Бүкіләлемдік сауда ұйымы туралы қысқаша түсінік


Жоспар:
I. Кіріспе
Бүкіләлемдік сауда ұйымы туралы қысқаша түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының ұлттық экономикалық даму стратегиясы
2. Нарық жағдайындағы бәсекеге қабілеттілік
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бүкіләлемдік сауда ұйымы (World Trade Organization) бұл мемлекеттер арасындағы сауда ережелерін орнататын және олардың жүргізілуін қадағалайтын жалғыз дүниежүзілік орган. Бұл ұйымның жұмыс негізіне көптеген мемлекеттердің қолдары қойылған келісім-шарттар жатады.
Бұл құжаттар құқықтық базаны және дүниежүзілік комерциялық негіздегі компанияларды ережелермен қамтамасыз етеді. Негізінен осы келісім-шарттар дүние-жүзілік стандарттар бойынша жасалатын және өздеріне сауда саясаты сияқты міндеттерді жүктейді. Жоғарыда аталған келісім-шарттар әлемдік деңгейде қарастырылған мен, негізгі мақсаты - өндіруші, экспорт - импортпен айналысатын компаниялардың жұмысына әсер ету.
Бүкіл әлемдік сауда ұйымы бірнеше функцияларды атқарады:
- БСҰ - ның келісім шарттарының орындалуын қамтамассыз ету;
- Сауда келісімдерін жасауға тиімді шарттар жасау;
- Мемлекеттер арасындағы келіспеушіліктерді бір жүйеге келтіру және ыңғайластыру;
- БСҰ мүшелерінің сауда саясаты үстінен бақылау жүргізу;
- Дамушы елдерге техника және мамандардың білім алуы жағынан көмек көрсету ;
- Басқа да дүниежүзлік ұйымдар мен бірлесіп жұмыс істеу.
Бүкіләлемдік сауда ұйымы - 1995 жылдың 1-ші қаңтарында құрылған.
Штаб - квартирасы - Женева, Швейцария.
Ұйымдастырушылар - Уругвайдағы келісім сөздердің мүшелері (1986-1994ж. ж)
Қатысушы мемлекеттер саны - 1998 жылдың наурыз айындағы есеп бойынша 132 мемлекет .
Бюджеті - 1997 жылғы есеп бойынша 166 млн Швеицариялық франктер
Секретариат - 500-де аса қызметкерлер.
Бас директоры - Ренато Рактиеро.
Бүкіләлемдік сауда ұйымы өз алдына негізінен үш мақсат қояды :
Біріншіден, халықаралық сауданың қателіктерсіз және кері әсерсіз болуы. Бұл ең негізгі мақсат болып табылады. Осыған сәйкес жеке кәсіпкерлер, кәсіпорындар, компаниялар т. б. ұйымдар халықаралық сауданың барлық заңдарын білуге және олардыңөзгерісіне дайын болулары тиіс. Басқаша айтқанда ережелер өте түсінікті, ал олардың қолданылуы - тізбекті болуы керек .
Екіншіден, барлық құжаттар мемлекеттердің ұйымдасуында қаралып, қол қойылатындықтан олар, яғни құжаттар көп жағдайда қарама-қайшылық пен келіспеушілік туындатып отырады. Осыған байланысты БСҰ - ның негізгі қызметі туындайды. Ол бойынша ұйым мемлекеттер арасындағы келісім сөздер жүргізуші ретінде қарастырылады.
«Уругвай келісім сөздері халықаралық эканомиканың, сауданың кеңеюінің, инвестицияның, дүниежүзі халықтарының жағдайының жақсаруына үлкен әсерін тигізеді және көмектеседі ».
«Уругвай» келісім сөздеріне қатысушы елдер Министрлерінің Декларациясы. Сәуір 1994 жыл.
Үшінші маңызды аспект - келіспеушіліктерді бір жүйеге келтіру . Бұл дегеніміз, қиын сұрақтарды БСҰ-ның құқықтық базасының ережелері бойынша шешу.
Осыған байланысты қазіргі кезеңде нарықтық эканомика көп санды, яғни әртүрлі. Олар: өндірістік, комерциялық және ақпараттық өзара байланысты құрылымдардан тұратын күрделі жүйе болып табылады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз болғаннан бері өзінің ұлттық экономикалық даму бағдарламасын жасай бастады.
Республикамызда мемлекеттік меншікке ғана негізделген жоспарлы экономикадан меншіктің аралас нысандары қызмет ететін нарықтық экономикаға өту жолын таңдады. Сондықтан елімізде нарықтыұ жағдайға бейімделуге жағдай жасалып орташа және шағын бизнестың жетілдіру, экономикалық еркіндік беру, еңбек нәтижесін толық көлемді пайдалану, кәсіпкерлерге жеңілдіктер беріліп, тағы басқа әрекеттер жасалуда.
Бұл іс-әрекеттер нарық жағдайына бейімделуді біраз жеңілдететіні рас . Осыған байланысты еліміздегі жүргізіліп отырған экономикалық саясат бұрынғы қалыптасып қалған өндірістік қатынастарды түгелімен өзгертіп отыр және жаңа экономикалық саясаттың тиімді екенін тағы да дәлелдейді .
Сонымен қатар экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, шаруашылық жүргізу субъектілерінің, яғни компаниялардың, корпорациялардың жұмысының тиімділігін арттырып отыр . Қоғамдағы әлуметтік-экономикалық, ұйымдық - экономикалық байланыстардың деңгейі және келесі факторларда қатаң ескеріліп отыр. Олар :
- Тиімді шаруашылық жүргізу мүмкінділігі, ең жоғарғы және тиімді мүдделердің ұтымды қолданылуы және олармен қамтамасыз ету мүмкіндігі ;
- Кәсіпорынның меншік нысаны, оның қызмет ететін экономика саласы, оның яғни кәсіпорынның мамандануы.
Республикамызда кәсіпорындардың меншіктік және ұйымдық нысандарның қалыптасуы мен дамуы мына кестеде көрсетілген :
Қазақстан Республикасында меншік нысаны бойынша тіркелген заңды тұлғалар (01. 01. 2001 және 01. 01. 2002 жыл бойынша )
111397
3366
127196
4074
Кестеден көріп отырғанымыздай, 2001 ж республика бойынша тіркелген барлық заңды тұлғалар 2000 жылмен салыстырғанда 13, 1 %-ке өскен . Соның ішінде мемлекеттік меншіктің үлесі 2000 жыл 16, 7 %, 15, 1 % немесе 1, 6 % кеміген. Ал жеке мешіктің үлгісі сәйкесінше 78, 5% және 79, 3% құраған. Яғни, жеке сектордағы заңды тұлғалар үлесі 0, 8% артқан.
Сонымен шетелдік және бірлескен кәсіпорындардың республикамыздың аймақтарындағы даму деңгейінің әр түрлі болуы, әр аймақтың инвестициялық тартымдылығы мен инвестициялық климатқа, географиялық жағдайына
Жергілікті басқару органдрының кәсіпкерлік қызметті қолдау дәрежеіне байланысты болып келеді.
Енді отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігне келетін болсақ, бүгінгі таңда ол нарықтық қатынастардың мәнін көрсететін түйінді түсініктердің бірі болып табылады. Және ол тауарлы ел туралы түсінігі былай:“Өз азаматтарының табыстарын қалыптастырып және көбейтіп, дүниежүзілік рынок талаптарын қанағаттандыратын әділдік және бостандық нарық жағдайында қызмет көрсету немесе тауар өндіру ” деп талқыға салынады.
Еліміздің бәсекеге қабілеттілігі көп деңгейлі және бәсекелестіктің өзі үш деңгейден қалыптасады:
- Жалпы ұлттық ;
- Салалық;
- Және жеке кәсіпорын деңгейінде.
Өзінің бағалы бәсекеге қабілеттілігі, бұл егер нарықта қойылған сатылу бағасы, дизайны және сапасы анолгтарынан қалыптасса оның бәсекеге қабілеті бар болып табылады.
Салыстырмалы пайда бәсекеге қабілеттілігінің мөлшері, пайда неғұрлым жоғары болса, бәсекеге қабілеттілік деңгейі соғұрлым жоғары болады.
Бәсекеге қабілеті бар өнім шығару үшін -- өнеркәсіптің, жобалау процестерінің, өткізу және тұтынушыларға өнімді сатып болғаннан кейінгі қызмет көрсетудің де бәсекеге қабілеті болуы керек.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі нақты рынокпен сату уақытына қатаң бекітілген түсінік. Кез-келген тауар рынокқа шыққанда келе-келе өз қабілетін аша бастайды . Бұл процесті әрі жалғастыруға болады, бірақ тоқтату мүмкін емес . Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі - сатып алушыға қызығушылық тудыратын және тұтынуды қанағаттандыратын нақты ерекшеліктерінің жиынтығы мен анықталады, ал басқа сипаттамаларына өте көп көңіл бөлінбейді . Сол себепті неғұрлым жоғары деңгейдегі сапалы тауарларға жаңа ерекшеліктері үшін оның бағасы көтерілсе және тұтынушылар арасында қызығушылық тудырмаса, оның бәсекеге қабілеттілігі төмен болады. Осыған байланысты нарықтық экономикаға өту барысында Қазақстандық тауар өндірушілердің сапа мәселесіне көз қарастары өзгерді, бірақ сонда да өнімді өндіру, өңдеу барысында тек сапалы емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті өнім шығаруды, және өнімді жетілдіру керек. Нарық жағдайында ұсыныс сұраныстан жоғары болса, онда тұтынушы баға, сапа жағынан қанағаттандыратын өнімді таңдайды . Осының нәтижесінде тауар өндіруші өнімнің сапасын бақылау арқылы өз бәсекеге қабілеттілігін анықтай алады.
Бәсеке - нарық жағдайында өндірушінің тұтынушы үшін күресуі өнім сапасын жақсартуы, өндірісті және өткізуді ұлғайтатын, өндіріс шығындарын азайтуға арналған қозғаушы күш. Бірақ бұл отандық экономиканы реформалаудың басында алынған бәсекелі механизм, дамыған елдер тәжірибесі бойынша, шаруашылық механизм нарығы автоматты түрде пайда болмайды және мемлекет тарапынан көмекті қажет етеді .
Бәсекеге қабілеттілік факторларын шетелдік ғалымдармен бірге біздің республика ғалымдары да зерттеген . Сонымен, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі сыртқы (экзогенді ) және ішкі (эндогенді) факторлар болып бөлінеді. Экзогенді факторлар бәсекеге жарамчыз, олар :
- Тұтынушылардың мінез - құлықтары : жергілікті тұрғындардың қалыптасқан дәстүрлі тамақтары, олардың тиімді тамақтану негізінде денсаулықтарын нығайтуға ұмтылыс, экологиялық таза азық - түліктерді қолданылу, тұтынушылар қоғамының міндеті ;
- Бәсеке : бәсекенің түрлері, бәсекелестердің маркетингтік стратегиялары, оларды өткізу арналарындағы қалыптасқан ара қатынас ;
- Үкіметтік қызмет : Салалық және кедендік саясат, пайыздық мөлшерлеу, құқықтық шектеу ;
- Экономикалық жағдай: Экономиканың өлшеу қарқыны, шығындар, ақшаның құнсыздануы, жұмыссыздық деңгейі ;
- Ғылыми - техникалық прогресс үрдісі (Тенденциясы ) : технологиялық жетістік, патенттер ;
- Нақты қоғамдық пікірді тұжырымдай алатын тәуелсіз жиынтық ақпарат құралдары : Баспасөз, бұхаралық ақпарат құралдары .
Эндогенді факторлар. Бұл факторларды кәсіпорындар бақылайды. Олар :
- Өнім шығарда жұмсалған қаражат деңгейі ;
- Халықаралық стандарттарға сай сапа жүйесі;
- Білікті қызметкелер деңгейі ;
- Иновацияға қабілеттілік ;
- Басқарма - ұйымдық құрылымның бейімділігі ;
- Әлуметтік - тұрмыстық инфроқұрылым ;
- Ұжымдағы психологиялық климат ;
- Басқарма және өнеркәсіп мәдениеті ;
- Маркетингтік қызметтің икемділігі.
Сыртқы және ішкі факторлардың жиынтықтылығы сапалы маркетингті, комерциялық және экономикалық жағынан туардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырады . Маркетингтің құрамдас бөлігін құрайтын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін нарықтың сапалы зерттеу және тұтынушылардың ақырғы сұранысы, тауардың нарықта тиімді жылжыту жұмыстары, сатуды ынталандыру, тауардың өмірлік циклын есепке алған жарнамалық қызмет, бағалық стртегияны дұрыс таңдау, өткізу торабын ұтымды қалыптастыру және тауарды жылжыту арналары, маркетингтік қызмет факторлары арқылы анықталады .
Қазір тауардың бәсекеге қабілеттілігінің құрамдас бөлігінің ішіндегі баға - басты фактор болып табылмайды . Қазір алдынғы орындарға өнімнің тұтынушылық қасиеті, оның дизайны, сервис деңгейі, оны жөндеу мүмкіндігі, сонымен қатар өнімнің әлемнің қай бөлігінде жасалғаны туралы мүмкіндігі де есептеледі .
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтау басқа фирманың немесе компанияның сәйкес өнімі мен салыстыру арқылы орындалады . Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі пайдалы әсердің орнына тауар сипаттамасының интегралдық көрсеткіші, яғни оның сапасы алынады .
Республикамыз бүгінгі таңда бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болуды басты мақсаттардың бірі ретінде алдына қойып отыр . Ал бұл ұйымның негізгі талабы - бүкіләлемдікбәсекеге қабілетті таурлар мен өнімдер шығару болғандықтан нарық жағдайындағы бәсекеге қабілеттілік бірінші орында тұр. Сол себепті республикамыздағы мемлекеттік меншіктен жеке меншік үлесінің артуы, жылдан жылға кбейіп жатқан заңды тұлғалардың саны, экономикалық өнім, жалпы ішкі өнімнің артуы, тағы басқа факторлар осыған байланысты болып келеді . Еліміздегі өте зор табиғат, яғни қазба байлықтарының шетелдік инвесторлардың қызығушылық тудыруы, бізге оңтайлы жағдай тудыруда .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz