Есеп кеңсесінің векселъді беруімен байланысты операцшларының есебі


ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ
Есеп кеңсесінің векселъді беруімен байланысты операцшларының есебі
Төлем мерзімі жеткенге дейін вексель ұстаушылар вексель бойынша, ал вексель сомасын алғаннан кейін, банкіге (есеп кеңсесіне) берілген вексельдің индоссаменті бойынша жүзеге асырады. Банкіде жасалатын бұндай операциялар, әдетте, марапатталады (дисконт), сондықтан оны вексельді сату деп те қарастыруға болады.
Өтеу мерзімі жеткеннен кейін банк өтеу сомасын (вексельдің номиналдық құнына пайызды қосады) алуды топшылайды, сондай-ақ ол индоссантқа регрессияны қоюына да құқы бар. Ал бұл индоссанттың банк алдында жауапты екенін білдіреді.
"Созак" ААҚ-ның тауары сатылды:
- нақты өзіндік құнына
- келісімшарттың кұны -ҚҚСсомасы(16%)
Дебиторлық қарызды жабу есебінде алынған вексельдер:
- сатылған тауар үшін қарыз сомасы
- алуға тиесілі, есептелген марапаттау сомасы
Мерзімі жеткен кезде, марапаттау да, вексельдің де сомасы өтелді:
- вексель бойынша негізгі қарызын өтеу үшін ақша қаражаты келіп түсті
- вексель бойынша марапаттауды өтеу үшін ақша қаражаты келіп түсті
Мысал. "Шу" ЖШС 15% жылдық мөлшерлемесімен 40 күндік мерзіммен 400 мың теңге сомасына "Созақ" ААҚ векселін алған болатын. "Шу" ЖШС бұл алған векселін 20 күннің ішінде етеп банкі индоссаменттеріне беруді ұйғарған. Банкіде бұл вексель 10%-тік мөлшерлемесімен есепке алынған.
Сонымен, "Шу" ЖШС вексель бойынша өтеу сомасы 40, 67 (4+, 67) теңгені құраған. Ал банкінің есептік мөлшерлемесі , 22 (4 х 10% Х20/360) теңге құраған.
Енді біз осыған байланысты шоттар корреспонденциясын жасап керейік.
Вексель бойынша тиесілі марапаттау сомасы алынды:
- банкінің есептік мөлшерлемесі шегерілген марапаттау сомасы
Форфейтинголық операциялардың есебі - Форфейтинголық қызмет факторингалық операциялардың бір түрі болып табылады.
Форфейтинголық - бұл өнімді сатып алушылармен акцептелген, сатушылардан тауарлы вексельді сатып алынғандығын білдіретін факторингалык арнайы нысан
Форфейтинго шарты бойынша өнімді сатушылар вексель бойынша ез талабын қаржылық делдалға (форфейраторға) қайта жүктейді, ал ол өзіне тиесілі марапаттау сомасын шегеріп, қалған сомасын бірден төлейді.
Бұндай қоржындық (портфельдік) вексель бірақ рет жасалынады, ал оның етеу мерзімі бір қалыпты болып келеді.
Форфейтингінің жай вексель есебінен айырмашылығы: мұнда дебиторлық қарызбен байланысты барлық шығыстар форфейтордың еншісіне тиеді, яғни вексель бойынша қайта жүктеу процесі жүреді.
Мысал. "Шу" ЖШС, "Созақ" ААҚ-ның 1200 мың теңге векселін алған болатын және ол
60 күннің ішінде етелуі керек еді, сондай-ақ тауардың сатылу құны 1100 мың теңге құраған болатын, бірақ форфейтор оны 20 күннің ішінде өтеп, 1050 мыңтеңге беретін болып келісті.
Вексельді сатқан кезде, "Шу" ЖШС-не тиесілі марапаттау сомасы [(12-11) х 20/60] теңге құраған.
Енді осы операциялармен байланысты шоттар корреспонденциясын құрастырамыз.
"Созақ" ААҚ тауарды сатты:
- нақты өзіндік құнына
- келісім шарттық құнына
- ҚҚС сомасы (16%)
Дебиторлық карызды өтеу үшін алынған вексель:
- сатылған тауар үшін қарыздың сомасына
- алуға тиесілі, есептелген марапаттау сомасын
Форфейтордан алынған ақша қаражаты:
- сатылған вексель үшін
- тиесілі марапаттау сомасы
Өтелу мерзімі өтіп кеткен барлық дебиторлык қарыздар және де сот шешімдері бойынша үмітсіз деп танылған сомасы 7210 шоттың дебеті бойынша және 1210 шоттың кредиті бойынша есептен шығарылады.
Вексель бойынша өтеу мерзімі өтіп кеткен болып мына деңгейдегілер жатады:
- төлем күнінен бастап санағанда акцептантка қарсы аудармалы вексельден шығатын талап ету мерзімі үш жылдан асса;
- қарсылық білдіру күнінен бастап санағанда индоссанттарға қарсы вексель ұстаушылардың талап ету мерзімі бір жылдан асса;
- индоссант вексельге телеген күнінен бастап санағанда индоссанттар бір-біріне қарсы болған жағдайда олардың талап ету мерзімі алты айдан асса.
1210 " Сатып алушылармен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді борышы " шоты бойынша шаруашылық жүргізуші субъектісі мынадай дебиторлық карыздарды есепке алуы мүмкін, атап айтканда: цессионардың алған дебиторлық қарызы, цессионардың цедентке қарызының пайда болуы және т. б.
1210 шоты бойынша талдау есебі сатып алушыларға берілген шот-фактуралардың әр қайсысы бойынша жүргізіледі. Оның аналитикалық есебі сатып алушылардың төлеу мерзімі өтпеген берешегімен және мерзімінде төленбеген берешегі жөнінде; 1210-шоты бойынша, төлеу мерзімі өтпеген вексельдермен, банкілерде есепке алынған вексельдермен,
ақша қаражаты мерзімінде түспеген вексельдермен қамтамасыз етілген берешек жөнінде деректер алуды қамтамасыз етуге тиіс;
Басқа да дебиторлық қарыздардың есебі
Басқадай дебиторлық қарыздарды (борыштарды) есепке алу "Басқалай дебиторлық қарыздар" бөлімшесіндегі шоттарда жүргізіледі. Бұларға мынадай шоттар кіреді:
- 1420 " қосылған құн салығы";
- 1270 "Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар";
- 1250 "Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың қарыздары",
- 1280 "Өзгеде қысқа мерзімді қарыздар".
Дебиторлық қарыздардың әрбір түрі бойынша есепке алуды ұйымдастырудың жайын карастырып көрейік.
"Өтелуі тиісті қосылган құн салыгы" (1420 шот) . Бухгалтерлік есепте қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есеп айырысуды көрсету үшін 1420 "Қосылған кұн салығы" шоты қолданылады.
1420-шотының дебеті бойынша 3310 "Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу", 3390 "Басқа да" шоттарының кредитімен корреспонденциялана отырып, алынған тауарлы-материалдық құндылықтарды, атқарылған жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді бейнелеп, ондағы акцептелінген шоттары бойынша ҚҚС көрсетеді.
Тауардың, жұмыстың, қызметтің есебінен қосылған құн салығы алынады, ондағы айналымы салық салу үшін пайдаланады, егер де:
- тауар (жұмыс, қызмет) алушы қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші болып табылса;
- жабдықтаушы Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылады сатылған тауарға (жұмысқа, қызметке) берілген шот-фактураның негізінде.
Қосылған құн салығының (ҚҚС) сомасы зачетқа жатқызылатын болып табылады,
егер де: .
- тауарды (жұмысты, қызметті) алушы қосылған құн салығын төлеуші болса;
- төленген салық сомасы кеден заңдылығымен сәйкес келсе,
яғни жүк кеденінің декларациясында көрсеткендей болса;
- төлем құжатында көрсетілген салық сомасы салықтың төленгенін қуаттайтын болса;
- темір жол және авиа билетінде көрсетілген салық сомасы салық заңына сәйкес сомада болса;
- тұрғын-үй қызметінде пайдаланатын құжаттарында көрсетілген сома салық сомасымен сәйкес келсе;
- бақылау-кассалық машинасынан алынған чектердің сомасы салық сомасымен сәйкес келсе.
Алумен байланысты төлеуге жататын ҚҚС болса олар, зачетқа жатпайды, егерде:
- тауарлар (жұмыстар, қызметтер) кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды жүргізумен байланысты болса;
- тұрғын-үй қорларындағы ғимараттар болса, қонақ үй ретінде пайдаланатын ғимараттардан басқасы;
- жеңіл автомобиль, негізгі құрал ретінде алынған болса;
- тегін алынған мүліктер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) .
Есептік кезең еткеннен кейін, ҚҚС бойынша зачетка рұксат етілген сомасы,
- шоттың кредитінен 3130 шоттың дебетіне есептен шығарылады. Бұрындары зачетқа жатқызылған ҚҚС сомасы зачеттан шығарып тасталады, ол кезде, 3130 шотының дебетінде және 1420 шотының кредитінде көрініс табады, бірақ қызыл жазумен жазылады.
Бұл жағдайда, 1420 шотында ҚҚС сомасы не өндіріс, не тауардың құнына есептен шығарылады.
Есептелінген проценттер 1270 "Есептелінген проценттер" шотында есепке алынады. Бұл шотта есептелінген проценттер бойынша дебиторлық карыздар женіндегі ақпараттарды табуға болады (ұсынылған заемдар, вексельдер, негізгі құралды жалға алу және т. б. ) .
Алынуға тиісті проценттік үстеме телем 1270 "Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар" шотының дебеті және 6110 "Акциялар бойынша дивиденттер және процент түріндегі табыстар" шотының кредитінде көрсетіледі.
Есептелінген проценттердің теленуі 1040"Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша", 1010 "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша", 1050 "Ел ішіндегі валюталық шотындағы колма-қол ақша" және т. б. шоттардың дебеті және
1270" Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар" " шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
1270" Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар" ", шоты бойынша аналитикалық есеп - қарыз (займ) алушы, вексель ұстаушы, жалға алушы және т. с. с. кәсіпорындар бойынша және уақыттың өтуімен туындаған проценттік қарыздары бойынша айналым ведомосында немесе соған ұқсас машинограммасында жүргізіледі.
1250 "Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың қарыздар" шотында дебиторлық қарыздардың келесі түрлері есепке алынады: есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу бойынша; жұмыс істеушілерге кредитке сатылған тауарлары бойынша ұсынылған заемдар; материалдық шығынды өтеуі бойынша.
Есеп беруге тиісті тулгалармен есеп айырысуды есепке алу- Өнеркесіптік-шаруашылық қызметі, барысында кәсіпорын өз кызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді.
Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен теленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды телеу үіиін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруі тиіс.
Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға беріледі.
Есеп беруі тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайтын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырады (толтырылған аванс құжаты төменде келтірілген) .
Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды субъектінің басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген аванс есептері және оларға қоса тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есегі беруші адамдарға қайтарылады.
Барлығы
(соның ішінде ҚҚС)
Есеп беруге тиісті адамдар өздеріне берілген аванстарды толық қайтармаса, онда ол олардың сомасы жалақысынан біртіндеп немесе түгелдей ұсталады.
Аванс құжаттары бойынша артық жұмсалған сома еңбеккерлерге кассадан беріледі.
Іс-сапары бойыиша жұмсалған шығыстардың есебі.
Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің (еңбеккерлердің) басқа кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын-ала жасалған еңбек шартымен, Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" заңымен қаралған шаралар бойынша беріледі.
Іс-сапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады.
Қазақстан Республикасының аясында іс-сапарда жүргендерге екі ең төменгі есептік көрсеткіштер (ТЕК) деңгейінде тәулік ақысы төленеді, демалыс және мейрам, сондай-ақ жолда болған күндері де қоса есептелінеді.
Нақты іс-сапар орнына, барған және сол жерден шыққан күндері бойынша іссапар куәлігіне белгі соғады. Егер де еңбеккер бірнеше мекен-жайларға жіберілсе, сол барған жерлері бойынша түгел белгі соғуы тиіс. Іс-сапарға шыққан және келген күндері куәлікте көрсетілген күнмен сәйкес келуі тиіс. Әдетте, іс-сапар мерзімі жолда жүрген уақытын есепке алмағанда қырық күннен аспауы керек.
Іссапарға жіберілген қызметкердің үй-жайды жалдауына кеткен шығындары негізінен ұсынылған құжаттардың негізінде, бірақ Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі бекіткен мөлшерден артық емес келемде өтеледі.
Іс-сапар бойынша өткізілген аванстық құжаттар бойынша белгіленген норматив деңгейінде және тиісті құжаттармен дәлелденген жағдайда: іссапарда көрсетілген жеріне дейін және кері жүрген жолына кеткен нақты шығындарымен қоса бронға кеткен шығыстары да қоса алынады. Егер де қызметкерлер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберілсе, басшының бұйрығымен қоса оның мерзімі, мақсаты, орны анықталады.
Іссапар шығыстары еңбеккерлерге қай елге барса, сол елдің валютасына алдын-ала қаралған смета бойынша төленеді, ал егер де ондай валюта болмаса, онда еркін-конверттелетін валюта беріледі.
Келгеннен кейін бес күннің ішінде алған аванс бойынша есеп беру керек.
Мысал. "Цемент" ААҚ-ның бұйрығы бойынша бас бухгалтердің көмекшісі Москваға, содан соң Ұлыбританияға 15 күнге, яғни 5 қаңтар мен 19 қаңтар пралығына 2002ж. іс-сапарға жіберді делік.
АҚШ долларының бағамы бойынша үлттық валютаға шаққанда қаңтардың 15 күні ол (15. 01. 2002 ж. ) 150, 6 теңгені құраған, ал 19 күні (19. 01. 2002 ж. ) ол 151, 2 теңгеге жеткен,
сондай-ақ фунт стерлингтің бағамы да 19 күні 217, 91 теңге болған (1 фунт стерлинг үшін) .
Есеп беруге тиісті тұлғаның қолы:
Өзгелднев Таңатар
Іс-сапардан оралғаннан кейін бас бухгалтердің көмекшісі алған аванстары бойынша оларды растайтын кұжаттарымен бірге накты жұмсалған шығындары бойынша есеп берген.
1250 шоттың дебеті бойынша. және мына шоттардың кредитіне келесі жазба жазылады: 1010 -кассадан есеп беретін тұлғаға авансын төлеп берген кезде;
1040- авансты есеп айырысу шотынан почта арқылы аударған кезде; 1280- есеп беретін тұлғаға чек кітапшалары арқылы берген кезде; 1010- есеп беретін мемлекеттік салық маркаларын, почта маркаларын және т. б. беру кезінде.
1250-шоттың кредиті бойынша жазбалары мынадай шоттардың дебетіне жазылады: 1310, 1330, 1350 - сатылып алынған тауарлы-материалдық құндылықтардың және өндірістік дайындау-көлік шығындарының сомасы7210 немесе - іссапар, почталық, телеграфтық және басқа да шығындар; 1010-авансты кассаға қайтару кезінде; 3350-авансты еңбек ақысынан ұстаған кезде.
Есеп беруші адамдармен есеп айырысу шетел валютасымен жүзеге асырылуы мүмкін (қызмет бабымен іссапарға барған, шет елде өкілдік және басқа да шығындары төлеген кезде) .
Есеп беретін тұлғаға шетел валютасында берген кезде 1250 шотының "Есеп беруші адамдармен шет елдік валютамен есеп айырысу" аралық шоты дебеттеліп, 1020 "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоты кредиттеледі. Шығындарды есептен шығару кезінде 7210 "Жалпы және әкімшілік шығындар",
"Басқа да қосымша шығындар" шоттары арқылы жүзеге асырылады.
1250жөне 1020 шоттар бойынша валютамен орындалған операциялар теңгелік бағам бойынша көрсетіледі.
Бағамдық айырмасы сәйкесінше мына шоттарда көрініс табады 6250 және 7470 шоттарда.
Өкілділік шыгыстарының есебі
Шаруашылық жүргізуші субъектілер өз қызметтерінің барысында өкілділік шығыстарын есеп беруге тиісті адамдар арқылы қолма-қол ақшалардың көмегімен жүзеге асыруы мүмкін.
Ол негізінен ресми адамдарға сыйлы қызмет керсету үшін, іскерлік контракт жасау үшін, акционерлер жиналысына келген директорлар үшін және т. б. шаралар үшін алынуы мүмкін.
Өкілділік шығыстарының сомасы, заңда бекітілген нормасымен сәйкес келуі тиіс:
Ресми кездесу кезінде шақырылған жақтардан қабылдаушы жақтардың қатысушылары кеп болмауы керек, яғни келген делегацияның саны аудармашылармен қоса есептегенде
5 адам болса, онда кабылдаушы жақтың да адамдары 5-тен аспағаны жөн.
Өкілділік сипаттағы шаралардың алдын-ала қарастырылған шараға сай болғанын қуаттайтын құжаттарды субъектінің өзі әзірлеуі және есептік саясатта көрсетілуі керек. Өкілділік шығыстарды әзірлеу үшін негізгі құжаттар ретінде, мыналар саналуы мүмкін:
- басқа заңды тұлғалардың өкілеттілігін, басқарма қатысушыларын, директорлар кеңесін,
бақылау комиссиясын қабылдау бойынша жүргізілетін шаралардың негізділігімен байланысты бұйрығы;
- келушілердің келетін күндерінің және кәсіпкерлік жұмысты жүргізудің бағдарламасы, күтілетін қатысушылардың саны, талқыға түсетін мәселелердің тізімі т. б. ;
- шығыстың әрбір баптарының негізділігімен байланысты жасалған шығыс сметасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz