Тауар саясатының негіздері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ..3
1 Тауар түсінігі ... ... ... ... ...6
1.1 Тауар мәні ... ... ... ... ... 7
2 Тауар қасиеттері ... ... ... ..10
2.1 Тауарларды топтастыру ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Тауар номенклатурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
3 Тауар пайдасы ... ... ... 19
4 Тауар саясатының негіздері ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ...25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... .26

Тауар — қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.
Әрбір тауардың тұтынушылық құны, яғни адамның қандай да болсын қажетін өтеу қасиеті болады. Бірақ ол Тауарды жасаушының қажетін емес, басқа адамдардың қажетін қанағаттандырады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тауардың осы қасиеті айырбас құны деп аталады, ол құнның нысаны, оның айырбас барысындағы сыртқы көрінісі болып табылады. Барлық Тауардың құны сапалық жағынан біртекті және тек сан жағынан, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбек шығынының көлемі жағынан ғана айырмашылығы бар. Тауарға жұмсалған қоғамдық еңбек оның құнын құрайды. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Тауаратқарымдық мақсатына, беріктігіне, төзімділігіне, пайдалануға қолайлылығына, сыртқы түрінің тартымдылығына, буып-түйілуіне, қызмет көрсетілуіне, кепілдіктеріне, бірге жіберілетін құжаттары мен нұсқаулықтарына, ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.
Кеден құқығында тауар - мемлекет немесе кеден шекарасы арқылы өткізілетін кез келген жылжымалы мүлік, соның ішінде валюта, валюталық құндылықтар, электр, жылу энергиясын беретін мүлік, энергияның басқа да түрлері, көлік құралдары (халықар. жолаушы және жүк тасымалы үшін пайдаланылатын құралдарын, сондай-ақ контейнерлер мен басқа да көлік жабдығын қоспағанда). Тауардың қозғалыс бағытына қарай экспорттық, импорттық немесе транзиттік болуы мүмкін. Кеден шекарасы арқылы өткізілу мақсатына қарай коммерциялық және бейкоммерциялық, контрабандалық тауар болып бөлінеді.

1. Армстронг Г. Маркетинг: Оқулық / Г.Армстронг, Ф.Котлер. – М.: Вильямс, 2000.
2. Котлер Ф. Маркетинг негіздері: қысқаша курс / Ф. Котлер. – М.: Вильямс, 2005.
3. Классика маркетинга: Сборник работ, оказавших наибольшее влияние на маркетинг / Сост. Б.М. Энис, К.Т. Кокс, М.П. Москва. – СПб: Питер, 2001.
4. Ламбен, Ж. Стратегиялық маркетинг. Европалық перспектива / Ж. Ламбен. – СПб.: Наука, 1996.
Қосымша әдебиеттер:
5. Лебедев-Любимов, А. Н. Психология рекламы / А.Н.Лебедев-Любимов. – СПб.: Питер, 2002. – 368 с.
6. Минцберг, Генри. Стратегический процесс: концепции, проблемы, решения / Г. Минцберг, Д. Куинн, С. Гошал. – М.: Равновесие, 2004.
7. Энджел, Джеймс Ф. Поведение потребителей / Д.Ф.Энджел, Р.Д.Блэкуэлл, П.У.Миниард. – СПб.: Питер Ком, 1999.; 2002.
8. Шуляк П. Н. Ценообразование: Учебно-практическое пособие / П.Н. Шуляк. – М.: Дашков и К*, 2003.; 1999.
9. Маерс Д., Қоғамдық психология. – СПб.: Питер, 2000.
10. Прингл Х., Томпсон М., Энергия торговой марки. – СПб., 2001.
11. Дафт Р. Өндірісті ұйымдастыру. – М.: Олма-пресс, 2001.
12. Князева И.В.: Учебно-методический комплекс учебной дисциплины «Маркетинг». – Новосибирск, 1999.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Тауар түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Тауар мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2 Тауар қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1 Тауарларды топтастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Тауар номенклатурасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
3 Тауар пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
4 Тауар саясатының негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Кіріспе
Тауар -- қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.
Әрбір тауардың тұтынушылық құны, яғни адамның қандай да болсын қажетін өтеу қасиеті болады. Бірақ ол Тауарды жасаушының қажетін емес, басқа адамдардың қажетін қанағаттандырады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тауардың осы қасиеті айырбас құны деп аталады, ол құнның нысаны, оның айырбас барысындағы сыртқы көрінісі болып табылады. Барлық Тауардың құны сапалық жағынан біртекті және тек сан жағынан, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбек шығынының көлемі жағынан ғана айырмашылығы бар. Тауарға жұмсалған қоғамдық еңбек оның құнын құрайды. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Тауаратқарымдық мақсатына, беріктігіне, төзімділігіне, пайдалануға қолайлылығына, сыртқы түрінің тартымдылығына, буып-түйілуіне, қызмет көрсетілуіне, кепілдіктеріне, бірге жіберілетін құжаттары мен нұсқаулықтарына, ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.
Кеден құқығында тауар - мемлекет немесе кеден шекарасы арқылы өткізілетін кез келген жылжымалы мүлік, соның ішінде валюта, валюталық құндылықтар, электр, жылу энергиясын беретін мүлік, энергияның басқа да түрлері, көлік құралдары (халықар. жолаушы және жүк тасымалы үшін пайдаланылатын құралдарын, сондай-ақ контейнерлер мен басқа да көлік жабдығын қоспағанда). Тауардың қозғалыс бағытына қарай экспорттық, импорттық немесе транзиттік болуы мүмкін. Кеден шекарасы арқылы өткізілу мақсатына қарай коммерциялық және бейкоммерциялық, контрабандалық тауар болып бөлінеді.
1 Тауар түсінігі
Тауар - мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық обьект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін. Тауарды жасарда оны дайындаушы үш деңгейлі идеяны қабылдауы керек. Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы осыған тікелей байланысты. Сондықтан зетртеудің негізгі мақсаты - нарықтағы тауардың шынайы сұранысын анықтау, оны ұтымды өлшемде шығару үшін не қажеттігі, оның техникалық сипаттамасы, экономикалық негізделген баға саясаты.
Зерттеудегі негізгі бағыттың бірі-сол тауар шығаратын фирманың бәсекелестік қасиетін талдау, тұтынушылық сапасын салыстыру, баға, өндірісті өзіне ұқсас бәсекелестік тудыратын фирмалардың көрсеткіштерімен салыстыру. Ғылыми-техникалық және тәжірибе конструкторлық әдістер жүргізу нәтижесінде, байқалған кемшіліктер түзетіледі.
Қазіргі өмірді жаңа тауар түрін ойлап табу мен өндіру кәсіпорынның өркендеуіне шешуші болып саналады. Сонымен бірге, шетел баспасы былай деп көрсетіп отыр, коммерциялық табыстар тауарды ойлап табу үшін (мысалы, барлық шығынды өтейтін және нарыққа шығаратын) 60 шақты жаңа идеяны зерттеп білуді және соның ішінен нарықтың болашақ талабына жауап бере алатынын дұрыс таңдап алу қажеттігін түсіндіреді.
Басқа сөзбен айтқанда, жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек. Бұдан келіп екі талап шығады: біріншіден: жаңа қажеттілікті болжау және жинақтау; екіншіден: шетелдік көсіпкерлердің тәжірибесі көрсеткендей, нарыққа шығарылған 10 өнімнің 8-і олардың артқан үмітін ақтамайды десек, онда жаңа тауарды коммерциялық құлдырауға әкеліп соқтыратын себеп қандай? Сөйтсек "жер асты су тастары" тізімінде бірінші болып сұраныс көлемін қате анықтау (45%) одан кейін тауардың кемшіліктерін (29%) жарнаманың жеткіліксіздігі және тауарды өткізуге аз жұмсалуы (25%), жоғары баға (19%), бәсекелестердің жауаптары (17%), нарыққа шығатын уақыттың тиімсіздігі (14%), кәсіпорынның шешілмеген проблемалары (12%) көрсетілген. Сондықтан, ең бастысы, жаңа тауарды таңдау кезінде кәсіпорын проблемасына басты көңіл аудару қажет. Сол себепті құрастыру кезінде жаңа техникалық және технико-экономикалық өрлеуге емес, "жаңа нарықтық тауардың" пайда болуына молырақ көңіл бөліну керек. Жаңа идея қабылданғаннан кейін фирма жетекшілері келесі хабарламаларды зерттеуді жалғастырады:
1. Конструкциялық және технологиялық табыстың мүмкіндігі.
2. Эксперименталдық жұмысқа жіберілген шығын.
3. Жаңа өндіріске ақша бөлу немесе ескіні модернизациялау.
4. Жұмыс кезеңін аяқтау уақыты.
5. Ғылыми- зерттеу және тәжірибелі- конструкторлық жұмыс өткізуге қосымша қаржы тартудың қажеттілігі.
6. Тауардың нарыққа шыққан кездегі және одан кейінгі уақыттағы нарықтағы өтуін барлау.
7. Бәсекелесушінің мінез-құлығы.
8. Тауарды қажет етуші, нарық секторы.
9. Болжауды баға және оның өту көлеміне қатысы мен бәсекелестер қызметі.
10. Қарсыластардағы бәсекелес тауардың пайда болу мүмкіндігі (уақыты, тауардың сапасы).
Барлық ұсынылған идеялар, жаңа тауарлар аталған критерийлер бойынша салыстырылады. Осыған орай тауардың белгілі бір нарықта өте қажет екендігін атап өту тиімді. Ішкі нарықта табысты тауардың сыртқы нарыққа қажет болуы тиімді емес. Американдық " Rucer менеджементі" журналы 187 корпорацияға зерттеу жүргізіп жаңа тауарларды құрастыру кезінде қиындық тудыратын техникалық емес сипаттың себептерін мәлімдеген. Бірінші орында олар конструкторлар мен маркетингтік өткізу бөлімі (37%) арасындағы нашар қарым-қатынасты қойды. 25%-тік жағдайда ғылыми кадрлардың творчестволық жеткіліксіздігі, "ғылыми ауырлығы" 14% жағдайда ұзақ уақытқа арналған жоспарлардың, графиктердің және анық қойылған мақсаттың жоқтығы. 9% нашар қаржылау және шығындану есебінің жоғы, жобаның нашар таңдалуы ұзақ мерзімдік жоспардағы жағдайды дұрыс көре алмау, жаңа идеяға аз көңіл бөлу-осының бәрі 8% құлдырауға әкеледі. Шетелде жаңа тауарды құрастыру кезінде лидер мен бірнеше маманнан құралған "мақсатты тор " әдісі табысты пайдаланылады, бұл басқа функционалдық бөлімдердегі мамандарды өзіне тартады. Топ жетекшісінің жақсы ұйымдастыру қабілеті және сол техника саласында ірі маман болуы керек. Тар көлемді маман өздерінің құрастырғандарын өте көңілге қонымды санайтындықтан бұл топқа өздерінше білгіш санайтын өз "адвокат дьяволдарын" сайлайды. Топ өзді-өзі болмыс үшін оларға екі-үш жоба ұсынады, ал ол қатысушылардың ой-өрісін, араласуын кеңейтеді. Мақсатты топтың құрамы 4 адамнан кем болмау керек, ал оған адам қабылдау өз еркімен емес, маман ретінде осында істегісі келетіндігін іс үстінде көрсете білген адам болуы қажет. Жобаны жасау тиімділігі-міндетті түрде кәсіптік оқу мен мамандардың білімін жетілдірумен ұштасып жатады. Өз білімін көрсетуге ынтасы жоқтар мен оқығысы келмейтін адамдарды аз мамандандырылған жұмысқа ауыстырып отыру немесе оларды жұмыстан шығаруға тиіс. Зерттеуші-мамандарды фирма 6 жылда 1 жыл немесе 3 жылдың ішінде 6 ай немесе 1 жылда 1 ай оқытып отырады. Бұл уақытта адамдар жұмыстан арнайы босатылады, немесе кешкі оқуға орналастырады. Мұнда сырттай оқу тиімді емес деп есептеледі. "Нарықтық жаңа тауардың" пайда болу процесінің технологиясын қанағаттандыру түріне, тауардың конструктивтік ерекшелігін қажеттілікке қарай көптеген идеялардың ұсынылуын жатқызуға болады.
Жапондық компаниялардың тәжірибесіне орай, кәсіпорынның барлық жұмысшыларын тауарды модернизациялаудың жаңа идеяларын және әсіресе жаңа өнім ойлауға итермелеудің қажеттігі сезіледі. Ондаған ірі жапондық компаниялар жыл сайын өз қызметшілерінің 10 миллиондаған ұсыныс енгізітін мақтаныш тұтады. Бұл фирмаларда 1 жұмысшыға 12,8 ұсыныстан келеді. Ол американдық кәсіпорынның орташа статистикалық берілгеніне қарағанда 85 есе көп.
Сатып алушы шынында не алды деген сұраққа жауап беруге негіз болатын деңгей - ойланылған тауар. Шын мәніне келетін болсақ, кез келген тауар - қайбір проблеманы шешуге арналып орауышталған қызмет. Дайындаушы ойланылған тауарды орыдалған тауарға айналдыруға тиіс. Реальды орындалған тауардың бес сипаттамасы болуы мүмкін: сапа деңгейі, қасиеттер жинағы, арнайы көркемделуі, марканың аты және арнайы орауышы. Дайындаушы тауарды нығайтушы қосымша қызметтер мен пайдаларды қарастыруы мүмкін.
1.1 Тауар мәні
Тауар - тауар өндірісінің негізгі санаты болып табылады. Ол жөнінде әртүрлі түсініктер бар. Оның ішінде екеуіне назар аударайық:
1). Тауар маркстік теорияда сатуға тағайындалған адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылған. Бұдан шығатыны, біріншіден, тауар - ол адамның қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнім; екіншіден, тауар - ол еңбекпен анықталатын өнім. Мысалы, ормандағы бүлдірген оны жинаушыларға тауар болып табылмайды, бірақ оны жинауға еңбектің жұмсалуына байланысты тауар болуы мүмкін. Үшіншіден, тауар - ол сатуға тағайындалған өнім.
2). Тауар - австриялық экономикалық мектепте (өкілі- К.Менгер) айырбастау үшін өндірілетін ерекше экономикалық игілік ретінде анықталынады.
К.Менгер экономикалық қызметтің нәтижесі немесе обьектісі болып табылатын және қажеттіліктермен салыстыру бойынша шектелген түрінде алуға болатындарды экономикалық игілікке жатқызады. Бұл анықтамалардың арасындағы ортақ жағдай тауар еңбектің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ерекше қызметтің заттай формасы жоқ, бірақ пайдалы әсері бар адамның қызметінің нәтижесі болып табылады. Тауар материалдық және материалдық емес сипатта болуы мүмкін. Тауардың екі қасиеті бар:
1. Адамның қандай да бір қажетін қанағаттандыру қабілеттілігі
2. Басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі
Тауардың қандай да бір адамның қажетіліктерін қанағаттандыруы тұтыну құны деп аталады. Әрбір тауар тұтыну құнына ие. Ол тек өзінің өндірушісінің қажеттілігін қанағаттандырып ғана қоймай, басқа да адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғамдық тұтыну құны болып табылады.
Тауар айырбасталатын үйлесім санын не анықтайды және айырбастың негізінде не жатыр деген сұраққа түрлі экономистер әртүрлі жауап берді. Еңбек құн теориясын жақтаушылардың ойы бойынша айырбасталатын тауарларда құнды анықтайтын еңбек шығындары. Шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың ойы бойынша айырбастың негізінде қажеттілік жатыр.
Еңбек құн теориясы XYIII-XIX ғ.ғ. арасында қалыптасты. Біз оның негізін тауар өндірісіне шығындалған, еңбекпен анықталған саяси экономикадағы классиктердің жұмысынан көре аламыз. К.Маркс пен Ф.Энгельс құнның негізінде қоғамдық абстрактылық еңбек жатыр деп есептеді. Маркстың ойы бойынша тауар өндірушінің еңбегі екіге бөлінеді: бір жағынан бұл белгілі түрдегі еңбек. Ол жұмысшылардың кәсіптік дағдыларымен және тұтыну құнымен, нақты нәтижесімен анықталған еңбек құралдарын қолданумен сипатталады. Сол себептен оны құратын еңбек нақты еңбек деген атқа ие болды. Екінші жағынан еңбек - бұл жұмыс күшінің шығыны, бірақ оның нақты формасына қатысты емес, жиынтық қоғамдық еңбектің бөлігі. Ол абстракты еңбек деп те аталады. Дәл осы құнды құрайды немесе әртүрлі тұтыну құндарын бір-біріне теңестіреді. Құн мөлшері де әртүрлі көзқараста болды. А.Смит құн мөлшеріне жұмыс уақытын қолданды. Д.Рикардо өндірістің нашар жағдайында тауар өндірісіне кететін уақытты қолданды. К.Маркс өндірістің қоғамдық қалыпты жағдайында өнім өндірісіне кететін қоғамдық қажетті жұмыс уақытын қолданды.
Шекті пайдалылық теориясы К.Менгер, Е.Бем-Баверк, Л.Вальрас, У.Джевонс және басқа да австриялық мектептің өкілдерінің еңбегінде анық көрсетілген. Бұл тұжырымдаманың жақтаушылары сатып алушылардың субьективтік бағалауларынан шығатын құнды анықтайды. Ал тауардың субьективті құндылығы екі факторға тәуелді болады:
1. берілген игіліктің қосымша бірлігі
2. ондағы тұтынудың тойындыру деңгейі
Мысалы, егер суы сирек шөл далада шөлдеп қиналсаңыз, онда сіз үшін бір ыдыс су қымбат. Шөлді қанағатандырған сайын әрбір келесі ыдыстың қажеттілігі сіз үшін қысқарады, яғни сіз үшін соңғы тұтынылатын судың қажеттілігі аз болады. Демек, шекті пайдалылық - бұл тұтынушының қосымша тауар немесе қызмет бірлігінен алатын қосымша пайдалылық. Осы теорияны жақтаушылардың ойы бойынша нақ осы, шектеулі пайдалылық теориясы тауар бағасының негізгі реттеушісі болып табылады.
Шығынды концепция құнды өндіріс шығындарына, еңбекке төлеуге және өндіріс құралдарына жұмсауға жатқызатын Джеймс, Миль, Мак-Куллох еңбектерінде көрсетілген. Бем-Баверк, А.Маршалл, Дж. Кларк, П. Самуэльсон бұл теорияны біріктіруге кірісті. А.Маршаллдың тұжырымы ең табысты болды. Ол жалғыз құн көздерін зерттеуден шыға отырып, шекті пайдалылық теориясын ұсыныс пен сұраныс теориясымен, өндіріс шығындары теориясымен біріктірді.
2 Тауар қасиеттері
Тауар өндірісінің өзекті категориясы - тауар болып табылады. Оның мәнін әртүрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі басты екеуіне тоқтайық.
I. Маркстік теорияда, тауар - сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұл анықтамадан туындайтын салдарлар:
а)тауар деп адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыратын заттарды айтады;
б) тауар деп еңбек жұмсалған заттарды айтады. Мысалы, ормандағы жидектер оларды жинаушылар үшін тауар болмайды, бірақ оларды жинауға еңбек жұмсалған соң, олар тауарға айналады.
в) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады.
II. Австрияның экономикалық мектебі (оның көрнекті өкілі К.Менгер) тауар айырбасқа арналған игіліктердің ерекше түрі деп анықтама береді.
Экономикалық игіліктерге, К.Менгер, шектеулі мөлшерде кездесетін - экономикалық қызметтің объектілері мен нәтижелерін де жатқызды.
Бұл анықтаманың екеуіне де ортақ тұжырым бар, олар тауарды еңбек өнімі ретінде қарастырады. Ерекшелігі, екінші анықтамада шектеулі игіліктер мен шексіз қажеттіктердің арақатынасы ескеріледі, ал бірінші анықтамада бұл мәселе қарастырылмайды. Бұл концепцияларда әртүрлі көзқарастардың болуына қарамастан, олар тауар - еңбек арқылы жасалған өнімдер және адамның нысаналы мақсатты еңбегі жұмсалған дайын табиғи заттар, сонымен бірге түрлі қызмет көрсетулер де тауарға айналатынын дәлелдейді. Әрбір тауардың тұтыну құны болады. Ол өндірушінің емес, басқа адамдардың қажеттіктерін өтейді, яғни оның қоғамдық тұтыну құны бар. Тауар өндірушіге ең қажетті нәрсе өз тауарының басқа тауарларға айырбасталу қабілетінің болуы.
Тауардың өзінен басқа тауарларға белгілі пропорциялық мөлшермен айырбасталу қабілетін оның айырбас құны деп атайды. .
Қызмет көрсетулердің ерекшелігі, олардың өздеріне тән натуралды-заттай формасы болмайды, бірақ пайдалы әсерлері бар және адам қызметінің нәтижесі болып табылады.
Тауарлардың материалдық және материалдық емес сипаттары болады. Тауардың екі қасиеті бар:
а) адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну кұны деп атайды.
б) әрбір тауардың жалпылай айырбастау құны
Бір тауар өзінен басқа тауарларға айырбасталу кезінде, олардың өзара пропорциялық мөлшерде алмасуына себепші болатын мәселенің шешімін табуды алғашқы рет Аристотель ұсынды. Бұдан кейінгі кезендерде түрлі экономистер бұл мәселеге өздерінше жауап іздеді.
Құнның еңбек теориясын жақтаушылар, тауарлардың құнын жасауға жұмсалған еңбек шығындары, олардың өзара айырбасталуына ортақ, жалпылама негіз болады деген пікірді айтады.
Шектеулі пайдалылық теориясын жақтаушылар - айырбастың негізін пайдалылық құрайды деген пікірді ұсынады. Шығындар тұжырымдамасының өкілдері тек шығындар арқылы ғана құнды анықтауды қолдайды.
Енді осы аталған тұжырымдамаларға арнайы тоқталайық. Құнның еңбек теориясы XVIII және XIX ғғ. аралығында қалыптасты. Оның іргетасы саяси экономия классиктерінің еңбектерінде қаланған, олар құнды тауарды өндіруге жұмсалған еңбек арқылы анықтайды. К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамдық абстракті еңбек, құнның негізін құрайды дейді. Маркстің пікір бойынша, тауар өндіруші еңбегінің екі сипаты болады. Бір жағынан, бұл еңбектің нақты түрі. Ол жұмыскердін кәсіпқой біліктілігіне, қажетті еңбек құралдарын пайдалануына байланысты болады және нақты нәтижеге қолы жетуімен, яғни белгілі бір тұтыну құнының жасалуымен сипатталады. Осылайша жұмсалған еңбекті нақты еңбек деп атайды. Екінші жағынан, бұл еңбек өзінің нақты жұмсалу формасы болмайтын, жиынтық қоғамдық еңбектің құрамдас бір бөлігі, яғни ол жалпы жұмыс күшінің жалпылама жұмсалу процесі болып табылады. Мұндай еңбекті абстракты еңбек деп атайды. Ол құнды жасайды, өйткені ол сан алуан мамандардың еңбектерінен құралады және әртүрлі тұтыну құндарын бір-бірімен, өзара теңестіруге мүмкіндік беретін жалпылама категория.
Құн мөлшерін анықтауға байланысты әртүрлі көзқарастар қалыптасты. А.Смит құн мөлшерін жұмыс уақытымен анықтады. Ал Д.Рикардо нашар өндірістік жағдайдағы тауарды өндіруге жұмсалған жұмыс уақыты арқылы құн мөлшерін іскерлік пен еңбек интенсивтілігінің орташа деңгейіне негізделген, қоғамдық өндірістің қалыпты жағдайында өнімді өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті жұмыс уақыты арқылы анықтады.
Пайдалылық теориясының іргетасын қалаған австрия мектебінің өкілдері (К.Менгер, Е.Бем-Баверк, Л.Вальрас, У.Джевонс және т.б) құнның мөлшерін сатып алушының субъективті баға беруі арқылы анықтайды. Тауарға субъективті баға беру екі факторға, яғни: қолдағы бар игіліктер қорының көлеміне және оған деген қажеттіктердің қанығу дәрежесіне тәуелді болады.
Мысалы, шөл жерде қалдыңыз және өте шөлдедіңіз делік. Бұл жағдайда ең қымбат, әрі сирек зат, сіз үшін өте пайдалы, әрі тәтті - су, бірақ суды ішіп, шөліңіз басылғаннан соң, сіз үшін судың пайдалылығы кеми береді. Ең соңғы ішкен бір шыны судың сіз үшін пайдалылығы бірінші шыныдан төмен.
Сонымен, шектеулі пайдалылық деп - тауарлар мен қызмет көрсетулердің әрбір келесі кезектегі үстеме мөлшерінен тұтынушының алатын қосымша пайдалылығын айтады. Ол - -жалпы пайдалылықтың көлемін тұтынудың өзгерген мөлшеріне бөлу арқылы анықталады.
Шығындар тұжырымдамасы Джеймс Милльдің, Мак-Кулохтың еңбектерінде орын алған. Олар өндіріс шығындарын, яғни өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығындар арқылы құн мөлшерін анықтауды ұсынды. Осы аталған үш теорияны біріктіруге А.Маршалл. Дж.Кларк, П.Самуэльсон ұмтылыстар жасады.
Олардың ішінде А.Маршалдың концепциясы сәтті шықты, ол құнды жасаудың тек жалғыз ғана себебін іздестіруден бас тартты, ол алдымен шектеулі пайдалылық теориясы және сұраныс пен ұсыныс теориясын өзара біріктірді және оларға өндірістік шығындар теориясын қосты. Осылайша жасалған оның зерттеу әдісінде - пайдалылықтың, сұраныс пен ұсыныстың, шығындар мен бағалардың өзара әрекеттесу нәтижелері арқылы - бағаны анықтау проблемасы өз шешімдерін тапты.
2.1 Тауарларды топтастыру мен номенклатурасы
Рынокта әртүрлі көптеген тауар түрлері орын алады. Тауар рыногындағы зерттеу жұмысын жеңілдету үшін және маркетинг стратегиясын құрып, тұтынушылардың сатып алу жағдайын қалыптастыру үшін тауарлар топтастырылып қарастырылады.
Дәстүрлі тауарларға тоқталайық:
1. Тұтыну тауарлары - түпкі тұтынушылардың жеке пайдалануна арналған тауарлар. Тұтыну уақытына сәйкес олар мынадай топтарға бөлінеді:
а) Ұзақ және жиі қолданылатын тауарлар (мысалы, киім, көйлек, телевизор, т.б.);
б) Қысқа мерзім пайдаланылатын тауарлар - бір мәрте немесе бірнеше рет тұтынатын тауарлар (салфетка, нан, тіс шаю пастасы, т.б.).
Ал тұтыну әдістеріне қарай олар мына топтарға бөлінеді:
а) Күнделіктісұраныстағы тауарлар. Оларды сатып алғанда тұтынушылар көп ойланбайды, салыстырып жатпайды, өйткені күнде алады. Соған сәйкес ол тауарлар өзара былай бөлінеді:
♦ үздіксіз сұраныстағы тауарлар - тұтынушылар үнемі сатып алатын тауарлар (тіс шаятын паста, сабын порошогы, шырпы т.б. с.с.);
♦ импульстық (ойда жоқта сатып алынатын) тауарлар -алдын ала сатып алуын жобаламаған және арнайы іздемейтін тауарлары (шоколад, сағыз, газет, сусындар, т.б.);
♦ төтенше сұраныс тауарлар - кенеттен қажет қалыптасып сатып алынатын тауарлар, бүлар аяқ астында қатты мұқтаждық туған кезде сатып алынатын заттар (қол-шатыры, дәрі, такси, т.б.).
б) Алдын ала таңдалып, сатып алу жоспарына енгізілген тауарлары. Тұтынушы ол тауарларды көптен таңдайды, сатып алғанда оның жарамдылығын, сапасын, бағасын, сыртқы әдемілігін т.б. қасиеттерін салыстырып барып, сатып алады. Мысалы, жиһаздар, тұрмыстық электрозаттары, сыртқы киімдер солай сатып алынады. Олар өзара былайша бөлінеді:
♦ бір-біріне ұқсас тауарлар - түрі, сапасы бірдей, бірақ бағасы әр-түрлі болады;
♦ ұқсас емес тауарлар - бағасын елемей, тұтынушы оның фасонына, түсіне, түріне және т.б. көрсеткіштеріне көңіл аударады.
в) Ерекше сұраныстағы тауарлар - бірегей сипаттамалары мен және жеке таңбалы тауарлары. Оларды сатып алу үшін кейде тұтынушылар бірқатар қосымша күш салады. Мысалы, автокөліктерді, фотожүйесін, мода тауарларын т.б. сатып алғанда.
г) Еңжар (пассивті) сұраныстағы тауарлар. Оларды тұтынушылар білуі, немесе білмеуі мүмкін. Бірақ, сатып алу жағын ойластырмайтын тауарлар (өмір қаупін сақтау, бейіттік учаскелер, энциклопедия және т.б. тауарлар).
2. Өнеркәсіп тауарлары. Олар өндіру үдерісіне қатысуына байланысты мынадай топтарға жіктеледі:
а) материалдар және бөлшектер - өндірушінің тауарында толық қолданылатын заттар:
♦ шикізат,
♦ жартылай фабрикаттар, бөлшектер;
б) күрделі мүлік- өндіру үдерісінде қолданылады және дайын заттың құнында жарым-жартылай орын алады. Олар тұрақты өндіріс құралы (мысалы, зауыт, станок және т.б.) және қосалқы жабдықтар;
в) қосалқы материалдар - өндірілген заттың құрамына енбейтін тауарлар және объектілер, алайда жұмысқа керекті материалдар. Мысалы: станокты майлайтын материалдар, тас көмір, электроқуаты, жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған материал - дар, т.б.
3. Биржа тауарлары - дұниежүзілік экономикада маңызды рольатқаратын, оңай стандартталатын тауарлардың шағын тобы. Мұндай тауарларға жататындар:
а) энергия көзі болатын тауарлар, мысалы, мұнай, газ, тас көмір;
б) азық-түлік тауарлар, мысалы, бидай, қант, жүгері, күріш, кофе;
в) стратегиялық тауарлар, мысалы, алтын, уран, платина; металдар, мысалы, мыс, болат, күміс, т.б.
Экономика ғылымында көлемдердің кезең түріндегі толқуын және өнім өмірінің кезеңдерін экономикалық циклі, немесе тауардың өмір циклі деп аталады. Тауардың өміршеңдік кезеңі дегеніміз тауардың рыноктағы өмір сүру мерзімі, өмір сатылары б.т. Өнімнің өтіміне, пайданың көлеміне, тұтынушылардың мінез-қүлқына, бәсекелестіктеріне, маркетинг стратегиясына тауардың өмір циклі аса күшті ықпал жасайды. Тауардың өміршеңдік кезеңінің фазалары 1-суретте көрсетілген:
♦ рынокқа енгізу,
♦ өсу,
♦ кемеліне жету,
♦ құлдырау.
Рынокқа енгізу фазасында - жаңа тауарға рынок қалыптасады.Сату көлемі, маркетинг шығындары шамалы болады. Бұл фазада пайда алынбайды, керісінше шығын болуы мүмкін.
1-сурет.Тауардың өміршеңдік кезеңі
Өсу фазасы тауардың болашағына әсер етеді. Бұл фазада тұтынушылар тауарды қабылдайды, сұраныс өсе бастайды және сату көлемі де өседі. Тауарды өткізуден түскен пайда барынша максималды деңгейіне жетеді. Мұндағы фирманың негізгі мақсаты сату көлемінің өсуін неғұрлым узақ уақытқа созу керек. Бұл мақсатқа жаңа нарық сегменттеріне шығу, жаңа өткізу арналарын табу, жарнаманы күшейту арқылы жетуге болады. Баға тіпті төмендеуі мүмкін, өйткені рынокта бәсекелестердің тауарлары сатылады. Олардың жолын бөгеу үшін бағаны темендету қажеті де кездеседі.
Кемеліне жету фазасында жаңа тауар дәстүрлі тауарға айналады, сату көлемі шектеледі. Пайда көлемі төмендей бастайды. Алайда тұтынушылардың көпшілігі тауарды әлі де сатып алады.
Құлдырау фазасында сату көлемі төмендей түседі. Бұл фазада тауардың қасиеттерін зерттеп, оны жаңарту мүмкіндіктерін немесе оны өндірістен шығаруды қарастыру қажет.
Бір фазадан басқасына ауысқан кезде күрт өзгерістер әдетте байқалмайды. Сондықтан маркетинг бағдарламасына дер кезінде ұтымды өзгерістер енгізу үшін сату көлемінің өзгерісіне зер сала қадағалау қажет. Рынокта "сырқат тауар" ұстағандар көп шығынға ұшырайды, ол фирма беделіне де нұқсан келтіреді. Тауар өміршеңдік кезеңі сипаты және әрбір фазасының ұзақтығы тауардың тұтыну қасиеттеріне, олардың тұтынушылар қажеттеріне сәйкестігіне, өзара алмасушы тауарлар санына және олардың бәсекелік қабілеттілігіне байланысты. Осыған қоса рынок жағдайы да есепке алынуы маңызды орын алады.
Жоғарыда дәстүрлі түрде орын алған тауардың өміршендік кезеңін қарастырған едік. Алайда іс жүзінде оның басқа да түрлері бар (3-суреттерді қараңыз).
Дәстүрлі ирегі: рынокқа тауарды енгізу, өсу, кемеліне жету және құлдырау фазалары нақты мезгілдерімен қамтылған.
Классикалық ирегі: тауардың тұрақты өтімі ұзақ уақытпен сипатталған.
Елігу ирегі: тауардың өтімі аса тез көтеріліп және тез темендеуімен сипатталған.
Ұзаққа созылған елігу ирегі: бұл да жоғарыдағыдай, тек өнімнің өтімі төмендеп барып бір деңгейде сақталады.
Мерзімді немесе сән ирегі: тауар жақсы өтімін тауып, маусым мерзіміне қарай осы ирек сипатын алады.
Жаңару немесе зарығу ирегі: белгілі бір уақыт өткеннен кейін, тауарға қайтадан сұраныс пайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz