Қостанай облысындағы рекреациялық ресурстардың қалыптасуына әсер етуші табиғи факторлар


Мазмұны

Кіріспе

І Қостанай облысындағы рекреациялық ресурстардың қалыптасуына әсер етуші табиғи факторлар

  1. Аймақтың жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары
  2. Қостанай облысының климаты және ішкі сулары
  3. Аймақ территориясының топырағы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі

ІІ Қостанай облысының рекреациялық ресурстарының қазіргі жағдайы

2. 1 Рекреациялық география ұғымдары және олардың өзара байланысы

2. 2 Рекреациялық ресурстардың даму жағдайына әсер етуші әлеуметтік факторлар

2. 3 Облыстың табиғи рекреациялық ресурстары

2. 4 Қостанай облысының тарихи-мәдени рекреациялық ресурстары

ІІІ

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Рекреация ауқымы едәуір кеңейген қызмет түрі болып саналады. Рекреация өзінің табиғи, тарихи-мәдени сипатымен қоғамдық өмірдің әлеуметтік және экономикалық жағдайына әсер етеді, ол рекреациялық география ғылымының зор көңілін аударып, тереңдеп бара жатыр. Рекреация жүйесі табиғатты және тарихи-мәдени объектілерді экономикалық мақсатта тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады.

Рекреация географиясының алдында біртұтас маңызды міндеттер тұр. Солардың ішінен ең бастысын 1971 жылы Б. Б. Родман дәл тауып айтқан: «Географтардың мақсаты - басқа мамандармен қатар рекреациялық ресурстарды анықтау, бағалау және картаға түсіру бойынша әдістемелерді жасау, территорияны үнемді пайдалану, табиғатты және ландшафттардың рекреация үшін сұлулығын қорғау жөнінде ұсыныстар беру, сонымен қатар демалыс аудандарының типтік модельдерін салу, негізгі түсініктер мен ережелерді құрастыру, рекреациялық география зоналарын табу». Рекреация географиясында ең маңыздысы - оның жорамалдық функциясы. Рекреациялық ресурстарды дамыту облысында ең негізгісі жорамал жасау.

Осындай пікірлерді негізге ала отырып, зерттеу жұмысын халық шаруашылығының маңызды міндеті - Қостанай облысында қазіргі жоғары нәтижелі рекреациялық сұранысты өтеуді шешуге бағыттаймыз. Қазақстан Республикасының экономикасы дамыған аймақтарының қатарына Қостанай облысы да кіреді. Облыс территориясы Қазақстан территориясының жалпы көлемінің 7, 7 пайызын құрайды. Осындай территорияны алып жатқан Қостанай облысы әлеуметтік топтың сұраныстарын қанағаттандыратын, рекреация формаларын дамытуға мүмкіндік туғызатын байлығы бар жерде орналасқан.

Зерттеудің өзектілігі де сол Қостанай облысының біртұтас табиғи рекреациялық ресурстары мен тарихи-мәдени объектілерін анықтауға, әлеуметтік топтың сұранысын қанағаттандырудағы рекреацияның атқаратын іс-әрекеттерінің сапалы қызметіне негізделген.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Жұмысты зерттеу барысында алға қойған мақсатымыз - табиғи және әлеуметтік аспектілерін ескере отырып, Қостанай облысының рекреациялық ресурстарының қазіргі қарқынын сипаттап, олардың әлеуметтік топтың рекреациялық сұранысын өтеудегі рөлін анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері: Алға қойылған мақсатты негізге ала отырып, тақырып мазмұнын нәтижелі ашу үшін бірнеше міндеттер қарастырылады:

  • Қостанай облысының табиғи рекреациялық ресурстарының орналасуы мен дамуына әсер етуші табиғи және әлеуметтік алғышарттарына баға беру;
  • Рекреациялық география ұғымдары және олардың өзара байланысын анықтау;
  • Облыстың табиғи рекреациялық ресурстары мен тарихи-мәдени объектілерінің қазіргі жағдайын талдау;
  • Облыстағы рекреациялық ресурстардың қазіргі жағдайы мен даму болашағын анықтау жолының негізгі бағыттарын өңдеу.

Зерттеу жұмысының объектісі: Қостанай облысының рекреациялық ресурстары

Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, үш тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытынды, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Зерттеудің негізгі міндеттері жұмыстың жоспарланған құрылымында анықталады. Зерттеу жұмысының алғашқы тарауы Қостанай облысының табиғи рекреациялық ресурстарының қалыптасуына ықпал ететін табиғи факторларға арналады. Тарауда аймақтың табиғат жағдайы рекреациялық ресурстарды және демалыс орындарын дамытудағы басты фактор ретінде қарастырылады.

Зерттеу жұмысының келесі тарауы Қостанай облысының рекреациялық ресурстарының қазіргі жағдайына арналған. Мұнда рекреациялық ресурстардың даму жағдайына ықпал ететін әлеуметтік факторлар сарапталады. Сонымен қатар, рекреациялық география ұғымдарының өзара байланысы анықталады және Қостанай облысының табиғи және тарихи-мәдени рекреациялық ресурстарының қазіргі жағдайы қарастырылады. Тарауда аймақтың антропогендік-тарихи және мәдени объектілері жайында баяндалып, олардың рекреациялық ресурстарды дамытуға қосар үлесі сандық көрсеткіштер арқылы анықталады.

Зерттеу жұмысының соңғы тарауында Қостанай облысының рекреациялық ресурстары тақырыбын география сабағында пайдалану үлгісі ұсынылады.

Зерттеу жұмысының теориялық негізі: Негізгі зерттеу міндеттерінің теориялық негізін тақырып мәселесі бойынша жазылған Қазақстандық және шет елдік авторлардың ғылыми еңбектері құрайды. Олар: С. Р. Ердаулетов, Ж. А. Алиева, Д. В. Николаенко, т. б. Жұмыстың негізі ретінде Қазақстандағы жаңа бағыттағы қоғамдық географияның негізін қалаушы, туризм географиясының теорияларының алғашқы авторы, география ғылымдарының докторы, профессор С. Р. Ердаулетовтың ғылыми жұмыстары алынды. Сондай-ақ, Д. В. Николаенконың «Рекреационная география» еңбегін, Ж. А. Алиеваның «Туризмология негіздері» атты еңбектерін, жергілікті зерттеушілер Е. А. Брагин және Т. М. Брагинаның «Фауна Наурзумского заповедника» еңбегін және баспасөз беттерінде жарияланған бірнеше мақалаларды қолдандық. Сонымен қатар, Қазақстан туризмінің және әлеуметтік - экономикалық статистикалық жинақтарға сүйендік.

Зерттеу жұмысының әдісі: Салыстырмаы - аналитикалық, жүйелі талдау, топтау, тарихи, экономикалық - статистикалық.

І Қостанай облысындағы рекреациялық ресурстардың қалыптасуына әсер етуші табиғи факторлар

  1. Аймақтың жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары

Қостанай облысы Қазақстан Республикасының солтүстік және солтүстік-батыс бөлігінде меридиан бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып орналасқан. Қостанай облысының территориясының геологиялық құрылысы мен жер бетінің құрылымы өзіндік сипатқа ие. Геоморфологиялық аудандардың мына бөліктері - Батыс-Сібір жазығы, Қазақтың Ұсақ Шоқысының (Сарыарқа) батыс шеті облыс территориясында орналасқан.

Батыс-Сібір жазығының оңтүстік батыс бөлігі Қостанай облысының солтүстік жартысын, яғни Құсмұрын көлінен солтүстікке дейін алып жатыр. Бұл территория көл қазаншұңқырларымен шұбарланған әлсіз толқынды аллювиальды жазық болып келеді, ал территорияның батыс және орталық бөліктері Тобыл өзені жүйесінің өзен торабымен тілімделген. Жер бедерінің солтүстік бөлігінің басты элементтері жалдар мен жалдар арасындағы біркелкі солтүстік-шығысқа созылған қазаншұңқырлары болып табылады. Жалдар мен көлдік ойпаңдардың биіктігі 5-12 м. құрайды. Облыстың Батыс-Сібір жазығы ең төмен жер болып есептеледі, абсолютті биіктігі теңіз деңгейінен 100 метрден 250 метрге дейін өзгереді. Жазықтың жалпы еңісі солтүстікке қарай құлайды. Жазықтың геологиялық құрылысы мезо-кайнозойдың теңіз және құрлықтың лесс түріндегі саздақтар, саз, құмтастар мен конгломерат түзілімдерімен толыққан терең және кең тектоникалық ойпаң екенін көрсетеді.

Жазықтың шығыс және батыс шеттерінде палеозой фундаментінің көтерілуіне байланысты неоген түзілімі орталық бөлікке қарағанда күштілігі шамалайды. Батыс-Сібір жазығы батысқа қарай Орал алды үстіртіне өтеді. Орал алды үстірті негізінен Қарабалық және Жітіқара аудандарының батыс бөлігін қамти отырып, Үй-Тобыл өзендерінің аралығында орналасқан. Орал алды үстірті Орал жотасының шығыс беткейінің төмен жазықты қырат болып табылады. Үстірт батысқа қарай тау жұрнақтары мен төбешікке жалғасатын сатылы, жалпақ жер бедері болып сипатталады. Үстірт беті тектоникалық жарылымдар бойымен өтетін терең аңғарлармен, Тобыл өзенінің сол жақ ағыстарымен анық тілімделген. Орал алды үстіртінің Батыс-Сібір жазығынан айырмашылығы, үстірт ұзақ уақыт денудацияға және үштік (палеогендік) теңіздің шаюына ұшырады. Осының нәтижесінде палеозой түзілімінің қатпарлығында метаморфтық және шөгінді жыныстары түзілді, сонымен қатар интрузияның бұзылуы кристал жыныстарының тегістелуіне әкелді. Орал алды үстіртінің абсолюттік биіктігі орташа есеппен 250 метрден 280 метрге дейін жетеді, мұндағы биік нүкте - теңіз деңгейінен 450 м. биіктіктегі Жітіқара тауы.

Торғай үстірті Қостанай облысының территориясының оңтүстік бөлігін алып жатыр. Үстірт шекарасы солтүстікте Батыс-Сібір жазығына жалғасады, солтүстік-батысында - Орал алды үстіртімен, ал шығысы - Қазақ ұсақ шоқысымен шектеседі. Торғай үстіртінің негізгі бөлігін сатылы беткейі көп және жанасқан қолат пен төмен жерлерге түсетін ірі ылдиларға ие төрткүл таулар құрайды. Төрткүл таулардың ірілері - Қызбелтау, Қарт, Жыланды, Қарғалы, Теке, Жыланшық-Түрме, Қояндытау, Қырғыштау, т. б. Үстірт беті оңтүстік-шығыс бөлігінде уақытша ағын сулардың көп тармақты құрғақ арналармен, шағын өзендермен, Торғай өзені жүйесінің жыраларымен, сайлармен тілімделген. Үстірттің солтүстік бөлігі көлдік ойпаңдармен ала-құла болып шұбарланған.

Қазақтың Ұсақ шоқысының батыс шеті облыстың оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Мұнда абсолюттік биіктігі 350 метрден 600 метрге дейін жететін биік жерлер орналасқан. Бұл жер эрозиялық тораппен күшті айқын тілімделген және батысқа қарай еңіс болып келген. Ұсақшоқы территориясында 150-200 метрге көтерілетін Тулкунинқызылсан, Алдастынқызылсан таулары ерекше көзге түседі. Облыстың осы бөлігі палеозойдың интрузивті жыныстарымен, үгітілген шөгінді және метаморфтық түзілістерден құрылған. Үстіңгі бетінде жаңа құрлықтық түзіліс жатыр. Ал, тау беткейі бойынша және өзен аңғарларында палеозой жыныстары жатыр.

Әр түрлі бөліктерде жер беті құрылымының әр түрлілігіне қарамастан жалпы облыстың жер бедері жазық болып келеді. Облыс жер бедерінің осындай ерекшеліктері, әсіресе, солтүстік аудандары үшін жер шаруашылығымен айналысуға, ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалануға өте қолайлы. Жер бетінің жазық болып келуі жол және өнеркәсіп құрылысына, халықтың орналасуына қолайлы жағдай туғызады. Аймақ жерінің асты қазба байлықтарына толы: темір, көмір, боксит, асбест, алтын, никель және басқа көптеген қазба байлықтары бар. Әсіресе, темір рудасы мол Соколов-Сарыбай кен орнында аса бағалы магнитті руда қоры жатыр, оны қорытқанда таза темір 45-47 % болады. Бұдан басқа темір рудалары Качарда, Қоржынкөлде, Козыревкада бар. Әйет өзенінен Арал теңізіне дейін созылып жатқан магнитті жота бар. Бұл жотадан жылына 100 млн. тонна темір рудасын алуға болады.

Қостанай жерінің байлығының бірі - қоңыр көмір. Ол Құсмұрынның Обаған өзенін бойлап Сарықопаға дейін созылып жатыр. Бұдан басқа қоңыр көмір қорлары Аманкелді ауданында, Мойылды, Жалдама, Жыланшық өзендерінің бойларында орналасқан. Қоңыр көмір өндіруге жеңіл ашық әдіспен алынады. Көмір қоры 10 млрд. тоннадан асады. Көмір кеніштері - Құсмұрын, Егінсай, Жанысбай, т. б. Қазба байлықтарының бірі - никель аса қымбат, қажетті металл болып есептеледі. Никель рудасының бокситтік қорлары Жітіқара, Аққарға, Торғай бойында орналасқан. Алюминий - өндірісте, тұрмыста көп қолданылады. Бокситтің қорлары - Арқалық, Қызыл Октябрь, Құсмұрын, Белинский кеніштерінде орналасқан. Жылына 3 млн. тонна боксит өндіріп, соның тең жартысын Ресейге жібереді. Жітіқара, Денисов, Қамысты аудандарында алтын да бар. Жітіқара қаласында алтын өндіру комбинаты жұмыс істейді. Қамысты, Әулиекөл, Наурызым, Жанкелдин аудандарында тұз қоры бар. Қостанай облысының аймағы осындай пайдалы қазбаларға бай.

Пайдалы қазбалардың облыс төңірегінде былай көптеп орналасуы негізінен аймақта тау-кен өнеркәсібінің дамуына үлес қосуда. Тау-кен өнеркәсібі облыс территориясында былайша таралған АҚ «ССГПО» - темір концентраты, ұсақ тас немесе шағыл, доломит өндірісі, АҚ «Костанайские минералы» - хризотиласбест рудасын табу және қайта өңдеу, ЖШС «Өркен» - минерал шикізатын табу және қайта өңдеу, АҚ филиалдары «Алюминий Казахстана» КБРУ және ТБРУ - боксит және отқа төзімді саз өңдеу, ЖШС «Металл Трэйдинг» - құрамында алтын бар руданы өнеркәсіптік қайта өңдеу, ЖШС «Костанай-щебень» - ұсақ тас өндірісі.

  1. Қостанай облысының климаты және ішкі сулары

Қостанай облысының климаты барлық Солтүстік Қазақстанның климатына сәйкес ашық теңіздер мен мұхиттардан алшақ орналасуына байланысты континентті және құрғақ болып келеді. Облыс климатының ерекшеліктері - қатал және жұқа қарлы қыс, ыстық жаз аздаған жауын-шашын мөлшері, көктемгі кеш түсетін және күзгі ерте түсетін үсік пен жыл бойы үстем болатын, көктемгі - жазғы кезеңде шаңды дауыл, ал қыста - қар ұшқыны болады.

Облыстың климаты ауа массаларының әр түрлі типтерінің қатысуынан қалыптасады. Қысқы кезеңде облыс территориясы арктикалық ауа массасы мен сібір антициклонының ықпалында болады. Әсіресе, желтоқсаннан ақпанға дейінгі кезеңде әсері айқын байқалады. Сібір антициклоны жоғары қысыммен облыс территориясының оңтүстігіндегі Сарықопа көліне қарай (шамамен 50 0 с. е) алап өтеді, жел бағыттарына байланысты таралады. Солтүстікке қарай - оңтүстік және оңтүстік-батыс бағытындағы желдер үстемдік етеді.

Көктемде күн жылуының көбеюіне және оңтүстіктен келетін ауа температурасының көтерілуіне байланысты иран полярлы ауасының таралуы, құрғақ және ыстық желдердің болуы жиіленеді. Осының нәтижесінде арктикалық ауа солтүстікке - Мұзды мұхит жағалауына қарай өтеді, ал сібір антициклоны біртіндеп сирей түседі. Жазғы уақытта облыс территориясы арктикалық ауа массаларының циклондарынан, сондай-ақ Атлант мұхиты жағынан келетін циклондардан туатын жылы континентті ауа ықпалында болады. Олар жауын-шашынның түсуіне үлкен әсерін тигізеді.

Облыстың орташа жылдық температурасы 1-4 0 С құрайды. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстігінде және солтүстік-шығыс дала және орманды дала бөліктерінде 350-390 мм құрайды, алайда оңтүстікке қарай жауын-шашын мөлшері ерекше азаяды және шөлейт жерлерде 180-200 мм дейін төмендейді. Жауын-шашынның таралуы жыл маусымына байланысты әркелкі.

Қостанай облысындағы қыс қатал, бұлыңғыр және қар жамылғысы аз. Қыс шамамен бес айға - қарашадан сәуірге дейін созылады. Ең суық ай қаңтар айының орташа температурасы -17, 2 0 С, -18, 2 0 С құрайды, алайда суық қыста орташа температура -25 0 С дейін төмендейтін кездер болады, қыстың кейбір күндері солтүстікте -49 0 С және облыстың оңтүстігінде -40 0 С дейін жетеді.

Қыста облыста оңтүстік-батыс желдері үстем болады. Олардың орташа айлық жылдамдығы 4, 5-5 м/сек. Айдың 2-4 күніне дейін жылдамдығы 15 м/сек жететін күшті желдер соғады Олар топырақтың терең тоңазуына мүмкіндік береді. Облыста боран жиірек болып тұрады. Олар автомобиль жолдарын, темір жолдарды қарға толтырып, жол қатынасын қиындатады. Боран айына 4-10 күн үзбей болады.

Алғашқы қар қазан айының соңында - қарашаның басында түседі, ал 2-3 аптадан кейін тұрақты қар жамылғысы қалыптасады. Қар жамылғысының биіктігі ашық далаларда шамамен 18-36 см дейін жетеді, ал қорғалатын жерлерде (мысалы, орман тоғайлары тараған Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарының солтүстігінде) 50-60 см дейін, кейбір жерлері 100 см дейін жетеді.

Қостанай облысында қар жамылғысы сәуір айының бірінші онкүндігінде кетеді, алайда кейбір жылдары көктемнің ерте түсу кезінде қар жамылғысы наурыз айының екінші жартысында (оңтүстікте наурыз айының ортасында, солтүстікте айдың соңында) кетеді. Ал, кейде көктем кеш келгенде қар жамылғысы сәуір айының соңғы онкүндігінде кетеді. Кейбір жылдары сәуір айының соңғы онкүндігінде немесе мамыр айының басында 1-2 күнге созылатын қар жамылғысының қайталанып қалыптасуы байқалады.

Қостанай облысының көктемі қысқа және құрғақ, 20 күннен бастап бір айға дейін созалады. Әдетте, көктем сәуір айының бірінші онкүндігінің соңынан немесе екінші жартысынан басталады. Қыс маусымына қарағанда бұлыңғырлығы аз, ауа температурасының интенсивті көтерілуімен ерекшеленеді. Температураның орташа айлық көтерілуі наурыз айынан сәуірге дейін 12, 5-13, 5 0 С құрайды, ал сәуір айынан мамырға дейін температура біршама төмендейді және 10-11 0 С теңеседі. 6-13 сәуірде орташа бір күндік температура 0 0 С, 14-16 сәуірде 5 0 С, 24 сәуірде (оңтүстікте) және 9 мамырда (облыстың солтүстігінде) 10 0 С шамалайды. Алайда, көктемде ауа райының салқындауы жиі болып тұрады. Жыл сайын көктемгі үсіктер сәуір бойы байқалады, ал облыстың солтүстігінде 24 мамырға дейін созылады. Кейде көктемгі үсіктер маусым айының алғашқы онкүндігінде де кездесіп, тары, жүгері, картоптың көктеуіне зиянын тигізеді. Көктем маусымына жылдамдығы 5-6 м/сек құрайтын күшті және құрғақ желдер тән. Көктемде орташа жауын-шашынның мөлшері 35-60 мм. аспайды, ал кейбір жылдарда тіпті болмайды.

Облыс территориясындағы жаз қоңыржайлы орташа ыстық және құрғақ. Жаз уақытындағы ең ыстық ай - шілде айы. Шілде айында ауаның орташа температурасы солтүстікте 19, 3 0 С, оңтүстікте 24 0 С дейін өзгереді. Кейбір жылдары, әсіресе, жаздың аптап күндерінде ауа температурасы 40-42 0 С жетеді. Алайда, ауаның құрғақтығына байланысты ондай аптап ыстық күндер жеңіл ауысады. Жылдың басқа маусымдарымен салыстырғанда жазда ауа температурасы тұрақты болып келеді, жазғы ауа температурасының ай сайынғы өзгеруі тек +(-) 3-4 0 С ғана құрайды. Бұл жағдай ауыл шаруашылық дақылдары мен жемдік шөптің өсуіне мүмкіндік туғызады.

Жазғы кезеңде жауын-шашын мөлшері біршама түседі. Жазғы үш айда басты жер шаруашылығымен айналысатын аудандарда жауын-шашын 110 мм-ден 177 мм-ге дейін түседі, немесе жылдық мөлшердің 40-45% құрайды. Алайда, жаңбырлы жылдары жауын-шашын мөлшері әрбір жазғы айда 100-200 мм. құрап, біршама көбейеді, ал құрғақ жылдары тіпті солтүстікте, облыстың ылғалды аудандарында жауын-шашын мөлшері 6 есеге төмендеп, не бары шамамен 30 мм. құрайды.

Жазғы жауын-шашын, әсіресе, өтпелі нөсер түрінде түседі. Жазда көктем сияқты ұзақ уақыт жауын-шашынсыз құрғақ кезеңдер де болады. Аймақта құрғақшылық 10 жылда 3-4 рет байқалады. Құрғақ атмосферада топырақ пен өсімдіктерді құрғататын ыстық желдер жиі болады. Кейбір құрғақ күндері ауа ылғалдылығы 6-10% дейін төмендейді, яғни жазғы күндер үшін орташа ылғалдылықтан 4-5 есе төмен көрсеткіш. Ауаның жоғарғы температурасы және үлкен құрғақшылық жазғы уақыттағы үлкен ылғалдылықты баяулатады. Орташа бір күндік температура 10 0 С жоғарыны құрайтын кезеңдер облыстың солтүстігінде шамамен 130 күнге созылады, су бетінен булануы 600-1000 мм. дейін жетеді. Осындай булану жауын-шашын мөлшерін облыстың солтүстігінде үш есеге, ал оңтүстігінде 10 есеге көбейеді. Жазғы кезеңде негізінен солтүстік, солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бағытындағы желдер үстем етеді. Қысқы-көктемгі кезеңмен салыстырғанда жел жылдамдығы айтарлықтай аз және 3, 5-4, 5 м/сек құрайды, бірақ кей кездері жел жылдамдығы 1, 5 және 2 есеге көбейеді.

Қостанай облысында күз әрдайым тез түседі, ауа температурасы өтпелі кезеңде шұғыл төмен түседі. Қыркүйек айының ортасында үсіктер байқалады, ал орташа температурасы 11-15 0 С құрайды. Кейде үсіктер тамыз айының соңғы онкүндігінде түседі. Күзде жаңбырлы бұлыңғыр ауа райы басым болады. Ауаның орташа айлық температурасының тұрақты өтуі 17 қыркүйек пен қазанның басында 10 0 С, 6-7 қазанда 5 0 С, 23-31 қазанда 0 0 С құрайды.

Кейін қазан айының аяғы мен қараша айының басында алғашқы қар түседі. Кейде ауа-райының суық болуына қарамастан қардың түсуі желтоқсан айына дейін кешігеді де, содан соң қатқан топыраққа түседі. Осының нәтижесінде қысқы егіс толығымен жойылуы мүмкін.

Күзгі (қыркүйек-қазан) жауын-шашынның орташа мөлшері шамамен 30-60 мм. құрайды, кейбір жылдары жауын-шашын мүлде болмауы да мүмкін, жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстігінде 170 мм. дейін, ал оңтүстігінде 80 мм., кейде одан да көп түседі. Қостанай облысында аязсыз күндердің орташа ұзақтығы солтүстікте 110 күн, ал оңтүстікте 160 күнді құрайды. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы (орташа бір күндік температурасы 5 0 С жоғары) облыстың солтүстік жартысында 165-174 күн, ал оңтүстік жартысында 182-185 күнге теңеседі. Осы кезеңдерде температура мөлшері облыс бойынша 2300-2500 0 С.

Жалпы Қостанай облысының климаттық жағдайы суармайтын егіншілік үшін қолайлы.

Қостанай облысының гидрогеографиялық торабы негізінен Тобыл және Торғай өзендерінің жүйесінен тұрады. Облыс өзендерінің жалпы белгілері - үнемі ағып тұрмайды, ұсақ құмтасты аралдарда арналардың болуы және екі жайылым түбіндегі террассалардың кеңінен дамуы. Облыстың барлық өзендері дерлік жауын-шашынмен қоректенеді. Сондықтан, жылдық ағыс және су шығыны жыл маусымы бойынша әр түрлі сипатталады. Су шығынының және жылдық ағыстың 90-98% көктемге келеді. Жазда өзен ағысы тоқтайды. Қостанай обллысының климаттық жағдайына байланысты қысқы уақытта барлық өзендер, соның ішінде ең ірілері - Тобыл және Торғай өзендері де табанына дейін қатады да, оларда ағыс тоқтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қостанай облысындағы ішкі туризм
Туристік ресурстарды игерудегі шетелдік тәжірибе
Туристік ресурстар тізімін дайындау
Қорғалатын табиғи територияларды экотуризм дамыту ерекшеліктерін таңдау
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
Қостанай облысының туризмі
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Оңтүстік Қазақстан облысының халқы мен оның әлеуметтік жағдайы
Туристік - рекреациялық ресурстар классификациясы
Рекреациялық және туризм географиясының негізгі ұғымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz