Полиграфиядағы дизайн элективтік курсын оқытудың әдістемелік негіздері


"Полиграфиядағы дизайн" элективтік курсын оқытудың әдістемелік негіздері
Мазмұны
Кіріспе
Бүгінгі таңда адамзаттың жоғары индустриалды және ақпаратты қоғамға қарқынды түрде өтуіне байланысты өркениеттің бет-бейнесі тұтастай өзгеруде. Қазіргі қоғамның маңызды проблемаларының бірі - бұл құбылмалы әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүріп қана қоймай, болып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете отырып, оны жақсартуға бейім тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Мұндай тұлға - шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапты, жақсы дамыған интеллект иесі, жоғары білімді, кәсіби сауатты болуы қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында [1], Қазақстан Республикасы «Бiлiм туралы» Заңында [2], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында [3] және 12 жылдық білім беру бойынша құжаттарда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен техника жетiстiктерi негiзiнде тұлғаның қалыптасуы және дамуы үшiн жағдайлар туғызу қажеттігі атап көрсетiлген. Сонымен қатар бұл құжаттарда білім беру саясатының басым бағыттарының бірі ретінде мектептің жоғары сыныптарына бағдарлы оқытудың енгізілуі және ол оқушыларды әлеуметтендіруге, оқытуды даралауға, оқушылардың бейiмдiлiктерi мен қабiлеттiлiктерiн толығырақ ескеруге, оқуларын әрі қарай жалғастыруы үшiн жағдайлар туғызуға бағытталған оқыту жүйесі екендігі көрсетілген. Сондықтан мектептiң алдында қазiргi заманғы өзгермелi жағдайларда еркiн бағдарлана алуға, бiлiм алуын жалғастыруға мүмкiндiгi бар, өзiнiң болашақ қызметiнде жетiстiкке жете алатын бәсекеге қабілетті мектеп түлегiн дайындау мiндетi тұр.
Компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуы басылымға дейінгі дайындаудың барлық кезеңдерін көбінесе бір ғана адам - графикалық дизайн маманының орындауына тура келуіне алып келді. Сондықтан графикалық түпнұсқаны басылымға дайындау үрдісі мен осы үрдістегі дизайнер ролі дизайнерлерді ерекше қызықтырады.
Дизайнның әрбір даму кезеңі қоғамның дамуымен және ғылыми-техникалық прогреспен байланысты. Дизайнның кәсіптік принциптері, дизайнерлік ойлау мен іс-әрекеттер категориялары дизайнның дамуы мен жаңа әдістердің пайда болуы мөлшерімен өзгере отырып, үнемі қозғалыс үстінде болады. Полиграфия аймағында жұмыс істейтін дизайнерге тек суретші болу жеткіліксіз.
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болуы мүмкін емес. Ал жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
Орта мектепте 10-11 немесе профильдік сыныптарда компьютерлік графиканы оқытуы әдістемесі оқушыларды информатикадан дайындаудың тиімділігін көтеруді қамтамасыз ететін элективтік курстарға негізделген.
Білім беру жүйесі мемлекеттің экономика, ғылым және әлеуметтік орта салаларының құрылуы мен өсуіне зор ықпал ететін мамандарды дайындаудың негізі болып табылады.
Диплом жұмысының өзектілігі: Жоғары сыныптарда элективтік курстарды оқытуға байланысты барлық кешенді зерттеулер есебінен қойылған мәселелер мен қарама-қайшылықтарды анықтау дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: мекептің жоғарғы сынып оқушыларының болашақ мамандыққа бейімделуі мақсатында полиграфиядағы дизайн және компьютерлік графика салаларының негізгі ұғымдары мен әдіс-тәсілдеріне кіріспе ретінде ұйымдастырылатын элективтік курс бағдарламасын дайындау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Мектепте элективтік курстарды оқытудың мақсатын айқындау;
2. Орта мектепте 10-11сыныптарда немесе профильдік сыныптарда оқушыларды мамандарды дайындаудың тиімділігін жоғарлату үшін элективтік курстардың ролін көрсету, мүмкін болатын бағыттарын талдау;
3. Полиграфиялық дизайн және компьютерлік графика салаларының негізгі кіріспе ұғымдары мен құрал-жабдықтарына, программалық құралдарына талдау жасау;
4. "Полиграфиядағы дизайн" элективтік курсының бағдарламасын дайындау.
5. "CorelDraw" графикалық редакторында жұмыс істеуді үйретуге арналған электорнды оқыту құралын дайындау.
Зерттеу нысаны: орта мектепте 10 сыныптың оқу үрдісі.
Орта мектепте 10 сыныпта немесе профильдік сыныптарда оқушыларға полиграфия саласының негізгі ұғымдарын, дизайнер маманының негізгі функцияларын, сонымен қатар, компьютерлік графиканың негізгі ұғымдары мен құрал-жабдықтарын, программалық қамсыздандырылуын қарастыру диплодық жұмыстың практикалық мәнділігі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Полиграфиялық дизайн және компьютерлік графика
1. 1 Полиграфиялық графикалық дизайн
Полиграфия, қазіргі ақпараттық әлемде жедел дамып отырған салалардың бірі бола отырып, өзінің технологиясында электрониканың, есептеуіш техниканың, автоматиканың, физиканың, химияның және т. б. ғылымдардың соңғы жетістіктерін қолданады. Оның құрылымдық элементінің бірі - дизайн және т. б. өнер салалары.
Қазіргі уақытта полиграфиялық технология шешетін негізгі міндет - түпнұсқаға максималды жақындайтын және жаңа көркем-үлгілік мүмкіндіктерді тудыратын түрлі-түсті бейнелердің жоғары сапалы басылымын алу.
Бейненің барлық реңктік және түстік гаммасын көрсетуге мүмкіндік беретін түсті ажырату үрдісі - графикалық дизайн нысанының көрем-бейнелік анықтығына әсер ететін маңызды үрдістердің бірі. Түсті ажырату полиграфияның соңғы кезеңі болып табылады, ол шығарылатын өнімнің ақырғы түрін өндіріске салуға негіз болып табылатын. Полиграфиялық өнімді өндіру кезінде түстік және реңктік бейнені беру дайын өнімнің көркемдік үлгілерінің графикалық түпнұсқаға сәйкес келмеуі мәселелерімен бетпе-бет келіп отырған. Дәл осы түсті ажырату технологиясының өзгеруі графикалық дизайндағы көркем бейнелік тәсілдердің дамуына едәуір ықпалын тигізді.
Компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуы басылымға дейінгі дайындаудың барлық кезеңдерін көбінесе бір ғана адам - графикалық дизайн маманының орындауына тура келуіне алып келді. Сондықтан графикалық түпнұсқаны басылымға дайындау үрдісі мен осы үрдістегі дизайнер ролі дизайнерлерді ерекше қызықтырады.
Дизайнның әрбір даму кезеңі қоғамның дамуымен және ғылыми-техникалық прогреспен байланысты. Дизайнның кәсіптік принциптері, дизайнерлік ойлау мен іс-әрекеттер категориялары дизайнның дамуы мен жаңа әдістердің пайда болуы мөлшерімен өзгере отырып, үнемі қозғалыс үстінде болады. Полиграфия аймағында жұмыс істейтін дизайнерге тек суретші болу жеткіліксіз.
Одан осы типографияның машиналық кешенінің ерекшеліктерін білу арқылы программалық қамсыздандыру пакетін меңгеру, басылымды баспаға дейін дайындау үрдісін білу, полиграфиялық өндіріс негіздерін бу және т. б. талап етіледі.
Көбінесе қазіргі график-дизайнер басылымға дайындау бойынша барлық жұмыстар кешенін: бастапқы материалдарды ьаңдау мен оларды сандық формаға аударудан бастап, дайын өнімді алуға дейінгі жұмыстарды орындайтын жалғыз адам болады. Оның кәсіби дағдысына өнім сапасы тікелей байланысты болады [17] .
Компьютерлік графика - компьютерлік техниканың аппараттық және программалық құралдардың көмегімен полиграфияда электронды түпнұсқалар ретінде қолданылатын жаңа қаріптерді, графикалық бейнелерді, мультипликациялық бейнелерді, күрделі бейнелік монтаждарды жасау.
Қазіргі уақытта компьютерлік графиканың арнайы "баспаханалық" пакеттері (Photoshop, Illustrator, PageMaker, Quark Xpress) дайындалған. Дизайнерлердің компьютерлік графика құралдарымен бейнелерді жасауы қолжазбамен шығармашылық жұмыс істеудің көп жағдайын қайталайды. Осы екеуі де технологиялық тәсілдерді қамтитын шығармашылық жұмыс болып табылады. Техника - небәрі үрдісті жылдамдататын құрал ғана. "Компьютер - басылымдық форма" автоматтандырылған жүйесі тікелей электрондық тасымалдауыштан немесе компьютерден алынған сандық мәліметтер негізінде басылымдық бейнелерді жасауға мүмкіндік береді.
Компьютерлік технологияларда растрлық және векторлық бейнелердің заманауи мүмкіндіктері жеткілікті түрде кең қолданылады. Фотосуреттер мен суретерді электронды түрде цифрлық сақтау растрлық түстіажырату технологиясының көмегімен орындалады. Илюстративті материалдармен жұмыс істеуге арналған бірқатар бағдарламалар бар. Бейнелерді полиграфияда қолдану үшін оны максималды түрде түпнұсқаға жақындата отырып, басылымда тираждау кезінде арнайы графикалық редактор - бағдарламалар арқылы өңдеуге болады.
Қазіргі жедел өзгеретін әлемде көптеген компанияларға жоғары бақталастық жағдайда даму үшін қоршаған ортадағы өзінің ақпараттық өрісін тұрақты түрде қолдап отыруы қажет. Компанияны білуі, естуі және көріа отыруы қажет! Бұл тек ақпаратты жай ғана берудің жеткіліксіз екендігін, оны алушы кем дегенде соңына дейін қабылдайтындай әдемілеп, стильдік тұрғыдан дұрыс безендіру қажет екендігін білдіреді. Ал ең жақсы пікір қалыптастыру үшін ең дұрысы - премиум-классты презентациялық, жарнамалық полиграфия.
Пролиграфиялық жарнамалық материалдардың басты артықшылығы - максималды түрде жоғары ақпарат орналастыру мүмкіндігі. Премиум-классты полиграфия тек әдемік, әрі тартымдылық емес, ол шығарылатын өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасы туралы айтады
Барлық полиграфиялық қызметтер орындаушыларға жақсы табыс, ал тапсырыс берушілерге жоғары сапалы өнім береді. Күн сайын әлемде полиграфиялық құрылғылардың жаңа түрлері пайда болуда. Құрылғылардың спекторлары өте кең және компанияларға оларды әртүрлі формаларда және әдістерде қолдануға мүмкіндік береді.
Соңғы уақытта әртүрлі бланктар мен буклеттерді, жеке визиткаларды, төлем карталарын, постерлер мен күнтізбелерді, баннерлерді және т. б. өндіру өте кең тарады. Заманауи полиграфиялық қызметтер өте қысқа мерзімде жедел тасырыс орындауға қабілетті.
Полиграфия ( poly - көп (много) + grafo - жазамын (пишу) деген сөздерден шыққан) - өте көп мөлшерде бірдей баспа жұмысын алу және тауардын баспа түрінде көбейтудің үшін техникалық құралдармен бірігуі.
Бұл жұмыстың түрлері:
- визиткалар, бланкілер, жарнамалық беттер, буклеттерді, күнтізбелерді оперативті түрде жасау;
- мерзімді басалымдарды шығару (газет, журнал),
- кітаптарды көркемдеу.
Программалық жабдықталуы:
- Adobe Photoshop, CorelDRAW компьютерлік графика программалары;
- QuarkXPress, Adobe PageMaker компьютерлік верстканың арнайы программалары.
Классификациясы:
- аз тиражды (оперативті) ;
- көптиражды (профессионалды) .
Үстелге қоятын баспа жүйелері
DTP (DeskTop Publishing System настольная издательская система) - баспаға арналған кескіндер мен мәтіндерден жариялау үшін алынған аппаратты және программалық жабдықталу комплексі.
Сонымен қатар құжаттарды жариялауда қатты көшірмеде емес, яғни электронды түрде PDF және HTML-форматтарында. Дәстүрлі типографияға қарағанда полиграфиялық жұмыстарды типографияда емес үйде немесе офистерде дайындауды айтады. Классификация:
- Полиграфиялық баспаларды дайындау үшін;
- Электронды құжаттардың жүйелік версткалары.
Полиграфиялық баспаларды дайындау жүйесінің кең тараған түрлері:
- QuarkXPress, Adobe PageMaker; Adobe InDesign
Электронды баспаларды дайындаудың кең тараған жүйелері:
- Adobe Acrobat
Текстік редактордан айырмашылығы:
- Верста құжаттарын жаңадан жасау емес, дайын құжатты өңдеуге арналған
- Құжаттың верстка процессі иллюстрациялар мен текстерді сәйкесінше орналастыру, өңдеу.
- Верстканың мақсаты полиграфиялық әдіспен көбейтуге болатын құжатттардың түпнұсқа-макетін (оригинал-макетін) дайындау.
Түпнұсқа-макеті (Оригинал-макет) - болашақ баспаның әрбір беті сәйкес келетін беттер. Олар мынадай түрге бөлінеді:
- кодталған - магниттік немесе оптикалық дискіде;
- қатты көшірмесі - фотоформ немесе баспа формға дайындалған түрі;
- фотомеханикалық
Жедел полиграфия
Негізгі міндеттері:
- аз тиражды баспа (бірнеше мың экземпляр) ;
- брошюра, проспекті жарнамалары, визиткалар, плакаттар, календарлар, открыткаларды жылдам басу;
- Postpress қызметтері: ламинация, брошюркалау.
Техникалық мүмкіндіктері:
- лазерлі принтер (кемшілігі - төмен жылдамдық) ;
- ризограф (кемшілігі - төмен сапалы) ;
- Толықтүсті көшірмелі аппарат
Полиграфияда қолданылатын негізгі терминдер
- Шрифт - белгілі бір өлшемдері және суреті бар символдар тіркесі. Шрифті төрт топқа бөлуге болады: антиква (serif), гротеск (scan serif), декоративті (decorative), жазбаша (script) . Шрифтар жазылуы бойынша бөлінеді: қалыпты жағдайда, Ж -қарайтылған, К-курсив, Ч- асты сызылған. Бұл жазылудың басқа түрлері көп, алайда жоғарыда келтірілген түрлерін жиі қолданамыз. Пропорцияға байланысты шрифтер ығысқан, қалыпты, және сиретілген болып кездеседі. Көркемдеуге байланысты кез келген шрифтарды контуры бойынша, көлеңке бойынша эффектілер қолдануға болады.
- Буклет (Booklet) - бір бетке шығарылатын көркем басылым. Екі немесе одан да көп беттерге бүктеуге болады [18] .
- Кітапша (Брошюра) - жұмсақ мұқабалы, периодты емес басылым.
- Кітап - көлемі 48 беттен асатын, қатты мұқабалы, графикалық, мәтіндік, иллюстрациялық мәліметтер басылған қағаз беттерінен тұратын периодты емес полиграфиялық басылым.
- Афиша - үлкен форматты, көпшілік алдында өтетін жиынды жарнамалайтын, біржақты (одностороннее) басылым, жарнама.
- Дайджест - қандай да бір уақыт аралығында шыққан ең қызықты басылымдардың қысқаша мазмұны берілетін басылым.
- Журнал - тұрақты рубрикасы бар және әр түрлі тақырыптар бойына мақалалар беретін периодты баспа құралы.
- Плакат - үлкен форматты беттік басылым.
- Проспект - бір немесе бірнеше тауарларды (қызметті) олардың ерекше қасиеттерін ерекшелей отырып көрсететін жарнамалы басылым.
Баспа басылымының объектілері
Баспа басылымын бастамас бұрын ондағы әртүрлі объектілермен жұмыс істеудің қарапайым алгоритмдерін үйренуіміз керек.
Объектілерге мәтіндер, символдар, кестелер, иллюстрациялар жатады. Алдымен журнал жасау кезінде қандай объектілермен жұмыс істейтінімізді анықтап алайық. Объектілерді екі топқа бөлуге болады: құжаттар және құралдар (Сурет 1, 2) .
Сурет 1. Құжатты құрушы объектілердің классификациясы
Әрбір объектінің өзінің қасиеті болады. Мысалы, мәтін объектісі келесі қасиеттерге ие:
- шрифт түрі (кегль, гарнитура, түсі) ;
- абзац стилі;
- бет параметрі.
Фигуралы мәтін объектісі келесі қасиеттерге ие:
- шрифт түрі (кегль, гарнитура, түсі) ;
- мәтін формасы;
- арнайы эффектілер (көлеңке, қисаюуы, бұрылуы) ;
- бетте орналасуы.
Сурет объектісі келесі қасиеттерге ие:
- графикалық файлдың форматы;
- масштабы, өлшемі;
- түстерді қабылдауы;
- бетте орналасуы.
Құралдардың көмегімен біз құжаттарда әртүрлі әрекеттер орындаймыз. Әртүрлі символдарға сүйене отырып, мәтіндерді енгізіп, оларды бетте орналастырып, керекті түрімізбен өңдейміз. Фигуралы мәтінмен титулді бетте әдемі де, көркем етіп тақырыпты әсемдейміз. Суреттермен операциялар орындау арқылы құжаттың ішкі түрін әсемдейміз.
Сурет 2. Құралдар классификациясы
Бірінші басылымды дайындау үшін келесі әрекеттерді орындауымыз қажет: мәтін енгізу, мәтіндерді өңдеу, символдарды форматтау, абзацтарды форматтау, иллюстрацияларды қою, сноскаларды қою, колонтитулдарды қою, беттерді форматтау, титулдық беттерді әсемдеу.
Басылымды дайындаудың технологиялық процессі
Басылымды басуға әзірлеу - күрделі және ұзақ процесс. Ол ұзын бір-бірімен байланысқан бірнеше кезеңнен тұратын тізбек. Осы уақытқа дейін әрбір кезеңде арнайы мамандар орындады: редактор, корректор, суретші, теруші, баспашы. Үстелдік баспа жүйесінің пайда болуы (Desktop Publishing = DTP) баспа дайындаудың әрбір кезеңдері арасындағы арақашықтықтарды жойды. Баспа еңбегінің автоматтандырылған күшті құралы DTP, ондағы басылымды дайындаудың бүкіл процесін бір адам басқара алады. Әрбір кезеңнің технологиялық ерекшеліктерін, сонымен бірге олардың өзара байланысын және өзара тәуелділігін білуі керек [25] . Қысқаша басылымды баспа дайындау төмендегідей түрде болады (Сурет 1) :
Сурет 3. Басылымды баспа дайындау
Макет дайындау бірнеше кезеңдерден тұрады:
- макеттеу;
- мәтінді дайындау;
- иллюстрацияларды дайындау;
- шрифтер таңдау;
- беттеу (верстка) ;
- түпнұсқа - макетін басу;
Макеттеу элементтері:
- макет сызбасы;
- формат таңдау;
- Бет ориентациясы - Өрістер
- Дизайн элементі
- Модульдік тор
- Макеттеуге арналған бес кеңес
Макет сызбасы
Жақсы макет алу үшін, эскизден бастап, мысалы құжаттың соңғы түріне дейін. Алдымен дайын құжат қандай түрде болатынын елестетіп көріңіз де, бірнеше сызбасын қағазға түсіріңіз. Сіз 210 х 297 мм (формат А4) стандартты өлшемде 8 - беттен тұратын ақпараттық бюллитень жасағыңыз келеді. Сызба үшін 210 х 297 мм өлшемді екі ақ бет алыңыз. Бірінің үстіне бірін қойып оны ені бойынша бүктеңіз, осылайша сіз 8-бетті бюллитеннің кішірейген түрін аласыз. Қарындаш алып шапкасын және сыртқы түрін, сурет және мәтінді, жоғарғы және төменгі колонтитулды, іргедегі және төменгі өрістердің сызбасын түсіріңіз. Әрбір бетте сурет пен мәтінді белгілеңіз.
Өзгертуді құжатты дайындаудың ең соңғы сатысында да енгізуге болады. Егер сіз DTP программаларының бірімен жұмыс істеген болсаңыз, онда қарандашсыз бірден монитор экранында сызбасын дайындауға болады.
Формат таңдау
Европада өндірістерде форматты Халықаралық Стандарттау Ұйымы (ISO) анықтаған А-сериялы қағаздарды типографияда қолдануға шығарады. Германияда бұл стандарт басқа атпен белгілі - DIN (Deutsche Industrie-Norm) - Неміс өндіріс стандарты.
Барлық форматтар өлшемі 1189 мм х 841 мм DIN А0 форматынан тараған. Егер осы форматты тең екіге бөлсек, онда екі DIN A1 болады. Егер осы әрекетті қайталасақ, онда DIN А2 форматы және т. с. с. Ең кіші формат ол пошта карточкасының форматы А6. Ең кең тараған форматтар DIN A5, A4 и A3 (Кесте 1) .
Кесте 1. Барлық форматтар өлшемі
Бет ориентациясы
Беттегі жолдар әртүрлі орналасуы мүмкін. Олар кітапша (книжной или портретной - от англ. portrait) бет ориентациясы, керісінше альбомды бет ориентациясы болып бөлінеді (альбомды немесе ландшафты - ағыл. landscape) .
Өрістер
Бетте мәтіндер мен өріс өлшемдері белгілі бір гормониямен орналасулары керек. Осыған байланысты нақты ереже бар. Өріс ені, яғни мәтінді беттің шекарасынан алшақтатату, бір бетте әртүрлі болуы мүмкін, ол мәтінді бетте беттеуге байланысты.
Дизайн элементі
Болашақ жарияланымның дизайнын жасауда әртүрлі элементтер көп мөлшерде қолдануға болады. Олардың кең тараған бірнешеуі төменде келтірілген.
Би әріп (буквица -drop cap)
Абзацтың басындағы әріпті үлкен етіп жазу үшін қолданады, ол бірнеше жолды төмен түсіреді. Сонымен бірге мәтін оны қоршай орналасады. Тарау немесе бөлімнің басталуы және әсемдеу элементі ретінде қолданылады.
Рамка (printing rule)
Иллюстрацияны, мәтін бөлігін, фонды қоршап тұрған сызық.
Кітап элементі
1 - сыртқы қаптау бетінің бүктемесі (суперобложка) ; 2 - форзац; 3 - фронтиспис; 4 - титульды бет; 5 - сыртқы қаптау бетінің бүктемесі (суперобложка) ; 6 - кітап бөлігі; 7 - ляссе (Сурет 2) .
Сурет 4. Кітап элементі
Модульдік тор
Макет дайындауда модульдік тор көп көмектеседі. Модульдік тор болашақ жарияланымның дизайнын анықтайды және колонцифр, текст, иллюстрация, тақырып және бастапқы немесе соңғы стадиядағы автор фамилиясы тұрған жолды т. с. с. орналасырады. Торды суретші өңдейді. Оларды шаблон немесе трафарет деп атайды.
Макеттеуге арналған бес кеңес
Үлгілер банкісін жасаңыз. Газет, журнал, кітап, жылдық есеп оқығанда, жарнамалық беттер және брошюралар қарағанда солардың ішіндегі өте жақсы шыққан және кемшіліктері барын жинаңыз. Оларды «жақсылар» және «жамандар» деп екі топқа бөліп, несімен жақсы, несімен жаман екенін белгілеп папкада жинастырыңыз. Жеткілікті материал жинаған соң сіз өзіңізді техникалық және көркемдік редактор ретінде еркін сезінесіз.
Болашақ құжатыңыздың жоспарын құрыңыз. Неғұрлым қарапайым болса, солғұрлым жақсы. Осы ережелерді сақтай отырып, сіз аз қателесесіз. Қарапайым макеттер анық, жақсы оқылады және оқырмандардың көңілін аударады.
Құшаққа сыймайтынды құшуға тырыспаңыз. Мысалы, сіз бір бетті 30 колонка орналастыра аласыз, бірақ оны кім оқиды? Жалпы ереже: қос бетте үш арнайы типографиялық эффектіден артық қолданбаңыз. Сіздің макетіңіз сіздің құжатыңыз туралы нақты түсінік беруі керек. Егер сіз қандайда бір өнім туралы жарнама жасасаңыз, онда ғылыми түрде емес, сіздің макетіңіз жарнама түрінде болсын.
1. 2 Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдары
Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz