекоммуникация желілері бойынша, спутник байланысы немесе басқа да байланыс түрлері арқылы банктің көрсететін банктік операцияларының басқа да түрлерін жасаумен жүргізілген операциялар туралы ақпарат алу үшін клиенттің өзінің банктік шот(тар) ына қолжетімділік алумен байланысты қызметтер түсініледі. Электрондық банктік қызметтер ақпараттық банктік және транзакциялық банктік қызмет болып бөлінеді.

2. Банк Клиентке Шартты жасасқан сәтте осы Ережелерде, Банктің Тарифтерінде көзделмеген жаңа қосымша ақылы электрондық банктік қызметтер ұсынуға және мұндай қызметтерге Банктің Тарифтерінің мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Бұл жағдайда Банк Клиентке www. kaspibank. kz мекенжайындағы интернет ресурста мұндай жаңа қызметтерді көрсету ережелерін орналастыру арқылы қосымша қызметтерді көрсету (қосу) ұсынысы туралы хабарлама жолдайды. Клиент жарияланған қосымша қызмет көрсету ережелерінде көзделген конклюденттік әрекеттерді (қызмет алу бойынша әрекеттер жасау, Шот-көшірмедегі Банктің ұсынысындағы ережелерде көзделген тәсілдермен ақпаратты сұрату (қызметті қосу) сияқты немесе басқа да әрекеттерді) жасаған жағдайда, Қосымша қызметтер Клиентке көрсетіледі (қосылады) .

3. Ережелердің аясында электрондық банктік қызметтерге Интернет желісіндегі Банктің www. kaspibank. kz мекенжайындағы веб-сайтында көрсетілген қызметтер, соның ішінде «ШМЖС» (Шотқа мониторинг жүргізу сервисі) қызметі жатады. Банктің электрондық банктік қызметтерге жататын басқа да қызметтерін ұсыну тәртібін Банк анықтайды және қызмет көрсету басталғанға дейін 5 күнтізбелік күн бұрын Интернет желісіндегі Банктің www. kaspibank. kz мекенжайындағы веб-сайтында алдын ала жариялайды.

4. Ережелерде төменде көрсетілген бас әріппен жазылған терминдердің мынадай мағынасы бар:

1) Call Center - Банктің бөлімшесі немесе клиенттердің қоңырауларын қабылдайтын және өңдейтін, Банктің өнімдері мен қызметтері туралы хабарлайтын, Карточкаларды Іске қосатын, Тосқауылдайтын және Клиентке ағымдағы қызмет көрсету үшін Банктің анықтайтын басқа да функцияларын жүзеге асыратын қызмет;

2) Акцепт - Шарт жасасу ұсынылатын Клиенттің Шарт жасасу ұсынысын қабылдауды және Шарт жасасуды куәландыратын әрекеттері;

3) Банктің деректер базасы - Банктің SMS-сұратуларды алуын, тіркеуін, өңдеуін және орындауын, сондай-ақ Банктің SMS-хабарлар жолдауын қамтамасыз ететін Банктің бағдарламалық- техникалық кешені;

4) Шарт - Банк пен Клиенттің арасында жасалған Электрондық банктік қызмет көрсету шарты;

5) «www. kaspi. kz» интернет-ресурсы - Клиентке оны Верификациялау/Тіркеу фактісі бойынша банктік операцияларды қашықтан жүргізуге, сондай-ақ www. kaspibank. kz мекенжайында орналастырылған Электрондық банктік қызмет көрсету ережелеріне сәйкес шарттар мен Клиенттің Шоттары туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін интернет-сайт, электрондық банктік қызмет көрсету құрамдасы;

6) Байланыс арналары - Интернет киоскіні қосқанда, электрондық пошта (e-mail), пошталық байланыс, «www. kaspi. kz» интернет-ресурсы, мобильді банкинг, SMS-хабарлар, телефондар, факс, банкомат, төлем терминалдары, POS-терминалдар, электрондық терминалдар арқылы Банк анықтайтын тәртіппен және талаптармен пайдаланылатын Клиент пен Банктің арасында ақпаратты беру құралдары;

7) Клиент - соның ішінде Ережелерге сай Акцепт жасасу арқылы Банкпен Шарт жасасқан жеке тұлға;

8) «ШМЖС» қызметі үшін Клиенттің мобильді/ұялы телефонының нөмірі (бұдан әрі - Клиенттің телефон нөмірі) - «www. kaspi. kz» интернет-ресурсында Верификациялаған және/немесе Тіркелген кезде Клиенттің берген, SMS-сұратуларды жолдауы және SMS-хабарларды алуы үшін Клиенттің пайдаланатын телефон нөмірі;

9) Ұялы байланыс операторы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұялы байланыс қызметін көрсетуге құқылы, Клиентпен байланыс қызметін көрсету туралы шарт немесе оның аясында Клиентке Клиенттің телефон нөмірі берілген басқа да ұқсас шарт жасасқан заңды тұлға;

10) Банктің тарифтері - Банктің уәкілетті органы бекіткен, Банк қызметінің ақысын төлеген күні қолданылатын, оның қызметіне байланысты Банктің қызметі үшін төлемдер мен комиссиялардың мөлшерлемелері;

11) Транзакциялық-банктік қызметтер - клиенттің банктік шот(тар) ашуына және жабуына, төлемдер мен ақша аударымдарын, шетел валютасымен айырбастау операцияларын жасауға, банк қарызын беруге және ақпараттық банктік қызметтерге жатпайтын өзге де банк операцияларының түрлерін жүргізуге байланысты электрондық банктік қызметтер;

12) ақпараттық банктік қызметтер - банктің клиентке оның банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы, жасалған төлемдер мен ақша аударымдары туралы ақпаратты және клиенттің сұратулары бойынша немесе банк пен клиенттің арасында жасалған шарт бойынша ұсынылатын және ұсынылған банктік қызметтер туралы өзге де ақпаратты беруіне байланысты электрондық банктік қызметтер;

13) «ШМЖС» қызметі - Банктің ақпараттық банктік қызметі, оның аясында Банк Карточканы пайдаланып, Шот бойынша Операциялар жүргізу туралы мәліметтерді, сондай-ақ Ережелерде көзделген «ШМЖС» қызметінің басқа да мәліметтерін Клиентке береді;

14) Электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық түрде берілген құжат.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Kaspi bank АҚ-ның қызмет ету және несиелерді ұйымдастыру
Коммерциялық банктердегі маркетингтік қызметтің ұйымдастырылуы
Коммерциялық банктің негізгі функциялары
Қазақстан Республикасының депозит нарығы
Тұтыну несиесі және оның дамуы
Қазақстандық банктердің маркетингтік стратегияларының бәсекелестігі
АҚ ұйымдастыру және оның қызметтерінің ерекшеліктерімен танысу
Банктік операциялар шығындарын басқаруды модернизациялау
Қазақстандағы электрондық банктік қызметтің дамуына талдау
Банк менеджменті және оның даму ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz