Үдемелі иновациялық бағдарламадағы жаңа саясат



Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Тұжырымдама мен бағдарламаны жасау кезінде әрдайым әлемдік үрдістер ескеріледі.
2. Үдемелі индустриялы дамытудың басқа елдердің бағдарламалары нені қарастырады және тиімділігі қандай?
3. Индустриялы саясатты жүргізгенде әрбір мықты және әлсіз жақтарды және олардан таралатын мүмкіндіктер мен қатерлерді ескеру қажет.
4. 2019 жылға дейінгі индустриалды.инновациялық дамудың бағдарламасы қазақстандық өнеркәсіптің барлық тұстарын ескерген.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Қазіргі кезде инновациялық типті экономикаға дүние жүзінің көптеген елдері қолдануда. Көптеген аса дамыған елдер инновацияны дамытуды ертеректе бастап кеткен. Соның біріне бүгінде экономикасы қарыштап дамып, әлемдік экономикада көш бастап келетінАҚШ-тыатап өтуге болады.....................................................................
Қазақстанның да басымды мақсаттарының ең негізгісі – инновациялық жағдайды дамыту арқылы әлемдік экономикалық жүйеге Қазақстанның интеграциялануының нәтижелі жүйесін құру. Негізінен индустриалы-инновациялық бағыт дағдарыстан кейінгі Қазақстанның дамуы моделінің негізі болып табылады.
Елбасымыз халыққа Жолдауында «Қазақстан – 2050» даму Стратегиясын ұсынды. «Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм». Ел экономикасының қарқынды өсуінің қажетті шарты ғылыми-техникалық, өндірістік, қаржылық және институционалдық саланың өзара байланысты қалыптасуына ықпал ететін инновациялық жолға өту болып табылады. Мұнымен бірге басты міндет ғылымның дамуын, жаңалықтардың қозғалысы, озық өндірістік технологияларды әзірлеу және енгізуге ынталандыруға шақыратын индустриалды-инновациялық саясатты қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа кезең – жаңа экономика» атты мақаласында «Жаңа экономика кең тұрғыда — бұл жоғары технологиялар, ғылымды көп қажет ететін, барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен каныққан экономика. Шикізаттық және индустриялық экономикадан интеллектуалдық ресурстарға, ғылымды көп қажет ететін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа көшу әлемдік шаруашылықтың барынша маңызды үрдістерінің біріне айналды», – деген сөздері еліміздің бүгінгі күнінің даму бағытын сипаттайды. Сол себепті Қазақстан бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, негізгі мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылатын индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыра..бастады
Alashainasy.kzсайтынан және
http://alashainasy.kz/economica/kazakstan-respublikasyinyin-industrialdyi-innovatsiyalyik-damu-strategiyasyi-65563/

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЫРДАРИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы: Үдемелі иновациялық бағдарламадағы жаңа саясат

Орындаған: Әбдірахман Қ.
Қабылдаған: Серіков Б.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Тұжырымдама мен бағдарламаны жасау кезінде әрдайым әлемдік үрдістер ескеріледі.
2. Үдемелі индустриялы дамытудың басқа елдердің бағдарламалары нені қарастырады және тиімділігі қандай?
3. Индустриялы саясатты жүргізгенде әрбір мықты және әлсіз жақтарды және олардан таралатын мүмкіндіктер мен қатерлерді ескеру қажет.
4. 2019 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық дамудың бағдарламасы қазақстандық өнеркәсіптің барлық тұстарын ескерген.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі кезде инновациялық типті экономикаға дүние жүзінің көптеген елдері қолдануда. Көптеген аса дамыған елдер инновацияны дамытуды ертеректе бастап кеткен. Соның біріне бүгінде экономикасы қарыштап дамып, әлемдік экономикада көш бастап келетін АҚШ-ты атап өтуге болады ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қазақстанның да басымды мақсаттарының ең негізгісі - инновациялық жағдайды дамыту арқылы әлемдік экономикалық жүйеге Қазақстанның интеграциялануының нәтижелі жүйесін құру. Негізінен индустриалы-инновациялық бағыт дағдарыстан кейінгі Қазақстанның дамуы моделінің негізі болып табылады.
Елбасымыз халыққа Жолдауында Қазақстан - 2050 даму Стратегиясын ұсынды. Оның басты мақсаты - мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм. Ел экономикасының қарқынды өсуінің қажетті шарты ғылыми-техникалық, өндірістік, қаржылық және институционалдық саланың өзара байланысты қалыптасуына ықпал ететін инновациялық жолға өту болып табылады. Мұнымен бірге басты міндет ғылымның дамуын, жаңалықтардың қозғалысы, озық өндірістік технологияларды әзірлеу және енгізуге ынталандыруға шақыратын индустриалды-инновациялық саясатты қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жаңа кезең - жаңа экономика атты мақаласында Жаңа экономика кең тұрғыда -- бұл жоғары технологиялар, ғылымды көп қажет ететін, барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен каныққан экономика. Шикізаттық және индустриялық экономикадан интеллектуалдық ресурстарға, ғылымды көп қажет ететін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа көшу әлемдік шаруашылықтың барынша маңызды үрдістерінің біріне айналды, - деген сөздері еліміздің бүгінгі күнінің даму бағытын сипаттайды. Сол себепті Қазақстан бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, негізгі мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылатын индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыра..бастады

Негізгі бөлім

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ - ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Инновациялық даму дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.
Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда: экономиканың шикiзат бағыттылығы; әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi; ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы; мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы; кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы; ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы; ҒЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi; отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы; мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы; экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы; менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеу i.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк саясаты 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.
Саясаттың басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.

Саясат мынадай қағидаттарға негiзде ледi:
жеке сектормен серiктестiк;
инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталуы;
өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қаржылық және өзге қолдау көрсету;
қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;
тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;
қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан бас тарту;
индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.
Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс.
Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс:
1. Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жәрдемдесу.
2. Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.) қолдау.
3. Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану.
Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы әзiрлемелер негiзiнде ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде: биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың генотиптерi, бактериялар штамдары және басқалары); ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, химиялық өнiмдер және басқаларды жасау.
4. Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың жаңа материалдар мен химиялық технологиялар және ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау.
5. Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар мен кәсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.

1.Тұжырымдама мен бағдарламаны жасау кезінде әрдайым әлемдік
үрдістер ескеріледі. Жаңа индустриалды-инновациялық даму
бағдарламасында неге көңіл бөлінді?

# Ресусртар маңыздылығының артуы
Ресурстардың азаюы қазіргі индустриалды саясаттың екі маңызды үрдісіне әкеп соқты: біріншіден, ол шикізат құндарының өсуі мен олардың қысқарған қолжетімділігі, екіншіден, ол шикізатты тиімді пайдаланып, сақтай алатын технологиялардың дамуы.
# Глобализация мен өндірістік тізбектердің өзгеруі
ТНК әлемдік сауда саттықтағы қазірдің өзінде ұлкен болып тұрған рөлін ұлғайтуда. Корпорациялардың географиясы мен жаһандану деңгейі транформацияланады, олар әрдайым жергілікті серіктес ізденуде.
# Дамушы елдер нарықтарының күшеюі
Ол елдерде тұтынушылардың ерекше сұраныстарына жауап беретін тауар мен қызметтер бар, ал бұл олардың нарығына жылжытуға апарады.
# Халықаралық сипаттағы шектеуліктер
Халықаралық ұйымдарға қатысушы елдер саны соңғы кезде өсіп жатыр, олар мемлекеттік араласуды шектеуге келісті. Алайда жекелеген жағдайларда қабылданған міндеттемелерін бұзады.
# Өндірісті дамыту мен орналастыру үшін елдердің бәсекелестігі
Дамушы елдердегі зауыттар маңыздылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс факторлары:біріктіру әдістері және тиімділік
Мемлекеттің үдемелі-индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері
Баланы жан-жақты тәрбиелеуде ойының маңызы туралы
Шағын бизнес субьектілері
Қазақстанда халықты жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік-саяси жұмыстар
ҚР Банктердің қазіргі жағдайы
Отандық фармацевтік салалардың бәсекеге қабілеттілігі
Бесінші жолы, отандық фармацевтикалық заттардың өзіндік құнын төмендету арқылы оның нарықтағы өнімділігін арттыру
ҚР сыртқы саясаты. Әлеуметтік жағдайы. Экономикасы
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер