Қазақстандағы құқық функцияларының жүйесі
Кіріспе
1 Құқық функциясының ұғымы
1.1Құқықтың міндеті
2 Қазақстандағы құқық функцияларының жүйесі
3 Құқық қорғау қызметі
4 Құқық қызметтері
4.1 Құқық принциптері
5 Құқықтың мәні және оның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелеренің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.
Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:
• біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
• екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтық қорғау функциясы - норомативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық-жалпыға ортақ міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

1. Қазақстан Республикасының 1995 ж. 30 тамызда қабылданған Конституциясы, (1998 ж. 7 қазанда және 21мамырда 2007 ж. енгізілген ӛзгерістермен және толықтырулармен);
2. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Консититуциялық Заңы, 1991ж. 16 желтоқсан;
3. «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 1998ж. 24 наурыз.
5. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 2001ж., 30 қаңтар;
6. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет.
7. Мемлекет және құқық теориясы. ред. жетек. Лазарев В.В. Оқулық. – М., 1994.
8.Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығы Төлеуғалиев Ғ.И., Алматы 2001 жыл
9.Азаматтық құқық. Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, 2003 жыл
10.Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы., 2001.
11.Н. Дулатбеков., С. Амандыкова., А. Турлаев . Мемлекет және құқық негіздері. Алматы., 1999.

Мазмұны
Кіріспе
1 Құқық функциясының ұғымы
1.1Құқықтың міндеті
2 Қазақстандағы құқық функцияларының жүйесі
3 Құқық қорғау қызметі
4 Құқық қызметтері
4.1 Құқық принциптері
5 Құқықтың мәні және оның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Құқық - мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелеренің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.
Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:
* біріншісі - құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
* екіншісі - құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтық қорғау функциясы - норомативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық-жалпыға ортақ міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
1 Құқық функциясының ұғымы
Құқық функциялары - бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін құқықтық ықпадың негізгі бағыттары.
Құқық функцияларының түрлері: сыртқы (экономикалық, саяси, тәрбиелік) және ішкі (реттеуші және қорғаушы).
Құқықтың қайнар көздері - бұл мемлекеттен туындайтын немесе құқық нормаларын көрсететін және бекітетін, оларға заңды және жалпыға міндетті күш беретін мемлекет қабылдаған ресми құжаттық нысандар.
Құқық функциялары түсінігі аясындағы 1 ғасырға жуық уақыт аралығында жүргізіліп жатқан белсенді зерттеулер әлі де бұл тақырыпта қандай да бір ортақ көзқарас қалыптастыра алмады. Егер де барлық қалыптасқан көзқарастарды синтездейтін болса, онда нәтижесінде, құқық функциясы түсінігі не құқықтың әлеуметтік міндетін, не қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың бағытын, не осы 2 тұжырымның жиынтығын білдіретінін көреміз.
Соңғы көзқарас құқықтың әлеуметтік міндетін де, қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың бағытын да жеке алып қарастырғанда, олардың біреуі де құқық функциясы түсінігін қамти алмауына байланысты. Егер де құқық функциясы түсінігін құқықтың әлеуметтік міндеті ретінде қарастыратын болсақ, онда мұндай түсінік тым жалпылама сипатқа ие болады. Құқық функциясы түсінігін тек қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың бағыты ретінде қабылдағанда осы ықпалдың бағыттаушы сәті ескерілмей қалады. Сол себепті құқықтық ықпалдың бағыттарын құқықтың әлеуметтік міндетімен теңестіру немесе керісінше, оларды бір-біріне қарсы қою орынсыз екендігіне ерекше көңіл аудару қажет.
Құқық функциясы түсінігі құқықтың міндетін де және содан пайда болатын құқықтың қоғамдық қатынастарға ықпалы бағыттарын да бір мезгілде қамтуы керек. Сондықтан да құқықтың қандай да бір функциясының құрамын алып қарағанда, құқықтың міндеті мен оның ықпалының бағыттары арасындағы байланысты әрқашан көкейде ұстаған жөн.
Тегінде, құқық функциясы - бұл құқықтың әлеуметтік міндетін іске асыру. Ал құқықтың әлеуметтік міндеті мен құқықтық ықпал дегеніміз не?
Құқықтың әлеуметтік міндеті қоғамдық даму қажеттіліктерінен туады және солардан құралады. Қоғамның әлеуметтік мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында белгілі бір қатынастарды бекітуге, реттеуге және қорғауға бағытталған заңдар жарыққа шығады. Сонымен бірге құқықтың қандай да бір міндеті белгілі бір қоғамдық қатынастардың дамуын бекіту, қорғау немесе бағдарлау, яғни оның әлеуметтік рөлінің мұқтаждығы (қажеттілігі) өткір болған сайын, соншалықты ол айқын кызмет етеді.
Қоғамдық қатынастардың тәртіптілігі, олардың жүйелілігі және динамизмі қоғамның дамуы мен қызмет етуінің қажетті шарттары болып табылады. Сондықтан құқықтың әлеуметтік міндеті қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру, реттеу, оларға тиісті орнықтылық беру және азаматтардың құқықтарын іске асыру мен жалпы азаматтық қоғамның қалыпты тіршілік етуіне қажетті жағдайлар жасаудан тұрады.
Құқықтық ықпал - бұл қоғамдық қатынастарға құқық ықпалының жолдары, тәсілдері мен түрлерін сипаттайтын санат. Бұл қоғамдық өмірдегі, мемлекет, оның органдары, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың әрекеттеріндегі құқықтық қағидаларды, ұстанымдарды, тыйымдарды, алғышарттар мен нормаларды іске асыру.
Ықпалдың бағыты - құқық функциясының аса бір елеулі құраушысы, ол қоғамдық дамудың қажеттіліктеріне өзіндік бір жауап, сонымен қатар осы қажеттіліктерді жинақтайтын және оларды позитивті құқыққа айналдыратын заң шығару саясатының нәтижесі болып табылады. Құқық функциясы түсінігін талқылағанда, құқықтық ықпал мен құқықтық реттеу сияқты санаттардың қатынасына да назар аударған жөн.
Құқықтық ықпалдың түрлі формаларының болуы құқықтың заңи ықпалы (құқықтық реттеу) мен заңи емес (ақпараттық және бағдарлаушы) ықпалы арасындағы айырмашылықты айқынырақ көруге мүмкіндік береді. Құқық функциясы түсінігі жоғарыда аталған екі ықпалды да қамтиды.
Құқық функциясы түсінігін одан әрі айқын анықтау мақсатында оның мағыналас, мәндес келетін құқықтың рөлі, құқықтың міндеті және құқықтың қызмет етуі сияқты заң санаттарымен арасындағы айрмашылықты белгілеген абзал.
Құқықтың рөлі термині қоғам өмірінде, жалпы мемлекетте немесе олардың белгілі бір даму сатысындағы құқықтың маңызын білдіреді.
Қоғамның қандай да бір даму сатысында немесе қандай да бір мәселелерді шешуде құқықтың рөлі қандай болғаны (немесе болатыны) жөніндегі сұраққа жауап берген кезде құқықтың әлеуметтік міндетін сипаттайтын құқықтың атқаратын қызметтерін анықтауға тура келеді. Құқықтың рөлі түсінігі құқық функциясы түсінігіне қарағанда жалпылама, кең түсінік. Қарастырылатын санаттардың айрмашылығын осыдан көреміз.
Егер құқық функциясы -- құқықтағы қазіргі мен болашақты (мақсаттар мен міндеттерді) айқындайтын жиынтық түсінік болса, құқықтың жұмыс істеуі, егер алдын ала басқаша келісілмесе, қазіргі уақыттағы құқықтың іс-әрекетін белгілейді.
Осылайша, құқық функциясы және құқықтың жұмыс істеуі өте жақын, кейде бірдей, бірақ бір-бірімен сәйкес келмейтін түсініктер болып келеді. Құқықтың жұмыс істеуі - функцияның мәселесімен тікелей байланысты сұрақ, өйткені, функциялар жүйесінің сипаттамасы - бұл құқықтың жұмыс істеуінің сипаттамасы. Бірақ дәлме-дәл, нақты мағынада құқықтың жұмыс істеуі құқықтың мемлекет механизмі, сана, саясат және басқа да әлеуметтік реттеуіштермен қатар әлеуметтік жүйе элементі ретіндегі іс-әрекетін білдіреді. Басқаша айтқанда, құқықтың жұмыс істеуі - бұл әлеуметтік жүйедегі құқықтың әрекеті, оның өз міндеттерін атқаруы, қоғамдық қатынастарда оларды жүзеге асыруы.
Құқық функциясы - құқықтың әлеуметтік міндетіне негізделген қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал етудің бағыттары. Ғылымда функция термині түрлі мағыналарда қолданылады. Мысалы, математикада функция тәуелді айнымалы шама, яғни аргумент деп аталатын басқа шаманың өзгеру көлеміне байланысты өзгеретін шама болып саналады. Биологияда - бұл орган және организмнің (қол, қалқанша без және т.б. функциясы) ерекше қызметі. Басқа ғылымдарда функция - бұл қандай да бір жүйе әрекетінің бағыты (мысалы, кибернетика). Осылайша, функция терминінің мағынасы көп. Ол кез келген динамикалық құрылымдарды сипаттауға қолайлы, бұл осы термин қолданылатын математика, биология, әлеуметтану, құқықтану ғылымдарының танымдық міндеттері спецификасымен негізделеді. Алайда, көп жағдайларда функция жүйенің (құрылымның, біртұтастың) сыртқы ортаның белгілі бір тараптарына іріктеуші, бағытталған ықпалымен байланысты. Құқық функциялары түсінігі аясындағы 1 ғасырға жуық уақыт аралығында жүргізіліп жатқан белсенді зерттеулер әлі де бұл тақырыпта қандай да бір ортақ көзқарас қалыптастыра алмады. Егер де барлық қалыптасқан көзқарастарды синтездейтін болса, онда нәтижесінде, құқық функциясы түсінігі не құқықтың әлеуметтік міндетін, не қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың бағытын, не осы 2 тұжырымның жиынтығын білдіретінін көреміз.
Құқық функцияларын 2 топқа бөледі.
Жеке алғанда, жалпы әлеуметтік функцияларға:
а) экономикалық функция - мысалы, азаматтық-құқықтық келісімшарттар материалдық игіліктердің орнын ауыстыру үрдісін қамтамасыз етеді;
ә) саяси функция - құқық саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттейді;
б) коммуникативті функция - құқықтың көмегімен басқару объектілерінің арасындағы байланыс қамтамасыз етіледі;
в) экологиялық функция.
Арнайы-заңи функциялар:
а) регулятивті - түрлі жағдайларда адамдардың өзін-өзі ұстау ережелерін анықтау арқылы қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал жасау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
ә) қорғаушы - арнайы қорғаушы нормаларды қолдану жолымен іске асатын аса елеулі қоғамдық қатынастарды қорғауға бағытталған функция;
б)бағалаушы - құқықтың кімде-кімнің әрекеттерінің заңды немесе заңсыздығын анықтау барысында өлшем ретінде қызмет етуі;
в)тәрбиелік функция - құқық белгілі бір идеологияны айқындайды, адамдардың мінез-құлқына әсер етеді.
Құқықтың функционалды ықпалына түсетін қоғамдық қатынастардың ортасына және құрылуына қарай құқықты былайша ажыратады:
* келісілген бастамаларда құқықтың нормалары, салалары мен институттарын біріктіретін құқықтың барлық ішкі мемлекеттік жүйесіне жататын жалпықұқықтық функциялар;
* бұқаралық немесе жеке құқық, материалдық немесе іс жүргізу құықығы сияқты салалық жанұяларда әрекет ететін салааралық функциялар;
* жеке алғанда, конституциялық (азамат пен адамның құқықтары мен бостандықтарын бекіту функциясы), қылмыстық (қылмыстық деп танылатын іс-әрекеттерді анықтау және оларды жасағаны үшін жаза белгілеу функциясы) құқықпен байланысты салалық функциялар;
* қылмыстық құқықтағы тыйым салынатын нормалар, еңбек құқығындағы мадақтау нормалары, әкімшілік құқықтағы міндеттеуші нормалар және т.б. нормалар әрекетімен байланысты ерекше бағыты бар құқықтың жеке нормаларының функциялары.
Қарастырылған құқықтың барлық функциялары құқықтық реттеу мен құқықтық ықпалдың көпсатылы үрдісін білдіре отырып, қоғам өмірінде нормативті бастауларды қамтамасыз етеді.
Қоғам күрделі және аса күрделі біртұтас ретінде қоғамдық қатынастардың белгілі бір орталарына жіктеледі. Ұсақтау талдаудан абстракциялана отырып, басты үш сала немесе жүйені ажыратуға болады: экономикалық, саяси, және тәрбиелік. Құқықтың бұл функциялары әлеуметтік деп аталады.
Ең жалпы түрде құқықтың әлеуметтік функцияларын қоғамдық өмірдің тиісті орталарына кері құқықтық ықпалдың бағыты ретінде анықтауға болады. Осылайша, экономикалық функция экономикалық салаға, саяси функция саяси салаға, тәрбиелік функция рухани салаға құқықтық ықпалды білдіреді.
Әдетте "функция" түсінігінің көп мағыналары "міндетті қызметті атқаруға" саяды және зерттеу объектісінің аясында болып жатқан үдерістер жиынтығын білдіреді. Әділет министрлігінде салаларының атқаратын міндетті қызметтері осының мысалы болады: оның бір саласындағы олқылығы бүкіл жүйенің қалыпты қызмет атқаруын бұзады. Сонымен қатар "функция" әлдебір әлеуметтік әрекеттің, үдерістің, құбылыстың қажетті нәтижесін, күтілген жанама түрде, қатар пайда болған әрекеттің, үдерістің, құбылыстың барлық жиынтығының салдарларын көрсетеді. Құқық әлеуметтануында міндетті қызметтері деп әлеуметтік жүйе үшін жетекші, маңызды, бүкіл жүйе үшін орындалатын анықтаушы үдерістерді атайды. Ал құқықтық жүйенің мақсаты - дара тұлғаның құқықтары мен қоғам мүддесін қорғау, бекіту, қамтамасыз ету, қоғамдық құрылымның, әлеуметтік топтардың, ұжымдардың, таптардың, жалпы қоғамның барлық деңгейлерінде әлеуметтік, саяси және экономикалық дамуды реттеу болып табылады. Ал батыстың құқық әлеуметтануында дәлелденіп келген көзқарас бойынша, құқықтың мемлекеттік іс-әрекеттің нысаны ретінде сипатталуы оның әлеуметтік құндылығын кемітеді және жүріс-тұрысына ықпал ету қасиеттерімен (ұйғарымдарының мөлшерлігі, міндеттілігі, анықтылығы) адамзат әрекетінің әр түрлі салаларына тікелей әсер етеді, нормалық-құқықтық реттеу нәтижесінде адамның, кәсіпкерліктің еркін дамуына жол ашады, әлеуметтік пайдалы мақсатқа жетуге көмек береді. Бұған қоса, құқық пен азаматтарға ғана қатысты ұйымдастырушы пәрмені болып қалмай, сонымен қатар мемлекеттің өзіне, оның билік жүргізуші орындары мен лауазымды тұлғаларына да қатысты болуы тиіс. Бұл құқықтық мемлекет пен азаматгық қоғамның маңызды қағидасы - мемлекет пен азаматтың бір-біріне деген жауаптылығынан шығады. Міне, осының барлығының құқық мемлекетпен тығыз байланыста бола тұрып, ол әлеуметтік құндылық болып табылады және қоғамда дербес қызмет атқарады деуімізге негізі бар. Кұқықтың атқаратын міндетті қызметінің құрамын және топтастырылуын сипаттау үшін төмендегі алғышарттарға сүйену қажет:
1. Құқықтың атқаратын міндетгі қызметтері құқықтың пайда болуына ықпал жасайтын қоғам өмірінің материалдық жағдайларының өзгеруінен туындайды. Бұл мағынада кұқықтың атқаратын кызметтері кұкықтық нысанмен өлшенетін қоғамдық қатынастар жүйесінен шығады, дегенмен олар құкықтың өзгешелік қасиеті мен мазмұнына тәуелді.
2. Құқық - дара адамды, әлеуметтік топтар мен таптарды қамтамасыз етуге және қорғауға, әлеуметгік дамудың жалпы мақсатына жетуге бағытталған адамдардың саналы әрекетінің өнімі. Бұл мағынада қоғамдық қатынастарды құқықтың реттелуі тарихи дамудың әр кезеңінде қоғам өмірінің оның алдына қойып отырған мәселелерін шешумен байланысты.
3. Құқық әлеуметгік жүйенің барлық құрамдас бөліктерін әсер ететін оның бір бөлшегі болып табылады. Міне, сондықтан да құқықтың атқаратын қызметін әлеуметтік басқарудың біртұтас жүйесінде және оның қоғам дамуының идеологиялық, саяси, әлеуметтік пен экономикалық қозғаушы себептерімен үздіксіз байланыста қарастыруымыз қажет. Құқықтың атқаратын қызметтерін жіктеудің объективті белгісі коғамның құрылымын анықтайтын қоғамдық қатынастардың негізгі түрлері болуы мүмкін. Сонымен құқықтың негізгі атқаратын міндетті қызметтеріне интегративті (біріктіруші), реттеуші, қорғаушы, коммуникативгі (мәлімет беруші) түрлері жатады. Ең негізгі, басты және айқындаушы қызметі интегративті болып табылады, яғни әлеуметтік құрылымдарды - топтарды, ұлттар мен ұлыстарды, бүкіл қоғамды біріктіруге бағытталуы. Құқықтың біріктіруші міндетті қызметі деп құқықтың тәртіпті нығайтатын және мінез-құлықты қалыптастыратын, мөлшерді сақтауға қолайлы дамытушы жайттарды нығайтатын, ал теріс қозғаушы себептердің жойылуына мүмкіндік туғызатын үдерісті жүзеге асырылуына қолғабыс жасалуын айтады. Т. Парсонстың пайымдауынша, құқықтың бастапқы атқаратын қызметі біріктірушілік қасиетімен сипатталады, болуы мүмкін даулардың бөлшектерінің санын азайтуға, қоғамдық түйісулердің барысының, жүруінің тетіктерін жақсартуға бағытталады. Құқық өзінің біріктіруші міндетті қызметін дауларды шешіп беру арқылы жүзеге асырады, яғни қоғамдық үйлесімділікгі қамтамасыз етеді. Алғашқы қауымда дау-дамайды шешудің қоғамдық қажеттілігінен пайда болған саяси реттеу құқықтық мөлшерлер мен институттарды өмірге әкелді және қалыптастырды. Яғни басынан құқықтың қызметіне әлеуметтік жүйенің орнықты тепе-теңдігін және тұрақтылығын қамтамасыз етуі тән еді. Бұл біріктіруші қызметінің мәніне жатады. Таптық қоғамға көшудің басында-ақ жеке адамға кек алу рұқсат етілгенімен өкіметтің, мемлекеттің өкілі - іс жүргізуші сот пайда болады. Батыс Еуропада бұл үрдіс ҮІІІ-ХІІІ ғғ„ Қазақстанда XIX ғ. орын алды. Құқықтық жүйе шектес әлеуметтік жүйелермен - экономикалық, саяси, мәдени және тағы басқалармен өзара әрекеттесу жолымен негізгі мақсатқа - әлеуметтік және ұлттық татулыққа, адамдардың мүддесін қорғау және қамтамасыз етудің орындалуына қызметт енеді. Ол адамдардың жүріс-тұрысын және іс-әрекетін прогрессивті жалпы адамзаттық демократиялық мөлшерлерге үндесетін, үйлесетін түрде ұйымдастырады және ынталандырады. Құқықтық жүйе саяси жүйенің бөлшектерін біріктіруге, олардың араларындағы байланыстарды нығайтудың, қоғамдық ұйымдардың қызметінің, еңбек ұжымдарының әрекет етуінің, тікелей демократияның заңдық негізі болу үшін қызмет етуі тиіс. Міне, дәл осы тұрғыдан құқықтың әлеуметтік маңыздылығына және тұрпатының тиімділігіне, бұл қоғамдық қатынастар кешенін реттейтін әлдебір амалының басқаларынан артықтығына баға беру керек. Құқықтық жүйе тек қана қоғамдағы құқықтық үстем тәртіпті нығайтып қана қоймайды, сонымен қатар әлеуметтік бірігуді және адамдардың жүріс-тұрысын бақылауды қамтамасыз етеді. Құқықтың осы басты, негізгі атқаратын қызметіне қарағанда қалған міндетті қызметтері көмекші, қосымша болып бағаланады. Құқықтық жүйенің реттеушілік қызметі құқықтық қатынастардың субъектілерінің бір-біріне, мемлекет пен оның органдарына да қатысты белгілі құқықтар мен міндеттерді үлестіріп беруінде көрініс табады. Құқықтың атқаратын реттеушілік қызметі әкімшілдік-әміршілдік жүйенің дәуірінде үстемдік етіп, мемлекет қоғамдық және рухани өмірдің барлық салаларына қатал араласып, идеологияны, білім беруді, мәдениетті реттеп отырды. Оны ресми түрде ұраншылдықпен бүркемелеп, жасыруға тырысты және нандыруды алға тартты, бірақ күшке сүйеніп орындатты. Құқықтың атқаратын қызметі жоғарыдағы сипаттаумен бітпейді: ол тек қалыптасып келе жатқан қоғамдық қатынастардың нығайтылуына ғана емес, сол уақытта олардың дамуына, қорғалуына әсерін тигізеді, меншіктің, бөлудің, айырбастың жаңа нысандарын ынталандыруға арналады. Ерекше бөліп көрсететін жағдай, ол құқықтық жүйенің қоғамдық қатынастарды реттеуін тек міндеттемелер, тыйым салумен рұқсат беру арқылы ғана қамтамасыз етпейтіндігі. Оның орындалуын құқықтық жүйе қоғамдық-пайдалы қызметтерге оңтайлы жағдайлар мен ынталандырулар және азаматтық-кұқықтык белсенділіктің дамуының алғышарттарын, яғни жеке дербестікке, мамандықты таңдауға еркіндік беруді жасау жолымен қамтамасыз етуді бірінші кезекте ұйғарады. Осы тұрғыдан алғанда, құқықтың атқаратын реттеушілік қызметін қабылдайтын саяси шешімдеріне тән және кұқықтық тұрпатында жүзеге асырылатын біртұтас ұйымдастырушы негізі ең толық түрде көрсетіледі. Реттеудің негізін мемлекеттің заң шығарушылық іс-әрекеті құрайды. Алайда күші бар заңдар қаншалықты жетілген болса да, ол барлық қоғамдық катынастардың әр алуандығын ешқашан қамтуы мүмкін емес. Адамдар қызметінің түрлі саласындағы реттелуінде әр кезде ақаулары, қарама-қайшылықтар болады. Сондықтан атқаратын реттеуші қызметті іске асыруда құқықты қолдану жүйесі елеулі орын алады. Құқықтық жүйенің коммуникативті (мәлімет беруші, хабардар етуші) міндетті қызметі қоғамдағы ақпараттық-себептілік байланыстарды көрсетеді. Ал бұның қазіргі қоғамдық дамуды басқару жағынан алып қарағанда маңызы зор, өйткені жеке адамның әлеуметтік тіршілік әрекеті әлеуметтік мағлұматты қабылдау, түйсіну, меңгеру, сақтау және қолданумен етене байланысты. Құқықтық ақпарат әлеуметтік мәліметтің бір түрі ретінде бұйрықтық, ұйғарымды сипатқа ие. Оның мәні заң мөлшерлерін азаматтарға жіктеу арқылы керекті, еркін берілген не тыйым салынған жүріс-тұрысы туралы мемлекеттің талаптарымен таныстыру. Осылайша қоғамдық қатынастардың қатысушыларына өздерінің іс-әрекеттерін керекті нәтижелерге жетудің заңды әдістері мен құралдарын таңдауына бағыттайды және ұйғарымдарды бұзу салдары жөнінде хабардар етеді. Құқықтық жүйенің атқаратын қорғаушы қызметі қоғамдық қатынастарды сақтаудың, азаматтардың, әлеуметтік топтың, бүкіл қоғамның мүддесін қорғаудың қажеттілігімен анықталады. Қорғаушы міндетті қызмет, реттеуші қызмет тәрізді құқықтық нормалардың бүкіл кешеніне сүйенеді, сондықтан кез келген тәртіп ережесін белгілеу бір уақытта қоғамдық қатынастарға қатысушылардан осы ережелерге сай әрекет етуді талап етеді. Құқықтық норманың көпшілігінде оның қорғаушылық қыры тура көрінбейді, өйткені олардың басты мақсаты тыйым салу емес, қоғамдық мүдделер үшін қолдау табатын әрекеттердің нұсқаларын көрсету. Құқықтың қорғаушы қызметінің негізгі атқаратын міндеті - құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бұл мақсатқа жетуде мынадай құқықтық құралдар қолданылады: азаматтың, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттің құқығын бұзатын әрекеттерді жасауға тыйым салу, құқық бұзушылықтардың құрамын тұжырымдау, жазалауларды тағайындау т.с.с. Сонымен қалыпты қоғамдық қатынастардың дамуы үшін заңның жағдайлары мен алғышарттары нормның жасалынуының және қабылдануының өзінен басталады. Қорғаушы құкықтык қатынастардың ерекше сипаты ретінде олардың шеңберінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану заңдық жауапкершіліктің жүзеге асырылуы болып табылады. Қорғаушы міндетті қызметтің әрекет етуінің негізінде күштеу жатқанымен оның мазмұны құқықты бұзу үшін белгілейтін тыйым салу мен жазалаулардан кеңірек. Қорғаушы қызметі бұзылған құқықты қалпына келтіруін заң шеңберінде және мүмкіндік шегінде қамтамасыз етеді. Сондықтан да санкцияның мазмұндық маңызы кылмыстық және әкімшілік жаза түрінде ғана шектелмейді. Мәселе тікелей зиян келтіруші -- азамат, лауазымды тұлға немесе ұйымды мәжбүрлеу арқылы құқықты қалпына келтіру әрекеттерінің жүйесі туралы және мемлекет пен оның органдары өздерінің ынталануымен жүзеге асыратын қолғабыс шараларының жүйесі туралы болуы мүмкін. Осылайша қылмыстық-процессуалдық қатынастар саласында құқықтың атқаратын қызметі жауапкершілікті іске асырушы күш түрінде көрініс тапқан. Олар: құқықты қамтамасыз ету, қорғау және қалпына келтіру шаралары, нақтылай атасақ, орнын толтыру, әділеттілікті қалпына келтіру, т.с.с. жатады. Субъективтік құқық пен заңдық міндеттердің сипатына байланысты нормалар үш түрге бөлінеді: міндеттейтін, тыйым салушы және құқық беруші. Құқықтық қатынастардың қатысушылардың жүріс-тұрысына әсер ету нысаны мен сипатына байланысты бөлінуі тарихи себептелген. Ежелгі Рим заңгерлерінің дәстүрлі түсініктері бойынша құқықтың міндеті, оның әрекеттілігі "бұйыру, тыйым салу, рұқсат ету, жазалау" болып табылады. Құқықтық норманың жазалық әсері оның функционалдық сипаты болғанымен, міндеттеуші және тыйым салушы нормалардың орындалуы немесе олардың қиянатпен пайдаланылуы жағдайларында альтернатива ретінде туындылық мағынасы бар. Жазалаудың екінші дәрежедегі, туындылық маңызы онды құқықтың реттеуімен салыстырғанда әлі де біздің теориялық, әсіресе заңды қолдану тәжірибесінде айқын көрінісін тапқан жоқ. Құқықтың қоғам өмірінде дербес маңызы бар және ол өзінің міндетті кызметтерін қоғамдық кұрылымда алатын орнына және қасиеттеріне сай әдістері және кұралдарымен орындайды. Сол себепті құқықтық жүйенің атқаратын қызметін зерттеу, сонымен бірге оның әлеуметтік әрекетін талдаудың бір бағыты болып табылады. Бұлай деудің негізі бар, өйткені:
1. Құқықтық жүйенің міндетті қызметтерін зерттеу, мәні бойынша құқықтың салалары және оның институттарының олар реттейтін қоғамдық қатынастармен араларындағы заңдылықты байланыстарын білу болып табылады.
2. Құқықтың атқаратын қызметін зерттеп білу көбінесе құқықтың әлеуметтік әрекетінің сапалық талдауы болып саналады.
3. Құқықтық жүйенің атқаратын қызметтері салалар мен институтарға жеке-дара қолданылмай, тек қана тұтас алып зерттелуі қажет.
4. Құқықтық мөлшерлердің мақсаттарын олардың әрекет етуінің нәтижесімен салыстыруында пайда болатын субъективтік көріністер, олардың қызметтерін зерттеу барысында жойылады. Құқықтың әрекетін, қызметін, тиімділігін бағалауда мына мәселені ескеру қажет: әлеуметтік басқарудың өзін тек мақсатқа бағытталған әрекет деп сипаттауға болмайды. Шешім қабылдау және басқа да қоғамдық әрекеттер түрлері қозғалмалы арақатынас жүйелері жоспарланбаған, санасыз түрде қалыптасады. Құқықтық реттеу мен құқықтық нормалары жөнінде осыны қолдануға болады. Құқықтық нормалар бұл - бір жолғы басқарулық шешім емес, ол адамдардың іс-әрекетінің дәлелдеріне ықпал жасайтын ұзақ уақыт әрекет ететін ұйғарым. Құқықтық норманы қабылдаудың көздейтіні тиянақты мақсатқа жету құралы болу емес, сонымен қатар адамдар әрекет ететін әлеуметтік жағдайларды өзгертіп беру, сондықтан құқықтың тиімділігін бағалауда мақсатқа жету тұрғысынан қарағанда шектеулі сипатқа ие болады. Құқықтың тиімділігін бағалаудың шектеулігін дендеу үшін құқықтың нақты атқаратын қызметтерін, оның салалары мен институттарын, мөлшерлердің әрекеттерінің жағымсыз салдарларын қосып зерттеу қажет.
1.1Құқықтың міндеті
Құқықтың қоғамдағы атқаратын міндетті әлеуметтік қызметін түсіну үшін бастапқы бағыттарына көңіл бөлу керек. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі құқықтың алатын орнын, құқықтың әрекет ету тетігін, құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтық мәдениетін, құқықтың маңызын және әлеуметтік құндылығын тануды, құқықтық жүйенің табиғаты мен атқаратын қызметінің мәселесін және т.б. білуді қажет етеді. Бұлар құқықты мөлшердің, құқықты институттардың және құқықтың жалпы өзінің әлеуметтік мақсаттарға жетудегі тиімділігі, құқықтың әлеуметтік болмысқа ықпал тигізуімен тығыз байланысты.
Құқықтың міндеті термині - бұл құқық шешуге тиісті, оның алдында тұратын экономикалық, саяси, әлеуметтік мәселе.
Құқықтың міндеті бұл өзі қол жеткізуге тиісті немесе соған барынша жәрдем беретін тұрақты немесе уақытша, қысқа мерзімді немесе соңғы мақсатқа меңзейді.
Құқықтың алдында тұрған міндеттердің біреуі де қызметтердің іске асырылуынсыз шешілмейді, қызметтер әрқашанда міндеттердің шешілуіне бағытталады. Сондықтан белгілі бір міндеттер лайықты қызметтерді талап етеді деуге болады. Алайда, олардың ара қатынасы соншалықты біржақты емес. Себебі, міндет, негізінде, құқықтың түпнегізі болып табылмайды. Ол қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік мұқтаждықтарынан туындайды, мемлекет пен құқықтың жалпыәлеуметтік даму заңдылықтарымен, қоғамның, мемлекеттің (сәкесінше, құқықтың да) жеке даму сатыларындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың ерекшеліктерімен, тарихи ахуалмен, саяси күштердің ара қатынасымен, ұлттық факторлармен және т.б. анықталады.
Құқық функциясының оның міндеттеріне тәуелділігі мынада айқындалады: біріншіден, міндеттер әдетте, функцияның болуын тікелей шарттайды, екіншіден, олардың құрамын анықтайды, үшіншіден, ең елеулі түрде олардың іске асуының формалары мен әдістеріне ықпал етеді, құқықтық әсер етудің нақты бағыттарын алдын ала анықтайды.
Құқықтың жұмыс істеуі термині әлеуметтік жүйедегі құқықтың әрекетін айқындайды. Құқықтың функционалды сипаттамасын беру дегеніміз - оның әрекеттерін (қоғамдық қатынастарға әсер ету жолдары мен формаларын) ашу және сипаттау.
1.2 Құқықтық нормалар
Құқық жалпы ұғым болып табылса , құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын , дара ұғымдардың көп сандағы жиынтығы. Құқықтық нормалар құқықтық формалық болмысы , өмір сүруінің тыныс -- тіршілігі объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы өмір сүреді. Қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады. Норма сөзі латын аударғанда үлгі , ереже деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау , бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болады және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінез- құлықтары , әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол сәттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі , немесе қорғалады. Мысалы, субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісімшарт жасауы тиіс , некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер.
Құқықтық нормалардың ерекшеліктері :
1) Құқықтық нормалар бекіткен үлгі , талаптар бәріне бірдей қолданылады. Құқықтық нормаларының мәтінде көрсетілген информация ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді , шешімін бекітеді. Мысалы , Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он тқрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәселелердң олардың атынан ата- анасы , асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен. Яғни , бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдей болып табылады.
2) Құқықтық норма халықтың , таптардың , топтардың , тіпті жеке адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің құқықтық норма бекітілуі көп болған. Мысалы , коммунизм идеологиясының негізін қалаушы Карл Маркс өзінің Коммунистік партияның монифистері деген еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы заңның өте қатаң талаптарын жоюды өз өмірінен алған . К.Маркс өзінің құдай қосқан әйелі бола тұрып , отбасында қызметші болған Ленхен деген әйелмен көңілдес болып , бала туғызған. Әйелінен сескенген К.Маркс Ф.Энгельске сәбиді менікі дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп беруді армандайды . Өкінішке орай сол кездегі заң бойынша заңды некеден туған балаларға ғана иүрагерлік берілген. Социалистік идиологияны жазу барысында К.Маркс Коммунистік партияның манифесінде қатаң мұрагерлік заңын жоққа шығаруды талап етті.
3) Құқықтық норма қажет болған жағдайда мемлекет күшпен қамтамасыз етіледі. Сот , прокуратура полиция және басқа да мемлекеттік органдар құқықтық норма бұрмаланған , немесе орындамаған субъектілерге күш қолданылады , жауапқа тартады.
Құқықтық норма дегеніміз - мемлекет бекіткен , бәріне бірдей , формаларды айқын және орындалуы , сақталуы қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінез - құлықтың үлгісі.

Үрдістер мен құыбылстарды зерттеуде жүйелік тәсілді қолдану қазіргі заманғы ғылымның, жаңа ғылыми ойлаудың қазіргі заманғы стилінің айрықша ерекшеліктерінің бірін тудырады.
Бірыңғай тұтас жүйе ретіндегі құқық функциясының талдауы жеке функцияларды зерттеген кезде білімді жай ғана топтастырып, тәртіпке келтірмейді. Мұндай талдау білімнің өсіп-өнуін береді, әр функцияның мазмұнын тереңірек, толығырақ түсінуге мүмкіндік береді.
Бәрімізге белгілі, егер де танудың мүмкіншіліктері жеке-даралықтықтың дәрежесімен шектелетін болса, егер де, дербес элементтер арасында олардың жүйесін анықтауға талпынбаса, онда танудың мүмкіншіліктерінің нәтижелілігі нашар болады. Сонымен қатар бұл құқық функциясының шын өмірде бір-бірінен оқшауланған түрде тіршілік етепейтініне байланысты, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Сол себепті олардың біреуі де олардың басқа функциялармен байланысын анықтаусыз, яғни, оны жүйеде зерттеусіз жеткілікті терең және толық зерттеліне алмайды. Құқық функциялары жүйесі күрделі көпдеңгейлі құрылым болып табылады. Ең басынан бастап құқық функциясын тұтас және осы тұтастың функциясы ретінде ажырату керек. Құқық функциялары жүйесі ең тікелей жолмен құқық жүйесімен байланысты.
Мемлекет және құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқықты, олардың құрамын, арасындағы байланысты зерттеу. Құқықтың функцияларын анықтау арқылы құқықтың әлеуметтік мәнін анықтауға болады. Осылайша, құқық функциялары теориясын ашу арқылы біз мемлекет пен құқық теориясы құқық санатының әлеуметтік міндетін қарастырамыз.
Ғылымда функция термині түрлі мағыналарда қолданылады. Математикада функция тәуелді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz