Бюджет жүйесінің принциптері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

ГЛОССАРИЙ

мемлекеттің активтері - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік меншікке алынған мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құндық бағасы бар кұкықтар;

бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;

облыстың бюджеті - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын жене бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;

бюджеттік қамтамасыз етілу - мемлекеттік баскару органдары тиісті бюджет қаражаты есебінен ұсынатын мемлекеттік қызметтер көрсетуді алушылардың бірлігіне шақкандағы заттай нормалар есепке алынған мемлекеттік қызметтер көрсету кұны;

бюджет жүйесі - бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы;

бюджеттік инвестициялық бағдарлама - сипаты техникалық-экономикалық негіздеу сатысында қол жеткізу мерзімін анықтауға мүмкіндік бермейтін бірыңғай инвестициялық мақсатты көздейтін іс-шаралар жиынтығы;

бюджеттік инвестициялар - экономикалық пайда табу немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке жету мақсатымен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға, адам ресурстарын дамытуға және табиғи ресурстарды жаңғыртуға бағытталған қаржыландыру;

бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;

бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;

бюджет қаражаты - мемлекеттік меншікке түсуі мен жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттің ақша және өзге де активтері;

бюджеттік инвестициялық жоба - шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;

бюджет процесі - бюджетті жоспарлау, карау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, соңдай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет;

мемлекеттік инвестициялық саясат - инвестициялық процестерді ұлттық экономиканың мүдделері үшін мемлекеттік реттеудің экономикалық және қаржылық негізделген шараларын көрсететін әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі;

мемлекеттік бағдарлама - салааралық сипаты бар, әлеуметтік-экономикалық дамудың неғүрлым маңызды міндеттерін шешуге және мемлекеттің қорғаныс қабілетін, құқық тәртібін, заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған меселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін бағдарлама;

мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;

инвестициялық ұсыныс - инвестициялық жобаның (бағдарламаның) мақсатын, оған жету жолдарын көрсететін және инвестициялық жобаны (бағдарламаны) одан әрі өзірлеу үшін оны алдың ала іріктеуді жүзеге асыру мүмкіндігін камтамасыз ететін инвестициялық жоба (бағдарлама) тұжырымдамасы;

кассалық алшақтық - қаржы жылы ішінде шығыстар көлемінің бюджетке түсетін түсімдер мен бюджет каражатының бос қалдықтары көлемінен асып түсуі;

жергілікті бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті;

бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті бюджеттің орташа мерзімді кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган -жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу функциясын жүзеге асыратын атқарушы орган;

кірістерді бөлу нормативі - кірістерді әртүрлі деңгейлердегі бюджеттердің арасында бөлудің проценттік арақатынасы;

салалық (секторлық) бағдарлама - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, экономиканың жекелеген салаларының (секторларының) неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;

басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі - республикалық немесе жергілікті бюджеттердің каражаты есебінен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізімі болып табылатын, республиканы немесе аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарына қосымша;

бюджет қаражатын алушы - бюджет каражатын игерудің барлық деңгейінде бюджет каражатын пайдаланатын орталық және жергіліхті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсететін, соның ішінде азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде кызмет көрсететін тұлғалар;

аймақтық бағдарлама - мәслихаттар бекітетін, аймақтың (аумақтың) әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;

түзетілген бюджет - тиісінше Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланған бюджет;

әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімдік жоспары - Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе мәслихат бекітетін, республиканы немесе аймақгы әлеуметтік-экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналган негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын және оларды іске асыру жөніндегі шараларды айқындайтын кұжат;

трансферттер - бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және кайтарылмайтын төлемдер;

бекітілген бюджет - тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасьшың Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет;

нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат кабыддаған өзгерістер мен толықгыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет;

қаржыландыру - бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу;

қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;

бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган -орташа мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган - ішкі мемлекеттік қаржы бақылауы функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті атқару жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Òà¶ûðûï 1. Ìåìëåêåòòiê áþäæåòòiº ýкономикàëû¶ ìàçì½íû

  1. Áþäæåòòiº ¶ûçìåò åòóiíiº ýêîíîìèêàëû¶, ¶½¶û¶òû¶ æ´íå ½éûìäàñòûðóøûëû¶ íûñàíäàðû.
  2. Бюджет жүйесінің принциптері
  3. Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына эсер ететін нормативтік күқықтық актілері.

1. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейді және бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының негізгі ережелерін, принциптері мен тетіктерін белгілейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және ҚР Бюджеттік Кодексінде көзделген басқа де нормативтік-құқықтық актілерден тұрады.

Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және занды тұлғаларға қолданылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы маслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы меслихаттардың шешімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. Бюджет жүйесінің принциптері

Бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:

1) бірлік принципі - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету;

2) толықтық принципі - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорыңда көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеу;

3) реалистік принципі - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискадық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі;

4) транспаренттілік принципі - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия больш табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтік кұқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді жене олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізу;

5) дәйектілік принципі - бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;

6) тиімділік және нәтижелілік принципі - бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет каражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені камтамасыз ету;

7) басымдық принципі - бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;

8) жауапкершілік принципі - бюджет процесіне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапка тарту;

9) бюджеттердін дербестік принципі - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру қүқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражатының бос калдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі.

3. Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына эсер ететін нормативтік күқықтық актілері.

Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған жағдайда ғана енгізілу мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.

Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары жобаларының ережелерін Республикалық бюджет комиссиясының міндетті түрде карауына жатады.

Жоғарыда айтылған актілер жобаларының ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің (Республикалық бюджет комиссиясының) қортындысы ағымдағы жылдың бірінші жартысында берілген жағдайда қолданысқа келесі қаржы жылынан ерте енгізіле алмайды.

Қорытынды ағымдағы жылдың екінші жартысында берілген жағдайда аталған ережелер қолданысқа жоспарланып отырған жылдан кейінгі қаржы жылынан ерте енгізіле алмайды.

Жергілікті бюджеттердің шығыстарын үлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін жергілікті өкілді органдар шешімдерінің жобалары әкімдіктің оң қорытындысы болған жағдайда ғана мәслихаттардың карауьша енгізілуі мүмкін. Әкімдіктің қорытындысы тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.

Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін жергілікті атқарушы органдар актілері жобаларының ережелерін тиісті бюджет комиссиясының міндетті түрде карауына жатады.

Жергілікті бюджеттердің шығыстарын үлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін жергілікті өкілді органдар шешімдерінің жобалары әкімдіктін (тиісті бюджет комиссиясының) оң қорытындысы болған жағдайда колданысқа келесі қаржы жылынан ерте енгізіле алмайды.

Аталған жайттар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттар шешімдеріне, сондай-ақ оларды іске асыру туралы нормативтік күқықтық актілерге қолданылмайды.

Òà¶ûðûï 3. Áþäæåò æ¾éåñi

  1. Бюджеттердің түрлері мен деңгейлері

1. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, аткарылады және дербес болып табылады:

  • республикалық бюджет;
  • облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;
  • аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджеті.

Сонымен қатар төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.

Салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.

Салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.

Тиісті қаржы жылына арналған облыстың бюджеті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана маслихатының шешімімен
бекітіледі.

Салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.

Тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала) маслихатының шешімімен бекітіледі.

Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.

Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген төртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің қодданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы маслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.

Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қодданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы маслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекетпк бюджет енгізілмейді. Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық кауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив тұріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанца, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және колайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы каржылық активтердің және материаддық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы шикізат ресурстарына әлемдік бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Қазақстан Республикасының ¥лттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет еддердегі экономикалық
жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық. және фискалдық тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетеддік валюталармен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептілігі ұлттық валютамен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

БЮДЖЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1. Бюджеттің түсімдері мен шығыстары.

Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар бюджеттің түсімдері болып табылады. Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады.

Бюджеттің күрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. кірістер:
  • салыктық түсімдер;
  • салыктық емес түсімдер;
  • негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
  • ресми трансферттер түсімдері;
  1. шығындар;
  2. операциялық сальдо;
  3. таза бюджеттік кредит беру;
  • бюджеттік кредиттер;
  • бюджеттік кредиттерді өтеу;
  1. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
  • қаржы активтерін сатып алу;
  • мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
  1. бюджет талшылығы (профициті) ;
  2. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) :
  • қарыздар түсімі;
  • қарыздарды өтеу;
  • бюджет каражаты қалдықтарының козғалысы.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу атап кеткен құрылым бойынша жүзеге асырылады.

Бюджет кірістері.

Салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, Бюджеттік Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиісті ақша бюджет кірістері болып табылады.

Салықтық түсімдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

Салықтық емес түсімдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген, негізгі капитадды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, Бюджеттік Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, кайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Мынадай ақшалар негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:

  1. мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
  2. мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін ақша;
  3. мемлекет меншігіңдегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жер учаскелерін өзге қүкықтық нысандарда өткізуден түсетін ақша;
  4. мемлекетке тиесілі материаддық емес активтерді сатудан түсетін ақша.

Ресми трансферттер түсімдері - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Бюджеттік Кодекске міндетті түрде езгерістер немесе толықтарулар енгізіле отырып жүзеге асырылады. Нысаналы ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты болмайды.

Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша тиісті бюджетке есептелуге тиіс. Егер Қазақстан Республихасының заң актілерінде мемлекеттік мекемелердің өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын, төленетін акысының міңдетті сипаты болмайтын әрі жеке және заңды тұлғамен келісім бойынша айқындалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу кұқығы көзделген болса, мұндай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша мемлекеттік мекеменің иелігінде қалуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекттік бюджет
Бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Заңды тұлғалардан ұсталатын салық
Салықтың мәні мен түрлері
Бюджетті құру және орындауда туындайтын негізгі мәселелер
Бюджетаралық қатынас: жағдайы мен дамуы
ҚР салық жүйесінің құрылуы және экономикалық тұрғыдағы мәні
Бюджет жүйесі және бюджет кірістерінің теориялық мәні мен мазмұны
Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі салық салу жүйесі, салықтың экономикалық-құқықтық мәні, теориялық негіздері, салық жүйесіндегі заңдылықтар мен тәртіптер, теорияларды жүйелеу, оны жетілдіру ұсыныстарын жасау
Мемлекеттік қаржылық реттеудің экономикадағы құрама бөлігі – салықтық реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz