Ертедегі түрік жазуы



1 Ертедегі түрік жазуы
2 Солтүстік көшпенділері
Ертедегі түрік жазуын ұқсастыру ең күрделі және қиын проблемалардың бірі, өйткені бұл тақырып бойынша ол дерек көздерінің өте жұтаңдығымен ғана емес, сонымен бірге соңғы уақытқа дейін көпшілігінде көшпенділердің жазба мәдениетін, жазба (зайырлы) әдебиетін жоққа шығарып келген ғалым ағайындардың көп ғасырлық теріс түсінігімен де қиындатылып келді. Әсіресе бұл проблеманы дұрыс түсінуге ХІХ ғасырдың шығыстанушы ғалымдары үлкен зиян келтірді. Олар ертедегі түрік халықтарының кітаптық (баспаханалық) өнімдерін таппастан, олардың, оның ішінде көшпенділердің жалпы мәдениеті болмағандығы туралы қорытындылар жасаған. .

ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихы мен мәдениетін жетік зерттеушілердің бірі А.Левшин былай деп жазады: "Қырғыз-қазақтардың білімді болуына не өмір салты, не әдет-ғұрпы, не діні мүмкіндік бермейді. Олардың бар ағартуы адамды еріксіз дерлік нұрландыратын бірнеше әлсіз сәулелерден тұрады, ол аздап ойлана алса да, қиял елесі болса да және өзін қоршаған заттардан әсер алса да, бірақ олардың бұл танымдары ырымшылдығымен сиқын бұзады. ¤з тілінде оқи және жаза алатынды ғалым ретінде құрметтейді, жалпы олар хат танымайды". ХІХ ғасырдың басындағы бұл қызық шығыстанушыны далалық номадтардың мәдениеті туралы үрдісшілдік пен теріс түсінік күшті еліктіргені соншалықты, ол өз кітабының ең басында: "Қайсақ" немесе "қасақ" сөзі бұзылған "қазақ" аты болып табылады, кейбір шығыстық жазушылар сендіргендей, оны ертедегілер Христово Рождестводан әріден шығарады",-деп жазғанын ұмытқандай болады. (Левшин А.И.).

¤ткен жүзжылдықтағы қазақ далаларының құрметті зерттеушісі, А.С.Пушкиннің замандасы сізді Христово Рождествоға дейінгі оқиғаларға, яғни "біздің дәуірімізге дейінгі" деп аталатын ортақ қабылданған датаға сілтеп жіберетін болса, онда біз де ғасырлар тереңіне үңілейік, егер "қасақ, қазақ, казах" сөзі соншалықты ежелгі болса, онда ертедегі түріктік ауызша сөз де, бәлкім, сөздің өзі сияқты көне шығар.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Ертедегі түрік жазуы

Ертедегі түрік жазуын ұқсастыру ең күрделі және қиын проблемалардың бірі,
өйткені бұл тақырып бойынша ол дерек көздерінің өте жұтаңдығымен ғана емес,
сонымен бірге соңғы уақытқа дейін көпшілігінде көшпенділердің жазба
мәдениетін, жазба (зайырлы) әдебиетін жоққа шығарып келген ғалым
ағайындардың көп ғасырлық теріс түсінігімен де қиындатылып келді. Әсіресе
бұл проблеманы дұрыс түсінуге ХІХ ғасырдың шығыстанушы ғалымдары үлкен зиян
келтірді. Олар ертедегі түрік халықтарының кітаптық (баспаханалық)
өнімдерін таппастан, олардың, оның ішінде көшпенділердің жалпы мәдениеті
болмағандығы туралы қорытындылар жасаған. .

ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихы мен мәдениетін жетік зерттеушілердің бірі
А.Левшин былай деп жазады: "Қырғыз-қазақтардың білімді болуына не өмір
салты, не әдет-ғұрпы, не діні мүмкіндік бермейді. Олардың бар ағартуы
адамды еріксіз дерлік нұрландыратын бірнеше әлсіз сәулелерден тұрады, ол
аздап ойлана алса да, қиял елесі болса да және өзін қоршаған заттардан әсер
алса да, бірақ олардың бұл танымдары ырымшылдығымен сиқын бұзады. ¤з
тілінде оқи және жаза алатынды ғалым ретінде құрметтейді, жалпы олар хат
танымайды". ХІХ ғасырдың басындағы бұл қызық шығыстанушыны далалық
номадтардың мәдениеті туралы үрдісшілдік пен теріс түсінік күшті
еліктіргені соншалықты, ол өз кітабының ең басында: "Қайсақ" немесе "қасақ"
сөзі бұзылған "қазақ" аты болып табылады, кейбір шығыстық жазушылар
сендіргендей, оны ертедегілер Христово Рождестводан әріден шығарады",-деп
жазғанын ұмытқандай болады. (Левшин А.И.).

¤ткен жүзжылдықтағы қазақ далаларының құрметті зерттеушісі, А.С.Пушкиннің
замандасы сізді Христово Рождествоға дейінгі оқиғаларға, яғни "біздің
дәуірімізге дейінгі" деп аталатын ортақ қабылданған датаға сілтеп жіберетін
болса, онда біз де ғасырлар тереңіне үңілейік, егер "қасақ, қазақ, казах"
сөзі соншалықты ежелгі болса, онда ертедегі түріктік ауызша сөз де, бәлкім,
сөздің өзі сияқты көне шығар.

О. Сүлейменовтың "Жазудың тілі" кітабында "Бехистундік жазуды" жаңаша оқуы
"Скунха сак" дегеннің "Скун хасак" екенін бізге анықтауға мүмкіндік береді,
бар-жоғы бұл екі сөзді басқаша буынға бөлуге тура келді, бұл іздестірулерде
шығыс жазушыларына сүйенген А.И.Левшин өз еңбегінде айтқандарына біз де
келеміз ... Ия, этноним ретінде "қасақ, қазақ, казах" сөзі біздің
дәуірімізге дейін де жүрген, өйткені парсы патшасы Дарий І-дің "Бехистундік
жазбалары" б.д.дейінгі 6 ғасыр деп белгіленеді.

Солтүстік көшпенділері - ғұндар туралы айта отырып, шамамен сол кездері
ертедегі қытай тарихшылары оларды "хасак" деп атайды. Осы ертедегі қытай
жылнамалары көшпенділердің ежелден жазуының барлығы туралы куәліктерді аз
қалдырған жоқ. Н.Я.Бичурин (о.Иакинф) өзінің "Ежелгі уақыттардан Орта
Азияда өмір сүрген халықтар туралы деректер жинағында" бірнеше
жерде:"Мемлекет адамдары бейнеленген күміс тиыны бар, пергаминде көлденең
жолдармен хат жазады", - делінген. (Бичурин Н.Я.). Және сонда, басқа
бетінде: "Түрік жазбалары Ху халқының жазбаларын еске түсіреді", - дейді.
(Бичурин Н.Я.). Бұл жазбалардың бәрі Ғұндар (хундар) империясы тарап, ал
оны құраған тайпалар мен рулар 2-5 ғасырларда Алтайға қоныс аударған аралық
уақыт кезеңіне жатады.

Әдетте, жазу оған деген шаруашылық қажеттілігі білінген жерде пайда болады.
Мысалы, ассириялық және вавилондық саз тізімдіктерде негізінен белгілі бір
тауардың бар-жоқтығы, құмыралар саны және басқалары туралы немесе борыш
және басқа жазбалар бар. Ертедегі түріктер бұл жөнінен сонылық таныта
алмаған, "жазба" деп аталатын ағаш тақталарға адамдардың, жылқылардың,
салықтардың және малдың саны туралы жазбаларды пышақпен оятын. Бірақ жазу
тек ғұндарда ғана емес, сонымен бірге скифтерде де болған. Мысалы,
византиялық тарихшы Менандр түріктік елші, соғдылық Маннах "скиф
жазбаларымен" жазылған қағанның жолдауын жеткізді деп әңгімелейді.

"Аңдық стиль" бұйымдарында бейнеленген тұтас философия мен мифологияны
құрайтын аса бай материалдық мәдениеті, "скифтік алтыны" және сол сияқты
ежелгі өнер заттары бар скифтер мен сақтардың жазуы, әліпбиі немесе
болмысты жазу, тіркеудің басқа бір әдістері жоқ дегенге ешкімнің ойланбау
жағдайы түсінбестік туғызады. Ақырында, 70-ші жылдары "Алтын адаммен" бірге
Есік қорғанында жазуы бар күміс сақ тостағаны табылды! . Бірақ өкінішке
қарай, әлі күнге дейін бұл жазу оқылған жоқ. .

Сол кезде, гректердің өздері сол уақыттың "жеті ақылгөйіне" жатқызылған
скифтік Анахарсис туралы әңгімелерінде Геродоттың өзінде де және скиф
патшасы Скиланың қайғылы тағдыры туралы новеллада да бұл скифтер "сауатты",
яғни грекше оқи да, жаза да алған адамдар болған деп баяндалады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлардағы қазақ халықының мәдениеті
Ғұндардың арғы атасы
Талас жазу ескерткіштері
Тарих бастауының сақ дәуірі
Түркілердің руна жазуы. Көнетүркі жазба ескерткіштерінің таралуы мен зерттелуі
Көнетүркі жазба ескерткіштерінің таралуы мен зерттелуі
Тарих бастауы сақ дәуірі
Қазақ мәдениеті. Қазақ мәдениетінің бастаулары
Тіл және қоғам
Қазақстандағы жазу тарихы
Пәндер