Географияны оқытудағы инновациялық технологияларға сипаттама бере отырып оқушылардың шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, географияны оқытудың нәтижелігін көтеру



КІРІСПЕ
1 Географияны оқытудағы инновациялық технологияларды пайдаланудың теориялық мүмкіндіктері
1.1 Инновациялық білім беру технологияларының негізгі ерекшеліктері
1.2 Инновациялық технологияларды білім беру үрдісінде пайдалану
2 Географияны оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану
2.1 Географияны оқытуда модульдік технологияны қолдану
2.2 Географияны оқытуда компьютерлік технология мен мултимедияны пайдалану мүмкіндіктері
2.3 Географияны оқытудағы проблемалық оқыту технологиясы
2.4 Жобалау технологиясы . дамудың негізі
2.5 Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері мен міндеттері
2.6 Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясын география сабағында қолданудың тиімділігі
3 Инновациялық технологияларды географияны оқытуда қолдану үлгілері
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Мектепте білім берудің инновациялық технологияларын пайдаланудың обьективтік қажеттілігі мен оны іске асырудың педагогикалық шарттарының анықталмауы, білім беруде инновациялық технологиялар негізінде оқу үрдісін жетілдіру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен тәжірибеде жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады. Осы қайшылықтар мен инновациялық технологиялардың артықшылығын анықтау үшін, тақырып географияны оқытудағы инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі деп алынды.
Бүгінгі география пәнінің мектеп оқушылары назарын әдеттен тыс фактілерге, үрдістерге, табиғат феномендеріне аударуға зор мүмкіншіліктері бар. Бұл пән оқушыларының ойлау белсенділігін туғызады, жаңаға деген кұмарлығын арттырады және баланың білімге деген сүйіспеншілігін оятады. Мектеп географиясының мазмұны мен оны басқа пәндермен кіріктіру мектеп оқушыларын оқытудағы негізгі оқу базасы болып табылады.
Зерттеудің өзектілігі сол географияны оқытудағы инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың рөлі мен алатын орнын анықтауға негізделеді. Сондай-ақ, білім беруде, географияны оқытудағы инновациялық технологиялардың толық сипатталуына және түрлерін анықтауға, қарастыруға, таныстыруға, толық мәлімет беруге бағытталады.
1. Әбуов.А.Е. Мектептің оқу үрдісінде инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың педагогикалық шарттары. Астана-2005
2. Шпильман Н.А, Шпильман И.А. Новые технологии в географии. // Қазақстан географиясы және экологиясы. №3, 2007
3. Душина И.В., Таможня Е.А., Пятунин В.Б. Методика и технология обучения географии в школе. М, 2004
4. Ксенозова Г.Ю. Перспективные школьные технологии – М., 2000
5. Инновационные процессы в школе: организация и управление. – Владимир: 1995. – 69 с.
6. Суранчиева З.Т. «Жаңа технологиялардың түрлері және оны қолданудың сатарлары» Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 4(6), 2010
7. Ақбергенова К. «Инновациялық оқыту технологиясын оқу процесінде қолдану ерекшеліктері» Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 4(4), 2009
8. Завязинский В.А. Инновационные процессы в образовании и педагогическая наука. Инновационные процессы в образовании. Тюмень, 1990
9. С. Бахишева. Инновациялық үрдістер және география пәні мұғалімі. // «Білім» № 2 (12) 2003
10. Молдахметова О. География курсындағы инновациялық әдістер. // «География және табиғат» №2, 2005
11. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.-Алматы. 2001
12. Жайымбекова Р.Қ. «География пәні бойынша оқу модульі» Шымкент. 2001
13. Жантемірова Айнұр. Мультимедия технологияларын қолдану туралы. // «География және табиғат» №3, 2008
14. Бент Б. Андерсон, Катя Ван ден Бринк. Мультимедиа в образовании: специализированный учебный курс. – М.: «Обучение-Сервис», 2005.
15. Григорьев С.Г., Гриншкун В. В. Мультимедиа в образовании. – http://www.ido.edu.ru/open1/multimedia. 2006.
16. Таубаева Ш.Т. Лактионова С.Н. Активизация познавательной деятельности учащихсия в условиях применеия компьютерный технологий. Алматы. 1994
17. Нурбекова Ж., Даутова А.З. Технология проектирования мультимедийных обучающих систем. – Павлодар, 2003. – 59 с.
18. Кудрявцев В.Т. Проблемное обучение. М., 1991
19. Чошаков М.А. Гибкая технология проблемно-модульного обучения: методическое пособие. М., 1996
20. Сатыбалдина К., Тарасенко Р. Проблемное обучение как основа формирования творческого мышления студентов. А.-А., 1991
21. Жүнісбаева Марал. Жобалау технологиясы дамудың негізі. // «География және табиғат» №1, 2008
22. Қариев Қ.Ө. Оқу үрдісін жобалауда педагогикалық тенологияны іске асырудың дидактикалық шарттары. Рубин. Астана 2003
23. Есқалиев М.Е. «Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері мен міндеттері» Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 4(5), 2010
24. Околесов О. П. Системный подход к построению электронного курса для дистанционного обучения // Педагогика. -1999. -№ 6. стр. 50-56.
25. Пидкасистый П.И. Тыщенко О.Б. Компьютерные технологии в системе дистанционного обучения // Педагогика. -2000. -№5. стр. 7-12.
26. Арысбаева З. Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері. // Қазақстан мектебі. № 1. 2007 . 69-70 б.
27. «Методика преподавания географии ». А.В.Даринский М.,1996
28. «География және табиғат » журналы №1, 2004 жыл
29. «Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдіру » Қобдиқова Ж.У. А.,2005 жыл

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Мектепте білім берудің инновациялық технологияларын пайдаланудың обьективтік қажеттілігі мен оны іске асырудың педагогикалық шарттарының анықталмауы, білім беруде инновациялық технологиялар негізінде оқу үрдісін жетілдіру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен тәжірибеде жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады. Осы қайшылықтар мен инновациялық технологиялардың артықшылығын анықтау үшін, тақырып географияны оқытудағы инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі деп алынды.

Бүгінгі география пәнінің мектеп оқушылары назарын әдеттен тыс фактілерге, үрдістерге, табиғат феномендеріне аударуға зор мүмкіншіліктері бар. Бұл пән оқушыларының ойлау белсенділігін туғызады, жаңаға деген кұмарлығын арттырады және баланың білімге деген сүйіспеншілігін оятады. Мектеп географиясының мазмұны мен оны басқа пәндермен кіріктіру мектеп оқушыларын оқытудағы негізгі оқу базасы болып табылады.
Зерттеудің өзектілігі сол географияны оқытудағы инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың рөлі мен алатын орнын анықтауға негізделеді. Сондай-ақ, білім беруде, географияны оқытудағы инновациялық технологиялардың толық сипатталуына және түрлерін анықтауға, қарастыруға, таныстыруға, толық мәлімет беруге бағытталады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Географияны оқытудағы инновациялық технологияларға сипаттама бере отырып,технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, географияны оқытудың нәтижелігін көтеру.

Қойылған мақсатқа сәйкес зерттеу барысында төмендегідей міндеттер қойылды:

- Географияны оқытуда инновациялық технологияларды оқу үрдісінде пайдаланудың теориялық моделінің әдістемелік жүйесін және қалыптасу әдісін құрастыру және ғылыми дәлелдеу.

- Географияны оқытудағы жаңа инновациялық технологияның түрлеріне сипаттама беру, оларды оқу үрдісінде пайдалану мен қолданудың маңыздылығы мен тиімділігін көрсету;

- Географияны оқытуда инновациялық технологияларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылық әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формаларын анықтау.

Зерттеу объектісі: инновациялық технологиялар

Зерттеу пәні: инновациялық технологиялардың байланысы мен шарттарының жүзеге асырылуының негізінде шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастыру әдістемесі болып табылады.

Зерттеудің теориялық негізі: Тақырыптың мазмұнын ашу үшін бірнеше авторлық ғылыми жұмыстарға, баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалаларға сүйендік. Атап айтқанда: И.В.Душина, В.Б.Пятунин, Е.А.Таможняя Методика и технология обучения географии, М.М. Жанпейісова Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде, А.Е. Әбуов Мектептің оқу үрдісінде инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың педагогикалық шарттары сияқты әдебиеттерді пайдалана отырып, географияны оқытуда қолданылатын инновациялық технологияларға толық сипаттама берілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу барысында алға қойған мақсат міндеттерге сәйкес бірнеше сұрақтар қарастырылды. Жалпы жұмыс барысы кіріспеден үш тараудан, тоғыз бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



1 Географияны оқытудағы инновациялық технологияларды пайдаланудың теориялық мүмкіндіктері

Инновациялық білім беру технологияларының негізгі ерекшеліктері

Қазіргі кезде әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды да анықтауда. Техника мен ғылым көлемінің ұлғая түсуі мектептегі білім беру мазмұнының қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарауға, әсіресе мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келді.
Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады. Сондықтан біз оқытудың теориясы мен практикасындағы зерттеліп отырған проблеманың жағдайына талдау жасауды инновациялық білім беру технологиялары ұғымына нақты түсінік беруден бастағанды жөн көрдік. Зерттеуде ең алдымен инновация педагогикалық технология ұғымдары жөнінде анықтамалар жүйеге келтіріліп, инновациялық білім беру технологиялары ұғымы мазмұндық жағынан қарастырылады.
Жалпы ғылыми инновация ұғымы жүйе қызметіндегі мақсатты өзгеріс ретінде анықталады. Мұның өзі әр түрлі салаларда сапалы және сандық өзгерістер түрінде болуы мүмкін.

Қарастырылып отырған мәселе мен соған сәйкес оның ұғымдық қамтамасыз етілуі 1980 жылдары педагогиканың зерттеу пәніне айналды. Мәселен: В. П. Кваша инновациялық динамикада бағытты атап көрсетеді.

Білім берудегі инновация және педагогикалық инновация терминдері категория ретінде қолданыла отырып, ғылыми түрде негізделеді де, И. Р. Юсуфбекованың педагогика оқулығының категориялық аппаратына енгізілді. Автор күрделі, әрі көп салалы педагогикалық инновация ұғымының неологиялық, аксиологиялық және праксиологиялық сипаттамаларын бөліп көрсетеді.

Инновациялық прогресс процедуралар мен құралдардың жиынтығын танытады. Олардың көмегі арқылы ғылыми жаңалық, идея-әлеуметтік, оның ішінде білім берудегі жаңа енгізілімге айналуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ осы үрдісті басқару жүйесін қалыптастыратын іс-әрекет инновациялық іс-әрекет болып табылады.[1]

Білімдегі инновациялар арнайы жобаланған, әзірленген немесе педагогикалық бастама ретінде кездейсоқ ашылған жаңалық болып есептеледі. Мұнда инновациялық үрдіс ұғымы жаңалық жасау, қабылдау, бағалау және қолдану деп анықталады.

Көп жылдар бойы білім беру жүйелерінің дамуы сырттай қатысты факторлармен анықталып келді. Мұның өзі осы дамудың қажетті жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылыми әлеуеті көптеген бағыттары бойынша әлемдік деңгейге сәйкес келеді. Сондықтан ол білім берудегі инновациялық саланы дамытуға негіз бола алады.

Білім беру – оқыту нәтижесі. Тура мағынасында, оқып үйретілетін пән туралы түсініктің, ұғымның қалыптасуын білдіреді. Білім беру деп табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім, білік, дағды жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді қолдана білуін айтады.

Технология – деп әдетте алдын- ала берілген қасиеттерге ие материал алу мақсатында бастапқы материалды қайта өңдеу үрдісін айтады. Көптеген ғалым-педагогтар кез-келген әрекет технология бола алады, не болмаса өнер болады деген. Өнер интуицияға негізделсе, ал технология – ғылымға негізделеді.

Білім беру - педагогика ғылымының негізгі ұғымы болып табылатындықтан, инновациялық білім беру технологиялары педагогикалық технологиялар қатарына жатады.

Инновациялық білім беру технологияларын мектеп мұғалімдері нақты қабылданған шешім бойынша ғалымдардың басшылығымен жасалған, ғылыми тұрғыдан негізделген бағдарламалар арқылы оқу үрдісінде пайдалануына болады. Себебі, мектеп ғылымның теориялық жетістіктерін іс-тәжірибиеде таратудың негізгі ордасы болып табылады.[2]

Бүгінде педагогикалық ой-пікірдің даму қарқынына орай адамға қажетті білім деңгейінің де артқаны анық. Сондықтан ең маңыздысы оқушылардың өздігінен дамуын, шығармашылық деңгейінің артуын, тұлғалық сапаларының қалыптасуын қамтамасыз ету керек. Инновациялық білім беру технологияларын сұрыптап, таңдап алу және оның мәнін түсінбеу - оқу процесін жетілдіруге кедергілер жасайды.

Бірқатар авторлардың пікірінше, инновациялық білім беру технологияларын іске асыру бойынша мұғалім іс-әрекетін қарастыруға арналған бастапқы әдіснамалық алғы шарттар мыналар: жүйелілік, тұлғаға бағытталған, әрекеттілік, синергетикалық, контекстік қатынастар.

Мұғалімнің қазіргі білім беру технологияларына деген қатынастарын қалыптастырудың мазмұны мен әдістерін айқындау, олардың құндылықтарын тану, ұсынылған білімді таңдап алу мен қайта жасаудың көрініс табуын анықтау маңызды болып табылады. Мұның өзі субьектінің өмір сүруінің жетекші тәсілдерінің бірі ретіндегі маңызды, белсенді іс-әрекет арқылы ғана мүмкін болады.

Қарастырып отырған мәселе мектепте инновациялық білім беру технологияларын іске асыру бойынша мұғалім іс-әрекетінің мәні мен құрылымына негізделетіндіктен, оған талдау жасау инновациялық іс-әрекеттің құрылымын анықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы Инновация термині ғылымға ХIХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінші жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдісінің сатысы ретінде қаралып,оның негізгі элементтері атап көрсетілді: жаңашыл, жаңашылдық, бағалаушылар. Үрдістің өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілімдерге сәйкес бағалаушылардың іс-әрекетіндегі өзгерістер құрайды.

Инновациялық динамика жаңа білімдердің техника немесе әлеуметтік шындыққа айналуының логикалық реттелген технологиясын танытып, жаңа білімнің тауар немесе қызмет көрсету үлгісіне айналу сатыларын білдіреді.[3]

Педагогикалық инновациялардың феноменологиясы инновациялық ағын ұғымын енгізеді. Бұл ұғымға педагогикалық жаңалықтарға деген дұрыс қатынасын білдіретін мұғалімдердің түрлі сипаттағы қызметтері енеді. Жаңашыл педагог – жаңа педагогикалық жүйенің авторы, яғни өзара байланысты идеялар мен тиісті технологиялардың жиынтығының авторы.

Сонымен қатар зерттеушілердің, мұғалімдердің инновациялық – педагогикалық үрдісіне деген қатынасына әсер ететін басқа да факторларды атап өтуге болады.

Оларға мыналар жатады:

жаңалықтың мақсаты;

жаңалықты енгізу әдістемесі;

жаңалықтың мотивациясы;

мектепте жаңашылдықты бекіту;

қоғам талаптарын қанағаттандыру;

оның жұмыс нәтижесін арттыратынына көз жеткізу.

Новация ұғымы (латынша NOVUS-жаңа) біздің тарапымыздан жаңа енгізілім деп түсіндіріледі. Ғылыми әдебиетте нововедение деген орыс сөзі бір жүйеден екінші жағдайға ауыстыру, ендірілу ортасына жаңа тұрақты элементтер (жаңалықтар) әкелетін мақсатты бағытталған өзгеріс ретінде анықталады. Әрине, бұл жаңа енгізілім жаңаруымен байланысты. Алайда барлық жаңа нәрсе әр кезде дұрыс нәтиже бере бермейді. Оның себептері мынадай:

Біріншіден, жаңа нәрсе барлық кезде өзекті мәселелерді шешу құралы болып табылмайды. Шындығында, мұғалімдер мектеп атқаруы тиіс мәселелерді зерделемей, кейде оны бір жақты қарастырады.

Екіншіден, әрбір жаңа құрал толық бір нақты жағдайларда туындап, белгілі бір педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталады. Алайда көптеген ұстаздар құралдарды таңдау кезінде нақты жағдайға талдау жасауды басшылыққа алмастан, өздеріне ұнайтын нәрселерге ғана назар аударады.

Үшіншіден, ғалымдар жаңа бір нәрсені пайдаланушылардың санының ұлғаюы, оны меңгерудегі жаңа тәжірибиенің пайда болуы жаңалықтың нәтижелі болатын жағдайларын қатайта түсетіндігін бұрыннан байқаған. Сондықтан өзгермелі жағдайда жаңа құралдарды пайдалану дұрыс нәтиже беретіндігіне деген ішкі сенімділігі болған жағдайдың өзінде, ұстаздар, психологтар, әлеуметтанушылар тарапынан бақыланбайтын эксперименттік бақылау жүргізу қажет деп есептеу керек.[4]

Ғылыми әдебиеттерде жаңашылдық немесе жаңа құрал ұғымдары бір-біріне синоним болып табылады да инновация, жаңа енгізілім ұғымдары арқылы бір-бірінен ажыратылады.

Жаңашылдық – нағыз құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология,бағдарлама және т.б.), ал инновация – осы құралды меңгеру үрдісі.Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа кенелуіне кепілдеме беруі тиіс. Жаңа енгізілген, жаңа құрал негізі болып қаланған нәрсе мектептің даму мәселелерін шешуге мүмкіндік берсе, ол сәтті деп саналады. Жаңашылдықты меңгерудегі сәтсіздіктер жаңа енгізілімнің бүкіл жақсы – жаман жақтарын қоса алғанда теріс тәжірибиені көрсетеді.

Инновациялық үрдіс - жаңалықты жасау (тудыру, әзірлеу) меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекет. Білім беру қызметінде орталық орынды иеленетін оқу-тәрбиелік үрдісін инновациялық тұрғыда қарастыруға болады. Өйткені оның мақсаты – жастарға тұлғаның жаңа қасиеттерін қалыптастыруда жаңа білімдер беру.

Тұлғаны қалыптастыру мен байланысты жағдайларды зерттеуге деген қызығушылық мәселесі соңғы уақыттарда әлеуметтанушылардың да назарында тұр. Соңғы жылдары жинақталған педагогикалық білім, оның құрамындағы іргелі сипаттағы білім мен оны педагогикалық практикаға енгізу және пайдаланудың қиындығы арасындағы қайшылық ерекше күшейе түсуде. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибиелік және практикалық білімді жасау үрдісі мен педагогикалық тәжірибиені зерттеу нәтижелерін меңгеру үрдісі арасында маңызды алшақтық пайда болды.

Педагогикалық инновациялық осындай байланысты іске асырып, педагогикада жаңалықтарды жасау, оларды меңгеру мен практика жүзінде қолдану үрдістерін біріктіретін инновациялық үрдістерге тән қызмет мөлшерлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аталған қайшылық инновациялық білімнің ерекше саласы ретінде педагогикалық инновцияны әзірлеу мәселесін айқындауға мәжбүр етті. Мұнда жаңаны құру мен оны практикада қолдану үрдістерін үйлесімді біріктіру жолдары көрсетілді.

Бұл талдау педагогикада инновациялық үрдістер теориясын, инновациялық үрдістерді бейнелейтін жетекші категориялар мен қағидаларды және қоғамдағы инновациялық үрдістердің жалпы теориясының ерекше бөлімі ретіндегі педагогикалық - инновацияның құрамдас негіздерін терең түрде әзірлеу қажеттілігін көрсетіп берді.

Жалпы айтқанда, инновация ғылымының негізінде мына мәселелер айқындалады;

Педагогикалық инновация ғылымы – білімнің ерекше саласы.

Педагогикадағы инновациялық үрдістер - әдіснамалық зерттеулер пәні.

Қазіргі педагогикадағы инновациялық үрдістерді әзірлеудің жетекші бағыттары.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерді дамыту тенденциясы.

Педагогикалық инновацияның құрамы, құрылымы мен функциялары.

Педагогикада инновациялық үрдістерді іске асыруға қажетті шарттар.

Педагогикада инновациялық үрдістерді ұйымдастыру мен іске асыру бойынша қызмет мөлшерлері.

Біздің тәжірибеміз көрсеткеніндей, инновациялық прогресс процедуралар мен құралдардың жиынтығын танытады. Олардың көмегі арқылы ғылыми жаңалық, идея, әлеуметттік, оның ішінде білім берудегі жаңа енгізілімге айналады. Сөйтіп, идеялардың жаңа енгізілімге айналуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ осы үрдісті басқару жүйесін қалыптастыратын іс-әрекет- инновациялық іс-әрекет болып табылады.

Инновацялық іс-әрекет дәстүрлі іс-әрекеттен түбірлі түрде ерекшеленіп тұратын индивид. Индивид - іс-әрекеттің негізгі түрлерінің бірі. Ол барлық уақытта қарама-қайшылықтар болған жағдайда іске асырылады. Іс-әрекеттердің дәстүрлі модельдері тиімсіз болса, әрі қарай оның жетілдірілуі қажетті нәтиже бере қоймайды.

Инновациялар былай бөлінеді:

білім беру мазмұнындағы инновациялар;
оқыту технологиясындағы инновациялар;
білім беру жүйесінің тәрбиелеу функциясы саласындағы инновациялар;
педагогикалық құралдар жүйесіндегі инновациялар.
Инновациялар мен бастамшыл (орталықтандырылмаған) жаңа енгізілімдердің қалыптасуы тұрғысынан білім беру жүйесіне жасалған талдап көрсеткеніндей, олардың пайда болуы әлеуметтік – мәдени салт – дәстүрлердің неғұрлым жалпы заңдарына бағынады. Жаңа салт – дәстүрлік ауысым алдыңғы салт – дәстүрлердің пайда болуына арналған барлық алғы шарттардың қалыптасу жағдайында ғана мүмкін болмақ.

Осыған орай инновациялық білім беру қызметін жобалаудың негізгі әдіснамалық қағидасын құруға болады. Оның мәні мынада: ең алдымен білімді басқару жүйесіндегі инновациялық сала элементтерінің пайда болу жағдайы, мүмкіндіктері және жүйелік қайшылықтары зерттеледі. Келесі кезекте инновациялық қатынас элементтерін талдау кезінде айқындалған тәжірибені пайдалану кезінде инновациялық білім беру жүйелерінің дамыту жолдары негізделеді. [5]

1.2 Инновациялық технологияларды білім беру үрдісінде пайдалану

Өркениетті мемлекеттерде ұлттық білім жүйесін дүниежүзілік тенденциялармен байланысты жетілдіру процесі жүріп жатыр. Сапаны көтеруге, өз бетінше шығармашылық құзіреттілікті дамытудың іргелі білім жүйесінің тұтастығын жасауға негіз болатын тенденциялар қатарына мыналарды жатқызуға болады: үздіксіз білім беруге көшу, компетенцияға негізделген білім, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, білім берудің ашықтығы, актуальдандырылуы, іргелі білім беру, білімді ізгілендіру, білім берудегі инновациялық әдістер.

Педагогикада білім беру мазмұны өте күрделі көп қырлы түсінікті білдіреді. Білім беру мазмұны дегеніміз – жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет, тәсілдерді меңгеруі мен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру.

Жалпы білім мазмұны, бір жағынан, оқу танымдық іс-әрекет, екінші жағынан, іс-әрекетті игерудің құралы болып табылады.

Қазіргі кезде мектептерде оқыту процесін ұйымдастырудың жаңа модельдерін жасау, оқыту технологияларының жекелеген элементтерін сабақта қолдану бағытында тың қадамдар жасалынуда. Мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндет – ол оқушыға тиянақты білім беру, білікті ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін мұғалімдер, әрине оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибиелерінде қолдануы керек. Жеке тұлғаны талантты, жаңалыққа жаны құмар етіп шығару үшін мұғалім оқытудың жаңаша әдістерін қолдану арқылы оқушының сабаққа деген белсенділігін, шығармашылық ізденісін, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады.

Инновация ағылшын тілінен аударғанда жаңалықты енгізу, жаңашылдық деген ұғымды білдіреді. Инновациялық процестің толық түсінігін ХХ ғасырдың басында экономист И.Шумпетер экономикалық жүйенің дамуындағы өзгерудің жаңа комбинациясын талдады. Отызыншы жылдары И.Шумпетер, Г.Менш инновация терминін ғылымға енгізді. Себебі жаңа технологияның және заттың ғылыми тұтас жаңалығын ашты.Осы кезден бастап инновация, инновациялық процес, инновациялық потенциал терминдері жалпы ғылымдардың терминологиялық жүйесін байытты.

Инновацияның жалпы ғылыми түсінігі жүйе қызметінің тұтастай өзгеруін анықтайды. Ол –жүйе элементтерінің және әр түрлі сфералардың сапалық пен сандық өзгеруі.

Іс - әрекеттер түріне бейімделген құзіреттіліктер – арнайы оқу іс-әрекетінде ойландыру нәтижесінде пайда болған, өз бетімен ұйымдастырылған білім мен іскерлік мұнда оқушы уақытқа байланысты өзінің даралық білім берушілік іс-әрекетін ретке келтіруіне мүмкіндік алады. Мұғалім оқушылардың ынтасын, бейімділігі, қызығушылығы мен құзіреттілігін анықтап, іс-әрекеттер барысында қандай өзгерістердің болғанын байқау керек, яғни әртүрлі ситуацияға бейімделуіне ықпал етуші ретінде мүмкіндік туғызатын құзіреттіліктер жиынтығын дамыту және қалыптастыру, оқушылардың бірге атқаратын жұмыстарын ынталандыру қажет.

Жаңа технология бойынша оқыту құралдары да оқушылардың өздігінен танымдық іс-ірекетін жүргізе алатындай болуы қажет. Оқулықтағы теориялық және практикалық материалдардың берілу жолдары осы мақсатты қанағаттандыра алатындай,оқушылардың өз бетімен білім алуына бейімделіп жасалуы осы мүмкіндіктерді жүзеге асырады.[6]

Оқытудың басты мақсаты өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, тақырып бойынша материалдардың берілуі осы мақсаттың орындалуына сай келетіндей болуы керек. Ұстаздың міндеті – баланың бойындағы алға жылжуға деген тілегін ескере отырып, шығармашылығын жетілдіру.

Қазіргі уақыт талабына сәйкес мұғалім – педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылып отыратын, рухани дамыған, әлеуметтік жағынан жетілген шығармашыл тұлға. Оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, жүзеге асыруда қолданылатын инновациялар мен жаңа технологиялардың пәрменін осы міндеттерді ойдағыдай орындау барысында пайдалану қажет деп есептеймін.

ХХI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағыты мен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа сапалы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.

ХХI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау бағытында Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлемге танылуы тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін шәкірттер мен мамандарды қәзіргі қоғам үрдістеріне сай инновациялық технологиялар мен білім беру негізінде меңгерту қажет.

Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде теориялық және практикалық жұмыстарда әр түрлі педагогикалық инновация технологияларының нұсқалары қолданылуда. Әр түрлі жіктеулер қолға алынып жатыр, осы жіктеулер қазіргі кезде көптеп қолданылуда. Себебі, білім берудің негізгі жолы - оқыту. Оқыту- ұстаз бен оқушы белгілі бір мақсатты жүзеге асыратын бір тұтас процесс. Ал белгілі бір мақсатты толық жүзеге асыру - оқытуды тиімді ұйымдастырумен сипатталады.

Оқытудың білім беру, тәрбиелік, дамыту функцияларын кеңінен қолдану қажет. Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективті әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеу - жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты мақсаты болып табылады. Жаңа технология оқытуды, ізгілендіруді,яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі.[7]

Гуманитарлық пәндер жүйесінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттарына: инновациялық ізденіс қажеттіліктері; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдердің нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады.

Жаңаша оқытудың негізгі түрлері оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылған басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір - қасиетін дамыту. Ол үшін инновациялық оқытудың педагогикалық шарттарын игерген жағдайда ғана оқу тиімді болмақ.

Әлемнің білім беру бағытынан орын алу үшін:

Біріншіден, білім беру, оқыту, тәрбиелеу бағыттарын инновациялық технологиялар мен жетілдіру;

Екіншіден, пәндердің материалдық базасының байлығы мен үйлесімділігі;

Үшіншіден, оқушылардың өзіндік жұмыстарының орындалу барысын қадағалау және бағалау;

Төртіншіден, білімді, білікті, тәжірбиелі мамандардың шеберлігіне үлкен көңіл бөліп және басқа оқу орындарымен тәжірибие алмасу қажет;

Бесіншіден, ақпараттық технология бойынша теледидар бағдарламаларында мектеп бағдарламаларын арнайы жүргізу;

Алтыншыдан, жастардың мамандығына деген жоғары жауапкершілік пен сүйіспеншілікті қалыптастыру жолдарын нақтылау;

Жетіншіден, елімізге, болашаққа құлаш сермейтін білім берудің жаңа мемлекеттік бағдарламасын баланың жас ерекшеліктеріне және қызығушылықтары мен талғамдарын ескере отырып жасау керек.

Өзіміздің ғалымдарымыздың Республика көлеміндегі мектептердің тәжірибиесіне жасаған талдау инновациялық білім беру технологияларын мектепте пайдаланудың қазіргі жағдайын анықтауға негіз болады.

Инновациялық білім беру технологияларының көп түрлілігі мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуының өлшемдерін айқындауды талап етеді.[8]

Қазіргі заманға сай географияны оқытудың ғылыми-дүниетанымдық міндеттері.

- Географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерін зерделеу.

- Табиғат пен қоғам арасындағы байланысты түсіну.

- Ғаламдық, аймақтық және жергілікті құбылыстардың мәнін түсіну.

- Қазіргі дүниедегі саяси-экономикалық,әлеуметтік қарым-қатынастады түсіну және болжау.

Қолданбалы міндеттері;

Әр түрлі географиялық білім көздерінен мағлұмат бере алу.

Географиялық картамен жан-жақты жұмыс істей білуге үйрету.

Ақпараттық технологиялармен жұмыс істей білу, географиялық модельдеу және болжаудың бастапқы дағдыларын үйрету.

Табиғи техногендік және әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды географиялық әдістерді пайдаланып зерттеу жұмысын жүргізуді үйрету.

Географиялық білімді күнделікті өмірде пайдалана білу.

Қоғамда болып жатқан өзгерістер мұғалімдердің жұмысына биік талаптар қояды. Мұғалім оқушыларға білім беріп қана қоймай,оқушыны ізденіске, шығармашылық зерттеуге тартып, жеке тұлғаны қоғам талап етіп отырған деңгейде оқытуға, тәрбиелеуге тиіс.

Географиядан білім берудің мақсаты-географиялық орта-адамның мекендейтін орны деп білетін көзқарастар мен ұстанымдар жүйесін қалыптастыру. Біз оқушыларға география ғылымы, жер ғаламшары, оның табиғаты және халқы, географиялық карта туралы бастапқы түсініктерді және алғашқы географиялық білім мен біліктерді, үйретіп отыруымыз керек.

Оқушыларды ынталандыру, географиялық білімдердің құндылығын түсіндіру, оларды меңгеруі үшін қосымша материалдардың маңызы зор. Оқушылардың ынталарын қалыптастыратын қосымша материалдарға мыналарды жатқызуға болады.

Географиялық білімнің адам өміріндегі рөлі.
Табиғат компоненттері мен табиғат кешендерінің адам тіршілігі мен шаруашылығындағы маңызы,табиғатты қорғау және оны ұтымды пайдалану жолдары. Қосымша материалдарды пайдалану арқылы оқушылар жергілікті жер материалдарын пайдалануды керек етеді. Географиялық білімді күнделікті тиімді пайдалана білу, өз жеріндегі табиғатты,шаруашылық және экологиялық жағдайды бағалауға септігін тигізеді.
Туған өлкеге дүние жүзінің географиялық бөлігі ретінде қарау. Өз өлкесінің табыстарын мақтаныш ету және оның проблемаларын шешуге өздерінің үлестерін қосу.
Ақпараттардың алуан түрлі көздерін карталармен,географиялық суреттемелермен, сипаттамалармен баға бере білу іскерлігін шыңдау.
Географиялық білімнің маңызды көзі-географиялық картаны оқып үйрену, географиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту, қалыптастыру. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, оқушы білімін күнделікті өмірге, тіршілікке қолдана білуді, географиялық,саяси-экономикалық ақпарат көздерін, карталарды, еңбек пен тұрмысқа қажетті міндеттерді шешу үшін есептеуіш техниканы пайдалана білуді, тұрған жеріндегі табиғи шаруашылық жағдайды бағалай білуді меңгеру. Оқушылардың байқағыштығын, есте сақтау, қиялдау, азаматтық бейнесін жасау, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шынайы көзбен қарау, өзін және білімін жетілдіріп отыру, қабілеттерін дамыту. Сонымен бірге қазіргі басылымдарда шығып жатқан жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін,газет-журналдарды пайдаланудың маңызы өте зор. [9]

Әр сабақта жергілікті жердің компоненттері жайлы мағлұмат алу, елі мен жерін танудың, оны қорғаудың, болашақ ұрпаққа сақтаудың басы екендігі айтылады.

Мұғалім туған өлкені танудағы ғылымға жол ашушы, соған бағыттап бейімдеуші.

Оқушы ізденуші,кейінгі іні-қарындастарына географияның жаңа қырын ашушы.

Сабақтың әдіс-тәсілі қызығушылықты ояту,көзбен көріп сезіндіру, жаңалыққа ұмтылдыра отырып пікірлесу.

Сабақтың өту аудиториясы - мүмкіндігінше табиғат аясы, яғни оқушы тірі табиғатпен, ондағы компоненттермен тілдесу, бірлесу арқылы тану.

Сабақтың көрнекілігі - оқушы дайындаған теория және әрекет, яғни мұғалімнің көрсеткені емес, оқушының ұсынғаны болуы керек.

Сабақтың тұрпаты - табиғат пен оқушы байланыстарынан туған ерікті сабақ.

Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатындықтан, бұл жерде де, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты компоненті-оқыту мақсаты болып табылады. Ол мақсат өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өздік танымдылық іс-әрекеті белсендірілуі қажет. Бұл мақсат оқытудың әдістемелік жүйеінің қалған бөліктерінің өзара байланыстағы қалыптарының өзгерулерін талап етеді.[10]

2 Географияны оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану

Географияны оқытуда модульдік технологияны қолдану

Оқу процессіне берік енген жаңа технологиялардың бірі модульді білім беру. Оның негізгі идеясы: оқушы өзі оқу керек, ал мұғалім оның оқу қызметін бақылауы тиіс. Бұл технология түсінігінің негізі – модуль. Оқудың мазмұны мен түсіну технологиясы біріктірілген арнайы арнайы функциональді түйінді модуль деп атайды. Модульді білім берудің негізі - ол оқушы өзі немесе мұғалімнің көмегімен модульмен жұмыс жасау кезінде оқу-танымдық қызметінің нақты мақсатына жету. Модульді мазмұны бойынша жеке тұлғаға арналған, оқыту әдісімен ерекшеленген, тәуелсіздік дәрежесін көтеруге, оқу-танымдық қызметінің ағынын арттыруға арналған оқу бағдарламасы ретінде қарастыруға болады.

Модульді бағдарламаның құрылымы. Әр модульді бағдарламаның негізінде мақсаттардың жиынтығы жатады. Модульді бағдарламаны құру тақырыпты оқу мақсаты мен жеке сабақтарды тұжырымдалған ғылыми идеяларды ажыратудан басталады. Тек содан кейін ғана осы идеялардың жан-жағында оқу мазмұны нақты блоктарға бөлінеді. Модульді бағдарламаның мақсаттар жиынтығын ағаш ретінде ұсынуға болады. Ағаштың діңгегін комплексті дидактикалық мақсатты (КДМ) талап ететін жеке тақырып деп аламыз. Діңгектің бұтақтары жеке сабаққа сай біріктірілген дидактикалық мақсат (БДМ) дейміз. Модульді сабақтар оқу элементіне (ОЭ) немесе оқу сатысына бөлінді. Модульді технологияның ерекше айырмашылығы, әр (ОЭ) оқу элементіне жеке дидактикалық мақсатты (ЖДМ) талап етеді.

Сөйтіп, модульді бағдарлама, әр түрлі тәртіптен тұратын көп қабат жүйе.

Модульдік блок жүйесі (Сурет №1)

Кіріспе сабақ



М6

М1

М5

М2

М3

М4

соңғы бақылауы

Модульді блок-цикл. Заманға сай оқу жоспарының негізі - сабақ. Модуль уақытқа сай сабақта қолданылуы керек, егер бір модульді бірнеше сабаққа бөлсек түсіну тиімділігі азаяды. Модульді бағдарламаның жүйелі жұмысы курсты тақырыпқа, сабаққа, сағат санына бөліп қойылған.

Жеке тақырып ішінде модульді сабақтар автономды және өзара алмаса алады, яғни циклді құрайды.

Оқушы игеруді кез-келген модульдан (сабақтан) бастай алады. Мысалы: 3-тен бастайды, кейін 6-шыны, одан соң 5-шіні игереді. Осылай цикл бойынша жалғаса береді. Сонымен, осыдан кейін кіші топтарда (3-6 адам) жұмыс жүргізсе, модульді шығару және дайындауға мұғалімнің аз ғана уақыты кетеді.

Кесте №1

Оқу ақпаратын тасымалдаушының негізінде оқу элементін түрлендіру

Оқу элементі(ОЭ)

Оқу ақпаратын тасымалдаушы

Оқушыға қолданылу нұсқаулығы

Тақырыптық

Оқулық, қосымша әдебиет, мерзімді баспасөз материалдары

Оқы, негізгілерін белгіле, конспектіле ЛТК (логикалық тірек конспектілері), кесте, жоспар құр және т.б

Картографиялық

Атлас, қабырға карталары, картосызбалар

Анықта, өлше, салыстыр, мінездеме жаз

Таблицалық

Таблицалар, графикалар, блок-диаграммалар

Анықта, салыстыр, өзгеру динамикасын сипатта т.б

Иллюстративті

Фото- суреттер, репродукциялар

Ненің суреттелгенін анықта, әңгіме құрастыр, сипатта т.б

Ауызша

Оқытушы, баяндаушы, дәріскер

Тыңда және есептерді шеш, сұрақтарға жауап бер, сұрақ құрастыр, жоспар жаса, ЛТК т.б.

Компьютерлі

Деректер, оқытудың мультимедиялық құралдары

Файлдарды оқы, картамен таныс, тестті, практикалық жұмысты орында т.б

Дыбысты-бейнелі

Видео, кино, слайдтар, жазбалар, дискілер

Сұрақтарға жауап бер, өз түсінігіңді жаз т.б

Заттық

Географиялық объектілер, аймақтағы құбылыстар

Анықтап үйрен, суретте, схема жаз, таныс, өлше т.б

Аралас

Бірнеше ақпарат тасымалдаушылар

әр-түрлілік

Сөйтіп, модульді технологияның ерекше қасиеттерін атап өтсек:

иілгіштік (оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктеріне бейімделу);
динамикалық (қызметтің түрі мен әдістерін оқыту);
жинақылық (модульдердің жеке тақырып ішінде өзара алмасушылығы);
оқу процессінің түрлі сатысында модульді сабақты жүргізу мүмкіндігі;
мұғалім мен оқушының байланыс түрінің өзгеруі.
Әр модульді сабақ оқу элементінен тұрады. Модульді бағдарламаларды қолданудың жетістігі − бірінші тәртіптегі модульден − оқу элементтерінің сапалы мазмұнына байланысты. Оқу элементтері деп оқушы тікелей жұмыс жасайтын оқушылардың алгоритмінің дәйекті айналымын атаймыз.

Модульдерде түрлі оқу ақпаратын тасымалдаушылар қолданылады. Тасымалдаушылардың түріне байланысты оқу элементтері түрлері анықталады, сонымен қатар, оқу элементтері оқу тәсілерімен тікелей байланысты.

Модульді технологияның қарсыластары оны көбіне біркелкі және іш пыстырады, пәнге деген қызығушылықты төмендетеді дейді. Осыған қарамастан модульді технологияға оқу элементтерінің кең жиынтығы бар. Кеңінен тараған түрі - академиялық оқу элементі, ол: оқушылардың алдына танымдық мақсат қояды, ал нұсқаулықта оқушыларға мәселелерді шешу беріледі, әрине оқытудың дәстүрлі әдістерін қолдана отырып.

Академиялық ОЭ модульі сабағында оқу элементтерінің ойындары үйлеседі. Біріншілері - жаңа материалды үйрену үшін, екіншілері - бекіту және практикада қолдану үшін қажет. Модульді технологияның икемділігі жоғары, себебі ол басқа технологиялардың зеттеулерін қолданады. Мысалы: ұжымдық өзіндік жұмыс (ҰӨЖ).

Модульдің нұсқамалары мыналарды болжайды:

оқушының жеке тұлғалық өзіндік жұмысын;
жұпты серіктестік жұмысын;
топтағы жұмысты.
Осы үш формалар маңызды рөл атқарады, сонымен қатар географияны оқытудағы модульді технологияға бағдарламаның даралығы жатады.

Модульмен жұмыстағы оқушылардың міндеттері:

Оқушының өз нұсқаулығы болу керек:

модульді (сабақты) және әр оқу элементін меңгеру мақсатты орындауға арналған түрлі дәрежедегі тапсырмалар;
жұмысқа арналған материалдар (қосымшалар, негізгі сілтемелер);
жұмыстың түріне нұсқама (оқу материалын қалай түсіну: жаттау, конспект, құрау, тапсырмаларды орындау)
оқу материалының меңгерілгенін анықтау (ауызша не жазбаша бақылау, өзін- өзі бақылау, оқушылардың өзара бірін- бірі тексеруі және т.б);
Сабақтың көрсетілген конспектісіне қарап модульді бағдарламамен оқушылардың танысуы сабақтың жүйесі мен мақсатын тануға арналады. Оқу элементтері өзіне мақсаттарды қосады, оларды ЖДМ (жеке дидактикалық мақсатты) - сабақтың соңына дейін меңгеру керек. Оқушылардың көңілін жұмыстың қиын деңгейіне аудару керек. Содан кейін, оқушылар өзіндік жұмысқа көшеді, барлық оқу элементтерін біртіндеп өтеді. Оқу элементінің 1-4 - деңгейі жаңа оқу материалын оқу мен бекітуге арналған. Оқу элементтері 5- қорытынды шығару (ЖҚБ) жеке қорытынды бақылау жүргізу, оны әр түрлі формада өткізуге болады (ауызша, жазбаша, фронтальді, жеке) және жеке үй жұмысын тексеру.

Басқа технологияларға қарағанда модульді технологияның салыстырмалы айырмашылықтары:

дифференциалды бағдарламамен жеке жұмыс істеу мүмкіндігі;
оқу материалына қажет болғанда қайта оралу мүмкіндігі;
ауруға байланысты сабақтан қалған кездерде үйде жұмыс жасау мүмкіндігі;
сабақта қолайлы жағдай жасау (жеке ағын, жұмсақ бақылау)
оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту (тәуелсіздік, мақсат қоя білу, жоспарлау, өз қызметін ұйымдастыру және бағалау);
кеңес алу және мұғалімнен мөлшерленген дербес көмек көру.
Мұғалімнің міндеті:

модуль нұсқауларын жасау;
модуль арқылы оқушылардың оқу- танымдық қызметін бақылау, сабақ ағынын қолдау, жеке көмек көрсету;
модульмен жұмыс кезінде, оны анықтау;
білім алуды, әдеттерді түзету мен бақылау;
Модульді технология сабақтың нақты жүйесін анықтауға, мұғалімге сыныпты көруге, әр оқушымен жеке жұмыс жүргізуге, қалып қойғандарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.[11]

Нәтиже - оқушылардың жаттығу сапасын көтеру. Бірақ икемділігіне, жинақылығына, қолдану оңайлығына қарамастан модульді технологияның да өз мәселелері мен кемшіліктері бар. Оларға оқу процесін қайта құру қажеттілігі; мектеп географиясының модульді бағдарламасын бүкіл курс бойынша құру қажеттігі; заманға сай кітаптардың модульді оқытуға сай келмеуі, методикалық қосымшалар мен оқу құралдарын қайта жасау мүмкіндігі; нұсқаулықтарды даярлау үшін мұғалімнің үлкен жұмыс атқару қажеттілігі; өзін-өзі бақылау және өзара бақылаудың нәтежиелері әрдайым нақты болмайды.

7 сыныптың Құрлықтар мен материктер географиясы пәні бойынша модульдік бағдарламаның бөлігінің үлгісін қарастырайық. Дүниежүзілік мұхит суы. Беткі ағыстар тақырыбы бойынша алты модуль кіреді:

М1-Жер өміріндегі мұхиттың ролі

М2- Дүниежүзілік мұхит суы

М3- Беткі ағыстар

М4- Өмір ортасы ретіндегі мұхит

М5- Мұхиттың атмосфера және құрлықпен әрекеттесуі

М6 – Соңғы бақылау

Әр оқу элементінде оқу материалына сай тапсырмалар беріледі, ол тапсырмаларды жеткші құралдардың көмегімен орындайды.

Кесте №2

Дүниежүзілік мұхит суы модулінің нұсқаулары

Оқу элементі (ОЭ)

Оқу материалы

Оқу материалын игеруге арналған жетекші құралдар

ОЭ1

Интеграциялық мақсаты

Оқу элементімен жұмыс жасап болған соң оқушы білуі керек:

Дүниежүзілік мұхит суларының пайда болу гипотезаларын, судың қаситтерін, Дүниежүзілік мұхиттағы мұздықтардың түрлері, су массалары ұғымын, беткі ағыстардың таралуын.

Істей алуы керек: мұхит суының тұздылығы мен температурасының таралуының заңдылықтарын түсіндіру, Дүниежүзілік мұхит суының орташа жылдық температурасы мен тұздылық картасын пайдалану, атлас карталарымен және кескін картасымен жұмыс жасай алуы, бақылау және өзара бақылау жүргізу, өзінің жасаған жүмыстарының қорытындысын берілген мақсаттар бойынша салыстыру.

Модульді игеру үшін Ә.Бейсенова, С. Әбілмәжінова, К.Каймулдинованың География материктер мен мұхиттар оқулығы, 7 сыныпқа арналған географиялық атлас

ОЭ2

Мақсаты

Дүниежүзілік мұхит суларының пайда болу гипотезаларымен танысу.

Тапсырма

40 беттегі мәтінді оқыңыз.

Сұраққа жауап беріңіз:

Жер бетіне су қайдан келеді?

Бақылау. Сыныптасы жүргізеді

Оқулық мәтінімен жұмыс

ОЭ3

Мақсаты

Дүниежүзілік мұхит суының қасиеттерін анықтау

Тапсырма

40-42 беттегі мәтінді оқыңыз.

Тұздылық не екенін анықтаңыз. Ол үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

Тұздылық дегеніміз не?

Мұхит суларының тұздылығы қандай факторларға байланысты?

Мұхит суларының беткі суларында тұздылық деңгейі қалай өзгереді?

Дүниежүзілік мұхиттың тұздылықтың жоғарғы, тұздылықтың төмен сулары бар бөліктерін атаңыз.

Дүниежүзілік мұхит суларының бетіндегі тұздылық картасын талдау негізінде судың осы қасиетінің өзгеруінің заңдылығын анықтаңыз. Кескін картада жоғары тұздылық және төмен тұздылықты екі акваториядан белгілеңіз.

Дүниежүзілік мұхит суларының температурасының ерекшеліктерін анықтаңыз. Ол үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіздер:

Мұхит бетіндегі сулардың температураларының өзгеруінің себептері қандай?

Қай мұхит ең жылы; ең суық? Неліктен? Кескін картада бұл мұхиттардың беткі суларының орташа температураларының көрсеткіштерін жазыңыз,

Мұхит суларының температурасы тереңдікпен қалай өзгереді?

Дүниежүзілік мұхиттың беткі суларының температурасы мен тұздылық арасында байланыс бар ма?

Бақылау. Бақылау парағын толтыру және өз-өзіне баға қою.

Атласпен, кескін картамен, оқулықпен жұмыс. Барлық қорытындылар дәптерге жазылады.

ОЭ4

Мақсаты

Дүниежүзілік мұхитта мұздардың пайда болу ерекшелігін, таралуын және ролін анықтау.

Тапсырма

42 беттегі мәтінді оқыңыз.

Мұхиттағы мұзтаулар туралы бейне фильмді тамашалаңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

Мұхиттағы мұхдардың түрлерін атаңыз.

Мұзтау дегеніміз не?

Бақылау

Бақылау парағын толтыру және өзіне баға қою.

Атласпен, кескін картамен, оқулықпен жұмыс. Бейнефильм тамашалау.

ОЭ5

Мақсаты

Су массасы ұғымын игеру, беткі ағыстардың таралуының ерекшеліктерін анықтау.

Тапсырма

43-45 беттегі мәтінді оқыңыз.

Су массасы ұғымының анықтамасын дәптерге жазып алыңыз.

Оқулықтағы 28-суретті пайдаланып, кескін картаға негізгі беткі ағыстардың бағыттарын белгілеңіз.

Оқулық мәтініне сүйене отырып беткі ағыстардың пайда болу жолдарын түсіндіріңіздер.

Қосымша тапсырма

46 беттегі 2 сұраққа жауап беріңіз.

Бақылау .Сыныптасы жүргізеді

Оқулықпен, дәптермен, кескін картамен жұмыс.

ОЭ6

Соңғы бақылау

Өз бетімен сабақ басында қойылған мақсаттарға жеткендігіңе қорытынды жаса.

Тақырыптың соңында берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Алынған ұпайларыңызды жиынтық ақпарат тізіміне енгізіңіз, оларды есептеңіз. Егер сіз 20 ұпай жинасаңыз, қорытынды баға 5. 16-18 ұпай - баға 4, 16 ұпайдан аз болса - сіз барлық ОЭ игеріп үлгермедіңіз, жұмысты үйде жалғастырыңыз.

Кесте №2 (жалғасы)

Көрсетілген нұсқауда жұмыс оқушыларды сабақтың мақсаты мен құрылымын таныстырудан басталады. ОЭ1-ге сабақ соңында оқушы игеру тиіс мақсаттар кіреді. Оқушылардың назарын жұмыстың күрделі кезеңдеріне аударту жөн. Сөйтіп оқушылар барлық ОЭ бірізді орындап, өздігімен жұмысқа кіріседі, ОЭ2-ОЭ5 – бұл жаңа материалды оқу және бекіту кезеңдері, бұнда оны игеруге арналған мазмұны мен әдістемелік нұсқаулары кіреді. Ұсынылған модульде әр оқу элементі бағаланады.[12]

2.2 Географияны оқытуда компьютерлік технология мен мултимедияны пайдалану мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында еліміздің білім жүйесі әлемдік деңгеймен үндеспей отырғандығына көңіл бөлініп, білім жүйеснің алдына биік міндеттер жүктейді. Оқушыға білім, білік дағдыларын беріп қана қоймай, ол тез өзгеріп тұратын нарық жағдайына бейімделе алатын, түрлі ақпараттарды өзі іздеп тауып, оны тиімді пайдалана алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның маңызды талабы.

Қазіргі заман жаңа компьютерлік технологиялары гипертекстілік ортаға тәжірибе жүзінде кез – келген ақпараттарды (текст, бейне, екі-үшөлшемді графика, дыбыс, видео, анимация және т.б.) енгізуге мүмкіндіктер береді, сонымен қатар бұл ақпараттар көрсетілімі мен ұйымдастырылуына байланысты жүйені одан да жоғары деңгейге жеткізіп – гипермедиа немесе мультимедиа деп қарастыруға болады.

Бұл берілген сөздерге әртүрлі ақпарат көздерінде көптеген түсініктеме басқа да сөздер кездесіп жатады – біз бұл атаулардың барлығын синоним сөздер деп есептеп өзіміз мультимедиа сөзін қолданамыз.

Мультимедиа түсінігі кең спектрдегі мәндерді қамтиды: бұл құрастыру технологиясы ретінде, өнімнің өзі ретінде, аппараттық қамтама ретінде, және нәтижесінде, жаңа ақпарат түрі ретінде де қолданылады. Мультимедия түсінігінің пайда болуымен қарапайым әдістемелік көрсетілімдердің көрнекілігі және материал иллюстрациясының безендірілуі баюда.

Мультимедиа әртүрлі программалық және техникалық құралдар негізінде құрылады, білім алушыға тиімді әсер етеді, ақпаратты өңдеу, елестету, сақтау және құрудың компьютерлік құралдар ретінде көрсетіледі, білім алушы бір мезетте оқырман, тыңдаушы, көрермен және қатысушы бола алады.

Қазіргі заманғы жаңа аудиовизуальды (ыңғайлы навигация, иілгіш үлестік берілу, интерактивтілік) ақпараттарды өңдеудің әдістерін қолдану, әртүрлі рецепторлық айқын әрекеттердің бір мезетте қолданылуы білім алушының оқыту үрдісін интенсивтілігін көтеруге және оқыту ақпараттарын меңгеру тиімділігін арттыруға мүмкіндіктер береді.

Мультимедиа білім алу үрдісін әртүрлі көрнекі ақпараттардың интеграциясының көмегімен ғана тиімді арттыруды қамтамасыздандырып қана қоймай, сонымен қатар айта кететін ең маңызды артықшылықтарының бірі ол басқа сызықты ақпараттарды беру құралдары - интерактивтілігі болып табылады.[13]

Интерактивтілік пайдаланушы талаптарына сәйкес ақпараттардың көрсетілімін басқаруға, материалдардың берілу қарқынын және жағдайларға байланысты қайталау санын жүйелендіруге мүмкіндік береді. Мультимедиялық иллюстрацияны қолданып жасалған әрбір дәріс – білім алушының оқыту материалдарымен танысу деңгейін, факультет және мамандық бойынша спецификасын, және оқытушылардың білім беруінің жеке стиліне байланысты тиімді стратегияларды таңдауға арналған факторларға сүйене алады.

Мультимедиялық оқулықтардың интерактивтілігі мен иілгіштігі материалды өз бетінше оқып үйрену және ұйымдастыруға өз себебін тигізеді, ол білім алушының оқу топтарында бірігіп жұмыстар ұйымдастыруды, мультимедиялық программа мүмкіндіктеріндегі интерактивтілікті қолдануды, білім алушы өз бетінше оқу үрдісін тізбектей ұйымдастыруды, яғни білім алу үрдісін толығымен жекелей таратуға және т.б. мүмкіндіктер береді. Мультимедияны қолдана отырып білім алуды жекелендіру шығармашылық, өзбетіншілік, белсенділік принциптерін таратуға өз әсерін тигізеді.

Өзінің артықшылықтарына (көрнекілік, қолжетімділік, қолданудағы иілгіштік, интерактивтілік және т.б.) қарамастан білім алудағы мультимедиа бірқатар спецификалық аспектілерге сүйене отырып қолданылуы керек.

1. Мультимедиялық оқулық құрастыру арнайы анықталған білімді талап етеді. Оқытушы негізгі компьютерлік технологияларды меңгерген болуы қажет, әсіресе мультимедиялық қосымшаларда (дыбыс, видео, анимация және т.б.) жұмыс жасауды білу керек.

2. Үлкен көлемдегі ақпараттар және материалдарды берудің артық құрылымдық әдістері көңіл бөлуді бұзады, нәтижесінде оқыту материалдарын толығымен меңгеру қызметі бұзылады.

3. Мультимедиялық оқыту білім алудың дидактикалық принциптарына және ақпараттарды қабылдаудың психологиялық заңдылықтарына негізделіп жасалуы қажет. Мультимедиа бұл панацея емес, ол тек басқа құралдармен бірге білім беретін құрал.

4.Толық кері байланыстың болмауы. Мультимедиялық программалардың интерактивтілік деңгейі адамдар арасындағы қарым – қатынас деңгейіндегідей емес, сондықтан оқытушының мұндай оқыту құралдарымен жұмыс жасау кезіндегі ролі маңызды.

5. Программалық және аппараттық қамтама дұрыс орнатылған болуы қажет. Мультимедиялық қосымшалардың офистік программаларға қарағанда жүйелік талаптары жоғары. Интернетке қатынаудың төменгі жылдамдығы ақпараттарды көшірудегі қиындықтарды туындатады. Бұның барлығы оқу үрдісіндегі тиімділікті азайтады.[14]

Білім беруде мультимедиялық құралдарды қолдану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхиттар мен құрлықтар географиясы сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың нәтижелігін көтеру
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Дәстүрлі сабақ пен дәстүрлі емес сабақтар
География сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми негіздері
Географияның оқыту әдістері
География сабақтарында модульдік оқыту технологиясы
Дүниетануды оқытудың ерекшеліктері
Географияны оқыту әдістері
Оқушылардың жобаны орындауы
Оқушылардың білімін бағалау
Пәндер