ІШКІ АУРУЛАР ПӘНІНЕН ЕМДЕУ ІСІ МАМАНДЫҒЫ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ



1. Тақырыбы: “Жедел және созылмалы бронхиттер (ЖжСБ)”.
1. Тақырыбы: “Бронхтық астма, өкпе эмфиземасы”.
1. Тақырыбы: “Пневмониялар, өкпе туберкулезі”.
1. Тақырыбы: “Өкпе абцесі, бронхоэктаз ауруы, өкпенің рагі”.
1. Тақырыбы: “Плевриттер, пневмокониоздар”.
1. Тақырыбы: “Пневмосклероз, өкпе текті жүрек”.
1. Тақырыбы: “Жедел және созылмалы бронхиттер (ЖжСБ)”.
Өз бетімен атқарылатын жұмыс: тәжірибелік сабақта ЖжCБ пен науқасқа курация жүргізіледі. Науқастың шағымдарын жинаған кезде науқастарда кездесетін ЖжCБ мүмкін белгілеріне (2 жыл бойы жєтел қақырықтың бєлінуімен, жєтел кєбінесе таңертеңгі уақытта) кєніл аудару керек. Анамнезінде ауру белгілерінің динамикасына, ЖжCБ тудыратын факторларға: темекі шегу мен тозаңданудың жоғарғы деңгейі және ауа бассейінінің газдануы айқындайды.
Әрі қарай, студенттер науқасты физикалық тексереді. Cтуденттер науқасты сұрастыру, физикалық тексеру кезінде клиникалық ақпараттарын жүйелеп, әдістемелік нұсқауларды пайдалана отырып, симптомдарды синдромдарға топтастырады. Көптеген науқастарда келесі синдромдарды бєлуге болады: бронхообструктивті, тыныс жетіспеушілігі, єкпе текті жүректін синдромдары. Cонан соң студенттер курация жасаған науқастың ауруының клиникасымен оқу-әдістемелік құралда берілген ЖжCБ кездесетін аурулардың типтік клиникалық кєрінісімен салыстыра отырып, алдын-ала диагноз қояды. Cонымен бірге, студенттер қосымша зерттеу жоспарын құрады. Cтуденттер мұғаліммен бірге қосымша лабораторлық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдап, қорытынды клиникалық диагнозды құрастырады. Cтуденттер ЖжCБ нақты науқасқа ем тағайындайды. ЖжCБ емдеу сұрақтарын талқылаған кезде этиологиялық, патогенездік жәңе симптомадық емдеу сұрақтарына назар аударады. Cонан соң студенттер курациялаған науқастарына ақыл-кеңес береді. Әрі қарай, ЖжCБ біріншілікті және екіншілікті алдын-алу шаралары қарастырылады.
Оқытушымен бірге атқарылатын жұмыс жеке немесе топпен сабақ тақырыбын талдағанда, өз бетімен өткізілген жұмыс қорытындысын талдағанда, ауруларды клиникалық талдағанда жүргізіледі.
Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау ретінде жағдайлық есептер шығарып, тест жүргізіледі.
Негізгі
1.Ішкі аурулар. Калимурзина Б.С. Түркістан. Тұран баспасы. 2004.
2.Внутренние болезни: Учебное пособие /Под ред. Ю.Ю. Елисеева.-М.: 1999.
Комаров Ф.И., Кукес В.Г., Сметнев А.С. Внутренние болезни: Учебное пособие. – М.: Медицина, 1991.
Маколкин В.И., Овчаренко Р.И. Внутренние болезни: руководство к практическим занятиям. – М.: Медицина, 1987.
Маколкин В.И., Овчаренко С.И. Внутренние болезни: Учебник. 4-е изд., пер. и доп.-М.: Медицина, 1999.
6. Федюкевич Н.И. Внутренние болезни. Учебник для мед.училищ.-Мн.:Ураджай, 1999.
Федюкович Н.И. Внутренние болезни. Учебное пособие.-Ростов-на-Дону.: Феникс, 2000.
Қосымша
1. Бережницкий М.Н., Киселева А.Ф., Бигарь П.В. Хроническое легочное сердце. – Киев: Здоровья, 1991.
2. Болезни органов дыхания. Руководство по внутренним болезням /Под ред. Н.Р. Палеева М.: Медицина, 2000.
3.Глобальная инициатива по хронической обструктивной болезни лёгких (GOLD). М.: «Атмосфера», 2003, 96 с. (www.atmosphere-ph.ru).
4. Глобальная стратегия лечения и профилактики бронхиальной астмы (GINA). М.: «Атмосфера», 2002, 160 с. (www.atmosphere-ph.ru)

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
“АВИЦЕННА” МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

“ІШКІ АУРУЛАР” ПӘНДІК ЦИКЛДІК КОМИССИЯСЫ

“ІШКІ АУРУЛАР ” ПӘНІНЕН “ЕМДЕУ ІСІ” МАМАНДЫҒЫ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тақырыбы: “Жедел және созылмалы бронхиттер ”.

КУРС: 3

МАМАНДЫҒЫ: – “ЕМДЕУ ІСІ”

Әдістемелік нұсқауды

құрастырған оқытушылар:

Сартаева Қ.А.

Сахова Б.О.

Шымкент

Әдістемелік нұсқау пәндік

(циклдік) комиссия мәжілісінде

қаралып, бекітілген.
Хаттама N комиссия төрағасы
_____ м.ғ.д.проф.,
Н.Түзелбаев.

1. Тақырыбы: “Жедел және созылмалы бронхиттер (ЖжСБ)”.
2. Оқу сағаты: 6 сағ.
3. Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы.
Жедел және созылмалы бронхиттер өкпенің бейспецификалық аурулар тобына
жатады, тыныс алу жүйесі арасындағы аурулардың ішінде ең жиі кездеседі.
Созылмалы бронхит және оның асқынулары жалпы өлім себептерінің ішінде 3-4
орындарды алады, тек жүрек-тамыр және онкологиялық ауруларға орын береді.
Үлкен тұрғындар арасында өкпенің бейспецификалық ауруларының саны 5-20%-ға
дейін жетеді. Көбінесе ауру кеш анықталады және пульмонологиялық
мүгедектіктің негізгі себебі болып табылады.
4. Cабақтың мақсаты: ЖжCБ этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, клиникасы,
диагнозын қою, емі және алдын-алу шаралары бойынша студенттердің білімін
тереңдету. Нақты бір науқас бойынша, студенттерді ЖжCБ клиникалық,
лабораториялық аспаптық диагноз қою негіздеріне, емдеу және алдын алу
шараларына үйрету.
Cтуденттің білуі тиіс (негізгі білімі бойынша):
1. Тыныс алу жүйесінің анатомиялық құрылысын;
2. Тыныс алу жолдарының және өкпенің қызметтерін;
3. Науқасты физикальды тексеру әдістерін;
4. Қосымша лабораторлы - аспаптық зерттеу әдістерін.
Cтудент істей алуы тиіс:
1. Науқастың шағымдарын, ауру және өмір анамнезін жинауды;
2. Науқасты жалпы зерттеу жолдарын;
3. Симптомдарды анықтап алып, оларды синдромдарға құрастыруды;
4. Алдын-ала диагнозын қоюды;
5. Салыстырмалы диагноз жүргізіп, клиникалық диагнозды негіздеуді;
6. ЖжCБ бар науқасқа жеке терапияны тағайындауды;
7. Еңбекке қабілеттілігі мен кейінгі өміріне болжам жасауды.
5. Сабаққа дайындалу сұрақтары.
Жедел бронхит.
1. Аурудың анықтамасы, этиологиялық факторлары: физикалық, химиялық,
гиперергиялық.
2. Ауру дамуына мүмкіндік тудыратын факторлар: шылым шегу, суықтау, улы
заттармен дем алу.
3. Патогенезі және клиникалық көріністері.
4. Диагнозын қою, емі және алдын-алу.
Созылмалы бронхит.
1. Анықтамасы. Этиологиясы ( шылым шегу, полютанттар, климат – табиғатының
жағдайлары, инфекциялар, кәсіби факторлар ж т.б. қауіп факторлары).
2. СБ-тің патогенезі.
3. БДҰ эксперт комиссиясының диагноздық критерийлері.
4. Жіктелуі: қабыну процесінің ерекшеліктері бойынша, қызметтік сипаты
бойынша, ауру фазасы , асқынулары бойынша.
5. Клиникалық көріністері, ағымы, аурудың асқынуы.
6. Созылмалы бронхиттің диагнозын қою және емі.
7. Қысқа, ұзақ уақыттық М-холиноблокаторларды және бета-адреномиметиктерді
тағайындауға көрсетпелер, спейсерлерді, небулайзерлерді қолдану.
8. Емдік денешынықтыру. Алдын-алу.

6. Ақпараттық – дидактикалық блок.

7. Сабақтың мазмұны.
Өз бетімен атқарылатын жұмыс: тәжірибелік сабақта ЖжCБ пен науқасқа курация
жүргізіледі. Науқастың шағымдарын жинаған кезде науқастарда кездесетін ЖжCБ
мүмкін белгілеріне (2 жыл бойы жєтел қақырықтың бєлінуімен, жєтел кєбінесе
таңертеңгі уақытта) кєніл аудару керек. Анамнезінде ауру белгілерінің
динамикасына, ЖжCБ тудыратын факторларға: темекі шегу мен тозаңданудың
жоғарғы деңгейі және ауа бассейінінің газдануы айқындайды.
Әрі қарай, студенттер науқасты физикалық тексереді. Cтуденттер науқасты
сұрастыру, физикалық тексеру кезінде клиникалық ақпараттарын жүйелеп,
әдістемелік нұсқауларды пайдалана отырып, симптомдарды синдромдарға
топтастырады. Көптеген науқастарда келесі синдромдарды бєлуге болады:
бронхообструктивті, тыныс жетіспеушілігі, єкпе текті жүректін синдромдары.
Cонан соң студенттер курация жасаған науқастың ауруының клиникасымен оқу-
әдістемелік құралда берілген ЖжCБ кездесетін аурулардың типтік клиникалық
кєрінісімен салыстыра отырып, алдын-ала диагноз қояды. Cонымен бірге,
студенттер қосымша зерттеу жоспарын құрады. Cтуденттер мұғаліммен бірге
қосымша лабораторлық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдап,
қорытынды клиникалық диагнозды құрастырады. Cтуденттер ЖжCБ нақты науқасқа
ем тағайындайды. ЖжCБ емдеу сұрақтарын талқылаған кезде этиологиялық,
патогенездік жәңе симптомадық емдеу сұрақтарына назар аударады. Cонан соң
студенттер курациялаған науқастарына ақыл-кеңес береді. Әрі қарай, ЖжCБ
біріншілікті және екіншілікті алдын-алу шаралары қарастырылады.
Оқытушымен бірге атқарылатын жұмыс жеке немесе топпен сабақ тақырыбын
талдағанда, өз бетімен өткізілген жұмыс қорытындысын талдағанда, ауруларды
клиникалық талдағанда жүргізіледі.
Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау ретінде жағдайлық есептер
шығарып, тест жүргізіледі.

Жағдайлық есеп №1 .
Науқас С., дәрігерге келіп мынадай шағымдарын айтты: аз мөлшерде
ақшыл кілегейлі, қақырықпен жөтел, жалпы әлсіздік, терлегіштік, басының
ауыруы. Ауырғанына 3 күн болды. Бүгін температурасы 38,50С- дейін
жоғарылады.
Қарау: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі өзгермеген. Пальпация,
перкуссияда өзгеріс жоқ. Аускультацияда: қатаң тыныс, ірі көпіршікті
ылғалды сырылдар кеуде қуысының әр жерінен естіледі.
Қан анализі: лейкоциттер-11,0х109л, ЭТЖ 1,5 ммсағ. Қақырық анализі:
көлемі 15 мл, кілегейлі, ақшыл, микроскопияда жалпақ эпителий 3-4 ка,
нейтрофильдер 10-15 ка, цилиндр эпителийі 8-10 ка., эритроциттер жоқ.
Рентгенде - өкпе суреті күшейген.
1. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
2. Емдеу жоспарын жазыңыз.
3. Рецептураны жазыңыз.

Жағдайлық есеп №2 .
Науқас К., дәрігерге келіп, мынадай шағымдарын айтты: ауырғанына 2
күн болды. Ауруы құрғақ жөтелден басталды. Жөтелгенде төс асты тырнаған
сияқты ауырады, температурасы көтерілді – 37,50С-қа дейін, жалпы әлсіздік.
Қарау: жалпы жағдайы орташа. Терісі ылғалды, дауыс дірілі өзгермеген,
перкуссияда анық өкпе дыбысы. Аускультацияда қатаң тыныс, құрғақ ызыңдаған
сырылдар әр жерден естіледі. Қан анализі: Лейкоциттер: 10,0х109л, ЭТЖ-12
ммсағ. Рентгенде өзгеріс жоқ.
1. Сіздің болжам диагнозыңыз?
2. Емін жазыңыз.

Жағдайлық есеп №3 .
28 жастағы науқас А. поликлиникада терапевтке көрінеді. Науқас жөтелгенде
кеуде қуысының ауырсынуына, бастапқыда құрғақ жөтел, 2-3 күннен кейін
қақырықты жөтел, қақырығы кілегейлі іріңді, кешке қарай дене қызуы
жоғарылайды, баспалдақпен жоғары көтерілгенде ентігуге, жалпы әлсіздікке,
басының ауырсынуына шағымданады.
Анамнезінде: темекі шегеді, мамандығы шахтер. Қазіргі ауруын салқындаумен
байланыстырады. Бұл ауруы басталмай жатып, гриппен ауырған, үй жағдайында
қабынуға қарсы препараттар қабылдаған, ол әсер бермеген.
Объективті тексергенде: сыртқы көрінісінде өзгерістер байқалмайды.
Пальпацияда, перкуссияда айтарлықтай өзгерістер жоқ. Аускультацияда:
тыныс шығаруы ұзарған, ірі көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі,
жөтелгеннен кейін олар жойылады.
Қан анализінде: лейкоцитоз ЭТЖ жоғарылаған, аздап лейкоформула солға
ығысқан. Қақырық анализінде: цилиндр тәрізді эпителий клеткалары табылды.
1. Сіздің диагнозыңыз.
2. Дифференциалды диагноз.
3. Емі.

Жағдайлық есеп №4 .
60 жастағы науқас стационарға келесі шағымдармен түсті: кілегейлі
іріңді қақырықпен жөтел, тәулігіне 100 мл-ге дейін, жөтелден және шамалы
күш түсуден болатын демікпе, жиі бастың ауыруы, әсіресе жөтел ұстамасынан
кейін.
20 жылдан бері сырқаттанады. Мезгіл-мезгіл стационарда емделеді.
Аурудың өршуі жылдың салқын кезінде болады. 20 жылдан бері күніне 1,5
қораптан темекі тартады.
Об-ті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бетінің, қолдарының цианозы
байқалады, шамалы күш түсуден демікпе пайда болады. Тыныс шығаруы ұзарған,
шулы, перкуторлы - қорап дыбысы. Аускультацияда қатаң, әлсіз тыныс, тыныс
шығару фазасы ұзарған. Өкпе үстінде құрғақ ысқырықты және гүжілдеген
сырылдар, бірен-саран ылғалды сырылдар өкпенің төменгі бөлігінен естіледі.
ТАЖ 26 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, тахикардия.
Пульс 98 рет минутына. АҚ-15090 мм.сын.б. Іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыры
қабырға иініне сәйкес, ауырсынбайды.
Лабораториялық мәліметтері: ҚЖА: Эр-4,5х1012л; ТК-1,0; Л-7,8х109л;
ЭТЖ-18 ммсағ; тядр-3%; сядр-72%; лимфоциттер-22 %; моноциттер-2%.
Кеуде сарайының рентгеноскопиясы: өкпенің жоғарғы бөлігінде өкпе
мөлдірлігі күшейген, қабырға аралықтары кеңейген, суреті күшейген,
деформацияланған, түбірі қатайған, кеңіген, синустары бос.
1. Сіздің клиникалық диагнозыңыз.
2. Тексеру жоспары.
3. Ем жоспары.

Жағдайлық есеп №5 .
54 жастағы ер кісі емхана дәрігеріне келесі шағымдармен қаралды:
таңертеңгілік аз мөлшерде кілегейлі іріңді қақырық түсетін жөтел, ентігу,
тез шаршағыштық, жалпы әлсіздік, делсалдық.
Анамнезінде: науқас соңғы 25 жыл бойында күніне 30 дана шылым шегеді.
Таңертеңмен аз мөлшерлі кілегейлі қақырық түсетін жөтел болып тұрған.
Науқас оған көңіл аудармаған. Соңғы жылдары тұрақтыланып, күндіз ғана емес,
түнде мазалайтын болды. Қақырық кілегейліден іріңдіге айнала бастады.
Әсіресе күн суық кезде күшейетін болды. Ентігу соңғы 1 жылда физикалық күш
түскенде мазалайды.
Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, ТАЖ минутына 22 рет, салыстырмалы
перкуссияда өкпесінде қорап дыбысы, топографиялық перкуссияда Кренинг
кеңістігі кеңіген, төменгі шектері 1 қабырғаға төмен ығысқан, төменгі
шегінің экскурсиясы шектелген. Аускультацияда өкпе үстінде әлсіз
везикулалық естіледі. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты. Өкпе артериясы
үстінде ІІ-тон акценті, ЖСС – 80 рет минутына, АҚ 14070 мм.сын.бағ.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында өкпе суреті
күшейген, деформацияланған, әсіресе төменгі бөліктерінде, өкпе ауалылығы
артқан. Қанның жалпы анализінде: Эр- 5,5х1012л, Л – 7,6х109л, ЭТЖ – 8
ммсағ; спирограммада: ӨТС – 3,5л; ӨМВ – 60%, ФТШ -52%.
1. Диагнозын негіздеңіз.
2. Емін жазыңыз.
Жағдайлық есеп №6 .
28 жастағы науқас А. поликлиникада терапевтке көрінеді. Науқас жөтелгенде
кеуде қуысының ауырсынуына, бастапқыда құрғақ жөтел, 2-3 күннен кейін
қақырықты жөтел, қақырығы кілегейлі іріңді, кешке қарай дене қызуы
жоғарылайды, баспалдақпен жоғары көтерілгенде ентігуге, жалпы әлсіздікке,
басының ауырсынуына шағымданады.
Анамнезінде: темекі шегеді, мамандығы шахтер. Қазіргі ауруын салқындаумен
байланыстырады. Бұл ауруы басталмай жатып, гриппен ауырған, үй жағдайында
қабынуға қарсы препараттар қабылдаған, ол әсер бермеген.
Объективті тексергенде: сыртқы көрінісінде өзгерістер байқалмайды.
Пальпацияда, перкуссияда айтарлықтай өзгерістер жоқ. Аускультацияда:
тыныс шығаруы ұзарған, ірі көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі,
жөтелгеннен кейін олар жойылады.
Қан анализінде: лейкоцитоз ЭТЖ жоғарылаған, аздап лейкоформула солға
ығысқан. Қақырық анализінде: цилиндр тәрізді эпителий клеткалары табылды.
1. Сіздің диагнозыңыз.
2. Дифференциалды диагноз.
3. Емі.
Жағдайлық есеп №7 .
54 жастағы ер кісі емхана дәрігеріне келесі шағымдармен қаралды:
таңертеңгілік аз мөлшерде кілегейлі іріңді қақырық түсетін жөтел, ентігу,
тез шаршағыштық, жалпы әлсіздік, делсалдық.
Анамнезінде: науқас соңғы 25 жыл бойында күніне 30 дана шылым шегеді.
Таңертеңмен аз мөлшерлі кілегейлі қақырық түсетін жөтел болып тұрған.
Науқас оған көңіл аудармаған. Соңғы жылдары тұрақтыланып, күндіз ғана емес,
түнде мазалайтын болды. Қақырық кілегейліден іріңдіге айнала бастады.
Әсіресе күн суық кезде күшейетін болды. Ентігу соңғы 1 жылда физикалық күш
түскенде мазалайды.
Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, ТАЖ минутына 22 рет, салыстырмалы
перкуссияда өкпесінде қорап дыбысы, топографиялық перкуссияда Кренинг
кеңістігі кеңіген, төменгі шектері 1 қабырғаға төмен ығысқан, төменгі
шегінің экскурсиясы шектелген. Аускультацияда өкпе үстінде әлсіз
везикулалық естіледі. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты. Өкпе артериясы
үстінде ІІ-тон акценті, ЖСС – 80 рет минутына, АҚ 14070 мм.сын.бағ.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында өкпе суреті
күшейген, деформацияланған, әсіресе төменгі бөліктерінде, өкпе ауалылығы
артқан. Қанның жалпы анализінде: Эр- 5,5х1012л, Л – 7,6х109л, ЭТЖ – 8
ммсағ; спирограммада: ӨТС – 3,5л; ӨМВ – 60%, ФТШ -52%.
1. Диагнозын негіздеңіз.
2. Емін жазыңыз.

Жағдайлық есеп 8

Науқас К., дәрігерге келіп, мынадай шағымдарын айтты: ауырғанына 2
күн болды. Ауруы құрғақ жөтелден басталды. Жөтелгенде төс асты тырнаған
сияқты ауырады, температурасы көтерілді – 37,50С-қа дейін, жалпы әлсіздік.
Қарау. Жалпы жағдайы орташа. Терісі өзгермеген, дауыс дірілі өзгермеген,
перкуссияда анық өкпе дыбысы. Аускультацияда қатаң тыныс, құрғақ ызыңдаған
сырылдар әр жерден естіледі. Қан анализі: Лейкоциттер: 10,0х109л, ЭТЖ-20
ммсағ. Рентгенде өзгеріс жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз? Емін жазыңыз.

Жағдайлық есеп 9
Науқас С., дәрігерге келіп мынадай шағымдарын айтты: Жөтел
қақырықпен, қақырығы ақшыл кілегейлі, жалпы әлсіздік, терлегіштік, басы
ауырады. Ауырғанына 3 күн болды. Бүгін температурасы жоғарылады 38,50С-қа
дейін.
Қарау: Жалпы жағдайы орташа. Терісі өзгермеген. Пальпация,
перкуссияда өзгеріс жоқ. Аускультацияда: қатаң тыныс, ірі көпіршікті
ылғалды сырылдар кеуде қуысының әр жерінен естіледі.
Қан анализі: лейкоциттер-11,0х109л, ЭТЖ 22 ммсағ. Қақырық анализі:
көлемі 15 мл, кілегейлі, ақшыл, микроскопияда жалпақ эпителий 3-4 ка,
нейтрофильдер 10-15 ка, цилиндр эпителийі 8-10 ка., эритроциттер жоқ.
Рентгенде - өкпе суреті күшейген.
4. Сіздің болжам диагнозыңыз?
5. Емдеу жоспарын жазыңыз.
6. Рецептураны жазыңыз.

Жағдайлық есеп 10
Науқастың шағымдары: жөтел кілегейлі қақырықпен, аз мөлшерде,
әлсіздік, терлегіштік, жүрген кезде ентігу. Ауырғанына 5 күн болды.
Қарау: жалпы жағдайы орташа. Терісі бозарған, тыныс жиілігі 22 бір
минутте. Пальпацияда, перкуссияда өзгеріс жоқ. Аускультацияда қатаң тыныс,
ылғалды сырылдар әр жерден. Қан анализі: лейкоциттер-12,0х109л, ЭТЖ-24
ммсағ. Қақырық анализі: кілегейлі, мөлшері 15 мл, микроскопияда: жалпақ
эпителий 4-5 ка, цилиндр эпителийі-10-15 ка, нейтрофильдер 1-15 ка.
Болжам диагнозыңыз.
Емдеу жоспарын жазыңыз.
Негізгі дәрмектерге рецептура жазыңыз.

Тест-сұрақтары
1. Мынадай клиникалық диагнозы бар қандай адамға санаторлық-курорттық ем
қажет:
а) созылмалы обструкциялы бронхит, толық басылмаған кезеңi.
б) жиi қайталанатын созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі басыла
бастаған кезеңi. Тыныс жетiспеушiлiгi ІІ дәрежесi.
в) қан қақырумен асқынған созылмалы бронхит
г) созылмалы iрiңдi бронхит, ремиссия кезеңi
д) созылмалы iрiңдi бронхит, толық басылмаған кезеңi
2. Созылмалы бронхитке тән шағымдар жиынтығын атаңыз:
а) жөтел, кеудесiндегi ауырсыну, қан қақыру
б) әлсiздiк, жєтел, дене қызбасы
в) жөтел, қақырық, ентiгу
г) ентiгу, әлсiздiк, қан қақыру
д) демiкпе, қиын түсетiн қақырықты жөтел
Созылмалы єкпелiк жүректiң декомпенсациясына қайсысы тән емес:
а) мойын тамырларының бiлеуленуi
б) єкпе артериясында ІІ тонның акцентi
в) субфебрилит
г) бауырдың үлғаюы
д) аяқтарында iсiктер болуы
4. Тыныс жеткіліксіздігін қандай зерттеумен анықтаған дұрыс
а) анамнезі
б) физикалды зерттеу
в) рентгенмен зерттеу
г) гиперкапния
д) бронхоскопия
5. Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруларының белгілеріне не тән емес:
а) эритроцитоз
б) гематокрит жоғарлауы
в) гипоксемия тыныштықта
г) гиперкапния
д) эритроцитоз болмауы
6. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының эмфизематозды типіне не тән
емес:
а) себебі–шылым шегу
б) физикалық күш түсіге толеранттылық күрт тємендеген
в) сирек инфекция
г) кеш дамыған єкпе текті жүрек
д) ерте дамыған єкпе текті жүрек
7. Қай тексерулер әдісі сыртқы тыныс алу қызметін анықтайды:
а) пневмотахоматрия
б) спирография
в) пневмоскопия
г) пик-флоуметрия
д) аталғандардын барлығы
8. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларындағы жүргізілетін сатылы

терапияда бірінші денгейдігі жүргізілетін емге жатпайды:
а) Темекі шегуден бас тарту
б) әсер етуші ирританттардан сақтану
в) селективті бета-2-агонистері
г) селективті холинолитиктер
д) глюкокортикостероидтар
9. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының, ІІІ дәрежесіндегі
сатылы,
міндетті түрде жүргізілетін медикаментозды терапияға не жатпайды:
а) антибиотиктер
б) жүрек гликозидтері
в) бета-2-селективті агонистер
г) селективті холинолитиктер
д) глюкокортикостероидтар

Әдебиеттер:
Негізгі
1. Ішкі аурулар. 2 томдық. Калимурзина Б.С. Түркістан. Тұран баспасы. 2004.

2. Внутренние болезни: Учебное пособие Под ред. Ю.Ю. Елисеева.-М.: 1999.
3. Маколкин В.И., Овчаренко С.И. Внутренние болезни: Учебник. 4-е изд.,
пер. и доп.-М.: Медицина, 1999.

“АВИЦЕННА” МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

“ІШКІ АУРУЛАР” ПӘНДІК ЦИКЛДІК КОМИССИЯСЫ

“ІШКІ АУРУЛАР ” ПӘНІНЕН “ЕМДЕУ ІСІ” МАМАНДЫҒЫ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тақырыбы: “Бронхтық астма, өкпе эмфиземасы”.

КУРС: 3

МАМАНДЫҒЫ: – “ЕМДЕУ ІСІ”

Әдістемелік нұсқауды

құрастырған оқытушылар:

Сартаева Қ.А.

Джакипбекова Ж,Ж

Шымкент

Әдістемелік нұсқау пәндік

(циклдік) комиссия мәжілісінде

қаралып, бекітілген.
Хаттама N
комиссия төрағасы
_____ м.ғ.д.проф.
А.Абдухалықов..

1. Тақырыбы: “Бронхтық астма, өкпе эмфиземасы”.
2. Оқу сағаты: 6 сағ.
3. Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы.
Бронхтық астма, өкпе энфиземасы – бейспецификалық аурулар тобына жатады.
Бронхтық астма – гетерогенді, сыртқы және ішкі факторлардың қатысуымен,
көбіне экология бұзылыстардың салдарынан дамыйтын ауру, бұл экологияға
тәуелді ауру. Бронхтық астма ауруының кездесу жиілігі тұрғындар арасында 3-
5 пайыз. Өкпе эмфиземасы – көбіне тыныс жолдарының созылмалы
обструкциясынан дамитын ауру. Бронхтық астма және өкпе энфиземасы – еңбекке
жарамсыздыққа, мүгедектікке жиі соқтырады.
4. Cабақтың мақсаты: бронхтық астма, өкпе эмфиземасының этиологиясы,
патогенезі, жіктелуі, клиникасы, диагнозын қою, емі және алдын-алу
шараларынан студенттердің білімін тереңдету; нақты бір науқас бойынша,
студенттерді бронхтық астма, өкпе эмфиземасының клиникалық, лабораториялық-
аспаптық диагнозын қою негіздеріне, емдеу және алдын алу шараларына үйрету.

Cтуденттің білуі тиіс (негізгі білімі бойынша):
1 тыныс алу жүйесінің анатомиялық құрылысын;
2 тыныс алу жолдарының және өкпенің қызметтерін;
3. Науқасты физикалық тексеру әдістерін;
4. Қосымша лабораторлы - аспаптық зерттеу әдістерін.
Cтудент істей алуы тиіс:
1. науқастың шағымдарын, ауру және өмір анамнезін жинауды;
2. науқасты зерттеу тәсілдерін;
3. симптомдарды анықтап алып, оларды синдромдарға құрастыруды;
4. болжам диагнозын қоюды;
5. салыстырмалы диагноз жүргізіп, клиникалық диагнозды негіздеуді;
6. бронхтық астма, өкпе эмфиземасы бар науқасқа жеке терапияны
тағайындауды;
7. еңбекке қабілеттілігі мен кейінгі өміріне болжам жасауды.
5. Сабаққа дайындалу сұрақтары.
Бронхтық астма, өкпе эмфиземасы:
1 аурудың анықтамасы, этиологиялық факторлары;
2 ауру дамуына мүмкіндік тудыратын факторлар;
3 патогенезі және клиникалық көріністері.
4 диагнозын қою, емі және алдын-алу.

6. Ақпараттық – дидактикалық блок. ҚА.

7. Сабақтың мазмұны.
Өз бетімен атқарылатын жұмыс: тәжірибелік сабақта бронхтық астма , өкпе
эмфиземасымен науқасқа курация жүргізіледі. Науқастың шағымдарын жинаған
кезде науқастарда кездесетін бронхтық астма , өкпе эмфиземасының мүмкін
белгілеріне (Бронхтық астмада – аллергенмен жұғысқанда болатын ұстама, өкпе
эмфиземасында – ентікпе, пысылдап дем алу) көніл аудару керек. Анамнезінде
ауру белгілерінің динамикасына, бронхтық астма, өкпе эмфиземасын тудыратын
факторларға: бронхтық астмада – инфекция, аллергендер, механикалық,
химиялық тітіркендіргіштер, метереологиялық факторлар; Өкпе эмфиземасында
шылым шегу, созылмалы обструкциялық тыныс жолдарының аурулары, ұзақ уақыт
жөтелу.
Әрі қарай, студенттер науқасты физикалық тексереді. Cтуденттер науқасты
сұрастыру, физикалық тексеру кезінде клиникалық ақпараттарын жүйелеп,
әдістемелік нұсқауларды пайдалана отырып, симптомдарды синдромдарға
топтастырады. Көптеген науқастарда келесі синдромдарды бөлуге болады:
бронхообструкциялық, тыныс жетіспеушілігі, өкпенің ауалылығының арту, өкпе
текті жүректін синдромдары. Cонан соң студенттер курация жасаған науқастың
ауруының клиникасымен оқу-әдістемелік құралда берілген бронхтық астма, өкпе
эмфиземасы кездесетін аурулардың типтік клиникалық кєрінісімен салыстыра
отырып, алдын-ала диагноз қояды. Cонымен бірге, студенттер қосымша зерттеу
жоспарын құрады. Cтуденттер мұғаліммен бірге қосымша лабораториялық және
аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдап, қорытынды клиникалық
диагнозды құрастырады. Cтуденттер бронхтық астма, өкпе эмфиземасымен нақты
науқасқа ем тағайындайды. Бронхтық астма, өкпе эмфиземасының емдеу
сұрақтарын талдаған кезде этиологиялық, патогенездік және симптомдық емдеу
сұрақтарына назар аударады. Cонан соң студенттер курациялаған науқастарына
ақыл-кеңес береді. Әрі қарай, бронхтық астма, өкпе эмфиземасының
біріншілікті және екіншілікті алдын-алу шаралары қарастырылады.
Оқытушымен бірге атқарылатын жұмыс жеке немесе топпен сабақ тақырыбын
талдағанда, өз бетімен өткізілген жұмыс қорытындысын талдағанда, ауруларды
клиникалық талдағанда жүргізіледі.
Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау ретінде жағдайлық есептер
шығарып, тест жүргізіледі.

ЕСЕПТЕР
ТЕСТЕР

1. Тақырыбы: “Пневмониялар, өкпе туберкулезі”.
2. Оқу сағаты: 6 сағ.
3. Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы.
Пневмония – жиі кездесетін, өлімге әкелетін себептердің ішінде алтыншы
орындағы ауру. Соңғы 30 жылда оның жиілігі бес есе көбейіп, қазіргі езде
1000 адамға шаққанда даму саны 10 – 13,8 шамасында. Өкпе туберкулездің ашық
түрімен дүние жүзінде 15 млн. адам ауырады, (ВОЗ бойынша), жылда 4 млн.
адам ауруға шалдығады. Соңғы жылдар барлық елде туберкулез аруға шалдығатын
науқастар саны көбеюде. Дүние жүзінде жылда 0,5 млн. адам туберкулезден көз
жұмады.
4. Cабақтың мақсаты: Пневмониялар, өкпе туберкулезының этиологиясы,
патогенезі, жіктелуі, клиникасы, диагнозын қою, емі және алдын-алу
шаралары бойынша студенттердің білімін тереңдету; нақты бір науқас
бойынша, студенттерді пневмония өкпе туберкулезінің клиникалық,
лабораториялық-аспаптық диагноз қою негіздеріне, емдеу және алдын алу
шараларына үйрету.
Cтуденттің білуі тиіс (негізгі білімі бойынша):
1. Тыныс алу жүйесінің анатомиялық құрылысын;
2. Тыныс алу жолдарының және өкпенің қызметтерін;
3. Науқасты физикальды тексеру әдістерін;
4. Қосымша лабораторлы - аспаптық зерттеу әдістерін.
Cтудент істей алуы тиіс:
1. науқастың шағымдарын, ауру және өмір анамнезін жинауды;
2. науқасты жалпы зерттеу жолдарын;
3. симптомдарды анықтап алып, оларды синдромдарға құрастыруды;
4. болжам диагнозын қоюды;
5. салыстырмалы диагноз жүргізіп, клиникалық диагнозды негіздеуді;
6. Пневмония, өкпе туберкулезі бар науқасқа жеке терапияны тағайындауды;
7. еңбекке қабілеттілігі мен кейінгі өміріне болжам жасауды.
5. Сабаққа дайындалу сұрақтары.
Пневмониялар, өкпе туберкулезі:
1 аурудың анықтамасы, этиологиялық факторлары;
2 ауру дамуына мүмкіндік тудыратын факторлар;
3 патогенезі және клиникалық көріністері.
4 диагнозын қою, емі және алдын-алу.

6. Ақпараттық – дидактикалық блок.ҚА.

7. Сабақтың мазмұны.
Өз бетімен атқарылатын жұмыс: тәжірибелік сабақта бронхтық астма , өкпе
эмфиземасымен науқасқа курация жүргізіледі. Науқастың шағымдарын жинаған
кезде науқастарда кездесетін Пневмония, өкпе туберкулезі мүмкін белгілеріне
(қақырықты жөтел, кеуденің ауырсынуы, қызудың көтерілуі, әлсіздік,
делсалдық; туберкулезде – тершеңдік, қан түкіру) көніл аудару керек.
Анамнезінде ауру белгілерінің динамикасына пневмония, өкпе туберкулезін
тудыратын факторларға: пневмонияда – суықтау, тыныс жолдарының фондық
аурулар, шылым шегу; туберкулезде кәсіптік тыныс жолдарының аурулары,
ішімдікке салыну, қант диабетіне шалдыққан науқастар, кортикостероидты ем
қабылдап жүрген науқастар.
Әрі қарай, студенттер науқасты физикалық тексереді. Cтуденттер науқасты
сұрастыру, физикалық тексеру кезінде клиникалық ақпараттарын жүйелеп,
әдістемелік нұсқауларды пайдалана отырып, симптомдарды синдромдарға
топтастырады. Көптеген науқастарда келесі синдромдарды бөлуге болады:
бронхообструкциялық, тыныс жетіспеушілігі, синдромдары. Cонан соң
студенттер курация жасаған науқастың ауруының клиникасымен оқу-әдістемелік
құралда берілген бронхтық астма, өкпе эмфиземасы кездесетін аурулардың
типтік клиникалық кєрінісімен салыстыра отырып, алдын-ала диагноз қояды.
Cонымен бірге, студенттер қосымша зерттеу жоспарын құрады. Cтуденттер
мұғаліммен бірге қосымша лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістерінің
нәтижелерін талдап, қорытынды клиникалық диагнозды құрастырады. Cтуденттер
пневмония, өкпе туберкулезімен нақты науқасқа ем тағайындайды. Пневмония,
өкпе туберкулезі емдеу сұрақтарын талдаған кезде этиологиялық, патогенездік
және симптомдық емдеу сұрақтарына назар аударады. Cонан соң студенттер
курациялаған науқастарына ақыл-кеңес береді. Әрі қарай, Пневмониялар, өкпе
туберкулезінің біріншілікті және екіншілікті алдын-алу шаралары
қарастырылады.
Оқытушымен бірге атқарылатын жұмыс жеке немесе топпен сабақ тақырыбын
талдағанда, өз бетімен өткізілген жұмыс қорытындысын талдағанда, ауруларды
клиникалық талдағанда жүргізіледі.
Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау ретінде жағдайлық есептер
шығарып, тест жүргізіледі.

ЕСЕПТЕР
ТЕСТЕР

1. Тақырыбы: “Өкпе абцесі, бронхоэктаз ауруы, өкпенің рагі”.
2. Оқу сағаты: 6 сағ.
3. Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы.
Өкпе абцессі – іріңді аурулар тобына жатады. Соңғы жылдар емнің дұрыс
жүргізуіне қарай, абцесстер өлімге сирек әкеледі. Бронхоэктаза ауруы – кең
тараған ауру, жиі мүгедектікке апарады. Науқастар 4-10 жыл ауру
бастамасынан кейін жүрек – тыныс жетіспеушілігінен көз жұмады. Өкпе рағы –
қатерлі ісіктер ауруына жатады, клиникалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа тілмесі
Халыққа амбулаториялық көмек көрсету
Нанотехнология негіздері факультативті курсын әзірлеу
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізу
Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі
БҚО Жәнібек ауданы Борсы ауылының Асқар шаруа қожалығындағы шошқа аскаридозына қарсы ветеринарлық шараларды ұйымдастыру, жоспарлау және оның экономикасы
Технология пәнінде ағаштардан тұрмыстық бұйымдарды дайындау
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Бауыр ауруларының түрлері
Пәндер