Іс - әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән – жайлар



Қоғамға қауіпті іс . әрекеттерді тойтару
Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы
ІІ. Қорғануға қатысты қажетті қорғанудың заңға сыйымдылық шарттары
Қиянат дәрежесі
Шекетен шығу мәселесі
Айырмашылығы
Қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілетңін зияннан қорғау мемлекетінің қоғамдық ұйымдардың конституциялық міндеті, ол барлық азаматтардың конституциялық борышы болып табылады. Осы міндеттерді жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы бағытталған іс - әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс - әрекеттерді тойтарудың, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға матеиалдық моральдық және басқа да зиян келтірілуі мүмкін. Қылмыстық ұғымы мен белгілерін талдағанда біз қылмыстық ұғымы мен белгілерін талдағанда біз қылмыстық ұғымына кіретін 4 белгіні талдаған болатынбыз. (қоғамдық қау, құқ, қайш, кінәлік, жазаланушылық). Осы 4 белгі болмаса қылмыстық туралы айтуға болмайды.
Ал бүгінгі біз қарастырып отырған әрекеттер, формальды жағынан алғанда ҚК-ң ерекше бөліміндегі жекелеген баптарда көрсетілген қылмыстық құрамына жатуы мүмкін. Бірақ бұл белгілер қылмыстық болып табылмайды. Өйткені осы әрекеттерді қылмыстық материалдық белгісі болып табылатын – қоғамдық қауіптілік жоқ. Керісінше мұндай әрекеттер қоғамдық қатынастарға төнген қауіпті тыюға бағытталғандықтан қоғамдарға пайдалы болып табылады, өйткені келтірілетін зиянды болғызбауға бағытталады немесе болдырмайды. Сол себептен осы зиянды болдырмауға бағытталған әрекеттерді – іс - әрекеттің қылмыстығын жоятын мән – жайлар деп атайды. мысалы: Кешкі сағат 20 00 шамасында жұмыстан кейін үйіне кетіп бара жатқан Мақановтың қалындығы дипломатына Сидоренканың көзі түсіп, оны ашық түрде Мақановтың қолынан жұлып алып қашамын деген оймен, Мақановтың жанына жүгіріп келіп, қолындағы дипломатын тарта бергенде Мақанов Сидоренканы ұрып жығып, жерге құлатып, мұрнын сындырып, Сидоренко орта дәрежедегі дене жарақатын алады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Іс - әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән – жайлар.
Іс - әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән – жайлардың түсінігі мен жалпы
сипаттамасы.
Қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілетңін зияннан қорғау
мемлекетінің қоғамдық ұйымдардың конституциялық міндеті, ол барлық
азаматтардың конституциялық борышы болып табылады. Осы міндеттерді жүзеге
асыруда жеке адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы бағытталған іс - әрекеттерді
дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс -
әрекеттерді тойтарудың, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген
адамға матеиалдық моральдық және басқа да зиян келтірілуі мүмкін.
Қылмыстық ұғымы мен белгілерін талдағанда біз қылмыстық ұғымы мен
белгілерін талдағанда біз қылмыстық ұғымына кіретін 4 белгіні талдаған
болатынбыз. (қоғамдық қау, құқ, қайш, кінәлік, жазаланушылық). Осы 4 белгі
болмаса қылмыстық туралы айтуға болмайды.
Ал бүгінгі біз қарастырып отырған әрекеттер, формальды жағынан алғанда
ҚК-ң ерекше бөліміндегі жекелеген баптарда көрсетілген қылмыстық құрамына
жатуы мүмкін. Бірақ бұл белгілер қылмыстық болып табылмайды. Өйткені осы
әрекеттерді қылмыстық материалдық белгісі болып табылатын – қоғамдық
қауіптілік жоқ. Керісінше мұндай әрекеттер қоғамдық қатынастарға төнген
қауіпті тыюға бағытталғандықтан қоғамдарға пайдалы болып табылады, өйткені
келтірілетін зиянды болғызбауға бағытталады немесе болдырмайды. Сол
себептен осы зиянды болдырмауға бағытталған әрекеттерді – іс - әрекеттің
қылмыстығын жоятын мән – жайлар деп атайды. мысалы: Кешкі сағат 20 00
шамасында жұмыстан кейін үйіне кетіп бара жатқан Мақановтың қалындығы
дипломатына Сидоренканың көзі түсіп, оны ашық түрде Мақановтың қолынан
жұлып алып қашамын деген оймен, Мақановтың жанына жүгіріп келіп, қолындағы
дипломатын тарта бергенде Мақанов Сидоренканы ұрып жығып, жерге құлатып,
мұрнын сындырып, Сидоренко орта дәрежедегі дене жарақатын алады. Сырттай
қарағанда дипломат иесі Мақановтың әрекетінде ҚК-ң ерекше бөліміндегі 104
баптың құрамы бар сияқты, бірақ бұл жерде қоғамдық қауіпсіздік деген
қылмыстық материалдық белгісі жоқ. Бұл мысалда Мақанов Сидоренкоға орта
деген жарақатын келтіру арқылы, оның қылмыстық әрекетін тыйып отыр және
өзінің жеке басын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғап, қоғамдарға пайдалы
әрекет жасап отыр деп айтамыз. Яғни Мақановтың Сидоренкаға қатысы жасаған
әрекетін қажетті қорғану шегінде жасалған деп айтуға болады.
Қылмыстық құқықтық теориясында қылмыстық заңда белгілегеннен басқа іс
- әрекеттің қылмыстығын жоятын мән – жайлар аталады. Мысалы: А.А.
Пионтовский: жәбірленушінің келісімі: қоғамдарға пайдалы кәсіби
функцияларды жүзеге асыру; өз құқығын жүзеге асыру, заңды орындау[1]
сияқты турлерді көрсетеді. Әдетте, заң әдебиетінде көрсетілген мән –
жайлар басқа құқық салаларындағы заңнамалармен анықталады деп, оларды іс -
әрекеттің қылмыстығын жояын мән – жайлардың қатарына жатқызбайды.
Заңда көрсетілген мән – жайлардың шекарасы уақыт озған сайын өсуде.
Мысалы: 1997 жылы қабылданған ҚР ҚК-не 5 мән – жай қосылған: 1)
қылмыскерлерді ұстау; 2) күштеп немесе психикалықұ (5 іздестіру шаралары)
жедел мәжбүрлеу; 3) Орынды тәуекел ету; 4) бұйрықты немесе өкімді орындау.
Ескі ҚК-те екі ғана мән – жай көрсетілген болатын олар қажетті қорғану, аса
қажеттілік. Жаңа ҚК-е енгізілген 4 мән – жайды А. Пиотовский бұрын да
қылмыстық іс - әрекетті жоятын мән – жайлар қатарына жатқызған.
Іс - әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән – жайлар дегеніміз – қоғамдық
қатынасқа зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою және пайдалы әрекетті
көтермелеуге бағытталған қылмыстық заңда белгіленген қоғамға – пайдалы
әрекет болып табылады.
2 сұрақ: Іс - әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән – жайлардың нақты
түрлері.
Қажетті қорғану 22 бапта көрсетілген. (3 бөлігі бар)
32 баптың 1 б оқу керек. Кез келген адамның қорғануға құқығы бар. Өз
басын ғана емес, басқа адамдарды да қорғауға, сонымен қатар қоғамның,
мемлекеттің мүдделерін қылмыстық қол сұғушылақтан қорғауға құқық берілген.
32 б 2 б. оқу керек, түсіндіру.
ҚР ҚК-ң 32 бап қажетті қорғануды, қол сұғушыға зиян келтіру жолымен,
қоғамға қауіпті әрекеттен заңды түрде қорғану деп анықтауға болады.
Қылмыстық құқық теориясы, сот тәжірибесін ескере отырып, қажетті
қорғанудың заңға сыйымдылық шарттарын бөліп көрсетеді. Бұл шарттар: 1) қол
сұғушылық яғни қиянатқа байланысты заңға сыйымдылық шарттар және 2)
қорғануға байлансты заңға сыйымдылық шарттар.
Қол сұғушылық болу үшін келесі талаптар қажет.
1) Қол сұғушылық ең алдымен объективті түрде қоғамға қауіпті болуы
керек; яғни қиянат арқылы заң қорғайтын мүдделерге тікелей зиян келтіргенде
немесе зиян келтірілу қауіпі туған жағдайда ғана қажетті қорғануды
қолдануға болады.
Қоғамға қауіпті қол сұғушылық жоқ облса, қажетті қорғану да жоқ. Қол
сұғушылық көп жағдайда қылмыстық әрекет түрінде көрініс табады. Оған кісі
өлтіруге оқталу, денсаулыққа зиян тигізу, тіпті қажетті қорғану шегінен асу
немесе жалған қорғану сияқиы қылмыстық әрекеттерге де қажетті. Қорғануды
қолдануға болады. Мысалы; Орлов өзінің әйелін өлтіру мақсатында, оны
балконнан лақтырып жібермекші болады. Өз - өзін қорғау мақсатында әйелі
Орловтың бетіне ұрып, оның көзін шығарып жібереді.
Немесе, Сарсенов пен Гришин Егоров деген кәсіпкердің пәтеріне баса –
көктеп кіріп, қолдарындағы қаруларымен қорқытып, одан шетел валюталарын
талап етеді. Егоров ақшаға бара жатқандай басқа бөлмеге кіріп кетеді.
Ол бөлмедегі тығулы жатқан аңға шығатын мылтығын алып, шабуыл
жасаушыларды екі оқпен атып өлтіреді. Бұл мысалдарға Орловтың әйелінің
әрекеті және кәсіпке Егоровтың әрекеті қажетті қорғану жағдайында жасалған
әрекеттер ретін де саралауы қажет.
Қажетті қарағанда тек қана қасақана әрекеттерге ғана қолдануға болады.
Абайсыз қылмыстарға қажетті қарғануды қолдануға болмайды, өйткені
абайсыздықпен қол ұғушылықты басқа жолдармен, мысалы сөзбен тоқтатуға
болады. Сондай – ақ кез – келген қасақана қылмыс қажетті қорғануды қолдану
үшін негіз болып табылмайды. Мәселен, пара беруге мәжбүрлеп қорқыту,
контрабанда, тұтынушыларды алдау жалған жауап беру т.б қылмыстарды олар
қасақана түрде жасалса да, қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Қажетті
қорғануға негіз болып табылатын қасақана қылмыстар қоғамдық қатынастарға
сол ьбатда, кідірмей зардап келтіруі қажет. Мысалы, әйел зорлау,
қарақшылық кісі өлтіруге оқталу т.б.
Қажетті қорғануды заңды әрекетке қолдануға болмайды, сол сияқты
қажетті қорғануды қандай да бір әрекетінде қылмыстың формальдық жағынан
белгілері бар, маңызды шамалы әрекет немесе әрекетсіздікке қолдануға
болмайды. Мұндай әрекеттерге өте арзан заттарды ұрлау, жасөспірімдердің
бай – бақшадан жеміс – жиек ұрлауы сияқты мысалдар жатады. Осындай
әрекеттерге қарсы, адам қажетті қорғануды қолданып зиян келтірсе жалпы
негізде жауаптылыққа тартылады.
Сонымен қатар, қажетті қорғануды құқылық міндеттерді орындамаған
әрекеттсіздікке қарсы қолдануға болмайды. Әрекетсіздікке өздігінен зардап
тудырмайды, ол тек қана туындайтын зардаптың алдын алмайды. Ал сол
міндеттерді мәжбүрлеп орындату, өз алдына іс - әрекеттің қылмыстылығын
жаятын жеке мән – жай ретінде қарастырылуы қажет.
Келесі бір мәселе, қазетті қорғану әкімшілік теріс қылықтарға да
қатысты қолданылады. Мысалы, театрға бара жатқан ерлі-зайыптылар
Дәулетовтарға мас күйіндегі Асқаров тиісе бастайды. Дәулетовтар мас
Асқаровға, оның ішіп алғанын көріп, оған мән берместен жолдың арғы
жағына шығып кетеді. мас Асқаров олардың артынан жүріп, Дәулетовтың
әйелінің қолынан тартқылап, жұлқылай бастайды. оны көрген Дәулетов
Асқаровты кеудесінен итеріп жібереді. мас күйіндегі Ақсаров құлап,
соның нәтижесінде оң қолын сындырып алады. Жоғарғы сот Дәулетовтың
әрекетін ұсақ бұзықылыққа қарсы жасалған қажетті қорғану ретінде
таниды.
2) Қол сұғушылыққа байланысты қажетті қорғанудың заңға
сыйымдылығының екінші шарты оның нақты орын алуы, яғни қол
сұғушылық нақты төніп тұруы қажет. Осы жағдайда ғана қажетті қорғануды
қолдануға болады.
Бұл жерде қол сұғушылықтың бастапқы және соңғы уақытын анықтау
қажет. Бастапқы уақыты деп қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың тікелей
басталуын немесе нақты қол сұғушылық қауіпі болуын айтамыз. Мысалы,
ұры, бөтен біреудің қалтасына қол сұқса т.б. Қасақана қылмыстар үшін
қол сұғушылықтың бастамасы болып қылмыс істеуге оқталғандық әрекеті
айтылады.
Ал қол сұғушылықтың соңғы уақыты деп қол сұғушылықтың шын
мәнінде аяқталуын оның доғаылуын айтамыз. егер қол сұғушылық бітіп
кетсе, оған қажетті қорғануды қолдануға болмайды. нақты қауіп
аяқталғасын жасалатын әрекеттерді кек алу, өш алу ретінде қылмыстық
әрекет деп бағалау керек. Мысалы: новиков Зоринді өлтіруге ақталуды
келесі мән- жайларда жасайды.
Түнде Зорин мен Алекссев Новиковтың көлігі тұрған үйдің
шарбағына кіріп, көліктің айналарын және басқа да бөлшектерін
ұрламақшы болады. Ауладағы түсініксіз шуды естіп Новиков аң аулайтын
мылтығымен көлілгіне қарай жүгіріп келіп, Зорин тұрған бағытқа
қарай екі рет оқ атады және Зоринге қолыңды жоғары көтер деп бұйырады.
Зорин қарқынынан қолын көтеріп, Новиковтан өзінің әлі ешнәрсе
жасамағанын айтып, оған атпауды сұрайды. Алайда Новиков қолын жоғары
көтеріп тұрған Зоринге қарай тағы да екі рет оқ атып, оған ауыр дене
жарақатын келтіреді, тиген оқтышң салдарынан дәрігер Зориннің бір
қолын алып тастайды.
Алғашқыда сот Новиковтың әрекетін қажетті қорғану жағдайында
жасалып, бірақ шектен тыс шығып кеткендіктен, қажетті қорғану шегінен
шығу кезінде жасалған кісі өлтіре оқталу ретінде саралайды.
Бірақ жоғары тұрған сот инстанциясы Новиковтың әрекетін қайта
саралап, оқ ату кезінде Новиковқа, оның отбасы төнбегенін айтып,
Новиковтың әрекеті кек алу ретіндегі қасақана қылмыс ретінде
бағаланады да оның әрекеті қасақана кісі өлтіруге оқталу вретінде қайта
сараланады.
кейбір кездерде, қажетті қорғануды қолданушы адам қылмыстың
біткен немесе бітпегенін ажырата алмаудан қажетті қорғануды
қолдануы мүмкін. ҚР ЖС Пленумының 23.12.1994 жылғы Азаматтардың өмірі
мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін
заңдары соттардың қолдануы туралы қаулысында 21 тармағы Шабуыл
аяқталғаннан кейін, ыбірақ істің мән-жайларына сәйкес қорғанушы үшін
оның бітіп қалу сәтінің түсініксіз жағдайына сәйкес қылмыстың біткен
немесе бітпеген қылмыс деп ұғып, қажетті қорғануды қолданса, ол
әрекетті қажетті қорғануға жатқызуы керек делінген.
Мысалы: Леонов алғашқы аудандық соттың үкімімен аффект жағдайында
кісі өлтіргені үшін айыпталды. Іс бойынша, Леонов және Максимов
өздерінің әйелдерімен бірге спирт ішімдіктерін ішіп отырады. Сол
жерде Максимов әйелдермен сөзге келіп, Леоновтың әйелін қорлап,
Леоновқа далаға шығып сөйлескісі келетінін айтады. Екеуі сөйлесіп
тұрғанда Максимов аяқ астынан Леоновтың тамағына пышақпен ұрады. Қатты
тиген соқыдан пышақ Леоновтың мойнына қадалып қалады. Леонов қадалған
пышақты жұлып алып, Максимовтың кеудесіне сол пышақпен екі рет ұрады.
Соққы нәтижесінде Максимов оқиға болған жерде қаза табады.
Облыстық сот осы істі қайта қарап, Леоновтың әрекетінде қылмыстың
белгілері жоқ деп табады. Леонов алдын ала болған тергеуде және сотта
келесі жауаптарды береді. Мен Максимовтың қылмыстық әрекеттерін
тоқтатпай, қайтадан менң мойнымдағы пышаққа қолын созғанын өз
көзімен көрдім, және менің сала сезімімдегі болған нәрсе пышақ
кімнің қолына бірінші тисе, сол тірі қалады деп ойладым. Осы жерде
өзімді қорғау үшін әрекет еттім деп түсіндіреді.
Бұл мысалдан Максимовтың тарапынан болған қол сұғушылықтың
аяқталу уақытынан болған қол сұғушылықтың аяқталу уақыты леонов үшін
белгісіз болғанын аңғаруға болады. Сондай-ақ Леонов қатты аффект
жағдайында болғандықтан келтірілетін қауіптіліктің сипатын дән
түсінуге мүмкіншілігі болмады. Сот Леоновтың әрекеті қажетті қорғану
жағдайында жасалған ден тауып, оны қылмыстық жау-тан бостанқан.
3) Үшінші шарты - қоғамға қауіпті қол сұғу айқын, шын мәнінде
болуы қажет. Айқын қол сұғушылық деп, қорғанушының елесінде, болжамында
орын алған қиянат емес, объективті түрде нақты орын алған қол
сұғушылық танылады.
Елестетілген қиянаттан қорғануды жалған қорғану деп атаймыз.
Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы да
ерекше.
Жалған қорғану деп - қиянат келтірушіліктен жорамалды түрде қиянат
келтіреді екен деп ойлап, қорғануды айтамыз.
Жалған қорғанудағы жағдайларды 3 топқа бөлуге болады.
І. Қорғанушы жәбірленушінің әрекетін қоғамға қауіпті деп санап
қате бағалайды. Мысалы, қорғанушы жәбірленушінің қоғамға қауіпті емес
әрекетін қоғамға қауіпті екен деп қателесуі мүмкін.
Мәселен, Жұман деген азамат кешкілік қараңғы түскен кезде күндегі
әдетінше жұмыстан соң қалың бақтың арасындағы жалғыз аяқ жолмен
үйіне қайтады. Бір қарағанда ол өзінің артынан келе жатқан бір адамның
сүлбесін байқайды. Сол адамнан қауіптесетін ол жүрісін жылдамдатып,
оған таяу келеді. Өзінше қылмыскер шабуыл жасайды деп ойлаған Жұман
кілт тоқтай алады да, жүгіріп келе жатқан әлгі адамды тяақпен ұрып
қлатады.
Нәтижесінде бейтаныс адамға ауар дене жарақаты келтіріледі. Істі
тергеу кезінде анықтағанда Жұманның артынан қалмай келе жатқан адам
соның тұрған жерінің тұрғыны болып шығады. Қараңғыда ол да жалғыз
жүруден қорқып тырысып, жем-жартып Жұманды қуып жетіп артынан
ілесіп отырады. Жұманның әрекеті жалған жағдайда істелген қорғану деп
танылған.
ІІ. Қорғанушы нақтылы қол сұғушылық жағдайында да қателесуі мүмкін.
Бұл қателесу қол сұғушының жеке тұлғасына байланысты болуы мүмкін, яғни
қорғанушы адам қол сұғушы болып табылмайтын адамнан қорғанып, оған зардап
тигізсе. Мысалы, кешке қарай техникумның ауласында Василеьв пен ******
төбелеседі. Көп таяқ жеген **** техникумға қарама-қарсы болып жатқан
дискотекаға қарай жүгіріп, ол жердегі билеп жатқан бір топ достарын
шақырып келеді. ****** достары Васильевты қоршап алып ұра бастады. Сол
жерде Васильев қалтасындағы пышақты шығарып алып, онымен жан-жағына
сермей бастайды. Сөйтіп, қоршаған топты бұзып шығып қаша бергенде арт
жағынан қолын екі жаққа жайып келе жатқан Зайцевқа тап болады. Зайцевта
осы ұрып-жыққан бір топ балалармен бірге жүр деп ойлап, Васильев оның
ішіне қолындағы пышағын сұғып алып құлатады. кейін анықталғаны,
Зайцевтың бұл төбелеске және бір топ балаларға ешқандай да қатысы
болмай шығады. Ол дискотекаға бара жатып, алдынан жүгіріп шыққан
кластасы Васильевты көріп қалып, қуанып онымен амандасып құшақтаймын
деген оймен құшағын жайған болатын.
Бұл жердегі қателік жәбірленушінің жеке тұлғасына байланысты
болып отыр.
ІІІ. Жалған қорғанудың үшінші тобын, қорғанушы қол сұғушылықтық
аяқталу уақытына байланысты қателесу жағдаулары құрайды. Немесе оны
кешігіп қорғану деп айтуға болады. Бұл жағдай қол сұғушы өзінің
әрекетін доғарып, ал қорғанушы оны байқамай, өзін-өзі қорғау
әрекеттерін жалғастыра бергенде орын алады. Мысалы, ***** қолындағы
балтасын жұлып алады. Данилин жердегі жатқан кірпіштердің біреуіне
аяғы жалынып құлап көзілдірігін түсіріп алады. Жерде жатқан
кірпіштердің арасынан көзілдірігін іздеп жатқанда, Иванов оның
арқасынан балтамен бір ұрып Данилинге ауыр дене жарақатын келтіреді.
иванов, көзілдірігін іздеп жатқан Данилин жердегі жатқан кірпіштің
біреуін алып, оған тағы да шабуыл жасайды деген оймен, одан қорғану
мақсатында әрекет еткен.
Жалған қорғану – қоғамға қауіпті әрекет, ол қылмыстық жауаптылықты
көздейді. Егер адам қажетті қорғануды қолдануда өзінің қатесін
болжамаса немесе болжауға мүмкіндігі болмаса, онда ол келтірген зиян
үшін жауап бермейді. Мысалы, Саматов деген азамат жолдасының үйіне
кірудің орнына шатасы бір соған ұқсас үйге кіріп кеткен. Саматовтың
үйге кірген тарсылынан ұйықтап жатқан үй иесі Қасымов оянып кетіп,
үйіне ұры кіріп кетті екен деп ойлап, ешбір ойламастан төсектің
қасындағы тұрған орындықпен шақырылмаған қонақтың басына ұрып, оған
ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтірген. Қасымовтың қорғануы бұл
ретте заңды қорғану болып табылады. Өйткені ол заңды қорғану болып
табылдады. Өйткені ол өзінің жәбірленушіге деген әрекетінің қате
екенін сезбеген, сезуге міндетті болмаған және де оны сезуге
мүмкіндігі болмаған. Яғни оның әрекетінде қылмыс белгісі жоқ. Яғни
оның әрекетінде қылмыс белгісі жоқ. Егер мұндай жағдайда ол өзінің
қатесін сезуге міндетті болса, немесе сезе алатын болса, онда ол
абайсыздықпен істеген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылар еді.
ІІ. Қорғануға қатысты қажетті қорғанудың заңға сыйымдылық шарттары
1) Қажетті қорғану тәртібі бойынша, қорғауға жататын
объектілердің (мүдделердің) шегін анықтау.
Қылмыстық заң ондай объектілерге:
а) қорғанушы адамның құқықтары мен заңды мүдделерін;
б) басқа адамның құқықтары мен заңды мүдделерін;
в) қоғамның мүдделерін;
г) мемлекеттің мүдделерін жатқызады.
Қажетті қорғану жолымен кез-келген құқықпен қорғалатын мүдделерді
қорғауға болады. Сондай-ақ қылмыстық заңға сәйкес. 32б. 2б. Қажетті
қорғану құқығы адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа
адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне
қарамастан тиесілі болып табылады.
3) Қорғануға қатысты үшінші шарт-зардап қиянат келтірушінің тікелей
өзіне келтірілуі қажет. Егер де зардап үшініші жаққа келтірілсе,
онда аса қажеттіліктің белгілері орын алады.
2) Қорғану заңда тұра атап көрсетілгендей, тек әрекет күйінде
жүзеге асырылады. Әрекетсіздік өмірге, денсаулыққа, меншікке зиян
келтірмейді, сондықтан да ондай қиянтақта тойтарыс берілмейді. мазмұны
жөнінен әрекет дене немесе мүліктік зиян келтіруден құралады.
4) Қиянат келтірушіліктен дер кезінде қорғану қажет. қоғамға
қауіпті әрекеттің басталған уақыты мен оның аяқталғанға дейінгі
аралығындағы қиянат келтірушіліктен қорғануды жүзее асыру дер кезінде
қолданылған қажетті аяқталғаннан кейін де қорғану әрекеттерін
жалғасытырып зиян тигізу кешікке қорғану деп танылады және қылмыс
қатарына жатқызылады.
5) Қорғану әрекетінің мақсатынан құралады. Қорғанудың мақсаты,
қоғамдық қатарды келтірілетін зардаптан қорғау бөлу қажет. Бұл
туралы ҚК-ң 32б, 1б. нақты аталып көрсетілген.
Егер қиянат жасаушылық пен қайтару өзарар есеп айырысудың қолайлы
сәті ретінде пайдаланылса, мұндай жағдайда ондай зиян келтірушілік
қылмыс болып табылады.
Мысалы, Воробьев бұрыннан бері араздасып жүрген көрінісі
Шамиловтың баласын өзінің бағында алма ұрлап жатқанын көріп қояды.
Баланы ұстап алып, оны белдігімен сабай бастайды. Баласының айқайлап
жатқан даусын естіп Шамилов ауласына шығады. Воробьевтың баланы
сабап жатқанын көріп, үйіндегі оқталу жатқан мылтығын алып, дәлме-дәл
Воробьевтың басына көздеп атады. Воробьев оқиға болған жерде қаза
болады. Алдын ала тергеу барысында Шамилов: Далаға шығып көршім
Воробьевтың менің баламды ұрып жатқанын көріп қуанып кеттім, өйткені
бағы өнімді алуға себеп болмай жүр еді деп түсіндіреді.
Бұл жерде Шамилов баласына қатысты қажетті қорғану емес, кек алу
мақсатында әрекет еткен. сол себептен де оның әрекеті жалпы негіздер
бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады.
6) Қорғану келтірілген қиянаттың сипаты мен қоғамдық қауіптілік
дәрежесіне сай келуі қажет. (саразмерности). Сәйкестік қорғанушы
тарапынан сұғушыға оның келтіретін зардабынан аз болатын, тең болатын
немесе кейбір жағдайларда көп болатын зиян тигізуді айтамыз.
32б. 3б сай: Нәтижесінде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай
мәжбүр етпейтін зиян келтіретін, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық
қаыуіптілігі дәрежесіне қорғанудың кернеу сай кекелмеуі қажетті
қорғаныс шегінен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана
зиян келтірген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылықққа әкеп
соқтырады.
Адам өміріне қол сұғушыға не қаруды қолданумен немесе қолдануға
әрекет етумен ұштасқан өзге де қол сұғушылаққа тойтарыс беру кезінде
адамға зиян келтіру қажетті қорғаныс шегінен шығу болып табылмайды.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу – деп, кез-келген сәйкес келмеушілік
емес, қол сұғушылықтың сипаты мен қауіптілігіне қорғану құралдарының
нақтылы кернеу шектен асқан сай келмеуін айтамыз. Кернеу шектен асу
болмаса, онда ол заңды қажетті қорғану болады. Өйткені қажетті қорғану
кезінде қылмыстық заң қол сұғушының төндіргелі тұрған қауіпінен сәл
көбірек қауіп келтіруге рұқсат береді.
Сәйкес келу немесе сәйкес келмеу ең алдымен қорғалып отырған
мүдделер мен зиян келтіріліп отырған объектіні салыстыру арқылы
анықталады. Мәселен, қарақшылық шабуыл немесе зорлаудан қорғану кезінде
адам қол сұғушыға тек қана, ауар дене жарақатын ғана емес, кісі
өлтіруге де құқығы бар деп ойлаймыз. Екі жақты салыстырсақ, яғни
денсаулығы мен жыныстық қылмыстардың объектілері.
Қажетті қорғануды қолданудың заңға сыйымдылық шарттары

қол сұғушылық қоғамға қорғауға жататын
объектілер-
қауіпті болу керек дің шекарадан нақты
анықталған
қол сұғушылықтың нақты болу керек
орын алуы
қол сұғушылық шын мәнінде қорғану тек қана әрекет
күйінде
орын алуы керек жүзеге асырылады

зардап қол сұғушының тікелей
өзіне
келтірілуі қажет
қол сұғушылықтан дер
кезінде
қорғану
қажет
қорғанудың мақсаты-
келтірілген зардаптан қоғамдық қат-
ды қорғау
болу керек
қорғану келтірілген қол
сұғушылықтың сипаты мен қоғ-дық
қау-ік дәрежесіне сай келуі қажет
өмірмен салыстырған кезде маңызды ы азырақ. Екі жақты салыстырсақ
теңбе-тең сәйкестік жоқ. Бірі екіншісінен асып тұр. Бірақ бұл асып
кетушілік көрнеу шектен тыс асып кетушілік емес. Сол себептен бұл
жерде қажетті қорғану болып табылады.
Сонымен қатар, қажетті қорғану шегінен асып істелген қылмыс
жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар қатарына жатады. (53 бап, 1б.
зт).
ҚР ЖС-ң 23.12.1994 жылғы №7 қаулысында соттар қажетті қорғану
шегінен асып кеткендіктің бар немесе жоқ екендігі мәселесін шешкен
кезде тек қорғану мен қауіп төндіру құралдарының сәйкестігін немесе
сәйкессіздігін ғана емес, қорғанушыға қауіп төндірушінің қауіптілік
сипатын, шабуылға қарсы тұрудағы оның күші мен мүмкіндігін, сондай-ақ
шабуылшы мен қорғанушының күштерінің арасалмағына ықпал ететін басқа
барлық жағдайларды да қауіп төндіруші мен қорғанушының саны, олардың
күш-қуаты жасы, қаруланғандығы, қауіп төндіру уақыты мен орны т.с.с.
ескеруі керек деп атап көрсеткен.
Қиянат дәрежесі көп жағдайларда қылмыскердің қолданатын құралы мен
қару-жарағына да байланысты. Бірақ та бұл жерде қол сұғушы шабуылда
қандай құрал немесе қаруды қолданса, қорғаушы да соған тойтаруға ғана
құқылы деп айту қате болар еді.
Мысалы: Қасым деген азаматтық әрекетті қорғану деп бағаланған.
Іс бойынша былай болған. Қараңғы түскен кезде Жұманов пен Сәкенов мас
күйлерінде Қасым деген азаматты көше бойында тоқтатып, оған негізсіз
тиіскен. Қасым олардың сөзіне мас екен деп құлақ аспай жүре
берген. Бірақ екі мас оны қуып жетіп, жерге құлатып тепкілей
бастаған. Өзін қорғау мақсатында Қасым қалтасындағы бәкісін алып,
Жұмановтың қарнына тереңдетіп сұғып жіберген. Жұмашов сол бойда қаза
болады. Алғашқыда сот Қасымды 99 бап бойынша, қажетті қорғану
шегінен асқан жағдайда кісі өлтіргені үшін соттаған. Бұл жерде
Қасымды пышағы жоқ адамдарға қарсы пышақ қолдвнған деген айып
танылған.
Бірақ бұл іс сотта қайта қаралғанда Қасымға төнген шабуыл оның
өмірінн қауіпті болғанын және екі бірдей басым екендігін есепке алып,
оның әректінде қажетті қорғану шегінен шығушылық жоқ деген
қорытынды шығарылған.
Көп жағдайда кенеттен
Бболған қиянаттағы абыржу, қорқу салдарынан, адам барлық уақытта
қауіп төндірудің сипатына дәл баға бере алмайды және соған сәйкес
келетін қорғану құралдарын қолдануға мүмкіндігі болмайды.
ҚК-те қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру
(99 бап); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян
келтіру (109 бап). Қылмыстары көрсетілген. Байқасақ қажетті қорғаныс
шегінен асып кеткені үшін жауаптылық тек қасақана қылмыстар
істегені үшін көзделген. демек, абайсыздықпен істеген қажетті
қорғаныс шегінен шығ-қ үшін заңда жауаптылық белгіленбеген.
3сұрақ. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зян келтіру.
ҚРҚК-ң 33б. 1б. сай: Қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік
органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін
тыю үшін ұстау амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы
үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып
табылмайды.
Көп жылдар бойына сот тәжірибесі бұл әрекетті қажетті қорғануға
жатқызып келді. Яғни бұндай әрекет және заң норомасы ретінде
ҚазССР ҚК-де көрсетілмеген еді. Осындай арнаулы заң нормасы украина,
Өзбекстан ҚК-де бұрын бар болатын.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіруді өз
алдына бөлек норма ретінде шығаруды алғашқы рет Х.Қ. Халиков ұсынған
болатын. Қазір бізде өз алдына жеке норма бар, ол 33 бап.
Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оған зиян келтірудің заңға
сыйымдылық шарттарын екі топқа бөлуге болады:
1) қылмыс жасаған адамға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс және одан қорғану шаралары
Қажетті қорғану
Қылмыстық заңның әрекет етуінің шегі
Әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен құқыққа қайшылығын жоятын мән - жайлардың түрлері
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Аса қажеттіліктің түсінігі
Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік
Жалған қорғану
Екінші шарт - орынды кәсіби тәуекелді қолдану арқылы заң қорғайтын мүдделерге зиян келтіру
Қылмыс істеген адамды ұстағанда сай емес зиян келтіру және оған қылмыстық жауаптылықтың сипаты
Пәндер