Қытай Халық Республикасының әлеуметтік – экономикалық жағдайын сараптау
Кіріспе ... ... ... ... ..3
І Қытай Халық Республикасына әлеуметтік.экономикалық сипаттама ... ...5
1.1 Экономикалық.географиялық жағдайы ... ... ...5
1.2 Халқы ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары ... ... ... ... ... ... ...8
1.4 Шаруашылығы ... ... ...10
ІІ Қытай Халық Республикасындағы саяси ахуал..15
2.1 Қытай Халық Республикасының ресми сыртқы саяси жағдайы ... ... ... ... 15
2.2 Қытай және Батыс қатынастары ... ... ... ... ..17
2.3Қытай Халық Республикасының Ресеймен қатынастарының қазіргі кездегі сипаты мен мәселелері ... ... ... ... ... ... ... 20
2.4 Қытайдың Орталық Азия елдерімен қарым.қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ...25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... 26

Қытай Халық Республикасы халық саны жағынан әлемде алғашқы орынды иеленетін (1,3 млрд-тан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хань), жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орын алатын мемлекет. Бұл көбіне Қытай елінің экономикалық өсімі жағынан алдыңғы қатарлы елге айналғандығымен байланысты.
Қытай жалпы ішкі өнім көрсеткіші бойынша Жапонияны басып озып, әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 2011 жылдың қортындысында Қытай – 5879 миллиард долларды құраса, Жапонияның жалпы ішкі өнім көрсеткіші – 5474 миллиард доллар болған. Соңғы 20 – 25 жылда Қытай экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Сыртқы сауда ел экономикасының 45%-дан астамын құрайды. Негізгі сауда серіктесі – Жапония, одан кейін АҚШ пен Оңтүстік Корея.
Шетел инвестициясын тартудан Қытай АҚШ-тан кейінгі 2-орында. 1997 жылы 1 шілдеде ҚХР-ға бұрын Ұлыбритания отары болып келген Сянган (Гонконг) аралы қайтарылды. Оған арнайы әкімшілік аудан мәртебесі берілді. Сянганның қосылуы Қытай экономикасының дамуын жеделдетті. Бұл аудан дүние жүзіндегі аса ірі сауда және қаржы орталығы болып табылады. Онда әлемдегі аса ірі 100 банктің 85-інің бөлімдері орналасқан.
Қытай - көп ұлтты біртұтас мемлекет, онда 56 ұлт өмір сүреді. Қытайда шамамен 40-қа жуық миллионер қалалар бар, онда қала халқының 45%-ы шоғырланған. Әсіресе Шанхай, Пекин, Тяньцзинь, т.б. агломерациялары ерекше көзге түседі
Қазіргі Қытай тек қана өзінің техникалық күштеріне арқа сүйей отырып, ауыр индустрияның ірі тау-кен, энергетикалық, металлургиялық, химиялық, автомобиль, кеме жасау кәсіпорындарына кешенді құрал-жабдық өндіруге шамасы жетеді. Сонымен қатар білім беру, ғылым және мәдениет салаларында да үлкен жетістіктерге жетті. Халықтың тұрмысы айтарлықтай жақсарды.
Қытайдың қазіргі сыртқы саясаты елдің қазіргі ішкі саясаты мен стратегиялық міндеттерімен тығыз байланысты.

1. Политика КНР на современном этапе: реалии и перспективы./Под ред.М.С.Ашимбаева – Алматы: Казахстанский Институт Стратегических Исследовании при Президента Республики Казахстан, 2005. – 231б.
2. Михеев В. Китай: новые компоненты стратегии развития//Мировая экономика и международные отношения. – 2002. - №7. – 16-30бб.
3. Кальвокоресси П. «Мировая политика после 1945г.». – М.,2000. – 589б.
4. Современные международные отношения./Под ред. А.В. Торкунова,-М.,1999.-583б.
5. Токаев К.К. «Преодоление». – Алматы, 2003. – 463б.
6. Хольбинг Х. Меняется ли курс Китая на международной арене? http://www.inter.pol.com/
7. Кайзер К. Китай как стратегический партнер// International Politick.- 2002. - №2. – 25-26бб. http://www.inter.pol.com/
8. Тимофеев О. Группы влияния на разработку внешнеполитических решений в КР//Азия и Африка сегодня. – 2004. - №11. – 28б.
9. Мукимджанова Р. Государств Центральной Азии и Китай: проблемы и перспективы сотрудничества//Центральная Азия и Кавказ. – 2004.№8. – 66-76бб.
10. Лю Цинцай. Современная внешняя политика Китая и китайско – российские отношения.// Проблемы Дальнего Востока. – 2004. - №5. – 84
11. Ли Лифань, Дин Шиу. Геополитические интересы России, США и Китая в Центральной Азии//Центральная Азия и Кавказ. – 2004. - №3. – 161
12. Лузянин С. Новые контуры восточное – азиатской безопасности//НГ «Дипкурьер» - 26.01.2004. – 14-17бб.
13. Китайский информационный Интернет – центр. Отношения Китая со странами Европы. http//ru.china-embassy.org/
14. Лю Цзайци. Внешняя политика КНР и перспективы китайско – российских отношений//Мировая экономика и международные отношения. – 2003. - №9. – 84-90бб.
15. Михеев В. Внешняя политика Китая и современные вызовы для российско – китайских отношении// Проблемы Дальнего Востока. – 2003.
16. Синьхуа о расширении НАТО на Восток: Китай надеется на бдительность России//Синьхуа. – 01.04.2004. – 4б. http://www.china-sin.com/
17. Солодовник С. Китай в Евразии//Время. – 2002. - №3.-6б.
18. Хьюз Д. Факторы Китая и России в американской внешней политике//Christian Science Monitor. – 24.03.2004. – 10б. http://www.scm.com/
19. Чжао Хуашэн. Китай, Россия, США: интересы, позиции, взаимоотношения в Центральной Азии//Центральная Азия и Кавказ. – 2004.
20. Sheng Lijun. China’s Dillemma: the Taiwan Issue. – Singapore: ISEAS, 2001. – 240б. http://www.asiapacific.narod.com/

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Қытай Халық Республикасына әлеуметтік-экономикалық сипаттама ... ...5
1.1 Экономикалық-географиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Халқы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары ... ... ... ... ... ... .. .8
0.4 Шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ІІ Қытай Халық Республикасындағы саяси ахуал ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...15
0.1 Қытай Халық Республикасының ресми сыртқы саяси жағдайы ... ... ... ... 15
0.2 Қытай және Батыс қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.3Қытай Халық Республикасының Ресеймен қатынастарының қазіргі кездегі сипаты мен мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.4 Қытайдың Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы ... ... ... ... ... . ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қытай Халық Республикасы халық саны жағынан әлемде алғашқы орынды иеленетін (1,3 млрд-тан астам, халық көпшілігі -- этникалық қытайлықтар, өз атауы -- хань), жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орын алатын мемлекет. Бұл көбіне Қытай елінің экономикалық өсімі жағынан алдыңғы қатарлы елге айналғандығымен байланысты.
Қытай жалпы ішкі өнім көрсеткіші бойынша Жапонияны басып озып, әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 2011 жылдың қортындысында Қытай - 5879 миллиард долларды құраса, Жапонияның жалпы ішкі өнім көрсеткіші - 5474 миллиард доллар болған. Соңғы 20 - 25 жылда Қытай экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Сыртқы сауда ел экономикасының 45%-дан астамын құрайды. Негізгі сауда серіктесі - Жапония, одан кейін АҚШ пен Оңтүстік Корея.
Шетел инвестициясын тартудан Қытай АҚШ-тан кейінгі 2-орында. 1997 жылы 1 шілдеде ҚХР-ға бұрын Ұлыбритания отары болып келген Сянган (Гонконг) аралы қайтарылды. Оған арнайы әкімшілік аудан мәртебесі берілді. Сянганның қосылуы Қытай экономикасының дамуын жеделдетті. Бұл аудан дүние жүзіндегі аса ірі сауда және қаржы орталығы болып табылады. Онда әлемдегі аса ірі 100 банктің 85-інің бөлімдері орналасқан.
Қытай - көп ұлтты біртұтас мемлекет, онда 56 ұлт өмір сүреді. Қытайда шамамен 40-қа жуық миллионер қалалар бар, онда қала халқының 45%-ы шоғырланған. Әсіресе Шанхай, Пекин, Тяньцзинь, т.б. агломерациялары ерекше көзге түседі
Қазіргі Қытай тек қана өзінің техникалық күштеріне арқа сүйей отырып, ауыр индустрияның ірі тау-кен, энергетикалық, металлургиялық, химиялық, автомобиль, кеме жасау кәсіпорындарына кешенді құрал-жабдық өндіруге шамасы жетеді. Сонымен қатар білім беру, ғылым және мәдениет салаларында да үлкен жетістіктерге жетті. Халықтың тұрмысы айтарлықтай жақсарды.
Қытайдың қазіргі сыртқы саясаты елдің қазіргі ішкі саясаты мен стратегиялық міндеттерімен тығыз байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты: Азияның жетекші дамушы елдер қатарына жататын сан-салалы экономикасының даму қарқыны жөнінен дүниежүзілік шаруашылықта өзіндік орны бар азиялық алып - Қытай Халық Республикасының әлеуметтік - экономикалық жағдайын сараптау, саяси сахнадағы әлем елдерімен байланысын саралау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері: жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды.Олар:
* Қытай Халық Республикасының экономикалық- географиялық жағдайын сипаттау;
* Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандарының экономикадағы рөлін анықтау;
* Шаруашылығын саралай отырып, қазіргі даму қарқынын бағамдау;
* Қытай Халық Республикасындағы сыртқы саяси ахуалын талдау арқылы, өзге мемлекеттермен қарым-қатынасын жүйелеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
І Қытай Халық Республикасына әлеуметтік-экономикалық сипаттама
1.1 Экономикалық-географиялық жағдайы
Қытай Халық Республикасы (ҚХР) негізгі заңына сәйкес халықтық демократиялық диктатура басқаратын социалистік мемлекет болып табылады. Елдің құрамында 22 провинция (Тайвань 23-провинция деп есептеледі), 5 автономиялық аудан және тікелей орталыққа бағынатын 3 қала (Пекин, Шанхай, Тяньцзин) кіреді. 1997 жылы Сянган (Гонконг) Қытай мемлекетінің ерекше аумағы саналып, Қытайдың қарамағына өтті. Астанасы - Пекин қаласы.
Қытай Халық Республикасы - Еуразия материгінің шығысында, Тынық мұхиттың батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Аумағы 9,6 млн км2 ауданды қамтиды. Көлемі жөнінен Қытай тек Ресей мен Канадаға жол береді. Құрлықтағы шекарасының ұзындығы - 22800 км- ге тең.
ҚХР-дың құрлықтағы көршілері - жаңадан тәуелсіздік алған ТМД елдері. Мұнда көліктік байланыс үшін ең ұзын және қолайлы шекара Қазақстан және Ресеймен шектеседі.
Қытай солтүстік - батысында Қазақстанмен, Қырғызстанмен, солтүстік- шығысы мен солтүстік - батысында Ресеймен, солтүстігінде Монғолстанмен, солтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен, батысында Пәкістанмен, Тәжікстанмен және Ауғанстанмен, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында Үндістанмен, оңтүстігінде Мьянмамен, Въетнаммен, Непалмен, Бутанмен, Лаоспен шектеседі. Қытай шығысы мен оңтүстік - шығысында Корея Республикасымен, Жапониямен, Филиппинмен, Брунеймен, Малайзиямен және Индонезиямен теңіз арқылы шекараласады.
Континенттік Қытайдың жағалауы шығысы мен оңтүстігінде Бохай, Сары, Шығыс Қытай және Оңтүстік Қытай теңіздерінің суымен шайылып жатыр. Аумақтық судың базистік сызығынан 12 миль қашықтықта орналасқан теңіз зонасы және ішкі сулары Қытай мемлекетінің аумақтық суы болып есептеледі; оның ауданы-4,7 млн км2. Қытайға тиісті ұлан- ғайыр теңіз айдынында 5400 арал орналасқан. Олардың ішіндегі аса ірілері Тайвань және Хайнань аралдары. Екеуіде Қытай провинциясына қарайды.
Қытайдың жағалау сызығының жалпы ұзындығы - 32 мың км-ге тең, ал оның ішінде континенттік бөлігінің жағалау сызығы 18000 км, аралдардың жағалау сызықтары 14 мың км. Континенттік Қытайдың жағалауларында көптеген ыңғайлы табиғи аймақтар мен портты қалалар орналасқан. Аса маңызды порттары (солтүстіктен оңтүстікке қарай): Далянь, Циньхуандао, Тяньцзин, Яньтай, Циндао, Ляньюньган, Наньчун, Шанхай, Нинбо, Вэньчжоу, Фучжоу, Сямынь, Гуанчжоу, Чжаньцзян және Бэйхай. Олардың ішінде Шанхай- кәсіпорындары, саудасы, банк ісі және мұхиттың кеме көлігі жақсы дамыған Қытайдың аса ірі қаласы. Көптеген порттары бар, теңізбен шектесуі оған дүниежүзілік теңіз жолдарына шығуға мүмкіндік береді.
Саяси және экономикалық - географиялық жағдайдың қолайлы жақтарын тиімді пайдалану мақсатында Қытай мемлекетінде 5 ерекше экономикалық аудан (ЕЭА) құрылған: Шэньчжен, Чжухой және Шаньтоу (Гуандун провинциясы), Сямень (Фуцзянь провинциясы) және Хайнань (Хайнань провинциясын түгел қамтиды). 14 қала (Далянь, Циньхуандо, Тяньцзинь, Яньтай, Циндао, Ляньюньган, Наньтун, Шанхай, Нинбо, Вэньчжоу, Фучжоу, Гуанчжоу, Чжаньцзян және Бэйхай) ашық теңіз маңы қалалары мәртебесіне ие. 1985 жылдан бастап Янцзы, Чжуцзян өзендерінің атырабында Фуцзян провинциясының оңтүстік бөлігінде экономикалық үшбұрышта, Шаньдун және Ляодун түбектерінде Хэбэй провинциясы мен Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында ашық экономикалық зоналар қалыптаса бастады. Нәтижесінде елдің теңіз маңы аудандарында ашық экономикалық белдеулер құрылды.
1992 жылдан бастап Мемлекеттік Кеңестің шешімімен бірқатар шекара маңындағы қалалар, материкішілік провинциялар мен автономиялық аудандар сыртқы елдер үшін ашық жол салды. Ірі және орташа қалаларды 13 баж салығынсыз зоналар, 32 техникалық-экономикалық игеру зоналары және 52 мемлекеттік маңызы бар жоғарғы технологияларды игеру зоналары құрылды. Осылайша Қытайдың теңіз маңы, Янцзы алабы шекара маңы және материкішілік аудандары арқылы көп сатылы және жан-жақты қарым- қатынас қалыптасты.[1.2.3]
1.2 Халқы
Қытай Халық Республикасы халқының саны соңғы 10 жылда 73,9 миллион адамға өсіп, 1,34 млрд адамды құрады. Халық санының орташа жылдық өсімі 2001-2010 жылдары 0,57% құрады, алдыңғы он жылдықпен салыстырғанда ол 0,5 пайызға баяулаған.
1949 жылғы революцияға дейін Қытайда халықтың тууы мен өлім- жітімі жоғары дәрежеде болып келеді. Жыл сайын миллиондаған адам аштықтан, эпидемиядан, ауру-сырқаудан, кездейсоқ апаттардан қаза болатын. Халықтың өсуіне жаппай эмиграция, көбіне жарлы- жақыбайлардың Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне кетуі кедергі келтірді.
1949 жылығы санақ бойынша Қытайдың құрлықтық бөлігіндегі халық саны 541 млн 670 мың адам болды. Елде қалыптасқан тіршіліктің тұрақтылығы мен өндірістің дамуына байланысты демографиялық бақылау бойынша халықтың өсуі артты. 1969 жылғы халық санағы бойынша елдегі халықтың саны 806 млн 710 мыңға жетті. Демографиялық жарылыс қаупінің алдында тұрған Қытай үкіметі ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап халықтың санын шектеу мақсатында тууды жоспарлауға кірісті. Қабылданған шаралардың нәтежиесінде туу коэффициенті біртіндеп төмендей бастады. Егер бұл көрсеткіш 1969 жылы мың адамға шаққанда 34%- ға тең болса, ал 1995 жылы 17,2%-ға төмендеп, халықтың табиғи өсімі мың адамға шаққанда 36%- дан 11%- ға дейін азайды.
Өмір сүрудің орташа ұзақтығы ерлерде 67 жас, әйелдерде 69 жас. Еңбек ресурстары өте көп. Еңбекке жарамды халықтың 60%-ы ауыл шаруашылығы мен орманшылықта, 25%- ы өндіріс пен сауда ісінде.
Қытай - көп ұлтты біртұтас мемлекет, онда 56 ұлт өмір сүреді.1995 жылғы бүкілқытайлық іріктеу санағына сәйкес ҚХР-дың негізгі халқы- ханьдықтардың саны 1млрд-тан аса адам болды, 1990 жылғы 4 бүкілқытайлық халық санағымен салыстырғанда 56,8 млн адамға өсті. Ханьдықтар барлық халықтың 91%-ын құрайды. Өзге 55 ұлттың саны 108,5 млн адам немесе Қытай тұрғындарының 9%-ын құрайды. Ханьдықтардан өзге халықтарды аз ұлттарға жатқызады. Олардың негізгілері: чжуан, хуэй (дүнгендер), ұйғырлар, манчжулар, тибеттіктер, монғолдар, қазақтар және т.б. Саны ең көп етностық топ- чжуандар болып отыр, ал ең азы- лобалықтар.
Қытай тілінің ең көптеген диалектілері бар, ресми тіл мандарин дилектісі, өзге ең танымал диалектілер-юаухакка, ган, минь, цзян. Өзге тілдер арасында ең көп тарағандары тай, ұйғыр, мяо, және қазақ тілдері.
Қытай ресми дінсіз болып есептелгенімен, тұрғындары түрлі діндерді ұстанады, олардың ең маңыздылары конфуцийлік, даосизм, будда, бұдан өзге діншілер арасында мұсылмандар мен христиандар да бар.
Ханьдықтар барлық жерде тарағанымен, олардың басты өмір сүретін аудандары: Хуанхэ, Янцзы, Чжуцзян өзендерінің алаптары (негізінен орта және төменгі ағыстарында) мен Солтүстік-Шығыс жазығы. Аз ұлт өкілдері, негізінен, солтүстік- шығыс, солтүстік, солтүстік- батыс және оңтүстік- батыс Қытайдың шеткі аудандарында тіршілік етеді.
Ханьдықтарда өзіндік сөйлесу және жазба тілі қалыптасқан. Осы тіл елдің ресми және халықаралық тілі болып қабылданған.
Халықтың тұрмысы мен мәдениеті. Ұзақ тарихи дәуірлерде Қытайдағы әрбір ұлттың өз әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі қалыптасты. Оларға табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар ықпал етті. Мысалы, тамақтануды әңгімелейтін болсақ, онда оңтүстікте адамдар күрішті ұнатса, солтүстік аудандарда ұн өнімдерімен көбірек қоректенеді. Ұйғыр, қазақ және өзбектердің сүйікті тағамдары қой етінен жасалған кәуап, палау және тандыр нан; монғолдар қуырылған күрішті, қуырылған құйрықты және сүт қатқан шайды сүйіп ішсе, корейлерде дагао пудингі, салқын кеспе және ашытылған қырыққабат (капуста) сыйлы ас; тибеттіктер дзамбаны-майда қуырылған арпа ұнын жеп, тұшытылған маймен шай ішеді, т.б.
Киімге келетін болсақ, онда монғолдар ұлттық шапан мен етік кисе, тибеттіктер чуба деп аталатын ұзын етек шапан киеді; ұйғырларда кестеленген тақиялар танымал; корейліктер тұмсығы қайқы етік киеді; мяолықтардың және тибеттіктердің әйелдері алтын мен күмістен жасалған әшекей заттарға құмар. Ханьдықтардың дәстүрлі баспанасы- ішкі ауласы бар үй. Ішкі Моғолстанның, Шыңжынның, Цинхайдың және Ганьсудың тұрғындары киіз үйлерде өмір сүреді. Оңтүстік Қытайдағы аз ұлттар дай, чжуан, бун және басқалары қалаларда орналасқан. Олар саньлань деп аталатын екі қабат үйлер тұрғызады.
Өнеркәсібінің қарқынды дамуына және жаңа кен орындарының игерілуіне байланысты ҚХР- да урбандалу процессінің күшейгені байқалады. Егер 1982 жылы қалаларда халықтың 20%- ы өмір сүрсе, 1990 жылы- 30%, ал 90- жылдардың ортасында бұл көрсеткіш 35%- ға дейін өсті. 2000 жылы қала халқының саны-87 млн-нан асты. Қытайда шамамен 40-қа жуық миллионер қалалар бар, онда қала халқының 45%-ы шоғырланған. Әсіресе Шанхай, Пекин, Тяньцзинь, т.б. агломерациялары ерекше көзге түседі.[3.4.5]
1.3 Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары
Ерекше экономикалық аудандар және теңіз маңы ашық белдеуі. Қытайдағы барлық ерекше экономикалық аудандар (ЕЭА) түгелдей дерлік елдің оңтүстік-шығысында орналасқан: Шэньчжен ЕЭА Гуаньдун провинциясының оңтүстік-шығыс;Чжухай ЕЭА Гуаньдун провинциясындағы Чжуцзян өзені сағасының батыс жағалауында; Сямынь ЕЭА Сямынь қаласының Сямыньгань және Гуланчюй аралдарында (Фуцзян провинциясы) орналасқан; Зайнань ЕЭА елдің оңтүстігінде Хайнань аралын тұтастай алып жатыр (ауданы 34 мың км2) және елдегі бар ЕЭА- ның ең үлкені.
Ерекше экономикалық аудандар сыртқы нарыққа бағытталған даму зонасы болып табылады. Оларда, негізінен, экспорттық өнімдер шығаратын өңдеу кәсіпорындары дамуда және онда ғылыми зерттеулер мен өндіріс және сауда бірыңғай кешенге қоғамдасқан. Олардың аумағында мамандандырылған экономикалық саясат жүргізіледі және ерекше экономикалық басқару жүйесі іске асырылады. Сыртқы әлемге деген жоғары дәрежедегі ашықтық дәрежесіне ие ЕЭА шетелдік инвесторларға салықтар мен визалық режімдер тұрғысынан ішкі аудандармен салыстырғанда ерекше жағдайлардағы жеңілдіктер береді.
Мемлекет оларға экономиканы басқаруда айтарлықтай өкілеттік пен дербестік береді. ЕЭА құрудағы мақсат шетелдік инвестицияларды тарту, шетелдік озық технологиялар мен техникаларды енгізу, қазіргі заманғы басқару әдістерін үйрену, дүние жүзілік нарықтағы жағдай туралы ақпарат алу, т.б. болып табылады.
Оларға экспортты кеңейтуге, елдің валюталық пайдасын өсіруде, халықаралық техникалық-экономикалық ынтымақтастық саласында мамандар даярлауға айтарлықтай көңіл бөлінген. 5 ЕЭА құрылғаннан кейін олардағы экономика елдің кез-келген өзге ауданына қарағанда әлдеқайда жылдам дами бастады.
Сыртқы нарыққа бағытталған теңіз маңындағы 14 ашық қала экономиканың даму барысында терезе және делдал рөлін атқарса, олардың аумағында құрылған техникалық-экономикалық игеру зоналары шетелдік инвесторлар үшін тартымды болып табылуда.
Баж салығынсыз сауда аймақтары. Қытайлық баж салығынсыз аймақ еркін портты еске салатын оқшауланған аумақ болып табылады. Бұл аймақта, негізінен, экспорттық өнімдер шығаратын өңдеуші өнеркәсіп пен сыртқы сауда дамиды. Онда ерекше кедендік полиция әрекет етеді және кедендік басқару мен қадағалаудың ерекше ережелері жүзеге асырылады.
1990 жылдан бері Қытайда 13 баж салығынсыз аймақ құрылды. Олардың ішінде Шанхайдағы Вайгаоцяо баж салығынсыз аймағы да кіреді. Бұл баж салығынсыз сауда аймағы елдегі ең ашық аймағы болып табылады. Тяньцзин портының баж салығынсыз аймағы Тяньцзин теңіз портының аумағында орналасқан, 5 км2 жерді алып жатыр және ол Солтүстік Қытайдағы ең ірі баж салығынсыз аймақ болып табылады. Далянь баж салығынсыз аймағы Далянь техникалық-экономикалық игеру аймағының шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік-Шығыс Қытайдың шетелдермен байланысын кеңейтуде маңызды рөл атқарады.
Шекара маңындағы ашық қалалар. 1992 жылғы наурыз айынан бастап Қытай сыртқы саудаға шекара маңындағы 13 қаласын қосты. Олар: Хньчунь (Цзилинь провинциясы), Суйфэньхэ, Хейхэ (Хейлунцзян провинциясы), Маньчжурия, Эрлянь-Хото (Ішкі Монғол автономиялық ауданы), Тачен, Болэ, Инин (Құлжа, Шығыс Түркістан), Хэкоу, Ваньдин, Жуйли (Юньнан провинциясы), Пинсян және Дунсин (Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы). Сонымен бірге Қытай үкіметі тағы да шекара маңындағы және теңіз маңындағы провинциялардың (автономиялық аудандар) әкімшілік орталықтарын ашық деп жариялады. Олар: Наньнин, Куньмин, Үрімші, Хух- Хото, Харбин, Чанчунь және Шицзячжуан қалалары.
Туристік объектілері. Табиғаттың көркемдігі мен ежелгі тарихи орындарының молдығы, өзіндік мәдениеті, ұзақ тарихы Қытайды туристер үшін ерекше тартымды етеді. Пекин-Қытайдың туристік орталығы. Мұнда әсіресе Мин және Цинь әулеттерінің резиденциялары болған бұрынғы император сарайы, саябақтар мен храмдар аса қызықты. Пекиннің солтүстік- батысындағы таулы ауданымен Ұлы Қытай қабырғасының бір бөлігі өтеді. Пекиннен оңтүстік-шығысқа қарай атақты Тайшань тауы, Конфуциийдің рулық храмы орналасқан. Тайху мен Сиху көлдеріне, Хуаньшань тауына саяхаттан кейін туристерде ұмытылмас әсер қалады. Сучжоу қаласының сәулеттік-саябақтық ансамбльдерінде қаншама әсемдік бар. Шанхай қаласының Наньцзинлу сауда көшесінде туристер үшін тауарлардың аса бай таңдауы бар. Пекиннің солтүстігінде Ішкі Монғолияның даладарында ат жарыстарын көруге болады.Үлкен Хинган ормандарында жабайы аңдарға саят ұйымдастырылады. Харбинде жыл сайын мұз мүсіндернің фестивалі өткізіледі, мұнда шаңғымен, конькимен сырғанауға болады. Пекинне солтүстік-батыста орналасқан ежелгі қала-Сианьда император Циньшихуананның мүрдесінен табылған жауынгерлер мен аттардың терракоттан жасалған мүсіндерінің мұражайы орналасқан. Одан әрі батыста әлемге белгілі Ганьчу провинциясындағы Дуньхуандағы Могао үңгірлері туристердің көңілін өзіне аударады.
Пекинде болған кезде Қытай театр труппаларының орындауларын көруге, концерттерге баруға және билер мен халық көркемөнерімен танысуға болады. Аспаздықтың Шаньдун, Сычуань, Чжецзян және Гуандун стильдерін біріктіретін Қытай асханасымен танысуға болады. Қытай асханасының дастархан мәзіріне мыңнан аса дәм түрлері кіреді. Олардың ішінде жақсы таныстары: пекиндік үйрек, шаньдундық қуырылған ұлу (моллюски), гуандундік жылан етінен жасалған тағам және жергілікті дәм түрлері.
Туристерді қабылдау бойынша басты мекеме - ол Қытай халықаралық туристік бюросы. Ол шетел туристерін қабылдаумен арнайы айналысады. Оның бас мекемесі Пекинде, ал филиалдары барлық провинция орталықтарында, автономиялық аудандарда, орталыққа бағынатын қалаларда және бірқатар ашық қалалар мен аудандарда орналасқан.
Соңғы жылдары Қытайда көптеген жаңа қонақүйлер тұрғызылды. Оларды салуға шетел капиталы тартылды. Қытайда 1400 түрлі туристік агенттіктер бар, шетелдіктер үшін 2995 қонақүйлер тұғызылған. Олардың ішінде жұлдызды қонақүйлер саны 1800-ден асты. Бес жұлдызды қонақүйлердің ішінде, мысалы, Пекиндегі Ванфу, Қытай, Шангари-Ла, Шанхайдағы Цзиньчан- Хилтон, Хуаюань және Синьцзиньцзян, Гуанчжоудегі Аққу, Қытай, Шығыс және т.б. бар. Шетелдік және отандық туристерді қабылдайтын мұнай қонақүйлер қызметіне келушілердің ризашылығы зор.[4.5.6]
1.4 Шаруашылығы
Қытай Халық Республикасы жарияланған 1949 жылдан бері, әсіресе 1979 жылы басталған реформасы мен ашық саясатына байланысты Қытайдың экономикалық құрылыста қол жеткізген жетістіктері дүниежүзі мемлекеттерінің назарын өзіне аударып келеді. Реформа жылдарында Қытай мемлекеті өндіргіш күштердің одан әрі азат етілуіне және мемлекеттің біріккен қуатының айтарлықтай өсуіне қол жеткізді. Бірқатар аса маңызды өндірістік және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі абсолюттік көрсеткіштер бойынша Қытай дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Егер азық- түлік тауарларын алатын болсақ, онда ҚХР астық, ет, құс, жұмыртқа, судағы кәсіпорын өнімдері, өсімдік және жануар майларын өндіруден әлемде алдыңғы орында. Отын, өндіріс құралдары мен құрылыс материалдары саласында көмір өндіруден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы пластмасса, пленка мен цемент өндіруден Қытай алғашқы орында. Халық тұтынантын тауарларға келетін болсақ, онда ҚХР мақтадан, жүннен жасалған маталарды өндіруден, кездемелерден киім тігуден, велосипед, кір жуу машиналары, телевизор және шыныдан тұрмыстық заттар жасаудан дүние жүзінің барлық елдерінің алдында. Одан өзге болат, түсті металдар қорытудан, химиялық талшық, шұға кездемесін, химиялық тыңайтқыштар өндіруден, электр энергиясын өндіруден Қытай әлемдік аса ірі өндіргіш күштер арасынан орын алады.
Қазіргі Қытай тек қана өзінің техникалық күштеріне арқа сүйей отырып, ауыр индустрияның ірі тау-кен, энергетикалық, металлургиялық, химиялық, автомобиль, кеме жасау кәсіпорындарына кешенді құрал-жабдық өндіруге шамасы жетеді. Сонымен қатар білім беру, ғылым және мәдениет салаларында да үлкен жетістіктерге жетті. Халықтың тұрмысы айтарлықтай жақсарды.Осы жетістіктер Қытай ерекшеліктері бар социалистік модернизацияны іске асыру үшін материалдық техникалық базаға негіз болды.
1949 жылдан кейін өнеркәсіп, банк, көлік, сыртқы сауда мемлекет қарамағына алынған болатын. Аграрлық реформа помещиктер табын жойды, шаруалар жер алды. 1958 жылға қарай шаруа қожалықтары түгелдей дерлік кооперативтерге біріктірілген еді. ҚХР шаруашылықты қалпына келтірүді аяқтап, экономикалық құрылысқа кеңінен кірісті. 1953-1957 жж. ол бірінші бесжылдық жоспарды ойдағыдай орындады.
Өнеркәсіп 2,3 есе өсті және құны жағынан ауыл шаруашылығы өндірісінен асып түсті. Қазіргі заманғы индустрияның негізі қаланды. Солтүстік және батыс провинцияларда жаңадан ірі өнеркәсіп аудандары мен орталықтары пайда болды. Жұмысшы табының саны өсті. Социалистік елдер, оның ішінде әсіресе Кеңес Одағы Қытай Халық Республикасына зор көмек қолын ұсынды. Қытай КСРО-дан мөлшері 1,8 млрд сомнан (рубль) астам несие, ең жаңа техникалық құжаттар алды. Кеңес Одағы ҚХР- ға 260-тан аса ірі өнеркәсіп орнын салуға, мамандар дайындауға көмектесті.
1960-1970 жылдардағы ҚХР-дың сыртқы және ішкі саяси бағыты халықаралық қатынаста болсын, ел экономикасында болсын қолайсыз зардаптарға әкеліп тіреді. ХХ ғасырдың 70-жылдардың ортасынан бастап ҚХР-дың жаңа басшылары бірітіндеп елдің ішкі және сыртқы саясатын өзгертті. Ауыл шаруашлығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамытуға, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бұрынғыға қарағанда көбірек көңіл бөліне бастады. Ауыл шаруашылығында шаруалардың жеке бастамаларын (жеке және отбасылық мердігерлік, т.б) ұлғайтуға бағыт алды. Өнеркәсіптің бір бөлігі шетел капиталын қатыстыру арқылы дамуда. 1980 жылдары ҚХР өнеркәсібі жоғары қарқынмен дамыды. Осы жылдары бірқатар шетелдермен (оның ішінде Қазақстан да бар) сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстары ойдағыдай дами бастады.[7.8]
Өнеркәсібі. ҚХР өнеркәсібінің құрылымында ауыр индустрияның маңызы зор. Ауыр өнеркәсіп салаларының ішінде отын-энергетика, әсіресе елдегі энергияның негізгі көзі болып есептелетін тас көмір, мұнай өндіру маңызды рөл атқарады. Басты бассейндері: Солтүстік-Шығыс пен Солтүстік және Солтүстік- Батыс Қытайда. Көмір өндіру жұмысы шахталық және ашық әдіспен жүргізіледі. Осы жерлерден көмір көптеген өнеркәсіп орталықтарына жеткізіледі. Мұнай өнеркәсібі Солтүстік-Батыстың шөлдері мен тауарларында (Шыңжан, Қарамай), Қызыл бассейнде (Сычуань провинциясы), сондай-ақ елдің солтүстік-шығысында, шығысында қалыптасып келеді. Электр энергиясы көбінесе Солтүстік-Шығыс пен Солтүстік Қытайда, сол сияқты теңіз жағаларындағы ірі қалаларда орналасқан ЖЭС-та басымырақ өндіріледі.
1979 жылдан бастап Қытай өнеркәсібі тұрақты түрде жоғарғы қарқынмен дамуда. Бүгінде Қытай ұшақ, кемелер мен автомобильдерді ғана жасап қоймай, жердің жасанды серіктерін, өнеркәсіп үшін қазіргі заманға сай жабдықтарды жасай алады. Қытайдағы экономикалық инфрақұрылымның негізі ХХ ғасырдың 50- жылдары Кеңес Одағының (оның ішінде Қазақстан да бар) көмегімен қаланған болатын. Алайда реформалар саясатын жүргізудің басталуына байланысты Қытай өнекәсіпке айтарлықтай шетел инвестицияларын тартты, оларды ескі кәсіпорындарды модернизациялауға және түрлі салалардағы қазіргі заманға сай жаңа кәсіпорындарды құруға бағыттады. Бүгінде Қытайда тәуелсіз, айтарлықтай толыққанды индустриялы кешен құрылған. Олардың техникалық деңгейінің сипаты жеткілікті дәрежеде.
Қара металлургия. Қытайдың қара металлургиясының кәсіпорындары Аньшань, Тайюань, Пекин, Тяньцзинь, Шанхай, Ухань, Баотоу, Паньчжихуа, Үрімші, Цзюцзюан, Чунцин, Чэнду, т.б. қалаларда орналасқан. Елдің 21 металлургиялық кәсіпорындары әрқайсысына жылына 1 млн тоннадан астам болат қорытатын қуатқа ие. Егер Қытай ХХ ғасырдың 50- жылдары болаттың 100-ден аса түрін, прокаттың 400-дей түрін өндірсе, бүгін елде болаттың 1400- дей сорты балқытылып, прокаттың 20 мыңнан астам түрі шығарылады.
Солтүстік-шығыста және басқа аудандарда түсті металлургия зауыттары (мыс, қорғасын, алюминий, магний) бар. Оңтүстікте және оңтүстік-батыста түсті металдар кені өндіріледі, мыс, қорғасын, вольфрам, қалайы және сурьма қорытылады.
Машина жасау және электронды өнеркәсіп. Бұл салалар шаруашылық салаларының ірі масштабы базалық саласына жатады және онда маңызды орын алады. Қазіргі кезде Қытайдың машина жасау және электронды өнеркәсібі шаруашылығының барлық салаларын түгелдей жоғары сапалы кешенді жабдықтармен (домна пештері үшін жабдықтар, үздіксіз құю машиналары, кешенді энергетика жабдықтары, тау-кен және байыту жабдықтары, мұнай барлауға және алуға арналған қондырғылар, радиотарату және теледидар ЭЕМ және оларды программалық қамтамасыз ету және элементтер, электронды өнім өндіру) қамтамасыз етуге шамасы жетеді. Машина жасау және электронды өнеркәсіптің өнімдері экспортқа шығарылатын тауарлардың негізгісіне айналып отыр.
Энергетикалық өнеркәсіп. Қытайдың бұл саласының бастысы - көмір, мұнай және электр энергиясын өндіру. Осы салалар бойынша ҚХР әлемдегі алғашқа орындарды иемденеді. Қазіргі кезде Қытайда Ресей компанияларының қатысуымен елдегі атом энергетикасының бастауы болатын Линьюнган атом электр станциясы салынуда.
Авиациялық және ғарыштық өнеркәсіп. Бұл саланың бастауы ХХ ғасырдың 50-жылдарында салынған болатын. Бүгінде бұл салада жойғыш- ұшақтар, бомбалаушы, барлаушы ұшақтар, жолаушылық және көліктік ұшақтар мен тікұшақтар жасалады. Қытай өндірісінен шыққан азаматтық ұшақтар дүние жүзінің 10-нан аса елдері мен аймақтарына шығарылады.
Тоқыма өнеркәсібі. Мақтадан, жүннен және жасанды талшықтардан мата тоқу және бояу, тоқыма мата, киім-кешек дайындау, т.б. өндіріс салалары кіреді. Қазіргі кезде жібек, тоқыма заттар және дайын киім Қытай экспортының аса маңызды бөлігі болып табылады.
Жеңіл өнеркәсіп. 44 саланы қамтиды және 200 мың түрлі тауар шығарады. Оларға қағаз, тұрмыстық машиналар, ас тұзын, тамақ өнімдерін, тұрмысқа арналған силикаттар, электр жарықтандырушы аппаратуралар, тұрмыстық химия өнімдерін, тері бұйымдарын, көркем бұйымдарды, тұрмыстық электр құралдарын, темекі және т.б. өндіру жатады. Қытай жеңіл өнеркәсібінің көптеген тауарлары: фарфор, сағат, шамадан, былғары бұйымдар, әсіресе аяқкиім, ойыншық, металл бұйымдар, шамдалдар, көзілдірік, т.б. әлемнің 100-ден астам елдері мен аймақтарына экспортқа шығарылады.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы Қытайдың шаруашылық салаларының негізі болып табылады. Реформалардың басталуымен Қытайда ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жабдықталуы айтарлықтай жақсарды. Қазіргі кезде мұнда жоғары өндірісті, жоғары сапалы және тиімділігі жоғары ауыл шаруашылығы көшу іске асырылуды.
Егін шаруашылығы. Қытайда егіншілікке жарамды жердің мөлшері шектеулі екендігіне қарамастан, жеткілікті дәрежеде тиімді пайдаланылады. Астық дақылдарынан Қытайда күріш, бидай жүгері, бұршақ тұқымдастары және тәтті картоп (батат) өсіріледі. Суда өсетін күріш - ең басты астық дақылы, оның астық өндірудегі үлесі 40%-ға тең. Басты күріш өсіруші аудандар: Янцзы алабы, Оңтүстік Қытай, Юньнань-Гуйчжоу үстірті. Бидайдың үлесіне астық-өндірісінің 21,9%-ы тиесілі. Бидай жаппай тараған дақыл, оны өндіретін басты аудандар: Хэнань, Шаньдун, Анохой, Шэньси, Цзянсу, Хубэй, Сычуань провинциялары. Жалпы астық өндірісінің шамамен 24%- ы жүгеріге тиесілі. Оны өндіретін басты аудандар: Солтүстік- Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік-Батыс Қытай. Бұршақ тұқымдастары Қытайдың Солтүстік-Шығыс және Хуанхэ-Хуайхэ жазықтарында өсіріледі. Ал тәтті картоп жаппай өсіріледі. Тәтті картоптың ең басты егістіктері Хуанхэ өзенінің орта және төменгі ағыстарында, Хуанхэ өзенінің төменгі ағысының алабында және Сычуань ойысында орналасқан.
Техникалық дақылдардан: мақта, жержаңғақ, рапс, күнжіт, қант құрағы, шай, темекі, жібек қүрты өсіріледі. Хуанхэ алабы, Янцзы өзенінің орта және төменгі ағыстарындағы аудандар және Манас өзенінің алабы (Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы) басты мақта өсіруші аудандар болып табылады. Жержаңғақты өсіретін аудандар Шаньдун, Гуаньдун, Гуанси және Ляоянде орналасқан. Рапсты, негізінен, Янцзы алабында, оның орта және төменгі ағысында және Сычуань ойысында өсіреді.қант құрағын Оңтүстік Қытайда, ал қант қызылшасын Хэйлунцзян, Цзилинь провинцияларында және Ішкі Монғолияда өсіреді.
Мал шаруашылығы. Қытай аумағында 313,33 млн га далалық жерлер мал бағуға пайдаланылады. Ол жерлер, негізінен, Ішкі Монғолияда, Синьцзян шегіншегі Тәңіртау мен Алтай таулары қоршағанойпатта және Цинхай- Тибет таулы үстіртінде орналасқан. Қытайда 400- ден астам үй жануарларының түрі бар. 1979 жылдан бастап мал шаруашылығы жоғары қарқынмен дамып келеді. Ет, құс, жұмыртқа, сүт, былғары өнімдері және өзге де мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бірнеше есе өсті, олар шетелдерге көптеп экспортқа шығарылады.
Көлік пен байланыс. Қытайда көліктің барлық түрлері тең дәрежеде жақсы дамыған. Олар: темір жол, автомобиль, авиация, су. Әсіресе соңғы кездерде автомобиль және авиация көліктері жылдам қарқынмен дамуда.
1995 жылы темір жолдың ұзындығы- шамамен 68000 км, ал автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы-1,4 млн км болса, оның 2141 км-і жылдам автотрассалар және 14000-дай км-і жоғары категориялы арнайы автомобиль жолдары.
Пекин қаласы ішкі авиабағыттар жүйесінің орталық торабы болып табылады. Пекиннен ұшақтар барлық провинцияларға, автономды аудандарға, орталыққа бағынышты қалаларға, аса маңызды ашық және туристік қалаларға және шеткі аудандарға қатынайды.Халықаралық бағыттар Қытайдағы Токио, Бангкок, Сингапур, Сеул, Карачи, Лондон, Париж, Берлин, Франкфурт, Вена, Брюссель, Милан, Мәскеу, Нью- Йорк, Лос-Анджелес, Жакарта, Алматы, Ташкент және т.б. қалалармен, барлығы 50-ден астам қалалармен байланыстырады. Қытайдың азаматтық әуе компаниялары қазіргі заманға сай қолайлы ұшақтарға ие. Олардың ішінде: Бойнг-67, -757, -747, -737, және МП-82 ұшақтары бар.
Елде оптикалық-талшықты, сандық-микротолқынды, жерсеріктік, мобильдік байланысқа және бағдарламалық басқарудағы коммутаторлық байланысқа негізделген кешенді байланыс түрлері қалыптасты. Бұл байланыс бүкіл елді қамтамасыз етеді және оны бүкіл дүние жүзімен байланыстырады. Қазіргі кезде Қытайдың барлық ірі және орташа қалаларында халықаралық экспресс почта жұмыс істейді. Бірқатар қалаларда тікелей телетайп байланысының, сандық ақпарат беру, жылдам әрекет ететін факс байланысы және халықаралық телебағдарламалар трансляциялау жүйелері қызметі ұйымдастырылған. Пекинде, Шанхайда және басқа да ірі қалаларда Үнді және Тынық мұхит үстіндегі халықаралық байланыс жер серігінің көмегімен дүние жүзінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz