Маңғыстау облысында орналасқан асар ауданы бойынша жиналған геологиялық геофизикалық материалдар


АҢДАТПА
Дипломдық жобада Маңғыстау облысында орналасқан Асар ауданы бойынша жиналған материалдар, осы алаңның мұнай және газ іздеу жұмыстарының геологиялық, техникалық және экономикалық бөлімдерін жазуға негіз болып отыр.
Жобаланған алаңның өнімді қабаттары ортаңғы юра түзілімдерімен байланысты.
Зерттелу алаңында жобалық тереңдігі №1 ұңғыма 2650 метр, №2 ұңғыма 2580 метр, №3 ұңғыма 2650 метр, №4 ұңғыма 2050 метр және №5 ұңғыма 2650 метр бес ұңғыма салу ұсынылып отыр. Жобаланған горизонт Т 1 .
С 3 категориясы бойынша есептелген болжамдық алынатын мұнай қоры 22 518 405 тонна.
АННОТАЦИЯ
В дипломном проекте обосновывается геолого-технико-экономическая целесообразность постановки поисковых работ на нефть и газ, основывается на геолого-геофизические материалы, собранные по площади Асар, расположенной в Мангистауской области.
На проектируемой площади продуктивны среднеюрские отложения.
Проектируется заложение пяти поисковых скважин, с проектными глубинами №1скважина до 2650 м, №2 скважина до 2580м, №3 скважина до 2650м, №4 сккважина до 2050 м, №5 скважина до 2650 м. Проектный горизонт Т 1 .
Предполагаемые извлекаемые запасы 22 518 405 тонна, запасы подсчитаны по категории С 3 .
МАЗМҰНЫ
АҢДАТПА
АННОТАЦИЯ
КІРІСПЕ . . . . . . 8
1 Геологиялық бөлім . . . 10
1. 1 Алаңның географиялық - экономикалық ерекшелігі . . . 10
1. 2 Алаңның геологиялық, геофизикалық зерттелу тарихы . . . …… . . . 11
1. 3 Литологиялык-стртиграфиялық қимасы . . . ……… . . . 12
1. 4 Тектоника . . . . . . 16
1. 5 Мұнайгаздылығы . . . ……… . . . 19
1. 6 Қиманың гидрогеологиялық сипаттамасы…… . . . …… . . . 23
2 Техникалық бөлім . . . 25
2. 1. Бұрғылаудың геологиялық жағдайлары . . . 25
2. 2 Бұрғылау сұйығының сипаттамасы …… . . . 25
2. 3 Зертханалық зерттеулер . . . 25
2. 4 Ұңғы құрылымын негіздеу . . . 26
2. 4. 1 Ұңғы құрылымын жобалау . . . 26
2. 4. 2 Пайдалану тізбегін беріктікке есептеу . . . 29
2. 4. 3 Пайдалану тізбегін цементеуге есептеу . . . 31
2. 5 Ұңғы сағасының жабдықтары . . . 33
2. 6 зерттеулер жинағы . . . 33
2. 6. 1 Шлам мен кернді алу . . . 33
2. 6. 2 Өнімді қабаттарды сынау және байқау . . . 36
2. 7 Мұнай қорын есептеу . . . … … . . . 37
1. 9 Іздестіру жұмыстарының мақсаты мен міндеттері . . . 39
3 Экономикалық бөлім . . . 41
4 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау . . . 48
4. 1 Еңбекті қорғау . . . 48
4. 1. 1 Өндірістік санитария 48
4. 1. 2 Өндірістік шағын климат . . . 49
4. 1. 3 Өндірістік жарықтандыру және шулардан қоғану. шаралары . . . 50
4. 2 Қорғаныс шаралары . . . 51
4. 2. 1 Жалпылама шаралар . . . 51
4. 2. 2 Өндірістік жарықтама . . . 52
4. 2. 3 Зертхананы желдету . . . 53
4. 2. 4 Техника қауіпсіздігі . . . 54
4. 3 Қоршаған ортаны қорғау . . . 58
4. 3. 1 Жер, су, ауаны қорғау . . . 58
4. 3. 2 Техникалық және биологиялық рекультивация . . . 58
4. 2. 3 Радиациялық қауіпсіздік . . . 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62
Тіркемелер . . . . . . 63
КІРІСПЕ
Соңғы жылдары үлкен тереңдіктерінде өнімді шөгінділерді игерумен және еліміздің мұнайгазды аймақтарынның географиялық кеңеюімен байланысты көмірсутекті пайдалы қазбалары ерекше орналасқан кенорындары ашылды. Негізгі мұнай-газ кенорындары еліміздің батыс өңірінде орналасқан. Қарастырылып отырған алаң Маңғыстау облысы, Ералиев ауданында орналасқан. Бұл жұмыста, алаңның геологиясы, тектоникасы және гидрогеологиясы көршілес жатқан кенорындардың мәліметі бойынша жасалады. Алаңға ең жақын жатқан еліміздің ірі кенорындарының бірі Жетібай кенорыны орналасқан. Бұл алаңды игеруге оңтайлы жағдай туғызады.
Маңғышлақта геологиялық жұмыстар ХХ ғасырдың басында жасалынды, кейін атақты геологтардың есімдерімен Н. И. Андрусов, М. В. Баярунас, В. В. Мокринский, С. Н. Алексейчик және тағы басқалармен байланысты. Маңғышлақтың тектоникасы мен лито-стратиграфиясын жүйелік зерттеуі 50-жылдардан ВНИГРИ Маңғышлақ кешенді геологиялық-геофизикалық экспедициясының күшімен басталды. Алынған мәліметтердің базасында тектоникалық схема мен мұнайгаздылы болашақ картасы жасалынды, бұл мәліметтер Маңғышлақта мұнай іздеу жұмыстарына себеп болды.
Бұл дипломдық жобада бес іздеу ұңғымаларын бұрғылау көзделіп отыр. Бұрғылаудың мақсаты - юра шөгінділеріндегі мұнайгаздылығын зерттеу, осы ашылған қимадағы мұнай мен газдың перспективасын айқындау, литологиялық - стратиграфиялық қима және жыныстардың жинауыш қасиетін анықтау. Бұл алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұнай іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайтуға көмектеседі және бұл аймақ бойынша жоспарланған мұнай мен газ қорларының өсуіне жол ашады. Диплом жобасын құрастыруға диплом алдындағы өндірістік практикада жиналған мәліметтер негіз болды. Бұл алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұнай іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайтуға көмектеседі және бұл аймақ бойынша жоспарланған мұнай мен газ қорларының өсуіне жол ашады.
1 Геологиялық бөлім
1. 1 Алаңның географиялық - экономикалық ерекшелігі
Әкімшілік жағынан Асар алаңы Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысының Ералиев ауданының территориясында орналасқан.
Географиялық жағынан жұмыс ауданы Маңғышлақ даласында орналасқан. Дала бедері аңғарлармен, жыралармен күрделенген. Жыралардың биіктігі 30-80 метр. Жер бедерінің абсолюттік белгісі 130 метрге дейін өзгереді.
Қарастырылып отырған территория жартылай шөл және шөл дала белдеміне жатады. Климаты күрт континенталды, құрғақ. Жазы ыстық, құрғақ. Ауданның температуралық тәртібі салыстырмалы тұрақтылықпен сипатталады. Ауа температурасы максималды мәнге шілде айында жетеді, ал оның айлық орташа мәні 25-26 0 С құрайды. Бұл айдың кейбір күндері ең жоғарғы температура 43-47 0 С белгіленеді.
Қысы біраз суық, қар аз түседі. Алғашқы аяздар қазан айында басталып, сәуір айында аяқталады. Ең суық ай - қаңтар. Төмен температура қаңтардың екінші жартысына тән, кейбір күндері ауа температурасы минус 25-30 0 С дейін төмендейді. Қысқы жылыну, көктайғақ пен борандар тән.
Жауын-шашын мөлшері көп емес. Әртүрлі мекендерін бақылау бойынша көп жылдық мәліметтер бұл ауданды жалпы алғанда жауын-шашынның жалпы жылдық сомасы жылына 140-200 мм құрайтынын көрсетеді. Олардың жылдың маусым бойынша түсуі біркелкі емес. Ең көп бөлігі жылы температура кезінде түседі (57-77%), ең аз - салқын кезде (23-45%), әсіресе аз - қыста (20-26%) . Жазғы жауын-шашындар көп, нөсерлі сипатта болады. Жауын-шашынның салыстырмалы аз мөлшері, булану шамасының аздығы ауа ылғалдылығының (30-60%) салыстырмалы төмендігіне себеп болады. Максималды мәндер қаңтар айында 68-75% байқалады. Жазда шілде-тамыз айларында 33-62%
құрайды.
Бұл ауданға желдер тән. Әртүрлі бағыттағы ауа ағындарының жиі кіріп енуі тұрақты және жиі қатты желдермен бірге жүреді. Шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттағы желдер үстем етуші деп саналады. Желдің жылдамдығы жыл бойы өзгеріп отырады. Жалпы алғанда, жылдың салқын уақытында желдің орташа жылдамдығы 5-7 м/сек-қа дейін барады, ал бұл Каспий теңізінің батыс пен оңтүстігінен келетін циклондардың интенсивтілігіне байланысты. Қыс уақытында жылдамдығы 15 м/сек. болатын өте қатты желдер де байқалады, олар шаң боран тудырады.
Жартылай шөл аудандарына тән өсімдік дүниесі кедей: жусан, шалған қияқ, түйе тікенегі.
Жануарлар әлемі де қарастырып отырған географиялық белдемге тән: қояндар, қарсақтар, тышқандар, сары шұнақтар, әртүрлі бауырмен жорғалаушылар; қанаттылардан - құрлар, бүркіттер, сұңқарлар.
Тұрақты гидрогеологиялық тор жоқ. Аз дебидті тұзды суы бар құдықтар кездеседі. Ауыз суы Ақтау қаласынан тасымалдауға болады. Бұрғылау жұмыстарына техникалық сумен қамтамасыз ету альб-сеноман түзілімдерінен бұрғыланған су ұңғымаларынан алынады.
Жұмыс алаңына ең жақын орналасқан 70км қашықтықта Жаңаөзен қаласы, ал ауданның орталығы Ералиев елді мекені 80км жерде, батыстан оңтүстік - шығысқа қарай 60км жерде Ақсу елді мекені орналасқан. Шевченко қаласы жұмыс алаңынан 140км қашықтықта орналасқан. Ауданның оңтүстігіне қарай 25км жерде Ақтау-Жаңаөзен асфальтті шоссе өтеді, ал оның бойында магистральді мұнай-газ-су құбырлар, электртасымалдау жүйесі орналасқан.
Асар ауданы мұнай инфрақұрылымы жағынан өте жоғары дамыған аймақта орналасқан және игеріліп жатқан Батыс Асар, Жетібай кенорындарына жақын орналасқан.
- Алаңның геологиялық, геофизикалық зерттелу тарихы
Маңғышлақ территориясын геологиялық зерттеу 1950 жылдардан бастап геофизикалық әдістер мен іздеу-бұрғылау кеңінен қолданумен сипатталады. Ол жұмыстар мына геологтардың есімдерімен Н. И. Андрусов, М. В. Баярунас, В. В. Мокринский, С. Н. Алексейчик және тағы басқалармен байланысты. Маңғышлақтың тектоникасы мен лито-стратиграфиясын жүйелік зерттеуі 50-жылдардан ВНИГРИ Маңғышлақ кешенді геологиялық-геофизикалық экспедициясының күшімен басталды. Алынған мәліметтердің базасында тектоникалық схема мен мұнайгаздылы болашақ картасы жасалынды. Оңтүстік Маңғышлақ бойынша ШТӘ сейсмикалық мәліметтерді жинақтау нәтижесінде (Шилина В. А. , Попова И. Н. ) 79/63-66 партиясымен орындалған І мен ІІІ г шағылған горизонттары бойынша 1:200 000 және 1:100 000 масштабтағы құрылымдық карталар құрастырылды. 1967 жылы 45-46/66 сейсмопартиясымен (Ни Р. , Жаксылыков К. ) Жетібайдан солтүстік және солтүстік-батысқа қарай МОВ сейсмотүсіру жүргізілді. III б шағылысу горизонты бойынша ауданның солтүстік-шығысында алғаш рет кіші амплитудалы Асар көмпемесі анықталды.
70-жылдардың басынан терең емес және МОВ сейсмикалық зерттеулердің сенімсіздігін ескергенде сейсмобарлаудың МОГТ әдісіне көшуі орындалды. Бұл әдіс уақыттық қималардың информативтілігі біраз жоғары болады.
« » трестінің (Кулик Л. И. ) 1/70 пен 1/71 сейсмопартияларымен МОГТ сейсмобарлауымен Жетібай-Өзен сатысының солтүстік бөлігі зерттелді. Нәтижесінде III h , IV ox , IV 2 (сәйкесінше, готеривтің әктас жабыны, оксфордтың төмеңгі бөлігіндегі мергель жабыны, бат түзілімдерінің табаны) шағылысу горизонттары бойынша құрылымдық карталар құрастырылды.
1974 жылы «» трестінің (Арбузов В. Б. ) 10/74 тематикалық партиясымен МОГТ сейсмикалық мәліметтерін жинақтаудың нәтижесінде Асар мен Шалва көмпемелерінің құрылымы нақтыланды.
1984-1987ж. ж. бойына бірнеше сейсмикалық партиялармен Жетібай-Өзен сатысының солтүстік-батыс бөлігінде біздің қарастырып отырған Батыс Асар ауданын карталау жасалынды.
2/84-85 сейсмопартиясымен (Краснов С. В. ) юра-бор мен юраға дейінгі кешенді түзілімдердің шағылған горизонттары бойынша бірқатар көмпемелер анықталды, соның ішінде триастағы горизонттар бойынша Солтүстік Аққар құрылымы белгіленген және тұйықталған. Шағылысу горизонт бойынша юрада Аққар көмпемесі карталанған және терең бұрғылауға ұсынылған.
Асар объектісі IV 2 шағылысу горизонты бойынша құрылымның күрделі қанатымен күрделінген екі көтеріңкі учаскелерінен тұрады: солтүстік 187678 профилінің 42 пикетінде және оңтүстік 187679 профилінің 100 пикетте. V 1 горизонты бойынша көрсетілген профильдердің сол пикеттеріндегі екі кіші амплитудалы көмпемелер жекеленген.
1. 3 Литологиялық-стратиграфиялық қимасы
Литологиялық және стратиграфиялық сипаттама құрылымдық, параметрлік, іздестіру ұңғымаларды бұрғылау нәтижелері мен осы ауданға қатысты материалдарды жанжақты зерттеу негізінде дайындалған. Асар ауданында жобаланған қима қасында жатқан аудандармен аналогия бойынша төмеңгі триастан неоген түзілімдерімен көрсетілген .
Мезозой тобы ( Мz )
Мезозой тобы триас, юра мен бор жүйелерінің түзілімдерімен көрсетілген.
Триас жүйесі ( Т )
Қарастырып отырған территориямызда триас жүйесі тек төмеңгі бөлім түзілімдерімен көрсетілген. Аумақтық юра алды шайылуынан ортаңғы және жоғарғы триастың тау жыныстары жоқ немесе оленек жікқабатының алевролитті - аргеллитті қалың қабатының қабаттасумен берілген.
Төмеңгі бөлім ( Т 1 )
Оңтүстік Маңғышлақтың барлық территориясында түзілімдер кең таралған, олардың қалыңдығы солтүстік бағытта Беке-Башқұдық валы мен Таулы Маңғышлақ жағына қарай өседі. Триастың төмеңгі шекарасы палеозой түзілімдерімен шартты түрде базальді қабат бойынша қызыл түсті терригенді жыныстардың негізінде бөлінбеген жоғарғы пермь-төмеңгі триас түзілімдері деп қарастырылады. Бөлімнің төмеңгі бөлігінде (инд жікқабаты) қызыл, қоңыр түрлі түйірлі құмтастар мен аргилиттерден құралған. Құмтастар полимиктілі кварц-дала шпатты құрамында әлсіз жұмырланған сортталмаған гравилиттермен және арасында туфогенді материалы бар галькадан құралған.
Қима монотонды, орта бөлігінде аргилиттер, сирек жіңішке оолитті доломиттер байқалады. Жыныстар біраз тығыздығымен ерекшеленеді.
Қызыл түсті түзілімдердің үстінде орта юра түзілімдерінің құмтасты-саздылы сұр, түрлі түсті қабаты шайылып орналасқан. Шайылған төмеңгі триастың жабынына жергілікті V 1 шағылысу горизонты қатысты.
Юра жүйесі ( J )
Юра жүйесінің түзілімдері екі бөлімнен тұрады: ортаңғы және жоғарғы. Қимада төменгі юра жыныстары жақын орналасқан Асар кен орнына сәйкес келеді.
Ортаңғы бөлім ( J 2 )
Ортаңғы юра қимасында аален, байос және бат жікқабаттары ерекшеленеді.
Аален жікқабаты ( J 2 а )
Аален жікқабатының түзілімдері арасында саздардың және ұсақ галечник конгломераттың қабатшалары мен линзалары бар әртүрлі түйірлі құмтастармен көрсетілген.
Құмтастар сұр, сары сұр, қоңыр ұсақ, орта және ірі түйірлі. Саздар сұр, қара сұр, аргиллит тектес, өсімдік органикасымен қаныққан. Алевролиттер сұр, қара сұр.
Аален түзілімнің қалыңдығы 110-115 метр.
Байос жікқабаты ( J 2 b )
Бұл жікқабаттың жыныстары кейде мергельдер, көмірлі қабатшалары
бар құмтастардың, алевролиттердің, саздардың кезектесіп келуімен сипатталады.
Байос жікқабатының қиманы құрайтын жыныстардың литологиялық сақталмағандықпен ерекшеленеді. Байос жікқабатының төмеңгі бөлігі линза тәрізді құмтас-алевролитті қабатшалары бар сазды жыныстар. Үстіңгі - саз қабатшалары бар алеврит жыныстар. Байос қимасының ортаңғы бөлігінде қанағаттандырарлық IV 2 шағылысу горизонты байқалады.
Байос жікқабат түзілімдерінің қалыңдығы 470-510 метр.
Бат жікқабаты ( J 2 bt )
Бат жікқабатының түзілімдеріне құмтастардың, алевролиттердің, саздардың ритмикалық кезектесіп келуі тән.
Құмтастар сұр, қара сұр, қоңырлау және сары сұр, ұсақ түйірлі, сирек орта түйірлі. Саздар қара сұр, тығыз. Жыныстарда көмір сланецтердің қабатшалары өте көп, өсімдік детриті мол, дара ірі флора қалдықтары кездеседі.
Бат түзілімдерінің қалыңдығы 120 метрдей құрайды.
Жоғарғы бөлім ( J 3 )
Жоғарғы юра қимасында үш ярус ерекшеленеді: келловей, оксфорд пен киммеридж-титон.
Келловей жікқабаты ( J 3 k )
Келловей жікқабатының түзілімдері сазды мен құмтас-алевритті жыныстармен көрсетілген. Қима литологиялық ерекшеліктері бойынша үш бөлікке бөлінеді.
Төменгі - құмтас-алевритті жыныстардың жіңішке қабатшалары бар саздар.
Ортаңғы - саз қабатшалары бар құмтастар мен алевролиттер.
Жоғарғы - жабын бөлігінде мергель қабатшалары бар саздар.
Келловей түзілімдерінің қалыңдығы 120 метр.
Оксфорд жікқабаты ( J 3 о )
Оксфорд жікқабатының шөгінділері саз-карбонатты түзілімдерінің қатқабаттарынан құралған. Қимада саз көптеп кездеседі, әсіресе төмеңгі бөлігінде.
Жыныстар сұр, қара сұр, жасыл сұр түсті. Мергельдер пелитоморфты микротүйірлі. Сазды және таза әктастардың қабатшалары, кейде ұсақ және әртүрлі түйірлі алевролиттер мен ашық сұр, ұсақ түйірлі құмтастар кездеседі. Оксфордтың табан бөлігінде IV 1 шағылысу горизонты ерекшеленеді.
Оксфорд түзілімдерінің қалыңдығы 270 метр құрайды.
Киммеридж-титон жікқабаты ( J 3 km+t )
Киммеридж-титон жікқабатының шөгінділері доломиттер, мергельдер, саздар, алевролиттер, құмтастар қабатшалары бар оргоногенді-сынықты, афанитті, ұсақ кристалды, сирек емес доломитталған және қайта кристалданған әктастар қатқабатынан құралған. Құмтастар мен алевролиттер сұр, жасыл сұр, қара сұр.
Кимеридж-титон түзілімдерінің қалыңдығы 120 метр.
Бор жүйесі ( К )
Бор жүйесі төмеңгі және жоғарғы бөлімдерімен көрсетілген.
Төменгі бөлім ( К 1 )
Төменгі бор түзілімдері неоком жікқабатымен, апт және альб жікқабаттарымен көрсетілген.
Неоком жікқабаты( К 1 nc )
Неоком жыныстары юра түзілімдерінің үстінде шайылып және үйлесімсіздікпен жатыр. Төменгі бөлігінде қалыңдығы үлкен емес базальтты конгломерат қабаты ерекшеленеді.
Жоғары қарай қима саздар, алевролиттер, әктастар, доломиттер, мергельдер қабатшалары бар құмтастар, әктастардан құралған. Қиманың жоғарғы бөлігі мергельдер мен сазды әктастар қабатшалары бар құмтастар мен әктастардан құралған, оларға ала түс тән.
Құмтастар ұсақ, орта және әртүрлі түйірлі. Әктастар жұқа-микротүйірлі. Алевролиттер зор түйірлі. Доломиттер жұқа түйірлі.
Неоком қимасының толқындық өрісінде динамикалық анық шағылған шекаралар цугы анық байқалады. Олардың біреуі готерив әктастарына қатысты және аумақты сейсмикалық репер болып табылады (ІІІ шағылған горизонт) .
Неоком түзілімдерінің қалыңдығы 260 метрдей құрайды.
Апт жікқабаты ( К 1 а )
Табан бөлігіндегі түзілімдер галька мен фосфорит желвакаларымен нығыз құмтастар көрсетілген. Олар неокомның шайылған бетінде орналасқан. Жоғары жақта органикасы көп қара саздардың қабаты жатыр, жоғары қарай ұсақ түйірлі құмтас қабатшалары, әртүрлі түйірлі алевролиттер қабатшалары, пелеципода мен фораминиферлер бақалшақтастарының сынықтары бар мергельдер орналасқан.
Апт түзілімдерінің қалыңдығы 100 метрдей құрайды.
Альб жікқабаты ( К 1 аl )
Альб жікқабатының түзілімдері төмеңгі бөлігі құмтастар мен алевролиттер қабатшалары бар қара сұр саздар, ортаңғы бөлігі құмтас-алевритті және сазды жыныстардың кезектасіп, үстіңгі бөлігі құмтастар, құмдар, саздар қабатшалары бар алевролиттермен көрсетілген. Құмтастар мен құмдар қара сұр, жасыл сұр, ұсақ түйірлі, алевролиттер әртүрлі түйірлі, саздар қара.
Альб жікқабат түзілімдерінің қалыңдығы 580 метрге дейін.
Жоғарғы бөлім ( К 2 )
Жоғарғы бор түзілімдері екі литологиялық қатқабатпен көрсетілген - төмеңгі құмтасты-саздылы, жоғарғы - карбонатты.
Төмеңгі қатқабат (100метрдей) сеноман ярусына қатысты, литологиялық сипаттамасы бойынша альб жасты жыныстардан өзгешелігі аз.
Құмтастар қара сұр борпылдақ, құмдар сұр түсті, саздар қара сұр, құмтасты, органикаға бай.
Жоғарғы қатқабат карбонатты түзілімдерінен құралған: әктастар, мергельдер, бор.
Әктастар ашық сұр, сазды, қатты, құмтасты; мергельдер бор тәрізді саздылы; бор ақ, кейбір жерлерде борпылдақ, арасында пириттің ұсақ конкрециялары бар. Карбонатты кешеннің қалыңдығы 180 метрдей, оның негізінде фосфоритті құмтас кездеседі.
Жалпы жоғарғы бор түзілімдерінің қалыңдығы 280 метр құрайды.
Кайнозой тобы ( Kz )
Палеоген жүйесі ( P )
Палеоген үш бөлімнен құралған.
Палеоцен түзілімдерінің қимасы карбонатты-сазды қатқабатымен көрсетілген. Кешеннің төмеңгі шекарасы жалпы қалыңдығы 50-60 метр палеоценнің жазу бордың нығыз әктастар мен мергельдердің ауысу жерінде анықталған.
Эоцен түзілімдері ашық қоңыр саздардың «балық свитасы» (40 метрге дейін) будасымен бөлінген ақ бор тектес саздардан (төмеңгі және жоғарғы «ақ свиталар») құралған.
Олигоценде сұр жасыл, қоңыр сұр, сланецті, карбонатты емес құмтасты саздар кең таралған.
Палеоген түзілімдерінің жалпы қалыңдығы 250 метр.
Неоген жүйесі ( N )
Неоген түзілімдерінің қимасы көбіне әктас қатқабатымен көрсетілген: бақалшақтастар, оолитті әктастар.
Ортаңғы бөлігі ашық сұр және ашық жасыл мергель қабатшалары бар қара сұр, жасыл сұр нығыз саздардан құралған.
Неогеннің жалпы қалыңдығы 90-100 метр.
Төрттік жүйесі ( Q )
Төрттік жастылы жыныстар саздақтармен, құмдармен жалпы қалыңдығы 1-3 метр түзілімдерінен құралған.
- Тектоникасы
Асар ауданы тектоникалық жағынан Оңтүстік Маңғышлақ ойысының солтүстік бортын күрделіндірген ЖетібайӨзен тектоникалық сатысының солтүстік сатысына қатысты.
Бұл құрылымдық элемент шегінде ең көп сейсмобарлау мен терең бұрғылаумен анықталған жергілікті көмпемелер әдетте антиклиналь белдемдеріне топтасатыны белгілі. Ол аймақтық Оңтүстік Бекебашқұдық бұзылысына субпараллель орналасқан. Негізгі үш белдем белгілі: солтүстік ӨзенҚарамандыбас, орталық - Жетібай және оңтүстік - ТеңгеТасболат.
ЖетібайӨзен сатысының созылуына жалпы
шығысоңтүстік-шығыстан, батыссолтүстікбатысқа қарай бағытталған. Әрбір антиклиналь белдем шегінде тағы бірқатар ұзын емес тектоникалық сызықтар бөлінуі мүмкін. Солай, ӨзенҚарамандыбас антиклиналь белдемінің солтүстік бөлігінде юрадағы шағылған горизонттары бойынша тектоникалық сызық анық байқалады, оны шартты түрде АласайАйрантақыр деп атадық, оған шығыстан батысқа қарай Аласай көмпемесі, Солтүстік Қарамандыбас пен Түрікменой кен орындары, Жалғаной, Шалва, Батыс-Асар, Шығыс Айрантақыр көмпемелері, Айрантақыр кенорны және де зерттеп отырған Асар көмпемесі кіреді.
Ауданның шөгінді тыс құрылымы палеозой, мезазой мен кайназой түзілімдерінен құралған.
Көпшілік зерттеушілер Оңтүстік Маңғышлақ қимасынан ЖетібайӨзен сатысында да үш құрылымдық этаж ерекшелейді. Олар өзара жиналған жыныстардың формационды құрамы бойынша, олардың дислокация дәрежесі мен метаморфизмі бойынша айыруға болады: палозой фундаменті, юратөрттік платформды тыс және осылардың ортасында орналасқан әлсіз дислокацияланған метаморфталмаған юраға дейінгі (жоғарғы пермьтриас) ауыспалы шөгінді кешен.
Маңғыстауда МОГТ жұмыстарының сейсмобарлаудың негізгі жасайтын «» трестінің мәліметтері бойынша мұнда сенімділік дәрежесі әртүрлі платформды тысында шағылған горизонттар ІІІ (готерив табаны), IV 1 (оксфордтағы репер) және V 1 (юраның табаны немесе юраға дейінгі түзілімдердің шайылған беті) байқалады. Бірақ қарастырып отырған территориямызда бұл түзілімдердің терең шайылып кеткеніне байланысты жоғарыда айтылған шағылған горизонттар жоқ, ал уақыттық сейсмикалық қималарында толқындық өріс уақыттық қалыңдығы 600-800мс (1500-2000м) энергетикалық әлсіз тәртіпсіз жазылып көрсетілген.
КМПВнің мәліметтері бойынша (Тұран геофизикалық экспедициясы) ауданның шегінде фундаменттің беті Жазғұрлы депрессиясы жағына қарай еңкейген және үлкен Жетібай көмпемесімен күрделендірген, ал оның созылуы ЖетібайӨзен сатысының созылуымен сәйкес келеді. Көмпеменің өлшемдері 25x5км. Тұйықталатын изогипсте минус 4100м. Амплитуда - 150-200м.
Анық бұрыштық және стратиграфиялық үйлесімсіздікпен ауыспалы құрылымдық этаж жыныстарында платформалық тыс жатыр, ол юратөрттік жасты терригенді және карбонатты жыныстардан құралған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz