Еуропа-Кавказ-Азия халықаралық көлік дәлізі (ТРАСЕКА)


Еуропа-Кавказ-Азия халықаралық көлік дәлізі (ТРАСЕКА)
ТРАСЕКА жобасы 1993 жылы мамыр айында Брюссельде конференцияда қабылданды, оған ТРАСЕКА-ның сегіз елінің (Орталық Азияның бес республикасы, соның ішінде Қазақстан Республикасы мен үш Кавказ республикалары) сауда және көлік министрлері қатысты. Бұл елдерде Еуропадан, Қара теңіз бойымен, Кавказ бен Каспий теңізі арқылы Орталық Азияға Батыс-Шығыс көлік дәлізін дамыту үшін техникалық көмек (ТК) көрсету жөніндегі Еуропалық Одақтың (ЕО) бағдарламасы жүргізілуде.
Еуропалық Одақ осы бағдарламаны дәстүрлі бағдарғыларға қосымша ретінде ұсынады. Жоба осы елдер бойынша ЕО-ның халықаралық стратегиясына сәйкес келеді және мынадай мақсаттарды көздейді:
• республикалардың балама көлік бағдарғылары арқылы олардың еуропалық және әлемдік рыноққа шығуы арқылы олардың саяси және экономикалық тәуелсіздігін қолдау;
• қатысушы елдер арасында өнірлік ынтымақтастықты дамыту;
• халықаралық қаржы институттары мен жеке инвесторларды тарту үшін жобаны пайдалану;
• ТРАСЕКА бағдарғыларын Транс-Еуропалық бағдарғылармен байланыстыру.
ТРАСЕКА шеңберінде интермодалды терминалдар үшін қондырғылар жеткізілді:
• Алматы- 1 станциясында ірітоннажды контейнерлер үшін шанышқылық тиегіш;
• Ақтау портына автомобиль-теміржол көлік құралы;
• Шымкент станциясында шанышқылық тиегіш;
ТРАСЕКА бағдарламасы шеңберінде ТМД елдеріне Еуропалық Одақ көрсететін техникалық көмек желісі бойынша (ТАСИС) Ақтау портындағы теміржол паромдық терминалын қайта жаңартуға 2 млн ЕУРО мөлшерінде грант берілді. Осы жоба 2001 жылғы қыркүйек айында іске асырылды.
ТРАСЕКА ҮАК жұмысының қорытындысы:
• барлық қатысушы мемлекеттердің Негізгі көпжақты келісімді бекітуі.
• ҮАК және Әзірбайжан Республикасында Баку қаласында орналасқан тұрақты Хатшылықтың заңды мәртебесі бекітілді.
• 2001 жылғы ақпан айында Баку қаласында тұрақты Хатшылық офисінің ашылуы және қызмет етуі.
• Негізгі көпжақты келісімге қатысушы барлық мемлекеттерде жоба жұмысына тартылған Ұлттық комиссиялар құрылды. Қазақстанда Ұлттық комиссияның функциялары Шекараны кесіп өту рәсімдерін жеңілдету және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға жүктелген.
Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізі (ХКД)
Иран, Үндістан және Ресейдің көлік ведомстволарының өз үкіметтері үәкілеттендірген басшылары Санкт-Петербургте 2000 жылғы 12 қыркүйекте «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі туралы келісімге (бұдан әрі қарай Келісім) қол қойды, онда Үндістанды, Оманды, Иранды, Каспий өңірін, Ресей Федерациясын көлік бағдарғыларымен қосатын дәліз түсінігі белгіленді. Осы келісім қатысушы мемлекеттер аумағы арқылы дәліз шегінде әртүрлі көлік түрлерімен жүк пен жолаушылардың халықаралық және транзиттік тасымалын орындауды реттейді.
Ресей Федерациясы 2002 жылғы 13 ақпанда осы Келісімді бекітті, ал Келісімнің депозитарий-мемлекеті Иран Ислам Республикасынан, барлық жақтардың осы Келісімге Қазақстан Республикасының қосылуын қолдауы туралы хабарлама алынды.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жүргізген жұмыс нәтижесінде 2003 жылғы 19 сәуірде «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі туралы келісімге Қазақстан Республикасының қосылуына депозитарий мемлекет Иран Республикасының келісім білдіруі туралы ресми нота алынды.
2003 жылғы 29-30 сәуірде Тегеран қаласында «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі Үйлестіру Кеңесінің Екінші мәжілісіне қатысты. Мәжіліс барысында «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша Қазақстанның міндеттемелері айтылды.
2003 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі туралы келісімге қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (№467-II) қол қойды.
«Солтүстік-Оңтүстік» ХКД Солтүстік және Батыс Еуропа елдері арқылы Үндістан және Парсы Шығанағына өтетін №9 панеуропалық дәлізге кіреді. Дәліздің құрғақ бөлігі Ресей аумағы арқылы Санкт-Петербургтен Махачкала мен Оля каспий порттарына дейін өтеді. Сарапшылардың болжауынша дәліз Гибралтар мен Суэц каналы арқылы Еуропадан Азияға өтетін дәстүрлі теңіз бағдарына жүк жеткізу жылдамдығы әрі тасымалдау құны бойынша балама болуға қабілетті.
Қазақстан аумағы бойынша «Солтүстік-Оңтүстік» ХКД мынадай учаскелер арқылы өтеді: Никель Тау - Ақтау, Ақсарай - Ақтау, Илецк - Ақтау.
Басым бағыттардың бірі болып Ақтау портын дамыту болып табылады.
Ресей (Санкт-Петербург) - Қазақстан (Ақтау) - Иран (Анзали, Ноушахр, Әмірабад) - Парсы шығанағы осі бойынша өтетін бағдарғы аса маңызды.
Портты «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізіне енгізу Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Осы бағдарғы дамып келе жатқан батыс Қазақстанның темір жолдарының транзиттік әлеуетін пайдалануды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Астрахань мен Баку порттарымен паромдық қатынас қалыптасқан, иран порттарымен тұрақты паромдық қатынас қалыптастыру жоспарлануда. «Акварама» үлгісінде паромдар 30-дан астам ірі жүк және 120-дан астам жеңіл машиналарды, сондай-ақ 60 жолаушы тасымалдауға мүмкіндік береді. Ақтау-Астрахань бағдарғысы бойынша мұнай жабдығы, металл қақтау және мұнай өнімдері жеткізіледі, келешекте, бидай терминалын салу аяқталғанда бидай жеткізу жоспарлануда.
Жалпы, егер Орта Азия - Ақтау - Астрахань және бұдан әрі Ресейге және Еуропаға, жүктер бағытталса Ақтау-Астрахань бағдарғысының жақсы перспективасы бар. Қазақстанда Ақтау портында еркін сауда зонасын (порто-франко) құру белсенді дайындалуда, нәтижесінде қазіргі таңда өзекті мәселелердің кейбірі шешімін табатын болады.
Көлік саласы құрылымында теміржол тасымалы маңызды орын алады. Қазақстанда 70% астам жүк және 60% артық жолаушылар тасымалы темір жол көлігінің үлесіне келеді. Жалпы теміржол көлігі көрсеткіштердің өсуімен сипатталады.
Бүгінгі күні Қазақстан Парсы шығанағындағы порттарға тікелей шыға алады. Каспий теңізінің шығыс жағалауы бойымен Түркіменстанмен бірге теміржол желісін салу жоспарлануда. Қазақстан-Түркімен теміржол желісі не Ералы-Түркіменбашы бағдарғысы бойынша (Қарабұғазкөл шығанағы арқылы), не Өзен-Газанжик бағдарғысы бойынша (Қарабұғазкөлден шығысқа айналып) өтуі мүмкін. Екінші бағдарғы сәл ұзақтау, бірақ, геологиялық жағынан құрылысы жеңіл, бұдан басқа, Қарабұғазкөл шығанағы арқылы ірі көлік құрылыстарын салудың залалдарын алдын-ала болжаудың экологиялық қиындығын ескерсек, бұл бағдарғының келешегі бар.
Ішкі және транзиттік тасымалдардың өсуі Қазақстанның ішкі және сыртқы экономикалық белсенділігінің артқанын көрсетеді. Автомобиль көлігі маңызды рольге ие. Қазақстан Республикасы арқылы автомобиль транзиттік тасымалының дамуы бірқатар мәселелер кешеніне кез болады, олардың шешімі автожолдардың бұқаралық жөндеу жұмыстарын жүргізу саласында ғана емес, көлік саласын басқару мен ұйымдастыру саласында да, атап айтқанда, транзиттік жүк автотасымалдарын нөлдік тарифтермен (біраз төмендетілген) Қазақстан аумағы арқылы контрейлерлік тасымалдарды ұйымдастыру саласында жатыр. Темір жол және автомобиль көлігінің ынтымақтастығы, олардың әрқайсысының қосымша өзара тиімді мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді, автомобиль паркін жаңартуға және қазіргі заманға жабыны бар жолдар салуға септігін тигізеді. «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту барысында Қазақстан Республикасы аумағы арқылы халықаралық тасымалды ұйымдастыруды өзіне алатын ресей-казақстан автомобиль компаниясын құру жобасы қарастырылуы мүмкін.
«Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін дамыту Қазақстанның, сондай-ақ дәлізге қатысушы басқа да мемлекеттердің мүддесіне сәйкес келеді. Бұл ретте Қазақстанның көлік-коммуникация кешені басқаларға қарағанда халықаралық дәлізге қатысуға дайын. Қазақстан Парсы шығанағы порттарына темір жолмен тікелей шыға алады (Серахс және Мешхед арқылы), сондай-ақ Түркіменстанмен бірге Каспий теңізінің шығыс жағалауы бойымен желі салуды жоспарлауда. Ақтау порты Оңтүстік Азия - ресейлік Орал мен Сібір бағытындағы «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің жүктерін өзіне ала алады.
Оған қосылу геосаяси және геоэкономикалық жағдайды кең өңірде тиімді іске асыруға, Каспий бассейні аймағында мұнай және басқа да табиғи ресурстар өндірісін дамытуға септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешенінде «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі жүйесіндегі Қазақстанның орны туралы түсінік бар, атап айтқанда:
• Орал мен Сібір өңірі (соның ішінде, Никель-Тау Орынбор облысы - Ақтау порты қалыптасқан бағдарғысы) экспорт-импорт айналымына Ақтау портының қызмет көрсетуі;
• Ақтау порты мен Каспий бассейніндегі басқа мемлекеттердің порттары арасындағы паромдық қатынасты дамыту;
• Бағдарғының жүк тасымалдылығы мен мезгілдігіне байланысты тепе-теңсіздікті мүмкіндігінше болдырмау үшін Мешхед арқылы өтетін қолданыстағы теміржол бағдарғыларын қолдану;
• Каспий теңізінің шығыс жағалауы бойымен Өзен-Ғазанжик желісін салу;
• Бірлескен қазақстан-ресей танкерлік флотын құру;
• Ресей-Қазақстан автокөлік компаниясын құру;
• Шығыс Каспийдің автожол магистралін қалпына келтіру және жаңғарту;
Таяу шығыстағы өсіп келе жатқан шиеленісті және Суэц каналы бойынша кеме қатынасы үшін мүмкін қауіпті ескере отырып, Оңтүстік Азия мен Еуропа елдерінің арасындағы қатынаста жүк тасымалын іздестіру қажеттілігі туындайды. Солтүстік - Оңтүстік көлік дәлізі бүгінгі күні, барлық басқа жағдайда ең қолайлы балама бағыт болып табылады.
Тасымалдар нұсқаларын бағалай отырып, қазіргі жағдайда дәліздің транскаспий теңіз бағдарғыларын пайдаланған көлік моделі ең қолайлы нұсқа екені анық. Қазіргі уақытта Солтүстік-Оңтүстік дәлізіндегі тасымалдар үшін Каспий теңізіндегі Астрахань және Махачкала ресей порттары белсенді қолданылуда.
Орталық Еуропаның дәліздің оңтүстік елдерімен көлік-экономикалық байланыстарына жылына 10, 6 млн. тонна келеді (шикі мұнайды есептемегенде) . Осы айналымда шамамен 9 млн. тонна құрайтын Германияның тауарлары және Германиядан экспортпен 5 млн. тоннадан астам азық-түлік шикізаты, 1 млн. тонна металл, 0, 4 млн. тонна машина мен машина құрылысы кешені кәсіорындарының жабдықтары, сондай-ақ химиялық өндіріс кәсіорындарынан 0, 5 млн. астам химиялық тауар мен минералды тыңайтқыштар және 0, 2 млн. тоннаға дейін целлюлоза. Дәліздің оңтүстік елдерінен, Германияның импортында, мұнайды есептемегенде, Үндістаннан келетін минералды шикізатқа, киімге, аяқ киімге, азық-түлік тауарларына көп үлес келеді.
Келешекте 2015 жылдарға қарай осы елдер тобының тауар ағыны өндіріс және ауылшаруашылығы тауарларын, металл мен машина және жабдықтар жеткізу есебінен 80% өсуі мүмкін.
Еуропаның солтүстік елдерінің ішінде Швеция әлеуетті ірі қатысушы болып табылады, оған 3 млн тонна жүк тасымалы келеді. Дәліздің оңтүстік елдеріне экспорттық жеткізудің негізі 2 млн тоннаға жететін минералдық шикізат, тұрақты азық-түлік ағыны- 0, 3 млн. тонна, орман тауарлары болып табылады. Келешекте оңтүстік бағытта Швецияның жүк ағыны 1, 5-ке көбееді.
Финляндия дәлізге ықтимал қатысушы ретінде, оңтүстік елдердің рыногында орман өнімі мен қағаз өндірісімен көрінеді, олардың тасымал көлемі 0, 3 млн. тоннаға жетеді.
Чехия мен Словакия дәліздің маңызды қатысушысы болуы мүмкін. Чехияның жоғары дамыған тау-кен өндіру, металлургия мен химия өнеркәсібін, сондай-ақ Словакияның машина құрылысы өнеркәсібін ескере отырып, бұл мемлекеттердің өнімі дәліздің оңтүстік елдеріне тұрақты тұтынысқа ие.
Келешекте, әлемдік банктің болжамына, сондай-ақ дәлізге қатысушы елдердің болжамына сүйенсек, тұрақты бағдарғыларды қалыптастыру көліктік-экономикалық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ жаңа бағдарғыларды құруға септігін тигізеді.
Осы болжамдар экспедиторлық компанияларға Суэц каналы арқылы өтетін теңіз бағдарғыларында ғана емес, Қазақстанның және дәлізге қатысушы-елдердің аумағы арқылы өтетін болжанып отырған бағыттарда да өз қызметін шешуге негіз болады.
Ауғанстан мен Пәкістан өңіріндегі соғыстан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету үшін тасымалдарды қамтамасыз ету қазіргі кезде дәліздің бірден бір міндеті болып табылады. Осы жағдайда Қазақстан, Ресей және Балтық теңізінің басқа да мемлекеттерінің порттары осы тасымалдарды қамтамасыз етуге жол ашады.
Үкіметте Премьер-Министр Даниал Ахметовтің төрағалық етуімен өткен кеңесте республиканың энергиясы молдау солтүстік өңірлерінен оны энергиясы тапшылық оңтүстік өңірлерге тартуға байланысты “Солтүстік-Оңтүстік” электр тарату желісінің құрылысын қаржыландыру мәселелері талқыланды.
Үкіметте Премьер-Министр Даниал Ахметовтің төрағалық етуімен өткен кеңесте республиканың энергиясы молдау солтүстік өңірлерінен оны энергиясы тапшылық оңтүстік өңірлерге тартуға байланысты “Солтүстік-Оңтүстік” электр тарату желісінің құрылысын қаржыландыру мәселелері талқыланды.
Бірқатар банкілер желі құрылысының бірінші кезеңін іске асыруға кредит бөлуге дайын, алайда, оны қаржыландыру технологиясы жөнінде мәселелер бар. Қазақстан экономикасы үшін “Солтүстік-Оңтүстік” жобасының стратегиялық қажеттілігін атап өте келе, Даниал Ахметов жобаға қатысы барларға жылдың екінші жартысында желі құрылысына кірісу үшін 10 күн ішінде оны қаржыландыру түрін анықтауды тапсырды.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі
Бакуде «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізінің аясындағы халықаралық бизнес-форум басталады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz