Артериялардың жедел бітелу синдромы



1 Этиологиясы мен патогенезі.
2 Этиологиясы мен патогенезі.
3 Клиникалық корінісі
4 КЛАССИФИКАЦИЯ
5 АСПАПТЫҚ ДИАГНОСТИКА.
6 САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ.
7 ЕМІ.
8 КОНСЕРВАТИВТІ ТЕРАПИЯ.
9 ХИРУГИЯЛЫҚ ЕМ.
10 АСҚЫНУ
11 АЛДЫН.АЛУ
Артериялардың жедел бітелу синдромы дегеніміз – белгілі бір қан тамырлар боссейнінде кенеттен қан ағымының бұзылысы. Оны аяқ-қолдың, бас миының, ішкі органдардың артерияларында жиі анықтауға болады. Жедел артериялардың бітелуі – жүрек ауруларының және магистральді қан тамырлардың (жүректің ревматикалық ақауы, ЖИА, аортаның және ірі артериялардың атеросклерозы) ең қауіпті асқыну болып табылады. Жедел артериялардың бітелуіне 60% жағдайда эмболия, 40% жағдайда жедел тромбоз алып келеді.
Эмболия – терминін Рудольф Вирхов практика жүзінде енгізген. Эмболия – бірінші пайда болған жердегі тромб үзіліп, қан айналымында артериялар бітелуіне алып келеді.
Жедел тромбоз – бұл атеросклероз, тромбангиит аурулары немесе қан тамыр қабырғасының жарақаты нәтижесінде, өзгеріс болған жерде обтурацияланған тромбтың дамуы.
Эмболиялық окклюзияға тән деңгейлер – бифуркация аймағы, жиі аорта, мықын, сан, тізе асты,бұғана асты және иық артерияларының бифуркациясы. Жиі 40% жағдайда эмболиямен сан артериясы зақымдалады, 25% жағдайда аорта және мықын артериясы зақымдалады, қолдың артериясының окклюзиясы сирек болады.25% жағдайда сатылы эмболия (тромбэмболия аяқ-қол артериясының әртүрлі деңгейінде орналасады.) комбинирленген (бір уақытта екі және одан көп аяқ-қол қан тамырлары зақымдайды.) немесе қосарланған (аяқ-қол артериясының бітелуі церебральді немесе вицеральді қан тамырдың зақымдалуымен бірге жүреді). Жедел тромбоз кезінде окклюзия деңгейі артерияльді қан тамырдың зақымдалған ошағына байланысты.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Артериялардың жедел бітелу синдромы дегеніміз – белгілі бір қан тамырлар
боссейнінде кенеттен қан ағымының бұзылысы. Оны аяқ-қолдың, бас миының,
ішкі органдардың артерияларында жиі анықтауға болады. Жедел артериялардың
бітелуі – жүрек ауруларының және магистральді қан тамырлардың (жүректің
ревматикалық ақауы, ЖИА, аортаның және ірі артериялардың атеросклерозы) ең
қауіпті асқыну болып табылады. Жедел артериялардың бітелуіне 60% жағдайда
эмболия, 40% жағдайда жедел тромбоз алып келеді.
Эмболия – терминін Рудольф Вирхов практика жүзінде енгізген. Эмболия –
бірінші пайда болған жердегі тромб үзіліп, қан айналымында артериялар
бітелуіне алып келеді.
Жедел тромбоз – бұл атеросклероз, тромбангиит аурулары немесе қан тамыр
қабырғасының жарақаты нәтижесінде, өзгеріс болған жерде обтурацияланған
тромбтың дамуы.
Эмболиялық окклюзияға тән деңгейлер – бифуркация аймағы, жиі аорта,
мықын, сан, тізе асты,бұғана асты және иық артерияларының бифуркациясы. Жиі
40% жағдайда эмболиямен сан артериясы зақымдалады, 25% жағдайда аорта және
мықын артериясы зақымдалады, қолдың артериясының окклюзиясы сирек
болады.25% жағдайда сатылы эмболия (тромбэмболия аяқ-қол артериясының
әртүрлі деңгейінде орналасады.) комбинирленген (бір уақытта екі және одан
көп аяқ-қол қан тамырлары зақымдайды.) немесе қосарланған (аяқ-қол
артериясының бітелуі церебральді немесе вицеральді қан тамырдың
зақымдалуымен бірге жүреді). Жедел тромбоз кезінде окклюзия деңгейі
артерияльді қан тамырдың зақымдалған ошағына байланысты.
Этиологиясы мен патогенезі.
95% жағдайда тромбоэмболиясы кездеседі, яғни тромбалық массалы эмболия.
Оның себептері атеросклероздық кардиопатия, жедел миокард инфаркті және
ревматикалық жүрек ақауы болып табылады. Эмболияның 70% ЖИА-мен және оның
асқынуымен байланысты, әрбір 7-ші науқастағы себебі жүректің сол
қарыншасының инфарктан кейінгі аневризмасы болған. Ревматикалық ақау
кезінде тромбалық масса жиі сол жүрекшеде немесе оның құлағында орналасады,
ал атеросклероздың кардиопатияда – сол жақ қарыншада 80% жағдайда
тромбоэмболия болғанда, негізгі ауруына байланыссыз жыпылық аритмиясы
болады, бұл жүрек ішілік тромбтың түзілуін, орналасуын көрсетеді.
Эмболияның сирек көзі болып табылады – жүректің жасанды клапаны (тромбылар
белгілі бір жағдай туындағанда, фиксацияланған кольцода пайда болады),
аортаның және тармақтарының аневризмасында, ол қабырғалық тромбозбен
асқынғанда, қан тамырдың проксимальды бөлігінде орналасып атероклероздық
табакша түзуі.Қолдың артериялық эмболиясының себептерінің бірі қосымша
мойын қабырғасы, ол бұғана асты артериясының сегментарлы стенозына және
стеноздан кейінгі кеңеюдің дамуына байланысты қабырғалық тромбы түзіледі.
Кейде эмболиялық себебі – жүрекшелік миксома және клапанда вегетациясы бар
эндокардитпен ауыратын науқастар. Жедел артериялардың тромбозының жиі
себептерінің бірі – атеросклероз, ұзаққа созылған окклюзиялық-стеноздық
процестің клиникасымен көрінетін немесе симптомсыз жүретін жаралы табақша
аймағында, сирек жағдайда тромбоз эндартериитте және артериялардың
зақымдалуында дамиды. Жедел тромбоздар қан тамыр қабырғасының патологиялық
зақымдалу процесімен салыстырғанда әрқашан екінші орынды алады.
Магистральды артериялардың жедел обструкциясы туындағаннан кейін үрдістің
келесі нұсқасы дамуы мүмкін.
* Проксимальды(сирек) немесе дистальды (жиі) тромбтың өсуі, бұл
коллатеральді қан тамырдың жабылуына және аяқ-қолдың үдемелі ишемиясына
алып келеді. Тромбэмболия аймағында дамыған секілді зақымдалған аяқ-қолдың
дистальді артериясында өздігінше түзіледі.
* Тромбоэмолдық дистальді қан тамыр бөлігіне миграциясы ишемия аймағының
азаюына әкеледі.
Жедел аяқ-қолдың ишемиясында тіннің оттегіне тапшылығы дамиды, осыған
байланысты барлық алмасу түрлері бұзылады. 1-ші ацидоз дамиды, ол шектен
тыс қышқылданбаған алмасу заттарының түзілуінен(сүт және пирожүзім
қышқылы).
Клеткалық мембрананың өткізгіштігінің бұзылуы, яғни клеткалар өліміне алып
келуі, клетка ішілік калий иондары клетка аралық сұйықтық, сосын қанға
түседі де, нәтижесінде гиперкалиемия дамиды. Ишемияланған аяқ-қол тінінде
белсенді ферменттер туындайды (кининдер, креатининфосфокиназа ), ал ауыр
ишемияда бұлшық ет клеткаларының бұзылуы нәтижесінде тін аралық сұйықтықта
миоглобин жиналады. Жедел ишемия кезінде өзгерістер кезегі келесідегідей. 1-
шіден аздаған макрогемоданамиканың бұзылысы пайда болады. Сосын
гемодинамикалық бұзылыстарды компенсация жасайтын микроциркуляция бұзылады.
Осыдан соң, аяқ-қолдың нерв-бұлшық ет аппаратының функциональді жағдайының
сапалы өзгерісі болады. Ол өз кезегінде метоболикалық және структуралық
тіннің бұзылысымен көрінеді. Клетканың өткізгіштігінің бұзылуы нәтижесінде,
тінді қысатын бұлшық еттің субфасцияльді ісігі дамиды, ол фасцияның
футлярында орналасып, тіндік қан айналымды одан сайын нашарлатады.
Ишемирленген тінде тромб түзілуге жағдай жасайтын факторлар туындайды:
қанның стазы, ацидоз, клетканың белсенді ферменттері. Гиперкоагуляция,
гиперагрегация және фибринолиздің тежелуімен жүретін тромботикалық жағдай
туындайды. Формалық элементтердің макроагрегаттары және ұсақ артериялар мен
капилляарлардағы микротромбтардың түзілуі ишемияны асқындырып, аяқ-қол
тінінде қайта қалпына келмейтін өзгерістердің дамуына жағдай жасайды.5%
жағдайда ірі магистральді веналарда тромбоз түзіледі, бұл өз кезегінде өкпе
артериясының тромбоэмболясына алып келуі мүмкін.
Клиникалық корінісі
Жедел артерияның бітелуі – полиморфизммен ерекшеленетін аяқ-қолдың жедел
ишемия синдромымен көрінеді.
*Зақымдалған аяқ-қолдағы ауру сезім – жиі жедел артерияның бітелуінің
бірінші белгісі. Әсіресе эмболия кезінде ауру сезім айқын болады.
*Жансыздану сезімі, мұздау, парестезия – патологиялық жағдайдың
патогномикалық симптомы. Науқастың аяғында салмақ түскен секілді сезім,
құмырсқа жүрген секілді, электр тоғы өткен секілді, ұсақ инелер кірген
секілді сезім болады.
*Терінің түсінің өзгеруі. Барлық терісі бозарады, оған көгерген түс
қосылады, ауыр ишмемия болғанда “мыраморлық сурет” пайда болады.
*Дистальді окклюзияның барлық деңгейінде артерияның пульсациясы жоғалады.
Бұл симптон – ең бір клиникалық белгінің бірі. Бұл симптон арқылы қосымша
аспаптық зерттеу әдісінсіз эмбол немесе тромбтың қай жерде орналасқанын
анықтауға болады. Пальпациямен бірге аорта мен ірі магистряльді артерияның
аускультациясы жүргізіледі. Систолалық шудың естілуі проксимальді
орналасқан қан тамырдың стеноздық зақымдалуына күмәндандырады, бұл зерттеу
тактикасы мен емін өзгертуге алып келеді.
-Сан артериясында пульстің болмауы мықын артериясының окклюзиясын
дәлелдейді. Егер пульс екі жағынанда анықталмаса, кедергі аортаның
бифуркация деңгейінде пайда болған.
Сан артериясының эмболиясы(тромбозы) тізе асты ойығындағы пульсацияның
жоғалуына алып келеді.
Егер ол анықталып, табан артериясында пульс болмаса, онда тізе асты
артериясының бифурпациясында окклюзия бар деген мағына.
Бұғана асты артериясының окклюзиясы барлық шеткі пульстің жоғалуына алып
келеді.
Егер бұл зонада анықталып, дистальді бөлігінде пульс жоғалса, қан
айналымдағы кедергі иық артериясында орналасады. Шынтақтың иілген аймағында
иық артериясының пульсі анықталып, қар-білезік буынында пульстің болмауы
иық артериясының бифуркациясында окклюзияның болғанын білдіреді.
· Тері температурасының төмендеуі дистальді бөлігінде айқын.
· Беткей және терең сезімталдық жеңілден толық анстезияға дейін бұзылады.
Сезмталдықтың бұзылысы "чулок" типі тәрізді.
· Аяқ-қолдың белсенді қозғалысының бұзылысы айқын ишемия түрінде және
бұлшық ет күшінің төмендеуі түрінде (парез) немесе белсенді қозғалыстың
бірінші дистальді бөлікте, сосын проксимальді буындарда болмауы, яғни аяқ-
қол толық қозғалыссыз қалғанымен (паралич)көрінеді.
Проксимальді шекарасының ишемиялық бұзылысы окклюзия деңгейіне байланысты.
·Ауыр ишмемия кезінде ишемирленген бұлшық етті пальпациялағанда ауру сезім
анықталады, болжамы жақсы емес. Жиі балтыр бұлшық еттерінің ауру сезімі
анықталады, кең көлемде окклюзия болғанда сан бұлшық еттерінің ауру сезімі
анықталады.
·Сирақ бұлшық етінің субфасциальді ісінуі – ауыр ишемияның белгісі. Ол
шектен тыс тығыздылығымен және аяқтың тізе буынынан жоғары таралуымен
сипатталады. Ісіну сирақтың барлық бөлігін қамтуы мүмкін(тотальді) немесе
алдыңғы немесе артқы бұлшық ет тобымен шектелуі мүмкін.
·Ишемиялық бұлшық еттік контрактура – жедел артериялды бітелудің бастапқы
некробиотикалық көріністерін дәлелдейтін симптом.
Дистальді контрактураны бөліп қарастырғанда, аяқ-қолдың дистальді буынында
қозғалыс шектеледі, тотальді контрактура, қозғалыс барлық зақымданған
буындарда шектеледі.
Клиникалық көріністің әр түрлі және айқындалу дәрежесі әр түрлі факторларға
байланысты, бәрінен бұрын зақымдалған аяқ-қолдың қан айналымына байланысты.
Қан айналымы бұзылысы айқын болған сайын, ишемияның көрінісі айқындала
түседі.
КЛАССИФИКАЦИЯ
І. Артериялды окклюзияның себебі:
·Эмболия
·Тромбоз
ІІ. Аяқ-қолдың ишемиясының дәрежесі (клиникалық көрінісі бойынша)
Жансыздану, параестезия, ауру сезім (тыныштық немесе физикалық жүктеме
кезінде).
Қозғалыстың бұзылуы және ісінуі.
2А Парез (бұлшық ет күшінің төмендеуі).
2Б Салдану (белсенді қозғалыстың болмауы ).
2В Субфасцияльді ісіну.
Контрактураның дамуы.
3А Парцияльді контрактура.
3Б Тотальді контрактура.
ІІІ. Ишемияның ағымы:
· үдемелі.
· тұрақты.
· қайталанған.
Ишемиялық бұзылыстардың айқындылығын клиникалық белгісі бойынша анықтайды.
·Ишемияның 1-дәрежесі – тұрақты ағымда жақын уақыт аралығында аяқ-қолдың
тіршілігіне қауып төнбейді.
·2-дәрежесі – субфацияльді ісіну мен қозғалыс бұзылыстар п.б. Ишемияның
өршуі аяқ-қолдың гангренасына алып келеді.
·3-дәрежесі – аяқ-қолдың ишемиясының соңғы сатысы. Тіндердің зақымдалуы
қайтымсыз. Клиникалық көрінісі – әр түрлі деңгейде бұлшық ет контрактурасы
дамиды.
Аяқ-қол артериясының созылмалы облитерациялық ауруы нәтижесінде дамыған
тромбалық окклюзияға тіннің кең тараған ақауы тән. Магистральді қан
айналымын қалпына келтіру кезінде ишемия, ишемиядан кейінгі синдроммен
кезектесді. Көптеген клиникалық зерттеу нәтижесі бойынша, тотальді
контрактура кезінде аяқ-қолдың реваскуляризациясы өлімге алып келеді екен.
Шектелген контрактурада (сирақ- аяқ басы буыны, аяқтың саусақтары) сирақтың
тек бұлшық еттерінің қайтымсыз зақымдалуы болуы мүмкін. Бұл жағдайда
магистральді қан айналымды қалпына келтіру, мақсатты түрде жүргізіледі. Бұл
кезде төмен деңгейде ампутация немесе некрэктомия жасалса, науқастардың
өмір сүру мүмкіншілігін жоғарлатады.
АСПАПТЫҚ ДИАГНОСТИКА.
Жедел артерияның бітелуінің диагностикалық бағдарламасында зерттеу уақыты
шектеулі екенін ескеру қажет. Осыған байланысты окклюзияның таралу деңгейін
анықтауға, сондай-ақ проксимальді немесе дистальді орналасқан магистральді
артерияда тромб немесе эмболдың орналасқанын анықтауға керекті ақпаратты
әдісті қолданған жөн. Бұл сұранысқа УДЗ және ангиография ие болады.
Жедел артериялды бітелумен науқастың УДЗ-е қанның аускультативті анализімен
бірге әр түрлі деңгейде аймақтық систолалық қысымды өлшеуге болады.
Дуплексті сканир – қан тамырдың қабырғасын, қан тамыр ішілік құрылымды және
қан айналымды көруге, артерияльді қан тамырдың бітелу деңгейі мен қасиетін
анықтауға арналған бағалы әдіс.
Ангиография келесі жағдайда орындалады:
* диагнозды анықтау үшін және созылмалы артерияльді жеткіліксіздік дамуы
мүмкін науқастарға емдік әдісті таңдау үшін.
*қосарланған немесе сатылы эмболияға күдіктенген жағдайда.
*ишемия деңгейінінң және пульстің жоғалу деңгейінің сәйкессіздігі кезінде.
*эмболия мен тромбоздың салыстырмалы диагностикасы қиындаған жағдайда.
*қосымша мойын қабырғасына күдіктенгенде.
САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ.
Жедел артерия бітелуін алдымен жедел тромбоз бен эмболиямен салыстырмалы
диагностика жүргізу керек.
Эмболия кезінде аурудың басталуы көп жағдайда кенеттен, жедел басталып,
артерия бітелгеннен бастап қатты ауру сезімі туындайды. Ишемия тез
айқындалып, тез үдеп жақын бірнеше тәулік ішінде гангренаның дамуына алып
келеді.
Жедел тромбоз кезінде ишемия айқын емес және гангренаның даму жиілігі
төмен. Жедел тромбоз ауруының басталуы облитерацияланған атеросклерозға
немесе артериитке байланысты эмболиядағыдай жедел емес. Сондай-ақ
артерияльді тромбоз найзағай тәрізді өтеді, тромбтың дайындығымен
байланысты (біршама уақыт ішінде қан тамыр қабырғасының өзгеруі, бірден
гиперкоагуляция және т.б.)
Жиі сондай-ақ бірден дамитын артерияльді тарылумен жүретін жедел
илиофеморальді флеботромбозбен салыстырмалы диагностиканы жүргізеді.
Аурудың жедел басталуы эмболияның көрінісіне ұқсайды – аяқ асты аяқ-қолда
қатты ауыру сезімі пайда болады, содан соң оған жансыздану сезімі қосылады.
Тері боз-көк түсті болады. Барлық сезімдері жоғалған аяқ-қолдың салдануы
байқалады. Веноздық тромбоздың негізгі салыстырмалы – диагностикалық
белгісі-ауру сезімнің артынша аяқ-қолда ісіну пайда болып, шап қыртысына
дейін жетеді, ал кейде құрсақ қабырғасының төменгі бөлігіне таралады, бұл
жағдай жедел артерияльді бітелуде ешқашан болмайды. Ісіктің консистенциясы
жұмсақ, май клеткасына жиналады. Ал эмболия кезінде ісіну тығыз және тек
қана субфасцияльді болады. Сирақ бұлшық еттерінің ауыр органикалық өзгерісі
болғанда, ісіну пайда болады. Жедел аортаның сылынуы аортаның буфуркациясы
деңгейінде эмболияның дамуына алып келеді. Бұл патологиялық жағдай аяқ
астынан арқасы мен бел аймағында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан және лимфа айналымының бұзылуы
Мидың қан кетуінің негізгі себебі - жоғары қан қысымы
Бейспецификалық аортоартериит
Ішек аурулары
Малдың ішек аурулары
«ЖҮРЕК –ҚАНТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ
Тыныс алу жүйесінің патологиясы
Жануарлардың ішкі аурулары кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринарлық көмек жайлы
Қанайналым жүйесінің патофизиологиясы
Липидтер алмасу механизмінің биохимиялық бұзылыстары
Пәндер