Зекет туралы


Зекет
Зекет туралы. Ей, перзентiм, бiлiп алғын, ендiгi парыздың бiреуi - зекет беру. Бұл парыз қажыға барудан зәру. Өйткенi қажыға барамын деп ниет еткен адам биылғы жылы бара алмаса, келесi жылдары бара берсе болады. Ал зекеттi олай етуге болмайды. Қажылықты өмiрде бiр рет жасаса да жеткiлiктi, зекет беру - дүниесi бар бай, дәулеттi адамдардың әрбiр жыл сайын орындайтын парызы.
Мал-дүниесi бола тұрып, жыл сайын зекет бермеген адамның жиғанын адал деуге болмайды. Олар нағыз күнәһар пенделер қатарында. Алла Тағала зекет бергендi өзiне жақын падишаларға теңер. Пайымдасақ, байларды кедейлерге қарағанда падиша деуге болады. Падишаның падишалығы әдiлдiгiнде, байлардың байлығы кедейлердiң қадiрiне жете бiлуде. Мәселен, падишалар бағынышты қызметкерлерiне еңбекақы бермесе, олар падишаның қарауынан кету жағдайын қарастырады.
Нәтижеде падиша жалғыз калады. Байлар да солай, кедейлерге сый-құрмет көрсетпесе, байлығының қадiрi болмайды. Дүниедегi адамдардың бәрi бай болса, кедей деген аты да болмас едi. Немесе дүниедегi барлық адам кедей болса, байлық-падишалық болмас едi. Алла Тағаланың шебер құдiретiмен бiреудi бай, бiреудi жарлы, бiреудi падиша, тағы бiреудi әмiршi еттi. Адамдарды бiр-бiрiне тәуелдi етiп бағындырды. Дүниенiң түзiлiсi де осылай деуге болады.
Ей, перзентiм, бiлгенiң жақсы. Алла Тағалам дүниедегiлердi екi топқа бөлiп жаратты. Бiр тобы қаржы-нәпақаны өндiрiп берушi; екiншiсi - ол қаржыны алушылар, пайдаланушылар тобы. Сондықтан дүниедегi пенделердiң бiрi - бай, бiрi - жарлы, бiрi - билеушi әмiр, бiрi - падиша екенi мәлiм.
Падишаның қуаттылығы өз жасағының көптiгiмен, ал байлардың қадiрi жоқ-жұқанаға қарасумен артады. Қай кезде болмасын, падишалық өз қол астындағылардың қызметiн бағалап, қадiрлей алмаса, екiншi бiр қарсыласының алдында әлсiз болады. Байлар да жарлыларды қадiрлеп, күн көрерлiк қаржы берiп тұрмаса, Алла Тағаланың қаһарына тап болады.
Ей, перзентiм, егер малың болса, жылына бiр рет зекет беруiң керек, басқа қайыр-садақаңды қалаған уақытыңда бере бер. Көбiрек берсең жақсы, бермесең оның сұрауы жоқ, бiрақ көп берсең абыройың асады, мәртебең биiктеп, Алланың рақым, қорғауында боласың.
Ей, перзентiм, ендiгi саған айтарым - қажы мен зекет жөнiнде көңiлiңе күмән, күдiк келтiрушi болма. Қажыда атқарылатын жұмыстардың тәртiбi, зекеттiң тәртiбi неге олай, неге бұлай болмайды деп ойланба . . .
Алла Тағаланың кереметтерi көп, оның жасырын сырын өзi ғана бiледi, бiз бiлмеймiз. Қасиеттi Құранда айтқандай «Аллаһу яламу ва антум ла таламун». Алла Тағаланың әмiрiн орындаудан басқа еш нәрсенi ойыңа алма, онда сенiң жұмысың болмасын. Ендi бұл жоғарыдағы айтылғандарды орындауды өзiмнiң мiндетiм деп түсiнсең, ата-ананың мiндетiн еске алу, оған қызмет ету де Алла Тағаланың әмiрi, оны орындау мiндетiм деп түсiнгiн.
Зекет - жүректі сараңдықтан, дүние-мүлікті кедей кепшіктің ақысынан тазартып, бай, ауқатты адамдардың шапағат және мейірім сезімдерін қалыптастыратын ғибадат. Зекеттің арқасында кедейлердің көкейлеріндегі көре алмаушылық және қызғаныш сезімі жойылады. Өздеріне жәрдем ететін ауқатты адамдарға деген сүйіспеншілік жіне құрмет сезімдері пайда бола отырып, халық арасында бірлік, бауырмалдық сезімдер үстемдік етеді.
Ислам діні, қоғамның ауруын емдеп, мұқтаждықтарын қамтамасыз ететін принципдерге (негіздерге) құрылған. Аллаһтың әмірі болып саналатын зекет, әлеуметтік көмек көрсету жүйесі. Зекет дүнйе-мүлктің көбейіп берекеттің артуына себеп. Зекеті берілген дүние-мүлікті, байлықты текке шығын болу мен түрлі зиянкестіктерден Аллаһ сақтайды. Сүйікті Пайғамбарымыз былай деген:
"ДҮНИЕ-МҮЛКТЕРІҢДІ ЗЕКЕТ БЕРУМЕН ҚОРҒАҢДАР"
Зекетті кімдер береді?
Түмендегі шарттарға сәйкес адамдар зекет беруге міндетті болып есептеледі:
1) Мұсылман болу.
2) Ақыл-есі бүтін болу.
3) Балиғатқа жеткен болу.
4) Азат кісі болу.
5) Діни тұрғыдан ауқатты (яғни негізгі қажеттіліктері мен борыштарынан басқа "нисап" мөлшеріндегі дүние-мүлкі немесе ақшасы) болу.
6) Зекет берілуі керек дүние-мүлік пен ақша,
а) Нисаб мөлшерінде (яғни 80. 18г. алтынның құнындай) болу,
ә) бүл байлық бір қамари жыл (ай жылы, яғни 354 күн) иесінің қолында болу.
б) қолдағы мал заттай немесе бағалай өсу күйінде болу қажет.
Нисаб - дініміз тағайындаған байлық мөлшері. Қарызынан және негізгі қажеттіліктерінен басқа тағайындалған осы мөлшер немесе одан да көп дүние-мүлік пен ақшасы бар адам дінімізде бай болып есептеледі.
Зекет мына адамдарға беріледі.
1) Мұқтаждар: діни мөлшер бойынша бай болып саналмайтын, нисаб мөлшерінде дүние мүлкі жоқ адамдар.
2) Кедейлер: ештеңесі жоқ адамдар.
3) Борыштылар: Қарзынан тыс дүние-мүлкі нисаб мөлшеріне жетпейтін адамдар.
4) Жолаушы: өз елінде дүние-мүлкі болса да жолда ақшасыз қалған, қолында ештеңесі жоқ адамдар(бұл адамдарға үйлеріне жете алатындай мөлшерде зекет беруге болады) .
5) Аллаһ жолындағылар: Бұлар қасиетті соғыс, яғни Аллаһ жолында жиһад немесе қажылық үшін жолға шығып, ақшасыз қалғандар мен бар күшін ілімге жұмсап, соның жолына берілген адамдар.
6) Зекет жинаушы қызметкерлер
7) Муәллифә-й Құлуб: Көңілдері Исламға тартылатын кісілер.
8) Құлдар: Құлдықтан азат болатындарға беріледі. Бырақ құлдық күнімізде жойылған.
Тарауиһ оқудың қасиеті туралы Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Ұлық Пайғамбарымыз м. ғ. с. «Дуратил уағзин» кітабында былай деп жазылған» деп көрсетеді:
1-ші күні - тарауиһ намазын оқыған адамдар анасынаан жаңа туғандай пәк болар.
2-ші күні - оқыған адамның ата-анасы жарылқанып, азаптан құтылар.
3-ші күні - ғаріптағы періштелер рақым етіп, дұға етер.
4-ші күні - Құран, тәурат, Зәбір, Інжілді хатым қылғандай сауабы болар.
5-ші күні - Бәйтіл Мұхаддасқа, Мәдинаға барып намаз оқығандай сауабы бар.
6-шы күні - төртінші қат көктегі Бүйтіл Мақмұр мешітіне барып намаз оқығандай сауап болар.
7-ші күні - Перғауынды жеңген Мұса Пайғамбарға бергендей Алла тағаланың әл-қуат жәрдемі бар.
8-ші күні - Ибраһимді оттан, судан, оқтан құтқарғандай Алла тағала барша пәледен, апаттан аман құтқарып, рақым қылар.
9-шы күні - пайғамбарлармен бірге намаз оқығандай сауабы бар.
10-шы күні - барлық пасық болған істерден, күнәлардан аман сақталар.
11-ші кні - дүниеден өтеріңде өз иманын өзі айтып өтетіндей сауап жазылып, нәсіп болар.
12-ші күні - анасынан жаңа туғандай тазарады.
13-ші күні - машқарда жүз он төрт күндік айдай толар.
14-ші күні - оқыған адам қияметке шөлдемейтін болар
15-ші күні - барлық періштелер: «Тарауиһ оқыды деп куәлік етер, хиссабын жеңілдет», деп Алла тағаладан өтініш сұрар.
16-шы күні - періштелер күнәсін жеңілдетер.
17-күні - тамұқтан түні аман болар, дәптеріне барлық істеген жақсылығы жазылар.
18-күні - пайғамбарларға берілген сауапқа ие болар.
19-шы күні - бір періште хабар айтып, ата-анасы риза болар.
20-шы күні - тарауиһ оқыған адам Алла жолында соғыста өлген шәйттердің қатарындағы дәрежедей сауапта болар.
21-ші күні - тарауиһтан қалмаған адамға жәннаттан арнайы үй салынады.
22-ші күні - қылғанға қиямет күні ешбір қайға-қиындық болмайды.
23-ші күні - жұмақ ішінде жеке шаһар беріледі екен.
24-ші күні - оқыған адамның тірлігінде дұғасы қабыл болады.
25-ші күні - қабір азабынан аман болар. Оның шарафатынан басқа бір адамның азабы жеңілдеді.
26-шы күні - тарауиһтың түні бойы намаз оқығандай сауабы бар.
27-ші күні - оқыған жан үш мың жылдық сират көпірден найзағайдың отындай жылдам өтер.
28-ші күні - жұмақта дәрежелі орында болар.
29-шы күні - оқыған адамға хор қыздары тамақ әкеліп, кәусар ішкендей болады.
30-шы күні - тарауиһ намазын оқыған адамға Алла Тағала: «Ей, пенделерім, жеңдер жұмақтың жемістерінен, жуыныңдар, Сабақилден ішіңдер кәусардан. Мен раббың, сендер құлым», -демек.
ЕСКЕРТУ: Бірақ тарауиһ намазы осы айтылған қасиетті сауап-шарафаты иман келтіру, бес уақыт намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру және мүмкіндігінше мал-мүлкі жетсе қажыға бару секілді исламның бес парызын ыждаһатпен орындап, шариғат жолында жан-тәніменберік ұстанған мұсылманға ғана толық нәсіп екенін есте ұстау ләзім.
Зекеттің маңызы мен пайдасы
Исламның бес шартының төртіншісі - зекет. Һижраттың екінші жылында оразадан бұрын парыз болған.
Дүние-мүлк арқылы іске асатын ғибадат.
Зекет - діннің белгіленген мөлшері бойынша бай, әл-ауқатты болып саналатын мұсылмандардың әр жылы ДҮНИЕ-МҮЛКІ МЕН ақшасының 40/1 (қырықтан бір) кедей мұсылмандарға беруі. Зекет Құран кәәрімде намаз бен бірге отыз жеті жерде кездеседі. Зекет жайында мұншалықты көп тоқталуы - оның Ислам дінінде үлкен мәнге ие екенін білдіреді.
ЗЕКЕТ
Сүйкімдім! Сені «Неге адамдар бәрі бірдей емес, біреу - бай да, біреу - кедей, біреуде бәрі бар да, біреудің түгі де жоқ?» - деген сұрақ ойландырған шығар? Аллаһ Тағала адамдардың адалдығын, мейірімділігін, жомарттығын байқап көру үшін біреулерге көп байлық сыйлады. Оларға малдарының, дүниелерінің белгілі бір бөлігін кедей-кепшіктерге таратып отыруды бұйырды. Шамасы жеткен мұсылман өзгелерге көмектесуі керек, кедей-кепшікті кемсітуге, қорлауға болмайды. Аллаһ Тағала қайырымсыз байдан гөрі шыдамды, қанағатшыл кедейді жақсы көреді. Сондықтан, кедейлер жоқшылыққа сабыр етіп, байлар жоқ-жітікке зекет (мал, ақша, садақа) беруге міндетті.
ҮШ ЖІГІТ
Баяғыда бір елде үш жігіт өмір сүріпті, олардың біреуі алапес, бірі таз, енді бірі соқыр екен. Аллаһ Тағала оларға сынау үшін періштені жіберіпті. Періште алапеске адам бейнесінде келіп:
- Қандай арманың бар? - деп сұрайды.
- Денем мынау кеселден тазарып, жұрт жиіркеніп қарамайтындай болсам екен, - дейді ол. Періште қолын тигізе салысымен, оның денесі дерттен тазарып шыға келеді.
Сосын періште:
- Қандай мүлкің болғанын тілейсің? - дейді.
- Көп түйем не сиырым болса екен, - дейді жігіт.
Періште оған боталы түйе тарту етіп:
- Малың көбейіп, саған Аллаһтың жақсылығы болсын, - деп онымен қоштасып, тазға келеді. Одан да:
- Қандай арманың бар? - деп сұрапты.
- Басымда әдемі шашым болса, жұрт келеке етіп күлмесе екен, - дейді таз.
Періште қолын тигізуі мұң екен, ол да дертінен айығып, қою шашты жігіт боп шыға келеді.
- Қоралы сиыр немесе келелі түйем болса, - деп тілейді жігіт. Сол-ақ екен, оған сауын сиыр тарту етілді.
- Малың көбейіп, саған Аллаһтың жақсылығы болсын! - дейді періште. Сөйтіп ақырында соқырға келіп, тілегін сұрапты.
- Аллаһ Тағала маған бұрынғыдай жарық дүниені көрсететін көз берсе екен, - дейді зағип.
Аллаһтың құдіретімен оның да көзі жазылып, қалпына келеді. «Қандай мүлік тілейсің?» - деген сұраққа:
- Азын-аулақ уақ мал болса жетеді, -деп жауап беріпті зағип. Періште оған уақ мал сыйлап:
- Малың көбейіп, саған Алланың жақсылығы болсын, - деп жөніне кетіпті.
Бір күні періште алапес мүсәпір адам бейнесіне еніп, алғашқы жігітке келеді.
- Мен бір мүсәпір жолаушы едім, азығым таусылды. Алдымен Аллаһқа, сосын сізге үміт артып тұрмын.
Сізге осындай көрікті келбет және дүние-мүлік берген Аллаһтың атымен сұраймын, маған бір түйе беріңіз, сапарымды жалғастырайын, - деп сұрайды ол.
- Бұл түйелерді саған бере алмаймын, мен бұларды ата жолымен мұраға алғанмын, - деп сараңдық танытып, әлгі жігіт бермейді. Періште болса:
- Бір кездегі адамдар жанына жолатпайтын алапес сен емес пе ең? Байлықты да саған Аллаһ бермеп пе еді? Егер жалған сөйлесең, Аллаһ сені баяғы қалпына келтірсін, - депті.
Аллаһты ұмытқан жігіт малынан да, көрікті келбетінен де айырылып, алапес қалпына түсіпті.
Сосын періште таз бейнесінде екінші адамға келеді. Ол да бірінші жігіттің айтқанын қайталайды. Сөйтіп таз қалпына қайта келеді.
Ақыры періште соқыр кейпінде үшінші жігітке келіп көмек сұрайды.
- Ей, мүсәпір! - дейді ол жігіт, - кезінде мен де зағип болғам. Аллаһ маған қайтадан көз берді. Мынау - Аллаһтың берген дәулеті, қалағаныңша ала бер, мен сенің қолыңды қақпаймын. Аллаһтың қалауы болады.
Сонда оған періште былай деді:
- Дәулетің өзіңе бұйырсын. Бұл сендерге жіберілген сынақ болатын. Аллаһ саған разы болды, ал анау екі жолдасың Оның қаһарына ұшырады.
ЗЕКЕТТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Жәннат есігінің алдында төрт кісі тұр екен. Олардан жәннатқа кім бірінші кіруге лайық екенін анықтау керек болыпты. Олардың бірі - мұсылманның бес парызын түгел өтеген кісі, екіншісі - шиит, үшіншісі - ғалым, төртіншісі - зекет берген кісі екен.
Әуелі бес парызды өтеушіден:
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz